Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
қазақстандықтарға Жолдауында Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік
ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері,
табандылығы, білімі делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды
орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың ерік қасиеттерін шығармашылық
әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.
Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты
экономиканың негіздерін қалыптастыру,жаңа технологияларды,идеялар мен
көзқарастарды пайдалану,инновациялық экономиканы дамыту болып табылады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған
еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.Біз бүкіл елімізде
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге
тиіспіз,-деп Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында айтылғандай.Біз
бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде
мемлекеттік - жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 100
жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін
бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.
Қазақстандық патриотизммен саяси ерік-жігер –жаңа Қазақстанды
құрудың аса маңызды факторлары.
Біз осы таяуда ғана тәуелсіздігіміздің 15 жылдығын атап өттік.Өткен
жолымыз лайықты жол болды,ал біздің бірлескен шешімдерімізбен тындырған
ісіміздің нәтижелері таңданарықтай болды.Мұның бәрі де жалпы қазақстандық
патриотизмнің іргетасын қалап,біздің Отанымыздың,біздің барша көпұлтты және
көп конфессиялы қоғамымызды,біздің бабаларымыздың тамаша келешегі бар
екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады.
Тарих халық өзінің ерік-жігерін тарихи ауқымдағы жобаларды іске асыру
үшін жұмылдырған кезде жаңа даму деңгейіне көтерілетінін жарқын мысалын аз
білмейді.
Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу ісінде адамның
ішкі жан дүниесін мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты
істер жүзеге асуда. Халықтың дәстүр, рухани-мәдениет негізінде жас ұрпақтың
рухани-адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыруға
басты нысана болып тұр.
Тәрбие ісінде негізгі мәселе – оқушылардың тұлғааралық қатынасын
дамыту,әр адамның құндылығын даралық ерекшелігін,еркін,сезімін,өзіндік баға
беруін қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі
елеулі өзгерістерге бұрып,оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың
білімді,саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас
ұрпақтың жаңаша ойлауына,олардың біртұтас ғылыми дүниетанымының
қалыптасуына,әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан қазіргі заманғы талаптарына сай жеке
тұлғаның адами құндылықтарын тәрбиелеуде оның ерік қасиеттерін жетілдірудің
маңызы ерекше. Ерік қасиеттерін тәрбиелеу жолдарын қарастыру,әдістерін
таңдау, нәтижесін болжау курстық жұмыстың көкей кесті мәселесі болып
табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі ерік сапаларын
қалыптастыруға байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамның психикалық қасиеттерінің бірі –
ерік әрекеттерін қалыптастырудағы адамның саналы әрекеттерінің
психологиялық мәнін ашу.
Зерттеу міндеттері:
1. Ерік қасиеттерінің психологиялық алғышарттарын айқындау.
2. Ерік қасиеттерінің мәнін ашып, мазмұнын айқындау.
3. Ерік сапаларын тәрбиелеу жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі: ерік қасиеттері.
Зерттеу пәні: психология
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер, мектептегі бақылау, баспасөз
материалы, сауалнама жүргізу, тест, тренинг, озат тәжірибелер.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І Бөлім. Ерік қасиеттерінің психологиялық негіздері.
1.1. Ерік туралы түсінік.
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы
және ішкі әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.
Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларды белсенділік көрсетіп,өзін-
өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады.Өмірде бір
адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен
шұғылданатынын байқаймыз.Біз оның белгіленген мақсатын тану жолымен ұзақ
уақыт талпынатынын, күш-жігер ақыл - ой жұмсайтынын көптеген кедергілерден
өтетінін, бойын кернеген сезімді тепсеп отыратынын шаттық пен қанағат
әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір шағымды жайттардан бас тартатынын
көреміз.Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен
қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананы реттегіштік жағы -
ерік болып табылады.
Ақыл - ойдан туатын және мақсатты орындалатын әрекеттері ерік әрекеттер
деп аталады.Адам су ішкісі келді делік, ол қолын созып стақанды алды,су
құйып, ішіп жіберді. Бұл - әдейі істелген әрекет,ал осыны орындау қиынға
түспегенімен ерік әрекеті болады.Әрбір адамға көздеген мақсатқа жету
жолында түрлі қиындықтарды жеңіп кедергілерден өту үшін жігерлі іс - әрекет
жасау керек.Мұндай әрекеттер нағыз ерік әрекеті деп аталады.Бұл әрекетте
жеке адамның ақыл - ойымен байланысты оның белсенділігі де көрінеді.
Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілеріне сол істің өзінің объектив
қиындықтары,оның күрделілігі басқа адамдардың қарсылықтары жұмыс
жағдайындағы тосқауылдар т.б кіреді.
Ішкі кедергілер – бұлар адамның өзіне тән жалқаулық,шаршап-
шалдыққандық, алдына қойған міндетке қатысы жоқ құштарлық,белгіленген
мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын
кедергілер.Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.
Ерік жеке адамның қасиетін де, сонымен бірге қиындықтарды жеңе отырып
табандылық пен мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті
өмірде,әсіресе үлкен кедергілерге толы ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы
немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адамның ерік күшіне
тікелей байланысты. Керісінше, әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл
күнделікті өмір қойған міндеттерді де атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар
болып, басқалардың қамқорлығын аңсайды. Ерік күшінің болмауынан кейбіреулер
келеңсіз іске құмартып жағымсыз әдеттердің құрбаны болады
(маскүнемдер,наркомандар).
Ерік қуаты барлық психологиялық процестердің әрекеттерін жинақтап және
жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі дене мүшелерінің жұмысын жақсартып,
естің аууын,тіпті өлімнің келуінде тоқтатуы мүмкін.
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан
қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз.
Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын,ашық,саналы түрде
түсінікті болу қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін адам
алдындағы бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды.
Ерік- саналы әрекеттен туындайды. Мысалы адамның өзінен-өзі пайда
болатын қимыл (жатқанда қозғалу, дене мүшелерінің қозғалуы т.б)еріксіз
қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік жігерді көрсетуге қатынасы
жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;
ә) жолда ұшырайтын кедергі,бөгеттерді жеңуі;
б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету,
қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т.б;
в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу,қорықпау т.б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері
жеткілікті қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады.
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми
көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық
құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және ғасырлық дүние ерік
құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л.Тульчинский).
Мысалы,ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған,оның орнына
даналық мұраты ұғым қолданған. Адамның қылық- әрекеттері табиғат пен
өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген.
Осыдан, Арестотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық
қорытындылардан туындайды. Ал өзінің Никомахов этикасы еңбегінде:
дәмдінің бәрін жеу керек және бұл алма дәмді деген пікірлер санада Бұл
алманы жеу керек деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірдей сол
алманы жеп қою әрекетіне келтіреді - деп жазған. Ерік табиғатына болған
мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен аналы
тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің
өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір ерік
терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған.
Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис- жын-шайтан қуу үрдісінен
андауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар астама күйінде танылып,
сыртқы әсерлер жинайтын ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес
жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп
есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп
түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге
дейін) танудан адамның шын қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол заманда қалыптасқан
қоғамның адам әрекет – қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан.
Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай
сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратуға құқы болған,мысалы,
бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін-бақсы-балгер(шаман), от пен
металды бағындырған темірші өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы-қанішер т.б.
Мүмкін,ерік түсінігінің жаңа Қайта тіктелу заманында жеке адам
проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан
ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті
қателер жіберуге де бейім дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан
шығып, тек ортасынан бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі.
Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм
немесе тіршілік философиясы пайда болды. Экзистенциализм(М. Хайдегтер,К.
Ясперс, Ж.П. Сартр,А.Камю т.б) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге
қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі – қоғамдық
байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек,
дерексізденген адам. Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған бұл
адамның мағынасыз қым-қиғаш оқиғалар жиынтығы да, адамның өзі – пайдасыз
құмарлық, - деген пікір айтты.
Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының
жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің
мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке
қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-
ақ түсірді.
Қылық иесі- адам қалыптасқан тағылым – талаптарды жоққа шығара
отырып,міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады.
Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті
екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан
ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен
нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл
қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу
негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен
ғұрыптары баршылық.
Осыған байланысты түсініктеме берген И.П. Павлов ерікті- адам
белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік
– Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу.
Егер осы қасиеті болмаса,- деп жазды И.П.Павлов,- жануар алдынан шыққан
елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді. Ал адам үшін
мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес,
өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны
да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан еркіндік инстинкті болған ерік, Г.Л.
Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша
деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне
ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз
мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде
ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді.
Бұл ғалымдардың болжамынша,адам қылықтарының көзі – психикалық формаға
келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл
қуат,З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ либидо(махаббат)-жыныстық
құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам
қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни либидоның
мәдениеттестірілгеналғашқы көрінісі эрос деп, ал кейін бұл қылық адамның
арғы дүниеге ұмтылысының белгісі(танатос)екенін түсіндіріп бақты.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің қай-қайсысы да
қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі – қажеттіліктердің мәнді,
бірақ тұтастай емес,бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір
қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз тіршілігін
сақтау мен тұтастығын қолдауды қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі
де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысы, яғни
тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі:соғыстағы ерлік, қауіп-
қатерде батылдық т.б.,бірақ Фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-
қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да
қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта
жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік
бостандығы- табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес,
керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре
білуі.
Ерік туралы теориялардың бастылары мына төмендегілер:
Интеллектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны
жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір
сүріп, негізін салған Э.Мейман.
Бұлардың айтуынша,еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен
байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы
мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын
жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда
тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.
Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан
оны ортаға салып, көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай
міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдын ала
дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге
асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік–жігері үнемі екіге бөлініп
отырады. Бірі - ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі –
ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен
пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет
істеу үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің
нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады.Мұндай көзқарас адамның
ерік-жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды,өздігінен
ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт.
Оның көзқарасы бойынша, ерік-эмоциялық сезімдердің, аффектердің ерекше
варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып
отырады.Әрине, ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды.Өйткені ерік
пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды,
керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.
Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз
қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы
өздігінен қимылға айналып кетеді.Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын
екі жағына созып бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса,
адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты
байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа,жібі
қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне,осындайды Джемс ерік әрекеті
деп ойлайды.Осы айтылған теориялардың барлығы да ерікті әрекеттің пайда
болу табиғатын,мазмұнын аша алмайды.
В.И.Селиванов ерікті адамның өз мінез құлқын және қызметін мақсатты
іс-әрекет пен қылық жасау барысында ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе
білуі ретінде бағаланатын саналы меңгеру деп түсіндіреді.
Адамның ерікті әрекеттерін лабораториялық тұрғыдан зерттеуге
мүмкіншілік жоқ.Адамның қылығын, жүріс-тұрысын, әрекетінің ырықты, ырықсыз
түрде көрінулерін жай көзбен байқауға болады.
Адамдардың жүріс - тұрысын байқау,түрлі қылықтарды қалай орындайтынын,
өздерінің мақсаттарына қалай да жететінін, байқап және тіркеп отыруға
болады. Адам ерік-жігері жөнінде эпистолярлық мұраларды естелік, күнделік,
мемуарларды талдау арқылы да біраз мағлұмат алуға болады. Адамның сыртқы
дүниенің тітіркендіргіштеріне қайтаратын жауап реакциялары да адам еркінің
қандай екендігін, жалпы түрде сипаттауға мүмкіндік береді.Мысалы, бір
адамның сыртқы дүниенің әсеріне қайтаратын жауаптары өте тез күшті болады
дейік.Ол қиыншылықты шешуде бір дегеннен табанды, шыдамдылық
көрсетеді.Сөйтіп,адамның әр түрлі реакциясын зерттеу ерікті ажыратуға
пайдасын тигізеді.
Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу
керек. Бұлар адамның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі,
тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын
қанағаттандыру керек.Адамның алдына бір мақсат қоюдан басталады деп
жоғарыда айттық. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып
отырады.Сондықтан кейбір идеолистік теориялардың айтуы бойынша адам еркі
ішінен шығады, адамның еркінің шығу себебі ол сананың әрекеті ішінен ғана
өзінен пайда болатын психикалық әрекеттердің нәтижесі деу өте қате
идеалистік пікір болып табылады.
Белгісі,түрткісі себеп-дәлелсіз,өзінен-өзі ерік әрекеті
болмайды.Адамда мақсат пайда болған соң оны жүзеге асыру үшін кісі әр түрлі
әрекеттер жасайды.Яғни бірнеше сатылардан өтеді.Мақсатты жүзеге асыруда
адамда пайда болатын бір көмескілеу түрткі болады.Оны психологияда тілек
деп атайды.Адам көп нәрсені тілейді,біреуін жақтырады,екіншісін
жақтырмайды,қажеттісін орындасам,жүзеге асырсам дейді. Тілек бір дегеннен
жүзеге аспайды.Оны жүзеге асыру үшін жоспар сызып,құрал-сайманды жинастыру
қажет.Бұл кейде қолдан келмейді. Сол себептен адамның тілегі көбінде жүзеге
аса бермейді.
Тілектен кейін бір түрткі-қалау туындайды.Қалау тілекпен салыстырғанда
белсендірек әрекет. Мұнда адам өзінде мүмкіншіліктің бар-жоғын ескеріп,оның
жүзеге асу жолдарымен санасып отырады.Адамда бірнеше қалау болады,сондықтан
бұлардың арасында күрес пайда боладыАдам әр қалауын салмақтап
қарап,қайсысының мақсатқа тезірек жеткізетінін ой таразысына салып отырады.
Адамдар қалаулар күресінің нәтижесінен өзіне керектісін алып,белгілі бір
тоқтамға келе бастайды.Осы айтылғанның бәрін еріктік амалдың дайындық
кезеңі деп атайды. Тоқтамға келіп,бір нәрсені ұйғарған соң,оны жүзеге
асыру қажет.Міне,сонда ғана адамның қалауы толығымен жүзеге асады.
Ерік,яғни ырықты әрекеттер-ырықсыз қимыл- қозғалыстар негізінде пайда
болады.Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар,мысалы,көз
қарашығының тарылуы мен жайылуы,жыпылықтау,жұтыну,түшкіру т.б құсаған
рефлексті әрекеттер.Ыстықтан қолды тартып алу,шу шыққан тарапқа бас бұру
т.б сияқты қозғалыстар да осы топтан.Біздің сезімдік,көңіл-күй таныту
әрекеттеріміз де ырықсыз сипатқа ие,мысалы,таңдана қасымызды көреміз не
ауызымыз ашылып қалады ;қуана,күле шырай білдіріп,ашуда қабағымызды
түкситіп,тісімізді қайраймыз т.с.с
Сонымен бірге,әрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс,ниеттенбеген
инпульстік қозғалыстар да осы ырықсызқимылдар тобына кіреді,мысалы,сырттағы
шуға мойын бұру, қандай да затқа бір көргеннен әуестену т.б.Еріктік
қылықтың ерекшелігі оның мен қалаймынемес, мен міндеттімінтолғанысының
жетегінде болуы.Дегенмен,кейде адам өзінің еріктік бағдары мен тума
қылықтарын біріктіре алады,мысалы, Мен өз борышымды орындауды қалаймын -
борыш -еріктік, қалаймын-импульстік.осыдан,біздің барша өміріміз ұдайы
еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасынан
тұрады.Ырықсыз
қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп,
ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады.Еріктік қылықтың басты көрсеткіші
де осы нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет.Бірақ әрқандай ниет өзінің
құрылымдық күрделілігінен көздеген мезетте іске аса бермейді,осыдан еріктік
әрекет өз ішіне жеке бірліктер ретінде көп қайталанудан бастапқы саналық
сипатын жойып, автоматтасқан қимыл-қозғалыстарды қамтуы мүмкін.
Кейбір еріктік әрекеттер күрделі сипатта болуынан,оның орындалуы
ұзақ мерзімге созылуы мүмкін,мысалы,тау шыңын ерттеп мінем деген
альпинист,көрмеге дайындалған оқушы т.с. өз ойларын ақтауы үшін талай
жұмыстарға маңдай терін төге,ерік күшін сарп етуі керек.
Қандай-да іс-әрекеттің алғашқы себебі сыртқы сезім беретін мидағы
қозу. Іс-әрекеттің детерменизмі (себеп түрткі) осы болып табылады, соған
қарағанда, адамның әрбір істеген әрекетінің өз себебі болады. Бірақ осыдан
әрі көптеген іс-әрекеттер сезім беретін қоздырғышсыз - ақ, немесе тіпті,
оған қарсы, өмір тәжірибесіне сүйеніп туа береді. Айталық, адам ойында
тұрған жағымсыз жағдайларды еске алып, жұмыс істеуге отырады.
Ерік әрекетінің физиологиялық негізі - өткен тәжірибені нәтижесінде
ми қыртысында бұрын құралған жүйке байланысының екінші сигнал жүйесі.
Ерік әрекетінде тітіргендіргіш ретінде сөздің ролі ерекше. Сөз
адамға сырттан ықпал жасайтын сигнал болуы мүмкін. (Мысалы,мұғалімнің
нұсқауы), бірақ ол көбіне адамның өзіне-өзі қоятын ішкі талабы, бұйрығы.
Барлық жағдайларда бұлар ерікті жауап, әрекет үшін нақтылы қоздырғыш болып
саналады. Сөйтіп, қозудың тұрақты ошағы болған жағдайда ғана адамға алдына
қойған мақсатына жетеді.
Біздің қимылдарымызды басқаратын ми клеткалар үлкен ми сыңарлары
қыртысының басқа клеткаларымен әрқашан да байланысты.
Бір адамның жеткілікті ерік күші болатындығы керекті нәрсені жасауға
өзін көндіре алатындығы, ал екінші адамның мұны жасай алмайтындығы, еркінің
бостығымен көзге түсетіндігі белгілі. Мұның физиологиялық астары - кей
адамдардың бас миында жүйке байланыстар тұрақты жүйеленеді, екіншілерінде
бұлар тұрақсыздау келеді де ерікті басқарумен жүйке коррекциясын
(түзетуді) керек етеді. Ми клеткаларының бірі жағынан қозғалыс орындарынан
атқарылған іс жайында кері сигнал алуының арқасында адам өзі қимылдары мен
іс-әрекеттерін басқару қабілеттеріне ие. Мидың қыртысында сырттан келген
ақпараттар өнделеді, осы жерден қимылға енгізілуі қажет, түзету сигналдары
қайта жүреді. Бұл кері жүйке байланысы адамға өз әрекеттерін бақылап ,
бұларды саналы да еркін басқаруға, яғни ерік әрекеттерін жасауға мүмкіндік
береді.
Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы тежеу процестері керексіз ,еріктен
тыс қозғалыстарды кірітеді. Бұл процестер шамадан тыс қозуды басады (мысалы
аффект күйінде) және ұстамдылықтың, өзін-өзі билеудің, байсалдылықтың,
қимыл дәйектілігінің,т.б пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Ми қыртысы төменгі бөлімінің жұмысын реттеп отыратын үлкен ми
сыңарлары қыртысының қызметіне еріктің тура тәуелділігі бар. Ми
қыртысының төменгі бөлімі адам организміндегі көптеген қозу процестерінің
(инстинктер, қызығулар, аффектілер және т.б) көзі болып саналады.
Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те мидың жүйкелік
процестеріне негізделген заттасқан құбылыс.
Ырықты әрекеттердің негізі алдыңғы орталық жүйке сайларындағы
ми қабықтарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар қызметінде
көрінеді. Әрекетте келтіретін импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы
арадан түйдектелген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейді, одан
төмен түсіп, жұлынға (арқа ми ) бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы
бұлшық еттерге жетеді, яғни пирамидалы жол
жүреді. Осы жасушалардың қай бірі жарақаттанса, адамның оларға бір
қозғалыс мүшесі істен шығады.
Алайда, ырықты әрекеттер бір-біріне байланысты өзара ықпалды әрі
ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда болады. Аталған ми
аймақтарынан басқа, еріктік әрекеттердің бағыты мен қуатын қолдап барушы
құрылымдарды да ескерген жөн. Мидың мұндай профронталь бөлігі істен
шығуынан қимыл-әрекеттер ырықты реттелуден ауып, қажетті бағдарламаға
көнбей, ерік жоспарына икемдесуден қалады. Мұндай аппракция жағдайында
адам қандай да ісін бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып
та қоюы мүмкін немесе еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа арнаға бұрып
жібереді. Клиникалық тәжірибеде кездескен жағдай: аппраксияға ұшыраған бір
науқас ашық тұрған шкафтың жанынан өте бере, ішіне кіріп алыпты да, енді
не істерін білмей, жан-жағына алақтап тұрған құсайды. Мұндай сырқатты
адамның әрекет-қимылының басы бірікпей, басқаруға келмейді.
Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік)ауруына
ұшырайды. Мұндайда әрекет иесі өз қадамының қажеттігін біле тұра, оны
іске асыруға ерік күші жетпей, керекті шешім мен әрекетке келе
алмай, жан күйзелісіне түседі. Абулия ми қабығындағы шектен тыс
тежелу мен мидан берілетін импульстік ықпалдардың қажетті деңгейінің
бәсеңдеуінен болады. Осыдан сырқат адам көбіне ырықсыз қылықтар
шырмауынан шыға алмай, қиналады.
Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-
қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан.
Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс қуатын арттырумен бірге, барша
психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім, - бастау көзі.
Осыдан, ырықты әрекет бас миы қабығының барша бөліктерінің біркелкі
қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді. (И.П.Павлов)
Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақытша
жүйке байланыстарының негізінде әрқилы ассоциациялар жинақталып, бекиді.
Енді келіп түскен ақпарат бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Егер
келіп түскен ми қабығында бұдан алдын түзілген бағдарламамен сәйкес
келмесе, не әрекет өзгереді, не жоспар қайта жасалады. Ерікті
реттестірудің рефлекторлық негізі бас миындағы қажетті қозу ошағының
пайда болуына тәуелді. Бұл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуатты керек
етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы
формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу
ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен
жігерлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.
Күнделікті тұрмыста да ерік әлпеті бөгетті жою, қиыншылықты
жеңу ретінде айтылады. Мынадай екі қарапайым мысалдарды алайық: 1) бір жазу
жазбақшымын,үстелден қарындаш іздеп, оны тауып, қол созып алдым,
2) менің кешкі уақытым бос, театрға барғым келеді,кассаға барып, билет
аламын. Екі жағдайда да істеген әрекетіміз саналы және белгілі мақсатқа
бағытталған әрекет, бірақ, әдетте, бұл сыяқты әрекеттерді ешкім ерікті
әрекет деп қарамайды, өйткені, олар қиыншылықты жеңумен байлагысты
емес.Шындығында ерік мұнда да байқалады,бірақ оның қажеттігі өте болмашы
және сау адам елемейтін дәрежеде аз білінеді.
Ерік – ең алдымен,адамның өзін-өзі билеуі, әрекеттерін басқаруы, өз
мінезін санамен тәртіптеу.
Екінші жағынан, ерік сыртқы кедергілерді: жұмыстағы қиыншылықтарды,
түрлі кесірлерді, бөтен адамдардың қарсылықтарын т.т. жоюда көзге түседі.
Ерік күшті адам алдына қойған мақсатына жете біледі және істі тындырып
аяқтайды.
... адамның ерік-жігерінің тамаша үлгісі Б.Полевойдың Нағыз адам туралы
аңыз деген повестісінде өте жақсы суреттелген:
Мересьев самолеті қыйрап жерге түскеннен кейін, аяғының қатты
ауырғанына қарамай өзіміздің жақсы сүйретіліп,өтіп келеді. Өз адамдарына
жетуге тырысу барлығынан да басым. Оның барлық еркі,оның барлық күнгірт
ойлары фокустегі сияқты,тек бір-ақ нүктеге түйісіп жатты: қайткенде де,
қалай болса да еңбектей беру, қимылдап ілгерілей беру,ілгеліріп қимылдап
беру. Жаңа ғана жығылған борпылдақ қардан тұрды да бүкіл денесінің
ауырлығына қарамай қатты тістеніп алып, ілгері қарай жүрді. Бір кішірек
нәрсені байымдап алып, соған барлық зейінін аударып, бір қарағайға
дейін,бір томардан екінші тоиарға дейін,бір төмпеш қардан екінші төмпеш
қарға дейін жүріп отырды
Екі аяғын кесіп алып тастағаннан кейін де ол өзінің алдына,мүлдем
орындай алмайтындай мақсат қояды. Госпитальда жатқанның өзінде ол
авиацияға қайта барам деп ант берген болатын. Ол өзінің алдына осы мақсатты
қойды да қайғыға,аурулығына, шаршағанына және сәтсіздікке қарамай сол
мақсатқа жетуге тырысты.Ақыры сөйтіп жүріп, қойған мақсатына жетеді.
Ерік- психикалық өмірдің қалған жақтарымен тығыз байланысты.Оның
мықты қозғаушы күші- біздің сезімдеріміз. Барлығына немқұрайлы қарайтын
адам үлкен еріктің иесі бол алмайды. Өз сезімдерінің құлы болушылар – бұл
ынжық адамдар.
1.2. Ерік қасиеттері және адамның саналы әрекеттерінің психологиялық
алғышарттары.
Адам іс-әрекет процесінде өз бойында жеке адам ретінде өзін
сипаттайтын, әрі өмірі мен еңбегі үшін маңызды ерік сапаларын баулиды.
Бір қасиеттер адамды белсенділікке бағыттап, ми сыңарлары қыртысындағы қозу
процестерінің басым болуынан туындайды, басқа бір қасиеттер қажеті жоқ
психологиялық процестер мен әрекеттерді тежеуде, кідіртуде, басуда көрініс
береді.
Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрекеттерінің маңызына
негізделген ерік қасиеттері:
1. Белсенділікке байланысты қасиеттер – тоқтамға келгіштік, батылдық,
табандылық, дербестік.
Тоқтамға келгіштік – қажетсіз толқуларды жеңіп, дер кезінде әрі
орнықты шешімдерді қабылдай білу. Тоқтамға келгіштік асығыс
қабылданған, қалай болса солай ойластырылмаған әрекеттерде емес,
жеткілікті өлшеп пішілген, негізделген іс-әрекеттерде көрінеді. Тоқтамға
келгіш адам істің басқаша емес, осылай істелуі керектігіне қатты
сенімді болады. Іс-әрекеттің сан алуан түрткілерінің ішінен қажетті
болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті
бой көрсетеді.
Батылдық дегеніміз – адамның бойындағы үрейлену және абыржу
сезімін жеңе білу қасиеті. Батылдық адам өміріне қауіп төнген сәттегі
қимылдарда ғана көрініп қоймайды, батыл адам күрделі жұмыстан, үлкен
жауапкершіліктен сескенбейді, сәтсіздіктерден қорықпайды. Батылдық
шындық өмірге ақылға қонымды, айқын оймен қарауды талап етеді. Кейде қиял
адамға іс-жүзінде жоқ қауіп-қатерді елестетеді. Бірақ ерік күш-жігерін
жұмсап, ол негізсіз туған үрейді басады да, керек деп санаған ісін
орындап шығады.Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін
орындауға жылдам ауыса алады. Кейде адам қандай да шешімге бел
байлағанымен,істің өзіне келгенде босбелбеулік танытады, осыдан жұмыс
басталмай қалады. Мұндайда батылдыққа тірек – ержүректік қорқыныштың бәрін
басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет.Іс-әрекеттегі батылдық
көзсіздікке тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсыздық танытса,батыл
адам әрекетін кідіртіп, кейін қалдыра алады. Батыл адам әдетте ерлікке де
ие, яғни қауіп-қатер сәтінде ұнжырғасы түспейді, өзінің жолында ұшырайтын
қиыншылықтар мен әуре-сарсаңдарды табандылықпен көтере біледі.
Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық пен табандылық үлкен маңызға
ие. Шалт адамдар өздерінің барша күшін көзделген мақсатқа тез шоғырландыра
алады.Бірақ көптеген жағдайларда шалт әрекет істің бастапқы кезеңінде өте
қарқынды болып, кейін іс неғұрлым ұзаққа созылған сайын ол үдемелі кеми
бастайды да тіпті байқал-майтындай деңгейге түседі.Осыдан,шалттық
табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне
айналады.
Табандылық – жолы қандай ұзақ та қиын бола тұрса да, алға қойған
мақсатқа жетелеуші қасиет. Табандылық ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе
білуден көрінеді. Еркі күшті адам күш-жігерін үнемі жинақты ұстайды,
арадағы қиыншылықтар оның өзі ісін жалғастыра беруге деген тілек-талабын
ұлғайта түседі. Табандылықты адамның бір беткейлігімен теңестіруге
болмайды. Бірбеткейлік - жеке адамның теріс қасиеті. Табанды адам жағдайды
дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жететін мәселелерді таба біледі. Ол
қалыптасқан жағдайды пайдаланып, қана қоймай, өзі жағдай туғызады. Табанды
адам мақсатқа қарай алған беттен уақытша тұруы да мүмкін, бірақ оны
кейінірек қолайлы жағдайда қайта бастау үшін жасайды. Ол қиындықтан
тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға, кейде, тіпті
басқалардың қарсылығына мойын ұсынып берілмейді.Табандылық та батылдық
сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс
дамуы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Мысалы, кейде ақылды,тіпті дарынды
адамдар өз шешімін қорғай алмай,алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны
жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші
жетпей, істен бас тартатыны да болады. Бұл жағдайда адамда қара басының
тәндік мүддесі басымдау болып ақыл, ой мен сыртқы жағдай талаптары далада
қалады. Кейде адам бастаған ісінің тізгінін қолдан жаздырып алып, әрекет
нәтижесінің болымсыздығына көзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz