Химиялық қауіпті обьектілерді және химичлық төтенше жағдайларды жіктеу



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық қауіпті обьектілерді және химичлық төтенше жағдайларды жіктеу
Жоспар

1.Кіріспе
2. Химиялық қауіпті заттарды сақтау және тасымалдаудың негізгі әдістері
3. Химиялық қауіпті заттарды апаттық лақтырғанда токсианттың таралуын
анықтау
4. Химиялық барлау аспаптары

Кіріспе
Зиян әсер етуіне қарай химиялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, бомба т.б.) құрайды. УЗ әскері жасақтарды, халықтың ауыл-шаруашылық малы мен өсімдіктерін, су көздерді, азық-түлікті, техниканы белгілі уақытқа бүлдіру үшін жау пайдалануы мүмкін.

Осы зақымдаушы қабілетін УЗ-дың улылығы деп атаған. Улағыш заттар әдетте сұйық немесе қатты түрде бола тұрып, қолдану барысында сұйық тамшы, газ және бу тәріздес затқа, түтін немесе тұман түріне айналып кетеді. Олар адамдарды тыныс алу, тері, ас қорыту жолдары арқылы уландырады. Алайда, адамның зақымдануының ауртпалығы УЗ-дың денесіне өткен мөлшеріне байланысты. Осы мөлшерді токсодоза деп атайды, ол мгкг, мгадам, (мг мин)литр өлшем бірліктерімен есептеледі. УЗ адамға неғұрлым ұзақ әсер етсе оның зақымы солғұрлым күштірек келеді.

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Улағыш заттардың ерекшеліктеріне мынау қасиеттері жатады:
-зақым келтіру көлемділігі - улағыш заттарға жер бетінің ғана емес, сондай-ақ ауаның жерге тақау қабаты да шалдығады, сонымен бірге ауа қозғалысы арқылы бірталай аймаққа таралады; бұның өзі арнайы қорғану әдістерін талап етеді;
-қорғану тұрғысынан арнайы жабдықталмаған ғимараттарға, үйлерге, құрылыстарға еніп кету қасиеті және онда ауа ауыстыру құралдары болмаса, көп уақыт осындай жерлерде улылығын сақтап тұруы;
-улағыш заттардың кейбір түрлері зақымдау қабілетін ұзақ уақытқа сақтайды (аптап, айлап); тәжірибе барысында өсімдіктерге жер арқылы өтіп малдарды үш жылдан кейін өлтіруі мүмкіндігі байқалған;
-улану себебінен пайда болған аурудың - әр-түрлі жолдарымен дамуына байланысты адамды емдеу әдісін анықтауы қиындыққа соғады;
-улағыш заттардың адамның денесіне жараланбаған терісінен де ене алатын қасиеті;
-уландыру өрісінің жылдамдығы мен ауртпалығы (жеткілікті доза қабылдаған адам аз уақыт аралығында мерт болуы мүмкін);

-бірден көмек көрсетудің мүмкінсіздігі (арнайы медициналық көмекті көрсету үшін зардап шеккен адамды емханага жеткізуінің өзі біраз уақыт алады);
-емханаға бір мезгілде өте көп науқастардың түсуіне байланысты емдеу қиыншылықтары; мысалы олардың 10-15 пайызына реанимациялық жағдай жасалуы керек;
-зақымданған аймақта санитарлық өңдеу өткізу жұмыстары талай күш пен арнайы құралдарды талап етеді.

УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ

Қазіргі кезеңде белгілі улағыш заттарды мынадай топтарға бөлуге болады:
а) улағыш қасиетіне қарай:
жүйке-сал ауруына үшырататын УЗ (зарин, зоман, ВИ-экс) (бүлар фосфорорганикалық улағыш заттар);
-жалпы улайтын УЗ (көгерткіш қышқылы, хлорциан);
-теріні күлдірететін УЗ (иприт түрлері);
-тұншықтырғыш УЗ (фосген);
-психохимиялық УЗ, немесе психотомиметикалық УЗ (би-зет);
-тітіренту, абыржыту УЗ (хлорацетофенон, адамсит, си-эс, си-ар);
Улағыш заттарға өте күшті эсер ететін токсиндерді де қосып қоюға болар еді; олар-ботулиникалық токсины және стафилококк энтеротоксины.
б) Тактикалық мақсатына қарай:
-өлімге соқтыратын УЗ (ви-экс, зарин, зоман, иприт, көгерткіш қышқылы, хлорциан, фосген, ботулиникалық токсин);
уақытша әсер ететін УЗ (би-зет); тітіренту УЗ (хлорацетофенон, адамсит, си-эс, си-ар);
жаттығу барысында қолданылатын УЗ (хлорпикрин).
в) Түрақтылығы жағынан:
-тұрақты УЗ (ви-экс, зоман, иприт).
Бұлар бірнеше тәуліктерге немесе апталарға дейін уақыт аралығында әсер ету мүмкін;
-тұрақсыз УЗ (синиль қышқылы, хлорциан, фосген).
г) Әсер ету жылдамдығына байланысты:
-тез арада әсер ететін УЗ (зарин, зоман, синиль қышқылы, хлорциан, си-эс, си-ар).
Бұлар бірнеше минут аралығында өз нәтіжесін білдіреді;
баяу әсер ететін УЗ, олардың жасырынды түрде әсер ететін уақыты болады (ви-экс, иприт, фосген, би-зет).
д) Бинарлық улағыш заттар химиялық қаруларды одан ары дамыту нәтижесінде дүниеге келіп отыр; олар негізі зиянсыз заттардан
құралады, алайда нысанаға жеткізген құралдар жарылғанда өзара химиялық реакцияға қатысады.

ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ АСПАПТАРЫ
Химиялық қару қолданылған аймақта барлау жүргізіледі. Улағыш заттардың бары-жоғын, бар болса олар қандай мөлшерде ауада, жер қабатында, техниканың бетінде тағы басқа жерде шоғырлануын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Солардың бірімен, әскери химиялық барлау аспабы (ӘХБА) аталған (орысша ВПХР - войсковой прибор химической разведки) Азаматтық қорғаныс құрамдары қамданады. Бұл аспап зарин, зоман, иприт, фосген, көгерткіш қышқылы, хлорциан атты улағыш заттарды және ВИ-экс-тің буларын айықтауға көзделген. ӘХБА бір қорапта мынадай бұйымдардан жинақталған: үрлегіш, үрлегіштің саптамасы қорғағыш қалпақшаларымен қоса, кассеталарға орналастырылған индикаторлық 67 түтікшелер жылытқыш патрондарымен қоса, түтінге қарсы сүзгіштер, электр шамы, күрекше, патронды тескіш бігіз. Шыныдан жасалған индикаторлық түтікшелердің (ИТ) ішінде реактивпен толтырылған ампулалар және толтырғыш зат бар, ал сыртында белгісі көрсетілген. Қызыл белгісі бар ИТ зарин, зоман, ВИ-экс-тің, жасыл-фосген, көгерткіш қышқыл, хлорцианның, ал сарысы - иприттің барысын анықтауға арналған. ИТ он данадан үш кассетаға салынған. Жылытқыш салқын ауа-райы кезеңінде ИТ-ді жылытуға бейімделген.
Жұмыс алдында аспаптың түгелдігін, бұйымдарының іске жарамдылығын тексеріп алу керек.
Фофсорорганикалық заттардың (ФОЗ) барысын зерттеу үшін қызыл белгісі бар екі ИТ-ні алып, әрқайсысының екі ұшын сындырады. Бұл іске арналған үрлегіштің бас жағында арнайы кескіш пен кішкене шұңқырша ескерілген. Сонан соң түтікшенің жоғарғы ампуласын үрлегіштің сабында орналасқан бігізбен жарады да ИТ-лердің екеуін де 2-3 рет сілтиді; біреуін (тәжірибе түтікшесі) белгіленген ұшымен үрлегішке кіргізіп өзегінен 5-6 рет ауа өткізеді, екіншісінен (сынақ түтікшесі) ауа өткізілмейді; ИТ-лердің екеуінің де төменгі апмулаларын жарады, түтекшелерді сілтиді.

Сынақ түтікшенің толтырғыш аз уақытта қызыл түсін сарыға айналдырады. Егер осы уақыт бойынша тәжірибе түтікшенің толтырғышы қызыл түсті болып қала берсе - ол ФОЗ барын, ал түсін сарыға айналдырса жоғын білдіреді.
Жасыл және сары белгіленген ИТ-лерді іске қосқанда да осы сықылды тәртіп ұсталады, тек толтырғыштарының өзгерген түсін кассетаның қабында көрсетілген эталонмен салыстырады, және түтікшелердің өзегінен ауа өткізу жиылығында да айырмашылығы болады.
ӘХБА-мен жұмыс істеу тәртібі қорапшасының ішіндегі құжатында қысқаша берілген. Мысалы, үрлегіштің саптамасы техниканың, қару жарақтың улағыш заттармен ластанғанын, қорғаушы қалпақшалар - топырақты, түтінге қарсы сүзгіштер -улағыш заттардың түтінмен қосылғаның зерттегенде пайдаланылады. Химиялық барлау құрамдар ӘХБА-тан басқа да аспаптарымен қамтылады. Олардың арасында жартылай автоматтандырылған химиялық барлау аспабы (ЖАХБА) және автоматтандырылған газталдауыш (газосигнализатор) ГСП-11. Соңғысы УЗ-дың буларының ауада барысын үзіліссіз бақылау үшін химиялық барлау машиналарында орналастырылады.
Халық шаруашылығында КӘУЗ-дың ауада барысын зерттеуге эмбебап газталдауыш УГ-2 пайдаланылады.
УГ-2 және ӘХБА-ның жұмыс істеу принциптері бір.
Өнеркәсіптік химиялық аспаптарға мыналары жатады:
"Колион-701" атты хлор газталдауыш; "Колион-1" атты аммиак, күкірт көмірртегі тағы басқа органикалық және бейорганикалық қоспаларды айыруға арналған газталдауыш; ЭССА-1, ЭССА-2, ОК-101, МТ-121 газталдауыштар реті бойынша алғанда аммиакты, хлорды, оттегіні, метанды айықтайды. Осылардан басқа Германияның "Дрегер" компаниясы шығаратын сапалы газталдауыштар бар.

КӘУЗ ЖӘНЕ УЗ-мен ЗАҚЫМДАНҒАН АДАМДАРҒА
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек.
Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:
-біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);
-екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;
-үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;
-төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді; кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.
Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:
-көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;
-терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);
-тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;
-бас айналу, ауру, жүректің айнуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қару туралы ақпарат
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Еңбек қауіпсіздігі
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынынан лекция тезистері
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Техногенді сипаттағы апаттар.
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар Өндірістік гигиена және санитария
Пәндер