Адам тұлғасы дамуында еңбектің ролі
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
1. Адам тұлғасы дамуында еңбектің ролі.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың
бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры
деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой
деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы,
бүкіл халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән
сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да
баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнін қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке
қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, он
саусағынан өнері тамған иақты кәсіп иесі болуын да көздеді. Бұл жерде
еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.
Еңбек сапасы иегізгі көрсеткіш ретінде алыңды.
Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімелер,
ертегілер, мақал-мәтелдер және ән-жырлардың арқауы болды.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу
көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркінн еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің
қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухаии құндылықты
жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және
қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең
түсініспен қарайтын болса соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты
толыса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі-әр азаматтың өмірде өз орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесіп
қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты
болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы
ғылыми біліммен қаруланған, белсендді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты
даярланғаи еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметік тәрбие институттарының
негізгісі — жалпы орта білім беретін политехиикалық еңбек мектебі. Мектепте
еңбекке тәрбиелеу — тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектел оқушыларының
қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы
көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгерішілік
және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен
қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбек
сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпеп қарау; екіншіден, оқушыларды
халық, шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-
әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке
міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке
психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек
дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың
ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан
дайындау—бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және
талаптануып тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз, еркімен ынталануын орындауға
үйрету. Бұл өте күрделі процесс мұнда оқушылардың әдеті, сезімі
қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың табысты еңбегіне масаттанады немесе
адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек көреді,
керек десе олармен күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың
ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық -
техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізінде
әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субъективтік фактор - адамның еңбектің
маңызына терең түсінуі және ішкі сезімнің өмірімен өзінің борышын орындауы.
Еңбек етуге әдеттену - бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл
адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесінс құштарлық,
еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,- деді Н.К.Крупская,— демек өз
күшіңді және басқалардың күшін және жұмыстың барлық жағдайын есептей білу.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1- сыныпта, ал үйелменде
балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің
адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды
еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндентерін шешуге
бағытталуы қажет.
Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор.
Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды,
ұжымдық өмірде тәртіп және мінез-құлықтық әдістері, дағдылары қалыптасады.
Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің
қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғасынан бағаланады.
Осылардың барлығы ұжымдық сынып өмірінде, оқушылардың өндірістік
бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық еңбектің дағдылары оқушының бойында
қалыптасса, ол мектепті бітіргеннен кейін қандайда бір жағдайда болмасын
ұжымдық қатынаста нормаларын және жолдастық өзара көмекті әр уақытта
қолдайды.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек
мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды
пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құптылықпен қарау. Еңбек
мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы,
алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау
және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке
міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды,
компьютерлерді, электрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары
техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының
барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және
тәрбиелеу қажет.
Miнe, осылай мақсатқа бағытталып жүргізілетін оқушылардың ынтасының
қабілетінің, шығармашылық ой өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің
тәрбиелік құндылығы артады.
2. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік-техникалық училишеде
өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар:
оқу барысындағы еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі
қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік,
төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында
оқушылар жалпы және техникалақ білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының
ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар
алған өмір тижірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу
және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада
базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған
еңбек сабақтары туралы жағамды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған
білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды,
практикалық дағдылармен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін
меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс
негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байымды, тереңдейді, ғылыми-
зерттеу ісіне машықтанады, ауыл-шаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына
ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек
сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім жәие тәрбие беруі
мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойлар толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-
ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К.Д. Ушинский ескерткен
болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында,
оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында
шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилинмеи бейне
құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, каңылтыр сыммеп жұмыс істеуді
үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер
бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғары сыныптардағы өнеркәсіп және
ауыл шаруашылық практикумдағы оқушыларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен
қаруландырып политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір
жолын қалыптастыруға икемдейді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске
асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.
Жас натуралистер, Жас техниктер, Жас тәжірибешілері) және пән
үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық
ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында
еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегім ұйымдастыр тәсілдерін
іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер, мен жұмыс істеу, жазып
алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Мектепті өндіріске жақындату мақсатымеп техникалық үйірмелер саны
көбейіп келеді, Мысалы: село мектептерінде Жас механизаторлар, Жас
малшылар, Жас өсімдік өсірушілер, т.б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер
келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың
болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сүйтіп, өзінше тиісті
шешім қабылдайды. Осыған орай мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі,
бірізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандықты
таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.
Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты,
үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсене қатысады және оларды
тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға Құстар күні, Орман
күні, Бақ аптасы, Еңбек мерекесі, т. б. жатады.
Өзіне-өзі қызмет ету — еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің
бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін
орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл
менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін
бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету - оқу құралдарын,
кабииеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды,
коридорларды, шеберханаларды, спорт алаңдарын мектеп үйлерін жинау т.б.
Үйелменде өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді
жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, өтіктеу,
киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады.
Мектеп және үйелмен алдындағы басты міндет—бұл өзіне-өзі қызмет
етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір
игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әртүрлі тұрмыстық еңбекті
орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақ саусақтыққа,
нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру
мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінің адамгершілік
борышы.
Қоғамдық пайдалы еңбек - қоғамдық қажеттілікті қанағаттаидыру, жеке
адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында
өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық
пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды.
Мамандықты тануда көзқарасы кеңиді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және
мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнешс түрлерін атауға
болады.
Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру,
көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу,
экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және
қорғау.
Мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, орындағыштыққа,
қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік
ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді. Әсіресе ауыл мектептерінің
жоғары сынып оқушылары-жұртшылық арасында үкіметтің қаулы-қарарларын
насихаттайды, әр түрлі әдеби, этикалық, эстетикалық тақырыптарға әңгімелер
өткізіп, лекциялар оқиды, концер береді.
3. Шефтік жұмыс-адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы.
Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп
өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек
мүгедектеріне, кәрі адамдарға, көп балалы аналарға, балалар бақшасына
қамқорлық мәдени мұраларды (мирас) қорғауы жатады. Осындай дәстүре айналған
шефтік жұмыстардың нәтижесін үнемі қорытындылап балалардың еңбегін бағалап
отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажет материялдық
құндылықты жасайды,.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқу-өндірістік кооперативі жалға
алу, кіші кәсіпорны, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар, оқушылардың
өндірістік бригадалары, т.б. арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды
іске асырады. Бұларды кейбіреулерінің іс-әрекеті 4-бөлімде баяндалған.
Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы
халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың
бірінші объектілері аталды. Сол объектілердің бірі оқушылардың өндірістік
бригадасы. Бұл еңбек тәрбиесін политехникалық білім беруді, өнімді-еңбекті
ұйымдастырудың негізгі формасы.
Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекетінің байырғы мәселелері:
а)материалдық базасын жасау, оған өндірістік және тәжірибелі
жер учаскелері, техника және ауылшарушылық құралдары, мал
шарушылық формасы, далалық қос т.б. жатады;
ә)оқушылардың өндірістік бригадасы VII-X сынып оқушыларымен
ұйымдастырылады;
б)бір жылдық оқу-өндірістік жоспар жасалады. Жоспарға
машиналарды, агротехниканы, зоөтехпиканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты
дайындау, технологиялық карта, агрономиялық жоспар жасау, тәжірибені қою,
оқу-практикалық тапсырмаларды орындау, егінді ору және жинау міceлeлеpi
кіреді.
Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі:
өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмысын
істеу.
Оқушылардың өндірістік бригадасы ауылшаруашылық дақылдарын өсіреді,
өнім алады, оны мемлекетке тапсырады. Өнімді еңбек процесінде оқушылар
мектептен алған теориялық білімдерін практикада қолданады.
Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың тиімді формасы ауылшаруашылық
тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен
байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей
білуі. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауыл шаруашылық тәжірибесіне
қатысқан оқушылардың химия, биология т.б. пәндер бойынша үлгерімі, ауыл
шарушылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы
байқалады.
Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен
байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың
өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, колхоздар мен
совхоздардағы агрохимия лабораториялары т.б.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын,
қызығушылығын, ауыл шаруашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz