Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 3
I.Бөлім. Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру, оқушының
дүниені танып білуі мен сезімдерін дамытуға жетелейтін негізгі жол
1.1. Оқушылардың тұлғалық қасиетін жетілдіруден эстетикалық талғамы мен
қабылдауын қалыптастырудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Еңбекке баулу сабағында оқушылардың эстетикалық көз – қарасын
қалыптастыруды іске асырудың әдіс – тәсілдері, олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..11
II.Бөлім. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларға табиғи материалдан
Құмырадағы гүлдер жасауда эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
2.1. Табиғи материалдармен жұмыс жасауда жаңа технологияларды қолданудағы
әдіс –
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 15
2.2. Құмырадағы гүлдерді жасауда табиғи материалдарды таңдап алып оның
жасалу техникасын үйрету ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28

Еңбекке баулу, жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі ойлау қабілеттерін арттыруда орасан зор негіз болып табылады.
Қазіргі заман ағымына қарай еңбек сабағының мұғалімі оқушылардың ақыл
– ой өрісін дамытып, оларды ізгілікке, имандылыққа баулу, эстетикалық,
экономикалық және экологиялық білім беру оқушылардың еңбек біліктілігін
қалыптастыру арқылы оқушылардың еңбекке қызығушылығын ояту және мінез –
құлықтарын қалыптастыру міндеттері жүктелген.
Адамдардың ең негізгі өмірлік қажеттілігі еңбек екені, адамдар өз
болашағын, балаларға осы қасиеттерді еңбек арқылы көрсетіп, оның рухына
бөленетінін мектеп табалдырығынан аттаған жас өспірімдердің бойына дарыту
керек.
Жас өспірімдерді ерте кезден бастап, еңбекке баулыса, оның нәтижесі
жемісті болмақ. Соңғы жылдары арнайы бағдарлама ұсынылып, бағдарлама
мазмұнында оқушыларды халқымыздың сәнді қолданбалы өнеріне, және оның
тарихи жағдайларынан жалпы мағлұмат беріп, таныстыруды сабақ барысында
ұлттық стильде шағын бұйымдар жасауды оқушылардың өнерге қызығушылығын
қалыптастыру, әсемдікке үйрету, оқушылардың қол өнерге деген икемділігін
қалыптастыру көзделген.
Осы бағдарламаға сүйеніп, ұлттық қол өнер шығармаларын жасауда
олардың туған жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды эстетикалық
сезіміне әсер етіп әсемдікке көркемдікке жетілдіреді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Еңбекке баулу сабақтарында табиғи матариалдармен
жұмыс жасауда түрлі әдістер мен жеткізіп эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Оқушылардың жаңа технологиялармен жұмыс жасауда теориялық негіздерін
қалыптастыру.
2. Еңбекке баулу сабағын оқытуда жаңа әдістерді қолдану жолдарын зерттеу.
3. Ұжымдық оқыту мен дамыта оқыту технологиясын оқыту әдістерін қарастыру.

Зерттеу обьектісі: Табиғи материалдармен жұмыс жасауға үйрету.

Зерттеу пәні: Еңбекке баулу әдістемесімен.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, озат тәжірибелер, баспасөз
материалдары, көрмелер.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен
тұрады.

I.Бөлім. Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру, оқушының
дүниені танып білуі мен сезімдерін дамытуға жетелейтін негізгі жол.

1. Оқушылардың тұлғалық қасиетін жетілдіруден эстетикалық талғамы мен
қабылдауын қалыптастырудың мәні.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды баға беруді қалыптастыру – эстетикалық
тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала еңбекке баулу саласындағы
бейімділік пен іскерлікті, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері
туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең
түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор.Эстетикалық таным – бұл өмірдегі,еңбектегі және табиғаттағы сыртқы
әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына
жоғары талап қою. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың,
төрешілер алқасының танымы, білімі, жоғарғы дәрежеле болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерінің қабылдауымен,
не тегін де шығармашылықпен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып оларды өздігінен
ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету
керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді
көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас
педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы
эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік
элементтерін енгізе алады.
Еңбекке баулу – жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілетін арттырудағы орасан зор негіз болып табылады.

Қазіргі
заман ағымына қарай балаларға еңбек сабағында экологиялық, экономикалық,
эстетикалық білім беру басты міндет болып табылады.
Ғылым, білім, өнер, әдебиет салаларында болсын,ауыр және жеңіл
өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларында болсын елге есімдері әйгілі
қайраткерлеріміздің қай – қайсысы болмасын қажырлы еңбектің арқасында осы
дәрежеге жетіп тыр. Сондықтан, қандай іс болмасын, оны бастамас бұрын адам
өз бойындағы қасиеттері мен қабілеттерін еңбек арқылы көрсетіп, оның
рақатына бөленетінін мектеп табалдырығынан бастап біліп өсуі қажет.
Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан
соң күш керек, одан соң тәртіп керек, деген ұлы жазушымыз М.Әуезовтың дана
сөзі бар.
Үшінші сынып оқушыларының еңбекке қабілетін, талғамын, іскерлігін
арттыру мақсатымен Еңбекке баулу оқулығы мен Еңбекке баулуға арналған
дидактикалық материалдар ұсынылып отыр. Балалар осы құралдарды қолдана
отырып, түрлі жұмыстарды өз бетінше орындай алады.
Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына деген сенімін
арттырады. Еңбекке деген ықыласы мен ынтасын, талабын ұлғайтады. Сондықтан,
Еңбекке баулу оқулығында еңбек түрлері бірнеше тарауларға бөлініп
ұсынылып отыр. Олар:
Өзіне - өзі қызмет ету.
Ауыл шаруашылығы еңбегі.
Техникалық еңбек.
Көркем еңбек.
Сонымен қатар, әр тарауларда түрлі құралдар пайдаланатындықтан
еңбектің техникалық қауіпсіздігін сақтау ережесі ескерілген.Үшінші сынып
оқулығы 1-2-сынып оқулығының күрделірек жалғасы болғандықтан, еңбектің
түрлері де күрделендірілген. Оқулықта 3-сынып оқушыларының еңбектің
түрлерімен таныса отырып, оны өздерінің іске асыруы және оларға соның
нәтижесін көрсетеу көзделген.
Еңбекке баулу сабағының құрылымы оның мақсатымен, тақырыбымен,
мазмұнымен, балалардың білімінің даму деңгейімен және мектептің жағдайына
байланысты анықталады. Кеңінен таралған сабақ беру құрылымы, бастапқы төрт
кезеңнен тұрады:
1) ұйымдастыру кезеңі;
2) жаңа сабақты түсіндіру кезеңі;
3) сарамандық жұмыс;
4) жұмысты бағалау және талдау жасау кезеңі.
Еңбек сабағының құрылымын тереңірек қарастырайық.
Еңбек сабағы құрал – жабдықтарды қолдану арқылы іске асыратындықтан,
ең алдымен өтетін сабаққа байланысты, алдарындағы құралдарды тексеруден
бастайды. Дәріс кезінде әрдайым артық құрал болуы тиіс, өйткені оқушылардың
құралдары түгел болмаған жағдайда таратып бергенге ыңғайлы. Мұғалім
оқушылардың сабаққа тегіс дайын екендігіне көзі жеткенде ғана сабақты
бастай алады.
2.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі - әңгімелесу, көрсету арқылы
жүргізіледі. Бұйымның үлгісін көрсету кезінде ол несімен балаларға
ұнағанын сұрайды. Содан кейін сабақтың мақсатын анықтайды. Әңгіме – сұхбат
кезінде балалар жасалатын бұйымға қандай материалдың қанша мөлшерде керек
екенін анықтайды. Қандай құрал саймандар қолданылатынын, қандай ретпен,
әдіс- тәсілмен орындайтынын белгілейді.
3. Сарамандық жұмыс басында айтып кеткендей, сабақтың 75 пайызын
қамтиды.
Ол балалардың өз бетінше жұмыс жасайтындығымен құнды. Өз бетінше
жұмыс жасау кезінде мұғалім мүлдем жұмыс процесіне қатыспау керек деген
ойдан аулақ болуы керек. Мұғалім әр оқушының жұмысының сапасын қадағалап,
оларға көмек көрсетеді.
Сабақ барысында мұғалім оқушының жіберген қатесін көрсетіп, қосымша
сол қатені қалай түзетудің жолын түсіндіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушының
жіберген қатесін түзетіп бермейді, керісінше өзінің орындауын қадағалайды.
Оқушылардың шығармашылық өнері сарамандық жұмыс кезінде айқындалады.
Олар еңбек өнімін құрастырып, бағдарлап, жұмыс орнын ретімен әзірлеп,
технологиалық операциаларды жүргізіп, өзін-өзі сынайды. Оқушының өзіндік
шығармашылық жұмысына берілген тапсырма барлық оқушыларды қызықтыратын
деңгейге жеткен жағдайда ғана іске асады.
Әр сабақтағы жаңа тапсырма алдындағы сабақтың кейбір элементін
қайталай отырып, келесі бір жаңа дүниені жасауға жетелеуге тиіс. Сонымен,
сарамандық жұмыс кезінде әр сабақ жаңа білім мен білгірлік енгізе отырып
ұйымдастырылады. Сарамандық жұмыстың негізгі бағыты ол оқушылардың
шығармашылық жұмысын сынап, мектеп көрмелерінде көрсету, жарыстарға
қатынастыру болып табылады. Сонда ғана балалардың еңбекке деген ынтасы,
қабілеті артып, одан мұғалім де нәтежие көріп отырады.
4. Баға беру және талдау жасау кезеңі сабақтың ең соңында
жүргізіледі. Оқушының жұмысының нәтежиесін көбіне баға қою арқылы
қорытындылайды. Мұғалім баланың еңбектеніп жасаған бұйымын бағалау кезінде
оның ынта-ықыласын да жан жақты қарастыру керек. Сонымен қатар сынып
оқушылары жұмысты бағалау уақытында белсенділік көрсетеді, олар бұйымнын
кем-кетік жерін айтып, тиісті бағасын беру үшін үлкен көмек береді.
Мұғалім оқушының жұмысын бағалау кезінде келесі шарттарды ескеру
керек:
- бұйымның дұрыс орындалуы;
- жұмысқа бөлінген уақыт;
- оқушының білімі;
- еңбек тәсілін дұрыс қолдану;
- техникалық қауіпсіздік ережесін орындау арқылы.
Еңбекке баулу сабағын жоспарлау.
Еңбек сабағында 4-сынып оқушылары әр түрлі материалмен жұмыс жасау
мезгілінде қарапайым еңбек әдістерін қолданады. Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін өсіру, киімдерін күтіп баптау кезінде, ойыншық бұйымдарын
дайындау, табиғи материалдармен, ермексазбен жұмыс жасау кезінде балалар
кәсіптің жеке түрлерін біліп, оларды игеруге қалыптаса бастайды. Балаларға
кәсіпке деген шабыт осы жас кезін пайда бол бастайды десек артық болмайды.
Сонымен қатар еңбек пәнінің мұғалімі еңбек сабағының құрал жабдығын
алдын ала әзірлеп, оларды пайдаланудың техникалық қауіпсіздік ережесі
толық сақталуы нәтижесінде игеретін шеберлік деңгейі артатындығы негізгі
бағдар болуы тиіс.
1.2. Еңбекке баулу сабағында оқушылардың эстетикалық көз –
қарасын қалыптастыруды іске асырудың әдіс – тәсілдері, олардың түрлері.

Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу сабағының
дидактикалық материалдары. ... адам кез келген жұмысқа жарамды бола
бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарсақ, білгір шебер болып
шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның
рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады . - деген ғулама ғалым әл -
Фарабидің ғылыми ой пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі қазақ халқының
ұрпаққа білім берудегі, еңбек қызметінің нәтижесінде берілген тәрбиелік
ықпал болып саналады. Еңбек тәрбиесі қоғамдық өмірмен индивидті қамтамассыз
етудегі әдіс ретінде қарастырылуы қажет. Яғни оқушының тұлғалық дамуына,
қалыптасуына бағыт – бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы оқыту үрдісін
басқару. Еңбек тәрбиесі мен білім берудің барлық аспектілері, адамға
қажетті барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталып ұйымдастырылған оқу
– тәрбие үрдісінің басты мақсат, міндеттерін қамтиды. Сондықтан қазіргі
кезде жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ерекшеліктерін ескере
отырып ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын
сақтай отырып барлық бағытта тәрбиелеу, оқыту және әрбір оқушыны жеке тұлға
ретінде қарастырып, оның дамуына мүмкіндік жасау. Жас ерекшеліктеріне
байланысты бастауыш сынып оқушысының еліктеу рефлексі жақсы дамыған, оны
қоршаған ортаны, жалпы болмысты тұтастай қабылдайтығын ескерсек, осы
жастағы баланы еңбекке баулып, қолөнерге үйрету қоғам үшін десек те болады,
ең қолайлы кезең болып саналады. Олардың табиғи ашылмаған сана – сезімдерін
оятып, көкірегін ашып, қазақи мінездерге тәрбиелеуде баланың шығармашылығын
қалыптастыруда ғана оқу – тәрбие ісін бір жүйеге келтіре аламыз.
Осы қағиданы негізге ала отырып, өтілген әр сабақтың аясында, оның
тәрбиелік мақсатын айқындап отыруда, оқушылардың шығармашылық іс -
әрекетінің танымдық көңіл күйлеріне әсер ететін, халықтық педагогика
элементтерін қолдану ережесі тиімді нәтижелі үрдісті көрсететіндігі
тәжірибемізде дәлелденген. Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге,
оның ішінде қолөнеріне негіздей жүргізуді уағыздайды. Қазақ халқының
алғашқы баспанасы киіз үй нұсқалары, кйіз үйден табылатын дәстүрлі қолөнер
бұйымдары, оны жасау әдістері балалар үшін кешегі елес болмай, өз
қолдарымен жасап, эмоционалдық – бағалаушылық сезімде оны қабылдауы қажет.
Осындай шығармашылық ізденудің нәтижесінде мектептегі бастауыш сынып
оқушысы өз білімдерін жастайынан бастап ұлтының тарихи мәдениетін игеріп,
ол туралы теориялық білімдерінен хабардар болып, тәрбиеленіп қалыптасады.
Бұл Қазақстандағы кез – келген мектептер үшін оқытудың және тәрбие
жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың оңтайлы жолын көрсететін жүйелі бастама.
Сондықтан оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек сабағында
ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып барлық
бағытта осылай тәрбиелеу бастауыш сынып мұғалімінің басты мақсатына айналуы
тиіс.
Сөзіміз дәлелді болу үшін бастауыш сыныптың еңбекке баулу пәнінің
білім мазмұнында халықтық педагогика құралдарын пайдаланудың әдістемелік
жүйесін төмендегідей суретте көрсетем.

Бүгінгі мектеп оқушыларының сана-сезімі, ғылыми-техникалық прогреспен
бірге күн санап даму үстінде. Олардың дамуы мен білім негіздерінің
қалыптасуына отбасы мен мектептің рөлімен қатар күнделікті өмірдегі
техникалық ағымдық ақпараттық құралдар, теледидар, радио, компьютер мен
газет-журналдардың өзіндік үлестері мол. Білім беру жүйесін дамыту
мақсатындағы реформаның негізгі бағыттарының мәні-оқу мен тәрбие сапасының
жоғары болуына, әр пәнді оқытудың ғылыми дәрежесіне және ғылым негіздерінің
берік игерілуіне, еңбек тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің, эстетикалық
тәрбие мен дене тәрбиесінің оқушылардың бойында дұрыс қалыптасуына ықпал
ету. Негізгісі – оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай
оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен жаңаша жолдарын қолға алу болып табылады.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұы
түбегейлі өзгертіліп жаңа оқулықтарды пайдалана отырып, республика
аумағында білім берудің 12 жылдығына көшу мақсатында іс-тәжірибеден өтіп
жатқаны белгілі. Білім беру саласында үнемі іздену үстінде жұмыс істеп келе
жатқан әдіскер оқытушылар, ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер тарапынан оқулықтар
мен оқыту әдістерін жетілдіру және оқытудың озық тәжірибелерін игеру
жолдары туралы жан-жақты сөз етіліп жүр. Бастауыш сыныптар үшін еңбекке
баулу пәнінің оқулықтар мен әдістемелік көмекші құралдар теориялық,
практикалық жағынан оқу материалының әдіснамалық негіздерімен мазмұны
жағынан толықтырылып ұсынылуда. Әдістемелік құрал, бастауыш сыныптарда
жұмыс істейтін, оқытушылар педагогикалық колледж, жоғары оқу орындарының
студенттеріне әдістемелік көмекші құралы ретінде ұсынылып отыр.
оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, экономикалық білімдер
беру, оқушылардың еңбекке қызығушылықтарын ояту, оқушылардың мінез-
құлықтарын қалыптастыру міндеттері жүктеледі. Бастауыш сыныптарда өтілетін
еңбекке баулу сабағында оқушыларға еңбек етудің алғы-шарттарын үйрету
арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Адамдардың
ең бірінші өмірлік қажеттілігі – еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек
қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл
қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған
жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек.
Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда
өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі
екені ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері,
мүмкіндіктері біркелкі болып келеді.
Еңбек сабағы – мектеп оқушыларына жай ғана білім алып қана қоймай, ең
бастысы оқушыларды ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы
болып келеді.
Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында керек қабілеттері,
дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық
сауаттылықтары арта түседі.Баланың ақыл-ой жүйесінің дамуына септігін
тигізіп, оқушылар еңбек мәдениетіне қалыптасады. Оқушылар сабақтар
барысында 1-сыныптан бастап кез келген нәрсенің бейнесін, бұйымның сызбасын
талдай білуді және өлшем бойынша, өз бетінше қағаздан, табиғи әртүрлі
материалдардан бұйымдарды дайындай білуге қалыптаса бастайды.
Берілетін тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым
жұмыстардан бастап біртіндеп күрделене отырылып беріледі. Әрине, бұл
кезеңдер алғашқы кезде оқушыларға оңайға соқпайтыны белгілі. Орындайтын
тапсырмалар оқушыларды жалықтырмайтындай болып қызықты, маңызды
тапсырмалармен қамтылып, тапсырманың оқу мақсаты айқын болуы тиіс.
Мұндай тапсырмаларды орындап, оны үйрету үшін бастауыш сынып
мұғалімдерінің өзінің техникалық сауаттылығы мол болуы тиіс екендігін
жоғарыда айтылған.
Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбек сүйгіштік қабілеттері дами
түсіп, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы
түсініктері кеңейе түседі.

II.Бөлім. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларға табиғи материалдан
Құмырадағы гүлдер жасауда эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

2.1. Табиғи материалдармен жұмыс жасауда жаңа технологияларды қолданудағы
әдіс – тәсілдер.
Оқытудың жаңа технологиялары туралы қысқаша түсініктер.
Жастарға білім беру мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы
білім беретін орта мектептердің педагогикалық процесін жаңарту – бірінші
кезектегі мәселе болса, ал бастауыш мектеп, негіздің түп қазығы болып
саналады. Ал, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға оқу-тәрбие
процесін жүргізу барысының басты міндеті – сапалы сабақ беру болып
саналады.
Мектептерде өтілетін сабақтардың тиімді өтілуі, біріншіден – мұғалімнің
сабаққа деген белсенділігімен тікелей байланысты болып келеді. Әр
мұғалімнің білім беру деңгейі, педагогикалық шеберлігі әркелкі болып келуі
мүмкін. Сондықтан әр мұғалімнің сабақты өту әдіс-тәсілдері де әркелкі болып
келеді. Қазіргі кезде мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай
мұғалімдермен оқытушылардың қалауына сай және іскерлік қабілеттеріне сәйкес
білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-
жақты білімді-сауатты мұғалім болуы мүмкін еместігі қазіргі заман талабының
бірінші кезектегі мәселесі болып отыр.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің жан-жақты дамуына, кәсіптік
деңгейінің артуына, адамгершілік және азаматтық келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізіп мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Сондықтан кейде мұғалім мен оқушылардың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен
айырылуды талап етеді. Өйткені қазіргі кезде, дәстүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық және көркем талғамдарды тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Жалпы баланы еңбекке тәрбиелеудің міндеттері
Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу
Пәндер