Ерте орта ғасырлардағы феодалдар



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ерте орта ғасырлардағы феодалдар

Феодалдық саты
Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі -феодалдар атақ-лауазымы
бойынша бірнеше сатыға бөлінді. Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп
аталды. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - королъ тұрды. Ол жоғарғы
сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта
корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар
болды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген деревнялар қарады.
Олардың билігінде үлкен өскер отряды болды. Графтардан кейінгі
баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар түрды. Олар
жиырма-отыз деревняны басқарып, сол деревнялардан шағын әскер бөлімін
жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың - рыцарълардыц
мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы
жауынгерлердің мырзасы атанды. Мырзалардың бір-біріне сатылы
бағыныштылығы әр елде әр түрлі болды. Мысалы, Германияда феодалдық
сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары
қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Францияда менің
бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес деген қағиданы ұстанды.
Бірақ барлық елдердегі феодалдық сатыға ортақ тәртіптер де болды. Ол
- соғыс бола қалған күнде әр бағыныштының қажетті қару-жарағымен өз
мырзасының қол астына барып сапқа тұру міндеті еді. Шаруалар феодалдық
сатыға кірмеді. Сатыға тек феодалдар, яғни мырзалар мен бағыныштылар
ғана кірді.Шаруалардың міндеті сатыдағы феодалдарды азық-түлік, киім-
кешекпен қамтама-сыз ету болды. Сонымен, ІХ-Х ғасырларда Батыс
Еуропа елдерінде жер иеленушілер өздерінің меншігіндегі жер мөлшері,
тәуелді адамдары мен әскери қызметкерлерінің саны бойынша жікке
бөлінді. Сөйтіп феодалдардың белгілі бір дәрежеде бір-біріне
бағыныштылық жүйесі құрылды. Феодалдық саты деп аталатын Бұл жүйе
феодалдық қатынастарды нығайту мақсатына қызмет етті.

Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары
Феодалдар өз иеліктеріндегі шаруашылықты басқаратын ұйымдастырушылар
болды. Жекелеген аймақтардың, елдердің қуаттылығы шаруалардың
күнделікті тіршілігін басқаратын феодалдардың іскерліктеріне,
ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты еді. Халқы алдында беделі
күшті, шебер басшы - феодалдардың шаруашылығы өркендеп, дами түсті.
Феодалдар, әрине, өздері тікелей егін егіп, мал баққан жоқ. Бірақ
шаруалардың жұмысты жақсы істеуін ұйымдастыру, бақылау да оңай емес
еді. Феодалдар шаруалардың есебінен байып отырды, бірақ олар арамтамақ
болған жоқ. Олар мырзалар мен олардың бағынышты шаруаларының, тіпті
бүкіл елдің қамын ойлады. Әрине, феодалдардың арасында қулары мен
сұмдары да болды. Бірақ елді, жерді адал, еңбекқор, іскер феодалдар
көркейтті. Феодалдар тек шаруашылықты ұйымдастырушы ғана емес, шаруалар
феодалдық сатыға кірмеді.

Феодалдық әскер басшылар
Феодалдық сатыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте орта ғасырлардағы Жапония
Ерте орта ғасырлардағы корея
Ортағасырлардағы Италия
Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын зерттеу
III - XI ғасырлардағы индияда феодалдық қатынастардың қалыптаса бастауы
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Орта ғасырдағы Корея тарихы
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Солтүстік Үндістанда Моғолдар билігінің орнауы
ХІ-ХІІІ ғасырдағы феодалдық бытыраңқылығы жайлы басты саяси мәселелері
Пәндер