Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер
материалдарын пайдаланудың теориясы.
1. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігіне, еңбектік дағды
қалыптастыру ерекшеліктеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..7
2. Ұлттық қолөнер арқылы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық
белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін арттырудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында ұлттық
қолөнер материалдарын игерудің әдістемелік негіздері.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу пәні арқылы ұлттық қолөнер
материалдарын оқыту
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..26
2.2 Еңбекке баулу сабақтарында ұлттық материалдары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының танымдық белсенділіктерін дамыту
көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..42
Кіріспе.
Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарында оқушыларға
білім берудің, оқытудың, тәрбиелеудің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып,
сонымен бірге “Бастауыш мектепте білім берудің стандартына” сәйкес еңбектік
тәрбие берудің маңыздылығы мыналармен көрсетілген.
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін оқыту бағдарламасында
көрсетілгендей еңбекке баулу – жасөспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттырудағы орасан негіз болып табылады.
Мұғалімнің еңбек сабақ оқытуы еңбекке тәрбиелеу жұмысының негізі болып
саналады. Еңбекке баулу сабақтарының мазмұны еңбекті бағалай білуге,
жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, олардың эстетикалық
талғамы мен еңбек мәдениетінің арта түсуіне жәрдемдеседі.
Еңбек сабағы мұғалімнің өзінің жан-жақты болуын, бұл пәнді басқа
пәндермен байланыстыра отырып оқытуды талап етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру
мәселелеріне көптеген педагогтар, психологтар ат салысты. Мәселен,
И.Г.Песталоцци швецариялық ең атақты әрі әлемге әйгілі педагог ретінде
еңбек тәрбиесін ең маңызды әрі ауқымды тәрбие қатарына қосып, тұлға,
азамат тәрбиелеп шығаруға қажеттілік ретінде еңбек пәнін арнайы оқытуды
насихаттап, соны педагогикалық тарихи кезеңдерге дәлелдеді.
Ұлттық педагогикалық теория жөніндегі мәселелердегі А. Байтұрсынов, Ы.
Алтынсарин, С.Көбеев, С.Асфандияров сияқты және т.б. кемеңгер ағартушы-
педагогтардың еңбектерінде көрініс тауып, қазіргі заманға жетіп, тәуелсіз
елдің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеуге таптырмас құралға айналып отыр.
Сол сияқты еңбектік ынтаның, қабілеттің маңыздылығы және
адамгершілікке апаратын жол ретінде, еңбекті адам тәрбиесінің жоғары
деңгейі ретінде тұжырымдау совет педагогі Н.К.Крупскаяның еңбектерінде
көрсетілді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың таным белсенділігінің жоғары
екендігі ғылыми дәлелденген. Ал, таным белсенділігіне тікелей әсер етуші
фактордың бірі – балаларды еңбек етуге үйрету.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың оқытудағы әдістері
М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский сияқты майталман педагогтардың
тұжырымдары арқылы сарапталынды.
К.Д.Ушинский оқу еңбегінің және еңбектік тәрбиенің мәнін, әсіресе ата-
аналардың өз балаларын еңбек арқылы тәрбиелеу мәселелерін өз еңбектерінде
көрсетті.
А.С.Макаренко еңбек сабақтарының, еңбектің ұжымдық тәрбиеге ықпалын
және кәсіптік бағдар беру ісіндегі негізгі күштерді, яғни мектеп, жанұя
және жұртшылықты біріктіру бағытын қарастырып, іс-жүзінде дәлелдеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ұлттық қолөнер арқылы танымдық
белсенділіктерінің артуы еңбекке баулу сабақтарында өте анық көрінеді.
қазіргі еңбекке баулу пәнін оқыту бағдарламасында ұлттық қолөнер
материалдары тіпті әрбір сабақ сайын айтылып, көрсетіліп, қолданылып
отырады. Бұл – қажеттілік әрі әрбір ұлттық мәдениет пен өнер
қалыптастырудағы оқушылар бойында табылуы тиіс шаралар. ұлттық тіл, яғни
ана тілі, әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен бірге жүріп жасай беретін
сала – ұлттық қолөнер. Әсіресе қазақтың ұлттық қолөнеріне үйрету қазақ
балаларының дүние танымына, танымдық белсенділіктеріне және ұлттық өнер
туралы білімдер қалыптастыруына бірден-бір жол болып табылады.
Еңбекке баулу пәнін бастауыш мектепте оқыту әдістемесі бойынша
республикадағы белгілі ғалым О.Сатқанұлының оқушыларда еңбектік іскерлік
дамытудың халықтық – педагогикалық тұжырымдамалары осы кездегі жаңа
технологиялық әдіс-тәсілдерге бағытталады.
С.Қасымовтың “қазақ халқының қолөнері” еңбектеріндегі халықтық
педагогиканың, қазақтың ұлттық қолөнер түрлерінің сыр-сипат мен мазмұны
оқушыларға осы өнерді үйретудің жолдары арқылы берілген материалдардан анық
көрінеді.
Қазақтың ұлттық қолөнері материалдарын бастауыш мектепте пайдалану
көрнекіліктерді көбірек қолдануды талап етеді. Оқушыларға көрсетілетін
әрбір ұлттық қолөнер бұйымдары эстетикалық талғамға сай болып, олардың
сұлулық сезімдерін оятуға, құштарлықтарын арттырып, танымына үлкен түрткі
болуы тиіс.
Зертеудің көкейкестілігі : Еңбек – негізгі тәрбие көзі. ұлттық
қолөнерге баулу және оны үйрету – бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың
танымын арттыруға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етуші
педагогикалық үрдіс.
Зерттеу жұмысым, яғни диплом жұмысымның негізгі мақсаты: бастауыш
мектеп оқушыларының еңбекке баулу сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы
танымын арттырудың тиімділігін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай негізгі
міндеттерді қойдым:
1. Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің маңыздылығын
анықтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін, еңбектік дағды
қалыптастыру ерекшеліктерін сипаттау.
3. ұлттық қолөнер түрлерін оқушыларға таныстыру, үйрету арқылы олардың
танымын кеңейтудің мазмұнын ашу.
4. Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу сабақтарындағы қолөнер
бұйымдарын жасап үйрену тәсілдерін көрсету.
Зерттеу объектісі: - бастауыш мектеп оқушыларының танымдық
белсенділігі. Зерттеу пәні: - бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу.
Зерттеу әдістері: - зерттелетін тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиеттерге шолу
және оларды талдау, сараптау, бақылау, озат тәжірибелерді жинақтау.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І - тарау. Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуге ұлттық
қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы.
1. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігіне, еңбектік
дағды қалыптастыру ерекшеліктеріне сипаттама.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек – шешуші факторладың
бірі. Ал, халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры
деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой
деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні мен құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл
халық міндеті болды. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам
өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар
аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы.
Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі
ретінде жырланады.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, “он
саусағынан өнері тамған” нақты кәсіп иесі болуын көздеді.
Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін
жақсы түсінді.
Халық педагогикасының орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу
көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінін және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін
анықтайды. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық
іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамнын қалыптастыратын әлеуметтік
тәрбие институттарының негізгісі – жалпы орта беретін политехникалық еңбек
мектебі. Мектепке еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды
бөлігі.
Еңбекке баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға
пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты
тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық
жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Мектепте еңбекке баулудың басты міндеттері, біріншіден, еңбек
сүйіспеншілік пен адамдарына құрметпен қарау: екіншіден, оқушыларды халық
шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру: еңбек іс-
әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру:
үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбек етуге әдеттену- бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл
адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі еңбек процессіне құштарлық,
еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу, -дейді Н.К.Крупская,-демек күшіңді
және басқалардың күшін және жұмыстың барлық жағдайын есептей білу.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал үйелменде
балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің
адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп жасындағы оқушылар еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Білім еңбек сабақтарының
ғылыми негізі болады, ол еңбекке баулу сабақтары мен тәрбие барысында
оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл
ойдың кемелдеуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К.Ф.Ушинский ескерткен
болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында,
оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбекке баулу пәні
сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен
пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр
сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде
еңбек етеді.
Оқу еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын,
ауыл шаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді
тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі өте зор.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
- еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланы еңбекке неғұрлым ертерек
қатыстыруына байланыста;
- балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық -
өнегелік негізі болуы шарт;
- еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі баланың
өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады.
- Еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне
ұйымдастыруы қажет. Еңбегінің негізгі түрі ойын болып табылатын
кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек.
Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті
сезіну бар;
- Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай,
өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.
Осы сияқты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану
мұғалімнен іскерлікті, педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларды еңбекке даярлаудың түрлі мәселелерімен
таныстырады.
Олар:
а) түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым
тәсілдерін меңгеру;
ә) ауылшаруашылық өсімдіктерін мектеп жанындағы тәжірибе учаскесінде
өсіру;
б) түрлі оқу-көрнекі құралдарын, жөндеу, жаңарту, толықтыру;
в) балаларға таныс кейбір мамандықтар жайында кәсіптік бағдар беру
жұмысын өткізу.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта
болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып
қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсеніойлап отыруы да
мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне – оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйінеді. Оқыту
процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды
мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін
дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым
(еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға
негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік)
түрлері болады.
Сонғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және
оқу танымдық, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділіктер.
қазіргі экономикалық және қоғамдық даму кезеңі тұлғаға жоғары талаптар
қояды:
1) Еңбекті маңызды қоғамдық борыш ретінде бағалай білу;
2) Барлық жұмыс түрлерінің маңыздылығын тану, еңбекті және оның
нәтижесін құрметтей білу;
3) Еңбекте үнемі белсенділік, жаңалық, шығармашылық таныту;
4) Ой-сана және дене күші деңгейіне қарай еңбек ету қажеттілігін іштей
түсіну;
5) Еңбекті ғылыми ұйымдастыру принципіне сүйене жүргізу;
6) Еңбекке адам өмірінің қажеттігі ретінде қарым-қатынас жасау.
Еңбек тәрбиесінде процесінде алған білім ептілік және дағдылардың
негізгі мақсаты немесе педагогикалық істің соңғы жемісі емес, ол тұлғаның
басты қажеттігі – еңбек ету қабілетін дамыту құралы.
Еңбекке үйрету мен оған байланысты оқуды ұйымдастыру формаларын
мұғалім таңдайды. Еңбек сүйікті іске айналуы үшін балаға еңбектің жемісімен
адам болатын қуанышын сезіндіре білу керек. Сол үшін оқу ісін жоғары
сатылап, бірақ қол жететін деңгейде құру керек: істеген еңбегінің
жемістігін түсінген оқушы өз-өзіне сенімі артып, еңбегін мақтаныш ете
бастайды.
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттін бірі –
еңбек. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптастыруына қалайша әсер ететіндігі
жөнінде К.Д.Ушинский “...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер
бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады. Ол адам тәнінің
адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-
ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады”, -
дейді.Мұғалімдер оқушыларды еңбектің кез-келген түріне,оданшығатын
нәтижелерге сый-құрмет көрсету рухында (еңбекке өте ұқыптылықпен қарау,
оның ысырабына жол бермеу, еңбек үстінде болатын барлық берекесіздікке
қарсы аяусыз күресу) тәрбилеп отыру тиіс.
Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесі-баланы жүйелі түрде еңбек
дағдыларына үиретудің бірінші қадамы. Оқушының еңбекке дағдылануы бірден
дамымайды. өйткені бала бірден өзінің еңбек етудегі мақсатын түсіне
қоймайды және одан нәтиже шығарамын деп те ойламайды. Еңбектің адамның
қандай қажетіне жарайтының, оның қоғамдық мәнін бала айқын түсінетін болу
қажет. Еңбек сабағы зейінді тәрбиелеудің де ең жақсы құралы. Өйткені тіпті
кішкентай еңбектің өзі (инені сабақтау) зейінің бір жерге жиналуын,
дәлдікті, күш салуды қажет етеді. Еңбек дағдыларының мардымсыздығы төменгі
сынып оқушыларына тән қасиет. Мұндай жағдайды, мәселен, жазу дағдысын
қалыптастыру кезеңінде де байқауға болады. Ол жазуға бүкіл денесін (аузын
жыбырлату, көзін шүйілту, аяғын тіркеу, мезгіл-мезгіл демалу т.б.)
қатыстырады. Осы жайт еңбекке баулу сабағында да байқалады.
қарапайым еңбек құралдарына (қайшы, ине, жіп, желім, түйрегіш және
т.б.) машықтанған кіші мектеп жасындағы оқушылар бүтіндей күрделі
аспаптармен жұмыс істей алуға біртіндеп үйреніп кетеді. Адамның балғын
кезінде алған еңбектің дағдылары өмір бойына сақталады. Сондықтан төменгі
сыныптарда еңбек дағдыларының әдемі де онтайлы берік болып қалыптасуына
ерекше көңіл бөлу қажет. Егер еңбекке баулу сабағы белгігі жоспармен
педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, балалар оған бар ынтасымен
кірісетін болады. Бастауыш сынып оқушылары көбінесе еңбектің нәтижесінен
гөрі, оның өзіне (қайшымен қағаз қию, инемен тігу т.б.) қатты зейін қояды.
Оларды еңбек “мотивтері” көріне бастайды. Бала нендей зат болса да өз
кәдесіне жаратуды ұнатады. Біраз уақыт бойына баланы еңбек етуге
итермелейтін осындай мотивдерді қолдаған дұрыс. Өйткені бұл оның еңбекке
деген икемділігін, ықыласын арттыра түседі. Бұл кезде еңбектің қоғамдық
мәнің сөзбен айтуға көп бара бермеу керек. Бала заттарды өзім тұтынам деген
ниетпен істейтін болса, оны барынша жақсы жасауға тырысады. Кейін үшінші,
төртінші сыныптарда еңбектегі жеке мотивтер қоғамдық мотивтерге жол бере
бастайды.
Оқушы біртіндеп өз еңбегінің қоғамдық мәнін түсіне бастайды.
Төменгі сынып оқушылары шаршағанына қарамай қимылдайды. Өйткені олар
шамасының келу-келмеуіне қарамастан, іске қызу кіріседі. Көбінесе еңбек
тәртібі сақтала бермейді. Олардың бірі қағаз қиса, екіншісі желімдейді,
үшіншісі тағы бір іспен айналысады. Істелген істің сапасына мән беріп
жатпайды, жаман болсын, жақсы бір зат істеп шығардық деп ойлайды. Бұл –
көбінесе бірінші сынып оқушыларына тән қасиет.
Бастауыш сынып оқушылары еңбекке баулу сабағында еңбек ету арқылы көп
нәрсені үйреніп білетіндігіне көзі жете бастайды. Мәселен, үшінші сыныптағы
балада “осы мен не істей аламын екен?” – деген ой туады да, осыған
байланысты әрекет ету басталады. Оның өзіне-өзінің үнілуі, өзінің қабілетін
сынап көруі - өте құптарлық іс. Егер ол өз қолынан бір нәрсе істеп шығарса,
“ту, мен де істей алады екенмін ғой”, - деп төбесі көкке жеткендей
масаттанады. Бұл оның психолигиясына жағымды әсер етеді. Еңбек
тапсырмаларын орындау кезінде оқушыларды өзін-өзі бақылай білуге үйретудің
маңызы зор екендігі белгілі. өзіне-өзі бақылау жасап, өзіне-өзі есеп беру
еңбек әрекетінде қажетті психологиялық саналардың (жауапкершілік,
инициативалық, дербестік, белсендік, тәртіптік т.б.) қалыптаса түсуіне де
көмектеседі. Бастауыш сынып мұғалімдері сыныпта өтетін еңбекке баулу
сабақтарын қоғамдық пайдалы еңбекпен тығыз ұштастыру арқылы үлкен тәрбиелік
мәні бар жұмыстар істейді. Мәселен, оқушы тіккен кестелі орамалды
халықаралық әйелдер мерекесі күні анасына сыйласа, өз еңбегінің кәдеге
жарағанына қатты риза болып, алдағы уақыттарда бұдан да жақсы істеуге
талпынатын болады. Әрине, мұндай істерге мұғалімдердің ақыл кеңестері керек-
ақ.
Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабағын ұйымдастыру мұғалімнің
методикалық шеберлігін аса қажет етеді. Мысалы, мұғалім оқушыға жөнді талап
қоймайтын болса, бала бұған үйреніп кетеді де еңбек сабағын “демалудың”,
“тыныстаудың” бір түрі деп ойлайтын болады. Сондықтан басқа сабақтарға
қандай талаптар қойылатын болса, еңбек сабағына да сондай талаптар қойылуы
қажет. Мұғалім ең бек сабағының табандылыққа, мақсатқа ұмтылуына, өз
бетімен істеуге талаптанушылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуді басқа “пәндік”
сабақтардан гөрі біраз артықшылығы бар екенін үнемі есінен шығармауы тиіс.
Өйткені оқу мен тәрбиенің егіздігі, бізге әр нәрсенің тәрбиелік жағынан
баса назар аударып отыруды қажет етеді. Мұғалім, сондай-ақ, кейбір
оқушылардың еңбекке “икемсіздігінің” нақтылы қатар, тиісті икемділік пен
дағдыларды қалыптастыруды ойластыруы тиіс.
Еңбек сабақтары оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты қалыптасуына
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еңбек балаларды ұйымшылдық пен тәртіпке,
зейінділік пен бақылағыштылыққа баулиды. Мұғалім еңбек үстінде өзі оқытып,
тәрбиелеп жүрген шәкірттерін жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік алады,
олардың творчестволық мүмкіндіктері мен қабілеттерін еңбекке деген
сүйіспеншілікке қосарластыра дамытатын болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге өте белсенді ақыл-ой әрекеті,
танымдық әрекет – танымдық қажеттіліктен, мақсат танымдық уәж және әрекетті
орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде
оқушыларға танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Е.Б.Ястребова танымдық іс-әрекет ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни
адамның кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен іс-әрекет
тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу практикалық әрекеттерде қолдану деп
түсіндіреді.
Оқу-оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің
логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрлымына оқыту процесінің звенолары
– танымдық іс-әрекеттің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну – жаңа оқу материалын түсінік жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру, бағалау.
Таным міндеті түсінікті болса оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге
тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке жеке дайындалады.
қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың адам
санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен
танысуы түсінікпен, түйсіктен және қабылдаудан басталады.
ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді заңдылықтарды ұғу, фактілерді
жинақтау процесі, қорытынды шығару.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.
Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекеттің бұл
кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін
тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды.
Ойдың талаптандыру мотивтері, таным іс-әрекеті процесімен байланысты.
Іс-әрекеттің барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетінше жауап
беруге тілек білдіреді.
Түрлі психологиялық – педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп
(А.К.Марков, Г.И.Шукина, В.И.Ильина т.б.) мотивтерді екі топқа ажыратуға
болады:
1. танымдық мотивтер:
а) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау
мотивтері;
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері.
2. әлеуметтік мотивтер:
а) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер ( оқуда белсенділік, ынталық,
жауапкершілік және борышын сезіну);
ә) мағынадағы әлеуметтік мотивтер.
б) ынтамақтастық, әлеуметтік мотивтері.
Оқу тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Әлеуметтік мотивтер бұл дүние танымының қалыптасуына, идеялық сенімге
негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі. Осы мотивтерді іске
асыру және оқу жұмысының әлеуметтік мәнін мақсатында мұғалім оқушыларға
сынып және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін, еңбек іс-
әрекетіндегі белсенділікті қажеттігін жете түсіндіре білу керек.
Оқушылар табиғат қоғам заңдылықтарын, адамдардың рухани өмірін сабақ
үстінде де, сабақтан тыс кезде де ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде
танып біледі.
Бұл жағдайда оқушы дайын білімдерге сүйеніп қоймай, өз үшін жаңа
болатын нағыз шын мәнісіндегі жаңа білім ретінде меңгереді. Мұғалім білім
бере отырып балалардың сол білімді алу барысындағы мүмкіндіктерін
зерттейді. қиындықтарды біліп оларды жоюдың жолдарын іздестіреді.
Оқыту – оқушы үшін де, сондай-ақ мұғалім үшін де таным-білім процесі.
Оқу танымдылығы, ғылыми зерттеулер сияқты ақиқат дүниені тану болып
есептеледі.
Психологиялық тұрғыдан танымның алғашқы бастамасы – нақтылы пайымдау.
Оның мақсаты бейнелерді, түсініктерді, дәлелдерді елестету. Нақты
пайымлауда таным сезіну мен түйсік арқылы іске асырылады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің өзіне тән ерекшелігі бар:
1. Таным процесінің ғылымдағы объектісі белгісіз құбылыстар. Оқушылар
оқытуда адамзаттың танымдағы өткен жолын өтейді. Олар ғылымның ашылған
ақиқат жетістіктерін игереді. Ол білімдер кездейсоқтардан тазартылған,
жүйеленген, сенімді. Әрине мұғалім оқушыларды ғылымдағы талас пікірлемен
таныстырады. Яғни, оларды ғылыми ізденістерге ынталандырады.
2. Оқушылардың таным процесі үнемдірек. ғалымдардың, әдіскерлердің,
ұстаздардың көмегімен әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер негізі
іріктеліп алынады.
3. Оқыту процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға
және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлікпен
дағдыларды игеру мен оның байланысы болып табылады.
4. Мектептегі таным процесі тек білім берушілік емес, сонымен бірге
тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады.
5. Оқушылардың таным процестері олардың жастарына сай ұйымдастырылады.
6. Таным процесі мұғалімнің бағыттаушылық ролімен, оқушылармен тығыз өзара
байланыста іске асырылады.
Оқудағы таным процесінің әрбір буыны өзіне тән сапалы белгісі бар
процестер. Сонымен бірге, оның әрқайсысы білімді қабылдауда, оны дамытуда
маңызды роль атқарады.
Жоғарыда айтылған заңдылықтар негізінде педагогтар оқыту процесі екі
жақтылықпен сипатталады деген пікірді бәріде мақұлдайды.
Бұл туралы қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сінген қайраткер,
профессор Р.Г.Лемберг тек қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД
Республикаларына және басқа да шетел ғалымдарына танымал болған педагогика
ғылымының дамуына, әсіресе дидактика теориясына зор үлес қосқан тәрбие-
білім берудің жаңа идеясын ашқан ғалым-педагог өзінің күрделі еңбектерінің
бірі “Дидактические очерки” кітабында оқыту процесінің психологиялық-
педагогикалық теориялық мәнін ашқан.
Ол туралы кітабынан үзінді келтіреміз: Оқыту процесі мұғалімнің басшылық
және оқушының танымдық іс-әрекетімен айқындалады.
Оқушы оқу бағдарламасының мазмұнына сай танымдық әрекеттер
жүргізеді, байқайды, түсініктемені тыңдайды, кітаппен жұмыс істейді, мектеп
шеберханасындағы еңбекке қатысады.
Ал мұғалім осы іс-әрекеттердің бәріне басшылық жасайды, оқушыларға
білімді хабарлайды, білімді қабылдаудың, меңгерудің амалдарын, тәсілдерін
көрсетеді.
Сонымен қатар оқушылардың әрбір іс-әрекеттерін бағыттайды, реттеп,
түзетулер жасап, ескертулер айтып және бақылау жүргізіп есепке алып
отырады.
§1.2 ұлттық қолөнер арқылы жасындағы оқушылардың танымдық белсенділіктері
мен шығармашылық қабілеттерін арттырудың мәні.
Еңбек әсемдік қабылдауды үйреніп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем
береді.
Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі,
сұлулығы ерекше көрсетіледі. Оқушылар алдында ашық көрінісберген еңбек
әсемдігі. Ол еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекеттің процесін
жеңілдетеді.
Еңбекке тәрбиелеу – адамдарға әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін
танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларын әсемдікті өмірден, ұлттық қолөнерден,еңбек
іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйреніп қана
қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемділікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Мұғалімнің еңбекке баулу сабағын өткізудегі көздейтін басты мақсаты –
ең алдымен оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу.
Еңбекке баулу жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттырудағы орасан зор негіз болып
табылады.
қазіргі заман ағымына қарай балаларға еңбекке баулу сабағында
экономикалық, экологиялық, эстетикалық білім беру басты міндет болып
табылады.
ғылым, білім, өнер, әдебиет салаларында болсын, ауыр және жеңіл
өнеркәсібі, ауылшаруашылық салаларында болсын елге есімдері әйгілі
қайраткерлеріміздің қай-қайсысы болмасын қажырлы еңбектің арқасында осы
дәрежеге жетіп отыр. Сондықтан, қандай іс болмасын оны бастамас бұрын адам
өз бойындағы қасиеттері мен қабілеттерін еңбек арқылы көрсетіп, оның
рахатына бөленетінін мектеп табалдырығынан бастап біліп өсуі қажет.
Мұғалімнің бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабағын оқылуы еңбекке
тәрбиелеу жұмысының негізі болып табылады. Білім беру, тәрбиелеу және
балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алдына қояр басты
мақсаты болып табылады. Басқа сабаққа қарағанда еңбекке баулу сабағының
өзіндік ерекшелігі бар. Ол сабақтың ең негізгі уақытының сарамандық жұмысқа
бөлінетіндігі. Ал сарамандық жұмыстың негізгі қоғамдық – пайдалы жұмысты
бағытталған. Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар дайындаған бұйымдар
мектепте, отбасында, бала-бақшада кеңінен қолданылып, кәдеге асып отырғаны
жан-жақты пайдалы болмақ. Біріншіден, баланың өз қолынан шыққан дүниенің
іске асуы олардың өз мүмкіндіктеріне дейтін сенімін арттырып, ынталандыра
түседі. Мұғалім осы жағына баса назар аударып отыруы тиіс. Екіншіден,
үлкендердің балаға бір жұмыс тапсырған кезде “істегенің – бізге, үйренгенің
- өзіне жақсы” дейтіндеріндей, біткен іс қашанда пайдалы болмақ.
Сонымен қатар кесетін, тесетін өткір де үшкір құралдармен жұмыс
жасаған кезде мұғалімнің техникалық қауіпсіздік ережесін үнемі ескертіп,
айтып отыруы шарт.
Әр бұйымға арнайы құрастырылған жұмыстың дидактикалық материалы болуы
керек.
Сабақтың мазмұнының өз балаларды өзінен үлкен адамның еңбегін бағалай
білуге, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, олардың
эстетикалық талғамы мен еңбек мәдениетінің арта түсуіне жәрдемдеседі.
Еңбекке баулу сабағы мұғалімнің өзінің жан-жақты болуын, оқыту
әдісінің әртүрлі болуын, бұл пәнді де басқа сабақтармен байланыстыра отырып
оқытуды талап етеді.
Еңбекке баулу сабағының құрылымы оның мақсатымен, тақырыбымен,
мазмұнымен, балалардың білімінің даму деңгейімен және мектептің жағдайына
байланысты анықталады. Кенірек таралған сабақ беру құрылымы, бастапқы төрт
кезеңнен тұрады:
1. ұйымдастыру кезеңі
2. жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
3. сарамандық жұмыс
4. жұмысты бағалау және талдау жасау кезеңі.
Оқушылардың шығармашылық өнері сарамандық жұмыс кезінде айқындалады.
Олар еңбек өнімін құрастырып, бағдарлап, жұмысын орның ретімен әзірлеп
технологиялық операцияларды жүргізіп, өзін-өзі сынайды.
Оқушының өзіндік шығармашылық жұмысына берілген тапсырма барлық
оқушыларды қызықтыратын деңгейге жеткен жағдайда ғана іске асады.
Әр сабақтағы жаңа тапсырма алдындағы сабақтың кейбір элементтерін
қайталай отырып, келесі бір жаңа дүниені жасауға жетелеуге тиіс. Сонымен,
сарамандық жұмыс кезінде әр сабақ жаңа білім мен білгірлік еңгізіле отырып
ұйымдастырылады. Сарамандық жұмыстың негізгі бағыты ол оқушылардың
шығармашылық жұмысын сынып, мектеп көрмелерінде көрсету, жарыстарға
қатыстыру болып табылады. Сонда ғана балалардың еңбекке деген ынтасы
қабілеті артып, адам мұғалім де нәтиже көріп отырады.
Кейбір мұғалімдер теориялық еңбекке онша көңіл бөлмей, тек бұйым
жасаумен, яғни оның техникалық орындалуымен ғана қанағаттанады.
Оқушылар бұйым жасаудың алдында сабаққа керекті құрал-жабдықтарды
жұмыс орындарына қойып дайындайды.
Алдымен бұйымның бөлшектері жеке-жеке жасалады бүктейді, қаттайды,
қияды, өлшейді, сызады, желімдейді. Содан кейін жеке бөлшектер бір-біріне
біріктіріліп, қиюластырып, тұтас бұйым құрастырылады. Одан кейін ол боялып,
кем-кетігі түзетіліп, жұмыс аяқталады.
Бұл ретте оқушылардың ой-өрісін дамыту бағытында істелетін жұмыстарды
олардың өздері жоспарлайды.
- жасалатын бұйымның құрылымын жақсы түсініп, алдымен көз алдына
елестетеді;
- жұмыстың белгілі тәртіпте жасалу жолдарын анықтайды;
- көрнекі құралдар арқылы қолданылатын материалдардың, құралдардың
ерекшеліктерін біледі.
Бұйым материалдарды өңдеу арқылы жасалатынын олар жақсы түсініп,
материалдардың түрлері мен ерекшеліктерін біледі.
- қағаз және қатырмақағазды бүктеу, қаттау, қию, желімдеп біріктіру,
матаны жіппен тігу, табиғи материалдарды бізбен тесіп, желімдеп,
сымтемірді қолданып құрастыру; техникалық үлгі жасау, түрлі
геометриалық қиындыларды біріктіру, ермексаз бен сазбалшықты илеп,
жұмысқа дайындау, бөлшектеу және мүсіндеу әдістерін қолдану арқылы
түрлі бұйымдар жасалады.
қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды
күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай
түрі болса да халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн
көрісімен, кәсібімен тығыз байланыста екенін көреміз.
қазақтың қолөнері тұрмыстағы, яғни өткен тарихи кезеңдердегі көшпелі
тұрмыс-салтқа бағытталған өмірдегі қолданысқа түсіп отырған бұйымдар,
заттар, киім-кешек, қару-жарақ, үй жиһаздары, ер-тұрман әбзелдері т.с.с.
Сәндік – қолданбалы бұйымдарды жасау, танысу және оларды келешек ұрпаққа
жеткізу міндеттерін шешіп отырады. Сонымен бірге ұлттық сан мен талғамды
толықтырып балалардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелейді. Сәулет өнері,
мүсін өнерлерінде қолөнердің қонымды мәнерлері, әдістері қолданылады.
қазақтың қолөнері - өмір сүру қажеттілігінен және қазақтың ұлттық
талғамының, дәстүрлерінің тоғысуынан туындаған өнері. Мал шаруашылығына
қажетті желі, шылбыр, ноқта, жүген, құрық, тұсамыс, ер-тұрманды қазақ
даналығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz