Еңбек әрекеті - қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі


Еңбек әрекеті - қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кетуі қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге, біріне - бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адам дардың топтасқан мүшелерінің қарым - қатынасы біртіндеп ’’өндірістік ’’ қарым - қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі - еңбек . Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сөйтіп, ақиқат дүниені өзгнрту дәрежесіне қол жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасындаадам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл - адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланады. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс - қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға жоғырланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да дағытталады. Адамның әрекеті - еңбек . Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінің төмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да өресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған. Күрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал - жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. Іс - әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құралдарының түр - түрін шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан деңгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінің дамуына да пайдалы әсерін тигізеді. Осы орайда, К. Маркстің адам табиғатқа әсер ете отырып, өз табиғатын да дамытады дейді. Адам мен табиғат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерінің зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттіктерін өтейтін заттарды өндіріп, іске жарату процесінде адам өзінің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың дамып жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Ден мүшелері әр алуан қимылды қозғалыстар үстінде өзгерістерг ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атқаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анатомиялық өзгнріске ұшырайды . Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшаң қозғалатын болады. Қол заттарды ұстау оганы қызметін атқарумен бірге, адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре түсті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын. Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болды. Сондай - ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағұлматтар да береді. Қол - тек еңбек органы ғана емес, сол еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдың аса күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді. Қолмен істелетін сан қилы еңбе к әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органының дамуына әсерін тигізеді. Қол мен көздің бір - біріне сәйкестеніп отыруы адам организімінің бүкіл қимыл - қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық өресін кеңейтеді . Сөйтіп, оның сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетінтреттейтін орталықтың жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніпотыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі - адамның еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғмдық өмірі құрылды, қарым - қатынас жасаудың жоғары формас - олардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы болмыстың шындығын тепе - тең етіп бейнелей алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті. Тарихи дму процесінде екі шешуші фактор - еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгерді. Адам дамуының жаңа тарихы жаңа сатысы тірі жанның биологиялық өзгерісіне алып келді . Адамның жануарлардан айырмашылығы ’’сана’’ екендігі бәрімізге мәлім. Міне айырмасы осы кезден бастап білінді.
Еңбек әрекетінің адам санасына әсері. Адам санасының дамуы еңбек қатынасымен тығыз байланысты. Еңбектің дамуы адамның қоршаған ортаға деген көзқарасын күрт өзгертті.
Адам еңбек дамуымен қоршаған ортаға әсер ете отырып, оған қалыптаса және бір мезгілде оған билік ете бастады. Сонымен қоса, тарихын субъектісіне айналды . Қоршаған ортамен тығыз байланыс нәтижесінде адам саналы, өзіне және басқа адамдарға басқа көзқараспен қарай бастады. Санасының дамуымен адам алдына мақсат қоя білді, жұмыс нәтижесі көрінді. Еңбекке қажет нәрсе, еңбектің арқасында іске асып жасалынды.
Адам санасы мен ойының дамуы дұрыс түсіндіріледі, егерде адамға сын көзбен және ертедегі тіршілік иесі ретінде қарайтын болсақ. .
Қазіргі кезде, ғалымдардың айтынша : адам маймылдың жаңа түрінен пайда болмасада, даму, шығу тарихы ұқсас.
Адам қолының еңбек, қаруы ретінде ұзаруы таным дүниесімен байланысты болды.
Еңбек процесінде қолдың сезіну рецепторы реттеле бастады. Қарқынды, ауыр әрі жылдам жұмыс нәтижесінде қолдың периферистикалық дифференциалдық күші сзім рецепторын қарқынды дамытты.
Еңбек қатынасының дамуынақты, епті іс - әрекеттің, жеңіл және реттелген еңбектің жоғарғы сана - сезімнің қалыптасуына септігін тигізді.
Еңбекке барынша нақты іс - әрекет қажет болсаеңбек процесінде ол дамып отырады. Жоғары сана - сезімнің дамуы мидың сенсорлық бөлігімен тығыз байланыстыболды. Ал нақты іс- әрекет күрделі ми жұысына көмектесті.
Адам санасы мен таным түсінігінің дамуы сенсорлық және моторлық орталықтың сонымен қоса, перисфектикалық және эффекторлық аппараттарымен байланысты ми қабығындағыжүйке жүйесінің жұмысын күрделендіре түсті.
Әр түрлі ми бөліктерін жалғай отырып, тым күрделі және биіксинтезді орындайды . Ең маңыздыдаму орталығы фронтальдық аудан болып табылады. Ол жоғарғы интелектуалдық процестерді жүзеге асырады. Осыған байлынсты кей адамдардың солақай ( оң қолдан көрі оң қол сол қол маңызды рөл атқаруы сол қол маңызды рөл атқаруы ) бөлу себебі, сол жақ ми бөлігінің жүйке талшықтары белсенді жұмыс атқаратындықтан.
Адам өзінің миына қабылдау міндеті тұрған еңбек пен жаңа функциялар, еңбектің дамуымен оның құрылысын өзгертті. . Құрылысының өзгеруі күрделі, функциялардың дамуына алып келді. Осылайша, еңбек тің пайда болуымен биологиялық өзгеріс қатар жүрді.
Еңбекпен қатар пайда болған ’’сөз’’ адам миының санасының дамуына үлкен септігін тигізді.
’’Сөз ’’ арқылы жеке тұлға қоғаммен араласа бастады. Үлкен түраралық стимулдар мидың дамуына қатты сілкініс әкелді. Ал мидың дамуы - сананың дамуы . Бұл мүмкіндіктер еңбектің арқасында кеңейіп отырды және көптеген жаңа жаңалықтар алып келді.
Еңбек құралы мен тілдің көмегімен адам санасын бологиялық өзгеріске ұшырап, дамып отырды. Қоғамдық еңбекке жүйеленген ’’тіл’’ керек болды. Керек болған нәрсе қоғамдық еңбек арқылы іске асты.
Адамның дамуы ұзаққа созылған процесс болды. Адамзаттың ата - тегі, физикалық және биологиялық жағынан адамға өте ұқсас Явалық питекантроп.
Ми қабығы мен құрылысының өзгеруі кортикализация процесімен тығыз байланысты. Жануарларда ми қабығымен жүйке жүйесі байланысты болса, ал адамда ол тек рефлекторлық апарат.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі - еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оның қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал - саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналықтың үшінші ерекшелігі - олардың қоғамдық тәжірбиені бір - біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарларда, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибиелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірбиелерін саналы түрде меңгереді. Әрбір адамның мінез - құлқында қоғамдық тәжірбинің ізі сайрап жатады . Қоғамдық тәжірбие адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар - ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды. Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.
Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. К. Маркс пен Ф. Энгельс адаммен жануардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Марксизм - ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан - ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әрі түрлі істі келісе отырыпшешуді жәнебасқаруды қажет қылды. Жнауарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара көмен ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай - ақ бір - бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрліассоцацияларды (бірлестіктерлі) қалыптастыратын өзара қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің Арқасында ол алдымен жасқана кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.
Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жасаудан бастап табиғат ерекшеліктерін: материалдық қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салады. Сонымен, еңбекте сыртқы дүнині тану құралы ретіндегісана қалыптасады. Еңбекте адам өзін - өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйретеді. Яғни, еңбекте өзінің сана - сезімі қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz