Халықаралық саясаттың негізгі міндеті



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек ресурстары
Әлемдік жұмыс күшінің 80%-ы дамушы елдердің үлесіне келеді және олардағы
экономикалық өсу қарқынына сай болу үшін 2015 жылға қарай ол елдерде 430
млн. жаңа жұмыс орнын құру керек болады. 15 жылда әлемде қызметкерлер 471
млн. адамға ұлғаяды. Бұл ретте жұмыс орнының саны Үндістанда 30%-ға (142,4
млн.), Қытайда – 65 млн-ға, АҚШ-та – 12,5 млн-ға, ЕО-да 8,4 млн-ға өседі.
АҚШ пен ЕО елдерінде жаңа жұмыс орындарының басым көпшілігі қызмет көрсету
саласында ашылады.
Дүние жүзінің 150 елі жұмыспен қамтылу мен лайықты еңбекті ұлттық және
халықаралық саясаттың негізгі міндеті деп анықтаған.
Әлемдік еңбек рыногында жұмыс күшінің көші-қоны өсе түсіп, оның көлемі 1960
жылғы 3,2 млн. адамнан 1995 жылы 35 млн. адамға дейін өссе, ол 2005 жылы
191 млн. адам болған.
Жұмыссыздық қыспағын көріп отырған көптеген елдер үшін жұмыс күшін сыртқа
шығару экспорттың маңызды бөлігі болып табылады. Көші-қон ағынын қабылдаушы
елден экспорттаушы елге кері ақша аударымдары ілесе жүреді. Бұл құбылыс
ауқымды сипат алуда. Мұндай экспорттың валюталық түсімі соңғы жылдары
дамушы елдерде барынша жоғары қарқынмен жүріп жатыр – жылына 10%-дан
келеді. ХВҚ-ға 57 ел жұмыс күшін экспорттаудан түсетін табыстары туралы
мәлімет беріпті. Олардың көпшілігі үшін бұл валюталық табыстардың аса
маңызды көздерінің бірі болып табылады. 2001-2004 жылдар аралығында ақша
аударымдары 48,7%-ға өсіп, 126 млрд. долларға жетсе, 2005 жылы 167 млрд.
доллар болған. Өзінің резидент емес азаматтары есебінен түсетін ақша
аударымдарын жинақтауда Үндістан (23 млрд. доллардан астам) және Қытай (20
млрд. доллардай) көш бастап отыр. Пәкстанда жұмысшылардың шетелден ақша
аударымдары тауарлар мен қызметтер экспортының түсімінен 5 есе артық. Бұл
көрсеткіш Египет үшін 40%-ды, Марокко үшін – 50, Түркия үшін – 60, Үндістан
үшін 80%-ды құрайды.
Барынша көп ақша аударушы мемлекеттер қатарында АҚШ (35 млрд. доллардан
артық), Сауд Арабиясы (15 млрд. доллар) Швейцария (14 млрд.), Германия (11
млрд.) және Люксембург (6 млрд. доллар) бар.
Еңбек мигранттары көп ретте ресми емес жолмен аударып, әр елде әрқилы
аталатын ақша аударымдарының – фей-чиен (Қытай), падала (Филиппин), хунди
(Пәкстан), хуи куан (Гонконг), кса-вилаад (Сомали) және фей кван (Таиланд),
хавала (БАӘ) көлемі жыл сайын 20%-ға өсіп, 180-200 млрд. долларға
бағаланады.
Орталық Азияда жұмыс күшін экспорттаудан Өзбекстан, Тәжікстан және
Қырғызстан елеулі табыс тауып отыр; олардың еңбек күштерінің нақты
артықшылығы 7-8 млн. адам деп есептеледі. ІІМ-нің бағалауы бойынша
Қазақстанда 1,2 миллионнан аса адам негізінен жасырын түрде жұмыс істейді.
400 млн. доллардан 1,4 млрд. долларға дейін өз елдеріне ақша жөнелтетін бұл
еңбек мигранттарының 570-820 мыңы Өзбекстаннан, 400-700 мыңы Қырғызстаннан,
50-100 мыңы Тәжікстаннан деп есептеледі. Қазақстан қабылдайтын еңбек
мигранттарының саны жағынан әлемде тоғызыншы орын алады.

4.2.3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Үкімет аграрлық саясат саласында оның салаларының өнімділігінің өсуі мен
табыстылығы және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын
дамыту негізінде агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамытуды қамтамасыз етуді
басты міндет деп санайды.
Бұл үшін Үкімет өзінің жұмысын бірнеше бағыттарда құруды жоспарлап отыр.
Біріншіден, күш-жігер АӨК ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамытуға
бағытталатын болады.
Біздің аграрлық сектордың бәсекелестік күресте табысты пайдаланылуы мүмкін
бірқатар артықшылықтары мен елеулі іске асырылмаған әлеуеті бар. Бұл -
шикізат өндіру мен оны өңдеуге арналған салыстырмалы жоғары емес шығындар;
өндірістің ішкі тұтыну көлемінен айтарлықтай асып түсуі; әр түрлі табиғи-
климаттық аймақтардың болуына негізделген алуан түрлі өнім өндіру әлеуеті;
өндірістік қуаттың, мүмкіндіктері, шикізат өндіру саласындағы бизнестің
белсенділігі.
Ықпалдасу резервтерін пайдалану негізінде өнімнің өнімділігі мен сапасы
өсуінің, технологияларды жетілдірудің және жабдықтарды жаңғыртудың
катализаторы кластерлік өзара қарым-қатынастарды дамыту болады.
Екіншіден, АӨК-ті индустрияландыруды жүзеге асыру қажет. Бұл АӨК салаларын
техникалық және технологиялық жаңғырту, егу алаңдарының құрылымында
өтімділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру, мал шаруашылығын өнеркәсіптік
негізге көшіру, ғылыми қамтамасыз етуді күшейту және инновациялық
әзірлемелерді енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
АӨК-ті индустирияландыруды жүргізу үшін дайындық кезеңі ретінде Үкімет
ауылдық кооперацияны ынталандыру және ірі фермерлік шаруашылықтар құру
жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Үшіншіден, АӨК инфрақұрылымы одан әрі дамытылатын болады. Азық-түлік
тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұтымды жүйе
құру жоспарланып отыр, бұл ДСҰ-ға кірудің басты шарттарының бірі болып
табылады. Бұл ретте бірінші жоспарға елдің толық ветеринарлық және
фитосанитарлық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселесі көтеріледі.
АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігінің тәуекелдерін бағалау
жүйесін жаңғырту аса маңызды сәт болып табылады. Оны шешу үшін қазіргі
заманғы техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу және енгізу, АӨК
субъектілерінің сапа мен қауіпсіздік менеджментінің халықаралық жүйесіне
көшуін қамтамасыз ету, мамандандырылған зертханалар желісін құру және
оларды халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес қажетті жабдықпен
жарақтандыру ұсынылып отыр.
Сондай-ақ АӨК-тің қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту алда тұр.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру, кепілдік беру және оны сақтандыру
көлемін, сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетілетін қаржылық қызметтердің
түрлерін кеңейту көзделуде.
Ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар желісі арқылы маркетингілік
ақпарат беру жөніндегі тегін қызметтер тізбесін кеңейту, ауыл шаруашылығы
білімдерін, алдыңғы қатарлы технологиялар, ғылым жетістіктері мен
инновациялар туралы ақпаратты тарату және беру жүйесін дамыту, ауылдық
тауар өндірушілердің қаржылық-техникалық консалтингі жүйесін қалыптастыру
жолымен АӨК субъектілерін ақпараттық-маркетингілік және консультациялық
қамтамасыз етуді жақсартуды қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, арнайы жабдықталған дайындау-сатып алу кооперативтерінің
тармақталған желісін құру арқылы тауарларды өндірушіден тұтынушыға дейін
жылжытудың айқын жүйесін түзу қажет.
Төртіншіден, бұл АӨК өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және елдің азық-
түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мұндай шаралардың қажеттігін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі
көлемінің маусымдық ауытқуы және тиісінше азық-түлік тауарларының ішкі
нарыққа әрқилы жеткізілуі көрсетіп отыр, бұл өз кезегінде, бағалардың күрт
ауытқуының және инфляциялық процестердің себебі болып табылады. Бұдан
басқа, өндіріс көлемінің және қолданыстағы өткізу нарықтарының
теңгерімсіздігі орын алып отыр.
Бұл факторларды ниверлеу үшін Үкімет әлемдік практикада таралған сатып алу
және баға интервенцияларының тетіктерін пайдаланады, ауыл шаруашылығы
өнімдерінің дамыған көлік-логистикалық және ақпараттық инфрақұрылымы бар
коммуналдық көтерме нарықтарын құрады, биржалық сауданы дамытады.
Бұл шараларады іске асыру агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің ішкі, сол
сияқты халықаралық нарықтарда да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты Қазақстан экономикасының негізгі шикізаттық емес
секторларының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін нақты әрекеттер жоспарын
әзірлеу болып табылады.
Жоба процеске барлық мүдделі топтарды (үкімет, бизнес қаумдастығы, шағын
және орта бизнесі, бұқаралық ақпарат құралдарын) тарту арқылы елдің
бәсекелестік қабілетін арттыру және кластерлерді дамыту бойынша
бағдарламаларды іске асыру үшін серпін болып табылмақ.
Жоба үш жүйелі кезеңдерден тұрады:
1. Қосалқы салаларды алдын ала іріктеу (150-ден астамнан 23);
2. Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттырудың индустриалдық негізді
құру үшін кластерлерді іріктеу (23 қосалықы саладан 5-7 кластер);
3. Іріктелген кластерлерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу.
Қазіргі сатыда экономиканың 150-ден астам саласына зерттеулер жүргізілді, 7
пилоттық жобалар іріктеп алынды, олар: туризм, ауыл шаруашылығы мен азық-
түлік өнеркәсібі, мұнай-газ машина жасау өндірісі, тасымалдау мен логистика
қызметтері, құрылыс материалдары, металлургия және тоқыма өнеркәсібі.
Бұл жоба J.E. Austin Associates Inc. американдық консалтингтіқ
компаниясымен бірге іске асырылуда.
Жобаның кеңесшісі кластерлік даму теориясының негізін қалаушысы Гарвард
университетінің профессоры Майкл Портер болып табылады.

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЛАСТЕРІ АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕККЕ ШЫҚСА
 
Әрбір мемлекет өзінің нақты экономикалық даму кезеңінде өсу нүктесі бола
алатын саланы анықтайды. “Қазақстан-2030” стратегиясында көрсетілген
осындай салалардың бірі – тамақ өнеркәсібі. Оның даму деңгейі елдің азық-
түлік қауіпсіздігінің индикаторы болып саналады.
Отандық тамақ өнеркәсібінің табиғи шикізаттар түрлерінен дайындалған жоғары
сапалы өнімдер өндіруде үлкен тәжірибесі бар. Нарықтық экономика жағдайында
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасынан басқа, олардың бағасына
халықтың төмен табысты категорияларының қолы жетуінің маңызы айрықша.
Отандық азық-түліктердің көпшілігі сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем
түспейді, бірақ оларға туындап отырған сұраныс олардың бағасы бойынша
бәсекеге қабілетсіздігінен тежеліп отыр.
Тамақ өнеркәсібіне қажетті өнім жеткізетін ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерінің саудаласу мүмкіндіктері мен қабілеттері төмен, өздерінің
талаптарын орындата алмайды. Тұтынушылардың тамақ өнімдерін өндірушілерге
әсері де олардың төлем қабілетінің төмендігімен шектелген.
Өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге кәсіпорындардың өздерінің өндіріс
шығындарын төмендету іс-әрекеттерімен де және табиғи монополистердің
тарифтерін реттеу бойынша мемлекет қабылдайтын шараларымен де жағдай
туғызулары керек.
Экономикалық билікті жекелеген қуатты топтардың қолына жинақтауды және
олардың нарықтағы ережесін тек бәсеке ғана шектей алады. Бәсекені дамыту
нарықтық қатынастардағы әрбір субъектінің бәсекеге қабілеттікке жетуге
деген әрекетін күшейтеді. Бәсекелестік артықшылықтар құру үшін жекелеген
саланың бәсекелестік даму стратегиясын әрі қарай дамыту керек. Осыған
байланысты дамыған шетелдерде кеңінен тараған кластерлік тәсілді
пайдаланудың қажеттігі туындайды.
Қандай да бір салада кластер қалыптастырудың ұлттық экономика үшін
стратегиялық мәні бар, өйткені кластер ішкі өсуге қозғау салады, негізгі
буын ретінде барлық тізбекті алға тартады. Міне сондықтан да тамақ
кластерін қалыптастыру саланың бәсекеге қабілетті болуына негіз қалайды.
Тамақ өнеркәсібін дамыту кластерлік немесе кешенді көзқарасқа негізделуі
тиіс.
Қазақстанда тамақ кластерін дамыту үшін нақты алғы шарттар бар: шикізат
базасының болуы, яғни өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін жеткізіп
беретін ауыл шаруашылығы саласы қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік
қуаттары.
Ауыл шаруашылығы мен өнімді қайта өңдеу салаларынан басқа тамақ кластеріне
тамақ азық-түлігін өндіру үшін жабдықтар жеткізіп беруші ретінде мәшине
жасау саласы, ыдыс орайтын өндіріс және стандарттау, сертификаттау,
метрологиялық және ғылыми мекемелер кіруі керек.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу салаларының жағдайы
соңғы жылдары оң беталыстармен және өндірістің әрі қарай өсуі үшін елеулі
әлеуетімен сипатталады. Соңғы бес жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін
өндіруде тұрақты өсу байқалады. Мысалы, күнбағыс – 2,6 есеге, мақта – 1,6
есеге, көкөніс – 1,7 есеге, қант қызылшасы 1,2 есеге өскен. Өсімдік
шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсуіне әсер еткен факторлардың бірі –
егістік алқабының кеңеюі. Күнбағыс егілетін алқап 2000 жылға қарағанда –
1,5 есе, мақта – 1,3 есе, көкөніс – 1,5 есе, дәнді дақылдар 1,2 есеге өсті.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі де артып отыр. Өткен жылы қант
қызылшасының өнімділігі республика бойынша 209 центнерге жетіп, 2000 жылға
қарағанда 35,7 пайыз артса, күнбағыс түсімі 6,3 центнерден айналып, 58
пайызға, ал көкөніс 196 центнерден айналып, 28 пайызға артқан.
Мұның өзі саланың өсуінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптасуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясаты
Экономикалық саясат
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты Фискалдық саясаттың міндеттері
Мемлекеттің қаржы жоспары
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Ұлттық саясаттың ұстанымдары
Пәндер