МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

А.С. Ержанова, С.М. Тажибаева, А.К. Алпысбаева

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ

Оқу-әдістемелік құрал

Қарағанды 2009
ӘӨЖ 800:61
ҚБЖ 81+5я7
Е 70

ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:

Жұмаділова Н.Т. - Қарағанды Болашақ университеті қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Головина К.М. - Қарағанды Болашақ университеті қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

Баширов А.Б. - ҚММА №2 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к.

Е 70 Медициналық тақырыптар бойынша мәтіндер топтамасы медицина
академиясының студеттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал: Ержанова А.С.,
Тажибаева С.М., Алпысбаева А.К: - Қарағанды, 2009 - 93б.

Медициналық тақырыптар бойынша мәтіндер топтамасы оқу-әдістемелік
құралы медициналық мәтіндерден, мәтінге арналған тапсырмалардан тұрады,
сонымен қатар грамматикалық тақырыптарды қайталау мақсатында жазба
жұмыстары мен ауызекі сөйлеуді дамыту үшін науқас адаммен сұхбат құрастыру
тапсырмаларына да орын берілген.
Бұл құралды оқу орыс тілінде жүретін топтардың студенттері пайдалана
алады.

Оқу-әдістемелік құрал Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
әдістемелік кенесінің отырысында қаралды және мақұлданды 11.02.09ж.
№6 хаттама

ҚММА Ғылыми кенесіне шығарылу үшін ұсынылды және бекітілді
18.02.2009ж. №6 хаттама

©А.С. Ержанова, С.М. Тажибаева, А.К. Алпысбаева, 2009

Қысқартулар тізімі

УДЗ Ультрадыбыстық зерттеу
ДДҰ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы

Алғы сөз

Қоғам дамуының әр сатысы білім беру жүйесіне, оның бір саласы
жоғары оқу орындарындағы кәсіби дайындық мазмұнына өз талаптарын қояды.
Жоғары оқу орындарындағы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін кәсіби
мақсатта оқыту ісі өзекті бола бастағаны белгілі. Мамандыққа, кәсіпке
сәйкес келтіре отырып, қазақ тілін үйрету дегеннен әрбір үйренушінің
келешекте өз мамандықтары бойынша қызмет бабында қазақ тілінде пікір
алмасу, өз мамандығына қатысты терминдерді пайдалана отырып, ақпаратты
кідіріссіз тез түсіну, шапшаң реакция жасай білу дағдысын қалыптастыру
керек деген көзқарас туындайды.
Бұл еңбектің басты мақсаты – қазақ тілінен біршама хабары бар
үйренушілердің қазақша сөйлеуін болашақ мамандықтарына қатысты одан әрі
дамыту, жетілдіру, лексикасын байыту болып табылады.
Оқу құралы жалпы медицина факультетінің студенттері үшін Типтік
бағдарламаға сай жазылып даярланды. Жинақталған материалдар мәтін бойынша
бөлінген.
Студенттердің мәтінді жақсы меңгеруі үшін ұсынылған мәтін алды,
мәтін кезіндегі тапсырмалар тақырыптың жалпы мазмұнын түсінуге, байыптауға
бағытталса, мәтіннен кейінгі жұмыстар мазмұнын қалай түсінгенін тексеру,
қысқаша ақпарат беру, аударма жасау, болашақ мамандығына қатысты лексиканы
игеру, сұхбат өткізе білу, сырқатнама жазып үйрену сияқты мақсаттарды
көздеді.
Берілген тапсырмалар студенттердің қазақша сөйлеуін, ойлауын одан
әрі жетілдіруге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Қазақтың халық медицинасы

Қазақтың халық медицинасы үлкен үш салаға бөлінген. Табибия –
диагностика, дәрігерлік – фармакология, емшілік – терапия. Тәуіп -
дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы). Бабаларымыз медицинаны сақия,
яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар
науқастың ағзасындағы өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал
деп төрт топқа бөлген.
Медицина атасы – Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай
бөледі: Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы ағзадағы төрт шырын: қан,
сілекей, сары өт, қара өттің қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол төрт
шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы – жылы, салқын, құрғақ және ылғал
болуынан - деп пайымдайды. Әйгілі ғұлама Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес
бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде (қазіргі қазақтардың бабалары) болғанын
өзі атап өтеді. Гиппократ былай жазған: Денесінің қандай да бір жері
күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді
бірінші орынға қояды.
Қазақтың дәрі-дәрмектен басқа емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уқалау,
сипалау, ыстық өткізу, суық басу, оңашалау әдістері күні бүгін ең тиімді
тәсілдер болып отыр.

1-Тапсырма
Қазақтың халық медицинасы мәтіні бойынша берілген жаңа сөздермен танысып,
жаттап алыңыз

Сала – область; отрасль; сфера
Тәуіп – лекарь; целитель
Баба – предок
Айырмашылық – отличие
Тәсіл – способ
Әдіс – метод; прием; способ
Өзгеріс – изменение
Жиынтық – сборник
Құрғақ – сухой
Ылғал – влажный
Тиімді – эффективный
Анықтау – определять
Диагноз қою – ставить диагноз
Қолдану – применение; применять
Ұшықтау, тітіркендіру – раздражение (чем-либо: рукой, холодом и т.д.)
Уқалау, сипалау – массажировать
Ыстық өткізу – горячий компресс
Суық басу – холодный компресс
Күйдіру – обжигать
Оңашалау – изолировать; отделить

2-Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қазақ халқы халық медицинасын қандай үш салаға бөлген?
2. Тәуіп деген кім?
3. Сақия дегеніміз не?
4. Қазақ халық медицинасының қандай емдеу тәсілдерін білесіз?
5. Гиппократтың айтуынша, әр адамның бір-бірінен айырмашылығы неде?

3-Тапсырма
Бабамыз сөзін септеп, 5 сөйлем құрастырыңыз

Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы

Дәрумендер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана
пайдаланады, бірақ дәруменсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс
істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және
ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз
етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы
нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.
Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде
болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендер алып
отырады. Дәрумендер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т. б. әріптермен
белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамуына әсерін тигізеді. Ол – дененің
қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат
алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз
алабұғасында, сары майда, сәбізде кездеседі.
В дәруменінің түрлері көп: В1, В2, В6, В12, В15, сондықтан оларды В
дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда
көп болады. В дәрумендерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесі жұмысына әсер
етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі
тозады және ашуланшақтық байқалады. В12 дәрумені жетіспесе, қан аздық
ауруының тууына себеп болады. В15 дәрумені жүрек, қан тамырларының жұмысына
және бауырдың ауруына әсер етеді.
С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады.
Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған
қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл
дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын
дәрумендер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.

1-Тапсырма
Мәтін бойынша берілген сөздерді жаттап алыңыз

Дәрумен – витамин
Даму – развитие
Зат алмасу – обмен веществ
Қорғаныш қасиеті – защитные свойства
Жүйкесі тозу – повышенная нервозность
Ашуланшақтық – вспыльчивость; раздражительность
Қарсы тұру – сопротивляемость
Қан тамырлары – кровеносные сосуды
Ашыған қырыққабат – квашеная капуста
Ұнтақ – порошок
Мешел – рахит
Қалып – форма
Алабұға – окунь
Ерекше – особый
Қалыпты – нормальный; устойчивый
Дайын – готовый
Қамтамасыз ету – обеспечивать
Нашарлау – ухудшаться
Шаршап-шалдығу – усталость; утомляться
Реттеуге қатысу – участвовать в регулировании
Арттыру – повышать
Түзілу – образоваться
Күн сәулесінің әсерімен – под влиянием солнечных лучей
Себеп болу – стать причиной
Жеткіліксіз – недостаточно

2-Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

1. Дәрумендердің адам өміріндегі маңызы қандай?
2. А дәрумені не үшін қажет?
3. В тобының дәрумендері қандай тағамдардың құрамында болады?
4. С дәруменінің маңызы қандай?
5. Д дәрумені ненің әсерінен түзіледі, әсіресе ол кімдер үшін керек?
6. Дәрумендер неде болады?
7. Дәрумендер қандай әріптермен белгіленеді?

3-Тапсырма
Мәтін бойынша курсивпен берілген сөздерді теріп, олардың антонимдерін
жазыңыз

4-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: ағзада ... , тез ... ,
жүрек жұмысын ... , ой еңбегін ... , бауыр ауруына ... , латын
әріппен ... .

Керекті сөздер: себеп болу, арттыру, жеткілікті болу, шаршау, жақсарту,
белгіленген

Денсаулыққа зиянды әдеттер

Денсаулықты нығайтуда спорт, дене шынықтыру, ырғақты қимыл,
мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтану, ретімен киінудің де мәні зор.
Спортпен айналысқан адамның бұлшық еті шымыр, тұлғасы сымбатты,
ауру-сырқаудан аулақ болады. Сондықтан да халқымыз Тәні саудың, жаны сау
деп орынды айтқан.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының
мықты болу жолында адамға зиянды әдеттер туралы хабарлы болу керек. Адамның
зиянды әдеттеріне темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық жатады.
Темекі тарту. Темекінің түтінінде өте улы зат – никотин болады.
Никотин алдымен жүйке жүйесін уландырады, асқазан қышқылын көбейтеді, ас
қорыту процесі де бұзылуы мүмкін. Никотин қан қысымын жоғарылатып, жүрек
соғуын жиілетеді. Темекі, әсіресе жастарға зиянды. Сондықтан оны балалар
бар жерде тартпау керек.
Адам темекіні алғаш рет тартқанда уланады: басы айналады, жүрегі қағады,
құсады, аяқ-қолы дірілдейді.
Маскүнемдік – медицина ұғымында спиртті ішімдіктерді салынып
ішуден болатын ауру. Маскүнемдік арақты күн сайын аздап ішуден басталады
да, бір кезде оған құмарту әдетінің пайда болғанын өзі де сезбей қалады.
Мұндай ауруға ұшыраған адамның зияны өз денсаулығына, отбасына ғана емес,
қоғамға да тиеді.
Нашақорлық – адамның апиын, морфин, кокаин сияқты улы заттарға
құмар болуы.
Бұларды қолданғанда адам көңілденіп, мас болады. Сөйтіп ол бара-бара
үйреншікті ауруға айналады. Мұндай ауруға ұшыраған адам бұларды ішпесе
мазасызданады, ұйқысы бұзылады, асқа тәбеті тартпайды, адаммен сөйлеспейді.
Бірақ осының салдарынан адамның бірте-бірте мінез-құлқы өзгереді, түрлі жат
қылықтарға барады, адам жүдейді, қолы дірілдейді.
Біздің елде маскүнемдікке, нашақорлыққа және темекі тартуға қарсы жан-жақты
күрес жүргізіледі. Бұлардың зияны баспасөз, теледидар арқылы халыққа
түсіндіріледі. Нашақорлық пен маскүнемдікті емдейтін арнаулы мекемелер бар.

1-Тапсырма
Денсаулыққа зиянды әдеттер тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен
танысып, жаттап алыңыз

әдет – привычка
темекі тарту – курение
маскүнемдік – алкоголизм
нашақорлық – наркомания
дене шынықтыру – физкультура
ішімдікті салынып ішу – чрезмерное употребление алкоголя
жүрек соғуы – сердцебиение
түтін – дым
асқазан қышқылы – кислотность желудка
салдар – последствия
қылық – поступок
мінез-құлық – характер
қимыл – движение
зиян, зиянды – вред; вредный
улы – ядовитый
арнаулы – специальный
үйреншікті – привычный
мас – пьяный
нығайту – укреплять
ұйқысы бұзылу – нарушение сна
хабарлы болу – быть информированным
Тәні саудың, жаны сау – В здоровом теле здоровый дух

2-Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

1. Денсулықты нығайтуда ненің мәні зор?
2. Адамның зиянды әдеттеріне не жатады?
3. Маскүнемдік деген не?
4. Нашақорлық дегеніміз не?
5. Нашақорлыққа ұшыраған адам қалай өзгереді?
6. Біздің елде зиянды әдеттермен қандай күрес жүргізіледі?

Анатомиялық терминдер

бас – голова мойын – шея
бас сүйек – череп кеуде – грудь
маңдай – лоб тұлға –
туловище
шүйде, қарақұс – затылок арқа – спина
самай, шеке – висок бүйір – бок
төбе – темя қол – рука
бет – лицо білек –
предплечье
ұрт – щека шынтақ –
локоть
құлақ – уши иық – плечо
мұрын – нос алақан –
ладонь
ауыз – рот саусақтар –
пальцы на руке
ерін – губы аяқ - нога
тіл – язык балтыр –
икра (ноги)
тіс – зубы сан –
бедро
иек – подбородок тізе – колено
көз – глаза өкше –
пятка
кірпік – ресницы табан – подошва
қас – брови бақайлар –
пальцы на ноге
тырнақ – ноготь жамбас – таз
бел – поясница

Медициналық терминдер (ауру атаулары)

Асқазанның жарасы – язва желудка
Асқазанның қабынуы – гастрит
Бас сақинасы – мигрень
Баспа – ангина
Демікпе – астма
Жел шешек – ветряная оспа
Жүректің ұстамасы – приступ сердца
Қан аздық – анемия
Қызылша – корь
Қатерлі ісік – рак (злокачественная опухоль)
Қант диабеті – сахарный диабет
Қышыма – чесотка
Қояншық – эпилепсия
Көкжөтел – коклюш
Күл – дифтерия
Мешел – рахит
Мерез – сифилис
Өкпе қабынуы – воспаление легких
Соқыр ішек – аппендицит
Сарыауру – болезнь Боткина
Сүзек – тиф
Тырысқақ – холера
Тұмау – грипп
Іш өту – понос

Кейбір клиникалық терминдер

қабыну – воспаление
бұзылу – нарушение
асқыну – осложнение; обострение
зақымдану – поражение; травмирование
қызу – температура (жар)
қан қысымы – давление
бас айналуы – головокружение
батып ауру – давящая боль
шаншып ауру – колющая боль
солқылдап ауру – пульсирующая боль
сыздап ауру – ноющая боль
қан кету – кровотечение
қан құйылу – кровоизлияние
құсу – рвота
лоқсу – позывы к рвоте
дірілдеу; қалтырау – дрожать; озноб
арықтау; жүдеу – худеть
семіру; толу – поправиться; полнеть
тәбеттің төмендеуі – понижение аппетита
ентігу – задыхаться (при физической нагрузке)
тұншығу – задыхаться (в покое)
ұстама – приступ
тырыспа – судороги
жөтел – кашель
сырыл – хрип
қорыл – храп
қақырық – мокрота
әлсіздік – слабость; бессилие
жүрек айнуы – тошнота
жансыздану – онемение
естен тану – потеря сознания
талу – обморок
іш кебу – вздутие живота
салдану – парализоваться
жарақаттану – травмироваться
іріңдеу – нагноение

Медициналық терминдер

Ауру, науқас – больной
Ауру, сырқат, кесел, дерт - болезнь
Ауру белгілері – признаки заболевания
Ауру ағымы – течение заболевания
Ауру тарихы; сырқатнама – история болезни
Анықтама – справка
Аурудың даму тарихы – история развития болезни
Ауру шағымдары – жалобы больного
Созылмалы ауру – хроническое заболевание
Жұқпалы ауру – инфекционное заболевание
Қауіпті ауру – опасное заболевание

Адам ағзасы

Адам денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.
Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері
(өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында – ас қорыту, зәр шығару, көбею
мүшелері бар. Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз,
құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.
Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа дегеніміз –
денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер
бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, дене еңбегі мен басқа
әр түрлі қимылдар жасайды.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Тамақ жұтқыншақ арқылы
өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын
жолында қорытылады.
Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік
заттарды жеткізіп отырады.
Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхтар
жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы – тыныс
алу жүйесінде өтеді.
Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады.
Бүйректе қан тазартылып, зәр түзіледі.

1-Тапсырма
Адам ағзасы тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап
алыңыз

ағза – организм
дене – тело
мүше – орган; часть тела
кеуде қуысы – грудная полость
құрсақ қуысы – брюшная полость
жүйе – система
ас қорыту жүйесі – пищеварительная система
тыныс алу жүйесі – дыхательная система
зәр шығару жүйесі – мочевыделительная система
қан айналу жүйесі – система кровообращения
қан айналымы - кровообращение
тірек-қимыл жүйесі – опорно-двигательная система
көбею мүшелері – органы размножения
қаңқа – скелет
бұлшық ет – мышцы
сүйек – кость
жұтқыншақ – глотка
өңеш – пищевод
асқазан – желудок
без – железа
ішек-қарын жолы – желудочно-кишечный тракт
қоректік заттар – питательные вещества
оттегі – кислород
көмей – гортань
кеңірдек – трахея
қос бүйрек – парные почки
несепағар – мочеточник
қуық – мочевой пузырь
түзілу – образоваться
беку – прикрепиться
қорытылу – перевариваться
жеткізу – доставить

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Адамның кеуде, құрсақ қуысында қандай мүшелер бар?
2. Тірек-қимыл жүйесі неден тұрады және қаңқа дегеніміз не?
3. Адам бұлшық еттің көмегімен не істейді?
4. Ас қорыту жүйесінің қызметі қандай?
5. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?
6. Қан айналу жүйесі қандай қызмет атқарады?
7. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады және ол қандай қызмет
атқарады?

3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: бұлшық еттен ...,
асқазанда ..., кеуде қуысында ..., оттегіні ..., ауыз қуысынан
..., екіге ..., сыртқа ..., жұмысын ... .

Керекті сөздер: бөлінеді, орналасқан, тұрады, қорытылады, жеткізеді,
басталады, реттейді, шығарады

4-Тапсырма
Адам ағзасы сөз тіркесін септеп, 6 сөйлем құрастырыңыз

Тірек-қимыл жүйесі

Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды. Денені қимыл-
қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды.
Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы мен сіңірлер арқылы
жалғасады. Адамның қаңқасында 220-дай сүйек бар. Сүйектер омыртқа жотасын,
кеуде қуысын, бас сүйек, иық, жамбас белдеулерін, аяқ-қол сүйектерін
құрайды.
Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшелігі бар. Оның негізгі
ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты
икемделген. Ал аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп-тұруға
бейімделген, аяқ сүйектері жуан және мықты болады.
Адамның денесіндегі сүйектер бір-бірімен байланысты болады. Сүйек
байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай
қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйегі және жамбас; жартылай
қозғалмалы сүйектерге – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы
жалғасқан сүйектер – яғни қол, аяқ, иық, қабырғалар жатады.
Сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ болады. Ұзын сүйектер жілік деп
аталады. Бұл сүйек тығыз заттан тұрады. Оның іші қуыс болады, онда жілік
майы бар. Жіліктің екі басы сүйек кемігінен түзіледі. Жілік денеге таяныш
болады. Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде
орналасады. Олар: омыртқа, табан, қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа
болады. Бұларға бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын,
самай, бет сүйектері жатады.

1-Тапсырма
Тірек-қимыл жүйесі тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып,
жаттап алыңыз

Буын қалтасы - суставная сумка
Сіңір – сухожилие
Омыртқа жотасы – позвоночный столб
Сүйек кемігі – губчатое вещество кости
Иық белдеуі – плечевой пояс
Жамбас – тазовая кость
Жауырын – лопатка
Самай – височная кость
Қабырға – ребро; стена
Құрылыс – строение
Жілік – трубчатая кость
Тән ерекшелік – специфическая особенность
Таяныш; тірек – опора
Табан сүйегі – кости стопы
Иілімді – гибкий; пластичный; легко сгибаемый
Жалпақ – плоский
Ішкі – внутренний
Келтіру – приводить (в движение)
Икемделу – приспособиться
Бейімделу – адаптация; приспособиться
Жартылай – наполовину; не полностью
Өзара – между собой

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Тірек-қимыл жүйесін нелер құрайды?
2. Адам қаңқасы неден тұрады?
3. Қаңқада қанша сүйек бар?
4. Адам қаңқасының қандай ерекшеліктері бар?
5. Сүйек байланысының неше түрі бар?
6. Ұзын сүйектер қалай аталады?
7. Жіліктің іші қандай болады?
8. Қысқа сүйектерге нелер жатады?
9. Жалпақ сүйектерге нелер жатады?

Адам қаңқасы

Бас сүйегі – ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа
тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты өзара қимылсыз байланысқан
сүйектерден құралады. Оларға төбе мен самай, маңдай мен шүйде, жақ
сүйектері жатады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден,
мұрын, таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек
жақ сүйектері ғана қимылдайды.
Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төс сүйегінен
тұрады. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқалар бірігіп жұлын өзегін
түзеді.
Он екі жұп қабырғалар кеуде қуысын құрайды.
Иық белдеуі – иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы
қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын иық белдеуін құрайды.
Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп
аталады. Қол сүйектері екі ұзын жіліктен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен
тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақтар – қол басы сүйектері.
Жамбас белдеуі – жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе,
асықты жіліктен, өкше сүйектен, табан сүйектері мен бақайлардан құралады.

1-Тапсырма
Адам қаңқасы тақырыбы бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап
алыңыз

Төбе сүйегі – теменная кость
Маңдай сүйегі – лобная кость
Шүйде сүйегі – затылочная кость
Үстіңгі жақ сүйегі – верхняя челюсть
Астыңғы жақ сүйегі – нижняя челюсть
Таңдай – небо
Көз ұясы – глазное яблоко
Жұп – пара; парный
Төс сүйегі – грудина
Мойын омыртқасы – шейный позвонок
Бел омыртқасы – поясничный позвонок
Сегізкөз – крестец
Құйымшақ – копчик
Бұғана – ключица
Жауырын – лопатка
Тоқпан жілік – плечевая кость
Кәрі жілік – локтевая кость
Ортан жілік – бедренная кость
Асықты жілік – большеберцовая кость
Тізе – колено
Шынтақ – локоть
Жілік – трубчатая кость
Бақайлар – пальцы ног
Жүйке талшығы – нервное волокно

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Бас сүйегі қандай сүйектерден тұрады?
2. Бет сүйектері қандай сүйектерден тұрады?
3. Тұлға қаңқасы нелерден тұрады?
4. Омыртқа жотасы қалай бөлінеді?
5. Иық белдеуі нелерден тұрады?
6. Жамбас белдеуі неден құралады?

3-Тапсырма
Оң жақта берілген етістіктермен сол жақтағы сөздерден сөз тіркесін жасап,
аударыңыз

Беске қимылдауы (ненің?)
Саусақтарды бөліну (нешеге?)
Жұмыртқаға байланысу (қалай?)
Ауыздың қозғалту (нені?)
Қимылсыз ұқсау (неге?)

Адам қаңқасының зақымдануы

Оқыс қимылдағанда буынның шығуы мүмкін. Буын шыққанда бір сүйектің
басы буын ойысынан шығып кетеді. Кейде сіңір созылуы немесе байламның
үзілуі мүмкін. Мұндай кездерде буынның пішіні өзгереді, зақымданған аяқ
немесе қолды қозғалту қиындайды. Буынның айналасы ісіп, қызарады, қатты
ауырады.
Жәрдем көрсету үшін зақымданған буынды қозғалмайтын жағдайға келтіру
керек. Буынды дәке немесе орамалмен мықтап таңып, сол жерге салқын нәрсе
басу керек. Зардап шеккен адамды жедел ауруханаға жеткізу қажет.
Қатты құлағаннан, соғылғаннан сүйектер сынуы мүмкін. Сынықтың ашық
және жабық түрлері болады. Ашық сынықтарда сүйек ұштары бұлшық етті, қан
тамырларын, теріні жарақаттауы мүмкін. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі
мүмкін. Сондықтан, алдымен жараны тазалап, дәкемен байлап, шендеуіш салып
таңу керек. Арнайы шендеуіштер дәріханада сатылады немесе шендеуіш ретінде
таяқ, тақтай, қатты қағазды да пайдалануға болады.
Омыртқа жотасы зақымданғанда науқасты етпетінен тақтайға немесе
зембілге жатқызып, ауруханаға жеткізу керек. Егер бас сүйегі сынса, онда
науқастың басын аздап көтеріп, шалқасынан жатқызады.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

оқыс - неосторожно; неосмотрительно
оқыс қимылдау - неловкое движение
буын шығу – вывих сустава
буын ойысы – суставная впадина
байлам – связка
қан тамыры – кровеносный сосуд
сіңір созылуы – растяжение сухожилия
үзілу – разрыв
дәке – бинт; марля
жәрдем – помощь
жағдай – состояние
пішін - форма; фигура; вид
шендеуіш – шина
зардап шеккен – пострадавший
сүйек ұштары – острые края кости
таңғыш – повязка
таяқ – палка
сыну – перелом
ісу – опухать; отекать
таңу – перевязать
зарарсызданған – стерильный
етпетінен – на живот
шалқасынан – на спину

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз

1. Қай кезде буын шығуы болуы мүмкін?
2. Сіңір созылғанда, буын шыққанда не болады?
3. Сіңір созылғанда, буын шыққанда қандай жәрдем көрсету керек?
4. Қай кезде сүйек сынуы мүмкін?
5. Сынықтың қандай түрлері бар?
6. Ашық сынықта алдымен не істеу керек?
7. Омыртқа жотасы зақымданғанда не істеу қажет?
8. Бас сүйек сынса не істеу керек?

3-Тапсырма
Оң жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз
тіркесін құрыңыз

буын ойысынан қимылдау (қалай?)
өте қатты шығу
(қандай?)
дәкемен ауыру
(қалай?)
үйге таңу (немен?)
оқыс жеткізу
(қайда?)
таяқты
жарақаттанған (нені?)
дәрігерді пайдалану
(нені?)
теріні шақыру
(кімді?)

Спондилит

Спондилит (омыртқаның қабынуы) жас балаларда жиі кездеседі. Аурудың 95
пайызын туберкулез микробтары жұқтырады, ал қалған 5 пайызы іріңді жұқпалы
аурулардың асқынуынан болады. Омыртқа туберкулезін, әсіресе, сүзек ауруы
мен өкпе қабынуы, омыртқаның жарақаттануы қоздырады.
Бұл ауру cездірмей баяу басталады. Бірақ ауырған баланың жүріс-
тұрысы, мінез-құлқы өзгереді, көп ойнамайды, шаршай береді, көңілсіз
жүреді, тамақты дұрыс ішпейді. Жерден бір нәрсені алу үшін бір қолымен
тізесіне сүйеніп, еңкейіп алады. Кейде бала Ішім, кеудем ауырады - дейді.
Туберкулез 2-3 омыртқаны зақымдағанда, адамның белі бүкірейіп, кеуде
сүйектері алға шығады. Ауру асқынып кетсе, омыртқадан ірің ағады. Ол бұлшық
еттердің арасымен жылжып отырып, шапты, жотаны зақымдайды, сөйтіп тесік
пайда болады. Тесік бірде бітіп, бірде ашылып, ұзаққа созылады. Кейде
деформацияланған омыртқалар жұлынды қысып зақымдайды да, аурудың екі аяғы
немесе екі қолы салданады.
Ауру адамды арнаулы курортта емдеуге болады. Омыртқаға салмақ түспеу
үшін оны гипске салады. Кейде операция жасалады.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

жүріс- тұрыс – походка
шап – пах
сүзек – тиф
жұқпалы – инфекционный
көңілсіз – невеселый
тесік біту – заживание раны
қысу – сжимать; давить
қоздыру – вызывать; возбуждать
жылжу – продвигаться
еңкею – наклониться
бүкірею – горбиться
зақымдану – поражение (поражение к.-либо органа)
жұқтыру – заражать
салдану – парализоваться
сүйену – опираться
ағу – протекать; течь
баяу – медленно
сездірмей – незаметно

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз

1. Спондилиттің пайда болуына нелер себеп болады?
2. Аурудың белгілері қандай?
3. Ауру ағымы қандай?
4. Ауру асқынғанда науқастың жағдайы қандай болады?
5. Спондилитте қандай ем қолданылады?

Артрит

Артрит (буын қабынуы) - көбіне бруцеллез, туберкулез, тұмау жұқпалы
ауруларынан кейін болатын ауру. Сондай-ақ үлкен адамдарда (40 жастан асқан)
заттар алмасу процесі, ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылғанда, кәсіби
ауруларда, адамға дәрумен жетіспегенде және кейбір дәріге сезімталдығынан
пайда болады.
Аурудың белгілері: адам буыны сырқырап, жүргізбейді, ісінеді, буынға
сары су жиналады, кейде ол іріңге айналады, буын терісі қызарып, дене қызуы
көтеріледі. Буын қабынуынан сақтану үшін жұқпалы аурулармен ауырмай, таза
жүру, ауырған күнде дұрыс емделу, дене шынықтырумен шұғылдану керек.
Емі. Дәрігердің рұқсатымен антибиотиктерді ішу, буынға майлы
дәрілерді ыстық сорғыш ретінде басу жақсы нәтиже береді. Буын іріңдеп кетсе
хирургиялық көмек қажет болады. Аурудың созылмалы түрінде физиотерапевтік
әдіс-былау, сылау сияқты емдер қолданылады. Курорттарда минералды сулармен
емдеу пайдалы.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

әдіс – метод
кәсіби аурулар – профессиональные заболевания
зат алмасу – обмен веществ
қызмет – функция
бұзылу – нарушение
былау – ванночки
нәтиже – результат
белгі – признак
буын – сустав
жетіспеу – нехватка
сезімталдық – чувствительность
сары су – суставная жидкость
буын сырқырау – ноющая боль в суставах
қолданылу – применяться
ыстық сорғыш ретінде – в качестве компресса
сақтану үшін – для предохранения

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз

1. Артрит қандай ауру?
2. Артриттің пайда болу себептері не?
3. Аурудың белгілері қандай?
4. Буын қабынуынан қалай сақтану керек?
5. Артритте қандай емдер жүргізіледі?

3-Тапсырма
Буын сырқырау етістігін ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінде жіктеп, 5
сөйлем құрастырыңыз

Бруцеллез

Бруцеллез – малда да, адамда да кездесетін, буынды, сүйекті, жүйке
жүйесін зақымдайтын жұқпалы және созылмалы ауру. Ол, әсіресе қой мен
ешкіде, сиырда жиі кездеседі.
Адамға бруцеллез көбіне көктемде, мал төлдегенде немесе етті шала
пісіріп жегенде, сүтті шикі ішкенде жұғады. Сондықтан бруцеллез шопандарда,
мал дәрігерлерінде және сауыншыларда жиі кездеседі.
Аурудың белгісі микроб жұққаннан 2-3 аптадан кейін білінеді. Алдымен
адамның денесі мұздап тоңады, содан кейін қызуы 38-40 градусқа дейін
көтеріледі, аяқ-қолы сырқырап, буыны іседі, аяғын баса алмайды. 2-3 аптадан
соң дене қызуы төмендейді, буындарының ісігі қайтады, сөйтіп, науқас 1-2
аптада тәуір болады да, одан кейін ауру қайта күшейіп, жағдайы нашарлайды.
Мұндай жағдай 3-4 айға немесе одан да көпке созылады. Бұл кезде адамның
бауыры, көк бауыры ісініп, бездері шошиды, ұйқысы қашады, тамаққа тәбеті
тартпайды, әлсірейді. Жазылғаннан кейін де буындары сырқырап, жүре алмай
бара-бара таяқпен немесе балдақпен ғана жүретін болады.
Бруцеллезден сақтану үшін ауру малды сау малдан бөлек бағып, қажет
болған жағдайда сойған да жөн. Ауру малды бағатын адам арнаулы киім киіп,
қолын үнемі сабынмен жуу керек.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

жағдай – состояние
көк бауыр – селезенка
балдақ – костыль
ұйқысы қашу – бессоница
аяқ-қолы сырқырау - ломота рук, ног
без шошу - воспаление лимфатического узла
шикі сүт - некипяченное молоко
шала піскен – недоваренный
біліну – проявляться
төлдеу - приносить приплод
тәуір болу, жазылу, сауығу – выздороветь
қайта күшею – вновь усиливаться
созылу - длиться; тянуться
мұздау – холодеть
бөлек бағу - пасти отдельно
сою - зарезать (зарезать животное)
біршама – несколько
бара-бара – со временем; постепенно
жөн – желательно
үнемі – постоянно

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Бруцеллез қандай ауру?
2. Бруцеллез көбіне қандай жағдайларда жұғады?
3. Науқастың жағдайы қандай болады?
4. Аурудан алдын ала сақтану шаралары қандай?
5. Аурудың белгілері қандай?

3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз

Бруцеллез – буын... , сүйек... , жүйке жүйелері... зақымдайтын ауру.
Адамның дене... мұздап тоңады. Аяқ-қолы сырқырап, буын... іседі. 3-4
ай... созылады. Бұл кезде адам... тамақ... тәбеті тартпайды.

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден
құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ұлтабар, ащы ішек, тоқ ішек
– бұлар ас қорыту жолы болып табылады.
Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға
түседі. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның
шырышты қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан
сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4-8 сағаттай болып, асқазан сөлінің
әсерінен қорытылады. Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі
бөлімі – ащы ішекке біртіндеп өтіп отырады. Оның басты бөлімі - ұлтабар.
Ұлтабарда бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады. Бауырдан
бөлінетін өт сарғыш-жасыл түсті. Өттің әсерімен май уақ тамшыларға
ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады. Бауыр – ас қорыту бездерінің
ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып
отырады.
Ұлтабарда астың негізгі қорытылуы аяқталады. Қоймалжың ас ботқасы
ащы ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытуға түседі. Бұл қорыту
ащы ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерінен болады. Ащы
ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға
өтеді, майдың ерітінділері, негізінен, лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, ащы
ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.
Ащы ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су
ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Ал қорытылмаған қалдық
заттар тік ішекке түседі.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

он екі елі ішек, ұлтабар – двенадцатиперстная кишка
асқазан сөлі – желудочный сок
бөліп шығару (бөлу) – выделять
келесі – следующий
қорытылу – перевариваться
қоймалжың – полужидкий
ұйқы безі – поджелудочная железа
өзек- проток
өт – желчь
без – железа
уақ – мелький; мелочь
тамшы – капля
қыл тамыр – капилляр
сыйымдылық – вместимость
ботқа – кашица
ыдырау – расшепление; распад
зарарсыздандыру – обезвредить
сіңірілу – впитываться
тоқ ішек – толстая кишка
ащы ішек – тонкая кишка
тік ішек – прямая кишка
әсер – влияние
ерітінді – раствор
қалдық – остаток
кенеулі – питательный; калорийный

2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Ас қорыту қандай процесс?
2. Ас қорыту жолдарына нелер жатады?
3. Ас бірінші қайда түседі, одан кейін қандай мүшелерге барады?
4. Асқазанда ас қанша сағаттай болады және ненің әсерінен қорытылады?
5. Он екі елі ішекте қандай процесс жүреді?
6. Бауыр қандай қызмет атқарады?
7. Ең соңғы қорытылу қай жерде болады?
8. Ащы ішекте қорытылмаған заттар қайда барады?

3-Тапсырма
Төмендегі қазақ мақал-мәтелдерінің мағынасын қалай түсінесіз?

1. Ас – адамның арқауы
2. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама
3. Аш адамнан ақыл сұрама
4. Ас біреудікі болғанмен, асқазан өзіңдікі екенін ұмытпа

4-Тапсырма
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз

Тонкий кишечник имеет длину 3-4 метра. В двенадцатиперстной кишке под
влиянием ферментов пищеварительного сока происходит расщепление белков,
жиров и углеводов. Какова роль желчи в процессе переваривания жиров?
Разнообразие пищи, различные салаты, добавления к пище небольшого
количества перца возбуждает аппетит. Какую роль в процессе пищеварения
играет сок поджелудочной железы? Вся кровь, которая течет от кишечника
проходит через печень. В печени обезвреживаются ядовитые вещества, которые
образуются в процессе пищеварения.

Ас қорыту ағзаларының аурулары

Ас қорыту ағзаларының аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда
болады. Бұл микробтар денеге қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған көкөніс
және жемістер, кір ыдыс пен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у
бөледі, сөйтіп ағзаны уландырады. Адам ас қорыту ағзаларының ауруларына
шалдығады. Әсіресе, тышқақ, іш сүзегі, тырысқақ, ішқұрт өте қауіпті ас
қорыту аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда ішектің жұмысы
бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Өз бетімен емделу адам өміріне қатер туғызады.
Сондай-ақ, шылым шегу, ішімдікке әуестену ас қорыту жүйесінің
мүшелерінің жұмысын бұзады. Өмірге қатерлі ауруларды дамытады.
Ас қорыту ағзаларының ауруларынан алдын ала сақтану үшін жеке бастың
гигиенасын сақтау керек, таза жүру керек және суды қайнатып ішкен жөн
болады.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

қайнатылмаған су – некипяченная вода
ауру қоздыратын микробтар – микробы-возбудители болезни
жуылмаған көкөніс (жеміс) – немытые овощи (фрукты)
кір – грязь; грязный
жұғу – заразиться
уландыру – отравлять
шалдығу – подвергаться
тышқақ – дизентерия
сүзек – тиф
тырысқақ – холера
ішқұрт – глист
бұзылу – нарушение
қатер – угроза; опасность
дереу – срочно; немедленно
әуестену – увлекаться
алдын ала сақтану – профилактика
жеке бастың гигиенасы – личная гигиена
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Ас қорыту ағзаларының аурулары қалай пайда болады?
2. Микробтар қалай жұғады?
3. Қандай ас қорыту ауруларын білесіңдер?
4. Ауру белгілері қандай?
5. Аурулардан алдын ала сақтану шаралары қандай?

3-Тапсырма
Мәтінде кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз

Ас қорыту ағзаларының аурулары, қайнатылмаған су, жуылмаған көкөніс
және жемістер, у бөлу, ағзаны уландыру, өте қауіпті, дененің қызуы
көтерілу, өз бетімен емделу, шылым шегу, ішімдікке әуестену, жеке бастың
гигиенасы

Жедел гастрит

Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Бұл - өте жиі
кездесетін ауру. Адам бұл аурумен ащы тамақ ішкенде, қышқылдармен,
сілтілермен уланғанда ауырады. Сондай-ақ, ас қорыту аппараттарында тамақпен
бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк
және тағы басқалар) түскенде пайда болады.
Науқастың іші, басы ауырады, әлсіреп құсады, дене қызуы қалыпты
болуы мүмкін немесе 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты
құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілін ақ үлпек басады, іші аздап
кебеді. Ауыр түрлері кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді,
ішін басып қарағанда құрсақ үсті (эпигастрий) аймағының ауыратыны
анықталады. Науқас есінен танып, аяқтары тырысуы мүмкін.
Аурудан алдын ала сақтану шаралары: тамақтану тәртібін реттеу, тіс
ауруларынан сақтанып, дер кезінде емделу, ішкілікке салынбау.
Емі: аурудың жеңіл түрі емді керек етпейді, тамақтану тәртібін дұрыс
сақтаса, соның өзі де жеткілікті болады. Дұрыс емделгенде жағдайы тез
жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті соқырішектен,
қантышқақтан айыра білу керек.

1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

қабыну – воспаление
қышқыл – кислота
сілті – щелочь
ақ үлпек – белый налет
қан қысымы – давление
шырышты қабықша – слизистая оболочка
жүрек соғысы – пульс; сердцебиение
тамақтану тәртібі – режим питания
құсу – рвота
жұқпалы – инфекционный
жедел (түрі) – острая (форма)
қалыпты – устойчивый; постоянный; нормальный
жеткілікті – достаточный
терісі қуқылдану – побледнение кожи
іш кебу – вздутие живота
баяулау – замедляться
естен тану – терять сознание
анықталу – определяться
аяқ тырысу – судороги ног
ішкілікке салыну – злоупотребление алкоголем
ішін басып қарағанда – при пальпации живота
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жедел гастрит дегеніміз не?
2. Адам бұл аурумен қандай жағдайларда ауырады?
3. Ауру кезіндегі науқас жағдайы қандай болады?
4. Аурудан алдын ала сақтану шаралары қандай?
5. Қандай ем қолданған жөн?
3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз

Жедел гастрит – асқазан... шырышты қабығының қабынуы. Науқас іші...,
басы... ауыратынын айтады. Қорытылмаған тамақ... құсып тастайды. Ауыр
формалары кезінде жүрек соғыс... баяулап, қан қысым... төмендейді.
Тамақтану тәртібі... дұрыс сақтаса, соның өзі де жеткілікті болады.

4-Тапсырма
Төмендегі сұрақтарға науқас адамның атынан (мәтін бойынша) жауап беріңіз

1. – Қай жеріңіз ауырады?
2. – Қай кезде ауырады?
3. – Қашан ауырдыңыз?
4. – Қызуыңыз бар ма?
5. – Құстыңыз ба?
6. – Әлсіздік сезінесіз бе?
7. – Ішіңізді басқанда қай жеріңіз ауырады?

5-Тапсырма
Осы тақырыпқа байланысты даналардың сөзін есіңізге сақтаңыз:

1. Барлық ауру бір-ақ жолмен – қомағайлықпен келеді (Ж. Баласағұни)
2. Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім білмейді (Т. Фуллер)

Холецистит

Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер
етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оған себеп болады.
Тастардың сыртқы түрлері әр түрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты,
сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Тастар өт жолында, өт
қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп
жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі
мүмкін.
Бұл аурудың негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты
бірден шаншып ауырады. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырған тамақ
немесе жұмыртқа жегеннен кейін басталады. Шаншу күшейеді де, оң жауырынға
беріледі. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып,
біресе қызуы көтеріліп, мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді,
жағдайы мүлдем нашарлайды. Кіші дәреттің түсі қоңырланып, кейде ағарып
кетуі мүмкін. Өт жолы таспен жабылып қалғанда адам денесі, көзі сарғаяды.
Сарғаю көбінесе 2-3 күннен кейін байқалады. Себебі өт жолын тас жауып,
өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Өт қабы қабынудың күшеюіне
байланысты жарылып кетуі де мүмкін. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне
уланады. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, сондықтан науқасты
дереу ауруханаға жатқызып, қолма-қол операция жасау керек.

1-Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз

Жағдай – условие
Әсер ету- влиять
Тоңу – замерзать
Білінбей жүре беру - проходить незаметно
Шаншып ауыру - колющая боль
Шаншу – колика
Күшею – усиливаться
Берілу – передаваться
Жүрек айну – тошнота
Мазасы кету - становиться беспокойным
Шөлдеу - хотеть пить; жажда
Құрғау – высохнуть
Сарғаю – пожелтеть
Таралу – распространяться
Байқалу – наблюдаться
Жарылу – лопнуть; разрыв
Қоңырлану – темнеть
Қатер төну - подвергаться опасности
Қолма-қол – моментально

2-Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
1. Тастың пайда болуына не әсер етеді?
2. Тастардың сыртқы түрлері қандай болады?
3. Тастар қай жерлерде болады?
4. Аурудың белгілері қандай?
5. Науқас неліктен сарғайып кетеді?
6. Аурудың емі не?

3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: қабырғаның асты ..., кіші
дәрет түсінің ..., таспен ..., беті ..., жылдар бойы ..., іріңді
..., өт қабы ..., біртіндеп ... .

Керекті сөздер: даму, білінбеу, шаншып ауыру, өзгеруі, жабылу, қабыну,
сарғаю, жарылу

4-Тапсырма
Төмендегі өт жолдарының ауруларына байланысты дәрігердің сұрақтары
берілген. Науқастың жауаптарын дайындаңыз. Дәрігердің сұрақтарын жаттап
алыңыз

1. – Қай жеріңіз ауырады?
2. – Қалай ауырады?
3. – Қай кезде ауырады? Тамақтанғаннан кейін бе?
4. – Қандай тамақтардан кейін ауырады?
5. – Оң жақ жауырыныңыздың асты ауыра ма?
6. – Кіші дәретіңіздің түсі өзгерді ме?
7. – Жүрегіңіз айниды ма?
8. – Құстыңыз ба?
9. – Әлсіздік сезінесіз бе?
10. – Ауызыңыз құрғайды ма?
11. – Сіз УДЗ-ге (ультрадыбыстық зерттеу) түстіңіз бе?

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу дегеніміз - ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасу
процесі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отырады. Адам
оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы
мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу
жүйесіне өткізеді. Ал оттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге
таралады.
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
Тілдік төрт дағды
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ МӘТІНДЕР ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
HTML тілі туралы
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Рецептивті лексикалық дағдылар
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Интернет желісі. Интернеттің негізгі принциптері
«Аруна» баспасы жайлы
Пәндер