Бала мен ересектердің жекелік ерекшеліктерін зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бала мен ересектердің жекелік ерекшеліктерін зерттеу

Еңбек үстінде жеке адамның сапасы психологиялық процестерінің ерекшеліктері және адамның қасиеттері көрінеді. Сонымен қатар еңбек осы процестерді жетілдірудің және жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың ең басты құралы болып табылады. Еңбек әркетінің арқасында адамда ойлау, қабілет, ынта дамиды, білім, іскерлік пен дағыдыға ие болады, еркі күшейіп, мінезі қалыптасады.

Баланы екі жастан бастап еңбекке тәрбиелеген дұрыс және ол оқумен ұштастырылуы қажет. Баланың әрқандай даму кезеңіне сай еңбек әртүрлі болады. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін (оның еңбектенуге де, оқуға да ықыласы болғанымен) мұндай әрекет түрі - ойын. ал мектепте (1-ші сыныптағылардың ойынқұмарлығы басылмаса да) оқу еңбегі басым келеді.
Көрнекті кеңес педагогы А. С. Макаренко балаларды еңбекке тәрбиелеу саласындағы мәселелерге ерекше назар аударды. Балаларды белсенділікке, творчестволық пен инициативалыққа тәрбиелеуде тек ұлы істер мен көрнекті еңбек қана емес, ойын да белгілі дәрежеде әсер ететіндігін ашып берді. Ол: «Бәрінен бұрын ойын мен жұмыс арасында үлкен айырмашылық жоқ екендігін айту қажет . . . Жақсы ойын жақсы жұмысқа, жаман ойын, жаман жұмысқа ұқсайды» - дей келіп, ойнаудың қай-қайсысы болса да еңбекке және ойлануға негіз болып табылатындығын дәріптейді және ойынның үлкен тәрбиелік мәнін талдай отырып: «Егер біздің баламыз тек әрекетсіз, енжар ойындармен ғана айналысатын болса, одан енжар, басқаның жұмысына көзін сатып отыратын, бастама дегеннен айырылған және жұмыста жаңалық ашуға ұмтылмайтын қиындықтарды жеңуге дағдыланбаған адам тәрбиеленеді. Күш жұмсап, белсенді әрекет етпейтін ойын-қашанда жаман ойын. Бала шынында да ойнасын, ойыншықтарды бөлшектеп, жинап, құрастырсын. Алғашқы бастаған ойынын аяқтамай, бір істен екіншісіне ауыспасын, не істесе де сол істі аяғына дейін жеткізсін. Ойыншықтардың қайсысынан болса да болашаққа қажетті құнды жақтарын түсінетіндей болуы керек». Сонда ойын баланы еңбекке жұмылдыруға әсерлі болады және білім қатарласа жүрмеген, саяси және қоғамдық тәрбие қатар жүргізілмеген еңбектің тәрбиелік пайдасы болмайды, бейтарап жүргізілген іс болады да қалады.

Психология ғылымында адамның жеке басы сапасын, оның ішінде еркі (тұрақтылық, дербестік, инициатива т. б. ) туралы мәселе жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілсе де ашылмай отырған сырлар аз еме. Сондықтан оларды ескерусіз, елеусіз тастауға болмайды, қайта адамның жеке басы сапасын барынша зерттеп ашу кезек күттірмейтін мәселенің бірі боп табылады. Бұл мәселені зерттеу үшін жеке адам еркінің ерекшелік белгілері мен мінезіне, қасиетінің қалыптасуына назар аудару қажет. Бұл - психологтар ұжымының алдында тұрған проблемалық үлкен мәселелердің бірі.

Оқушылар инициативасына психологиялық талдау жасауда мынандай жоспарда жүргізуге болады. Инициатива - еріктің саналы түрдегі ықпалының бір көрінісі, инициатива көрсету - мінез ерекшеліктеріндегі дербес қасиеттің қалыптасуы.

Адамның ерік сапалары тәрбие үстінде дамып, дербес тәрбие кезінде жетіледі. Ерік қоғамдық дәлелдерге, бағытқа, сыртқы қайшылықтарды жеңе білуге сай бағаланады. Ол жеке адамның өмір тәжірибесінен жинақталады.
Жеке адам еркінің сапалары іс-әрекет үстінде көрініс береді. Олар мыналар: дербестік, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу. Адамның өз қылығын өзі анықтап, маңайындағылардың кездейсоқ әсерлерінің ықпалына мойын ұсынбай, өз сенімімен, өз біліміне жүгіну арқылы қызмет атқаруын дербестік дейміз. 6-7 сыныптардағы оқушылардың дербестігі: «Мен еліме қандай пайда келтіремін және қалай келтіруім керек?!» дегендей мағынада көріне бастсйды. Оқушылардың осы шақтағы кезеңін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «толқымалы жас» деп есептейді. Бұл жастағы ұлдар мен қыздардың мінезі айқындалып, өмірге көзқарасы және сенімі қалыптаса бастайды. Мінез-құлық дәрежесі бағдарланып, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы басталады. Бұларды жас өспірімдер деп атайды.
Психологтар балалар мен ересек адамдар жасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданып, сан рет өмірге қажетті мәселелер көтерді. Жалпы және педогогикалық психология ғылыми - зерттеу институты жеке адамдардың психологиясын, сонымен қатар олардың қажетті қасиеттерінің даму мәселелерін зерттеуді қолға алып, ғылыми тәжірибелер негізінде жеке адам мінез - құлқының қалыптасуы жөніндегі проблемаларды белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Оқушылардың ар-ұжданы мен даму заңдылығы негізінде жеке адамның мінез құлқын зерттеу, еңбек сүйгіштікке баулу арқылы жаңа адамдар тәрбиелеу - психология ғылымының негізгі саласы. Адамдардың еңбекке деген сүйіспеншілігі әрқашанда жоғары бағаланады. Өйткені еңбек сүйгіштік, жаңаға талпыну, еңбекке шығармашылық көзқарас, іске жауапкершілік сезім, т. б. оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болып табылады.

Бала мен ересек адамдардың психологиясын жеке зерттеу бүгінгі психология ғылымының актуальды мәселелерінің бірі. Бұл салада инициативаның мәні зор. Жеке адам психологиясы инициатива арқылы көрініс береді. Қазіргі ғылым, техниканың дамыған шағында адамның инциативасы, еңбекке деген белсенділігі, сан-алуан мамандыққа орай қалыптасқан қабілеттілік, алғырлық, еңбектен ләззат ала білу-тек адамға ғана тән тамаша қасиеттер.

Инициатива әрқашан қоғамдық заңды ықпалға сәйкес, жеке адамның саналы да, орнықты қасиеттерінен туындайды. Міне сондықтан да 13-14 жастағы оқушылардың ақыл-ойы қауырт дами бастайды да, бүкіл болашақ өміріне арқау боларлық дүние таным мен мінез ерекшеліктері қалыптасады. Әдетте 13-14 жастағы жас өспірімдердің психологиясы дене құрылысынан баяу дамып жетіледі. Олар балалық шаққа жатпайды, алайда ересек деуге де болмайды. Жас өспірімдердің ақыл-ойы толқымалы да, мінез-құлықтары мен көңіл күйлерінде қарама-қайшылықтардың кездесетіндігін жиі байқауға болады. Оқушылардың 13-14 жас шамасындағы кезеңінде тәрбие жұмысын өте шеберлікпен жүргізбесе жас өспірім мен ересек адам арасында келіспеушіліктің туатындығы сөзсіз.

Бала төңірегіндегі әлеуметтік ортадан қажетті білім мен іскерлікті аз мөлшерде алады. Белгілі бір жас мөлшерінде бала нені тез қабылдай алатынын ересектер білуі керек:

Этикалық болжамдар мен өлшемдерді - мектепке дейінгі жасында;

Ғылым негіздерін - мектептің бастауыш сыныптарында;

Салыстыруды - жеткіншек шағында.

Баланың сезімтал шақтарын өткізіп алмау өте маңызды және балаға барлық қажеттілктерді беру керек. Егер қандай да бір себептерден қалыпты даму бұзылса, жетілу тоқтап қалады. Эдипов сезім (баланың анасына, қыз балаға әкесіне деген махаббаты), гомосексуализм, аскетизм және т. б. Егер, мысалы, жеткіншек шағында бала салыстыру дағдысын ала алмаса, онда ұялшақтық қалыптасады: ересек болу, ересек атану тілегі жойылады, үнемі үрейлі жағдай, жалғыз қалу, жекелену сезімдері, «ешкім емес» болып қалу қорқынышы, келісілген қарым-қатынастан қорқу.

Әрбір жас шақтарындағы іс-әрекет әртүрлі болу керек (омырау ему - бір жасқа дейін, бір жастан кейін - ойын іс-әрекеті және т. б. ) .

Баланың жан-дүнеисіне ұрпақ жалғасушылық әсер етеді: темперамент, табиғи ерекшеліктері, қапбілеттілік ұрпақ жалғасу арқылы (қан арқылы) дариды. Қанмен пайда болған табиғи ерекшеліктер қабілеттілікті дамытуға өзіндік әсер береді: дамуға не көмектеседі, немесе дамуды қиындатады. Жапонияда балаға 6 жасына дейін «жоқ» деп айтпайды - бұл шығармашылық қабілеттіліктерді дамытуға ықпал етеді. Бала дамуына ананың ауруы, жүкті кезіндегі анасының қабылдаған дәрілері де әсер етеді. Егер бала туу кезінде жарақатқа тап болса, онда ол бірінші демін кешігіп барып алады - бұл да бала жан-дүниесінің ары қарай дамуына кері әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар балаға өзі өсіп келе жатқан әлеуметтік орта, қоғам, үстем идеология, ғылым мен өнердің даму деңгейі, негізгі діни ағымдар, өзіне ең жақын әлеуметтік орта (тәрбиешілер, мұғалімдер) бәрі әсер етеді. Жасөспірім шағы және мектептің аға сыныптарындағы кездерінде оларға әлеуметтік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни үгіт насихаттар белгілі бір деңгейде ықпал етеді. Осының барлығын, сөзсіз, ескеру қажет.

Қиындықтардың пайда болу себептері

(баланы тыңдауға бізге не бөгет болады) :

· бұйрық, әмір

· ескерту

· ақыл айту

· көп сөйлеу

· сынау, айыптау

· балағаттау

· жауап алу

· сөзбен көңіл білдіру

· қалжыңдау

· әңгімеден қашқақтау

· сезіну

· салыстыру

Баланың ересектермен қарым-қатынас ұстанымдары:

1. Баланы сөзсіз қабылдау.

2. Бұрыс тәжірибеге құқылы болу.

3. Махаббатқа құқылы болу.

Баламен қатынасқан кезде дұрыс ұстанымда болған маңызды. Көзіне тура қарап, оны жауаптың астына алмай, ынтамен тыңдау керек. Сұрақ ретінде айтылған сөз бала көңілін таппайды.

Ынтамен тыңдау:

әңгімелесушіге қарсы қарап тұру;

көзбен байланыс орнату

баланы жауаптың астына алмай, тыңдауға тырысу;

сұрақтар мен жауаптар сенімді түрде естіліп тұру керек;

үзіліс жасай білу керек, уақыт әңгімелеушіге тиесілі екенін естен шығармау;

баланың дауыс ырғағы мен екпініне бейімделу, қатты әрі тура сөзден аулақ болу;

баланың тыныс алуына бейімделу (оның толқынына ену) ;

өзінің сезімдері мен өзін мазалап жүрген нәрселері туралы әңгімелеу;

мәселенің мәнін бір сөзбен анық жеткізу;

балаға осы жағдайға байланысты, Сіз өзіңіз не сезінесіз, соны жеткізу, өзіңіздің - меніңізді - ашық қолдану;

Сіз өзіңіз дұрыс деп болжаған нәтижелерге жол сілтеу;

өзіңіздің дәрменсіз екеніңізді және сонымен қоса балаға не істеу керек екені жәйлі өзіңіздің тілегіңізді де білдіріңіз;

балаға, егер ол қажет деп тапса, сіздің көмек бере алатыныңызды (1 рет!) ескертіп қойыңыз;

балаға көмекке қолыңызды созыңыз, бірақ барлығын өз мойныңызға алмаңыз;

бала өзі дұрыс шешім қабылдай алатынына сенімін тудырыңыз. Еркіндік - сезінілетін қажеттілік. Сенің қолыңнан келеді!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері
Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беруді жүргізу әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі)
Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясы
4-7 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖОЛДАРЫ
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Интернат оқушыларының тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру
Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz