Ерік қасиеттерінің психологиялық негіздері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
І Бөлім. Ерік қасиеттерінің психологиялық негіздері.
1.1. Ерік туралы түсінік.
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы
және ішкі әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.
Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларды белсенділік көрсетіп,өзін-
өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады.Өмірде бір
адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен
шұғылданатынын байқаймыз.Біз оның белгіленген мақсатын тану жолымен ұзақ
уақыт талпынатынын, күш-жігер ақыл - ой жұмсайтынын көптеген кедергілерден
өтетінін, бойын кернеген сезімді тепсеп отыратынын шаттық пен қанағат
әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір шағымды жайттардан бас тартатынын
көреміз.Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен
қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананы реттегіштік жағы -
ерік болып табылады.
Ақыл - ойдан туатын және мақсатты орындалатын әрекеттері ерік әрекеттер
деп аталады.Адам су ішкісі келді делік, ол қолын созып стақанды алды,су
құйып, ішіп жіберді. Бұл - әдейі істелген әрекет,ал осыны орындау қиынға
түспегенімен ерік әрекеті болады.Әрбір адамға көздеген мақсатқа жету
жолында түрлі қиындықтарды жеңіп кедергілерден өту үшін жігерлі іс - әрекет
жасау керек.Мұндай әрекеттер нағыз ерік әрекеті деп аталады.Бұл әрекетте
жеке адамның ақыл - ойымен байланысты оның белсенділігі де көрінеді.
Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілеріне сол істің өзінің объектив
қиындықтары,оның күрделілігі басқа адамдардың қарсылықтары жұмыс
жағдайындағы тосқауылдар т.б кіреді.
Ішкі кедергілер – бұлар адамның өзіне тән жалқаулық,шаршап-
шалдыққандық, алдына қойған міндетке қатысы жоқ құштарлық,белгіленген
мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын
кедергілер.Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.
Ерік жеке адамның қасиетін де, сонымен бірге қиындықтарды жеңе отырып
табандылық пен мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті
өмірде,әсіресе үлкен кедергілерге толы ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы
немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адамның ерік күшіне
тікелей байланысты. Керісінше, әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл
күнделікті өмір қойған міндеттерді де атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар
болып, басқалардың қамқорлығын аңсайды. Ерік күшінің болмауынан кейбіреулер
келеңсіз іске құмартып жағымсыз әдеттердің құрбаны болады
(маскүнемдер,наркомандар).
Ерік қуаты барлық психологиялық процестердің әрекеттерін жинақтап және
жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі дене мүшелерінің жұмысын жақсартып,
естің аууын,тіпті өлімнің келуінде тоқтатуы мүмкін.
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан
қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз.
Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын,ашық,саналы түрде
түсінікті болу қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін адам
алдындағы бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды.
Ерік- саналы әрекеттен туындайды. Мысалы адамның өзінен-өзі пайда
болатын қимыл (жатқанда қозғалу, дене мүшелерінің қозғалуы т.б)еріксіз
қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік жігерді көрсетуге қатынасы
жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;
ә) жолда ұшырайтын кедергі,бөгеттерді жеңуі;
б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету,
қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т.б;
в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу,қорықпау т.б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері
жеткілікті қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады.
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми
көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық
құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және ғасырлық дүние ерік
құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л.Тульчинский).
Мысалы,ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған,оның орнына
даналық мұраты ұғым қолданған. Адамның қылық- әрекеттері табиғат пен
өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген.
Осыдан, Арестотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық
қорытындылардан туындайды. Ал өзінің Никомахов этикасы еңбегінде:
дәмдінің бәрін жеу керек және бұл алма дәмді деген пікірлер санада Бұл
алманы жеу керек деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірдей сол
алманы жеп қою әрекетіне келтіреді - деп жазған. Ерік табиғатына болған
мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен аналы
тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің
өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір ерік
терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған.
Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис- жын-шайтан қуу үрдісінен
андауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар астама күйінде танылып,
сыртқы әсерлер жинайтын ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес
жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп
есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп
түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге
дейін) танудан адамның шын қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол заманда қалыптасқан
қоғамның адам әрекет – қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан.
Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай
сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратуға құқы болған,мысалы,
бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін-бақсы-балгер(шаман), от пен
металды бағындырған темірші өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы-қанішер т.б.
Мүмкін,ерік түсінігінің жаңа Қайта тіктелу заманында жеке адам
проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан
ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті
қателер жіберуге де бейім дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан
шығып, тек ортасынан бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі.
Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм
немесе тіршілік философиясы пайда болды. Экзистенциализм(М. Хайдегтер,К.
Ясперс, Ж.П. Сартр,А.Камю т.б) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге
қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі – қоғамдық
байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек,
дерексізденген адам. Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған бұл
адамның мағынасыз қым-қиғаш оқиғалар жиынтығы да, адамның өзі – пайдасыз
құмарлық, - деген пікір айтты.
Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының
жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің
мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке
қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-
ақ түсірді.
Қылық иесі- адам қалыптасқан тағылым – талаптарды жоққа шығара
отырып,міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады.
Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті
екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан
ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен
нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл
қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу
негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен
ғұрыптары баршылық.
Осыған байланысты түсініктеме берген И.П. Павлов ерікті- адам
белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік
– Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу.
Егер осы қасиеті болмаса,- деп жазды И.П.Павлов,- жануар алдынан шыққан
елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді. Ал адам үшін
мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес,
өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны
да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан еркіндік инстинкті болған ерік, Г.Л.
Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша
деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне
ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз
мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде
ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді.
Бұл ғалымдардың болжамынша,адам қылықтарының көзі – психикалық формаға
келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл
қуат,З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ либидо(махаббат)-жыныстық
құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам
қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни либидоның
мәдениеттестірілгеналғашқы көрінісі эрос деп, ал кейін бұл қылық адамның
арғы дүниеге ұмтылысының белгісі(танатос)екенін түсіндіріп бақты.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің қай-қайсысы да
қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі – қажеттіліктердің мәнді,
бірақ тұтастай емес,бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір
қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз тіршілігін
сақтау мен тұтастығын қолдауды қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі
де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысы, яғни
тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі:соғыстағы ерлік, қауіп-
қатерде батылдық т.б.,бірақ Фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-
қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да
қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта
жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік
бостандығы- табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес,
керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре
білуі.
Ерік туралы теориялардың бастылары мына төмендегілер:
Интеллектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны
жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір
сүріп, негізін салған Э.Мейман.
Бұлардың айтуынша,еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен
байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы
мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын
жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда
тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.
Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан
оны ортаға салып, көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай
міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдын ала
дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге
асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік–жігері үнемі екіге бөлініп
отырады. Бірі - ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі –
ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен
пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет
істеу үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің
нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады.Мұндай көзқарас адамның
ерік-жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды,өздігінен
ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт.
Оның көзқарасы бойынша, ерік-эмоциялық сезімдердің, аффектердің ерекше
варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып
отырады.Әрине, ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды.Өйткені ерік
пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды,
керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.
Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз
қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы
өздігінен қимылға айналып кетеді.Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын
екі жағына созып бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса,
адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты
байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа,жібі
қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне,осындайды Джемс ерік әрекеті
деп ойлайды.Осы айтылған теориялардың барлығы да ерікті әрекеттің пайда
болу табиғатын,мазмұнын аша алмайды.
В.И.Селиванов ерікті адамның өз мінез құлқын және қызметін мақсатты
іс-әрекет пен қылық жасау барысында ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе
білуі ретінде бағаланатын саналы меңгеру деп түсіндіреді.
Адамның ерікті әрекеттерін лабораториялық тұрғыдан зерттеуге
мүмкіншілік жоқ.Адамның қылығын, жүріс-тұрысын, әрекетінің ырықты, ырықсыз
түрде көрінулерін жай көзбен байқауға болады.
Адамдардың жүріс - тұрысын байқау,түрлі қылықтарды қалай орындайтынын,
өздерінің мақсаттарына қалай да жететінін, байқап және тіркеп отыруға
болады. Адам ерік-жігері жөнінде эпистолярлық мұраларды естелік, күнделік,
мемуарларды талдау арқылы да біраз мағлұмат алуға болады. Адамның сыртқы
дүниенің тітіркендіргіштеріне қайтаратын жауап реакциялары да адам еркінің
қандай екендігін, жалпы түрде сипаттауға мүмкіндік береді.Мысалы, бір
адамның сыртқы дүниенің әсеріне қайтаратын жауаптары өте тез күшті болады
дейік.Ол қиыншылықты шешуде бір дегеннен табанды, шыдамдылық
көрсетеді.Сөйтіп,адамның әр түрлі реакциясын зерттеу ерікті ажыратуға
пайдасын тигізеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері
Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Тұлға және даралық
Жеке адам және ерік тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін тұрақсыздығы
Жеке тұлға
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы
Пәндер