ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚ ТАРЫНЫҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Практикалыќ (семинарлық) сабаќтың таќырыбы:

№1. Ерте замандағы Ќазаќстан (Топтық проект)

  1. Сабаќ жоспары:
  1. Палеолит
  2. Мезолит
  3. Неолит
  4. Энеолит
  1. Сабаќ маќсаты:

Тас дәуірінің кезеңдерге бөлінуін қарастырып, хроногиялық шеңбері бойынша әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен жаңалықтарын анықтау, анализ бен синтез біліктерін игеру.

  1. Ќысќаша теориялыќ мәліметтер

1 . Адамзат тарихы археологиялық дәуірлеу бойынша маңызды үш дәуірге бөлінеді: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Адамның пайдаланған еңбек құралдарының материалы бойынша аталынған. Оның ішінде ең ұзаққа созылған тас дәуірі. Ғылыми таным тас дәуірін өз ішінде үш кезеңге бөліп қарайды.

  1. Палеолит (2, 6 млн-12-10 мың)
  2. Мезолит (12 мың-5 мың)

3. Неолит (5 мың-3 мың)

Бірінші кезең - палеолит (көне тас ғасыры) - ең ежелгі кезең. Көне тас ғасыры ежелгі, орта және соңғы палеолит болып бөлінеді. Палеолит дәуірінің еңбек құралдары Оңтүстік өңірде (Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының солтүстік-шығысында), Талас ауданы орналасқан жерде Бөріқазған және Тәңірқазған деген тұрақтардан және Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында Қошқорған, Шоқтас, Қозыбай деген тұрақтардан табылған. Бұл жерлерден табылған көне тас дәуірінің еңбек құралдары тастан жасалған екі қырлы және бір қырлы тас шапқылар, ауыр тас сынықтары, ірі ұра тастар - нуклеустар болып бөлінеді.

Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке) : олдувэй (2. 6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (150-120 мың - 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылды, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған.

Соңғы палеолит б. э. д. 35-30 мыңжылдықтардан б. э. д. 12-10 мың жылдықтардың аралығын қамтиды. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және тәсілдер мен нәсілдік топтардың прогрестік дамуы мен рулық қауымының қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретінде рудың шығуымен тікелей байланысты болды. Осы кездерде рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланды.

Тас дәуірінде, шамамен миллион жыл бұрын, адамдар Қазақстан территориясын мекендей бастады. Ол кездегі табиғат жағдайлары қазіргіден күрт өзгеше болды, Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, жабайы бұқа-тур, үңгір аюы және т. б. болды. Бүкіл тас ғасыры бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Мамонттар мен мүйізтұмсықтар жаппай қырылып қалды, бұл жерде адамдардың іс әрекеті де белгілі рөл атқарды деуге болады.

Біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің екі таралу аймағын бөліп көрсетуге болады: Сарыарқа мен Қаратау жотасы (Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап және т. б. ) . Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дөрекі және үлкен шапқылар (бифастар- екі жақты, унифастар бір жақты) болды. Біртіндеп анағұрлым кішірек және едәуір жақсы өңделген құралдарға-микролиттерге көшу байқалады. Палеолитте адамдар отты пайдалануды үйренді. Аңшылық палеолит кезеңінің шаруашылығында басты рөл атқарады. Аң аулаудың тәсілдері әртүрлі болды: от арқылы қамалау, тұзақ, шұңқырлар, т. б. аң аулау құралдарының дамуына ірі жануарлардың қырылуы үлкен серпіліс берді, өйткені, аң аулаудың объектілері ұсақ және жылдам жануарлар болып қалды, ал оларды найзамен аулау жеміссіздеу болды. Қолайлы жерлерде алғашқы адамдар сүйектен жасалған үшкір сүңгір (гарпун) мен қарапайым ілмектер (күршектер) көмегімен балық аулумен айналысты.

«Алғашқы адамдар тобыры» немесе «көне қауым» адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығуымен бір мезгілде пайда болды. «Көне қауым» тұрақсыз құрылым болды, сол себептен біртіндеп қоғамдық ұйымның неғұрлым берік формасына орын бере бастады. Өйткені тұрақты иерархиялық бірлестіктер өмір сүру үшін неғұрлым сәттірек күресе алатын еді. Бұл форма аналық ру болды. Әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін шынайы негіз - стихиялы пайда болған қандас туыстық байланыстар қолданылды, бұл туыстық тек аналық жағынан ғана бекітілді деп шамалауға болады. Рулық құрылысқа көшуді археологиялық мәліметтер де дәлелдейді (ұжымдық турғын-жайлар) . Рудың аса маңызды белгісі эндогамия, яғни, ру ішіндегі некелік қатынастарға тиым салу болды. Біртіндеп, жеке ұйымдар -екі экзогамды рулардың бір тұрақты өзара некелік қарым-қатынасы бар эндогамиялық тайпаға бірігуі пайда болды. Некенің бастапқы формасы топтық неке, бұл кезде рудың барлық мүшелері (жігіттері) екінші рудың мүшелерімен (қыздарымен) некеге тұруға құқылы және тиісті болды. Біртіндеп некелік қатынастардың дамуы жұптық некенің қалыптасуына әкелді.

Біртіндеп көне қауымда болған табиғи еңбек бөлінісі одан әрі дами түсті. Ерлер-аңшылар, әйелдер-терімшілер және үйдегі ошақтың қамқоршысы болды, балалар мен қариялар еңбекке қабілетті туыстарына қолғабыс етті. Қариялар, әдетте, ұжымдық тәжірибені сақтаушылар есебінде және еңбек құралдарын дайындауға белсене араласты. Осы мамандану еңбек өнімділігінің артуына ықпал етті, бүкіл қауымға терең із қалдырған және айқын құрылым берген жыныстық - жас мөлшеріне негізделген бөліністерге әкеп соқтырды. Инициациялар деп жасөспірімдердің ересектер қатарына өту межесін білдіретін салттардың кешенін атайды.

Кейінгі палеолитте тұрғын жай ретінде адамдар әлі де үңгірлерді пайдалана берді, сонымен қатар жасанды тұрғын жайлар - жер үстіндегі кепелер мен жертөрелерді де сала бастады.

Жоғарғы палеолит мәдениетіне, сондай-ақ адамдардың алғашқы қабірлері де жатады, бұл сол заманда тән және жан туралы түсініктердің пайда болуы туралы мәлімет береді. Табиғат пен адам - адамдардың ертеректегі діни түсініктерінде бірге жүрді және бұл барлық түрлерінде - тотемизм, фетешизм, анимизм, магияда да көрініс тапты. Тілдің дамуы адамның шаруашылық қызметінің дамуымен қатар жүрді.

Мезолит. Дүние жүзіндегі тас дуәірінің классификациясы бойынша көне тас
дәуірімен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит (мезо- орта, лит - тас) - орта тас
дәуірі. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де
сирек. Кезеңнің ерекшеліктері - климат жылынып, мұз ери бастады, ірі жануарлар азайып,
ұсақ аң-құстар пайда болды, садақ пен жебе және бумерангтың пайда болуы.

Б. э. д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуірі болып саналатын мезолит кезеңіндегі жетістік садақ пен жебенің кең қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады.

3. Неолит. Жаңа тас дәуірі деп аталатын неолит кезеңі шамамен б. э. д. Ү-ІІІ
мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуірдің негізгі жетістігі болып жер және мал
шаруашылығын игеру болды. Сондай-ақ неолит кезеңінде басқа да мәдени-тұрмыстық
жаңалықтардың шығуын атап айтқанда кен өндіру, қыш құмыра ісі, тоқыма ісі қоғамның
дамуына өз ықпалын тигізбей қоймады. Бұл кезеңнің басталуы б. з. д. V мыңжылдыққа тура
келеді. (б. з. д. VII - VI мыңж басы) . Ол тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Қыспа
ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері:
тегістеу, бұрғылау, аралау.

Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер - білезіктер, алқалар жасалды.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына -жиын - терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.

Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени - тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарын да кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі, ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстем болған кезеңі (құрал - жабдықтарына ортақ меншік) . Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдау түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас -туысқандық байланысына қарай және шаруышылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдарынан құрылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600 - ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар сипатына қарай - 1) бұлақтық, 2) өзендік, 3) көлдік, 4) үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзен жағасында, көл жиегіндегі тұрақтарда олжа бұйымдар саны едәуір мөлшерде кездеседі, бұл жәйттен адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғаны көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал - саймандар - пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.

Қазақстан жерінде бәрінен де көбірек тарағаны бұлақ бойындағы тұрақтар, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады - олардың дені уақытша, маусымда тұрған жерлері.

Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі - ашық үлгідегі тұрақтар. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себепкер болды.

Дала неолитін Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұқсас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа қарай түрлі аймақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек.

Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкөністердің, жеміс -жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Евразия далаларында қолға үйретілді - бұл оқиғаны «неолиттік револлюцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ - мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балық аулау болды. Континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халық қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек.

Неолитте ежелгі Қазақстан жеріне шаруашылықтың өндіруші түрлері әлі тарала қойған жоқ. Табиғи орта өлке тұрғындарына қиыншылықтарды жеңіп шығып дамуына қолайлы жағдай жасады. Қазақстан аумағы қарама - қарсы табиғи аймақтарды қамтымады және табиғи шептерге бөлінбеді, ал мұндай жағдайларда біртекті материалдық мәдениет қалыптасады. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін бөлінетін археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айырмашылықтар жоқ және олардың таралу аймағы өте кең. Әдетте тұрақтар адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін жерлерге жақын балық және құс аулайтын, жануарлар су ішуге келетін өзендердің жағаларына орналасқан. Сондай-ақ неолит халқының тығыздығы құралдар дайындау үшін қажетті тас қорының жеткілікті болуына байланысты екені аңғарылған.

4. Энеолит. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адам өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қылықша, тұрғын үйлер айқын көрінеді.

Энеолит (латынша мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Халықтың басты кәсібі - егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас - рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.

Энеолит немесе мыс заманында (б. з. б. 3 - 2 м. ж. ) адамдар өмірге қажет құралдарды алғаш рет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нәтижесінде, ерекше тотықты белдем пайда болды. Көк, жасыл түсті белгілері арқылы алғаш кен орындарын оңай тауып, олардан сом мыс кесектерін аршып алған. Қазақ даласындағы кенді Алтайдың, Қордайдың (Жайсаң, Шатырқұл), Сарыарқаның (Жезқазған, Спасск) ірі мыс кен орындары адамдарға сол энеолит заманында - ақ белгілі болған.

Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен мыс кен орындарына байланысты шыққан.

Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.

Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды. Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.

4 . Бақылау сұрақтары :

1. Ерте палеолите адамдардың ұйымы қандай түрде болды?

2. Орта палеолит кезеңін жаңалықтары?

  1. Рулық қауымның қалыптаса бастаған уақыты?
  2. Садақ пен жебенің пайда болуы сол кездегі адамдар үшін қандай өзгерістер әкелді?
  3. «Неолит төнкерісі» деп ғылымда нені атайды?
  4. Неолит дәуірінде өлікті жерлеуге не тән болды?
  5. Энеолит дәірінің ерекшелігін атап көрсетіңіз?

5. Аудиториялыќ тапсырманы орындау тәртібі:

Студенттер оќу тобы 4 топќа бөлінеді : 1 топ - палеолит ; 2 топ -мезолит ; 3 топ - неолит; 4 топ - энеолит. Әр бір топ өзінің жобасын кезеңдер бойынша ќорғайды.

Топтыќ проект

  1. Жобаны ұсыну (презентация)
  2. Сөзжұмбаќ
  3. Буклет
  4. Эмблема

Бақылаушылар тобы білімгерлерінің жауабын тыңдап төрт топтың жауаптарын бағалайды және ќорытынды жасайды. Сабаќ барысында кезеңдердің ұќсастыќтары мен айырмашылыќтарына тоќталады.

  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

І кезең. Әр топтан сайланған 1 студент жобаны ұсынады (презентация), ќорғайды. Ќорғау барысын және сапалығын бақылаушылар бағалайды.

ІІ кезең. Келесі кезеңде - жарыс, әр топ өзінің дайындаған сөзжұмбағын ұсынады. Кім бірінші шешеді, сол студент топќа ұпай әкеледі. Бұл кезеңде жылдамдылық және тәртіп ойынның негізін құрайды.

ІІІ кезең - дайындаған буклетті ұсыну және ќорғау

IV кезең - топ эмблемасын ұсыну және ќорғау

V кезең - қарсы топқа өз тақырыбы бойынша сұрақ қою (2 сұрақтан)

Кесте толтыру.

Археологиялық дәуір
Тұрақтар
Орналасқан жері
Археологиялық дәуір: Палеолит
Тұрақтар:
Орналасқан жері:
Археологиялық дәуір: Мезолит
Тұрақтар:
Орналасқан жері:
Археологиялық дәуір: Неолит
Тұрақтар:
Орналасқан жері:

7. Сабаќ таќырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

  1. Ќазаќстан тарихы. А., 1996 . 176-181, 200-206, 215-287 б.
  2. Ќазаќстан тарихы. Очерктер. А., 1994. 30-56 б.
  3. Рысбайұлы К. Ќазаќстан Республикасының тарихы. А., 1999. 10-11 б.
  4. Маданов Х. Ќазаќ халќының арғы бергі тарихы. А., 1995. 22-29 б.
  5. Ќазаќтың көне тарихы А., 1993. 49-103 б.
  6. Жұртбаев Т. Дұлыға. І т., А., 1994. 166-189, 200-204, 218-223 б.
  7. Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халыќтарының тарихы. А., 1996. 6-50 б.

Практикалыќ (семинарлық) сабаќтың таќырыбы:

№2. Ќазаќстан территориясындағы ерте дәуір (топтық проект)

  1. Сабаќ жоспары:
  1. Саќтар.
  2. Үйсіндер мемлекеті
  3. Ќаңлылар мемлекеті
  4. Ғұндар
  1. Сабаќ маќсаты:

Ќазаќ халќының ќұрылуына негіз болған саќтардың, олардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен ќаңлылар, савраматтар-сарматтар және тұңғыш көшпелі империя Ғұн державасының саяси тарихын ќарастыру

  1. Ќысќаша теориялыќ мәліметтер

1 . Б. з. д. Х-V ғ. ғ. Хуанхэ өзенінен Еділ мен Дунайға дейінгі аралыќта саќ тайпалары тұрған. Дарийдің Бехистун жартасындағы саќтарға жорыќ кезінде жазған текстерінде саќ тайпаларының үш тобы аталады. Олар: тиграхауда саќтар (шошаќ бөріктілер), хаомоварга саќтары (хаома ішімдігін дайындайтын саќтар) және парадария саќтары (теңіздің арғы жағындағы саќтар) деп аталады. Ертедегі көшпенділер дәуірінде б. з. б. І мыңжылдыќтың орта шеңінде мұнда саќтар мен савроматтар одағы ќұрылды. Саќтар оңтүстік-шығыс және орталыќ Ќазаќстан территориясын, ал савроматтар батыс және ішінәра солтүстік аудандарды мекендеді. Саќтар- ќазаќ тайпаларының көне ата-бабалары. Олар негізінде мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты. Саќ тайпалар одағының материалдыќ және рухани мәдениеті дамуында, жерлеу дәстүрінде скиф-сібірлік аң стилі деп талатын өнері дамыды.

Сақ қоғамының сипаты әскери демократиялық . 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған: 1. Жауынгерлер қызыл түс. 2. Абыздар ақ түс. 3. Қауым мүшелері сары және көк түс. Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі - патша .

Сақ қоғамында діни наным сенім болған. Жерлеу дәстүрі сақ заманында өткен уақытқа қарағанда басқаша болып келеді. Сақтардың қоныстарынан ірі патша қорғандарын, топырақ, тас, ағаш үйінділерінің астынан бай мүрделерді, созылған бойында адамды жерлеу салты кездестіреміз. Бұл салттың жарқын мысалдары Шілікті, Есік, Бесшатыр, Пазырақ, Тасмола қорғандары. Олар ата баба рухына сенген. Қайта тіріледі деген сеніммен оның дүние мүлкін де жерлеген. Мәітті сақтау үшін бальзамдау мен мумиялау әдісін қолдана білген. Отырықшы сақтар жерді киелі деп есептеп, оған табынған. Ал көшпелі сақтар күнге, отқа және соғыс құдайына табынған. Басты құдай Күн болды. Көптеген петроглифтерде көшпелілер басында күн бейнесі орналасқан жан иесі бейнеленетін болған. Герадоттың айтуы бойынша «Құрбандық қорғанның маңында шалынды». Орталық Қазақстандағы Тасмола қорғандарында (мұртты) жылқы қалдықтары көптеп табылды. Бұл мәдениттің «мұртты қорған» деген аспен белгілі болу себебі қорғаннан шығысқа қарай екі тас мұрт шығады. Ол заманның тұрмыстық ыдыстары мен бұйымдары аң стилімен өрнектелген. Аң стилі діни және магиялық түсініктерге негізделген. Оның ерекшелігі алысып жатқан және қозғалыстағы аңдардың бейнесі.

Сақ заманында анимизм, тотемизм және магия секілді ең ежелгі діни ұғымдар сақталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Етістіктің жақ категориясы
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz