ЕРТtДЕГІ ҚЫТАЙ ЛОГИКАСЫ, ФИЛОСОФИЯСЫ


ЕРТtДЕГІ ҚЫТАЙ ЛОГИКАСЫ, ФИЛОСОФИЯСЫ.
Ертедегі Қытай логикасы Чуньцю мен Чжаньго династиясы кезінде (б. д. д. 722-221 жж) қалыптасады. бұл уақыт Қытайдағы құлдыққ қоғамдық тәртіптің ыдырап, феодализмнің негізі қалыптаса бастаған аралық. Ескі және жаңа дәуір кезінде "философиялық пікірталастың", "жүздеген мектептің айтысы" етек алады. Ойшылдар атаулар туралы, ұғымдар мағынасы және сұхбаттасу өнері туралы мәселелерді арнайы талдай бастайды. Осы мәселелерді, талқылауда Дэн Сидің (б. д. д. 545-501), ұлы Кунд Фу-цзының (бдд. 551 -501), Хуэй Шидің (бд. д. 370-318), Гун Сунь луннің (б. д. д. 325-250), Моцзының (б. д. д 490-408-), Сюнь цзыньщ (313-238), Хань фей цзының (6-д. д. 280-233) және т. б. атқарған қызметі ерекше. Қытай логикасының бағдарын жасауға атаулар мектебі (минцзя), заңшылар мектебі (фацзя), конфуция мектебі (жуцзя), соңғы моистер мектебі (моцзя) өзінше үлес қосты. Соңғы моистер қытай логикасына арналған тұңғыш "Мобянь" атты энциклопедиялық _трактат жазып қалдырған.
Ертедегі Цинь дәуірінде логиканың классикалық проблемалары талқылаңды. Ол дегеніміз логикадағы аристотельдік жетістіктер мен дәстүрді жалғастыру және логиканың тұтас жүйесін жасау әрекеті еді. Сол классикалық проблема негізіңде Қытайда логикалық мектептер қалыптасты. Солардың қатарыңда -атаулар теориясы, ойланудың негізгі заңдары туралы.
І. Атаулар теориясы. Атаулар а) қоршаған заттар мен құбьлыстардың сапалық айқьншылығын білдіреді, б) сөйлемнің (цы) негізгі элементін құрайды. "Мобянь" трактатында атаулар көлеміне қалай жалпы ұғымға Щамин) және жеке ұғымға (сымин) бөлінеді. Сын цзы болса, атауды екі топқа - жинақтайтын атауға (гунмин) және даралайтын атауға (бемин) бөледі. Біріншісі заттардың тегін жинақтайды, екіншісі - түрін даралайды. Оның үстіне жинақтау кең мағынада, заттың өзіңдік атына тән тар мағынада колданылады. Егер заттың қасиеті нақты және шебі айкын болса, ал олардың атауы айқындалынса, онда атау мен реальдылықтың үйлесімді болуы ықтимал. Шындыққа атауды бейімдеу, Сюнь цзының пікірінше, атауды дұрыстау болып табылады. Осыған орай үш мүмкін кемшілікті карастырады "атты атаудағы бұрмалаушылық, "атаумен шындықты бұрмалау", "шындықтың атауды бұрмалауы". Кемшіліктің бірінші түрі жинақтайтын атау мен даралайтын атау арасындағы үйлестік бұрмаланғанда немесе олардың айырмашылығы ескерілмегенде кезігеді. Екінші түрі, реалдылықтың кейбір айрықша фактісіне жүгіне отырып, заттардың жалпы қасиетін жинақтайтын атаудың дұрыстығын жоққа шығарғанда орын алады. Нақты затқа берілген атауды мойыңдамағанда қателіктің үшінші түрі таралмақ.
Атаулар теориясы аттарды арасындағы логикалық қатынастарды да талдайды. Атау мектебінің өкілі (мин цзя) Гун Сунь лун көлемі әр түрлі ұғымдарды салыстырады. Оның ойынша, ұғым бірде заттың бір қасиетін, мысалға түрін көрсетсе, онда ол заттың басқа ерекшелігін - түсін толық ескермейді. Ондай ұғымдарды өзара теңестіруге болмайды. Бұл көзқарас ұғымның мазмұны мен көлемін ажырату қажеттігі туралы ой тастады, мәселені қойды. Мұндай түсінік сол замандағы логиканы немесе атау теориясын жетілдіруге косқан үлес еді.
Ой жеткізу (цы) теориясы. "Мобянь" трактатында, сөйлем арқылы сөйлеушінің ойы жеткізіледі делінген. Егер "цы" сөйлеушінің ойын білдірсе, оны "синьге" (ақиқатқа) телиді, ал егер "цы" шындықтың белгілі бір фактісін бейнелесе, оны "дан" (дұрыстыққа, нақтылыққа) балайды. "Синь" (ақиқат) "данға" (нақтылыққа) әруақытта сәйкес келе бермейді. Өйткені ағынан айтылған нәрсе, әрқашаңда дұрыс, нақты бола бермейді. Соңдықтан "цы" "данға яғни реалды фактіні дұрыс бейнелуге, ойды айқын "жеткізуге тырысу қерек. Дүниедегі құбылыстардың арасында тепе- тендік пен айырмашылық қатынасы болады. Осы қатынастар негізінде расты және, оны терістейтін ой-іпкірлер қалыптасады. Осыған орай "Мобянь" трактатынада ойланудың әр түрлері - "цзияь" (толық ойлану), "хуо" (жекелеп ойлану), (қажетті қажетті) цзй (болжамдап ойлану) аталынады. Жеке рстайтын, жеке терістейтін ой-пікірлердің, -жалпы растайтын және жалпы терістейтін ой-пікірлердің субъектісі мен предикатының арасында қайшылықты қатынастардың болатыны еске салынады.
"Мобянь" трактатында соңдай-ақ біржақты ой-пікірдегі терминдерді орналастыру теориясы да кеңірек талқыланады.
Ой жеткізу (шо) және сұхбаттасу (бянь) теориясы. Таным теориясы мен логиканы дамытудың ендігі бір кезеңі моистер ұсынған "ой жеткізудің жеті тәсіліне" немесе жеті болжамына қатысты. Осы кезеңге жататындар; 1. "хуо"- шамалылық. Ақиқатты толық жеткізе алмайтын ой таластыруда шамалаушылық қолданылады; 2. «цзя» - болжау. Гипотезадағыдай, онда дәлелденбеген уәждер келтіріледі; 3. "сяо" - үлгіге еліктеу. Мұнда ұқсас заттар_туралы ой-пікір басқа дұрыс сөйлемдер арқылы жеткізіледі. Ойлануды ұқсас жағдайдағы дұрыс ой-пікірді үлгі тұтады. Үлгіге сәйкес келген ой дұрыс, ұқсамаған ой теріс болып шыға келеді; 4. "би" - салыстыру. Салыстыру дегеніміз назардағы зат басқа затты сипаттау арқылы түсіндіріледі. Салыстыру ойланудың екі нәрсесін өзара ықшамдау арқылы, олардың аналогиясын табу арқылы үлгіні анықтайды;
... жалғасы5. "моу" - теңеу. Салыстыру мен теңеу тәсілі ұқсас. Екеуі де аналогия арқылы ой-қорытудың түрлеріне жатады. "Моудың", теңеудің ерекшелігі сол, ол бір зат туралы пікірлерді Үйлестіреді, салыстырады. Пікірталасқаңдар осы салыстыру тәсілі арқылы бір тоқтамға келе алады;
6. "Юань" - сарапшының пікіріне жүгіну, Сөйлеуші өзінің ойының дұрыстығын растау үшін осы тәсілге, яғни біреудің беделіне жүгінеді. Сондағы айтпағы: "Егер сен осыны растап жатсаң, онда мен неге солайша істей алмаймын?";
7. "Туй" - тарату. дұрыстығы мен бұрыстығын анықтайтын ұқсас, Үйлесімді қағидалар негізінде тоқтам тарату болады. Онда ортақ көзқарас басқа кағидаларға толық таратылады.
ІІ "Мобянь" шығармасында „"шо" және"бянь"ұғымдары
талқыланады. "Шо" - тезис"пен ойланудың дәлелі мен дәйегі.
"Шо" үш бірдей қағиданың: "гу", "ли", "леидің" талабын
қанағаттандыруы керек. Гу (негізділік) дегеніміз әрбір ой-пікірдіңнегізділігін және оның кейбір себебін көрсету. «Гу» шамалы
негізділік (сяо гу") және үлкен негізділік ("да гу") болып екі түрге
бөлінеді. "Сяо гу" дегеніміз қажетті шарт, ал "да гу" - қажетті де,
жеткілікті шарт. "Ли"дегеніміз ой-тұжырымның ережесін сақтау
талабы, ал "лей" қайсы бір жағдайда қорытынды жасағанда, кейбір
ой-пікірде жалпы, ұқсас құрамды сақтауға меңзейді. Осыдан
моистер аналогияны кең мағынада түсінгенін және қолдануға
ізденгенін аңғарамыз."Бянь" пікірталастыру мен сұхбаттасуды білдіреді бұл мағынада "бянь" мен "шо" тепе-тендікте бола бермейді. "Бяньда" екі жақтың V дәлелі бір-біріне қарама-қарсылықта, тіпті қайшылықта бола береді. Бірақ екі жақта ортақ бір ережені орындауы шарт. Егер сұхбаттасудың бір жағы вй-тұжырымды құрудың кейбір тәсілін қолданса, онда екінші жақтың да сол тәсілді қоддануына қарсылық білдіруге болмайды. Керісінше, егер пікірталастырушының бір жағы ой-тұжырымдауды кейбір тәсілін қолданудан және қабылдаудан бас тартса, онда екі жақ сол тәсілді қабылдасын немесе қолдансын деп талап ете алмайды.
"Мобянь" шығармасында нақты білімнің, ақиқаттың үш бірдей түрі аталынады. Олар: "цинь-чжи" - әр адамның жеке тәжірибесін қамтитын тікелей білім "вэнь чжи"- біреу арқылы алынған қосымша білім, -есітілген білім, "шо-чжи" - ұғым, ой-пікір, ой-тұжырым арқылы алынған білім, парасаты білім. Білімнің осы үш түрі де өзара байланысты, тек алғашқы екеуі ''шо-чжидің" қайнар көзі негізі болып табылады.
Ойланудың негізгі заңдары туралы. "Мобянь" трактатында әртүрлі заттар мен құбылыстардың түрлі атауы болатынын, түрлі атаудың әр түрлі нәрсені білдіретінін еске салады. Атаулар бір сәтте қос затты немесе әртүрлі құбылысты жеткізе алмайтынын атап өтеді. Кейінгі моистер ескерткен_осы қағида, "атауларды түзету" делінеді. Атауларды түзету ережесі тепе-теңдік заңының негізгі мазмұнын кұрайды. Моизмнің белгілі өкілдерінің бірі Хань фэй цзы Қытай логакасында алғашқы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz