Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі.

2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау.

3. Еңбек нормаларының сақталуын тексеру, олардың түрлері, нысандары мен
мерзімдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару
қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі
құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару
органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына
қағидаттарға негізделеді:
— қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
— меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің)
толық жауаптылығына;
— еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттын басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
— барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
— кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының
барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік кадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
— еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен
ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
— қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау
құралдарын, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен
енгізуді ынталандыруға;
— мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
Еңбек туралы заңдардың, оның ішінде еңбекті қорғауды еңбек жөніндегі
уәкілетті органның мемлекеттік енбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының іс-әрекетіне зандарда белгіленген
тәртіппен шағым жасалады. Шағым жасалу берілген ұйғарымдардың орындалуын
тоқтата тұрмайды (ЕтЗ-ның 107-бабы).
Ал кәсіпорындарда істейтін қызметкерлер тиісті заң және нормативтік
актілерде, нұсқауларда, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау
жөніндегі ережелер мен нормалар талаптарын сақтауға міндеттенеді.

1. Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі

Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы заңында еңбекті
қорғауға қатысты заң шығарушылық және өзге де нормативтік құқықтық
актілерді бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Еңбекті қорғау жөніндегі
заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген
міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі
келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік,
тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл
жауапкершілікті шартты түрде кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және
қызметкерлердің жауапкершілігі деп бөлуге болады. Кәсіпорындар еңбекті
қорғау талаптарын қамтамасыз етпегені үшін және еңбекті қорғау талаптарына
жауап бермейтін, өндірістік мақсаттағы өнімді шығарғаны және өндіргені үшін
экономикалық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғау туралы заңдарды
бұзушылықтарды қадағалау және бақылау органдары анықтаған кезде,
кәсіпорындар өздерінің қаражаты есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан
Республикасының заңдарында анықталған тәртіпте және мөлшерде айыппұл
төлейді. Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы,
технологияларды, өндірістік объектілерді жасаған немесе дайындаған
кәсіпорындар да экономикалық жауапкершілікке тартылады және әлеуметтік
сақтандыру органдарына және тұтынушыларға осы құқық бұзушылықтарды жоюға
қатысты, сонымен қатар, қайғылы оқиғаның ж.не кәсіптік аурудың нәтижесінде
жәбірленгендерге өтемақы төлеумен қатысты шығындарды өтейді. Шығындардың
мөлшерін арбитраждық сот белгіленген тәртіп бойынша анықтайды және
өндіреді.
Еңбекті қорғау талаптары мен нормаларын бұза отырып, жаңа
технологиялар мен өндіріс құралдарының жобаларын жасаған және оларды
енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдары
тапсырыс берушіге осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты келтірілген
шығындарды өтеуге міндетті. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот
белгіленген тәртіп бойынша анықтайды және өндіреді. Егер бұлар еңбекті
қорғауға қатысты нормалардың, стандарттардың және ережелердің талаптарына
қайшы келсе, өнімдерді өндіру, жарнамалау және сату, соның ішінде
шетелдерден .келінген өнімдерді жарнамалау және сату заңсыз болып табылады.
Кәсіпорынның мұндай қызметтің нәтижесінде тапқан пайдасы еңбекті қорғау
қорына алып қойылады. Кәсіпорындар өндірісте жапа шеккен қызметкерлердің
немесе қызметкерлер қайтыс болған жағдайда олардың жақын туыстарының
алдында материалдық жауапкершілікте болады. Өндірістегі қайғылы оқиғаның
немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде еңбекке қабілетін толығымен немесе
ішінара жоғалтқан қызметкерге немесе оның жақын туыстарына кәсіпорын не
оның құқықмирасқоры бір жолғы жәрдемақы төлейді және заңдарда белгіленген
тәртіпте және мөлшерде қызметкердің өміріне не денсаулығына келтірілген
зиянды өтейді. Бір жолғы жәрдемақының мөлшері ұжымдық шартпен және
Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады және мыналардан кем болмауы
тиіс:
- өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың салдарынан қайтыс
қайтыс болған қызметкердің жылдық жалақысының он еселік мөлшерінен;
- еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан бірінші не екінші топ
мүгедегі ретінде танылған қызметкердің жылдық жалақысының бес еселік
мөлшерінен;
- еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан үшінші топ мүгедегі
ретінде танылған қызметкердің жылдық жалақысының екі еселік мөлшерінен;
- еңбекке қабілеттігі толығымен жоғалды деп танылған және оған қатысты
мүгедектік тобы тағайындалмаған қызметкердің жылдық жалақысы мөлшерінен.
Жылдық жалақыны есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет
анықтайды. Егер қызметкер емдеу және әлеуметтік шараларды қажет етсе,
кәсіпорын жәбірленген қызметкерге емделуге, протездеуге және медициналық
және әлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне қатысты шығындарды өтейді. Қажет
болған жағдайда кәсіпорын медициналық қорытындыға сәйкес жәбірленген
қызметкердің кәсіби сауығуын, қайта дайындықтан өтуін және жұмысқа
орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттарға кеткен шығындарды
өтейді. Еңбекті қорғау нормаларының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі немесе
қадағалау ж.не бақылау органдарының қызметіне кедергі жасаған лауазымды
тұлғалар заңдарда белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік, тәртіптік,
материалдық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қызметкерлер де
еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы
заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауаптылықта болады.

2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау

Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде
қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау
жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Қызметкерлердің республикалық,
салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын
қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда
бекітілген жағдайда жүзеге асырады. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық
инспекторлардың құқықтары:
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың:
1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс
орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау
жөніндегі келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы
жұмыс берушілер алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының
қорғалуын жүзеге асыруға;
2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік
еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың
жай-күйін кешенді тексерулерге қатысуға;
3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылық
Құқық бұзушылықтың түрлері
Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Құқықбұзушылық, онымен күрес
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Азаматтық құқық бұзушылық
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Пәндер