Туркия республикасының құрылуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 3-8

І тарау Туркия республикасының құрылуы

  1. Туркия демократияның даму жолында және ондағы Ататүріктің рөлі. . 9-16
  2. Тұрғұт Өзал тұсында Туркиядағы саяси-экономикалық даму . . . 17-26

ІІ тарау Еуропалық Одақтың құрылуының алғышарттары

2. 1 Еуропалық Одақтың құрылуының саяси және экономикалық мақсаттары . . . 27-31

2. 2 Еуропалық Одақтың шығыс саясаты . . . 32-35

ІІІ тарау ЕО және Туркия

3. 1 Туркияның Еуропалық Одаққа кіру мақсаттары мен мүдделері…. . 36-39

3. 2 Туркияның ЕО кіру перспективасы . . . 40-46

Қорытынды47

Пайдаланылған әдебиеттер48-49

Кіріспе

Мәселенің өзектілігі. Қазіргі таңда отандық тарих ғылым саласында бауырлас мемлекеттердің тарихын зерттеу қарқыны түсті. Соның бірі Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған Түркия Республикасы болып келеді.

Түркия Республикасы 40 жылдан астам Еуропалық Одақ елдерімен үйлесімді ырықтануды мақсат тұтып келеді. Алғаш Түркияның Еуропалық Одақпен байланысы 1959 жылдың 13 шілдесінен басталады. Онда Түркия Еуропалық Экономикалық Одаққа қосылуға өтініш білдірген. Содан бері Түркия Еуроодаққа қосылуға нақты қадамдар жасауда. Бірақ Еуропалық Одақ елдері әрдайым Түркияны қоспауға бір себеп табуда.

Ресми үгіт бойынша Түркияның Еуропалық Одаққа кіруге кедергілер азаматтардың құқықтарының шектелуі, демократиялық қағидалардың сақталмауы болып табылады. Бірақ бәрімізге белгілі нағыз себеп мұсұлмандық Түркия мен християндық Батыс Еуропаның кейбір фундаменталды ерекшеліктеріне байланысты. Түркияның қосылуы Еуропалық Одақтың геосаяси жағдайын күрт өзгертіп жібереді. Бұл жағдайда ЕО Таяу Шығыс, Кавказ және Орталық Азия сияқты тұрақсыз көршілер табады. Бір жағынан Түркияны ЕО қабылдамау Түркияға да, ЕО-ға да ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда Ататүрік негізін қалаған зайырлы мемлекет негізі құлап, Еуропаның өзінде ислам фундаментализімінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде ЕО-тың геосаяси жағдайы нашарлайды. [1]

Ислам Түркияның Еуропалық Одаққа қабылдануда басты кедергі болып отыр. Көптеген саясаткерлердің, аналитиктердің айтуынша дін Түркия мен Еуропа арасында өтпес қамал болуда. Еуропалықтар Түркияны ЕО қабылдаған жағдайда Еуропада исламдық элементтің күшейетінінен қорқады.

Мұнан басқада Түркияның Еуропалық Одаққа кіру жолында бірталай қиындықтар бар. Атап айтар болсақ Түркиядағы шешілмеген күрд мәселесі. Мұны Еуроодақ Түркияға қысым жасау үшін қолдануда. Әрине олар күрдтерге жаны ашығаннан емес, тек өз мүдделері үшін.

Әскерилер Түркияда үлкен беделге ие. Ал бұлар Батыспен ырықтануға қарсы болып отырады және жақын арада әскерилердің беделінің түсіп кетуін күтуге болмайды.

Еуропа елдерінің мемлекет басшыларының және қарапайым халықтың да бұл мәселеге қатысты қарсылығын да Түркияның Еуропалық Одаққа қосылуына кері әсер ететіні анық.

Түркияның Еуроодаққа қосылуы экономикалық жағынан мүмкін ба? Түркияның экономикасы елеулі жетістіктерге қарамастан, тұрақсыз болып қалуда. Ауыл шаруашылығының дағдарысы, аймақтық арақашықтық және үлкен қарыз Түркия пайдасына болмайтыны анық. 1993 жылы Копенгагенде Еуропалық Одаққа қосылу критерийлерінде қоятын бір талабы - нарықтық экономиканың болуы. 2005 жылы ЕО Түркияға мұндай статус берді. Бірақ бұл да нақты кепіл бола алмайды.

Қазіргі уақытта Еуропада жұмыссыздық өсуде. Ал Туркияның қосылған жағдайында бұл елден көптеген арзан жұмыс күші келеді, ал бұл жағдайды ушықтырып жіберу мүмкін.

Түркия болса Еуропалық Одаққа қосылудағы мақсаты және күтетіні экономикалық пайдаға, өсіміне және демократиялық негіздердің тұрақталуына қол жеткізу және халықтың көп бөлігі елдің Еуропалық Одаққа қосылу ниетін жақтайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа байланысты зрттелу деңгейі үшке бөліп қарастырамыз:

  1. Қазақ ғалымдарының зерттеулері;
  2. Түрік ғалымдарының зерттеулері;
  3. Орыс ғалымдарының зерттеулері.

Ататүрік жайлы еңбек 1998 жылы шыққан Срайыл Смайылдың «Ататүрік» кітабін атауға болады. Автор қазақ-түрік байланыстарына тоқталып, Н. Назарбаевтың мына сөзін келтіреді: «Анадолыда түрік мемлекетің құрған ұлы бабамыз Мұстафа Кемал Ататүрікке тағзым ету бізге зор парыз және кұрмет. Ататүрік жолымен түрік елдерінің ынтымағы нығайсын, қазақ-түрік достығы жасасын» деді. Кітапта Ататүріктің өмірбаяны, әскери қызметі, сондай-ақ, жаңа мемлекет құру жолындағы ұлы істері туралы сөз болады.

Н. Имашованың «Мәдениет және білім беру саласындағы қазақ-түрік байланыстарын даму тарихы» кітабында екі туыс ел - тәуелсіз Қазақстан мен Түркия арасында мәдениет, білім бері және ғылым салаларындағы байланыстардың орнауы мен даму барысы, әр сала бойынша даму ерекшеліктері мен нығаю жолындағы проблемалар қарастырылған.

К. Аманжоловтың 1999 жылы шыққан «Түркі халықтарының тарихы» атты кітабы Түркия тарихы жасты мағлұматтар береді. Атап айтар болсақ, кітаптің IX тарауында Түркияның Республика болып қалыптасуын, Ататүріктің қызметі, оның нақыл сөздері жайлы айтылады.

Қазақстанда ЕО туралы 2004 ж. Алматыдан шыққан Ж. Ибраевтың және М. Галимовтың «Восемнадцать лекций о Европейской Конституционной идее» атты еңбегі бар. Кітапта Еуропалық Конституцияға талдау жасалынады. Мұнда Еуропалық Конституцияның демократия рухында жасалғаны, демократия негізінде құрастырылғаны жайлы ой қозғалады. Және осыған орай толық негізде ЕО демократия экспортері ретінде қарастырады.

2003 жылы Әл-Фараби ҚазҰУ-нің бір топ оқытушы-профессорлары шығарған «Анатомия Европейской интеграции» атты кітапта Еуропалық одақтың құрылу алғышарттарына, тарихына, экономикалық және саяси ырықтану процестеріне ерекше көңіл бөлінген. ЕО-тың түрлі ұйымдарына, қауіпсіздік саясатына да тоқталып өткен. Кітаптың соңғы бөлігінде ЕО-тың Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қытай сияқты елдермен қарым-қатынасы сияқты мағлұматтар жан-жақты берілген.

Сонымен қатар Қазақстанда газет-журналдарда осы тақырыпқа біраз материалдар бар. «Континент» журналында шыққан Жанар Мансурованың «Несбыточная мечта Анкары» атты мақаласында осы тақырыпқа тікелей қатысты. Евгений Пастуховтың осы журналда «Европа в осаде» мақаласы да Түркияның Еуропалық Одаққа қосылу проблемаларына тоқталған.

Тұрғұт Өзал жайында да газет-журналдарда материалдар жарық көрген. Шәкизада Құттаяқовтың 1993 жылы шыққан «Қазақстан-Заман» газетінде «Өрлеу өткелдері» мақаласы Тұрғұт Өзал хақында жазылған. Осы газетте 2002 жылы жарық көрген «Түркі әлемінің заңғар тұлғасы» мақалада Тұрғұт Өзал жайында ой қозғалады. Сонымен қатар бұл газетте «Ататүрік және тәуелсіз түркия» мақаласы «Ататүрік» атты мақаласы.

Жалпы Түркияда Ататүрік жайлы өте көп еңбектер, кітаптар шыққан. Атап айтар болсақ Орхан Дундирдің «Ататүрік» кітабы, Мехмет Гөнлібол мен Жем сардың «Ататүрік және Түркияның сыртқы саясаты» атты кітабы және Билал М. Шамшыр дайындаған «Ататүрік және өзге мемлекеттер басшылары» кітабы және т. б.

Түрік зерттеушілерінің Түркия мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасы жайлы зерттеулер жасаған.

Тамыз айы 2005 жылы шыққан доктор Мурад Қаяжан мен Нұрай Алқан бұл жайлы «Türkıede Beşerı Sermayenın Economık Değerı ve Avrupa Bırlıgı Ülkelerı ıle Karşılas fırması» кітабы жарыққа шыққан. Бұл еібекте авторлар Түркия мен Еуропалық Одақ мүшелерінің экономикаларын салыстырған және Түркия ЕО-қа қосылу мүмкіндігін қарастырған.

1996 жылы Анкарада шыққан «Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества» кітабында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ-түрік қарым-қатынасына талдау жасалынған және 1991-1996 жылдар аралығында Қазақстан ман Түркия арасында жасалынған келісімдер көрсетіледі.

М. Орхин Вайрактың «Türkıe Cümhurıyetı tarıhı» (1918-2000) кітабы да осы тақырыпқа арналған.

Дженгиз Хаковтың Сарияда 2000 жылы шыққан «История Турции ХХ век» кітабында Түркияның ХХ ғасырдың басынан бастап 90 жылдарға дейін тарихы берілген және М. К. Ататүрік пен Т. Өзал қызметтеріне ерекше тоқталып өткен.

Түркиядағы Кожаели университетінің профессоры, доктор Хикмет Өздемирдің «Post-1980 Period» еңбегі 80 жылдардан бастап 2002 ж. дейін аралықтағы Түркияға арналған.

Сонымен қатар профессор, доктор Илхам Текели мен Селим Илкиннің (Middle East Technical university, Turkey) «The Interpretation of the relations between the European Union and Turkey in a Globalizing World» атты еңбектері Түркия мен Еуропалық Одаққарым қатынастарына арналған. Онда Түркияның ЕО кіру проблемаларына, перспективасына егжей-тегжей тоқталып кеткен. Сонымен қатар Тұрғыт Өзал кезінде, яғни 1987 ж., Түркияның ЕО-қа қабылдану өтініші берілгені, оның ЕО-пен ырықтануға атсалысқанына басымдық берген.

Орыс ғалымы А. Ф. Миллердің 1948 жылы шыққан «Очерки новейшей истории Турции» кітабында Түркияның Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның ұстанған саясаты жайлы айтылады. (Әсіресе Мұстафа Кемал Ататүрік)

Автор Түркияның қазіргі заман тарихын зерттеуде дереккөздер өте аз және қарамақайшылықты болып келетінін айтады. Сондықтан ол француз, герман, ағылшын, американ және совет авторларының еңбектеріне көбірек жүгінуге мәжбүр екенін айтады.

Осы А. Ф. Миллердің тағы бір еңбегі Түркияның тарихына арналған. Оның 19 . . . жылы шыққан «Краткая история Турции» кітабында Осман Империясының құрылуынан бастап Түркия Республикасының Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайына дейін қамтылған. Автор сол кездегі идеологияға сай Түркиядағы ұлтазаттық қозғалыстың жеңісі Ресейдегі Ұлы Қазан революциясының арқасында болды деп көрсетеді эәне Ататүрік жайлы біраз мағлұматтар береді.

В. Г. Шемятенковтың 2003 жылы Мәскеуде «Европейская Интеграция» кітабында Еуропалық ырықтанудың тарихы және жағдайы, сонымен қатар Еуропалық Одақтың құқығы, институттары және саясаты қарастырылған. Ырықтанудың жаңа жетістіктеріне үлкен көңіл бөлінген - біркелкі ішкі нарыққа, экономикалық және валюталық одаққа және ЕО алдағы кеңеюіне ЕО пен ресей қатынастарына объективті түрде талдау жасалынған.

Ресейде Еуроодақ жайлы бірақ кітаптар жарық көрген. Атап айтсақ А. Курановтың «Новички спешат в Евросоюз» кітабы, Э. Поздняков пен С. Ганжанның «Новые страны не пороге Европейского Союза», В. Г. Шемятенковтың «Европейская Интеграция» оқу құралы, К. Вороновтың 1996 жылы шыққан «Четвертое разширение ЕС» кітабы және т. б.

Бұлардан басқа интернет сайттарында Түркияның Еуроодаққа кіру проблемасына арналған мақалалар бар. UATODAY. net сайтында Владислав Переславецтің «Босфорский больной на пути в Европу» мақаласы бар. Мұнда Түркияның ЕО-ға кіру перспективасына ерекше тоқталған. Eur. ru сайтында неміс толқынының журналисті Павел польдің «Присоединение Турции к ЕС: быть или не быть?» мақаласы, vremya. Org. ua сайтындағы С. Задонскийдің «Решение курдского вопроса в Турции» мақаласында Түркияның ЕО кіруде күрд мәселесінің кедергі болатыны айтылған. Ыстамбулдағы Би-Би-Си корреспонденті Джони Даймонд «Мешает ли ислам вступлению Турции в ЕС?» islam. ru сайтында жарық көрген.

Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Бұл диплом жұмысымда төмендегі мақсат-міндеттер қойдым.

- Жалпы Түркия Республикасының тарихын зерттеу.

- Еуропалық Одақтың құрылыуының алғышарттарын, тарихын зерттеу.

- Түркияның Еуропалық Одаққа қосылу перспективасын зерттеу.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, алты тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І тарау Туркия республикасының құрылуы

1. 1 Түркия тәуелсіз ұлттық даму жолында және Ататүріктің рөлі

1918 жылы ағылшындар Палестина, француздар Македон майданында түрік армиясын жеңді. Іс жүзінде бұл Осман империясының ақырғы күні болды. Түркия астанасы Стамбулда одактастар әскерлері оккупациялап, қалған аймақтардағы өкімет билігі шын мәнінде Антанта елдерінің колында болды. Мурдус уакытша бітіміне (1918 ж. ) қол қойғаннан кейін Антантаның соғыс флоты Қара теңізге кірді. Сол кезде ағылшын әскері Мосұлды алды, Киликияны, Анатолияның маңындағы Коньяға дейін, ал грек әскерлері Измирді өзіне қаратты (1919 ж., 15 мамыр) . Осман империясы Германия, Австро-Венгриямен бірге, бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілді.

Елде ұлт-азаттық қозғалысы өрістеді. Батыс Анатолияда партизан соғысы басталды. Түрік интеллигенциясы, ең алдымен әскер қатарындағы интеллигенция - Анатолиядағы Түрік ұлтынын идеологы, азаттық қозғалыстың басқарушысы болды. Түрік ұлтының басшысы Мұстафа Кемал-паша (Ататүрік) осындай офицерлер қауымынан шықгы және барлық, қозғалыс кемалшылдар қозғалысы, ал азаттық соғыстың басында өріс алған ұлттық революция кемалшылдар революциясы деп аталды. Ұлттың мүддесін көздеген Кемалдың өзі басқарған кемалшылдардың радикалды қанаты османизм идеологиясынан қол үзіп, Түркияны тәуелсіз мемлекетке айналдыруға ұмтылды. Сұлтан Абдул-Хамит II мен Антанта мемлекеттері кемалшылдардың ұлы уәзірді өзгертіп, I парламент шақыру болды. 1920 жылы қаңтарда Стамбулда ашылған парламент Түркияның тәуелсіздігі декларациясын қабылдады. 1920 жылы 23 сәуірде Анкарада шақырылған Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы (ТҰҰЖ) өзін елдегі бірден-бір занды өкімет орны деп жариялады. Абдул-Хамит III ағылшын кемелерін, "халифат армиясын" жіберді, Антанта елдері интервенция ұйымдастырды.

1921 жылғы 16 наурызда Мәскеуде РСФСР мен Түркияның арасындағы Достық және туысқандық туралы шартқа қол қойылды. Шарт Кенес-түрік шекарасы жайлы мәселелерді ретке келтіруді және жалпы алғанда мемлекетаралық соғыс жағдайларын жойды. Мәскеу шарты, сондай-ақ Түркия мен Закавказье Кеңес Республикалары арасындағы Карс шарты (1921 ж., 2 қаңтар) Кеңес - Түркия қарым-қатынасының берік негізін қалап, екі жаққа зор пайда келтірді, түрік халқының басқыншылыққа қарсы күресте жеңіске жетуіне маңызды рөл атқарды.

1921 жылғы қаңтар мен наурызда түрік әскерлері Инено маңында грек армиясының шабуылына тойтарыс берді, сол жылы тамыз-қыркүйек айларында Сакарья өзені бойындағы шайқаста грек әскерінің шабуылын біржолата тоқтатты, ал 1922 жылғы 30 тамызда Думлупынар маңындағы шайқаста басқыншылар әскерін толықженді. Измир мен бүкіл Анатолия шетел басқыншыларынан түгел азат етілді. Муданий уақытша бітімі (1922 ж. ) мен Лозанна бітім шарты (1923 ж. ) түрік халықтарының азаттық соғысын аяқтады. Лозанна бітім шартына 1923 жылы 24 шіддеде бір жағынан Англия, Франция, Италия, Жапония, Югославия, Румыния, екінші жағынан Түркия қол қойды.

Лозанна бітім-шартында Түркияның жаңа шекарасы белгіленіп, Осман империясының құлағаны заңдастырылды. Түркия халықаралық финанс бақылауынан құтылды. Осы шарт бойынша Түркия Оттоман қарызының езіне тиісті бөлігін мойындады, Либиядағы құқықтары мен артықшылықтарынан бас тартты. Түркия үшін кейбір қолайсыздықтарына қарамастан, Лозанна бітім шарты Кемал (Ататүрік) революциясы нәтижесінде, оның үлкен жеңіске жеткендігін айқындады. Антанта мемлекеттері 1920 жылы жасаған Севр бітім шартынан бас тартып, Түркиянын тәуелсіздігін мойындауга мәжбүр болды. Түрік халқының азаттық күресі барысында шетел капиталының үстемдігі мен сұлтандық феодалдық-қлерикалдық құрылысқа қарсы бағытталған ұлттық революция міндеттері шешілді. 1923 жылы 29 қазанда Түрік республикасы болып жарияланды. 1924 - 1934 жылдары мемлекеттік құрылыс, құқықтық қатынастар, мәдениет пен тұрмыс Салаларында реформалар жүргізіліп, экономика саласында бірсыпыра прогресшіл шаралар жүзеге асырылды. Шетел концессиялары түгел дерлік жойылды және сатып алынды, ұлттық банкілер құрылысы, бірқатар жаңа темір жол, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды.

Қорыта келгенде, бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан Осман империясы азып-тозып кеткесін, Анадолыда ұлттық мемлекет құрылды. 1922 жылы 1 қарашада Түркияның ¥лы Ұлттық мәжілісі сұлтан билігін таратып жіберді. 1923 жылдың 29 қазанында республика жарияланды. 1924 жылы наурызда халифат жойылды, бұл - Түркия империя құрылымынан толық қол үзді деген сөз еді. 1926 жылы Швейцария кодексі негізінде азаматтық кодекс қабылданды, ол көп әйел алушылыққа тыйым салып, ер мен әйел заң жүзінде бірдей тең екенін тиянақтап берді. [3] Кемал Ататүрік (Түрік Республикасының бірінші президенті) түрік қоғамына батыс құндылықтарын енгізу үшін бірқатар басқа да реформаларды жүзеге асырды: әріпті латындандыру, тіл реформасы, Еуропа киімін енгізу, айтізбені күнтізбемен алмастыру, әйелдерге саяси хұқ беру т. б. Осы жанартудың бәрін іске қосуда лаицизм (зиялылық) принципі негізге алынды. Ислам мемлекеттік дін болудан қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркия Республикасы құрылуының Кеңестік басылымдарда жариялануы
Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде
Қазақстанның түркітілдес елдерімен мәдени-рухани байланыстары
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Қазіргі кезде Түркия
Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылуы. Мусават партиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz