Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері


Кіріспе . . .
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар . . .
Белгілеулер мен қысқартулар . . .
1 Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
1. 1 Модульдік оқыту технологиясының педагогикалық негіздері . . .
1. 2 Модульдік оқыту технологиясының құрылымы . . .
1. 3 Модульдік оқыту технологиясының білім беруде маңызы . . .
2 Оқыту процесінде модульдік технологияны қолданудың практикалық ерекшеліктері
2. 1 Барап негізгі мектебінің жалпы сипаттамасы . . .
2. 2 Модульдік оқыту технологияның қолдану әдістемесі . . .
2. 3 Экономика пәнін оқытуда модульдік технологияны қолдану тәжірибесі . . .
. . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін мeңгepyi - маңызды мәселелердің бipi. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің III съезінде Елбасы Н. Назарбаев «Құрылымдық, өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесі оздыра отырып дамытумен қамтамасыз eтілуі тиic. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс - бұл уақыт талабы» деп атап көрсеткеніндей, әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер әpi iскер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасалмақшы [1] .
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмipгe бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады[2, 3] .
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал [4, 5, 6, 7, 8] .
Қазақстанда Ж. А. Қараевтің, Н. Оралбаеваның, М. М. Жанпейісованың және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда [9, 10, 11] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді [12] .
Шетелдік ғалымдар модульдік білім беру идеясының туындауын 1960-жылдардың аяғы мен 1970-жылдардың басына жатқызады.
«Модуль» ұғымы термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болды. Бұл термин латынның modulus (өлшеуіш) сөзінен шыққан. Векторға арнап бұл терминді алғаш рет 1814 жылы Швейцария математигі Жан Роберт Арган қолданған. Көшу модулін алғаш рет енгізген ағылшын математигі Роджер Коутс [13] .
Педагогикада модульмен оқыту идеясының нeгiзiн салушы ғалым АҚШ-тағы Падуа университетінің профессоры С. Н. Постлезвейт оқушының өзіне қолайлы қарқында жұмыс жасауына, нақ өзіне сай оқу тәсілін таңдап алуына мүміндік беруге тырысты. Ең алғаш рет 1969 жылы осылай Падуа университетінде оқу үрдісіне енгізілген миникурстар, кейін АҚШ қолледждері мен университеттеріне тез тарады. Мұнда олардың бірнеше түрі пайда болды: «пакеттегі ұғым», «consent оррасу», «меңгеру пакеті» т. б. Модульмен оқыту мәселесімен айналысқан ғалымдардың тағы бipi Дж. Д. Рассельдің пайымдауынша, модуль - оқу материалының бip концептуальды бірлігін қамтитын оқу пакетін білдіреді. В. Гольдшмидт және М. Л. Гольдшмидт деректері бойынша, АҚШ қолледждері мен университеттерінде модульмен оқыту инженерлік пәндерді, химия, психология, социология, лингвистика, ағылшын тілі және басқа пәндерді практикалық тұрғыда оқыту үшін пайдаланылады. Аталған мәселемен -айналысқан ғалымдардың келесі тобы (Я. Л. Клиндштат) - студенттердің білімді меңгеру мүмкіншіліктерін өздері анықтауына көмектесуге, үшіншілері (В. Б. Закорюкин, В. И. Панченко, Л. М. Твердин және т. б. ) оқытудың қалыптасқан бірліктеріне оқу мазмұнын икемді етіп құру деп пайымдады. Ал П. Юцявичене сияқты ғалымның пікірінше, модульмен оқыту арқылы болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіру жоғары деңгейге жеткізуге болады, ғалым К. Вазинаның айтуынша, модульмен оқыту - адамның жалпы өзіндік даму, моделі [14, 15, 16] .
Модуль арқылы оқытуды экспериментті және практикалық түрде тәжірибеде қолдану АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің колледждері мен жоғары оқу орындарында, ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарында қазір кеңінен жүзеге асуда.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында модуль арқылы оқыту мәселесін ғалымдар Г. Қ. Нұрғалиева, Р. Масырова - дидактикалық тұрғыдан, Қ. С. Мусин - салыстырмалы педагогика мәселесі қырынан, ғалым Н. Оралбаева - лингвистикалық тұрғыдан зерттеп қарастыруда. Модульмен оқытуды ғалымдар К. Сариева, М. Жанпейісова, З. Бейсенбаева практикалық тұрғыда өз тәжірибелерінде қолдануда. Аталған еңбекке әр ғалым модуль арқылы оқыту мәселесін өздерінің зерттеу объектісі тұрғысынан әр түрлі қырынан қарастырады [9, 10, 17, 18, 19, 20, 21] .
Зерттеу жұмысының объектісі: мектептің білім беру үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні: модульдік оқыту технологиясы арқылы мектеп оқушыларының білім, білік, дағдыларын дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты: модульдік оқыту біртұтас жүйе ретінде оқыту процесіндегі мектеп оқушылары мен мұғалімнің субъект-субъект қатынасын icкe асыру үшін жағдай жасауды ғылыми тұрғыдан негіздеу және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектептің білім беру процесінде модульдік оқыту технологиясы тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың білімдері жаңа сапалық нәтижеге жетеді, өйткені жаңа модульдік оқыту технологиясын қолдану жеке тұлғаның танымдық кабілеттерін және танымдық процестерін дамуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздерін айқындау;
- Барап негізгі мектебінде модульдік технологияны қолдану жағдайына талдау жасау;
- экономика пәнін оқытуда модульдік технологияны қолдану тәжірибесінің әдістемесін жасап, тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
- оқушылар білімдерін модульдік оқыту технологиясы арқылы қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Зерттеу жұмысының жетекші идеясы: мектептің білім беру процесінде модульдік оқыту технологиясын қолдану оқушылардың тұлғалық жеке-дара сапаларын қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: диалектикалық таным теориясы, құбылыстар мен процестердің жалпы байланысы, өзгерісте болу заңдылықтары, тәжірибені тарихи, құрылымдық-жүйелілік тұрғыдан талдау қағидасы, ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру, жеке тұлға мен оның құрылымы жайлы ілімдер; мұғалім іс-әрекетінің психологиялық, педагогикалық құрылымы, педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістерінің негізі ережелері, оқытудың модульдік оқыту технологиясының мәні және оларды оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері: қарастырылып отырған проблемаға байланысты қазақстандық, шетелдік, ТМД елдері философтарының, психологтарының, педагогтарының еңбектері, Қазақстан Республикасының Ата заңы, «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарты, колледждің базистік оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтары; жылдық есептері.
Зерттеу әдістері : зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және талдау; мектеп құжаттары мен педагогикалық үрдістерге талдау жасау; сұрақ-сауалнамалар, тәжірибелік - эксперимент жұмысын жүргізу, оның нәтижесін бағалау, өңдеу, қорыту.
Зерттеудің базасы - Барап негізгі мектебі.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппараты (зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық-әдіснамалық негізі, әдістері) айқындалып, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылып, қорғауға ұсынылатын қағидалар көрсетіледі.
«Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде модульдік оқыту технологиясының педагогикалық негіздері, құрылымы және білім берудегі маңызы көрсетілген.
«Оқыту процесінде модульдік технологияны қолданудың практикалық ерекшеліктері» атты екінші бөлімде Барап негізгі мектебінде модульдік технологияны қолдану жағдайы, әдістемесі, экономика пәнін оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану тиімді жақтарын зерттеулері келтірілген.
«Экономикалық негіздеме» деген бөлімде мектептегі білім беру үлгерімдері, экономикалық көрсеткіштер, экономика жайлы толық мағлұмат беріліп, оның қазіргі замандағы мәні, қолдану аясы айтылып кетіледі және экономика пәнінің маңыздылығы, ерекшелігіне де көңіл бөлінеді.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде жалпы еліміздегі экологиялық мәселеге қарсы жүргізіліп жатқан заңдар мен атқарылып жатқан іс-шараларға сипаттама берілді. Сонымен бірге мектеп оқушылардың дені сау, есі түзу ұрпақ болып өсу мақсатында экологиялық білім берудің деңгейлері мен ұйымдастыру жағдайлары көрсетілген.
Еңбек қорғау бөлімінде, халықтың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі қызметті, қауіпсіздік технологияларды, сондай-ақ қызметкерлердің еңбегін қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласына қатысты атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, мектептегі қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылу жағдайлары сипатталады.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар, зерттеудің артықшылық жақтары және ғылыми-ұсыныстар беріледі.
Қосымша бөлімінде тәжірибелік жұмыстарды жүргізу барысындағы оқушыларға жүргізілген ақпараттар келтірілген.
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы, 2006.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. -2007. -15 тамыз.
- Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы // Егемен Қазақстан. -2004 жылғы 11 қазан.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» // Егемен Қазақстан. -2007. -1 наурыз.
- Назарбаев Н. Ә. Білім мен ғылым - даму тетігі / Елбасынынң ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2004.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ //Қазақстан мектебі, 2004. - №2. -5-16бет
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, №6, ақпан, Алматы, 2007.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. -Алматы: Источник: справочная правовая система ЮРИСТ. -2008.
- Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Источник: справочная правовая система ЮРИСТ. -2007.
Анықтамалар
Педагогикалық технология - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістмелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды.
Бағдарламаластырылған оқу технологиясы - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ және т. б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатыи өзіндік жеке-дара оқу технологиясы.
Қашықтан оқу технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану.
Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Модуль - ic-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульмен оқытудың негізгі кұралы.
Оқыту модулі дегеніміз - ол нақты модульдік өлшем бойынша оқу мазмұнының, оқушының оқу барысын басқару жүйесінің (немесе оның элементтерінің) нақты мазмұн бойынша білімді тексеру жүйесі мен әдістемелік ұсыныстардың жиынтығы болып табылады.
Тиімділік - әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория.
Экономикалық білім - қоғам дамуына материалдық өмірдің ықпалы жөніндегі экономикалық теориялар жиынтығынан тұрады.
Экономика дегеніміз - оқушының еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал.
Білімділік дәрежесі - ол оқушылар меңгерген білім, білік және дағдылар жиынтығы, сызықтық байланыспен өрнектеледі.
Белгілеулер мен қысқартулар
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ЮНЕСКО - БҰҰ жанындағы мәдениет, ғылым және білім беру жөніндегі ұйым
т. б. - тағы басқа
БОТ - бағдарламаластырылған оқу технологиясы
ЭВМ - электронды есептеуіш машина
ХЕҰ - халықаралық еңбек ұйымы
ЕТМ - Еңбек тәжірибелерінің модульдері
МОТ - модульдік оқыту технологиясы
ОЭ - оқу элементі
МБ - модульдік блок
М. - Москва
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
КДМ - кешенді дидактикалық мақсат
КИДМ - кіріктелген интеграциялық дидактикалық мақсат
ЖДМ - жеке дидактикалық мақсат
БТ - бақылау тобы
ЭТ - эксперементтік топ
1 Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
1. 1 Модульдік оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін технологияларды енгізу және тиімді пайдалану, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желiлерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», деп көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңдегі әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі - оқыту әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай білім беру саласында педагогикалық технология немесе оқытудың технологиялары үлкен мәнге ие болып отыр [12] .
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы А. Б. Наренованың «Модульдік оқыту технологиясы» атты мақаласында: «Педагогикалық технология» - ұғымы 1960 жылдары дамыған елдердің баспа беттерінде көріне бастады. 1961 жылы АҚШ-та, «Педагогикалық технология», 1964 жылы Англияда «Педагогикалық технология және оқыту процесі», 1965 жылы Жапонияда, «Педагогикалық технология» журналдары, 1971 жылы Италияда жарық көрді. ЮНЕСКО «Педагогикалық технология» серияларын бүкіләлемдік білім бюросының бюллетендерінде шығара бастады. Бiздің елімізде «педагогикалық технология» ұғымы 60-жылдардың аяғында пайда болып, 70-жылдары оны қолдаушылардың саны артты, - деп пайымдалған [22] .
«Оқыту технологиясы» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген А. Макаренко, қазір бүл ұғым оку-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр. Ал «педагогикалық технология» ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т. Ильина болды [23, 24] .
Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі - орыс ғалымы В. П. Беспалько. Оның пікірінше: «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана». [8] .
И. Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты - іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау. Педагогикалық технология окыту үрдісін ғылыми жүйелеу бағытында, яғни, оқыту тәжірибесінде қолданылатын ғылыми негізделген талаптар жүйесі болып табылады [25] .
«Педагогикалық технология дегеніміз - оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үдерісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шігeciнe дейін ойластырылған, әpi бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В. М. Монахов) [7] .
М. В. Кларин «Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», -деп анықтайды [26] .
Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірлектердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым [27] .
Педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына біржақты анықтама беріле қойған жоқ. Дегенмен кейбip ғалымдардың берген аныңтамаларына тоқтала кеткен жөн. Мәселен, Н. Никандров, В. Кан-Калик «Оқытудың бірінші сатысында студенттері педагогикалық, білік пен дағдылардың қолданбалы эвристикалық, жүйесі ретінде педагогикалық технологиялар негіздерінен қаруландыру қажет, оларды шығармашылық үрдic ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету педагогикалық технологияның мән-мағынасын ашады» деп санайды [28] .
Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту құралдары, дидактикалық материалдар, құрал-жабдық, техникалық құралдар, т. б. ) қандай да бір үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады. Мәселен, поляк педагогі Ф. Янушкевич оқыту технологиясының мәнін ашқанда, төмендегідей анықтама берген: «Оқыту технологиясы» деп ғылыми ұстанымдар жүйесінде қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады, көбіне оқытылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге, эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудиовизальды құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын
Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
Технология дегеніміз - тәжірибелік білім берудегі педагогикалық экспроматтардың минимумы.
Ендігі жерде біз дәстүрлі тағы бір анықтамаға тоқталамыз.
Технология дегеніміз - педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің дамуындағы сабақтастықты сақтай отырып, педагогика мен методиканың инструментальдық және әдістемелік құралдарын түбегейлі түрде өзгерту.
ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдici және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы [30, 251б. ] .
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл: «педагогикалық технология - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістмелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды» (М. М. Жанпейісова) [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz