Ерте жастағы таным мен мінез құлық


Ерте жастағы таным мен мінез құлық.
1 жастан 3 жасқа дейінгі бала дамуының жалпы мінездемесі.
Психологиялық - мінез - құлық педагогикалық көзқарас бойынша ерте жастағы баланың, яғни 1-3 жас аралығында психологиялық ғылымның айқындауынша бұл жас бала өмірінің ең бір жауапты кезеңі және оның алдағы психологиялық дамуын айқындайды.
Ең маңыздысы бұл жас баланың өміріндегі үш негізгі іргетастың қалануына: түзу жүруді, тілдік қарым - қатынасты және заттық іс - әрекетті.
Ерте жастағы бала тілі дамуы.
Тура, түзу жүру баланың бұл кеңістікте кең ориентация жасауын, оның дамуына әсер ететін жаңа ақпараттар ағынының үздіксіз келуін қамтамасыз етеді.
Тілдік қарым - қатынас баланың білімді бойына сіңіруін, дағды мен білгірлікті мұғалім арқылы қалыптастыруды, адами мәдениетке жылдам қалыптасып, араласуына жағдай жасайды.
Зат және ойын іс әрекеті.
Заттық қарым - қатынас баланың қолының қимылының дамуын, оның ерекшеліктерін дамуын қалыптастырады.
Осы әрбір факторлар ешнәрсемен ауыстыруға жатпайды, оның әрқайыссы кішкентай өсіп келе жатқанадамның психологиясының және мінез - құлықтың толыққанды және жан - жақты дамуына үлкен ықпал етеді.
Ерте жастағы бала қабылдауы, есі және ойлауы.
Баланың жүруді үйренуі, екі аяғынан тең тұрып, түзу жүруі оларға үлкен эмоциялық қанағаттану сезімін тудырады. Үш жасқа келгеенде баланың есі, қиялы және назар аударуыадамдық қасиетке ие бола бастайды. Ең бастысы, осы жаста баланың қабылдаған, үйренген нәрселері оның алдағы уақыттағы мінез қлықтың, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Адамдармен тиімді қарым - қатынасты белсенді пайдалану үшін, оның білімді бойына сіңіруге, адамдық мінез - құлықтарының нормасы мен формасын игеруге көмек береді. Үлкендермен тілдік қарым - қатынаста үнемі байланыста болу баланың адами тұлға болып қалыптасып, психологиялық мінез - құлықтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды. Танымдық процестердің дамуы және сөйлеуі білімді тезірек меңгеруіне, адамдық мінез - құлық формасы мен нормасының қалыптасуын тездетеді.
Осы жастағы бала бірінші рет әлемде әр адамның өзінің аты, өзіндік жеке қасиеттері болатынын сезіне бастайды. Үлкендермен тілдік қарым - қатынас арқылы ол қоршаған әлем жөнінде өздерінің сезім мүшелері арқылы алатын ақпараттарды ондаған есе артық алады. Бала үшін тіл, сөйлеу қарым - қатынас үшін ғана үлкен рөл атқарумен қатар, ойлау жүйесінің дамуында үлкен рөл атқарады. Тілсіз, сөйлеусіз адамдардың бір - біріне назар аударуы, есінің дамуы, жеткілікті интелектінің болуы мүмкін емес. Тілдік қарым - қатынас арқылы үлкендер мен балалар арасында іскерлік қарым - қатынас, мақсатты бағыттағы білім алу және тәрбие өрбиді. Бала іс - әрекетінің жемісті бір түрі өзі қабылдаған шынайылықты қайта жаңғыртуға ұмтылуы. Мұндай іс - әрекетке қабылдау, еліктеу жатады.
Атақты Швейцар тіл маманы Ф. Де Соссюр мынадай түсініктерді ендіреді.
А) белгілер - бұл заттардың көрсеткіштері, сол затпен тығыз байланысқан, соны көрсететін нәрсе.
Б) Символдар- затты белгілейтін көрсеткіштер. Мысалы, бала ойыншығында нанға ұқсас ақ тастар нан сияқты көрінеді, ал шөп ағаштарға, жеміс - жидекке ұқсайды.
Е) Белгілер - затпен байланысты көрсеткіштер, ол заттармен сырттай да іштей де байланыссыз. Белгілер шартты және әрқашан әлеуметтік маңызда, ол көптеген адамдарға ортақ, мысалы, әріптер мен сандар белгілерден символдарға өту еліктеудің дамуына байланысты. Осы контексте заттардың образы ішкі және психологиялық имитация ретінде әрекет жасайды. Сонымен қатар оларадамдар арасындағы қарым - қатынас пен сөздің тілдік қасиеттерді сіңірудің негізі болып табылады.
Ерте жастағы балалардың тілінің дамуы.
Тіл - адамдар өмірінің ең маңызды, ең күүрделі ойлап тапқан кереметі болса, ең таңданатын нәрсе барлық елдің, барлық халықтың балалары өте ерте жастан - ақ тілді үйренуге оны қолдануға бейім, сонымен қатар барлық балаларда бұл әрекет, бұл қасиет бір уақытта өтеді. Бір жастағы бала белгілі бір сөздерді қолданады. Мысалы, екі жаста олар екі - үш сөзден құралған сөйлемдерді айта бастайды, 4 жаста - үлкендермен емін -еркін сөйлесе алады.
Бала бір жасқа толғанда заттарды өз атымен атай бастайды. Өздерінің сезім мүшелерінің көмегімен қоршаған ортаны тануда үлкен тәжірибеге ие бола бастайды. Өздерінің ата -аналары, тамақ, қоршаған жағдай, ойыншықтар жөнінде өзіндік пайымдар қалыптасады. Осы жағдайға байланысты сөздік қоры да баий түседі. Алғашқы кезде бала өзінің түсінігі бойынша сол затқа мінездеме береді, содан соң тәжірибе жинақтала келіп, ой қорытындылай келе тереңдеу мағынадағы сөздерді игере бастайды.
Одан кейінгі кезең баланың тілінің дамуы 1, 5 мен 2, 5 жас аралығында болады. Осы уақытта балалар сөздерді бір - бірімен байланыстырып, үш - төрт сөздің басын құрап, сөйлем жасайды.
Екі жастан асқаннан кейінгі бала сөйлеуде белсенділік таныта бастайды, өзіндік мінез - құлық танытады.
1, 6 -1, 8 жас аралығында бала көптеген сөздерді құрастырады.
11 айдан бастап алғашқы фонемдіктен фонемдік сөзге өту кезеңі басталады, Бұл кезең екі, үш, төрт жасқа дейін жалғасады. Үш жаста бала сөйлеуді жіктеп, көп мағналы сөйлемдерді бала, бұрын да естімеген заттың атын ересектерден тағы да қайталап сұрайды. Егер ересек адам балаға таныс заттың атын дұрыс атамаса, онда бала сол заттың атын дұрыс атағанынша қайталап сұрай береді. Осындай сұрақтармен бала сол зат туралыөзінің білімін тексереді және өзін қызықтыратын атауды мықтап есінде сақтағанша қайталай береді.
Үш жастағы кезеңде ересектер ересектер арасындағы сөздерге тыңғылықты мән аудара бастайды. Оларға ертегі, әңгіме, өлеңдер, тақпақтар тыңдау ұнайды. Бұл кезең баланың тілдік қорының дамуына үлкен әсер етеді.
Бір жарым жасарға дейін балалар 30-40 тан 100 сөзге дейін есінде сақтайды, бірақ оларды сирек қолданады. Бір жарым жастан кейін бірден тез қабылдай бастайды. Екі жастан асқан соң 300 сөз, үш жасқа келгенде 1200-1500 сөзге дейін есінде сақтайды.
Екі жастағы көптеген бала өзін қоршаған заттарды, үй мүліктерін, жеке гигиена атауларын біледі және оларды дұрыс қолдана біледі.
Жаңа затпен алғаш кездескенде «бұл не, бұның аты қалай аталады»? Бұл сұраққа ересек адам сол заттың атын атаумен қатар, оны қалай пайдалану керек екенін түсіндіреді.
Граматиканы сіңіруде баланың өте кішкентай кезінде мынадай заңдылықтар байқалады. Тілдік дамудың алғашқы кезеңінде тілдің граматикалық құрылымы өте әлсіз дамиды. Сөйлеудің граматикалық жүйесінің бірте - бірте дамуы үш жасар баланың күрделі сөздерден сөйлем құрай алатын дәрежеге жетеді.
Екі жасар балада өзін қоршаған ортаға деген қызығушылық басым болады. Бала барлығын да білгісі, көргісі, ұстағысы, естігісі келеді. Әсіресе заттардың аттары, құбылыстары қатты қызықтырады, Ересектерге «бұл не»? «Бұл кім»?деген сұрақты жиі қояды. Айтылған жауаптарға бала көбінесе қанағаттанбайды.
Алғашында бала бір сөзді сөйлемдерді пайдаланады, одан соң сөйлемдер, екі сөз, үш сөзден тұратын сөйлемдермен өз ойын жеткізеді.
Ересектердің іс - әрекеттерін, айтылған сөздерін бала қабылдай отырып олардың бет құбылыстарына, қимылдарына қарап сөздің мағынасын аңғарады.
Бала ең бірінші өзін қоршаған заттардың аттарын, одан соң ересек адамдардың аттарын, ойынның аттарын, одан соң дененің, беттің кейбір бөлшектерінің аттарын айта бастайды.
Мұның бәрі зат есімдер. Екі жасқа келген бала барлық сөздің мағнасын түсінеді. Мұның бәрі де ересектердің балалармен күнделікті қарым - қатынасында туындайтын мәселе. Бір жарым жаста бет құбылысы арқылы, саусақтары арқылы затты меңзеп, оны алып беруді, я болмаса сол туралы білдіреді.
Одан соң бірте - бірте сол зат туралы ересектердің сөзін бойына сіңіріп оны өзі де атай бастайды.
2-3 жас аралығында сөйлемнің граматикалық құрылымы интенсивті түрде дамиды.
Бала тілінің семантикалық функциясының дамуы сөздің белгілі бір белгісіне байланысты.
Алғашқы кезде бала заттардың сыртқы белгілеріне, көзге тез түсетін, өте ашық түстілерін тез есіне сақтайды.
Екінші басқышында функциональды белгілеріне байланысты есінде сақтайды.
Үшінші сатысында заттың жалпы және нақты белгілеріне қарай есіне сақтайды.
Балалар 2, 5-3 жаста үлкендердің күрделі сөйлемдерін естеріне сақтай алмайды. Тек қана 3, 5-4 жаста ғана балаларда тілдік инструкцияның әсерімен күрделі реакцияларды таңдауы пайда болады.
Үш жасар баланың тілі негізінен жай сөйлемдерден тұрады. Осы жастан бастап эгоцентрлік тілдік белгілер басталады.
Екі жасар бала жалпы сұрақтарды «Иә», «жоқ»ә деген сұрақтар аясында түсінеді, сонымен қатар «қайда», «кім», «не»? деген сұрақтар төңірегінде болады. Сонымен қатар «неге», «не үшін»? деген сұрақтарға нақты жауап береді.
Ал, енді психологиялық механизм тұрғысында осы күрделі процесс қалай жүзеге асады? Тілді бойға сіңіру және тілдік жеке тұлғаның дамуының үш негізгі жолдары бар: еліктеу, шартты - рефлекторлық ассосация бөлімі эмпирикалық гипотездің тәжірибелі тексерілуі және қойылымы.
Еліктеу тілдің барлық аспектісінің пайда болуына әсер етеді. Бұл механизм балада осы қабілеттердің алғашқы белгілері пайда бола салысымен іске бірден кіріседі. Еліктеу бұл тілдік дамудың алғашқы этапы. Кейінгі екі этапсыз ол үлкен табыстарға жете алмайды. Баланың тілінің дамуында осы үш механизмнің өзара байланысы үлкен рөлге ие.
Заттық және ойын іс - әрекетінің пайда болуы.
Ерте жаста бала өзіне көптеген заттардың, атап айтқанда материалдық және рухани мәдениеттің заттарын өзіне жаңалық ретінде ашып, олармен адамдық тұрғыда іс - әрекетке түседі. . Балада заттық іс - әрекет қалыптасады. Бір жарым жасар бала қасықпен , доппен, кітаппен, столдармен қарым - қатынасқа түскенде алты - сегіз жастағы балаларға қарағанда белсендірек болады. Үй шаруасындағы заттар және олармен күнделікті қарым - қатынас барысында 2 жасар кезінде түседі.
Бөбек шақтағы кезеңнен бала кезеңнің айырмашылығы жаңа заттарға қызығушылығынан басталады. Егер бөбек затты тек қана қолына ұстаса, 2 - 3 жастағы бала оны зерттеп алып, тәжірибелік іс - әрекетіне кіріседі.
Екі жасқа келгенде бала үлкендерден көрген әдіспен ойыншықтарды пайдалана бастайды. Бала қуыршақты тамақтандырады, ұйықтатады, сыртқа шығарып серуендетеді, машинаны қолымен жүргізеді, заттарды жуады, тамақты өзінше жасағандай іс - әрекеттерге барады. Осы кезеңде бала ойыншықтармен ойнай отырып, құрастырмалы іс - әрекетте жасайды, сонымен қатар бейнелеу іс - әрекеті, параққа сурет салумен айналыса бастайды.
2 - 3 жаста балалар күрделі суреттер де сала бастайды. Балалар мысық, күшік немесе адамды, баланың өзіне таныс обьектісін сала бастайды. Үш жаста бала осы обьектінің ұқсайтын формаларын сала бастайды.
Екі жастан бастап бала заттармен ойнай бастайды, оларды затпен ойнау - еліктеу пайда болады. Олар ересектерге еліктейді, олардың мінез - құлқындағы форма мен норманы бойларына сіңіргісі келеді, осыдан бастап баланың жеке тұлғалық қасиеттері пайда бола бастайды.
Балалардың ойыны заттық планда үш түрге бөлінеді: Ойын - зерттеу, Ойын құрастыру және рольдік ойын. Осы ойынның барлық түрі баланың дамуына үлкен маңызы бар, олардың ққозғалысында, жеке тұлғасында және әлеуметтік дамуында үлкеен рөлге ие.
Бірінші жылда бала бір - бірімен қарым - қатынаста бола алмайды, 10 айлық бөбектербір - біріне тірі ойыншық ретінде қарайды, шаштарынан тартады, көздерін шұқығысы келеді т. б. 18-20 айлық кезінде ғана бір - бірімен ойнай бастайды. Осы жастан бастап бір - бірімен ойнауға асығады. Бірақ 2 жастағы балалар бір - бірімен ереже бойынша ойнауға әлі қабілетсіз. Кейінірек сюжеттік, рольдік ойын ойнай бастайды. Бұның да өзіндік жағдайға байланысы бар.
Біріншіден, балалар бұл кезде символикалық функция дамуы жоғары дәрежеде, екіншіден, балада үлкендердің іс - әрекетін қайталауға деген қызығушылық пайда болады, үшіншіден олар басқалармен араласқысы келеді, бпасқа адамдармен ойын барысында араласқысы келеді.
Сюжеттік рольдік ойында бала үлкендердің істерін қайталайды, бір - бірімен қарым - қатынасы, әілеуметтік ситуациядағы жағдайларын қайталап өздерінің ойындарына негіз етіп алады. Осы ойындар арқылы баланың қоғамдық өмірге бейімделетіні анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz