Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І. Бөлім. Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі.
1. 1. 3 - сынып оқушыларына мата мен жұмыс жасаудың теориялық негіздері . . . 5-10
1. 2. Маталар олардың түрлері, мата туралы мағлұматтар беру . . . 12-13
ІІ. Бөлім. Еңбекке баулу сабағында оқушыларды матаны жапсыру тәсілдерін де қолданатын әдістерді тиімді пайдалану жолдары.
2. 1. Матаны жапсырып апликациялар жасаудағы іс - әрекеттері . . . 14-19
2. 2. Матаны қырқу, желімдеу жабыстыру технологиялық карта жасауға үйрету . . . 20-26
Қорытынды . . . 28
Қосымша . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Халқымыздың өнегелі мәдениеті үлгілерінің бірі - бейнелеу өнері қаншама дәуірдің тарихи ағымымен бірге жасап дамып келеді. Қазақ халқының өмір тұрмысына тереңдей үңілсек, мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі ұрпаққа жетуіне бірден-бір себеп халықтық педагогика.
Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік педагогиканы, қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу сабақтарында қолдану заман талабына айналып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы болғандығы көпшілікке мәлім. Сыры кетседе, сыны кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимаратттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында қолданылған сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары жастардың көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Бұл жерде айта кететін өкінішті жағдай - көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игілігіне пайдалану кешеуілдеп, оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен әсемдік тәрбие беру бағдарламасынан тыс қалуы. Бұл көмекші құралдарға ұсталған бағыт жас ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін бастауыш сыныптардан бастап таныстыру, ата-бабамыздың тұрмысында жиі қолданылған заттарды салып үйрету, олардың формасымен, түр-түсімен т. б. көркемдік ерекшеліктерімен таныстырудың әдіс тәсілдерін көрсету.
Біз бұл еңбекте бірінше кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарына назар аудардық.
Қазақ мектептердің ұсынылып отырған тұңғыш методикалық құрал болғандықтан, кемшіліксіз деген ойдан аулақпыз. Алайда сіздердіңқиын да күрделі педагогикалық қызметіңізді жеңілдетуге сәл де болса септігін тигізсе, автордың ойлаған мақсатына жетеді.
Курстық жобаның мақсаты: Еңбекке баулу сабағында оқушыларға өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің түрлері мен матаның түрлерімен оларды жамау, жапсырудағы түрлі әдіс - тәсілдерді жаңа технологиялық әдістері арқылы қолдану.
Зерттеу міндеттері: Еңбекке баулу сабағында матамен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауда дұрыс бағыт беру жолдары.
Зерттеу объектісі: Матаны жапсыру тәсілдерін үйрету.
Зерттеу пәні: Еңбекке баулу әдістемесімен.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, нұсқау карталары, аппликациялық жұмыстар.
Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бөлім. Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі.
1. 1. 3 - сынып оқушыларына мата мен жұмыс жасаудың теориялық негіздері.
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі - балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу.
Бұл проблемаларды шешуде басқа пәндерге қарағанда еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің мүмкіндіктері молырақ. Өйткені еңбекке баулу пәнінің өзі халық шаруашылығы салаларының барлығын қамтитын негізгі білімдер беруді қажет етеді.
Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңеюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негізделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден, еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт.
Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Осы талаптарды орындай білу үшін мұғалімнің өзі сабақ беретін пәнінің әдіс-тәсілдерін, еңбекті ұйымдастыру формаларын, сабақтың оқу мақсаты мен мазмұнын толық меңгере білуі тиіс. Еңбекке баулу пәнінің міндеті - осы мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болғанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі және оның практикумының курсы бойынша өтілетін негізгі тақырыптар.
1. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабағының негізгі міндеті мен мақсаты.
2. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабағының кабинетін ұйымдастыру талаптары.
3. Оқу-тәрбие жұмысының барысында өтілетін еңбек сабағының негізгі бағыттары. Еңбек бөлімінің мазмұндары.
4. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтары бойынша бағдарламаның құрылымы.
5. Еңбекке баулу сабағына қойылатын әдістемелік, педагогикалық, дидактикалық талаптар.
6. Шағын жасақталған мектептердегі еңбек сабақтарын ұйымдастыру формалары.
7. Топтасып серуендеу сабақтарын ұйымдастыру формалары.
8. Еңбекке баулу пәнінің ерекшелігі. Пәннің басқа пәндермен өзара байланысы.
9. Бастауыш мектеп оқушыларының біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын негізгі талаптар.
10. Сабаққа қойылатын талаптар, сабақ түрлері және олардың құрылымы.
11. Сабақтың жаңа түрлері туралы түсініктер.
12. Сабақтарды әдістемелік талдау. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу.
13. Еңбекке баулу сабақтары бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
14. Еңбек сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары.
15. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.
16. Күнтізбелік тақырыптық жоспарды құру талаптары.
17. Еңбек сабағынан тест сұрақтарын құру т. б. тақырыптар қарастырылған.
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып дамытуда жаңа жол ашуда.
Білім беру ісінде ұстаз - басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың сапалығы, білімдарлығы, абырой - беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттердің жақсы болмағы ұстазынан» деп тегін айтпаған халық. Ұстаз ұғымы мағынасы кең, мәні түгел тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына білімнің қажеттігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған.
Қазақстан Республикасының Білім министірлігі бекіткен оқу жоспарына сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие беріледі. Ол оқушының білімділігіне қызығушылығына, қабілетіне байланысты мектептен тыс мекемелерде одан әрі кеңейтіліп кәсіптік бағдар беріледі. Оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы (формасы) - сабақ. Онда мұғалім белгіленген уақытқа сай оқушылармен бірлесе отырып, мақсаты бар оқу тәрбие мәселесін шешеді. Сабақ алға қойған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру сабағы, біліктілікке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы, білімді қорыту және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ, лекция сабақ, сұрақ - жауап сабақ т. б.
Мектептің бастауыш сатысындағы «Еңбекке баулу» пәнінің негізгі функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабілетінің дамуына себептесетін оларға көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Білім берудің алғашқы кезеңінде композиция құрастыру кескіндеме, мүсін, сәндік - қолданбалы өнер бойынша білім, дағдыларының негізі қаланады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық қабілеттері мен білімділігін дамыту және сезімдік эмоционалды құндылық тәжірибелерін тереңдетіп, байыту болып табылады.
Негізгі оқу - тәрбие міндеттері.
- Оқушылардың көркем - шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермендік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық жеке тұлғасын қалыптастыру.
Еңбек сабағының негізгі мақсаты
1. Оқушылардың еңбек адамдарына көзқарасын қалыптастыру (адал еңбек ете білу, еңбекті сүйе білу, адам еңбектерін құрметтей білу) .
2. Еңбек шеберліктерін арттырып оқушыларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу, өзінің және жолдастарының жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыра білу.
3. Еңбек сабақтарында оқушылардың ой-өрістерін дамытып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, оқушылардың сұлулыққа әуестік сезімін ояту.
4. Сабақтар барысында құрастырушылық, шеберліктерін, іскерлік қабілеттерін арттыруға, ауылшаруашылық сабақтарда өсімдіктерді өсіру, күте білуге, егін шаруашылығымен мал шаруашылығы туралы, қоғамдық пайдалы еңбектің түрлері туралы жалпы мағлұматтар алу.
5. Еңбектің қарапайым құрал-саймандарымен жұмыс істей білуге үйрету (кесетін, жонатын, тесетін, соғатын, қырқатын т. б) .
Бұл аталған еңбек сабағының негізгі 5 талабы күнделікті сабақ барысында сабақтың тақырыбына, сабақтың мақсатына байланысты болып мұғалімнің үнемі жадында сақталуы тиіс.
Көрнекілік оқыту әдісі
Бастауыш сыныптарда оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және есте сақтау қабілеттерінің, еңбек қимылдарының төмендігін ескере отырып, көрнекілікпен оқытуды оқушылар қатты талап етеді. Сондықтан көрнекілік оқыту тәсілдерінің маңызы зор болып саналынады. Қарапайым материалды көрнекілік құралынсыз түсіндіріп, ал керісінше күрделі материалды көрнекілік құралымен түсіндірсек, қайсысы оқушылардың қабылдауы үшін жеңілірек болатындығын айқындаймыз.
Демек, көрнекілікпен өтілген сабақ барлық уақытта сапалы болып өтілетіндігі белгілі. Көрнекі көрсету деген - жасайтын заттың нақты бейнесін, көрінісін, құрылысын толық көрсетуді айтамыз. Барлық көрнекі құралдар негізінен 3 топқа бөлінеді.
1. Көрнекі құралдардың табиғи түрі;
2. Көрнекі құралдардың бейнеленген түрі;
3. Көрнекі құралдардың техникалық түрі.
Көрнекілік оқыту әдістеріне енетін тәсілдерінің түрлеріне
1. Дайын заттардың үлгісін, моделін, макетін қолдану тәсілі
2. Жаздық үлгідегі көрнекі құралдардың қолдану тәсілдері;
3. Диафильм, кинофильм үзінділерін және бейне таспаларды демонстрациялап көрсету әдістері;
4. Теледидар сабақтарын ұйымдастыру, телехабарларды қолдану әдістері;
5. Топсеруен (саяхат) сабақтарын ұйымдастыру тәсілі;
6. Кітаппен жұмыс жасау тәсілдері.
1. Бастауыш сынып оқушыларымен тапсырманы орындау үшін алдыменен орындайтын жұмыстың мазмұнымен толық танысып, соңынан тапсырманың өлшемдерін анықтай отырып бұйымның бөліктерін материалына қарай талдау арқылы түсіндіріледі. Бұл жерде қаншалықты түсіндіргенімен, оқушылар үшін түсінікті болу үшін нақты бұйымның моделі, үлгісі қажет етіледі.
Бастауыш сынып оқушылары дайындайтын бұйымды өз көздерімен көруге, ұстауға құштар болады. Сондықтан модельдердің, макеттердің, бұйымның өзіндік рөлі зор болып есептеледі.
2. Кез келген бұйымды, модельді, макетті дайындау үшін олардың жазық үлгідегі көрнекілігі қажет етіледі. Жазық үлгідегі көрнекіліктерді қолмен дайындауға болады.
Олар: 1. Тарқатпа түрдегі үлгісі 2. Демонстрациялық түрдегі үлгісі.
3. Өтілген сабақтың тақырыбына сәйкес, сабақтың оқу мақсатына байланысты, материалды меңгеру үшін бар болған жағдайда диафильмдерді, кинофильм үзінділерін, бейне таспаларды қолданып отыруды талап етеді. Мұндай техникалық көрнекі құралдар сабақтың сапасын арттырумен бірге, уақытты үнемдеп аз уақыт ішінде көп түсіндіруді қажет етпейді. Оқушылар өтілген материалды тез меңгеріп отырады. Көзбен көруге мүмкін болмаған жайларды түсіндіруге септігін тигізеді.
4. Оқу процесін жандандыру барысында сабақтың сапасын арттыру үшін теледидарлық сабақтарды ұйымдастырып, теледидарлық хабарларды қолданып отырудың рөлі зор болып саналады. Өтілетін сабақтың тақырыбымен сабақтың мазмұнына байланысты техникалық құралдарды қолдануды қажет етеді және қазіргі заманғы оқушылар талабының қажеттігіне байланысты бұл оқыту әдісінің рөлі зор деп айтуымызға болады.
5. Топсеруен (саяхат) сабақтарын ұйымдастыру әдісі бастауыш сыныптарда арнаулы бағдарлама талаптары бойынша жоспарланған жерлерге ұйымдастырудың өзіндік рөлі зор болып есептелінеді. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін ұйымдастырылады. Топсеруен сабақтары бастауыш сыныптарындағы еңбек бөлімдерінің арнаулы тақырыптары талап еткен жағдайда ұйымдастырылады. Мысалы: өндіріс орындарында (тігін шеберхана, тоқыма фабрикаларында, аяқ киім шеберханаларына, нан өнімдерін шығаратын орындарға, баспаханаларға, ауылшаруашылық жұмыстарының объектілеріне, трактор-машина жөндейтін орындарға (техникалық гараждарға) көкөніс, бау-бақша алқаптарына, тұратын жердегі демалыс саябақтарына, гүлзарларға т. б. көптеген жерлерге ұйымдастыру жоспарлануы қажет.
Біз жоғарыда тек еңбекке баулу сабағына қатысты оқыту әдістерінің түрлері туралы айтып өттік. Оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы қосымша мынандай деректермен толықтыра кететін болсақ
Әдіс (метод - деген грек сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы ) тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Педагогикалық энциклопедия «Оқыту әдістері - мұғаліммен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді» - деп жазған.
Демек оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушының оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттің тәсілдері.
Оқыту әдісі мақсатқа жетуге саналы түрде қолданылған тәсілі, ал мақсатқа жету, мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуге, оқушылардың дайындық дәрежесіне, мұғаліммен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқыту әдістерін таңдап, сабақтарда қолдана білу үшін мынадай өлшемдерді басшылыққа алған жөн.
1. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі.
2. Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
3. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі.
4. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі.
Осы өлшемдерді негізгі ұстанымға ала отырып оқыту тәсілдерін қолдана білген жөн. Дегенмен оқыту әдіс-тәсілдерінің негізгі мақсаттары мен міндеттері бір болғанымен әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес өзгеріп, жіктелуі мүмкін.
Оқытудың жаңа технологиялары туралы қысқаша түсініктер
Жастарға білім беру мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердің педагогикалық процесін жаңарту - бірінші кезектегі мәселе болса, ал бастауыш мектеп, негіздің түп қазығы болып саналады. Ал, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға оқу-тәрбие процесін жүргізу барысының басты міндеті - сапалы сабақ беру болып саналады.
Мектептерде өтілетін сабақтардың тиімді өтілуі, біріншіден - мұғалімнің сабаққа деген белсенділігімен тікелей байланысты болып келеді. Әр мұғалімнің білім беру деңгейі, педагогикалық шеберлігі әркелкі болып келуі мүмкін. Сондықтан әр мұғалімнің сабақты өту әдіс-тәсілдері де әркелкі болып келеді. Қазіргі кезде мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мұғалімдермен оқытушылардың қалауына сай және іскерлік қабілеттеріне сәйкес білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты білімді-сауатты мұғалім болуы мүмкін еместігі қазіргі заман талабының бірінші кезектегі мәселесі болып отыр.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің жан-жақты дамуына, кәсіптік деңгейінің артуына, адамгершілік және азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Сондықтан кейде мұғалім мен оқушылардың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен айырылуды талап етеді. Өйткені қазіргі кезде, дәстүрлі емес тәсілмен, салғырттықпен сабақты өтудің қазіргі кезде мектеп оқушыларының талабын қанағаттандыра алмайды. Себебі қазіргі кездегі техникалық ағымдық ақпараттық құралдардың күннен-күнге даму үстінде - олар теледидар, радио, компьютерлер.
Педагогикалық технология дегеніміз - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жиынтығы, ылатын бірыңғай қисынды ілім, амалдармен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы деп түсіндіріледі. Педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің, студент пен оқушының үнемі түсіндіріліп отырылатын өзара қарым-қатынасының өзегі - мазмұнды ұйымдастырушылық құрылым болып саналады.
Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістерінің жиынтығы.
Демек, оқыту технологиялары мектепте оқу үрдісіне қажет әдіс-тәсілдер, амал, дидактикалық талап және педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде қолданылады.
Ол оқушылардың тәртібіне, оқуына ынтасын, оқу іс-әрекетіне игі әсерін тигізумен бірге, мұғалімнің зияттық шығармашылық қызметі болып табылатын іс-тәжірибелерінің жинақталуына ұтымды әсер ететін оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Дегенмен әлі де болса мектеп мұғалімдері педагогикалық технологияларды оқытудың әдіс-тәсілдерін айыра алмай келеді. Бұл технологиялардың өзі мұғалімнің шеберлік қабілетіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан педагогикалық технологиялардың ішіндегі ең қажеттісін пән мұғалімдері талдай отырып өтетін сабақтың тақырыбымен оқу мақсатына байланысты сабақтарды ұйымдастыра білу керек. Еңбек пәнінің мұғалімдері әсіресе оқытудың озық технологиялардың ішіндегі «Проблемалық оқыту технологиясы», «Оқытудың ұжымдық тәсілі», «Ынтымақтастық педагогикасы» - идеяларымен бағыттары сәйкес келетінін атап айту керек. Бастауыш сынып мұғалімдері, еңбекке баулу сабағының мұғалімдері, оқытудың әдіс-тәсілдерімен ұйымдастыру формаларын және оқытудың озық технологияларын қолдана отырып өтілетін сабақтарды сапалы түрде ұйымдастыра білу керек. Сабақтарды сапалы ұйымдастыра білу үшін, біріншіден, мұғалімнің күнделікті сабаққа тиянақты дайындалуы қажет. Екіншіден, өтілетін әрбір сабақты оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерімен ұйымдастыра білу керек.
Техникалық үлгілерді жасаудағы кескіндемелік сауаттылық
Бастауыш сынып оқушылары техникалық үлгілерді дайындау кезінде зат үлгілерін, бұйымның сұлбасын (жазбасын) техникалық суреттерін, нобайларын, өз бетінше талдап оқып түсіне білу керек. Ол үшін мұғалімнің техникалық сауаттылығы іскерлік қабілеті жоғары болу керек. Техникалық сауаттылығы ең бірінші кескіндемелік сауаттылықпен байланысты болып келеді.
- кескіндемелік сауаттылық - техникалық іс қағаздарды талдап оқи білуі, техникалық үлгілерді өз бетінше талдай білуі;
- кескіндемелік іскерлік - техникалық үлгілер мен бұйымдарды дайындау кезінде оқушылардың өз ойын нақты әрі дәл түсіне білуге әзірлігі;
- техникалық сурет - заттың көрнекі бейнесі (бейнелер әр-түрлі көріністе беріледі) техникалық суретте объектінің пішіні тұтастай көрсетіледі;
- сызба - заттың сызу құралдарымен, көмегімен өлшемі сақтала отырып, белгілі бір масштабта жасалған кескіндемелік бейнесі;
- алғашқы нұсқа - бұл сызба сияқты затты әртүрлі жағынан көрсетіліп беріледі, бірақ өлшемі берілмейді және кескіндемелік ережеге сай орындалады.
1. 2. Маталар олардың түрлері. Мата туралы мағлұматтар.
Матамен жұмысты бастамас бұрын оқушыларға матаның түрлері, оның қалай тоқылатыны және қандай құралдар пайдаланатыны жайында қысқаша түсінік беріледі.
Оқушылар матаның түрлерімен танысады. Яғни жүннен, мақтадан, жібектен, жасанды талшықтан тоқылатын маталар алынады. Матаның түрлері аталынып, олардың бірнеше түрге бөлінетіндігі айтылады. Мысалы, жартылай жүннен, жартылай мақтадан тоқылған маталар, жартылай жібектен, жібекпен кендірден тоқылған маталар, сондайақ кендірмен мақта араласынан тоқылған әйнек талшығынан жасалатын маталар болғандығы айтылады. Оқушылар бұдан соң матаның құрылысымен таныстырылады жіптердің тоқылуына қарай, матаның құрылысыда әр түрлі болып келеді. Фабрикада жіптер тура және көлденең болып тоқылады. Матаны тоқыпта әрі өөріп те дайындайды. Сондықтан тоқылу сапасына қарай, бір, екі қабатты, қылшықты болып бөлінеді.
Осыдан соң оқушылар мата тоқылуына қарай, бірнеше түрге бөлінеді Матаның тоқылу тәсілі оқушыларға түсінікті болуы үшін, тоқудың ең қарапайым түрі-ауылдағы өрмек құрып, алаша тоқу әдісін айтқан жөн.
Фвбрикада мата жіптерін тура және көлденең тоқиды. Мата тоқитын мамандар тура тоқылған жіпті арқау дейтіндігін түсіндіріледі.
Негізгі жіптен жасалынған мата жуған кезде қысқарады, тығыздалады, ширамайды. Тігіншілер киім пішкенде матаның негізгі жіптері бар жағындағы өөлшемді артық алады. Матаның тоқылуына қарай ені де әр түрлі; 60, 90, 140, 200 см-ге дейін болады. Матаның оң және теріс жағы немесе тысымен астары болады Сыртқа қараған жағы оның тысы деп, яғыни оны матаның оң жағы дейді. Ал матаның ішіне қайтарылған жағы оның ішкі жағы, яғни матаның теріс жағы деп аталады. Матаның түрлерімен құрылысына түсінік беріліп болған соң, балалар матаның түрлерімен жеке жеке таныстырылады Оқушылар алғаш матаның қарапайым түрлерімен танысады. Мысалы, сирек тоқылған мата алынады. Бұл кесте тігуге ыңғайлы болғандықтан, оқөушылар тор көздерді есептеп санап отырып, креспен кестенің әдемі түрлерін тіге алады. Матаны пішіп, киім тіге білуді үирену үшін оқушыларға бірден қымбат маталар берілмейді. Ең әуелі матаны кесіп, пішіп, жаттығу үшін кенеп, дәке сияқты арзан маталар мен қатар, мақта араласынан тоқылған кендір маталар болады. Кендір маталардан әр түрлі бұйымдар істелінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz