Еңбек рыногы теориясы және қызмет мехзанизмі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 2

  1. Еңбек рыногы теориясы және қызмет мехзанизмі . . . 3
  2. Еңбек рыногының инфрақұрылымы . . . 6

3. Қазақстандағы еңбек рыногының қазіргі жағдайы . . . 11

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 15

КIРIСПЕ

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынпастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ңылыми сала.

Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек рыногында еңбек сұранысын мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып табылатын жек кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.

Кәсiпорын пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын қолданады. Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты болғандықтан, еңбек рыногы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз.

Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк мәселелердi шешiп отыратын еңбек рыногы болып табылады. Осыған орай, бүгiнгi таңда жұмыс орындарының негiзгi бөлiгiн құрап отырған кәсiпорындар мен фирмалар болғандықтан, сондай-ақ рыноктық қатынастардың күрделене түсуiне байланысты олардың реттелiп отыруы адамның еңбек ұсынысы мен фирмалардың еңбекке деген сұранысына байланысты болып отыр. Бұл тақырыптың өзектiлiгi бүгiнде елдiң халқының тұрмыс деңгейi сол елдiң даму нәтижесiнiң көрсеткiшi болып табылады. Ал халықтың тұрмыс жағдайы тiкелей елдегi еңбекке қабiлеттi адамдар санына, олардың жұмыспен қамтамасыз етiлу деңгейiне, сонымен қатар жалақы және осыларды реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс берушiлерге байланысты.

Еңбек рыногы басқа рыноктар сияқты сұраныс пен ұсыныс арқылы реттелiп отыратындықтан, жұмыс барысында мен “фирма” және “еңбек” ұғымдарына, еңбек рыногының жалпы сипаттамасы тоқталып, рыноктық экономикадағы еңбек ұсынысы, фирманың еңбек сұранысы, олардың өзара байланысы және Қазақстандағы еңбек нарығы, оның мәселелерi мен шешу жолдарына тоқталып өтпекшiмiн. Сондай-ақ елiмiздегi еңбек рыногының жағдайын статистикалық мәлiметтер арқылы анализ жасамақпын.

1. Еңбек рыногы теориясы және қызмет мехзанизмі

Еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн алады. Еңбек рыногында жұмыс күшi бiр жағынан сатылады, ал екiншi жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күшi деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күшi дегенiмiз адамның физикалық және ой қабiлетi, осы қабiлетiн ол материалды қжәне рухани игiлiктердi өндiруге пайдаланады. “Жұмыс күшi” деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс iстеп жүргендердiң нақтылы еңбекте пайдаланатын қабiлеттерi. Жұмыс күшiнiң еңбекке деген қабiлетi әр түрлi болады, алайда еңбк кезiнде оның барлығы бiрдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшiнiң нақтылы еңбекке қажет қабiлеттерi бағаланады, белгiлi кәсiп жасауға жұмсалынған жұмыс iстеу қабiлеттерi өмiрге, тiршiлiкке қажет заттарға айырбсталады. Демек, еңбек рыногы дегенiмiз “жұмыс iстеп жүрген” жұмыс күшi рыногы.

Еңбек рыногы пайда болуы және iск кiрiсуi үшiн ең кем дегенде оның құрылымында мына бөлiктер болуы қажет:

  • Еңбек рыногының субъектiлерi (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсiподағы, жұмыс берушiлер, яғни фирмалар; мемлекет және оның органдары) ;
  • Рынок механизмi (жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестiк) ;
  • Субъектiлер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешiмдер мен заң нормалары;
  • Жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтiк төлемдер;
  • Рынок инфрақұрылымы.

Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөлiктерi бiрлесiп жұмыс күшiне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестiруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрiн еркiн таңдау құқығын iс жүзiнде асыруға, белгiлi әлеуметтiк қорғау жүйесiн құруға бағытталады.

Еңбек рыногының екi түрiн көрсетуге болады:

  • Бiрiншiсi жұмыс күшiнiң территория жүзiнде жылжуға бейiмделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Мұндай рыноктысыртқы рынокдеп атайды.
  • Екiншiсi еңбеккерлердiң фирма iшiнде жылжуына бейiмделген. Бұл рынокты кейдеiшкi рынокдеп атайды.

Еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты сұраныс пен ұсыныс арқылы реттеледi. Жұмыс күшiне сұранысты фирма анықтайды. Кәсiпорындағы орындалатын жұмыстар көлемi мен сапасына қандай факторлар әсер етедi, осыған орай қанша жұмыс күшiн жалдау керек екенiн анықтау өте күрделi мәселе болып келедi.

Барлық кәсiпорынныңның мақсаты пайданы максималдау екенiн бiлемiз. Кәсiпорын пайдасы өнiмдi немесе қызметтi сатудан түскен түсiм мен жиынтық шығындардың айырмасына тең. Осыдан барып өндiрiстiк функция және еңбектiң шектi өнiмдiлiгi деген ұғымдар қалыптасады.

Нарықта жеке мешiк кәсiпорындар саны және олардың экономикада үлесi өскен сайын оның тиiмдiлiгi еңбек өнiмдiлiгi арқылы көтерiлген сияқты. Демек, жұмыс күшiне сұраныс қалыптасуында жеке меншiк сектор нарықтық принциптерiне толық ауысқан. Қанша және қай сапалы қызметкерлердi жұмысқа алуда фирма тек экономикалық тұрғысынан шешедi, басқаша айтқанда, фирмаға бұл адамдар барынша көп пайда түсiре ала ма деген критерийдi қолданады. Жұмыс барысында бiз еңбек нарығы болғандықтан жеке меншiк секторды қарастырамыз.

Жұмыс күшiне сұранысты жұмыс бершiлердiң берiлген уақыт мерзiмiнде белгiлi жалақы мөлшерi үшiн жалдайтын адамдар саны ретiнде анықтауға болады. Жұмыс күшiне сұраныс, еңбекке деген сұраныс өндiрiс факторы ретiнде туынды сұраныс болып келедi: тауарлар өндiрерде еңбек қолдану керек, демек игiлiк көлемiн өндiру туралы шешiмнiң екiншi жағы қолданылатын еңбек көлемi туралы шешiм болады.

Жалақы көтерiлсе, жұмыспен қамту деңгейi өсе ме, әлде азая ма - бұл сұраққа жауап беру оңайға түспейдi. Кәсiпорын (i) мақсаты - өзiнiң iскерлiк қызметiнен барынша көп пайда түсiру, ол әр түрлi ресурстар, оның iшiнде ең бастысы адам ресурстарын қолданады. Бiздiң қарапайым моделiмiзде негiзiнен екi факторды ескеретiн боламыз - еңбек пен капитал. Пайда фирманың өнiмiн сатудан түскен түсiм мен орын тепкен шығындар айырымы болып келедi.

Кез-келген бәсекелестiк нарықтағыдай D m нарығының сұранысы мен S m нарығы ұсынысының ара-қатынасының тепе-тендiгiн анықтайды, айта келсек w * жалақы төлемiнiң тепе-теңдiк мөлшерiн 4-шi суреттен көрсек болады.

Аталған нарықта кәсiпорын S L еңбек ұсынысының горизанталды қисығымен кездеседi, себебi ол w * тең МЕ тұрақты шектiк шығындарымен кез келген еңбек санын жалдай алады. Егер фирманың табысы қосымша жалақы төлемдерiнiң шығындарынан артық болса, онда оған қосымша еңбек санын жалға алу тиiмдi болады.

w Еңбек нарығы w Фирма

S m

ME, S L

w * w *

D m

L m L

Сурет-1 - Еңбектiң сұранысы мен ұсыны

Еңбек бiрлiгiн жалға алу нәтижесiнде алынған қосымша табыс MRP L еңбегiнiң шектiк табыстылығы деп аталады. Осы тәсiлмен MRP K капиталының шектiк табыстылығы анықталады. Қосымша еңбек бiрлiгi ∆Q = MRP L шектiк еңбек өнiмi көлемiнде қосымша өнiм шығарылуын қамтамасыз етедi.

Егер кәсiпорынның өзiнiң тауарын немесе қызметiн сататын өнiмнiң нарығы бәсекелiк болса, онда ол қосымша табыс ала алады.

Еңбек рыногының қызметтерi қоғам өмiрiндегi еңбектiң ролiмен белгiленедi, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың негiзiгi көзi. Экономикалық тұрғыдан еңбек - маңызды өндiрiстiк фактор. Осыған сәйкес еңбек рыногының екi негiзгi қызметi айқындалады:

  • Әлеуметтiк функция, яғни адамдардың жалақысы мен тұрмыс жағдайының жақсы деңгейiн және жұмысшының өндiрiстiк қабiлетiнiң тиiмдi дәрежеде ұдайы өндiруiн қамтамасыз ету.
  • Экономикалық функция, оған еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Сондай-ақ еңбек рыногы ынталандырушы функциялар атқарады, олар бәсекелестiк қабiлеттiң күшеюiне, еңбекке ынтаның өсуiне, мамандардың жоғарылауына мүмкiндiк беру болып табылады.

Бәсекелестiк еңбек рыногында еңбекке сұраныс қисығы терiс ылдилы болады, яғни жалақының мөлшерi өскен сайын кәсiпорындардың еңбекке деген сұранысы төмендей бередi. Ал еңбек ұсынысы жалақы өсуiне тура пропорционал болады, яғни жалақы мөлшерi өскен сайын еңбек ұсынысы да өсiп отырады.

Еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысы әр түрлi факторлар әсерiнен қалыптасады: қалыптасқан баға деңгейi, шығындар, жалақы, жұмысшылар саны, салықтық, заңнамалық жүйе, кәсiподақтар қызметi, қызметкерлердiң мамандану дәрежесi және т. б.

2. Еңбек рыногының инфрақұрылымы

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.

Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.

Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1.

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы N d мен еңбек ұсынысы қисығы N S қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес W E нақты жалақының және N E жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W 1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде N b - N a мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.

Жұмыссыздық N S

W 1 A B

E

W E

N d

N a N E N b N

Сурет-1 - Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше категорияға бөлiнедi.

Еңбекке қабiлеттi адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т. б. институттар кiредi.

Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.

Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады. Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн адамдарға жатады.

Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы сипатталады:

  • Институционалдық емес адамдар;
  • Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
  • Жұмыссыздар саны;
  • Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.

Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:

  • Жұмысшы күшiнiң саны ЧРС= ЧЗ+ЧБ;
  • Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi ЧЗ= ЧЗ/ЧИН;
  • Халықтың жұмыссыздық дәрежесi УБ= ЧБ/ (ЧЗ+ЧБ) ;
  • Жұмыссыздықтың нормасы NБ= ЧБ/ (ЧЗ+ЧБ) * 100%;

Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық, этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.

Еңбек рыногында кәсiподақтар еңбек қатынастарын және жалақы деңгейiн, жұмыс уақытының ұзақтығын ретеп отыратын еңбек рыногы ұйымы болып табылады. Кәсiподақтар жұмыс алушылардың мүддесiн қорғайды және олардың өкiлi ретiнде есептелiнедi. Кәсiподақ қозғалысы Англияда XVIII ғасырдың ортасынан басталып, кеiн бiрте-бiрте басқа елдерде тарай бастады.

Ұзақ уақыттар бойы кәсiподақ қызметi негiзiнен жалақы деңгейiн сақтау, сирек жағдайларда оны көтеру үшiн күрестермен шектелiп келдi.

Бiрiншi кәсiподақтар жергiлiктi болды, сан жағынан шағын және олардың арасында бiр-бiрiмен байланыстары әлсiз болды. Ал экономика құрылымдары дамып, ондағы экономикалық қатынастар, кәсiпкерлер әрекеттерi және монополиялар пайда болуына байланысты кәсiподақтардың қызметi күшеюiне тура келдi. Қазiр кәсiподақтар жалақы деңгейiн өзгерту үшiн түрлi әдiстер дi пайдаланылады. Солардың iшiнен негiзгi үшеуiн атап өтуге болады:

  1. Кәсiподақтар еңбектi ұсынуды шектей аалды. Мысалы, олар шетелден келген адамдарға тосқауыл қою, жұмыс күнiн зарту туралы заңдар қабылдау, кәсiпке дайындау мерзiмiн ұлғайту, кәсiподақ жарнасын көтеру, кәсiподаққа мүше еместедi жұмысқа қабылдамау шаралары;
  2. кәсiподақтар шартта көрсетiлген жалақы ставкасын көтерудi, оның рыноктың тепе-теңдiк нүктесiнен жоғары болуыды талап етуге құқықтары бар;
  3. кәсiподақтар еңбеккке сұранысқа әсер теуi мүмкiн. Ол үшiн сұранысты көтеретiн кез келген тетiктердi пайдаланылады.

Сондай-ақ еңбек рыногында кәсiподақ қызметiнiң оң және терiс жақтары да бар. Осыдан барып еi жақты көзқарастар туындайды. Бiрi кәсiподақты жақтаушылар кәсiподақты қызметкерлердiң ұжымдық пiкiрiн жеткiзетiн, еңбек өнiмдiлiгiн көтеретiн және теңдiк принципiн бекiтетiн механизм ретiнде қарастырады. Шынында жұмысшылар еңбек өнiмдiлiгiн көтеретiн өз резервтерiн басқаларан жақсы бiледi. Еге ролар өз кәсiподағына сенiп, бағалы информацияны қызметкерлердiң пайдасына қолданады деп ойласа, онда кәсiподақ қызметi еңбек өнiмдiлiгiiнң өсуiне көп септiгiн тигiзедi.

Кәсiподақ артықшылығы - ұйымдасқан жұмысшыларың келiссөз жүргiзерде жақсы позицияда болуы, өйткенi ереуiлдiң әр түрiн қолдануға шын мәнiнде мүмкiншiлiк туғызады. Ал кәсiподақтардың кемшiлiгi жоғарыда атап өткендей олар арқылы жалақының жоғары деңгейi белiленуi нәтижесiнде ұлттық экономикаға инвестицияларың тартылуы азаяды. Ал бұл өз кзегiнде экономиканың тиiмдi дамуына керi әсерiн тигiзедi.

Жалпы экономикада кәсiпкерлердi жақтаушылар келесiдей дәлелдердi келтiредi:

  • қызметкерлердiң ағымдылығы қысқарады, осыған сәйкес шығындары төмендейдi;
  • қызмет бойынша өсу ережелерi бекiтiледi, ал бұл iшкi еңбек рыногында бәсекелестiктi тияды, соның салдарынан жасы үлкен тәжiрибесi бар қызметкерлер жас қызметкерлерге өз тәжiрибесiн таныстыруға ынталы болады;
  • қызметкерлер тәртiбiн түзеп, нығайтып отырады;
  • трансакциялық шығынды қысқартады;

Осы айтылғандардың барлығы еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгiн көтередi.

Қазақстан жағдайына келсек ұжыьдық келiсiм жасау жүйесi әлi де жетiле қоймаған. Еңбек рыногында кәсiподаққа барлығы бiрдей болып кiру тәжiрибесi бiздiң елде мұра болып қалған. Ең таңғаларлық жағдай Кеңес заманы кезiнде әкiмшiлiк басшылардың кәсiподақтарға мүше болып кiруi. Қазiргi кезде кәсiподақтар жаңа рынок жағдайына бейiмделiп, жұмыс берушiлермен жүргiзiлетiн келiссөздерде өз көзқарасын тудыруда. Қазақстанда кәсiподақ мүшелерi әлi де көп, бiрақ олардың әлеуметтiк еңбек қатынасын реттеудегi ролi әлi де болса өте төмен. Бұған көптеген себептер бар: бiрiншiден, кәсiподақтардың көпшiлiгi рыноктық қатынастарға бейiмделе алмай отыр. Осыған қарамастан елiмiзде қызметкерлердiң көпшiлiгi кәсiподақтар пайдалылығына қарамай бұрынғысынша кәсiподақ ақысын төлеуде. Екiншiден, Қазақстанда 1990-1997 жылдары өндiрiс күрт құлдырап, жұмыс күшi ұсынысы щған деге нсұраныстан елеулi артық болды. Осы жағдайда кәсiподақтар өз қызметтерiн толық көрсете алмады. О кездерде күрес кезiнде жұмыс берушiлер ылғи да жеңiске жетiп отырды. Үшiншiден, кәсiподақ мүшелерi осы уақытқа дейiн рынок экономикасы жағдайында өздерiнiң мiндетi мен атқаруға тиiс қызметтерiн айқын көре алмай жүр.

Қазақстанда еңбек жөнiндегi мемлекеттiк органдардың рөлi мен құрылымы бiрнеше рет өзгердi. Еңбек рыногында саясат жүргiзудiң алғашқы қадамдарын көбiне пассивтiк шара ретiнде қарауға болады. Ал батыс елдерiнде жұмыспен қамтуда негiзгi саясат белсендi саясаттарға жүктеледi. Пассивтiк шаралар әдетте жұмыссыздарға жәрдем ақша төлеумен тынады. Мұндай саясат экономика құрылымын ұтымды бағытта өзгеруiн тежейдi.

Жалпы жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, экономиканың тиiмдi дамуы сол елдiң қызметкерлерiнiң еңбек қабiлетiмен және еңбек рыноыгндағы өзгерiстермен тiкелей байланысты. Жалақы өз кезегiнде барлық еңбек рыногын реттеп отырушы және ынталандырушы қызмет атқарады. Жалақы арқылы жұмыссыздық мәселесi, еңбекке жарамды адамдардың экономикалық белсендiлiгi, олардың еңбек өнiмдiлiгi көрiнiс табады. Ал жұмысбасты халық еңбекке қабiлеттi, еңбек еткiсi келетiн және еңбек етiп жүрген адамдарды айтамыз. Бұл ұғым өз кезегiнде жұмыссыздық ұғымымен қарама-қарсы ұғым болып табылады. Әрине, елде жмысбасты адамдардың саныныңғ өсуi әлеуметтiк мәселелердi шешiп, халықтың тұрмыс деңгейiнiң жоғарылауына әкеледi.

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшiлiгiн құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлемiне және олардың бағасына елеулi ықпал етедi. Экономикалық теорияда жалақының екi мағынасы бар. Бiрiншiсiнде, жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесi мен динамикасы рыноктық факторлар - сұраныс және ұсыныспен анықталады. Екiншi мәнi жалақы жұмыс күшi - тауардың құнының ақшалай көрiнiсi, еңбектiң бағасы емес, өйткенi еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндiрiс жағдайымен де, сұраныс және ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының ұмыс күшi құнынан бiрде жоғары, бiрде төмен болатындығын көрсетедi.

Жалпы жалақының экономикалық мәнi мен қызметтерi өте көп болып табылады. Себебi, жалақы деңгейi арқылы сол елдiң халқының тұрмыс деңгейiн, кәсiпоырндардың жағдайын, халықтың менталитетiн, тұтынушылардың талғамын, жұмыссыздық және жұмысбастыхалық деңгейiн көруге болады. Сондай-ақ жалақы ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, экономикалық активтi халықты көбейту, адамдардың мамандану дәрежесiнiң өсуi сияқты қызметтер атқарады.

Жалақы жөнiндегi саясат кәсiпорында басқарудың құрамды бөлiгi болып табылады және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi оған елеулi ықпал етедi. Себебi, еңбекақы жұмыс күшiн тиiмдi пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бiрi.

Жалақы бұл - жұмыскерге оның еңбегi үшiн сапасына, санына және шығарған қажеттiөнiм көлемiне сәйкес берiлетiн төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажеттi өнiмнiң құнына тең және оның ақшалай түрi болып табылады.

Жұмыс күшi құны қызметкердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:

  • жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны;
  • оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
  • оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.

Нақтылы жұмыс күшiнiң құны қажеттi өнiм көлемiн анықтайды. Оның өзiндiк жұмыс күшiнiң құны әр елде әр түрлi және ол уақыт өтуiмен байланысты өзгерiп отырады. Еңбек рыногында жұмыскерлердiң еңбекақысының өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiне мүмкiндiк жасайды.

Елiмiздегi қоғамда қажеттi өнiмнiң барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрiнде берiлмейдi. Қажеттi өнiмнiң бiр бөлiгi әлеуметтенедi және әр түрлi салық, есептеп беру арқылы мемлкетке қоғамдық тұтыну қорына кетедi.

Экономикада жалақы - атаулы және нақты жалақы болып бөлiнедi.

Атаулы табыс жалақы - бұл қызметкердiң белгiлi кезеңдегi iстеген еңбегi үшiн есептелген және берiлген жалақысы.

Нақты жалақы - бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететiн атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы - бұл атаулы табыс жалақының сатып алу қабiлеттiлiгi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
Жалақы теориясы, мәні, түрлері, дифференциялық ерекшеліктері
Күту теориясы
Экономикалык теория бойынша дәрістер
Қаржы саясаты
Жұмысшылар санының Жұмысшылар саны максималды пайдасы
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz