Ерте тас дәуірі
Ерте тас дәуірі.
Олдувай кезеңі.
Ашель кезеңі.
1. Мустье кезеңі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
2. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. А., 1979.
3. Археология зарубежной Азии. М., 1986.
4. Археологические исследования. М., 1990.
5. Археологичкскии сборник. Вып. 21. М., 1980.
6. Археология СССР. Палеолит СССР. М., 1984.
7. Археология Центральной Африки. М., 1988.
8. Борисовский Р.И. Древнейший каменный век Южной и Юговосточный Азии. М.,
1971.
9. Деревянко А.П. и др. Археологические исследования Россиско-Монголско-
Американской экспедиции в Монголии в 1996 году. Новосибирск. 1998.
10. Деревянко А.П. и др. Археологические исследования Россиско-Монголско-
Американской экспедиции в Монголии в 1997-1998 гг. Новосибирск. 1999.
11. Деревянко А.П. и др. Раннепалеолитические микроиндустриальные комплексы
в травертинах Южного Казахстана. Новосибирск. 2000.
12. Деревянко А.П. и др. Палеолит северного Прибалхашия. Новосибирск. 1993.
13. Каменный век. Памятники. Методика. Проблемы. М., 1989.
14. Ларичев В.Е. Палеолит средней, центральной и восточной Азии. М., 1972.
15. Палеолит ближнего и среднего востока. М., 1978.
16. Эпоха камня и полиметалла азиятской части СССР. М., 1988.
1. ОЛДУВАЙ кезеңінің (2 млн. жыл – 700 мың жыл бұрын) ең көне
ескерткіштері Африкада табылды. Ежелгі құралдардың дөрекілігі тек тасты
өңдеу техникасының нашарлығында емес, сондай-ақ, адам құрлысының физикалық
жетілмеуінің де айғағы. Оларға көздеген жерінен ұру қиынға түсті, сондықтан
тас пен ағашты тура өңдей алмады. Олдувай кезеңінде еңбек құралдардың үш
түрлі сипаты болды. Бірінші түріне дөрекі, көп қырлы еңбек құралдары
жатады. Оларды сфероидтар деп атайды. Бұл күрделі, икемсіз домалақ келген
көп қырлы құрал, мұны өсімдік пен аңды азық еткенде қолданған. Еңбек
құралының екінші түрін алдын-ала тасты жаңқалап жасады, оны ұсақ соққыларға
пайдаланды. Мұны археологтар ретушь өңдеу әдісімен жасалған еңбек құралдар
деп атайды. ¤ндірілген ұсақ құралдардың әлі де болса нақты (тұрақты)
формасы болмады. Бұл құралдың қызметі малды бөлшектеуге арналған. Үшінші
түріне кесуге және шабуға арналған құралдар жатады. Оларды чопперлер және
чоппингтер (шабуға арналған) деп атайды. Бұлар ұсақ жұмыр тастардан екі
жағы ұрылып (жонылып) алмас сияқты жасалды және ұстауға ыңғайлы болды.
Олдувай кезеңінде жасалған тастарды нуклеустер (ірі, сапалы) – арнайы
тас құралдарды жасауға арналған тас үккіштер деп атады. Бұл уақытта
чоппепрден және басқа да ірі құралдардан нуклеустерді ажырату әлі де қиын
болды.
Ежелгі даму сатысында тас өңдеу өнеркәсібінде бір ғана құралды
қолданған жоқ, бүтіндеу жиынтық тас құралдар болды. Құралдардың өлшемі
(размер) 8-10см-ден аспайды.
Бұл кездегі құралдардың формасы кездейсоқтық, бірақ жеклеген еңбек
құралдардың біршамасы алмас секілді болып келеді. Олдувай кезеңінің еңбек
құралдарымен бірге аң сүйектерінің сынықтары қоса табылады. аңдарды адамдар
ұжымдасып аулаған. Олдувай ескерткіштерінен көптеген өлтірілген аңдардың
сүйектері кездеседі. Кейбір сүйектердің ұрылғандығы және ұшы ұшталғаны
байқалады, бірақ мұндайлар өте сирек кездеседі. Мүмкін бұл сүйекті өңдеудің
бастамасы болса керек.
Олдувай шатқалындағы ДК деп аталатын тұрақтағы қазбадан кесектеліп
қалған базальттан (жанартаудан шыққан тау жынысы) шеңберленген, көлденеңі
төрт метр келетін орын ашылды. Зерттеушілердің бірқатары қазба нәтижесін
ежелгі адамдардың қарапайым түріндегі немесе жерден тосқауыл болатын
бұтақтан жасалған қарапайым қос (қарапайым үй) деген тұжырым жасады. Егер
бұлай болса, үй тұрғызу адам өмірінде ежелгі дәуірден-ақ басталғаны
байқалады.
Адамдар терімшілікпен айналысты. Олардың басым бөлігінің жейтін азығы:
жеміс-жейдек, тамыр, саңырауқұлақтар, жеуге жарамды жәндіктер болды. Аң
аулаушылықпен тек ежелгі адамдар ғана емес, сондай-ақ, аңшылықпен
авсралопитектер де айналысты. Оларда павиандардың (ит басты, тар танау
маймылдардың бір түрі) сынған ба сүйектері, жылдам жүгіретін және күшті
(жыртқыш) аңдардың сүйектері кездеседі. Мұндай аңшылыққа үлкен ептілік,
тәсілқойлық пен күш қажет болды. Алғашқы адамдар қазіргідей аң аулайтын
қаруларды (үлкенді-кішілі) жасауды білмеген. Ол кездегі аңшылықтың түрі
ұжымдасып қаумалау болды.
Олдувай кезеңіндегі адамдар қауымы түгелдей табиғатқа тәуелді болды.
Адамдар бұл кезде әлі от жағуды, жыртқыш аңдармен күресуге тиімді қаруларды
да білмейтін. Сондықтан адамдар жылы климат аумағының шегінен шыға алмады.
Суық климатты жерлерді адамзат баласы мекендеуге тиімсіз болды. Солтүстік
субтропик шекарасына қазіргімен салыстырғанда сол уақытта жақынырақ барған.
Европада жылу сүйгіш жануарлар – піл, бегемот, мүйізтұмсық және тағы басқа
мекендеді. Оңтүстік Европадағы жаңа жерлерге де адамдар мекендей бастады,
бірақ өте сирек, дегенмен олдувайлық құралдардың кескіні кездеседі.
Алғашқы адамдар тобыр болып өмір сүрді. Адамдардың ұжымдасуы тамақ
табуға жеңілдік түсірді және жабайы аңдардан қорғануға тиімді болды. Ежелгі
адамдар ұжымын ғылыми әдебиетте алғашқы адамдар тобыры деп атайды.
Энгельстің Лавровқа жазған хатында: алғашқы адамдар, бәлкім, тобыр болып
өмір сүрді, бұл жайындағы біздің көзқарасымыз көп ғасырлар өткенннен соң
шындық болуы мүмкін, біз табармыз, бұның солай екендігін және болғандығын.
Ал, В.И.Лениннің Горькийге жазған хатында: Шындығында зоологиялық
индивидуализм құдайдың ісі емес, оған ауыздық болған алғашқы тобыр мен
алғашқы ұйым - делінген.
Жануарлар тобырынан алғашқы адамдар тобырының айырмашылығы ақылменен
еңбек құралын жасау болды. Бұдан басқа, алғашқы адамдар тобыры жалпылама
әдістер мен білімдерді жинақтады және жетілдіріп, оны кейінгіге қалдырды.
Адамдар құралдар жасауды өзінен бұрынғы ұрпақтан үйренді. Соңғысы – от
жағуды білді. Алғашқы адамдар тобыры – бұлар енді жабайы, дөрекі, қарапайым
болып саналады.
2. АШЕЛЬ кезеңі (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын). Ең көп тараған
түсінік бойынша, ашельдің ежелгі даму сатысы архантроптармен, кейінгісі –
палеоантроптармен байланысты.
Ашель кезеңінің басталуы жаңа құралдардың пайда болуымен сипатталады.
Олар: қолшапқы (шот секілді) және шапқыш немесе жарғыш (кливер). Олар
Олдувайлық құралдардан күрделі. Қолшапқының ұзындығы 35 см-ге дейін жетеді,
оның формасы миндаль дәні секілді немесе сопақша болып келеді, бұл
ескерткіштердің көпшілігінде қайталанады (кездеседі). Қолшапқыны жасауда,
оны өңдеу жүйесін, жасау әдісін адамзат баласы жүз мыңдаған жылдар бойы
тәжірибеден жинақтады. Қолшапқы әмбебап қызмет атқарған: онымен бұтақ
шапты, ағаш құралдар дайындады, тамыр және ұсақ аңдардың інін қазды.
Жарғыш (кливер) құралдың тағы бір түрі екі жағы да өңделген, ол ұсақ
сынықтардан немесе кесек тастардан жасалады. Жарғыштар - ұзынша, трапеция
(дөңес төртбұрыш) түрінде немесе үшбұрышты, екі жағы параллель болып
келеді.
Шапқы мен кливерлер басты құрал болды, бұлардың сапасы ұсақталған
тастармен салыстырғанда аз ғана айырмашылық болды. Бұлар негізінен кескіш,
шанышқы және қырғыш құрал қызметін атқарды. Құрал жасайтын материалдар:
кварц, обсидиан, сланец (тақта тас) және кремень (шақпақ тас) болды.
Ашельдің орта кезеңінде леваллуа тасты өңдеу әдісі пайда болды. Мұның
бастапқы сипаты, барлық жағы нуклеус сияқты ұсақтап сындырылады да, содан
кейін құралға айналдырады. ¤ткен кезеңдегі нуклеустен айырмашылығы,
алғашқының кескін-келбеті ұсқынсыз болды, ал леваллуаның пішіні мен формасы
жақсы болды. Осы уақытта тағы бір құрал – найза пайда болды.
Ашель кезеңінде жасалған ағаш бұйымдардың бізге жеткені бірегей ғана.
Испаниядағы Торральба және Англиядағы Клэктон тұрақтарынан найзаның ұштары
табылған. Германиядағы Леринген тұрағынан өлтірілген пілдің қабырғасына
тұрып қалған ұзындығы 215 см болатын найза табылған.
Ашель дәуіріндегі ескерткіштерді шаруашылық іс-әрекеттері бойынша
ажырата алуға болады. Бұл кезеңде үңгірлер мен ашық аспан астындағы
салынған үйлер қалыптасты. ТМД территориясына ежелгі тұрғын жай
Әзірбайжанда орналасқан Азых үңгірінде табылған.
ТМД территориясында орта ашель кезеңіне жататын ескерткіштер оңтүстік
аудандарда – Кавказ, Молдавия, Орта Азия және Қазақстанда орналасқан.
ТМД территориясында түрлі орталықта және әртүрлі уақытта қоныс тепті.
ТМД-дағы ежелгі археологиялық ескерткіштер ашельдің орта кезеңіне
жататындығы белгілі, олардан Кавказдың жерлеріндегі төрт үңгір: Кударо 1,
Кударо 3 (Оңтүстік Осетия), Цона және Азых (Әзірбайжан) анықталған. Кударо
1-де адамдар мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген. Олардың негізгі кәсібі
аңшылық болды. Басты аң болып аю саналды; сондай-ақ, мүйізтұмсық пен макака
(кішкентай маймыл) сүйектері де табылған. Цона Кудародан бірнеше шақырым
жерде, яғни таудың жоғарғы жағында, екі шақырымнан астам жерде орналасқан.
Мұнда кейінгі екі ашельдік қабат қалыптасқан. Ежелгі екі қабаттан да
уақытша аңшылық қонысының қалдықтары табылған. Үңгірде құрал жасайтын
белгілер байқалмайды.
Төменгі қабатта ашельдік шапқылар (жарғыш-рубил) кездеспейді, бірақ
жоғарғысынан көптеп табылады. Азых үңгірінен де ашельдік қабат
кездеседі.адамдар терең үңгірде өмір сүрген. Ашылған қабаттың екеуі де
ашельдің орта кезеңімен байланысты. Ең маңыздысы – адамның жақ сүйегінің
қалдықтары табылды. Ол архантроп кейпінен палеоантропқа өтпелі кезеңіне
жатады. Бұл ТМД территориясындағы ең ежелгі адамның қалдығы болып табылады.
Бұдан басқа Кавказдағы көптеген ашельдік ескерткіштер енді тұрақ емес
қоныс болды, оның өзіне тән ерекшелігі бар. Армениядағы орта ашельдік
ескерткіштердің ең атақтысының бірі – Сатани-Дар. Мұндағы құралдардың
дерлігі обсидианнан (материал) жасалған. Ал, кейінгі ашельде тастың басқа
түрлерін (пародасын) қолданған.
ТМД аумағында жүзге тарта ежелгі палеолиттік қоныс орындары белгілі,
олардың біразы ашель кезеңіне жатады. Ашель кезеңінің ескерткіштері Азов
маңында, Миус бассейнінде, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz