Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Бөлім. Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен
өткізудің өзіндік ерекшеліктері
1.1. Еңбекке баулу пәнін оқытудың негізгі
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарына қойылатын талаптар
және көрнекілікті оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 10

ІІ. Бөлім. Еңбекке баулу сабақтарында қағаз, қатырма қағазбен, бүктеу, қию
тәсілдерін үйретуде шеберлік дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.1. Қағаз және картонмен жұмыс істеу конструкциясын меңгеруде қию, бүктеу
жұмыстарындағы іс - әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 19
2.2. Қатырма қағазбен жұмыс жасауда жаңа технологияларды қолданудағы әдіс –
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

Кіріспе
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды
қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып
дамытуға жаңа жол ашуда.
Білім беру ісінде ұстаз - басты әрі шешуші тұлға бұстаздың сапалылығы,
білімдарлығы, абырой - беделі оның шәкіртінен көрінеді. Шәкірттің жақсы
болмағы ұстазынан деп тегін айтпаған. Халық ұстаз ұғымы мағынасы кең мәні
түпкі тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына білімнің қажеттігі сол білімді
таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігінен бірдей маңызға ие болған.
Қазақстан Республикасының Білім министірлігі бекіткен оқу жоспарына
сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие
беріледі. Ол оқушының білімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты
мектептен тыс мекемелерде одан әрі кеңейтіліп кәсіптік бағдар беріледі.
Оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы - сабақ. Онда мұғалім
белгіленген уақытқа сай оқушылармен бірлесе отырып мақсаты бар оқу тәрбие
мәселесін шешеді. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру
сабағы, біліктілікке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы, білімді қорыту
және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ,
лекция сабақ, сұрақ-жауап сабақ т.б.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Бейнелеу өнері” пәнінің негізгі
функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабілетінің дамуына себептесетін оларға
көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Білім берудің
алғашқы кезеңінде композиция құрастыру кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы
өнер бойыцнша білім, білік дағдыларының негізі қаланады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негігі мақсаты
- оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық
қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды - құндылық
тәжірибелерін тереңдетіп, байыту болып табылады.
Курстық жобаның мақсаты: Еңбекке баулу сабақтарында қағазбен жұмыс
жасауда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану.
Зерттеу міндеттері:1.Қағаз бен жұмыс жасаудың мазмұнын айқындап, қию,
бүктеу жұмыстарын құрастыру.
2. Еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану жолдарын
зерттеу.
3. Ұжымдық технология арқылы еңбекке баулу пәнін оқыту әдістерін
қарастыру.
Зерттеу объектісі: Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыстар.

Зерттеу пәні: Еңбекке баулу әдістемесімен.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, суреттер,
аппликациялық жұмыстар, программалық көріністер.
Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бөлім. Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен
өткізудің өзіндік ерекшеліктері.
1. Еңбекке баулу пәнін оқытудың негізгі міндеттері.
Тәуелсіздік алып, егемен ел болуымыздың арқасында қазақ тілінің
мәртебесі өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып
жарияланды. Осыған орай, Республикамызда ғылыми, мәдениет, білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, қазіргі талапқа сай қайта жүйелеп кемелдендіру жөнінде
біршама жұмыстар атқарылуда. Білім берудің парадигмасы өзгеріп, мазмұны
жаңарып жаңаша көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет (діл)
пайда болуда. Үкімет тарапынан білім беру саласындағы оқу орындары мен
мектептерде өтілетін барлық пәндер сұрыпталып, мемлекеттік білім беру
стандарты бойынша Білім заңының тұжырымдамалары қайта жасалуда.
Еліміздегі педагогикалық институттар қайта құрылуда. Олар көп жылдан бері
мұғалімдер даярлап келеді.
Егер Қазақстанда мұғалімдер даярлайтын оқу орны алғаш рет Ырғызда ашылып
жұмыс істеген болса, қазір әрбір қалада мұғалімдер даярланады. Еңбек
тәрбиесіне көңіл бөлініп жастарды еңбек етуге бейімді етіп дайындауға ат
салысып, өз ұрпағының келешегін ойлаған қазақ елінің алғашқы ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин болатын. Осы дәстүр бойынша елімізде бүгінге дейін
мектептерде өтілетін пәндердің ішіндегі негізгі пәннің бірі еңбекке баулу
сабағы болып саналады. Қазақстанда қазақ мектептері жыл сайын көбейіп,
мектеп реформасының жаңа өмірден туған талаптары айқындалуда.
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі – балаларды
негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың
еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу.
Бұл проблемаларды шешуде басқа пәндерге қарағанда еңбекке баулу пәнінің
мұғалімдерінің мүмкіндіктері молырақ. Өйткені еңбекке баулу пәнінің өзі
халық шаруашылығы салаларының барлығын қамтитын негізгі білімдер беруді
қажет етеді.
Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің
кеңеюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негізделуіне әсерін тигізу
үшін біріншіден, еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси
сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең
әрі жан-жақты болуы шарт.
Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып
жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Осы
талаптарды орындай білу үшін мұғалімнің өзі сабақ беретін пәнінің әдіс-
тәсілдерін, еңбекті ұйымдастыру формаларын, сабақтың оқу мақсаты мен
мазмұнын толық меңгере білуі тиіс. Еңбекке баулу пәнінің міндеті – осы
мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін
орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу
сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын игеру.
Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болғанымен оқу материалының ауқымы
көлемді. Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі және оның практикумының курсы
бойынша өтілетін негізгі тақырыптар.
1. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабағының негізгі міндеті мен
мақсаты.
2. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабағының кабинетін ұйымдастыру
талаптары.
3. Оқу-тәрбие жұмысының барысында өтілетін еңбек сабағының негізгі
бағыттары. Еңбек бөлімінің мазмұндары.
4. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтары бойынша бағдарламаның
құрылымы.
5. Еңбекке баулу сабағына қойылатын әдістемелік, педагогикалық,
дидактикалық талаптар.
6. Шағын жасақталған мектептердегі еңбек сабақтарын ұйымдастыру формалары.
7. Топтасып серуендеу сабақтарын ұйымдастыру формалары.
8. Еңбекке баулу пәнінің ерекшелігі. Пәннің басқа пәндермен өзара
байланысы.
9. Бастауыш мектеп оқушыларының біліміне, біліктілігіне және дағдысына
қойылатын негізгі талаптар.
10. Сабаққа қойылатын талаптар, сабақ түрлері және олардың құрылымы.
11. Сабақтың жаңа түрлері туралы түсініктер.
12. Сабақтарды әдістемелік талдау. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың
үзіндісін әзірлеу. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу.
13. Еңбекке баулу сабақтары бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
14. Еңбек сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары.
15. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.
16. Күнтізбелік тақырыптық жоспарды құру талаптары.
17. Еңбек сабағынан тест сұрақтарын құру т.б. тақырыптар қарастырылған.

Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу пәнінің негізгі
міндеттері.
Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке ынтасын, сабаққа
ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор
негіз болып табылады. Қазіргі таңда заман талабына қарай бастауыш сынып
мұғалімдері оқушыларды ізгілікке, имандылыққа баулумен қатар оқушылардың
эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, экономикалық білімдер беру,
оқушылардың еңбекке қызығушылықтарын ояту, оқушылардың мінез-құлықтарын
қалыптастыру міндеттері жүктеледі. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке
баулу сабағында оқушыларға еңбек етудің алғы-шарттарын үйрету арқылы
оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Адамдардың ең
бірінші өмірлік қажеттілігі – еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек
қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл
қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған
жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек.
Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда
өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі
екені ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері,
мүмкіндіктері біркелкі болып келеді.
Еңбек сабағы – мектеп оқушыларына жай ғана білім алып қана қоймай, ең
бастысы оқушыларды ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы
болып келеді.
Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында керек қабілеттері,
дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық
сауаттылықтары арта түседі.Баланың ақыл-ой жүйесінің дамуына септігін
тигізіп, оқушылар еңбек мәдениетіне қалыптасады. Оқушылар сабақтар
барысында 1-сыныптан бастап кез келген нәрсенің бейнесін, бұйымның сызбасын
талдай білуді және өлшем бойынша, өз бетінше қағаздан, табиғи әртүрлі
материалдардан бұйымдарды дайындай білуге қалыптаса бастайды.
Берілетін тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым
жұмыстардан бастап біртіндеп күрделене отырылып беріледі. Әрине, бұл
кезеңдер алғашқы кезде оқушыларға оңайға соқпайтыны белгілі. Орындайтын
тапсырмалар оқушыларды жалықтырмайтындай болып қызықты, маңызды
тапсырмалармен қамтылып, тапсырманың оқу мақсаты айқын болуы тиіс.
Мұндай тапсырмаларды орындап, оны үйрету үшін бастауыш сынып
мұғалімдерінің өзінің техникалық сауаттылығы мол болуы тиіс екендігін
жоғарыда айтылған.
Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбек сүйгіштік қабілеттері дами
түсіп, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы
түсініктері кеңейе түседі.

Еңбек тәрбиесінің рөлі.
Еңбекке баулу пәнінің рөлі жөнінде, даму тарихы туралы мәліметтерге
сүйенсек, баланы еңбекке тәрбиелеу – қоғаммен тығыз байланысты болып
келеді. Жазу, сызу болмаған тайпалық дәуірдің өзінде де өз ұрпағын өмірге
бейімдеп тәрбиелеу, оларды отбасында еңбекке, қолөнерге, аңшылыққа үйрету
дәстүрі халық өмірінен өзекті орын алғаны белгілі.
Мұндай деректер ҮІ-ҮІІІ ғасырда қазақ даласында өмір сүрген жартылай
отаршылдық тайпаларда ұсташылдық, зергерлік, ағаш өңдеу, қыш бұйымдарынан
тұрмыстық бұйымдар жасау, теріден түрлі үй бұйымдарын дайындау, мал жүнінен
киіз басу, текемет басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, мал терілерінен
таспа өру, тілу, қамшы өру, жіп иіру, иірілген жіптерден шекпен тоқу,
тіптен тастан адам бейнесін қашап мүсіндеу өнерінің болғандығымен
дәлелденген. Демек өнердің барлығы юаланың бойында ерте бастан-ақ өмір сүру
үшін өнерге бейімделуіне ықпалын тигізіп отырған. Халықтың осындай ықылым
заманнан бері қалыптасқан тәлім-тәрбиесі, ананың ақ сүтімен қоса беріліп
келсе, өнегелі тәлім тәрбиеге ұл баланы - әкесі, қыз баланы – шешесі өмірге
бейімдеп отырған. Әрбір дәуірде өмір сүрген ойшылдар мен ғалымдар, бері
келе педагог ғалымдар еңбек тәрбиесіне назар аудармай қойған жоқ.
Мысалы: 1900-1901 жылдары алғашқы рет қолөнер мен сызу пәнінен еңбекке
үйрету бағдарламасы дайындалып, одан бері алғашқы рет орыс іліндегі
оқулықтар ұсынылып келді. Кеңістік одақ кезеңінде, әсіресе, 1930-1960 жыл
арасында үкімет тарапынан мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде еңбекке
баулу сабақтарына біршама назар аударылып отырылды.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту жұмыстарын оқу
орындарымен, мектептерде еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ үкімет
тарапынан көңіл бөліне бастады. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес
ұлттық бағдарлама, төл оқулықтар дайындалып еңбек сабақтары бұрынғыдай
шеткері қалмай, қажетті пән ретінде танылуда.
Бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық
қолөнеріне бейімдеу, тәрбиелеумен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілері
ұлттық нақышта дайындалумен қатар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын
арттыру көзделген.

2. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарына қойылатын талаптар
және көрнекілікті оқыту әдісі.
Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың
орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен, еңбек
жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар
алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады.
Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай
білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі
болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы
бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта
түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылының бас кезінде әрбір
жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама
талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек
сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға
ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай
білуі тиіс.
Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының
тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды
орындай білуі керек.
Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде
өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай
білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың
жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Сабақ-мұғалім,
күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-
тәрбие процесінің негізгі саласы, деген Сухомлинский. Сабақта мұғалімнің
жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы
Сухомлинский былай деп жазған: Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық
мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің,
білімдарлығының көрсеткіші.
Жалпы білім беретін орта мектептердегі қазіргі сабаққа қойылатын
негізгі талаптар:
1. Әрбір өтілетін сабақтың мақсаты, мазмұны, жоспары және оның құрылымы
алдын ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұғынымды,
түсінікті болу керек.
3. Сабақтың мазмұны еңбекке баулу пәнінің бағдарламасына сәйкес болуы және
әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы шарт.
4. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың
құрылымы мен әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, көрнекі құралдарды тиімді қолдана
білу.
5. Сабақта оқушылардың таным белсенділігін арттыру үшін, проблемалық
ахуалдар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға
қалыптастыру керек.
Сабақ – оқыту қағидаларының ережелері мен талаптарына сәйкес, бұл
орайда Жүсіпбек Аймауыовтың мұғалімге сабаққа байланысты берген төмендегі
бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
1. Жаңа сабақ туралы баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру.
2. Қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты
нәрселерді ғана сөйлеп үйрету.
3. Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану.
4. Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталанып,
өзгені де қызықтыру.

Еңбек сабағының негізгі мақсаты
1. Оқушылардың еңбек адамдарына көзқарасын қалыптастыру (адал еңбек ете
білу, еңбекті сүйе білу, адам еңбектерін құрметтей білу).
2. Еңбек шеберліктерін арттырып оқушыларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу,
өзінің және жолдастарының жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыра білу.
3. Еңбек сабақтарында оқушылардың ой-өрістерін дамытып оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру,
оқушылардың сұлулыққа әуестік сезімін ояту.
4. Сабақтар барысында құрастырушылық, шеберліктерін, іскерлік қабілеттерін
арттыруға, ауылшаруашылық сабақтарда өсімдіктерді өсіру, күте білуге, егін
шаруашылығымен мал шаруашылығы туралы, қоғамдық пайдалы еңбектің түрлері
туралы жалпы мағлұматтар алу.
5. Еңбектің қарапайым құрал-саймандарымен жұмыс істей білуге үйрету
(кесетін, жонатын, тесетін, соғатын, қырқатын т.б).
Бұл аталған еңбек сабағының негізгі 5 талабы күнделікті сабақ барысында
сабақтың тақырыбына, сабақтың мақсатына байланысты болып мұғалімнің үнемі
жадында сақталуы тиіс.

Еңбек сабағының мұғалімдеріне қойылатын талаптар
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде оқушы қиялына қозғау
салып, қанат бітіру, ой-өрістерін дамыту, білім аясын кеңейту – жастарға
білім берудің алғышарты. Өйткені, қиялы қарыштамаған оқушының білімді еркін
меңгеруі мүмкін емес. Ал жастарды жан-жақты етіп, білімді, мәдениетті, ой
жүйесінің қазіргі заманға сай етіп тәрбиелеп шығару ұстаздың ұлағаттығында,
білім өрісіне, түсінігінің тереңдігіне және мұғалімнің өз мамандығына деген
сүйіспеншілігіне байланысты.
Қазіргі таңда қоғам жедел даму үстінде, әрбір өндіріс орындары
шетелдік құралдармен жабдықталып күн санап өркендей түсуде. Өнім шығаратын
құрал-жабдықтарды жаңа технологиямен қамтамасыз етіп мамандарды даярлау
бүгінгі күннің басты міндеті. Сол себептен еңбек сабағының мұғалімдерінің
өндіріс салалары туралы хабардар болып өз шәкірттеріне білімдерін жеткізе
білу шарт.
Біріншіден, еңбек сабағының мұғалімі өзінің мамандығын сүйе білу
қажет.
Екіншіден, еңбек пәнінің мұғалімінің техникалық сауаттылығы жоғары
дәрежеде болып өндіріс, ғылым саласында түсінігі мол болуы тиіс.
Үшіншіден, еңбек пәнінің мұғалімі оқу рпоцесіндегі педагогикалық,
дидактикалық, қағидаларды сақтай отырып білімін өз шәкірттеріне үйрете
білуі тиіс.
Төртіншіден, еңбекке баулу сабағының мұғалімдері педагогикалық
шеберлігін шыңдай түсіп, білім деңгейін көтеріп отыру керек.
Бұл талаптар мен бірге еңбек пәнінің мұғалімдері техникалық еңбек,
көркем еңбек, ауылшаруашылық еңбек, өзіне-өзі қызмет ету еңбегінің оқу
материалының мазмұнына байланысты өтілетін сабақты ұйымдастыра біліп әрбір
сабақтың тәрбиелік мәні жоғары болуы тиіс.
Осы талаптарды орындау үшін бастауыш сынып мұғалімдері тек
оқулықтармен шектеліп қана қоймай, қосымша әдістемелік, техникалық
кітаптарды, журналдарды, басқа да техника, ғылым саласындағы әдебиеттерді
кеңінен қолдана білу қажет. Бастауыш сынып мұғалімдері кез-келген жағдайда
оқу бағдарламасынан тыс оқушы сұрақтарына дайын болуы шарт.

Көрнекілік оқыту әдісі.
Бастауыш сыныптарда оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және есте
сақтау қабілеттерінің, еңбек қимылдарының төмендігін ескере отырып,
көрнекілікпен оқытуды оқушылар қатты талап етеді. Сондықтан көрнекілік
оқыту тәсілдерінің маңызы зор болып саналынады. Қарапайым материалды
көрнекілік құралынсыз түсіндіріп, ал керісінше күрделі материалды
көрнекілік құралымен түсіндірсек, қайсысы оқушылардың қабылдауы үшін
жеңілірек болатындығын айқындаймыз.
Демек, көрнекілікпен өтілген сабақ барлық уақытта сапалы болып
өтілетіндігі белгілі. Көрнекі көрсету деген – жасайтын заттың нақты
бейнесін, көрінісін, құрылысын толық көрсетуді айтамыз. Барлық көрнекі
құралдар негізінен 3 топқа бөлінеді.
1. Көрнекі құралдардың табиғи түрі;
2. Көрнекі құралдардың бейнеленген түрі;
3. Көрнекі құралдардың техникалық түрі.
Көрнекілік оқыту әдістеріне енетін тәсілдерінің түрлеріне
1. Дайын заттардың үлгісін, моделін, макетін қолдану тәсілі
2. Жаздық үлгідегі көрнекі құралдардың қолдану тәсілдері;
3. Диафильм, кинофильм үзінділерін және бейне таспаларды демонстрациялап
көрсету әдістері;
4. Теледидар сабақтарын ұйымдастыру, телехабарларды қолдану әдістері;
5. Топсеруен (саяхат) сабақтарын ұйымдастыру тәсілі;
6. Кітаппен жұмыс жасау тәсілдері.

1. Бастауыш сынып оқушыларымен тапсырманы орындау үшін алдыменен
орындайтын жұмыстың мазмұнымен толық танысып, соңынан тапсырманың
өлшемдерін анықтай отырып бұйымның бөліктерін материалына қарай талдау
арқылы түсіндіріледі. Бұл жерде қаншалықты түсіндіргенімен, оқушылар үшін
түсінікті болу үшін нақты бұйымның моделі, үлгісі қажет етіледі.
Бастауыш сынып оқушылары дайындайтын бұйымды өз көздерімен көруге,
ұстауға құштар болады. Сондықтан модельдердің, макеттердің, бұйымның
өзіндік рөлі зор болып есептеледі.
2. Кез келген бұйымды, модельді, макетті дайындау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Пәндер