Бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты тәрбие түрлерін берудің маңызы мен міндеттері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру реформасы Қазақстанның – бәсекеге
қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі екенін анықтады. Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп
тұратын әлеуметтік – экономикалық, педагогикалық ғылыми өзгерістерге тез
төселгіш , жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде
оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын педагогикалық үрдісте жүйелі
бағыттармен жұмыс істей алатын болуы керектігіне зер салып ойлау мен
бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғыдан оқу – ағарту ісінің барысында нені
қалдыру, нені қайта қарап өзгерту керектігі туындап отыр. Олай болса осы
айтылғандардың аясында кезегін күтіп тұрған және бұрыннан мүлде еленбей
келген, ендігі жерде ел болуымызға мейлінше қажеттілігі айқын бір нәрсе
мектепте жүргізілетін еңбекке баулу сабағы. Бұл сабақтың жас ұрпаққа
берері мол. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Еңбек арқылы
адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып,
жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Балалар мен жастардың еңбек
тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды. Халық
еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын
еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы
еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы
халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды. Жас ұрпақты
халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнері
тамған" нақты кәсіп иесі болуын көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын
меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Қоғамның ең басты
талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін
жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал,
саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады. Еңбекке
тәрбиелеу, баулу және мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке
тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып
өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың
негізгі көзі болып табылады.
Еңбекке баулу пәні баланың туындысынан табиғатында бар таланты болса,
оның көзін ашып жетілдіруге көмектеседі. Баланың өсіп - өнуінде, оның жеке
тұлға болып қалыптасуында осындай үлкен мәні бар еңбекке баулу пәніне
бүгінге дейін зер салып көңіл аударылуы жеткіліксіз. Еңбекке баулу
сабағында бала қоршаған ортаны қабылдап, өздігінен әр заттың қасиетіне
және ерекшелігіне көңіл қою үшін зерттеу жұмысына тақырып етуіміздің
бірінші себебі осы. Мектеп іс-тәжірибе барысындағы басталған мұғалім
ретіндегі жұмысымда сабақтың нәтижелі болуы, еңбекке баулу сабақтарында
тәрбиені кешенді жүргізу арқылы баланың көркемдікті қабылдауына байланысты
екендігіне әбден көз жеткендік екінші себеп болды. Еңбекке баулу пәнін
оқытуда көзделетін мақсат оқушыларды еңбекке ынталы етіп тәрбиелеу,
қарапайым тұрмыстық және өндірістік заттарға биік талғам тұрғысына қарау,
табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге баулу.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан
түрлі - өндірістік, қоғамдық- саяси, рухани, адамгершілік салаларында
барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады. Сондықтан да біз ғылыми
жұмыстың тақырыбын осылай таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында
тәрбие түрлерін өзара сабақтастықта жүзеге асыру .
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Бала дамуына тәрбиенің ықпалы жөніндегі ұлы ғұламалардың ой-пікірлеріне
шолу жасау;
- Бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты тәрбие түрлерін берудің маңызы мен
міндеттерін қарастыру;
- 3-сыныптарда еңбекке баулу пәнін ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу;
- 3-сыныпта еңбекке баулу сабақтарында тәрбиені кешенді жүзеге асыру
мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу пәнін оқытуда тәрбиенің
өзара сабақтастығын жүзеге асыру барысы.
Зерттеу әдістері: Ғылыми, әдістемелік әдебиеттер, баспасөз материалдары,
озат педагогтардың іс-тәжірибелеріне талдау, қорытынды.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ ТҮРЛЕРІН
ӨЗАРА САБАҚТАСТЫҚТА ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Еңбек іс-әрекетінде балаларды тәрбиелеу мәселесі жөніндегі ұлы
ойшылдардың көзқарастары
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру
жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық
қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты.
Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын
"Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" -
деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
•  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
•  тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой,
дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік
және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және
өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды
тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз
байланысты қарастырады.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың
мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын
қалыптастыру деген. 1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-
жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек,
адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық
міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап
көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген
ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу
Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз
берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік
қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана
түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін
мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің
басты белгісі" - деген.
Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке
тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік,
маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға
шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын
ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны
толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп
жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында
(1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан
тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген
сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып,
кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас
ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту;
әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден  алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу;
халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-
жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы
нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие
берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны
бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап,
Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың
іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған
адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. 3.
Дүниетіным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетіным - адамның
табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы
көзқарастары. Дүниеге көзқарас  ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын
танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің
басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми
білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі,
ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным
іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.)
дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық,
төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық
сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға
үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен
таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу. 
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы
(көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен
талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
•  эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
•  әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке,
Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке,
тәрбиелеу.
4. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының
жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін
талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және
жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу;
қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына
(субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық
мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі
қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
•  Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
•  Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
•  Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
•  Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара
қатынасы.
5. Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс
арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық
принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз
байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық
дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың
құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ
адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы")
құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне,
тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің
білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту -
тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі
тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен
қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің
түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу
белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын
қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми
ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге
үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным
белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және
бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың
ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.
Оқушыларымыз жан-жақты қабілетті болып өсуі үшін ой еңбегі мен дене
еңбегін қатар алып жүруі керек. Сондықтан еңбекке баулу сабағында
оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде мынадай негізгі міндеттерді басты назарда
ұстау керек.
1.Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыруға байланысты
жұмыстар жүргізу.
2.Әр жасалған жұмыстарға ұқыптылықпен қарау.
3.Еңбек заттарын орынды пайдалана білу.
4.Қауіпсіздік ережелерін сақтай білу.
5.Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытуда жоспарлы жұмыс
жүргізу.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие
балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық
іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін
тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа
бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол
"Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі
тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің
негізінен туындайды деген еді.
Орта ғасырлық чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) мектеп -
балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік
шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол
тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. Швейцария педагогы
Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады.
Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене
тәрбиесін еңбек тәрбиесімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-
ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және
ауылшаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен
қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек
адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың
ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс
ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі
мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды
қалыптастыру деп уағыздады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский
болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының
зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және
тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы
қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие
жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. К.Д.Ушинский
талаптарының ең бастыларының бірі - еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және
еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол
адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың
санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын
ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын
ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. Еңбек тәрбиесінің ең
басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы,
ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей
араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп
отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да
болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап
көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып
отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу
жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы
өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің
құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім
алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп
философиялық тұжырым жасады. Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына
дарыту барысында оның экономикалық нәтижесіне мән беру қажеттілігін
ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке
деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған
еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек
ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады. Тұлғаның ақыл-ой, дене,
адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау
даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін болады. Яғни, оқушылар бастауыш
сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы
үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. Балалар өзіне-өзі
қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне
үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым
деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. Мектеп
жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып
бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге:
төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады. Мектеп
жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап,
тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау,
еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың
адамгершілік борышы. Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек
тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер",
"Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке
баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі. Әрбір оқушының
үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс
істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді. Оқушының
қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және
оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу байланысты:
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
• балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі
болуына;
• еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін
қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
• еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай
ұйымдастыруына;
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға.
А.Эйнштейн Адам естіп – білгені арқылы жетілмейді, еңбекпен іс - әрекет
үстінде қалыптасады деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде бала
саусағының бұлшық еттері жан – жақты жетіліп, жазуға, сурет салуға,
түрлі бұйымдар жасауға икемділіктері артады. Сонымен бірге Еңбекке
баулу пәнінен бастауыш мектеп оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен
танысып, олардың байқағытығы, ой - өрісі, шығармашылық белсенділіктері
артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тарсырмаларын
орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.

2. ЕҢБЕККЕ БАУЛУ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕНІ
КЕШЕНДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ (3 – СЫНЫП)
2.1 Бастауыш сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұнындағы тәрбие
түрлерінің ерекшеліктері
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді.
Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің
көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын
мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты. Низамидың
тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің  әсерлі құралы ретінде халықтың
ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз халқының тарихы негізгі
оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Пәндер