Қауіпті өндірістер және тұрмыстық факторлар


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қауіпті және зиянды факторларЖоспар1. Қауіпті өндірістер және тұрмыстық факторлар. 2. Жіктелуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары, зиянды заттың таралуы және түрленуі, зиянды заттардың әсері және сезгіштігі. 3. Зиянды заттардың аралас әсері. 4. Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті мүмкін, максимум реттік, орташа ауысымдық, орташа тәуліктік концентрациялары. 5. Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар. Кіріспе

Қауіпті және зиянды факторлар - факторлар тобы. ТЖ жағдайында авариялық - құтқару жұмыстарды жүргізу адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлармен қоса жүреді.

Қауіпті және зиянды факторлар әсер ету сипатына байланысты келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психологиялық.

Физикалық қауіпті және зиянды факторлар келесі топтарға бөлінеді:

  • қозғалмалы көліктер мен механизмдер;
  • өндірістік құрылғылардың жылжымалы бөліктері;
  • қозғалатын заттар, дайындалған заттар мен материалдар;
  • бұзылған құрылғылар;
  • қирамалы тау жыныстары;
  • жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануы мен ластануы;
  • құрылғы, материал беті температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
  • жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
  • жұмыс аймағындағы шу деңгейінің жоғарлауы;
  • діріл деңгейінің жоғарылауы;
  • инфро дыбыстық тербеліс деңгейінің жоғарылауы;
  • ультра дыбыс деңгейінің жоғарылауы;
  • жұмыс аймағындағы немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруі;
  • ауа ылғалдығының жоғарылауы немесе төмен болуы;
  • ауа қозғалысының жоғарылануы немесе төмен болуы;
  • ауаның жоғарыланған немесе төмендеген иондалуы;
  • жұмыс аймағындағы иондаушы сәулелер деңгейінің жоғарылауы;
  • электр желісіндегі кернеудің жоғарылауы, адамның денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықтары;
  • статикалық электр тогының жоғарылаған деңгейі;
  • электромагниттік сәулеленудің жоғарыланған денгейі;
  • электр өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
  • магнит өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
  • табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігі;
  • жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
  • жарықтың жоғарылауы;
  • түстердің қарама - қарсылығының төмендеуі;
  • тікелей және шағылыса жарқырау;
  • жарық толқынының жоғарыланып жүруі;
  • ультракүлгін радиация деңгейінін жоғарылауы;
  • инфрақызыл радиация деңгейінің жоғарылауы;
  • дайын заттардың, құрал - жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір - бұдырлық;
  • жұмыс орнының жерге қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде орналасуы;
  • тепе - теңдіктің жоқ болуы.

Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді

а) адам ағзасына әсер ету сипатына қарай :

  • уытты;
  • тітіркендіргішті;
  • сенсибилизациялаушы;
  • канцерогендік;
  • мутагеңдік;
  • репродуктивтік қызметке әсер ететін;

б) адам ағзасына ену сипаты бойынша:

  • тыныс алу органдары;
  • ішек - қарын жолы;
  • тері жамылғысы мен шырышты қабық.

Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға келесі биологиялық нысандар жатады:

  • патогендімикроағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, ) және олардың тіршілігіне қажетті заттар.
  • микроағзалар (өсімдіктермен жануарлар) .

Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер ету сипатына қарай мына топтарға бөлінеді:

  • статикалық;
  • динамикалық

Нервті - психикалық ауыртпалықтар мына топтарға бөлінеді:

  • ақыл - ойлық ауыртпалықтардың ұлғаюы;
  • анализаторлардың шамадан тыс шаршауы;
  • эмоциялық ауыртпалықтар.

Бұл аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлар өзінің әсер ету табиғатына байланысты бір мезгілде бірнеше топқа жатады және барлық сипаттағы ТЖ кезінде орын алады (табиғи, техногенді) .

  1. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінің түрлері

Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы сирек. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Бұл өмірде өмірі мен тәнін аман сақтап қалған бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр және қиындықпен сауығады. Бұл - адамның жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.

Дегенмен, ТЖ - ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, имоционалдық күйіне қарай.

Кенеттен ТЖ - ға тап болған адам ағзасына күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ - да кейбір адамдарда (15-20 пайыз) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ - ға дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады.

Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Бейімделудің психологиялық кедергісі - бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.

Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник - қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін.

Флегматик - ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды.

Холерик - мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.

Меланхолик - бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.

Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалуы (ступор) сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы. Қозу немесе сіресіп қалу жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады. Мұндай себептерді жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда адамдардың 12-15 пайызы өзгеріссіз өз қалпында қалатаынын айтып өтке жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады.

Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы мүмкін қауіпті сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резеңке кәсіпорнында еңбек қорғау шаралары
Қалдықтар.қауіпті қалдықтар және олардың жіктелуі
Табиғат қорларын қайталап пайдалану
Табиғат қорларын кешенді пайдалану
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері
Еңбек қорғау шаралары
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz