Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . .
I Бөлім Мектеп жасына дейінгі б алаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
- Айналамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелері . . .
- 5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктері . . .
3
6
10
II Бөлім Балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытудың технологиясы
2. 1. Айналамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың көрнекілік арқылы тілін дамыту мазмұны . . .
2. 2. Айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту әдістері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
18
22
30
32
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ел Президенті «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағында « . . . азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген [1] .
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жоғары оқу орындары жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және имандылық деңгейі жоғары, инновациялық технологияны жете меңгерген мамандарды даярлау қажеттігі көрсетілген [2] .
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т. б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол - үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау - уақыт сұранысына айналды.
Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білсем деп ғасырлар бойы армандап келеді. Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог-ғалымдар. Айналамен таныстыру кезінде оқытудың негізгі мазмұны - бақылау, қызықтау, саяхат, серуен т. б. түрін басшылыққа алу, түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сурет-картинканы пайдалану, психологиялық жеке жұмыс жүргізу, т. б. әдіс тәсілдерді пайдалану болып табылады.
Балаларға өскен ортасы, отбасындағы адамдардың қарым- қатынасы, балабақша, мектеп, ондағы адамдардың мамандықтары, республика рәміздері, оның авторы, Қазақстан жерін мекендейтін басқа ұлт өкілдерімен таныстыру ұсынылады. Жылдың төрт мезгілі, оның ерекшелігі, ай, апта, күн аттары, адамдардың машинист, жүргізуші, ұшқыш, шахтер тәрізді мамандықтары, олардың жыл мезгілінің барлық уақытында да жұмыс істейтіндігін әңгімелеу. Еңбек түрлерімен таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың бойында уақытты бағалау, тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Уақытқа байланысты «Жыл мезгілі», «Бізде былай, ал сіздерде ше?»- дидактикалық ойындар баланың қиялын қанаттандырып, ойын дамытады. Мәселен: табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты күз мезгілі, күннің қысқарып, жамбырдың жиі жаууы, ағаш жапырақтарының сарғайып, құстардың жылы жаққа ұшуы, егін жинау, қысқа дайындық т. б.
Бала өз еркімен, күш-жігерімен жұмыс істеу арқылы бастаған жұмысын аяқтап шығуға ұмтылады, үлкендер еңбегін бағалай білуге бейімделеді. Дидактикалық, сюжетті-рольді, қимылды т. б. ойын түрлерін игеру, балалардың психологиялық мінез-құлқының сипаттарын айқындап, олардың еліктеу, қиялдау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытатын болады.
Бұл біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі, әрі жұмысымызда қарастырылатын ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту мәселесін жан-жақты ашу қажеттігін негіздейді.
Зерттеу мақсаты: Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелерін айқындау;
- 5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- Айналамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың көрнекілік арқылы тілін дамыту мазмұнын ашу;
- Айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту әдістерін көрсету.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні. Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту
Зерттеу көздері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік еңбектер, «ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамасы».
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін таңдап алынған з ерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, әдебиеттерге, нормативтік құжаттарға теориялық талдау жасау; педагогикалық басылымдарды зерделеу; салыстырмалы талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Курстық жұмыс кіріспеден, екі білімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті бейнеленген. Кіріспеде ғылыми аппарат: зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, дерек көздері, зерттеудің әдістері баяндалды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде айналамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелері мен 5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытудың технологиясы атты екінші бөлімде айналамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың көрнекілік арқылы тілін дамыту мазмұны және көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту әдістері қарастырылған.
Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
I. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
Б
АЛАЛАРДЫ КӨРНЕКІЛІК АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Айналамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелері
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу - ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3], «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған [4] .
Еліміз тәуелсіздік алғалы жаңа мемлекеттік мәртебемізбен қолға алынып жатқан реформалардың тарихи төркіні мен келешегін терең зерделеуге ерекше мән берілуде.
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесі тәуелсіз еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан үздіксіз тәрбие мен білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға негізделіп, жаңа бағыт алуда.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады [5] .
Дүниетанымдық білімді балалар дене және ақыл-ой күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте меңгереді. Олай болса, айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту барысында, баланың тіл байлағы дамып, табиғаттан, қоршаған ортадан, көргенін, естігенін, сезгенін суреттеп, бейнелеп айту дәрежесіне дейін көтермек. Тіл - ойдың жемісі екенін ескерсек, бала тілінің жоғары деңгейде жетілуі оның жеке басының интелектуалдық дамуына, дүниетанымының кеңейуінде табиғаттың алар орны зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның затттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы, олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай балабақша қабырғасында табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ сәби жасынан бастап табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде, баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңдетіліп, толықтырылады.
Қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын, табиғат - баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген.
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби [6], Қашқари [7], Баласағұнидің [8] философиялық ой-пікірлері. Шет ел классик ағартушылары - Я. А. Коменский [9], И. Г. Пестолоццидің [10] еңбектері мен Ш. Уалиханов [11], Ы. Алтынсарин [12], А. Құнанбаевтардың [13] таным туралы ілімдері.
Табиғатты тірбие құралы деп қараған К. Д. Ушинский [14], Н. К. Крупскаяның [15] еңбектерінің орны ерекше.
Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С. Көбеев [16], Ш. Құдайбердиев [17], А. Байтұрсынов [18], М. Дулатов [19], Ж. Аймауытов [20], М. Жұмабаев [21], Н. Құлжановалардың [22] еңбегі зор.
Осындай ғұлама ойшылдар, ғалымдар айтқан саналы да салиқалы ой пікірлер бізге жол сілтейді, бірақ нақтылы мектепке дейінгі кезеңде табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ТМД елдарі ғалымдарының жұмыстарын атай аламыз Н. Н. Кондратьева [23], Ш. К. Алиева [24], Н. Ш. Султанова [25] және т. б. Республика көлемінде де мектеп жасына дейінгі баланы дамыту ісіне байланысты ғылыми мәні зор, Б. Баймұратова [26, 27], А. Меңжанова [28], Қ. Айтмағамбетова [29], Ә. Әмірова [30], Т. А. Левченко [31], Ф. Жұмабековалардың [32] зерттеу жұмыстары бар.
Бұл ғылыми еңбектің құндылығы сол өте бай мұражай архивтік материалдары негізінде жазылғандығы және республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің іс-тәжірибесі жетістіктерін талдап, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны, әдістерін жаңартуда басшылыққа алатын оқу-әдістемелік құралдары міндетін атқаруында.
Мектеп жасына дейінгі педагогика ңылымдарының мәселелерімен шұғылданған ғалымдар жас сәбиге өзін қоршаған орта, табиғат жайында ұғым беру ісіне ерекше көңіл бөлген.
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында, баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген педагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болатындығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің қайсысы болмасын өздеріің оқыту-тәрбиелеу жүйесі жасау барысында, балаға қарапайым табиғат сырын ұғындырудың қажеттілігін мойындай отырып, оның мазмұны мен көлемін анықтауға үлес қосқан.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Оның бастауы 20-30 жылдармен мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930), педагогикалық еңбектері болған.
Ол кездегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбиелей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды.
Л. С. Выготский (1935) балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлс қосты. Ғылымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен [33] .
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В. А. Сухомлинский де өз тәжірибесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп, ашық аспан аясында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады [34] .
В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғаттағы ең нәзік, ең жүңішке, ең сергек нарсемен - бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін, баланы табиғат әлеміне ендіру қажет» - дейді [34] .
Сол кездегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психологиялық зертеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық өабілеттерін дамыту үшін, қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А. В. Запорожец, Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская, В. И. Логинова, Д. В. Эльконин, Л. Я. Гальперин, М. А. Леушина, В. В. Давыдов, Н. Н. Поддьяков, Л. А. Венгер, А. П. Леонтьев.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл-ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін, сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процесстер, ақыл-ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті ұарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек мекгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана - сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажеттілігін баса айтады ғалымдар.
Дегенмен қазіргі кезде балалардың даму деңгейін, білуге, білімге ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның себеп - салдарын, заңды байланыстырып таба білуге, қарапайым логикалық ой - қорытындыларын жасауға үйрету, баланың психо-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағынан дамыту, сезім, таным, ерік әрекеттерін жетілдіру мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта отыру ісіне баса көңіл бөлген.
Ол үшін бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алуы қажет деген мәселені А. П. Усова [35], А. В. Запорожец [36], Н. Н. Поддъяковтар [37] өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай-ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі С. А. Веретенникова [38], Н. Ф. Виноградовалар [39] болды.
А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі категорияға бөліп қарады, біріншісі - қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнділікті ойын, еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі - балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізілуі керек.
1. 2. 5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктері
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым -қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл -ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі - дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын атқарады.
Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім -тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен [42] . Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz