Ертегінің ішкі жанырлары мен поэтикасы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ертегінің ішкі жанырлары мен поэтикасы.
Ертегілердің жанрлық сипаты.

Ертегі жанрының түп төркіні – алғашқы қауымда пайда болған көне миф,
аңшылар туралы әңгіме, хикая және әр түрлі кәде – ырымдар мен аңыздар.
Басқаша айтқанда, ертегі жанры өзінің қалыптасу процесінде осы жанрлардың
қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ, бағызаларын азырақ
пайдаланған. Солардың ішінде қайсыбір жанрлар өз бітімін жоғалтып, мүлде
ертегіге айналып кеткен. Соның бірі – миф. Әрине мифтің ертегіге айналу
процесі жылдам болған жоқ, ол ұзақ әрі күрделі жол, бірнеше кезеңнен өткен.
Жоғарыда айтқанымыздай, миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп
саналған құпия әңгімесі. Сондықтан ол кезде оны әркімге және кез келген
жерде айта бермеген. Мифтің айтылатын кезі кәмелетке жеткен жастарды
сынақтан өткізіп, шынықтыруға арналған неше тірлі кәде-ырымдар мен жоралғы
жасалатын мезгіл. Кәмелеттік сынақ барлық рулық қауымда болған салт: он бес
пен он жеті жас аралығында ер балаларды (матриархат дәуірінде – қыз
балаларды да деген пікір бар) жеке бөліп алып, елсіз жерде оларды
ержеткеннің белгісі деп төмендегідей әртүрлі сынақтардан өткізген:
денелеріне кесіп дақ салған, мұрнын, құлағын кескен, сүндетке отырғызған,
тағы басқа түрде қинаған, небір қорқынышты ырымдар жасаған. Осының бәріне
төзіп, барлық сыннан өткен баланы енді бала емес, жігіт болды және ол өліп,
қайта тірілді, яғни басқа адам болды деп санаған. Оған енді үйленуге рұхсат
берген. Шыдамдылық көрсетіп, сынақтан абыроймен өткен жігіттерге сенім
білдіріп, оларға қасиетті әрі құпия әңгімені айтатын болған. Ол әңгімеде,
яғни мифте, дүниенің жаратылысы, аспан әлемі жайында, рудың тотемдік
бабасы, ілкі ата мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеті
жөнінде фантастикалы түрде баяндалған. Алайда, оның бәрін ақақат деп
қабылдаған, мифке кәміл сенген.
Уақыт өтіп, қоғам дамып, адам санасы өскен сайын бұл миф-әңгімелер
бірте-бірте кәмелеттік ырымдардан бөлек айтылатын болған да, бара-бара
қасиетті сипатынан айырылған. Енді мифті тек кәмелеттік сынақтан өткен
жігіттерге ғана емес, сондай-ақ жас балалар мен әйелдерге де айтылатын
болған. Сөйтіп көне миф құпия болудан да қала бастаған Осының нәтижесінде
мифті айтушы енді оған өз жанынан оқиғалар қосатын болған, яғни миф өзгере
бастаған. Мифтің оқиғалары аспан кеңістігінде емес, адам қоғамындағы іс-
әрекет болып көрсетілген, бұрыңғы мифтік ілкі ата мен жасампаз қаһарман
орнына ру мен тайпа басшылары, ал уақыт өте келе қатардағы аңшы-мергендер
бейнеленетін болған. Басқаша айтқанда, мифтің қасиетті және құпиялы
сипатының жоғалуы мифке сенуді де әлсіреткен, ондағы іс-әрекеттер мен
кейіпкерлерді де өзгерткен. Олар енді біраз болса да мадақталатын болған.
Дегенмен қоғамдық сананың өзгеру барысында миф ежелгі сипаттарын бір-
бірлеп жоғалтып отырған. Қасиетті және ақиқатты деп есептелген деген
сипатынан айырылған соң, ондағы оқиғалар да дәуіріне байланысты өзгеріске
ұшыраған. Енді оқиғалар бұрынғыша әлемнің жаратылуы, алғашқы адамдардың
пайда болуы сияқты болмай, қоғам басшысының немесе қауымның қатарындағы бір
мүшесінің керемет нәрсемен кездесуі болады, іс-әрекеттер бүкіл аспан
әлемінде емес, ел ішінде, адамдар арасында болады, ал, мифтік дәуір
ертегіге тән белгісіз уақыт болып алмасады. Соның салдарынан іс-әрекеттің
нәтижесі де баяғы мифтік сипаттан айырылады. Басқаша айтқанда, мифтің себеп-
салдарлық (этиологиялық) белгісі жоғалады. Осылай мифтің ертегіге айналу
барысында бұрынғы масштаб таралып, әңгіме жеке бір адам тағдырын баяндайтын
жағдайға жеткен. Сөйтіп, миф бірте-бірте хикаяға, одан ертегіге айнала
бастайды. Егер хикаяда қиял әлемі де көркем түрде болмаса, ертегіде қиял
(вымысел) ғажайыптық (фантастика) сипат алып, көркем тәсіл ретінде
қолданылады. Рас, миф ертегіге хикая болмай-ақ тікелей айналуы мүмкін. Бұл
жағдайда да мифтің өтетін жолы осы. Сөз жоқ, бұл жол бірнеше тарихи дәуірді
қамтиды. Егер миф жанры адамзат тарихының қоғам ретінде қалыптасу
процесінің ең басында пайда болса, ертегі көркем жанр, сөз өнері болып,
адамзаттың алғашқы қауымнан таптық қоғамға өткен тұсында қалыптасқан.
Ертегінің бір тамыры – алғашқы рулық қоғамда өмір сүрген
адамдардың аң аулап жүргенде, жолға шыққанда басынан кешетін оқиғалар
жайындағы әңгімелер. Алғашында шын болған оқиға негізінде айтылған
әңгімелер (меморат) бірте-бірте ел арасында жайылған сайын қоспалармен
толықтырылып хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Мұндай процесті,
мәселен, Жаңа Гвинея тұрғындарының фольклоры мен этнографиясын зерттеген
Б.Н.Путилов жақсы аңғарған. Ол сондағы ру мен тайпалар фольклорында миф,
меморат-әңгіме, хикая қатар өмір сүретінін , ал ертегі жанрының тек
нышандары ғана бар екенін айтады. Миф ауқымына симайтын аңшылар әңгімесі
туралы. Б.Н.Путилов былай деп жазады: Аңшылар әңгімелері – меморат
сипатында келеді. Оларда кейбір детальдар ойдан шығарылған, кей нәрселер
әсірелеген, әрленген, бірақ негізгі мазмұны – шындық, кейіпкерлері өмірде
болған адамдар. Оқиға болған жер, жалпы қоршаған орта – нақты, ал, әңгімеде
аңшылардың күнделікті ісі, әдеті, тәжірибесі мен салты анық бейнеленеді.
Аңшылар әңгімелерінде біршама сюжет бар және циклденудің алғашқы нышандары
сезіледі. Қысқасы, бұл әңгімелер бір рет қана айтылып, ұмытылып қалатын
әңгімелер емес, бұл – халық прозасының белгілі бір жанрлық құбылысы.
Аңшылар әңгімесін мифтен екі маңызды нәрсе алшақтатып тұр. Біріншісі –
кейіпкерлер мифтік әлемнің қаһарманы емес, кәдімгі ауыл тұрғыны – аңшы,
мерген. Екіншісі – мифте бәрі жақысы аяқталса, мұнда кейіпкер опат болады.
Осы көне қауымда пайда болған меморат түрінде айтылатын аңшы-мергендер
жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз орын алмайды. Әрине,
олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркемделген,
әсіреленген, яғни көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Кезінде
М.Әуезов пен Е. Ысмайловтың қазақ халқы айтқан көне түрлерін атасаң – ең
ескілері аңшы мергендер жайындағы ғажайып ертегілері болу керек. Мерген
болғанда берідегі шындыққа жақын салт ертегісіндегі мерген емес. Өзгеше
қиял дүниесінің ішінде әрекет ететін мергендер. – деп жазуы тегін емес.
Осы ойын әрі қарай жалғастырып, ғалымдар былай деп жазады: Бұл Еділ-
Жайық, Құла мерген, Жерден шыққан Желім батыр, Аламан мен Жоламан
сияқты ертектер.
Мергендер жайындағы ертегілер мен ілес-қаралас ер, батырлар жайындағы
ертегілер жүреді.Осы мерген мен ерлер жайындағы қиял ертектері бір қазақ
емес, жалпы Орта Азия халықтарының ертектерінің де ескісі болуға тиіс.
Қазақ айтатын қиял ертегісінде адамзаттан мерген араласса, немесе
ғажайып жер, ай десе аузы, күн десе көзі бар күн астында Күнекей сұлу, не
алтын шашты қыз араласса, солармен қатар жалмауыз, қазық аяқ, қарға тұмсық
кемпір, жезтырнақ, жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жалмауыз және неше
алуан алып араласады.
Міне, біз енді хикая жанрының да ертегіге негіз болып, кіріккенін
көріп отырмыз. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат
мақлұқтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, дию, албасты т.б.) бұрынғы аңшылар
әңгімесіне кірігіп хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге
айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің
ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф
әлсіреп, хикая өзінше жеке айтылып, ел арасында тарайды. Қазақ халық
прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Көне мифтің көмескіленіп
жеткен жұрнағының болуы, хикая жанрының жекеленіп, классикалық түрде
сақталуы, оның ертегі құрамында айтылуы, – міне, осының бәрі халық
прозасының қарапайымдылықтан көркемдікке қарай дамуының іздері, оның
жанрларындағы қиялдың ғажайыпқа айналуының сатылары.
Әдетте, біз ертегіні ойдан шығарылған әңгіме дейміз. Расында да солай
ма? Жоқ. Ертегі жанры, өзі-өзінен немесе ойдан тумаған. Оның негізін
қалаған көне прозалық жанрлар алғашқы қауымдық қоғамның түсініктері мен
салтын, әдет-ғұрпын, яғни сол заманның шындығын өзінше бейнелеген. Демек,
ертегідегі бізге қиял-ғажайып болып көрінетін кейбір нәрселер – бір кездегі
болмыстың, құбылыстың сәулелері. Бұл айтылғанға қоса мынаны да ескеру
керек: ертегінің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде ел оны
қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаларға сенген, себебі ол шақта
ертегі өз төркінінен алыс кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызметте
атқармаған.
Ал енді қиялға келетін болса, ондай элемент мифте де, хикаяда да,
аңызда да бар. Бұл жанрларда қиял эстетикалық мәнге ие емес, ол шығарманың
мазмұнынан тыс дамымайды, өйткені белгілі бір түсінікпен пайыммен
байланысты болады, соған қызмет етеді. Бірақ соның өзінде де қиял – жалған
деп қабылданбайды, сол себепті, ол көркемделмейді, яғни саналы өтірікке
негізделмейді. Егер шығармада сәл жалғандықтың нышаны білінсе, ол миф,
хикая, аңыз болып саналмайды.
Фольклорлық жанр болып қалыптасқан классикалық ертегілер де қиял
мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан көркемделіп, ғажайыпқа айналады
және біршама өзінше дамып отырады.
Қазақ фольклорының құрамында таза қиялға құрылған жанрлар да бар.
Ол–өтірік өлеңдер мен сатиралық ертегілер, қулар жайындағы әңгімелер.
Мұндай шығармалардағы оқиғалар да қиялдан туған, бірақ бұл қиял классикалық
ертегіден басқаша. Классикалық ертегіде қиял халықтың ежелгі діни наным мен
түсініктеріне негізделген, ертегінің даму барысында ол ғажайып сырға ие
болған, соның нәтижесінде көркемделген, эстетикалық сипат қабылданған. Ал,
өтірік өлең мен қулар жайындағы ертегілер де қиял көне дәуір түсініктері
мен еш байланыспайды, қайта ол шығармадағы оқиғаның жалған екенін
дәлелдеуге қызмет етеді. Демек, мұнда қиял өтірікке бағытталған. Сол
себепті шығармадағы оқиғалар кейіпкерлердің іс-әрекеттері еш сенімсіз,
ешқандай логикаға сыйымсыз болып келеді., тіпті ешқандай этикаға да сай
келмейді. Міне, осы логикаға да, этикаға да сәйкестенбейтін өтірігі күлкі
тудырады. Классикалық ертегідегі қиял өмірден қаншама алшақ болып көрінгені
мен көркемдігі мен этикасы жағынан логикаға сыйымды, өйткені онда қиялдың
өмірге сай болуы міндетті емес, тіпті ондай мәселе тумайды да. Ертегідегі
шарттылық көркем қиялға, ғажайыпқа негізделген. Оның мақсаты – әсіреленіп,
әсерлі етіп баяндау, ерлерді тамашалау.
Ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, кемелденген түрі, яғни көркем
проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен берге
эстетикалық ләззат беру. Басқаша айтқанда, ертегі жанрының функциясы кең,
ол әрі тәрбиелік, әрі көрем-эстетикалық роль атқарады. Ертегінің бүкіл
жанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады. Сондықтан ертегілік
прозаның ең басты мақсаты – сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп,
әрлеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта, керісінше,
әсерлеуді міндет тұтады. Ал, ертегі әңгімесін өмірде шын болған деп
дәлелдеуге тырыспайды.
Ертегідегі ғажайып қиял (фантастический вымысел) адамның күнделікті
көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқашы етіп көрсетеді,
өйткені бұл жанрға ғажайып (фантастика) көркем тәсіл, бейнелеуші құрал
ретінде қолданады.
Өмірдегі реальды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі
жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша
әсерлеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Осылай болса, ертегідегі оқиғалар
мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге де, тыңдаушыға да,
ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Мәселен, әлсіз, бишара түлкінің
айбынды арыстанды жеңуі – өмірде еш қисыны жоқ өтірік. Бірақ ертекші осылай
көрсетеді, себебі ертегі жанрының поэтикасы осыны талап етеді және тыңдаушы
да осылай болғанын қалайды. Сол сияқты, адамның өзінен әлденеше есе күшті
жеті басты айдаһарды жеңуі де – осы заңдылықтың көрінісі. Бұл заңдылық
қарапайым халықтың жануардан кек алуы көксеген тілегінен туған. Халық
әлсіздерді жақтап, оларды күшті етіп көрсеткісі келген, сөйтіп киял жүзінде
болса да әділеттік орнатқан, арманын іске асырған.
Демек ертегі жанрында қиял мен ғажайып идеялық та қызмет атқарып тұр.
Бұл заңды да, өйткені классикалық ертегі адамның рухани азығы болумен бірге
идеологиялық та құрал болған.
Фольклорлық көркем прозаға, дәлірек айтсақ ертегінің ішкі жанрлырына,
белгілі дәрежеде эмоциялық та сипат тән. Ертегінің көркемделіп баяндалуында
сюжеттен де гөрі композицияның ролі артығырақ, ал, оның мазмұнының бай және
әсерлі болып шығуы айтушы мен тыңдаушылардың көңіл-күйіне байланысты.
Ертекші бүкіл образдар жүйесін, көркемдеу құралдарын ертегінің идеялық және
эстетикалық әсерін күшейтуге қызмет істетеді. Ол қаһармандарды небір қиын,
адам ойына келмейтін жағдайларға душар қылады. Сонда ертекші осының бәрі
шындыққа сәйкес емес-ау деп, еш қымсынбайды, керісінше, ол әдейі осылай
істейді, өйткені ертектің идеялық мақсаты мен эстетикалық нысанасы сюжеттің
осындай құрылысын талап етеді. Ал, оны жүзеге асыруға ертекшіге тек
фантастика ғана мүмкіндік береді.
Ертегі күнделікті сұхбат әңгімеден ерекшеленіп тұрады. Оның айтылу
жағдайы аңыздық прозаны айтудан басқаша, ол сұхбат тақырыбына қатысты
болмайды. Ертегі арнайы айтылған, белгілі бір композициялық схема бойынша
баяндалады, яғни мұнда идеялық, көркемдік тұтастық бар. Осы тұтастық бұл
жанрға басқа да қасиеттер дарытады. Ол – композицияның және эстетикалық
мұраттың тұрақтылығы, бас-аяғы оралымдалған тұйық уақыттың (замкнутое
время) болуы, көркем шарттылықтың міндетті түрде орын алуы, т.т.
Сонымен, біз ертегілік прозаның пайда болу процесін, оның көркем
жанрға айналу тарихын шолып, жанрлық ерекшеліктерін сипаттап шықтық. Өзінің
оу баста мақсатында пайда болған миф, хикая, аңшылық әңгімелерден шыққаннан-
бергі талай ғасырларды қамтитын тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр
қоғамның болмысы мен түсінік-пайымдарының ықпалын, олардың ізін кейінгі
заманға жеткізді. Әсіресе, феодалдық қоғамның бүкіл шындығын көркемдеп
бейнеледі. Қазақ ертегілерінде көбінесе хандық-феодалдық қоғамның көрініс
табуы осыдан. Осы тұста ертегі фольклордың барлық жанрымен араласа,
біртұтас фольклорлық жүйенің құрамында дамыды.

Жануарлар жайындағы ертегі

Халық прозасының бұл жанрындағы шығармалардың түп төркіні адамзат
тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмірінде жатыр. Басқаша айтқанда,
жануарлар жайындағы ертегілер ертедегі адамдардың аң аулаумен ғана
күнелткен шағында тұрған. Ол кездегі адамдар кейбір аңдарды қасиетті деп
санап, қадір тұтқан, оларды өздерімен туыстас деп ойлаған, ал кейбір
жануарды рудың бабасы деп сенген. Осындай аңдардың мейірі түспесе,
аңшылардың жолы болмайды деп түсінген. Сондықтан еркектер аң аулауға
кеткенде, әйелдер үйінде отырып, сол аңдарды мадақтаған, оларға арнап неше
түрлі әдемі әңгімелер, өлеңдер шығарған. Оларды өте күшті, айлалы, айбарлы
етіп бейнелеген. Мұндай мақтау ертегі мен әңгімелерді аңдар естиді, сонан
соң мейірленеді деп сенген. Сөйтіп, аңшыларға көмек болады деп ойлаған.Ол
заманда мифпен бірге аңдар туралы әңгімелерге де сенген, олардың магиялық
құдіреті бар деп түсінген. Сол себепті бұл әңгімелерде тұспалдау болмаған.
Ондағы аңдарды – жануарлар деп түсінген (ал, кейінгі ертегіде аңдар – адам
орнында болған), олардың іс-әрекетін шын деп қабылдаған, себебі ол кездегі
табиғат, өмір туралы түсініктер мен пайымдаулар тотемизмге, анимизмге және
магияға негізделген. Сондықтан дүниені, адамның өзін қоршаған маңайды
тануға бағытталған әлемнің, тіршіліктің қалай пайда болуы ғана туралы көне
мифтермен қатар жан-жануарлардың шығуы, мінез-құлқы, ерекшеліктері
жайындағы әңгімелер де танымдық қызмет атқарған, таза практикалық нысана
көздеген.
Алайда адамзат санасы мен қоғамы ілгерілеп дамыған сайын өмір туралы,
тірі табиғат пен өлі табиғат жайлы түсініктер түбегейлі өзгерді. Бір кезде
қасиетті саналып қадірленген нәрселер, бірте-бірте мінеле бастайды, сынға
ілінеді. Баяғы заманда тотемдік қасиеттерге ие болып жүрген аң мен құс енді
басқаша қабылданады. Сөйтіп, көне дәуірде шыққан мифтер мен әңгімелер келе-
келе магиялық сипатынан айырылып, ондағы пір тұтылған жануарлар енді сынға
алынады, немесе аллегориялық сипат алады. Сөйте-сөйте баяғы жануарларды
қастерлейтін әңгімелер басқаша айтылады, тіпті уақыт өте келе жаңа
әңгімелер шығады, жануарлар қасиетті болып көрінбейді, қайта керісінше
бейнеленеді. Байырғы сүйікті жануарлардың мінез-құлқындағы күлкілі жақтары
ирониялық түрде суреттеледі. Сөйтіп, қазіргі ғылымда әлі анықтала қоймаған,
ел арасында осы күнге дейін сақталған жануарлар жайындағы ескі тотемистік
түсініктер мен классикалық ертегілер арасындағы қайшылық пайда болады.
Басқаша айтқанда, ескі мифтер мен әңгімелер жануарлар тотемистік түрғыдан
бейнеленсе, кейінгі әңгімелер мен ертегілерде олар мүлде кереғар
көрсетіледі. Демек, мұндағы алшақтық тура мағына мен ауыспалы мағынаның,
шын образ бен түспалының арасында болады.
Кейінгі заманда туған әңгімерер мен ертегілер бұрынғыдан тек
кейіпкерлерді ғана мирас еткен, ал олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқын
басқа тұрғыдан бағаланған. Бірақ мұнда бір айтатын нәрсе сол: жануарлар
жайындағы классикалық (аллегориялық) ертегі мен ескі мифтік әңгімелер
арасында әлі де болса тотемистік ұғымды сақтаған әңгімелер бар. Олар
феодализм қоғамын басынан толық өткізбеген елдердің фольклорында сақталған,
бірақ, сол алғашқы күйіндей емес.
Ал, таза ертегі көркем жанр ретінде мифтік ұғымдардан бір жола қол
үзгенде ғана қалыптасады. Онда жануарлар образы адамды тұспалдап бейнелеу
деп қабылданады. Жануарлар жайындағы классикалық ертегі мифтік және діни
ұғымдардан таза, мұндағы қиял көркемдік қызмет атқарады.
Егер жануарларға байланысты тотемистік түсініктерге негізделіп туған
көне әңгіме мифтердың мақсаты әрбір адам білуге міндетті мифиологияны
білдірсе (хабарласа), көркем ертегінің мүддесі басқа. Бұл жанр пайда болып,
қалыптасқан шақта адамзат таптық қоғамда өмір сүрген еді. Сол себепті
мұндағы қиял тұспалдау түрінде болады да, әлеуметтік-таптық мүдделерді
көрсетуге жұмсалады. Сөйтіп, жануарлар жайындағы классикалық ертегілерде
шын мәніндегі аң мен құстар жайында емес, адамдар жайлы болады.
Міне, жануарлар жайындағы ертегі жанрының туып, даму процесі осындай.
Ол – типологиялық құбылыс, барлық елдің ертегісіне тән заңдылық. Қазақ
ертегісі де осы заңдылық бойынша туып, қалыптасқан. Рас, оның өзіне тән
ерекшелігі де бар.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін үш топқа жіктеуге болады.
Біріншісі шығу мерзімі жағынан ең көне миф жанрымен байланысын толық үзе
қоймаған, жануарлардың пішініндегі, немесе жүріс-тұрысындағы, я болмаса
мінез-құлқындағы, әйтеуір қандай да болмасын ерекшелігін түсіндіре
баяндайтын этиологиялық ертегілер. Екіншісі – Шығыс және Батыс халықтарының
көпшілігіне мәлім, яғни дүние жүзі елдерінің жануарлық эпосын құрайтын
классикалық ертегілер. Бұлар бүгінгі дәуірде балалардың үлесіне тиген. Қай
елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Миф
«Батырлық ертегілер»
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі
Қиял ғажайып ертегілер жайында
Ертегілер туралы мәлімет
Радиоочерк
Пәндер