Еңбек психологиясы және еңбек әрекеті
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Еңбек психологиясы және еңбек әрекеті
2.2. Еңбек әрекетінің писхологиялық ерекшелігі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әркім-ақ аспанның көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл екенін көреді,
даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір заттардың суық, екінші
заттардың ыстық екенін сезінеді, яғни әрбір адам өзінің айналасындағыны
түйсініп, қабылдауға қабілетті. Адам ойлайды, сөйлеседі, яғни оның ойлау,
сөйлеу қабілеті бар. Біз бұрын болғандарды есте сақтаймыз және келешек
туралы ойлаймыз. Бұл ес пен қиялдың арқасында ғана мүмкін болады. Көп
оқиғалар адамды қобалжытады, не қуантады, не қамықтырады, яғни белгілі бір
сезім туғызады. Адам бір нәрсеге ұмтылады, сол мақсатқа жетуде
табандылығын, еркін көрсетеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ес,
ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, еркіміз психикалық процестер деп аталады.
Кейде психикалық процестер неғұрлым күрделеніп, ұзақ сипат алады, олар
адамда кейде қызу, кейде енжар жағдайда көрінеді, адам белгілі бір толқуды
басынан кешіреді. Бұл психикалық жағдай деп аталады. Оқушының сабақтағы
зейінділігі немесе селсоқтығы, адамда болатын шаттану немесе ренжу —
осындай жағдайлар.
Әрбір адамның өзіне тән кейбір ерекшеліктері, азды-көпті тұрақты психикалық
қасиеттері болады. Кейбір адамның ықыласы (мысалы, кітап оқуға немесе
техникамен айналысуға) күшті болады, екінші адам зор қабілетімен
(математикаға немесе музыкаға) ерекшеленеді. Біреулер қызба келеді,
ондайларды қызу темпераментті адам дейді, екінші біреулерді байсалды,
мінезге бай адам деп есептейміз т.с.с.
Ықылас, қабілет, темперамент, мінез — бұл адамның психикалық қасиеттері.
Психикалық процестер, психпкалық жағдай және психикалық қасиеттер бір-
бірімен байланысты, бұлардың жиынтығы психика болып саналады (кейде оны
адамның ішкі дүниесі немесе оның психикалық жан дүниесі деп атайды).
Психикалық процестер, жағдайлар, қасиеттер өзгереді, бір қалыпта тұра
бермейді, олар адамның өмір барысында, іс-әрекетінде дамып өзгеріп отырады.
Бүкіл табиғатта, қоғамда мұндай өзгерістер белгілі бір заң бойынша болып
отырады.
Адамның психикасын, оның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін
ғылымды психология деп атайды. Психология адамның психологиялық
процестерін, жағдайларын, қасиеттерін баяндаумен ғана тынбайды, сонымен
қатар олардың пайда болу себептерін де түсіндіреді.
Адамның жан дүниесінің ойдағыдай қалыптасуы — оның нақтылы іс-әрекетпен
ылғи да айналысып отыруымен тікелей байланысты. Іс-әрекет сыртқы ортамен
байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің, адам белсенділігінің негізгі
шарты. Ол кісінің түрлі қажет, мұқтаждықтарын өтеуге, мақсатына жетуге
бағытталған психикалық дамудың қозғаушы күші. Мәселен, баланың психологиясы
ойын үстінде көрінсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерді еңбек үстінде
көрсетеді. Іс-әрекеттің құрылымы да күрделі. Оның белгілі түрткілері, нақты
мақсаты мен операциялары, яғни орындалу жолдары болады. Ол жекелеген қимыл-
қозғалыс, амал әрекеттерден тұрады. Әрекет — іс-әрекеттің шағын бір бөлігі,
ол жеке мақсаттарды орындаудан көрініп отырса, іс-әрекет — жекелеген
әрекеттің тізбегінен құралады.
Соңғысының ауқымы кең, ал, әрекет іс-әрекетке қарағанда шағындау келеді.
Жеке әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Ол біреудің ісіне
еліктеу, не адамның өз бетімен орындалатын жеке істерінде корінеді.
Әрекеттің күрделене түсуі, оны ойдағыдай, нәтижелі етіп орындау — адам
санасының жоғары деңгейде тұрғанын байқатады.
Іс-әрекеттің негізгі түрі: ойын, оқу, еңбек. Жануарда да іс-әрекет (ойын,
үйрену) бар, бірақ ол биологиялық сипатта болады. Адамның іс-әрекеті
қашанда қоғамдық-әлеуметтік, тарихи мәнге ие. Саналылық, мақсат қоюшылық,
жоспар мен жүйе, ойға алған істен нәтиже шығару — адам іс-әрекетінің басты
белгілері. Кісінің сана-сезімі артқан сайын, оның іс-әрекеті де жаңа
мазмұнға ие болып отырады. Іс-әрекет пен сана бір-бірімен тығыз байланысты,
бұл екеуінің бірлігі сақталған жерде әртүрлі жан құбылыстары бір-бірімен
қиюласып, ойдағыдай дамып жатады.
Еңбек — адам тіршілігінің арқауы, өмір сүруінің басты шарты, оның жан
дүниесінің, сана-сезімі қалыптасуының негізгі көзі. Оның басты ерекшелігі —
жоспарлылығы мен жүйелігі, шығармашылық сипат алып, қатаң тәртіпті керек
ететіндігі және одан белгілі нәтиже туатындығы. Еңбек процесі қызметкерде
арнаулы білім жүйесі, дағды, әдет, икемділіктердің болуын, аса зейінділік
пен күшті ерік-жігерді әркез қажет етеді. Еңбектегі табыстар мен нәтижелер
кісінің дүниетанымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетке
сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігіңді
бар саналылығыңмен сезіну — оның ең басты түрткісі (мотиві) болып саналады.
Еңбек ету арқылы адам өзіне, өмір сүріп отырған қоғамына қажетті
материалдық және рухани игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық
қасиеттерінің ұнамды жақтарын — еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, жинақылық,
ұқыптылық, т.б. біртіндеп қалыптастырып отырады, оның өзіне-өзі қызмет ете
алу қабілеті, практикалық іскерлігі мен дербестігі, ынтасы мен тапқырлығы,
белсенділігі шыңдала түседі.
Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой-санасының өсуі, білім жүйесінің
молайып, икем-дағдысының ойдағыдай қалыптасуы — еңбектегі қара күштің
салмағын біртіндеп кеміте береді де, кісі техниканың тетігін меңгеріп, оны
оңай басқаратын болады.
Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды.
Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, іске ұқыпты адамның қолынан ғана келеді.
Жалқау, керенау адамда шығармашылық еңбек болмайды. Адам еңбек етуге ынталы
болып қызығатын болса, оның ысырабына жол бермейді. Мұндағы берекесіздікпен
аяусыз күресіп отырады.
Еңбек әрекетінің адам жанына қалайшы әсер етіп отыратындығының сан алуан
мәселелерін "еңбек психологиясы" қарастырады. Ол адамның белгілі бір
мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, еңбекті ғылыми жолмен
ұйымдастыру мәселелерін, еңбек өнімділігін арттырудың, еңбек ұжымындағы
қарым-қатынастардың психологиялық негіздерін зерттейді. Еңбекті дұрыс
ұйымдастыру — еңбек режимін сақтау, дұрыс дем алу, қызметкерді жеке-дара
қабілет, икемділіктеріне қарай жұмысқа орналастыру, әр адамның іскерлігін,
еңбекке ықыласын, еңбек өнімділігін арттырудың шарттарын білу, түрлі
кәсіпке итермелейтін түрткілерді ғылыми тұрғыдан талдау т.б. — еңбек
психологиясының сан алуан проблемалары. Мәселен, еңбек өнімділігіне әсер
ететін жекелеген жәйттардың (бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнының
жағдайы, мұндағы еңбек ритмі мен үзіліс режимі, ұжымдағылардың бір-біріне
қатынасы, т.б.) табиғатын зерттеу — еңбек үстінде адамға әсер ететін
факторлардың көп екенін көрсетіп отыр.
Еңбек психологиясының басты міндеттерінің бірі — жастарды кәсіптік бағдар,
оларды жеке икемділіктеріне қарай іріктеу, тиісті кеңестер беру, әртүрлі
мамандықтарды психологиялық жағынан сипаттау, бұлардың профессияграммасын
жасау, әр жастағы адамдардың еңбектің түр-түріне қабілеттіктерін ажырату,
еңбек экспертизасының мәселелерін қарастырып, шешу сияқты жәйттармен
байланысып жатады.
Еңбек психологиясы аталмыш мәселелерді осы ғылымның басқа салаларымен
(әлеуметтік, инженерлік, жас, педагогикалық, т.б.) қоян-қолтық ынтымақтасын
зерттеп отырады.
Еңбек психологиясы сондай-ақ тиісті мамандыққа қажетті білім жүйесі мен
дағды, икемділіктердің қалыптасу жолын, жұмыс үстінде түрлі бақытсыз
жағдайға душар болмаудың профилактикасын, қызметкердің еңбек үстіндегі
қолайлы көңіл күйінің бірқалыпты болуын қамтамасыз ету мәселелерін, еңбек
ұжымдарындағы жарасты моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасу
факторларын зерттейді; жұмыс үстіндегі шаршау мен болдыруға қарсы күрес,
техникалық құралдарды гуманизациялау (өндірістік эстетика), мастерлер мен
ұстаздардың, инженер-техниктердің психологиялық білімдерін жетілдіру, т.б.
— еңбек психологиясының көкейтесті проблемалары болып табылады.
Еңбек психологиясының салалары да сан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz