Еңбек нарығындағы жұмыс күші


Тақырып 5. Еңбек нарығындағы жұмыс күші: ұсыныс факторлары
5. 1 Жұмыс күшіне ұсыныс: мазмұны, құрылымы, жүзеге асыру деңгейі
5. 2 Жұмыс күші ұсынысын сипаттайтын көрсеткіштер
5. 3 Жұмыс күшін ұсыну туралы шешімге әсер етуші факторлар
5. 4 Жұмыс күші ұсынысын жанұялық тұрғыдан қарастыру
5. 5 Адам капиталына баѓытталѓан инвестициялар
5. 1. Экономикалық мазмұны жағынан жұмыс күші ұсынысы - қызметкердің еңбек нарығында өзінің еңбекке деген қабілетін тауар ретінде жұмыс берушіге белгілі бір бағамен белгіленген уақытта ұсыну. Бұл кезде ұсыныс пен сұраныс бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші ұсынысы екі тауар иелерінің түйісу кезіндегі меншікті қатынастарын көрсетеді кәсіпкер (өндіріс құралдар меншігі) және жалданған қызметкер (жұмыс күшіне меншігі) . Бұл екеуінің қатынасы заң жағынан тең құқылы, бірақ экономика жағынан құқылары теңсіз болып келеді.
5. 1. Экономикалық мазмұны бойынша жұмыс күшін ұсыну - бұл жалдамалы жұмысшылардың жұмысқа деген қабілеттілігі, еңбек нарығы тауар ретінде, осы ерекше тауарды сатып алушыға - жұмыс берушіге нақты бір төлемге және нақты бір уақытқа сату. Бұл жұмыс күші тауарын сату - сатып алу акты емес, бұл жерде жалдамалы жұмысшы жұмыс күші тауарын потенциал сатушысы ретінде, ал кәсіпкер (фирма) осы тауардың потенциал сатып алушысы ретінде қарастырылады, яғни бұл жұмыс күшін расында да сатып алу емес, ұсынылған жағдай.
Жұмыс күшін ұсыну - бұл қосарлы категория элементі «сұраныс - ұсыныс», олардың полюстары, өзара шарттастығы, өзара тәуелділігі бір-бірімен тығыз байланысты. Жұмыс күшіне сұраныс оның ұсынысын шамалайды, ал ұсыныс сұранысты шамалайды және бұларсыз мағынасын жоғалтады. Сонымен жұмыс күшін ұсыну екі тауар иесінің жекеменшілік қатынасын көрсететін экономикалық категория: кәсіпкер (өндірістік меншігі) және жалдамалы жұмысшы (жұмыс күші меншігі) . Бұл екі меншік - тауар иелері заңды тең құқылы, экономикалық тең құқықсыз, өзара байланысты, өзара тәуелді, қоғамдық өндірістегі контрагенттердің өзара әрекетінде болатын қатынас болып есептеледі.
Жұмыс күшіне сұраныс фирма (микро) дәрежесінде қалыптасады; ал жұмыс күшіне ұсыныс сала немесе салалардың жиынтығы (мысалы, жалпы өндіріс деңгейінде), және де ұлттық экономика дәрежесінде қалыптасады. Сонымен, жұмыс күші ұсынысы дербес дәрежеден (микро-экономикалық) алшақталанды, белгілі жалпы экономикалық деңгейге ұмтылып, және макроэкономикалық категория ретінде алға шығады.
Жұмыс күші ұсынысы жеке тұлғадан басталады. Жұмыссыз қалған әрбір жалдамалы жұмысшы, өзі жұмыс іздей бастайды; өзінің жұмыс күшін еңбек нарығында жұмыс берушіге ұсынады. Осы мағынада жұмыс күші ұсынысы дербес сипатқа ие. Мұндай жағдайлар жұмыс іздеп жүрген тек қана жұмыссыздарға тиісті, қаншалықты жұмыс күші ұсынысы жұмыс істейтіндер сферасында болса, маңызды ерекшелікке ие болады. Еңбек ұсынысы (миро және макро) категориясы сипаты туралы айтқанымызда, біз жеке жұмысшының жұмысқа орналасуын емес, жұмыс күші ұсынысы қалыптасатын деңгейін, оның көлемі, құрылымы және динамикасын назарға аламыз. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы барлық параметрлерімен және толық көлемде немесе осы сала қызмет ететін барлық кәсіпорындар кешені мен фирмалар бағыты бағытталған салалар жиынтығында қалыптасады. Еңбек нарығында жұмыс күшін қалыптастыру жоспарында метамарфоза пайда болады: дербес жұмыс күші ұсынысы (формасы мен мазмұны) тұтас сала ұсынысы немесе жалпы ұлттық жиынтық ұсынысы түрінде қабылданады.
Жұмыс күші ұсынысының жиынтық сұраныс көлемі келесі схема бойынша айқындалады:
- еңбекке жарамды жастағы халықтың жалпы санынан (16 жастан бастап тағайындалған зейнеткер жасына дейін) ;
- алу (минус) институциональдық деп аталушы халық (қамаудағы, арнайы медициналық мекемелердегі адамдар) ;
- алу (минус) жұмыс істемейтін жеңілдікті зейнеткерлер және І, ІІ топ мүгедектер;
- тең: еңбек қабілетіне ие жастағы институциональдық емес халық;
- қосу (плюс) жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер және жасөспірімдер;
- тең: мемлекеттің жалпы жұмыс күші саны.
- алу( минус) қарулы күштердегі адамдар саны;
- тең: азаматтық жұмыс күшінің саны.
Еліміздің жұмыс күшінің жалпы саны және азаматтық жұмыс күшінің жалпы саны сәйкес келмейді: соңғысы әрдайым біріншісінен, әскери қызметкері контингентінің үлкендігі бойынша, аз болады.
Нәтижесінде қиын емес арифметикалық операция арқылы «азаматтық жұмыс күші» түсінігіне ие боламыз. Бұл түсінік сізді «жұмыс күші ұсынысына» жақындатқанымен берілген категория мазмұнына толық жауап бермейді.
Нарықтық экономикада азаматтық жұмыс күші саны бойынша екі тең емес топтарға бөлінеді:
а) жұмыс істейтіндер; Бұл елдің экономикалық жағынан белсенді халық тобы;
б) жұмыс істемейтіндер; бұлардың көпшілігі экономикалық себептер бойынша жұмыссыздардан тұрады.
Жиынтық еңбек ұсыну проблемаларын мәселелерін талдау, айтылған әрбір топтың құрылымын және ерекшелігін анықтауды ұсынады. Дамыған, қалыпты қызметтегі нарықтық экономикада, жұмыс істейтін-дердің жалпы санына, өз бетімен жұмыс істейтіндер, яғни өздері үшін жұмыс орнын жасайтын тұлғалар қатысады.
Өз бетінше жұмыс істейтіндер жалдамалы еңбекті пайдаланбай, жеке еңбегіне негізделініп, жұмыс істейді. Егерде дербес жұмысшы жалдамалы еңбекті пайдалана бастаса, онда ол өз бетінше істейтін емес, жай кәсіпкерге айналады, ал оның жеке бизнесі капиталистік сипатқа ие болған бизнеске айналады. Өз бетінше жұмыс істейтіндер кейбір кездерде капиталистік фирмаларға тәуелді болса да, формальды түрде дербес, олардың жұмысбастылығы еңбек нарығынан тыс болады.
Өз бетінше жұмысбастылар жұмыс күшін ұсынуды ұйғармайды, керісінше, оған қарсы болады. Бұл негізінен үй шаруашылығымен айналысатындар (әйелдер), себебі олардың еңбегі еңбек қатынастарының шегінінен тыс жүзеге асады.
Жұмыс істейтіндердің жалпы саны ішіне, жұмыстары еңбек нарығымен байланысты емес, бірақ олар еңбек қызметінде бар, нарық қатынастары сыртындағы жұмысшылар тобы да кіреді. Еңбектің жиынтық ұсынсын анықтауда бұл топ жұмысшылары (үй шаруашылығындағыларды қосқанда), өздерінің жұмыс күшін еңбек нарығында ұсынатын адамдар қатарынан босатылуы қажет. Айтылған топты алып тастап, біз өз жұмыс күшін еңбек нарығында ұсынатын және олардың жұмысқа ие болуы, жұмыс күшін нарықтық жолмен, яғни жұмыс күшін сату-сатып алу бойынша жүзеге асыратын адамдарға ие боламыз.
Жұмыс істемейтіндер тобының құрылымы біртекті емес. Оның құрамында, жұмыс істемейтіндер сферасынан ығыстырылған, жалдамалы жұмысшылар да бар. Кейбір жағдайларда аталған тұлғалар ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай және ең соңында еңбек нарығыннан мәңгіге шығып кетеді. Батыс экономистері еңбегінде мұндай жұмыссыздар тобын «үміт үзгендер» деп атайды. Батыс мемлекеттері экономикасында олардың саны көбірек. Г. Мэнкью мәліметі бойынша, жартыдан көп жағдайда, ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болғандар еңбек нарығынан кетуімен аяқталады.
Жұмыссыздар құрамында жұмысқа жарамды жұмыс істеуді қаламайтын, жұмыс іздемейтін және жұмыссыздықты өзінің өмір сүру дағдысы етіп алғандар да бар. Егерде тұлға жеткілікті табысқа ие болса, олардың табысы еңбек нарығы, еңбек қызметімен байланысты емес жағдай түрлерінде пайда болады.
Жоғарыда айтылған екі топты алып тастап, біз жалдамалы еңбектің таза жұмыссыз категориясын аламыз, яғни өздерінің жұмыс күшін сатып және оны еңбек нарығында ұсынуға тәуелділер. Аталған жұмыссыздар категориясы - бұл көп миллиондық жұмыссыздар контингенті, белсенді түрде және еңбек нарығында жұмыс күші жиынтық ұсынысының қалыптастасуына әсер ететін шешуші факторлары ретінде жұмыс іздеушілер.
Жұмыс күшін еңбек нарығында ұсынатын жұмыссыздар контингенті (барлық жұмыссыздар) екі тең емес құрылымды бөліктерге бөлінеді:
а) жұмыс қызметінен босатылған, жұмыс стажына ие тұлғалар; жұмыстан босатылғаннан (жұмысын жоғалтқаннан) кейін, олар еңбек нарығына қайта келеді;
б) еңбек нарығына алғашқы рет келгендер, еңбек стажына ие емес тұлғалар. Бұлар мектеп, колледж, институт, университет бітіруші түлектері және еңбек қабілетіне ие жастағы халық, яғни бір себептермен алғашқы рет еңбек нарығына, жұмыс іздеуге шыққан тұлғалар. (Мысалы: үй шаруашылығы қызметімен айналысқан әйелдер) .
Бірінші топ - қызмет ету сферасынан экономикалық себептерге байланысты кеткендер сан жағынан көбірек болады.
Батыс елдерде негізінен АҚШ-та қайтадан еңбек нарығына келетіндер (жұмыстан босатылғандар), еңбек стажы барлар, еңбек нарығына жаңадан келген, еңбек стажы жоқтар санынан екі есе артады.
Ресейде экономикасы еңбек нарығында барлық жұмыссыздардың (экономикалық себептерге байланысты) санының, нақты босатылған жұмыссыздар үлесі, белсенді жұмыс іздеушілер саны, еңбек нарығына алғаш келгендер санынан 4-9 есе жоғары.
Еңбек нарығындағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы жалдамалы жұмысшылармен - жұмыстары барлар мен жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар мен жұмысбастылардың жалпы санына тең болады.
5. 2. Ұлттық экономикадағы жұмыс күші ұсынысы көлемі еңбекке қабілетті халықтың санына тәуелді. Жұмыс күші ұсынысын көптеген көрсеткіштер арқылы сипаттап көрсетуге болады. Олардың ішінде сандық көрсеткіштердің рөлі зор (кесте 1) .
Кесте 1. Қазақстанның халық саны мен еңбек ресурстары
Халық саны,
мың адам
Кесте мәліметтері бойынша 2007 жылғы еңбек нарығы жағдайын 2003 жылғы мәліметтермен салыстырсақ, еңбек ресурстарының көбейгендігін, нарықтағы үлкен жастағы адамдар мен бозбалар саныны азайғандығын көруге болады.
Берілген мәліметтер көрсеткендегідей, еңбек ресурстарының жалпы саны 2007 жылы 10069, 3 мың адам екен. Яғни республиканың барлық халқының 64, 07 пайызы. Бұл экономикалық белсенді халықтық 81, 7 пайызы. Жұмыссыздардың жалпы саны 597, 2 мың адам, яғни экономикалық белсенді халықтық 7, 3 пайызы, бір қарағанда жұмыс-сыздардық жалпы саны ( 597, 2 ) да, олардың үлес салмағы да кейінгі жылдары азая бастаған. Алайда әрбір жетінші адамның жұмыссыз отырғаны аса зор әлеуметтік мәселе, жалданып жұмыс істейтін адам саны 4973, 5 мың, яғни жұмыспен қамтылған халықтың 65, 1 пайызы. 2657, 6 мың адам өз бетімен жүмыс істейді, яғни 34, 8 пайызы.
Еңбек ресурстарының негізгі толықтырылуы еңбекке жарамды жастан төмен тұрғындардың құрылымынан жүзеге асады, сонымен қатар жұмыс күші ұсынысының көлеміне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл елдегі қалыптасқан демографиялық процестерге қатысты анықталады, оларға туу, халықтың өлім-жітімі және миграцияның орны ерекше болып табылады. Егер республикадағы демографиялық жағдайды талдайтын болсақ, туу және өлім-жітім жұмыс күші ұсынысының көлеміне бір бағытта әсер етеді (кесте 2) . Кесте мәліметтері бұл көрсеткіштердің өткен жылмен салыстырғанда өскендігін көрсетеді.
Кесте 2. Қазақстан халқының тууы, өлімі және табиғи өсімі (1000 адамға шаққанда)
Қазақстанның еңбек нарығына жұмыс күші ұсынысы көлеміне ең күшті әсер ететін фактор эмиграция (кесте 3) . Қазақстаннан кетіп жатқан еңбек ресурстарының басым бөлігі білімді, білікті еңбекке қабілетті, жарамды, бәсекеге қабілетті жастағы адамдар, бұл біздің қоғамымызға орны толмайтын шығын әкелетіні белгілі. Ал елге келген азаматтар сан мен сапа жағынан бұл шығынға оң жағынан әсер ете алмайды. Егер Қазақстаннның эмиграциясын бағалайтын болсақ, онда қазіргі кезеңде одан мүмкін болатын әсерлерге қарағанда, оның жағымсыз зардаптары басымды болады.
Жасыратыны жоқ, жыл сайын қоныс аударушылардың саны белгіленген квотадан артық болғандықтан, бүгінгі таңда көптеген оралман отбасылары мемлекет тарапынан қаржылай көмек алу мүмкіншілігінен тыс қалып отыр. Сонымен қоса, оралмандарды баспанамен, жұмыспен қамту мәселесінде де шешілмеген сұрақтар баршылық. Көшіп келген оралмандар
арасында тұрғын үймен, жер учаскелерімен қамтамасыз етілмей отырғандары да бар.
Еңбек нарығындағы жағдайға тұрғындардың миграциясы да қиындыққа соқтырады. ТМД елдеріндегі миграцияның өсуі Қазақстанға да әсер етуде. 2007 жылдың бірінші жартысында Республикадан ТМД елдеріне - жалпы кеткендер санының 94, 1пайызы кетеді.
Келгендер санындағы еңбекке қабілетті жастағылардың үлесі 69, 9%, кеткендерге - 74, 5% құрады. Тұтастай ел бойынша еңбекке қабілетті жастағы кеткен 1000 көшіп-қонушыларға осы санытындағы 1573 келген көшіп - қонушылар келеді.
Кесте 3. Қазақстан халқының сыртқы миграциясы
Жұмыс күшін ұсыну көрсеткішіне өз еңбегін ұсынған жұмыс күшінің қай бағытта шешім қабылдауын өлшейтін көрсеткіштер жатады. Нарықтық экономикада адамдар жұмыс істеуі - істемеуін өз бетінше шешеді. Бұл шешімді сипаттайтын көрсеткішіне оның еңбек өмірне қатысу ықтималдығы алынады. Адамның шешімі арқылы оның белгіленген уақыт ішінде ай, апта да қанша сағат жұмыс ұсына алатындығы арқылы білеміз.
Жұмыс күшін ұсынуда оның сапа жағына да көңіл бөлінуі керек, себебі өзінің жұмыс күшін ұсынған адамдар бәрі бірдей емес, яғни олардың еңбекке деген қабілеттері, білім деңгейі т. б. өзіндік қасиеттері әр түрлі болады.
Жұмыс күші ұсыну көрсеткішіне жұмысшының өзіне жүктелген еңбек міндеттемелерін орындаудағы ынтасы қаншалықты екендігін сипаттайды. Мұнда кейбір адамдар тобы еңбекқор, екінші адамдар тобы жалқау болуы мүмкін. Көп адамдар осы екі топтың ортасында болып келеді.
Келесі көрсеткішке, ол жұмыс күші механизмін ашуда адамның жынысы, жасы, жанұя жағдайы өз әсерін тигізеді. Мысалы: әйелдер арасында олардың жұмыспен қамтылуы оның жасына, жанұя жағдайына байланысты болып келеді. Мектеп бітіріп, тұрмысқа шыққанға дейін жұмыс істеуі мүмкін, содан соң бала тәрбиесімен айналысып, еңбек нарығын тастайды, ал 40 жасқа келгенде қайтадан еңбек нарығына келуі мүмкін. Кейбір деректерге сүйенсек, осындай заңдалықтың бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар оны әйелдердің әртүрлі жаста туу көрсеткіштері арқылы да көруге болады (кесте 4) .
Кесте 4. Аналарының жас шамаларына қарай туылған балалар саны (1 жылда 1000 әйелге шаққандағы орташа саны)
Кесте мәліметтеріне сүйенсек, туу көрсеткіштері елеулі өзггерістерге ие болған. 35-49 жас аралығындағы әйелдер қатысты, сонымен қатар 20-24, 25-29 жастағы әйелдер арасында да туу көрсеткішінің жоғары екендігін көрсетеді. Еліміздегі әйелдердің еңбек нарығындағы өмірін 3 фазаға бөліп қарастыруға болады. Осыған байланысты олардың еңбек нарығына жасайтын қысымы да әр түрлі болады.
Жұмыс күші ұсынысына жанұялық жағдайда әсер етеді. Жанұя құратын ер адамдар мен әйелдер саны олардың жасына тәуелді. Нарық жағдайында жанұя құру бірінші кезекте емес болып отыр, ер азаматтар үшін. Ал әйелдер ер адамдармен салыстырғанда тұрмысқа ертерек шығады.
Тағы бір айтарлықтай сипаттама ретінде, бір жыл ішінде жұмыс істелінген уақыт көлемін қолдануы. Егер де оған нақты талдау жасасақ, еңбек нарығында адамдар өз жұмыс күшін ұсынуын қанша сағат көлемінде қалайтындығын есептеп көруге болар еді. Бірақ бұл көрсеткішке статистикалық органдармен көңіл бөлінбейді. Еңбек нарығында адамның өзінің жұмыс күшін ұсынуды сипаттатайтын көрсеткіштері осылайша топтап қарастыруға болады.
6. 3 К‰дер ‰зген жєне қосымша қызмет эффекті
Адам өзі барынша көп пайдалы жұмыс уақытты таңдауға құқылы Жұмыс орнындағы еңбек жағдайы мен жалақының сағаттың мөлшері бірдей болмаса мыс: жалақы ставкасы әртүрлі болғандықтан, басында жоғары бағаланбаған жұмыс орны адамға барыннша көп пайда әкеледі. адамның еңбек процесіне кірісу туралы шешім қабылдауы кезінде тұрақты деп аталатын жұмысқа ілеспелі шығындардың маңызы елулі.
Жұмыс күші қатарына қосылу деңгейіне жұмысссыздық деңгейі әсер етеді. бұл жерде екі мүмкіншілік туады. Бірінші, жұмыссыздық кең орын алған кезде кейбір адамдар жұмыс іздеуден түңіліп, күдер үзеді де жұмыс күші қатарынан шығып үй шаруашылығымен айналысады, не оқиды, не мерзімнен бұрын зейнеткер болады. Бұл құбылысты экономика ғылымында күдер үзген қызметкердің эффекті деп атайды. Екінші, жұмыссыздық мезгілінде адамның біраз бөлігі еңбек нарығына шығады, өйткені жанұядағы негізгі қызметкер жұмыстан айрылғандықтан жанұя табысын көтермелеу керек. Бұл құбылысты қосымша қызметкер эффекті деп атайды.
Қосымша мен күдер үзген қызметкерлер эффектілері бір-біріне қарсы бағытта болады, олардың тұтас әсері осы эфектілердің абсалюттік шамасына тәуелді болып келеді.
6. 4 Жұмыс күші ұсынысын жанұялық тұрғыдан қарастыру
Жұмыс күші ұсынысына жанұялық жағдай өз әсерін тигізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жанұя құратын ерлер мен әйелдер саны олардың жасына тәуелді көрінеді. Қазіргі нарық жағдайында жастар бұрынғыға қарағанда жанұя құруын кейінге қалдырып жүр. Ал әйелдер ер адамдармен салыстырғанда ертерек тұрмысқа шығады.
Ғылыми еңбектерде және оқулықтарда адамның еңбекке кірісу туралы шешім қабылдау процесін модель түрінде келтіруге болады.
Адамның шешім қабылдау процесін ең қарапайым түсіндіру жолы - ол екі түсінікті “жалақының нарықтық мөлшері” және “дәмеленген жалақы мөлшері” енгізіп сонан кейін оларды бір-бірімен салыстыру негізінде тиісті шешім қабылдау.
Еңбек ұсыну бойынша жанұя шешімдерінің үш моделін ажыратады:
- шовинистік модель. Бұл моделде жанұя басы, басқа жанұя мүшелерінің пікіріне қарамай, өз еңбегін ұсыну туралы шешім қабылдайды;
- жанұялық бюджет шектеулері ескеріліп, жалпы жанұя пайдалылық функциясын барынша көп болуын ұйғарады;
- жанұялық бюджет шектеулері ескеріліп әр адам пайдалылығын барынша көп болуын ұйғарады.
6. 5 Адам капиталына баѓытталѓан инвестициялар
Экономика ғылымының соңғы жылдардағы жетістіктерінің бірі адам капиталына инвестиция бағыттау теориясының дамуы болып табылады. Осы теорияның жемісі ретінде, жұмыс беруші мен жұмыс алушы арасында әлеуметтік серіктестік пайда болғанын айтуымыз керек. Адам капиталына жұмсалған қаражат кейінде жоғары жалақы әкеледі, жұмыстан қанағаттанған сезімге бөлену өседі, адам рухани байлыққа ие болады. Жалпы түрде адам капиталына жұмсалатын инвестициялық шығын үш бөліктен тұрады:
- тікелей шығындар;
- айырылған табыс;
- психологиялық шығындар.
Адам білім алуға жұмсалатын инвестиция туралы шешім қабылдарда, білім тұтыну игілігі ретінде санамай, инвестиция объекті ретінде қарайды. Сондықтан ол бұл туралы шешім қабылдағанда білім алуға кететін шығын мен одан түсетін пайданы салыстырады.
Жұмысбастылық еңбек нарығының негізін қалаушы сипаты және әлеуметтік саясаттың нысаны ретінде
6. 1. Жұмысбастылық экономикалық категория ретінде
6. 2. Жұмысбастылық принциптері
6. 3. Толық және тиімді жұмысбастылық
6. 5. Жұмысбастылық әлеуметтік мәселе ретінде
6. 1. Жұмысбастылық экономиканың аса маңызды сипаттамасы, халықтың жақсы тұрмыс халі; жұмысбастылық деңгейі - маңызды макроэкономикалық көрсеткіш. Бірақ жұмысбастылық тек экономикалық құбылыс қана емес, ол демографиялық үрдістерге тәуелді, әлеуметтік саясаттың бөлігі болып табылады, яғни демографиялық және әлеуметтік мазмұнға ие.
Жұмысбастылық экономикалық санат ретінде - бұл халықтың еңбек қызметіне қатысу жағдайындағы қатынастардың жиынтығы; оның жұмысқа тартылу, ақы төленетін жұмыс орындарында, табыс алуда жұмысшылардың қоғамдық тұтынушылығы мен жеке тұтынушылығын қанағаттандыру дәрежесінің шараларын бейнелейді. Осы позиция тұрғысынан жұмысбастылық еңбек нарығының аса маңызды сипаттамасы болып табылады.
Қоғамдық - пайдалы қызметте жұмысбастылық еңбекке жарамды халықтың кең ауқымын: еңбек келісім - шартымен жұмыс істейтіндерді; өздерін жұмыспен дербес қамтамасыз ететіндерді; қосалқы кәсіпшілікте істейтіндерді; азаматтық-құқықтық келісім-шарт (мердігерлік) бойынша жұмыс атқаратындарды, сондай-ақ өндірістік кооперативтер мүшелерін; ақы төлентін лауызымға таңдалған; тағайындалғандарды немесе бекітілгендерді; әскери қызметін өтеушілерді, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызмет етушілерді; жалпы білім беретін және басқа білім беру мекемелерінде қүндізгі бөлімде оқитындар; уақытша еңбекке жарамсызыдығына; кезекті еңбек демалысы; біліктілікті көтеру, ереуілдер мен басқа да себептер туғызған өндірістің тоқтауына байланысты уақытша жұмыс істемейтіндерді қамтиды.
Барлық жұмыспен қамтылғандарды қызмет түрлері бойынша үш үлкен топқа бөлуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz