Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи- педагогикалық шолу


Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар:
№1 тақырыбы: Кіріспе. Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи-педагогикалық шолу. Пән және оның міндеті «Арнайы және жалпытехникалық мамандықтарды оқыту әдісі». Еңбек және кәсіптік оқыту әдісі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады.
Сабақтың мақсаты : Пән мен, еңбек және кәсіптік оқыту міндеттерімен таныстыру.
Қысқаша мазмұны : Педагогикалыцқ теорияның пайда болуына дейін, Ежелгі Русьте жастарды көпғасырлық еңбекке баулу практикасының алатын орны айтарлықтай үлкен болған. Еңбекті сүю, еңбекке баулу сол кездегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып ішінде маңызды болатын. Феодалдық қауымның пайымдауынша моральды-этикалық нормалар өзіндік мән-мағынаға ие болды. Бай қоғам өкілдері ақсүйектер еңбекке оның ішінде қара жұмыс туралы көзқарастары теріс болған. Себебі, қара жұмыс қарапайым халыққа тән деп есептеген. Алайда еңбек халықтың басым бөлігінің өмірлік қажеттілігін өтейтін болғандықтан, өскелең жас ұрпақтың еңбек етуге көзқарасын жақсартты. Осы көрініс әсіресе қарапайым отбасыларда орын алып, халықтық педагогикалық ойдың негізін қалауға себеп болды. Халықтық педагогика еңбек етудің маңызын тереңірек талдай отырып, оның халықтың материалдық қана емес сонымен қатар рухани дамуына қажет екенін айтты. Әдіс-тәсілдер пән ретінде оқу барысының заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады. Педагогика ғылымында әдіс-тәсілдерді жалпы және жеке деп екіге бөледі. Оқытудың жалпы заңдылықтары - дидактикамен қарастырады, ал оқытудың жеке заңдылықтары әрбір пәнді жекелей қарастырады. Әдіс-тәсілдердің өзіндік міндеттері мен зерттеу тәсілдері бар. Оқыту процесінің бір-бірімен байланысты үш түрі бар: оқытудың мазмұны, оқытушылық-мұғалімнің міндеті, ал оқу-оқушылардың міндеті болып табылады. Әдіс-тәсілдердің міндеті осы оқыту процесінің бір-бірімен
байланыстылығын зерттей отырып, нәтижесінде ойлап табылған мәселелер арқылы оқытуды жаңартып отыру. Сөйтіп, әдіс-тәсілдердің объектісі оқыту процесі болып табылады. Әдіс-тәсілдер оқытудың мән-мақсатын айқындай отырып, әрбір оқушыны жан-жақты дамытуды көздейді. Оқыту үрдісі әрқашан белгілі бір мақсатқа бағытталған. Оның мақсаты оқушыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, өзінің позициясын толығымен ұстанып қорғайтын, қоғамда өзіндік орнын таба білетін тұлғаны тәрбиелеу. Оқыту әдіс-тәсілдері жақсы нетижелер беретін оқыту процесін ұстанады. Қазіргі еңбекке баулу әдіс-тәсілдері ғылыми әдебиеттерден оқыту пәндеріне мәліметтер таңдап алуда белгілі бір әдіс қалыптасқан. Еңбекке баулу әдіс-тәсілдері еңбек пәні мұғалімін дайындап шығаруда. Өйткені ол ғылыми педагогика, психология және қазіргі техника саласынан негізін алады. Сөйтіп «Арнайы және жалпытехникалық мамандықтарды оқыту әдісі» мамандығын психология, техника негіздері, оқу процесін ұйымдастыруды білмей игеру мүмкін емес. Педагогикалық білімді игеру үшін әр түрлі күнде кездесіп жатқан жағдайларда жақсы нәтижеге қол жеткізуге қол жеткізуге болатындығы туралы әдіс-тәсілдерді білу керек. Мұғалім әрдайым өзінің білім сапасын көтеріп отыруы қажет.
Сабақтың міндеті : Технология мұғалімінің алдында Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген бап бойынша әр республика азаматын даярлап шығаруда оқушыларды жан-жақты дамыту міндеті тұр. Еңбекке баулу міндеті оқушыларды бір-бірімен байланысты оқыту процесі мен тәрбиені қатар ала отырып, оқушыларды мектеп бітірісімен қоғамдық-әлеуметтік ортаға оңай араласып кетуіне септігін тигізу, өзін-өзі көрсете алуы. Ғылыми-техникалық жетістіктер біздің елімізде оқушылардың мектеп қабырғасынан дайындығын қажет етеді.
№2 тақырып : Кәсіптік оқыту жүйесіне қатысты оқытудың дидактикалық принциптері.
Сабақтың мақсаты: оқытудың дидактикалық принциптерімен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Еңбекке баулудың дамуы процесінде оқыту процесінің жалпы нормалары қалыптасқан, оны біз оқыту принциптері (латынша principium-негіз, бастау) деп атаймыз. Олар оқытудың мақсатын қандай қызығушылықпен қамтамасыз етуге болатындығын анықтайды. Оқу қатысты сабағынан да көруге болады.
Оқу принциптері туралы түсінік.
Оқыту принциптерін оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын анықтайтын басқару жүйесін ретінде қатыстыруға болады. Негізінен бұл дидактикалық мінез-құлық нормалары. Бқл нормаларды сақтау арқылы мұғалім оқушыларды әлем туралы жүцелік білімнің негіздерімен таныстырады, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, көзқарастарын қалыптастырады. Егер оқыту мақсаты -неге оқыту керектігін анықтай болса, ал оқыту принциптері оны қалай іске асыру керектігін анықтайды. Еңбекке баулу пәнінде қолданылатын оқыту процесі ұйымдастыру нормаларын атап көрсетуге болады:
- көрнекілік принципі;
- жүйелік және бірізділік принципі;
- оқыту процесіндегі оқушылардың саналық және белсенділік беріктілік принйіпі;
- оқушылар білімнің беріктілік принціпі
- теория мен тәжірибенің, оқудың өмірмен байланыстылық принціпі;
- ғылымилық принціптері.
- оқушылар білімнің жылдамдылық принціптері.
Осы барлық басқау жүйелері бір- бірімен тығыз байланысты. Принциптердің топтастылуы:
Көрнекілік принципі. Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» кқрнекілік оқытудың «алтын ережесін» қалыптастырған. Осыған сәйкес заттардың өзін, бейнесін өзіндік қабылдау арқылы байқап, тануға болады, яғни дәлірек айтсаң: көруге болатынды -көрсету, есіте алатынды- естірту, иісті, дәмді -сезім мүшелерімен сездірту, түйсікті туғызу.
Бастауыш сынып оқушылары (7-12жас) нақты-бейнелі ойлаумен сипатталады. Оқушылар оқу процесінде материалды сөзбен түсіндіргенде емес, ал көрнекіліктерді қолданып түсіндіргенде жақсы меңгереді. Жоғары сынып оқушыларын оқыту барысында керсінше сөздік -логикалық ойлау басым болып келеді. Бұл жағдайлар технология пәнән жүргізу барысында көрнекілік принциптерімен байланысты екі маңызды дидактикалық принципті сақтауда ескерілуі қажет:
1. іс- әрекетті тікелей зерттеу, яғни бақылауға, өлшеуге жіне іс-ірекеттің басқы тәжірибелік түрлеріне негізделген зерттеу. Бқлар оқушыларға сабақ барысында зерттелетін тақырыпты түсіну өте қажет.
2. Оқушы нақты заттар, құбылысжәне процестерді зерттеу арқылы дұрыс, жүйелі білімді меңгеру үшін, оның танымдық іс- әрекетін дұрыс басқара білу керек, яғни оны сәйкес нұсқаулар жүйесімен қамтамасыз етіп, оқушының назарын оқытылатын пәнге аудару керек.
3. Психологиялық жағынан көрнекілікті заттық, бейнелік сөздік деп бөлуге болады. Заттық көрнекілік технологияда өндірістік объектілерді (көліктердк, көлік бөлшектерін, шикі заттарды және т. с. с), жұмыс тәсілдерін қабылдауды болжайды. Бейнелік көрнекілік оқу және көрнекі құралдар арқылы жүзеге асады: үлгілер және макеттер, оқу кестелері, технолгоиялық қарталар, диапозитиптер, диафильмдер, теледидар және видео фильмдер. Сөздік көрнекілікке оқушылардан нақты көріністі тудыратын педагогтың ашық, бейнелі айқын сөзі жатады.
Жүйелік және бірізділік принціпі. Іс-әрекеттің жетістігі, қойылған мақсатқа жетудегі жұмыстағы жүйелілікке байланысты. Әсіресе, бұл еңбекке баулу барысында өте маңызды. Жұйелілік принціптің негізі мынада:оқытуда оқу материалының логикасын қатан сақтағанда, оқушылар білім, білік, дағдыларды ұзіліссіз меңгереді. Онда мынадай талап қойылады: жаңа материалды түсіндірместен бұрын, өткен материалға қысқаша шолу жасап, оның қаншалықты меңгерілгендігін тексеру қажет. Бұл дидактикалық ережелер сынып сабақтарын тыс сабақтарды да қамтиды. Еңбек пәнінің мұғалімі сабаққа әзірлену барысында келесідей дидактикалық ережелерді назарға алады:
1. Нақты бөлімді зерттеу барысында материалды сабақтар бойынша тарауларға бөлу қажет, және бұл «бөліктер» бірдей болуы керек.
2. Оқушылардың жаңа материалмен танысуындағы жетістіктерінің басты шарты олардың меңгерген білімдеңгейлерін анықтау және осы білімнің жүйелі түрде қолданылуын анықтау.
3. Әрбір сабақта оның мазмұнды орталығын анықтау маңызды болып келеді, соған сәйкес тәжірибелік зерттеу жүйесін, білім, дағдыны көрсетуге болады.
4. Технологияның алғашқы сабағынан бастап оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйрету керек, өз білімдерін өздері толықтыратындай етіп, жағдайлар жасау керек.
Жүйелілік және бірізділік принципін дұрыс жүзеге асырумен байланысты технология мұғалімінің тағы да міндетін көрсетуге болады. Бұл принцип мұғалімнің өзінен де сабақтарға деген жүйелік дайындықты, әрбір сабақтың тақырыбын мұқият талдауды, оқыту нәтижесін объективті бақылауды, бағалауды талап етеді.
Я. А. Коменский, материалдың сәйкестігін көрнекілік секілді, табысты оқу процесінің маңызды шарты ретінде есептеу, келесі дидактикалық ережелерді көрсетеді.
1. Оқыту процесінде оқушыға не жақсы және осыған дейін таныс емес болып келген мәселеге көшу керек.
2. Оқыту процесінде жеңілден күрделіге көшіп оқыту керек.
3. Оқыту процесінде таныстан бейтанысқа көшіп оқыту керек.
4. Оқыту процесінде оқыту жылдамдығының ерешеліктерін жеке оқушының ілгері тарту мақсатын ескеру керек.
Оқыту процесіндегі оқушылардың саналылық және белсенділік принципі. Еңбекке баулу процесінде оқушылардың саналылық және белсенділік принціпі төмендегідей бірнеше дидактикалық ережелерде атап көрсетеді.
1. Оқушылардың жекелей қызығушылықтарын, білім алу деген ынтасын дамытып, белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау
2. Оқушылар алдына жағдаяттар қойып, талдай білу дағдысын, іскерлігін талап ету.
3. Оқушыларды ұжымдық жұмыс формаларына қатыстыру үшін жағдайлар жасау.
Оқушылар білімінің беріктілік принціпі.
Ақпараттың ағынның дамуы, ақпараттың мазмұнның дамуы шартында «Технология» мәселесіне қатысты болашақ еңбек іс- әрекетіне дайындауда білімінің беріктілігіне деген беталыс өзгеруі мүмкін. Еңбек мұғалімінің қажетті ақпаратты тауып, ізденуге деген мақсатқа бағытталған іс-әрекеті өте маңызды. Егер оқушы алғашқы сабақтан бастап-ақ сөздік кестеге қарап отырса, ол әдетке, нормаға айналып, кейін балада құнды кәсіби дағды қалыптасатын болады.
Теория мен тәжірибенің, оқытудың өмірмен байланыстылығы принціпі.
Мектеп бағдарламасына «Технология» білім бөлімінің енуі, осы принціпке жаңа бағыт берді. Өйткені еңбекке баулу пәнінде сабақты теориялық және тәжірибелік деп бөлу болмайды. Теориялық материалды оқудан тәжірибелік іс-әрекеткекөшуді қамтамасыз ету үшін теориялық мәліметтерді жеке сабақтарға бөледі. Осылайша, жаңатехнологиялық
бағыттар(биотехнология, нанотехнология, инжинерлік генетика және т. б. ) қалыптасады. Мектеп бұл бағыт бойынша артта қалады. Бірақ ол өзінің түлектерін шынайы өмірге дайындап, қоғамда өз орнын табуға деген қасиетті қалыптастырып, уақытқа сәйкес келуі керек.
Ғылымилық принцип. «Технология» пәні көптеген технологиялық бағыттардың бірігуін, сәйкестігін қарастырады. Бірақ олардың барлығы мемлекеттік стандартта бекітілген, нақты технологиялық көрінісі бар өндірістік процестермен байланысты. Техникалық өлшеулер, электрлік-радио технологиялар, бағдарламалық тілдер, экономикалық терминдер-осының барлығы ғылыми бағытты қалыптасып, стандарт бойынша Халықаралық ұйымының талабына, мемлекеттік нормативке сәйкес келеді. Жоғары дәрежелі кәсіби маман ғана күрделі технологиялық жағдайды мысалмен түсіндіре отырып, оқушыға жеткізе алады. Мұндай кезде күнделікті тұрмыстық терминді қолданудан аулақ болу керек. Міне, осы себептен технология пәні мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен кәсіпкерлігінің ерекшелігі политехникалық дайындықты талап етеді.
Оқушылар білімінің жылдамдылық принціпі.
Оперативті білім қазіргі адамның білім алуында өте маңызды рөл атқарады. Мұнда оқушыларды өзінің бойындағы білімді қолдана білу іскерлігіне оқыту бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекет қажет. Бұған көбінесе жобалық іс- әрекетте қол жеткізуге болады. Оқушылар алған білімдерін саналы түрде қолдана іс-әрекетті көп жұмсауды талап етеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Принцип ұғымына анықтама беріңіз?
2. Оқыту принциптерінің саны күнделікті, қолданбалы болып келе ме?
3. Көрнекілік принципіне сипаттама беріңіз?
4. Білімнің жүцелілік және бірізділік принципінің жүйелілік және бірізділік принципінің мазмұнын ашып беріңіз?
5. Технология сабағына қатысты ма?
6. Оқыту процесіндегі саналылық және бірізділік принципі мен оқушылар білімінің жылдамдық принципінің ұқсастықтары неде, салыстырыңыз?
7. Технология мұғалімі ғылымилық принціпті қалай жүзеге асфырады?
8. Бұл кезде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
№ 3 Тақырыбы: Еңбек және кәсіптік білім әдістері. Оқыту әдістері және оның классификациясы.
Мақсаты: Еңбек және кәсіптік білім әдістерімен студенттерді таныстыру.
Қысқаша мазмұны:
Әдіс (methodos) грек тілінен «жол», «тәртіп әдісі» деген мағынаны білдіреді. Әдістерді өту барысында біз мұғалімнің оқушылармен жұмыс істеуде қолданатын жүйелік тәсілдерін, білім қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытып, білімді меңгеріп оны тәжірибеде қолдануды үйренеміз. Қазіргі уақытта дидакттардың арасында оқыту әдістерінің бірдей классификациясы жоқ. Л. Я. Лернер мен М. Н. Статкиннің ұсынған классификациясын көптеген ғалымдар дұрыс деп санайды.
Түсіндірмелі - көрнекілі (репродуктивті) әдіс.
Оған демонстрация, лекция, әдебиетті талдау, радио және теледидар бағдарламаларын, дидактикалық машиналардың қолданылуын және т. с. с. жатады. Ол есте сақтау қабілетін шынықтырады, бірақ зерттеу жұмысын қызығушылықпен қамтамасыз етпейді және шығармашылықты дамытпайды.
Проблемалық әдіс лекция барысында бақылау, кітаппен жұмыс істеуде, тәжірибе барысында, экскурсияда қолданылады. Оның арқасында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.
Бөлшекті ізденіс әдісі оқушылардың өздік жұмысында әңгімелесуде, лекцияда, жобалау және т. б. Оқушылар ізденістің кейбір этаптарына қатыса алады. Сонымен қатар олар ғылыми - ізденіс жұмысының белгілі бөлімдерімен таныса алады.
Зерттеу әдісі оқушылар ақырын ғылыми зерттеудің принциптері мен этаптарымен меңгереді, гипотезаларды тексереді және алынған қорытындыларды бағалайды.
Кәсіби білім беруде бұл әдістер үш топта нақтыланады. Ол берілген ақпаратты меңгеруге байланысты: сөздік, көрнекілікті және тәжірибелі болады.
Әрбір топтың өзіндік ерекшеліктері болады. Технология сабағын беруде қолданылатын әдіс тәжірибе барысында өңделген. Технология сабағында оқушылармен жұмыс істеу үшін әр топтың дидактикалық ерекшелікткрін және әдістемелік аспектісін білу керек. Ақпаратты білу және меңгеру әдістері және оларға сипаттама. Сөздік әдістер көп қолданыста болғандықтан олардың әрқайсысының қолданыстағы ерекшеліктерін айыра білу керек. Бұл әдістің басты ерекшелігі сөз арқылы берілетін тіл байлығы, мәнер, көптеген түсініктердің болуы. Технология пәнінің мұғалімі оқушыларға күрделі техникалық түсініктерді түсіндіре отырып, оған сәтті таңдалған бейнелер мен аналогтарды қолдана алады. Сөздік әдістерде кәсіби маман жетік меңгеруге міндетті бірнеше талаптар бар. Дикция, темп, оқығанда анық дауыс оқушылардың ақпаратты қабылдауында үлкен орын алады. Анық айтылған терминдер, айтылған сөзді естіп, түсініп, ойлану үшін қолданылатын паузалар - бұның бәрі сөдік әдістің шарттары болып табылады. Дұрыс интонация, омонимдер мен омофондардың ден қойылып айтылуы, дұрыс екпін қою сөздік әдістің қойылатын талаптары. Технология пәнінің мұғалімі қолданатын сөздер оқушыларға анық, нақты мағынаны білдіру керек. Егер оқушыларға плакат не диафильмнен кадр ұсынылған болса, онда түсіндіу барысында пауза қоюдың керегі жоқ. Оқушылардың назары белгілі бір элементте болып тұрғанда олар айтылған сөзді қабылдамайды. Әңгіменің мазмұнының дұрыстығы мазмұндаушының эмоционалдығына байланысты. Әңгімелеушінің немқұрайлығы аудиторияға таралып тыңдаушыларға көшеді. Керісінше мұғалімнің өзі тақырыпты түсіндіргенде шынайы көңілмен түсіндірсе, қызықты фактілер келтіріп оқушылардың бар назарын өзіне аударса, онда оқушылардың да қызығушылықтары оянып сабаққа белсенді қатысатын болады. Оқушылардың техникалық оқулықпен жұмыс істеп өздік жұмыс жасауы оқушылардың білімін бекітудің ең тиімді әдісі болып табылады. Кітаппен жұмыс істеу бұл оқушыдан бақылау алу және оқушының өздік білім алуына көмектеседі. Технология пәнінің мұғалімінің тәжірибесінде көрнекіліктер маңызды орын алады. Тақырыпқа байланысты затты көргенде ғана оқушыда нақты білімі қалыптасады. Көрнекілікті қолданғанда да оның қолдану әдісі болады. Мұғалім білуге міндетті ережелер:
Оқушылар нені қарайды, қандай мақсатпен қарайтынын түсіндіру керек;
Көрсетілген зат оқушылардың отырған оқушылардың барлығына көрінетіндей етіп ұйымдастырылуы керек;
Оқушылар ол затты тек ған көрмей, сезінуі керек;
Заттардың ерекшеліктері оқушыларға әсер ететіндей етіп тырысу керек.
Оқушыларға жұмыс барысын көрсетуде келесі әдістер қолданылуы керек:
Еңбек процесін жұмыс темпінде көрсету;
Оны баяулатып көрсету;
Әр әдістен кейін тоқтатып көрсету;
Жұмыс ритмінде еңбек процесін қорытындылап көрсету;
Оқушыларға үйретілген әдісті меңгергенін тексеру.
Жаттығуларды орындау барысында технология мұғалімі оқушыларды асықтырмай жұмыстарын көріп олардың қорытындысын бағалау керек. Өз бетімен жұмыс істеуді үйренудегі негізгі жолдар:
Әртүрлі техникалық құралдардың қолданылуы;
Инструктаждың қолданылуы;
Оқушылардың сызуларды өз беттерімен сызып талдауы;
Жұмыс режимдерін талдау;
Бақылау - өлшеу құралдарды өз беттерімен қолдана алуы;
Дайын болған жұмыстың сапасын өзі бағалай алуы.
Жазулар сабақтың басында ғана болуы керек. Егер сабақтың көп уақытын жазу алатын болса, онда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін тежейді. Оқушылар үшін тәжірибе көп болу керек. Тәжірибенің арқасында олардың білімі тереңдей түседі.
№4 тақырыбы: Технология мұғалімінің мектептегі міндеттері.
Оқу және сыныптан тыс іс- әрекет мазмұны. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттері. Технология пәніне қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты : Студенттерді технология мұғалімінің іс- әрекеттерімен таныстыру.
Қысқаша мазмұны :
Мұғалімнің технологиялық міндеттері:
-технология қауіпсіздігін сақтау, мектеп ережелерін ұстану.
-технологияның қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, жалпы жиындарда мәлімет беру.
-өрттен сақтану қауіпсіздік ережесі, сонымен қатар еңбекті қорғау қауіпсіздік ережелерін білу.
Мұғалім өзін мысалға ала отырып, үлгі бола білу керек. Бұл әртүрлі жағдайға байланысты; мысалы мектепте кезекшілік қызметін атқару, мұнда оған үлкен міндет атқарылады. Технология мұғалімінің тұлғалық міндеттері администратор арқылы бекітілген келісім - шартта көрсетіледі. Оқу мазмұны оқу жүктемесімен байланысты. Ол педагог жалпы техникалық және алдын- ала қабылдау синтезін құрайды. Технология мұғалімінің перспективті дайындығы белгілі- бір сыныпта оқу программасын және жылдық жоспар құруды негіздейді. Уақытша интервалды ( тоқсандық, жарты жылдық, жыл) мұғалім өзі таңдайды. Оқу процесінің ғылыми ұйымы ретінде келесі сұрақтар жоспарланады:
-программаның толық орындалуы мақсатында оқу процесінің рационалды ұйымы.
-сабаққа тиянақты дайындалуға жеңілдіктердің болуы.
-үй жұмысын орындауда оқу әдебиеттерінің жүйелілігінің қалыптасуы.
-практиканың теориямен байланыстылығы.
-пәнаралық байланыстардың дамуы.
-мектеп шеберханасының материалдық оқу базаларын толық қамтамасыз ету.
Ағымдағы дайындық , конспект- жоспар құрып, сапалы сабақ өткізуге дайындық.
Сабақ - оқушылармен жұмыс істеудің негізгі формасы, жоспар құру мұғалімнің негізгі құжаттарының бірі болып саналады. Жақсы құрылған жоспар сабақтың жақсы өтуіне себеп болады. Қандай жақсы құрылған сабақ болмасын, міндетті түрде кемшілігі болады; мысалы, уақыт жағынан оқушылар тақырыптан тыс сұрақтар қоюы мүмкін. Мұнда уақытты үнемдеу керек, себебі, әр кезеңнің өз уақыты болады. Тағы біреуі- сыныптан тыс жұмыстар, мұнда мұғалім уақыт пен белгілі бір жоспар шегі қатаң қарастырылмайды. Технология пәні мұғалімі қосымша үйірмелер, қызығушылықты арттыруға байланыстыклубтар құруы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс еркін тақырып бойынша құрылады, ал оның мазмұны оқушының жеке қызығушылығына жауап береді. Сыныптан тыс міндеттемелер мұғалім оқушының қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырып, техникалық ойлау қабілеттерін оятуы керек. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің бірі ретінде психологиялық сауаттылығы жатады. Бұған мысал ретінде жасөспірімнің уайым- қайғысын, яғни жағдайын түсіне білу- дұрыс қарым- қатынаста болу. Қысқаша «алтын ережені» ұстану керек : « Саған адамдардың дұрыс қарым- қатынаста болуы үшін олармен жақсы араласуың керек ». Болашақ технология мамандарына оқу үрдісі барысында кәсіби қасиеттерді ұстану керек.
Білім- шығармашылық еңбектің нәтижесі. Оқушылардың білімі -мұғалімнің еңбегінің өлшемі. Білімнің тәрбиелік маңыздылығы, оқушының тұлға болып қалыптасуына апаратын мақсат болып табылады.
Кәсіби және еңбекті оқыту мұғалімдері өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсету барысында, методика мен дидактикада қолданылған әдістерді пайдаланады; бақылау, педагогикалық эксперимент және теориялық зерттеу.
Бақылау. Еңбек сабағын өткізуде әртүрлі методикалық тәсілдерді меңгеруді көздейді. Әр түрлі әдістерді қолдануда нәтижесін саралау. Оқушылардың оқуы барысында эмоционалды және танымдық іс- әрекеттерін бақылау, белсенділіктері және тежелу мөлшерін анықтайды.
Педагогикалық эксперимент. Эксперимент дидактикалық зерттеуде көп қолданылады. Оқытудың мазмұнын тексергенде ( оқу жоспары, оқу программасы, оқулықтар) форма және оқыту әдістерін, оқу жабдықтарын тексеру мақсатында; сыныптан тыс жұмыстар - оқу тәрбиелік іс- шараларды меңгеруде қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz