ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУ
ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУ
Көркем шығарма жанрларының ішіндегі балалар әдебиетінде ертегінің ролі
ерекше. Есте жоқ көне заманнан бастап халықтың ауыз әдебиетінде ең көп
дамыған көркем шығарма түрі — ертегі. Ертегіні оқу — баланы ғажайып қиялға
бөлеп, шым-шытырың оқиғаға араластырып жеті қат жер астына, ғарышқа
самғатады. Ертегілердің түрлері мен тақырыбы өте көп. Бастауыш класс
оқулықтарындағы ертегілердің көбі бағдарлама ауқымына негізделген.
Негізінен жан-жануарлар, аң-құстар, табиғат туралы, адамгершілік туралы
ертегілер берілген. Ертегілердің көбі — аударма ертегілер.
Қандай ертегінің түрі болмасын оның ең басты кейіпкерлері — жағымды.
Олардың мақсаты адамға жақсылың істеу, қол ұшын беру, жақсыны үйретіп,
жаманнан жирендіру. Ертегінің тілі шұрайлы, уақиғасы қызық. Сондықтан шағын
ертегіні бала әлі оқу мен жазуға төселмей тұрған алғашқы аптадан бастап-ақ
мұғалімдер әсерлі оқып беріп, әңгімелеп беріп, ертегі кітапшаларды сатып
алуға, үйде ата-анасының, аға-апаларының оқып беруіне сілтеме жасайды.
Мектепке алғаш келген бала мектепке дейінгі мекемеде, үйде үлкен ата-
әжесімен ертегі тыңдап, соған әсерленіп өссе, өз бетімен оқу дәрежесіне
жеткен кезде мұғалім баланың қызығушылығын әлсіретпей дамыта
алар болса, нағыз кітапқұмар оқушы тәрбиеленер еді. Өкінішке орай, біз
балаларымызды халқымыздың бай ауыз әдебиетін өз дәрежесіндегі оқу үлгісіне
де үйрете алмай жүрміз.
Баланың кез келген көркем туындыны келістіре оқуы — үлкен өнер. Сол
өнерге үйрететін үлгі көрсететін — мұғалім. Сондықтан мектеп мұғалімі
шәкіртті оқуға үйретуді үнемі жүйелі жүргізіп, үлгісін көрсетіп отырады,
бакылайды. Шәкірттерінің мәнерлі оқуды игеруге бағытталған алғашқы
бастамасынан бастап арнаулы есеп жүргізу керек-ақ. Сол үшін шәкірттің сөз
өнеріне үңіліп, бейнелі ойына түсінуге ұмтылатын, ләззат алатын алғашқы
күрделі көркем шығармасы— ертегі.
Оқудың ортақ методикасы, ол қандай жанрдағы шығарма болса да оқушы
алдында мәнерлеп оқып беру үшін алдын ала даярлың жасайды. Бір оқығанда-ақ
ертегіні түсіну қиын емес. Алайда, мұғалім белгілі бір ертегіні балаларға
оқып беру үшін тексті күні бұрын талдап, дауыс ырғағының әр түрлі қалпының
жылысуын, жоғары не төмен түсуін, қай жерде қандай кідірістер жасау
керегін белгілеп алады,
Ертегі кейіпкерлерінің басым көпшілігі — аңдар мен құстар, жыртқыштар,
Әрине, табиғаттағы жан-жануарлар сөйлемейді, бұны — бәрі біледі. Бірақ
солардың тіршілігі, немен күн көретіні, кейбір жыртқыштардын мінезі,
пайдасы мен зияны, олар туралы мағлұматтар белгілі. Сондықтан түлкінің
даусы, қасқырдың даусы, арыстанның даусымен оқу деген рецепті жоқ. Бірақ,
әр-қайсысының бір-біріне ұқсамайтын жаратылысы сияқты, бір-біріне
ұқсамайтын даусы да болуы керек деп түсінгеніміз дұрыс.
Ертегі кейіпкері:
Қасқыр — жыртқыштардың ішіндегі ең бір қорқауы.
Арыстан — айбатты да күштісі. Ертегідегі аңдар патшасы.
Түлкі — айлакер, қу. Өз пайдасы үшін бәрін де сатып кетеді, мұзға
отырғызады.
Аю — епетейсіз, жалқау, топас, қара күш иесі.
Қарсак, қояндар — қорқақ, әлсіз, өз басын зорға қорғайды.
Қарға — маңтаншақ, үй-үйлердің, қора-қопсының арасында талтаңдап
жүргеніне мәз.
Торғай — әлсіз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz