Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 47 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






1-тақырып: Еңбек қорғаудың түсінігі.

Жоспар:
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау
саласының міндеті мен қағидаларын оқыту және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны. Қазақстан
Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы
мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық
талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең
алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы
нормалар жүйесі арқылы орындайды. Еңбекті қорғау пәні – бұл
қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың
өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті
жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу
шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір
институты болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша
тоқталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28
ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында
еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық,
әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-
алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек
қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау
дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен
денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық,
3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде
ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі
бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды,
жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті
қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар,
станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар,
өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
1) Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын
қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен
денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы
құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған
болып табылады.
2) Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-
гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су
болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда
зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл
еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді,
бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
3) Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде
қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе,
ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл
дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген
сөз.
4) Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу
және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі
міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс
істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда
өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз,
ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет.
Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен
қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден
өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген
азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар
мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:
• еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;
• ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін
жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;
• әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен
тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;
• өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;
• қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден
тұрады.
Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның
орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы
Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді.
Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң
жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген
онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы
тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды,
жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды,
қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен
қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер
қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік
бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның
бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989
жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс
орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін
еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде
бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап,
қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек
заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің
әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей
байланысты.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі
міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың
қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді
кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес
ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек
заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын
сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді –
қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі
артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің
жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың
еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер
категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да
нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының
біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған
жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып
отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау,
онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам
құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып,
қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары. Еңбекті
қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен
тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті
қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:
1. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы;
2. қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды
әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3. адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол
бермеу;
4. қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай
келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік
беруі;
5. еңбек бостандығы;
6. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар
түрлеріне тыйым салу;
7. нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды
белгілеу;
8. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
9. уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен
қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
10. еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы
ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
11. мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық
актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында
ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
12. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар
түрлеріне тыйым салу;
13. қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқықты қамтамассыз ету;
14. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен
денсаулығының басымдығы;
15. еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті
сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;
16. тынығу құқығын қамтамассыз ету;
17. қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;
18. қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау үшін бірігу құқығын қамтамассыз ету;
19. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
20. қызметкерлер өкілдерінің ҚР еңбек заңнемасының сақталуына қоғамдық
бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамассыз ету болып табылады;
21. қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек
қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк
құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын
бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.

3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды,
ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдау;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық
(секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен
жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті
қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару
жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыру;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге
асыру;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-
зерттеулер жүргізу;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың
бірыңғай тәртібін белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен
бақылау;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің
құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге
асыруға жәрдемдесу;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін
қорғау;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық
деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және
(немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеу;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың
отандық және шетелдік озық тәжірибелерін тарату;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға
және олардың біліктілігін арттыру;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру
туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті
ұйымдастыру;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық
жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа бағытталған.
ҚР Еңбек кодексінің 306-бабына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда мынадай
саясаттар жүргізіледі:
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ҚР-ның нормативтік
құқықтық актілерін әзірлеуге дәне қабылдау;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық
(секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу;
- еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту,
қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу;
- еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын
өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құру және іске
асыру;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторинг жүзеге асыру;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың
біріңғай тәртібін белгілеу;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнемасының
сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары
мен заңды мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін
нормативті түрде бекіту:
- өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін
қорғау;
- ауыр жұмыс және өндіріспен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы
техникалық денгейінде жойылмайтын зиянды ( ерекше зиянда), қауіпті еңбек
жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеу;
- еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және
шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және
олардың біліктілігін арттыру;
- өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық
есептілікті ұйымдастыру;
- еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық
жүйенің жұмысын істеуін қамтамассыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа бағытталған. Толық қауіпсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем
жоқ. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және
ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары
көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның
денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін
үнемдеу, оның белсенді жұмыс істеу кезеңін ұзарту, өнімнің жоғары сапасын
көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды
жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалар арқылы артады.
Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік
жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің
денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс
барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады..
Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді:
• қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
• меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің)
толық жауаптылығына;
• еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
• барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
• кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының
барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
• еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық
және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
• қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын,
еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен
енгізуді ынталандыруға;
• мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
• кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын
қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің – еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасы ережелері мен нормаларын сақтауға экономикалық
мүдделілігіне;
• кәсіпорынның қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялауға;
• өндірістік мақсатқа қолданылатын өнімнің қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігін сертификаттауды өткізуге;
• мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жұмыс орындарындағы еңбек
жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын және қайта жаңғыртылатын
кәсіпорындардың жобаларындағы өндірістің қауіптілігі мен зияндығын
бағалауға;
• меншік иесі қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ
киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу алдын-алу тамағымен
қамтамасыз етуге;
• өндірістегі әрбір жазатайым жағдайды және әрбір кәсіби ауруды тексеру
мен есепке алудың міндеттілігі, өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың
деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы
қызметкерлердің хабардарлығын қамтамасыз етуге;
• өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен
қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
• жоғары және арнаулы орта оқу орындарында енбекті қорғау мен
қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
• еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының, қоғамдық
бірлестіктердің, кәсіпорындар мен жеке адамдардың еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша қолдауға негізделеді.

Бақылау сұрақтары:
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Пайдаланылған әдебиеттер мен
нормативтік құқықтық актілер тізімі:

Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2007 жылы 21 мамырдағы
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
2. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі.
19.12.2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда
қолданысқа енді), (05.05.2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы
N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы ережесі.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген Ұйымдағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережесі.

Негізгі әдебиеттер:
1.Уваров В.Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы:
КазГЮА, 2002.
2.Хамзин А.Ш.,Хамзина Ж.А., Хамзина Л,А. Трудовое право Республики
Казахстан: Учебник.- Алматы, 2004
З.Абузярова Н.А.Трудовое право республики Казахстан. –Учебник. Алматы, 2001
4.Киселев И.Я. Зарубежное трудовое право. Учебник для вузов. –М.,1998.
-263с.
5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу
құралы. –Алматы: Жеті жарғы, 2006. -168б.
6.Международное трудовое право.Учебник. –Алматы: Данекер, 2000.-211с.
7 Денисенко Г.Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985. – 346 с.
Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности.Курс лекций. Алматы:2000.

Қосымша әдебиеттер:
1. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы:
Жеті жарғы, 1997.-176с.
2.Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-
Жарғы, - 1996
3.Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. -
Алматы. ТОО "Баспа".1998. -192с.
4. Нургалиева Е.Н.Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон
трудового договора. -Алматы: ТОО "Баспа",2001. -136с.
5.Нургалиева Е.Н., Серикбекова С.Б. Индивидуальные договоры о труде. А.,
2004. -200с.
6.Охрана труда в электроустановках.Под ред. Б.А. Князевского. М., 1981.-
311с.
7.Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.:
Энергоатомиздат, 1984. –448с.
8.Борьба с шумом на производстве: СправочникПод ред. Е.Я. Юдина. – М.:
Машиностроение, 1985. – 400с.
9.Безопасность производственных процессов: СправочникС.В. Белов, В.Н.
Бринза, Б.С. Векшин и др. Под общ. Ред. С.В. Белова. – М.: Машиностроение,
1985. –448с.
10.Атаманюк В.Г., Ширшев Л.Г., Акимов Н.И. Гражданская оборона. – М.:
Высшая школа, 1986. –207с.
11.Справочная книга по охране труда в машиностроении.Г.В. Бектобеков, Н.Н.
Борисова, В.И. Коротков и др. Под общ. ред. О.Н. Русака. – Л.:
Машиностроение. Ленингр. отд-ние, 1989. –541с.
12.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузовС.В. Белов, А.В.
Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая
школа, 1999. -448с.
13.Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев А.М. Защита населения и территорий
в чрезвычайных ситуациях. М.: Изд-во АСВ 1999. –376с.
14.Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. – Алматы:
ВШП Адилет, 2000. – 366с.
15.Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности: Учеб.
пособ. – М.: ИНФРА – М, 2003.-208с.
16.Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики
Казахстан по охране труда. Караганда, 2002. – 256 с
17. Скала В.И. Охрана труда и техника безопасности в практической
деятельности субъектов РК Алматы: LEM, 2002. - 228 с.
18. Еңбекті қорғау. Журнал. 2009 ж. №1 (37) 2009. -89 с

2-тақырып: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғауды ұйымдастыру.

Жоспар:
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі
талаптар.

Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды
ұйымдастырудың мазмұнын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсатын
түсіндіру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптарды оқытып,
үйрету.

Лекция мәтіні.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыруды Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II Қазақстан
Республикасы Заңының 5-тарауының, 21-бабына сәйкес, қызметкерлер саны елу
адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек
қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек
қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi
өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады.
Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi
жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару
үшiн басқа маманға жүктеледi.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-
гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі
бағыттары - бұл:
• прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр
еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
• қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация
құралдарын енгізу;
• еңбек жағдайларын жақсартуға бағыталған техникалық құралдарды енгізу
және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған зонадан шығару;
• еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң
болуын, газ болуын төмендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және
температуралық режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік
нысандарды аттестациялау;
• қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
• қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын
енгізу.
Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік
басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі,
уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп
қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті
органдар жүзеге асырады.

2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты. Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғаудың мақсаты – еңбек қызметі үдерісінде яғни, өндірісте
қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз
ету, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған
ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық,
медициналық және өзге де нормаларды сақтау және еңбекті қорғауға
жағдайлар жасау болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі
талаптар. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына
байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген
еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген
қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен
басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Олардың қатарына мына
заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді жатқызуымызға болады:
1. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі.
19.12.2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда
қолданысқа енді), (05.05.2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы
N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы ережесі.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген Ұйымдағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережесі.
Мыналардың күшi жойылды:
1. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,
1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 931-құжат);
2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа
енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993
ж., N 3, 41-құжат).
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және
осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актiлерiнен тұрады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік
құқықтық актілердің мазмұны. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі
үдерісінде олардың өмірі денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру,
техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және
өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді.
Нормативтік құқықтық актілер Нормативтік құқықтық актілер туралы
Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және
қабылданады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын
үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын
талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының
ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер
мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын
талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын
талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және
басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету
жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен қамтамасыз ету
жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк
нормативтiк талаптар:
1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк
талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен
белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден
тұруға тиіс.
2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн
жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi
талаптарды орындауға мiндеттi.
3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан
Республикасының Үкіметi белгілейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен
мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына
сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді
қамту;
4) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды
белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер, лауазымды
тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін
ажырату;
6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің
және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және
басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес
болу.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкін. Еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және
бекіту. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік
органдар өздерінің құзыреттеріне сәйкес жүзеге асырады. Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актіні
әзірлейтін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жобаны дайындау
жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының
функциясын атқаратын өзінің бөлімшелерінің біріне тапсырады.
Жұмыс тобының құрамына өздерінің тағайндауына қарай мүдделі
мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің
өкілдері енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік орган нормативтік құқықтық
актінің жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік
органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық
негізде, оның ішінде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге,
жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкін. Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органмен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен
келісім бойынша бекітеді.

Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі
талаптар.

Пайдаланылған әдебиеттер мен
нормативтік құқықтық актілер тізімі:

Нормативтік құқықтық актілер:
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2007 жылы 21 мамырдағы
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
2. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі.
19.12.2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда
қолданысқа енді), (05.05.2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы
N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы ережесі.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген Ұйымдағы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережесі.

Негізгі әдебиеттер:
1.Уваров В.Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы:
КазГЮА, 2002.
2.Хамзин А.Ш.,Хамзина Ж.А., Хамзина Л,А. Трудовое право Республики
Казахстан: Учебник.- Алматы, 2004
З.Абузярова Н.А.Трудовое право республики Казахстан. –Учебник. Алматы, 2001
4.Киселев И.Я. Зарубежное трудовое право. Учебник для вузов. –М.,1998.
-263с.
5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу
құралы. –Алматы: Жеті жарғы, 2006. -168б.
6.Международное трудовое право.Учебник. –Алматы: Данекер, 2000.-211с.
7 Денисенко Г.Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985. – 346 с.
Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности.Курс лекций. Алматы:2000.

Қосымша әдебиеттер:
1. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы:
Жеті жарғы, 1997.-176с.
2.Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-
Жарғы, - 1996
3.Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. -
Алматы. ТОО "Баспа".1998. -192с.
4. Нургалиева Е.Н.Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон
трудового договора. -Алматы: ТОО "Баспа",2001. -136с.
5.Нургалиева Е.Н., Серикбекова С.Б. Индивидуальные договоры о труде. А.,
2004. -200с.
6.Охрана труда в электроустановках.Под ред. Б.А. Князевского. М., 1981.-
311с.
7.Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.:
Энергоатомиздат, 1984. –448с.
8.Борьба с шумом на производстве: СправочникПод ред. Е.Я. Юдина. – М.:
Машиностроение, 1985. – 400с.
9.Безопасность производственных процессов: СправочникС.В. Белов, В.Н.
Бринза, Б.С. Векшин и др. Под общ. Ред. С.В. Белова. – М.: Машиностроение,
1985. –448с.
10.Атаманюк В.Г., Ширшев Л.Г., Акимов Н.И. Гражданская оборона. – М.:
Высшая школа, 1986. –207с.
11.Справочная книга по охране труда в машиностроении.Г.В. Бектобеков, Н.Н.
Борисова, В.И. Коротков и др. Под общ. ред. О.Н. Русака. – Л.:
Машиностроение. Ленингр. отд-ние, 1989. –541с.
12.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузовС.В. Белов, А.В.
Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая
школа, 1999. -448с.
13.Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев А.М. Защита населения и территорий
в чрезвычайных ситуациях. М.: Изд-во АСВ 1999. –376с.
14.Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. – Алматы:
ВШП Адилет, 2000. – 366с.
15.Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности: Учеб.
пособ. – М.: ИНФРА – М, 2003.-208с.
16.Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики
Казахстан по охране труда. Караганда, 2002. – 256 с
17. Скала В.И. Охрана труда и техника безопасности в практической
деятельности субъектов РК Алматы: LEM, 2002. - 228 с.
18. Еңбекті қорғау. Журнал. 2009 ж. №1 (37) 2009. -89 с

3-тақырып: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қоргау саласындағы
мемлекеттік басқару және бақылау.

Жоспар:
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен
бақылауды жүргізу тәртібі.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды
қаржыландыру.

Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру
көздері туралы оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен
бақылауды жүргізу тәртібі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына
сәйкес, еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік
басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі,
уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп
қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті
органдар жүзеге асырады делінген. Сонымен қатар, ҚР-да еңбек қаіпсіздігі
және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен
қадағалауды ҚР үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және
өзгеде уәкілетті мемелекеттік органдар өз құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28
ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы мен еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң
сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен
ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 851
Қаулысы бойынша осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы
Еңбек кодексінің 15-бабының ІІІ тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін белгілейді. Мемлекеттік бақылау
жүргізудің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының
сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру
және жүргізу тәртібі Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының
жұмыс берушінің немесе қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарын орындауына тексеру (бұдан әрі - тексерулер) жүргізуі жолымен
жүзеге асырылады.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:
1. жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның
аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп
жүргізілетін тексеру. Жоспарлы тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі басқа да бақылаушы
органдармен және қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде
де жүргізілуі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, бір жеке
немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен асырылмай,
ал шағын кәсіпкерпік субъектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес
өткізілуі тиіс. Жекелеген ұйымдарда немесе экономиканың тиісті салалары
ұйымдарында кешенді тексеру жүргізу қажеттілігін еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын
сақтаудың қалыптасқан жай-күйін немесе өндірістік жарақаттанушылық
деңгейін ескере отырып айқындайды және еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар жібереді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері
тапсырмалардың негізінде, сондай-ақ ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау талаптарының сақталуы жөніндегі талдау нәтижелеріне сәйқес
тиісті айға, тоқсанға, жарты жылдыққа және бір жылға арналған тексеру
жүргізу жоспарын жасайды.
2. жоспардан тыс тексерулер - жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік
органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы
өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін
фактілерді анықтаған немесе осындай құқық бұзушылықтар белгілерінің болуын
куәландыратын немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу
кезінде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге
ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.
Мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру немесе өндірістегі
жазатайым оқиғаға тексеру жүргізген жағдайда, жоспарлы тексерулер тексеру
жүргізу жоспарын бекіткен лауазымды адаммен келісім бойынша басқа мерзімге
ауыстырылады. Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз
болып табылмайды.
Тексерудің ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Ерекше айларда,
арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде,
сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек
инспекциясының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (немесе оның
орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған құрылымдық бөлімшесі
жоқ занды тұлға үшін жиырма күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге, ал
оқшауланған құрылымдық бөлімшесі бар тұлға үшін отыз күнтізбелік күнге
дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу жұмыс берушіге құжаттарды
ұсыну туралы талаптың берілу және олардың мемлекеттік еңбек инспекторына
ұсынылу сәттері аралығындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастар алдында жұмыс
берушіге мынадай құжаттарды табыс етеді:
• Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге
тиіс жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актіні;
• қызметтік куәлігін;
• қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға
рұқсатын табыс етеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі
жасайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жауаптылықта
болады. Мемлекеттік еңбек инслекторлары жүргізген жоспардан тыс тексерулер
белгіленген тәртіппен ай сайын (айына бір рет) құқықтық статистика және
арнаулы есепке алу жөніндегі органдарда есептік тіркелуге тиіс. Мемлекеттік
еңбек инспекторларының өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, сондай-ақ
осындай жағдайларды туғызған себептерді жою жөніндөгі іс-шаралардың
орындалуын бақылау аясында өткізілетін тексерулері Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу
туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және есепке алынуға жатпайды.
Жүргізілген тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпарат жұмыс берушінің
тексеру актілерін есепке алу кітабына енгізіледі.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына
қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер шығарады (нұсқама):
1) нұсқама:
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою
туралы нұсқама;
• жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау
үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік
процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын
алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама;
• жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен
жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым
салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте ұйым
қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі
шығарылғанға дейін қолданылады. Жұмыс беруші бұзушылықтарды үш күн
өткенге дейін жойған жағдайда, осы актіні жасаған мемлекеттік еңбек
инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас
мемлекеттік еңбек инспекторы ұйымның қызметіне тыйым салу (оны тоқтата
тұру) туралы актінің күшін жояды;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату
туралы қаулы:
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.
Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен
лауазымды адамдардың тексеруді жүзеге асыру барысында белгілі болған
(анықталған) еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің
құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі
қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады. Жеке және заңды тұлғалар
мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласындағы құзыреті.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
негiзгі бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік
бағдарламаны әзiрлеудi және оның орындалуын ұйымдастырады;
3) еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды
және қадағалауды ұйымдастырудың және жүргiзудің тәртібін белгілейді;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра
отырып ақпарат берудiң және мемлекеттiк статистика жүргізудiң тәртiбiн
айқындайды;
5) еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер
жүргізудi қамтамасыз етедi.
Уәкілетті ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау
Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары
Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқарулар
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь