Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципі


Еңбекке баулу сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың түрлі жолдары.
Мұғалім мектепте көрнекіліктерді пайдалану сабақтарын жалпы дидактика белгіленген мазмұн мен әдістері арқылы ұйымдастырады. Білім берумен бірге, қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, сөйлегенді ұғу, дұрыс жазу, жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципі оқушыларға таблица, схема, дидактикалық карточкалар, және әрбір техникалық құралдар қолдану сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін атқарады. Бұл принципті жүзеге асыруда, көрнекі құралдардың мүмкіндігі мол. Еңбекке баулу сабақтарында түрлі көрнекіліктерді қолдану барысында оқушылар тәрбиелеу мақсатына айрықша көңіл бөлінеді. Демек оқыта отырып білім берсек, білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетіне де орындап отырамыз. Сабақ барысында оқушылар бірлікке тәрбиеленеді, яғни жарыс сабағы кезінде топтың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала бәріміздің атқаратын ортақ ісіміз деп санап, жауапкершілікпен қарап оны тындыруға үлесін қосады. Ал, грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін көркем плакатқа жазылған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркемдік және ғылыми мазмұн мәндері арқылы оқушылар адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді.
Еңбек сабағын жүргізудің методикасы. Оқушылар еңбек сабағында көптеген материалдармен жұмыс жасайды. Оқушылар еңбек сабағын бірлесіп не жеке-жеке орындайды. Бұлардың қайсысы болса да белгілі тақырып бойынша өткізіледі. Мұғалім тапсырма берерде бұл жұмыстың қандай мақсат көздейтінін, оны орындауға қандай материал мен аспап керек екенін істелетін Табиғат таң қаларлықтай бай ғой. Табиғи-материалдар алуан. Ол адамның ой-қиялының қайнар көзі бола алады. Көрнекі құралдары пайдалану жалпы дидактикалық теориясына негізделеді. Көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі дидактиканың принциптеріне сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының теориялық негізін салады.
Дидактикалық принциптің бірі - оқу материалын саналы меңгерту принципі. Білімді сналы меңгерген бала оқу материалын игерудің әдіс-тәсілін, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен түсіндіріп бере алады. Егер сабақ мақсатынан тыс көп мөлшерде көрнекі құралдар қолданылса да, егер оқушы алған білімінің ғылыми мәнін байыбына жетіп түсінбесе, әр алуан ереже, заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын тауып, дұрыс қолдана білмесе, онда ол білім саналы меңгерген білім емес, тек ереже заңдалақтарды және материал мазмұнын кітаби үлгіде жаттау жолымен қабылданған білім болып табылады.
Дидактикалық білімді саналы меңгерту принципі оқушыларға ғылыми дұрыс білім беру принципімен ұласады. Оқу еңбегі дағдысына жақсы әдеттенген шәкір сабақ материалын жете меңгеруге бар ынта-ықыласын қойып, ақыл-ойын іске қосып, қажырлы еңбектенеді. Саналылық принципі дегенді осылайша түсінуге болады. Ал, көрнекіліктерді жасап, оны сабақ процесінде қолданып, көп еңбек сіңіріп меңгерген білімнің саналы болмай шығуы да ықтимал. Осындай жағдай мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру практикасының жеткіліксіздігімен немесе әдістемелік кемшілігімен басталады. Оған мұғалімнің жеке басының кемшіліктері де ықпал етеді. Мәселен, ұстаз өз шәкірттерін мәселеге сын көзімен қарауға тәрбиелемей, өзінің айтқанының бәрін ешқандай шүбә тудырмай бірден-бір дұрыс түсінік деп қабылдауға әдеттендірсе, онда оқушыларды формальды турде білім алуға мәжбүр еткені. Мұғалімнің әдістемелік ұстамсыздығы балаларды теориялық білімді практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретпейді. Сөйтіп мұғалім теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығарып алады.
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерілуі арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының көрнекі құралдардың көмегімен білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдік құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. Бұл жұмыс ерте басталады. «Білім негізі - бастауышта» деп орында айтылып жүр. Оған бір ғана мысал келтіре кетейік. Дыбыс туралы ұғым беру әліппен кезеңінің өзінде басталады. Бұл кезеңде дыбыс белгісі заттың атауын да, белгілі бір ұғымды тануда сөздің басында, аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші сыныпта қазақ тілін оқытқанда «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші сыныпта фонетика саласынан дыбыс туралы білім бергенде де негізгі алынады. Осы материал түрлі көрнекі құралдар арқылы оқушы қызығушылығын арттыра берілсе білім, білік, дағды берік сақталады.
Түсініктілік принципі білім мазмұнына мәні дәл анықталған көрнекі құралдары да ендіруді оқушылар меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен терминдерді пайдалануды көздейді. Түсініктілік принципінде оқу материалының оқушы даярлығына үйлесімді келуі талап етіледі. Сабақты ұйымдастыру кезінде көрнекі құралдарды пайдалану кезінде бұл жағдайлар ескеріліп, оқушылардың әрі дұрыс, әрі жеңіл түсінік алуы үшін тиімді әдістер қолданылады. Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдеу ету үшін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін көрнекі құралдарды пайдалану мен практикалық арақатынасы ескеріледі. Теориялық білімнің көп берілуі бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгеруіне шамадан тыс ауырлық келтіреді. Дегенмен еңбек сабақтарында оқушы өздігінен көрнекі құралдардың көмегімен жұмыс істеуге үйретіп отырса, дидактикалық ережелерді дұрыс қолдану арқылы оларға бағдарлама талабына лайық теориялық білімді еркін меңгертуге әбден болады.
Саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар тек өз ақылымен қабылданған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады, оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданған әдістер мен көрнекі құралдардың сапасына байланысты ғылыми білімдерді меңгеруге саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Еңбек сабақтарында түрлі көрнекі құралдары пайдалану барысында саналылық пен белсенділік принципін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқытудың ережелерін басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді оның түсінуі саналы оқытудың шарты боларын назарға алу
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
Дидактика принциптерінің бірі - оқытудың сабақтастығы. Мұғалім оқыту процесінде бір сыныпта өтетін тақырыптың бір-біріне мағыналық жуықтығы барларын, бірін-бірі үстемелеп толықтыратын түрлерін алдын ала байқап көрнекі құралдарды дайындау барысында оларды сабақтастырып отыруды қатаң ескереді. Сөйтіп, оқушының ілгеріде меңгерген білімінің жаңа материалды ұғынуы үшін себебін тигізетіні тірек етіп пайдаланылады. Осы мақсатта жаңа тақырыпты көрнекі құралдар арқылы таныстыру кезінде оны бұрынғы өткен материалмен шебер ұштастырып отырған тиімді болмақ.
Анықтамасын таныстырғанда да индуктивтік әдісқолдану жолымен мысалды оқушыларға схема арқылы талдата келіп, олардың бұрынғы білімін сабақтастыра отырып, қорытынды шығару қиын емес. Осылайша, грамматиканың көптеген материалының өзара байланыстығының дұрыс таба отырып, сабақтастық принципіне негіздеп түсіндіру немесе жаңа тақырып түсіндірумен бірге оқушының бұрын үйренген материалын қайталап отыру - ұтымды әдіс. Бұл арадағы шешуші мәселе - тақырыптар арасындағы байланысты дұрыс таба білу.
Сәйкестік принципі.
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді.
Демек оқушысының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді, ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік, оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудығы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасына, білімінің сапасы мен нәтижесіне оң ықпал етеді.
Көрнекі құралдары пайдалануда сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп отыру.
- Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін ескеріп отыру.
- Оқушылардың жас ерекшелігін ескерту
Үлестірмелі көрнекіліктерді үлестіру барысында оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену.
Көрнекі құралдары орынды-орынсыз қолдана беруге болмайды, көрнекіліктер жас және дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.
Сәйкестік - жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, түрлі көрнекі құралдары тиімді пайдаланып, өздігінен білім алуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Әрбір бастауыш сынып мұғалімдері көрнекі құралдары пайдалану барысында білімді беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде аталған дидактикалық принциптерді басшылыққа алыпр пайдаланса, мақсаттың орындалғандығы деп білуімізге болады.
Көрнекі құралдар еңбекке баулу сабақтарының мазмұнына, сабақтың мақсатына, оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне, мұғалімнің өзгешеліктеріне байланысты көрнекіліктер түрлері таңдалып, қолданып келеді.
Негізінен көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың көздеген мақсатқа сай болуы керек.
Бастауыш сыныпта, еңбекке баулу сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің келесі түрі техникалық құралдары түрлеріне тоқтала келсек олардың өзі пайдалануына қарай екі түрге бөлінеді:
- Экрандық техникалық құралдар
- Дыбыстық техникалық құралдар
Осы техникалық құралдар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер, олардың түрлері қандай болмақ? Мұны, көбінесе, бастауыш мектеп мұғалімінің өзі жасауға, даярлауға тура келеді.
Әртүрлі схемаларды, сурет, тілдік модельдерді эпидаскоптың жәрдемімен, егер диапозитивке, диафильмге түсірілген болса, ЛЭТИ, Протон, Свитязь арқылы да көрсетуге болады.
Тіл материалдарын салыстыра отырып, талдап түсіндіруде, олардың өзара жақындығын, даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, белгісін көрсету, байқату кездеседі. Педагогикалық тұрғыдан алғанда оқу таблицасы бейнелеу өнерінің шығармасына жататындықтан оқушылардың сезімін ерекше әсер ете отырып, оқу материалын жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу таблицасын жасауға ерекше мән беруіміз керек. Ол тек, біріншіден көрсетейін деп отырған объектінің жоғары сапалықпен, оның қажетті детальдары мен бөлшектерін жан-жақты көрсете білетін болғанда ғана тиімді. Иллюстрациялық таблица тіл материалдарын, тілдік фактілерді салыстыра отырып талдауға, оларды өзіндік ерекшелігі мен өзара жақындастығын аңғартуға үйретеді.
Бұл иллюстрациялық таблицаларды диапозитивке, диафильмге түсіріп алып, ЛЭТИ, пратон арқылы көрсетуге болады.
Диапозитив кей таблицаларда көрсетуге мүмкіндік бола бермейтін кейбір детальдарды, бөлшектерді толық қамти отырып, жеке бөлім беруге болады. Бұл тілдік фактілердің логикалық байланысын сақтауға мүмкіндік жасайды. Мұны протон, свитязь арқылы беруге болады. Бұл тезникалық құралдармен көріністі ұзақ ұстай отырып түсіндіруге қайталап беруге мүмкіндік жасайды.
Диафильм. Диафильмнің ерекшелігі көріністің, құбылысытың логикалық байланысын сақтай отырып, қимыл үстінде көрсету. Оның диапозитивтен айырмашылығы мұғалім сөзін иллюстрациялауға бағытталған жеке құралдардан ғана тұрмыстан, материалдың мазмұнын жүйелі баяндауға мүмкіндік беретін іштей байланысты кадрлардан тұратындығы.
Диафильм сабақ процесін ерекше жандандырып, оқушылардың ой-өрісін дамытып, әртүрлі сюжетті әңгімелерді нақта көрсетіп, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Еңбекке баулу сабақтарында пайдаланылатын дыбыстық техникалық құралдардың түрлеріне тоқталатын болсақ, дыбыстық құралдардың көптігіне қарамастан оқу процесінде екі міндетті шешетін болады.
- Арнайы жазбаларды, дикторды, көркем сөз шеберлерінің сөздерін тыңдауға мүмкіндік береді.
- Оқушылардың мұғалімнің өз сөздерін жазуға, оны тыңдауға мүмкіндік жасайды.
Екінші міндетті шешу үшін дыбыстық құрал магниттік лента қолданылады. Бұл белгілі бір берілістерді жазып алып, оқу процесінде қолдануға мүмкіндік жасайды.
Радио берілісі. Бұл сөз арқылы жан-жақты талданып берілетін оқу материалдарын түсіндіруде тиімді құрал. Осы арқылы қазақ тілі сабағын жандандыруға, оның барысына жаңалықтар ендіруге мүмкіндік береді.
Грамжазба. Бұл техникалық құралдардың радиоберілістерден айырмашылығы сол пластинканы мұғалім өзіне тиімді кезде, сабақтың қажетті бөлігінде пайдалануына оқушыларға тыңдатуына мүмкіндігі бар.
Магнитофон. Дыбысты жазып оны қайта естіртетін аппарат. (магнитофон) - оқу процесін жетілдіре түсетін, оқу-тәрбие жұмысынң арттыратын көмекші құралдарының бірі болып есептеледі.
Магнитофонды сабақтың әр кезеңінде дұрыс пайдалану мұғалімнен аса шеберлікті талап етеді. Алдымен мұғалім магнитофонның құрылысын жақсы білуі қажет.
Сабақта магнитофонды мынадай мақсатта пайдалану керек: дыбыстар мен сөздері дұрыс айтуға үйрету, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, тілдік материалды кей жағдайда жаттату сияқты жұмыс түрлеріне пайдалану тиімді.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы мол, саналы, білімді етіп, адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік рухына тәрбиелеу ісі қазақ тілінде жүзеге асатыны белгілі. Бастауыш мектептегі еңбекке баулу пәні - оқушы бойында осындай қасиеттерді қалыптасырудың негізгі құралдарының бірі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту . . .
Оқу материалдарын тақырыбына сәйкес мұғалім көрнекі құралдардың еңбекке баулу сабақтарында пайдалану оқушылардың танымдық қабілетін арттыратынына көз жеткіздік.
Ғылыми ұғымдары, заңдылықтарды меңгеру жеңіл процесс емес. Ол мұғалімнің көп еңбектенуін қажет етеді. Білімді меңгертуде, оқытуды ұйымдастыруда әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін ескергенде ғана мақсатқа жеткеніміз деп түсіну қажет.
Көрнекі құралдар - оқушылардың тілін дамыту, өткен материалдарды бекіту үшін тиімді. Бастауыш сынып оқушылары еңбекке баулу материалын саналы түрде түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктердің мәні зор екенін айта келіп, К. Д. Ушинский «Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік сақталады».
Көрнекілік оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырушымен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Көрнекілік арқылы тілдік материалдың ұқсастығын, айырмашылығын өзіндік ерекшелігін салыстырып көрсетуге болады.
Бастауыш мектептегі оқыту, білім беру ісі сабақ мазмұнымен байланысты алуан түрлі әдіс-тәсілдері кеңінен қолдануды қажет ететіні белгілі. Сондай әдістердің ең ұтымдыларының бірі - оқушылардың байқау - көру қабілетін дамыту үшін еңбекке баулу сабақтарында қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану еңбекке баулу сабағында көрнекі құралдары пайдалану негізінен мұғалімдердің ізденістеріне, жаңа педагокалық технологияны іске асыра білуіне, бастауыш сынып мұғалімінің шеберлігіне байланысты болып келеді.
Бастауыш сыныпта оқушыларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар беріледі.
Еңбекке баулу сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану еңбекке баулу сабағын әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Көрнекі құралдарды пайдалану бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу материалдарын тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
К. Д. Ушинский «Көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды» деп көрнекіліктің маңызын ашып көрсетті.
Көрнекілік абстрактылы ұғымды игеруге әсері ерекше. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап тани алады.
Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін көрнекі құралдар қолданылады.
Сыныптарда көрнекіліктерді пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді.
Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалды қайталау, жаңа материалды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz