Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы


Ерік тәрбиесі.
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түркі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) не түрткі деп аталады. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады. Адамның әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның түрлі қажеттері. Адамның қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне қарай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозхғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамдар қимыл қозғалыстар өте көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірі еріксіз қозғалыста, екінші ерікті қозғалыс. Кез-келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасау болмайды. Бұл үшін мақсат бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істейтін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе еркі деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамны өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екіталай кездерде белді беккем буып қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу». Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсаты орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді және білуінен жақсы байқалады.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болы, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі жағдайда бір қилы әрекет жасайтыны мәлім. Біз көп адамдардан «не тілесем, соны істейиін» деген сөзді жиі естиміз. Кейбір философия мен психология ғылымдарының өкілдері осындай жеке пікірлерге сеніп: «адам не істеймін десе де еркі, өз қимылына өзі қожа» дейді. Барлық тіршілік ерікке байланысты, олд ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы жоқ, өзінше пайда болған күш»- деп адамның барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді. Ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда боламайтын, керісінше адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын. Орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлдов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперементтік зерттеулермен дәлелдеді. И. М. Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалытарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек». Адамның кез-келег қимылдарының тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын. Еріктің физиологиялық механизмі дае ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқы бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік қозғалыс табиғатын И. М. Сеченовты кейін зерттеген И. П. Павлов болды. И. П. Павлов және оның шәкіртттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстаро да түрлі тітіркендіргіштермен уақытша жүйке байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайдва болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. И. П. Павлов «Ерікті қозғалыстың» механизімі жоғары жүйке қызметінің барлық заңына бағынатын шартты ассоциациотивтік процесс деп ерікті мидың уақытша байланыстар принципінің заңына орайлас түсіндірді. Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың екінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, өзінің дегесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау-бірінші және екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі. Еріктің мағынасы көп мұның біренші жалпы мағынасы адамның психологиялық өмірінің сигналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді.
Ал дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты көрініп отырады.
Еріктік аламдың кезеңдері.
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады. Ерік сапаларымен әр адам өз басын тәрбиелей алады. бастауыш сынып оқушыларын да осыған баулу қажет. Мысалы, баланың өзіне серт беруге, міндеттеме алуға, өз ісін мақұлдап не айыптап отыруға, қажеттсіз істен бас тартып, одан тежуге үйрету өзін-өзі тәрбиелеуіне үлкен көмек тигізеді. Орыстың ұлы педагогі К. О. Ушинскийдің жас кезіндде өзін тәрбиелеу мақсатында жасаған жоспары көңіл аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей:
- Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу.
- Сөз бен істе әділ болу.
- Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы.
- Тоқтамға кем алу
- Өзің жөнінде орынсыз бір сөз айтпау.
- Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу.
- Қажетті не ұнамды нәрсеге ғана бай ұсыну, көрсе қызғарлыққа салынбау.
- Әр кеш өзің ітсеген іске мұқият есеп беріп отыру.
- Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау.
- Осы жоспарды ешкімге көрсетпеу.
Балалардың бойына кез-келген ерік сепелерын қалыптастыра беруге болмайтыны түсінікті. Ерк сапаларының мазмұнықанда, олар неге бағытталған, қоғамдық пайдалы әрекет жасауға бағытталған ба, әлде жеке қара басының мүддесін көздеге бағытталған ба - міне, негізгі мәселе осында. Егер бала түрлі кедергілерді, қиыншылықтарды жеңуде барлық күш-жігерін, тек өз мүддесіне, қара басына пайдаланатын болса, онда мұндайда көрінетін ерік сапаларының ешбір қоғамдық мәні болмайтындығы белгілі. Бұзақы адамның сотқарлығы, қоғам мүлкін тонаушы ұрының жылпос айлакерлігі, қиқар адамның орынсыз қасарыспалы жақсы ерік сапалары емес. Өйткені осы соңғы айтылғанда өзінің мазмұны жағынан ешбір адамгершілік қасиетке сыйыспайтын сапалар. Сондықтан да адамдарға тән жоғары ерік сапалары туралы мәселе. Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтын оқшау жатқан қасиеттері емес, барлығы да адам бойынан табылатын оның жеке басының бағытына, дүниетанымы мен сенімін, мініз бітістеріне темпераментіне, қабілетіне, тағы сондай психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше жағдайда қабысып келіп, отыратын сапалар. Бір адамның басында ерік сапаларының бірнешеуі қиысып келіп отырады.
Ерік тәрбиесі.
Жаңа туған балада шарттсыз рефлекстер түріндегі ырықты қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнісіндегі ерікті қимыл бұл кезеңде болмайды. бала еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, яғни өз қозғалысын, денесін басқара алудан көрінеді. Баланың өз қозғалыстарын басқара білуіне тілі шығуының маңызы зор. Тілдің шығуы ерікті қимылды реттеп, тежеп отыру үшін аса қажет. Үш жасар балада ырықты қозғалыстар біршама жетілген. Бірақ қозғалыстарды қалайи болса солай меңгере алудың мәні шаиммалы. Мұнда бала өзінің көңілі ауған нәрсесіне ғана емес, орындаға қажетті нәрсесіне де бойын тұрақтата алуы тиіс. Баланы осы қасиетке тәрбиелеуге талап қою, оған шамасы келетін тапсырмалар беріп, орындатқызып отыру ерекше маңызды. Ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру, баланы бірлесіп ойнауға, ойын тәртібіне төсендіру арқылы да оның ерік сапаларын тәрбиелеуге болады. Ерік тәрбиесінде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбек адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудің де маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте еліктегіш келетіндігі белгілі. Сондықтан әр бір тәрбиеші, ата-ана ерік тәрбиесінде де өз мініз-құлқына бекем болып, балаға жаман мінезді көрсетпеуге тырысуы тиіс.
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кездеседі. Соның бірі-қыңырлық. Денсаулығы нашар, организімі әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа масызданып теріс қылықтар жасайды. Осындай әрекеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды. Отбасындағы теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Отбасындағы жағдай ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселе. Баланың дербестілікке ұмтылуы мен санаспау да қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда боуына жағдай жасайды. Баланың мінез - құлқын жөнге салып отыру, бақылау жасау оны дербестігінен айыру болып табылмайды. Бақылау жасауды ретімен пайдалану қажет. Бала әркез өз тілегінің іске асқандығын және өзінедербестік берілгендігін, мұны үлкендер ұйымдастырып отырғандығын сезінетін боуы керек.
Ерік - жігерді тәрбимелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түұсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып, отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, яғни ұжыммен қарым-қатынас жасауға үйрену, жақсы әрекеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне електету, дене шынықтыру мен спортқа баулу, дүниетанамы мен сенімін қалаптастыру т. б. Сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс. Ерікті шыңдау имандылық тәрбиесінің басты мәселелерінің бірі.
Әрбір адам өз еркінде жақсы сапалар қалаптастыру арқылы ізгілікті қоғаморнату ісіне үлес қосатыны сөзсіз.
Мініз туралы жалпы ұғым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz