Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы


Жоспары
І. Кіріспе
а) Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Қытай философиясындағы Конфуцийдің орны.
ә) Қытай философиясындағы бағыттар (мектептер)
б) Инь және Янь, Конфуций мектебі, Моистер мектебі, Атаулар мектебі, Заңгерлер мектебі, Күш пен Жол мектебі (Дао Цзя)
ІІІ. Қорытынды бөлім
а) Конфуций ілімінің ерекшелігі
Ертедегі Қытай философиясы.
Ол біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда пайда болды. Оған дейін Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық (керітартпа) және прогресшілдік, 6ipi - мистикалық eкіншici - атеистік бағыттар. Алғашқы материалистер пікірінше, әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтерден (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын болса, оның керісінше, идеалистер (Инь мен Ян) пікіріншe, табиғаттың жаратылуы, дамуы «дао-ға»_байланысты деп атады. Ертедегі Қытай философиясында_ конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам Конфуций (б. з. . б. 551-479 жж. ) . Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған орны ерекше. Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлеңдер кітабы», «Көктем және күз» жылналмасы т. б. ) Бұл кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған. Мәселен, ол: «барлық адамдар өздерінің табиғаты жағынан 6ip-6ipiнe жақын, ал айырмашылықтары тәрбие барысынан туындайды», - дейд! «Жаңаны білу үшін ecкiнi зерттеу», «Ойлаусыз оқу-бекер ic, оқымай ойлану - бос әрекет» деген болатын. Конфуций философиясында ескімен жаңа бірдей, араласа кездеседі. Мәселен, ecкi әдет-ғұрыптарды сақктау, патриархалдық-рулық қоғамды қайтару, жастың үлкенді ұдайы тыңдауы, т. б. сияқты әдет-ғұрыптарды дәріптеді. «Мәселен, - дейді ол, - адам өмірі тағдырдан, ал байлық пен танымды білу - көк аспанан»
.
Бүкіл Шығыс философиясына тән пікірді "Конфуций де қайталап, әлемді, адамдарды билеуші - Көк Аспан, дейді. Конфуций пікірінше, Аспан мен Жер үйлесімді, ал адам осы екеуінің ортасынан шығады. Конфуций ілімінде этика проблемалары да қарастырылған. Конфуций іліміне қарама-қарсы Мо-Цзы (б. з. б. 479-381 жж. ) философиясы пайда болды. Олар күні бұрын белгіленетін өмip жоқ әрбір адам тағрдырынан. оның «жаппай суйіспеншілігінен» туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрседен: сезімнен (у-лу) және ойлаудан (син) туындайды дейді. Танымда көп жағдай ат қоюға байланысты екенін айтады. Мәселен, жалпы атау, рулық атау, жеке атау бар, дейді олар. Жеке атау нақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзылықтар янь (пікіp айту) категориясын,
былайша айтқанда, логикалық әдісті қолдады.
Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Лао-Цзы (VI- V f. ) ілімі дүниеге келді, өмір сурді. Оның пікіріншe, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк Аспан емес, Дао деп қарады. Дао-заттардың табиғи заңы, ол цзи субстанциясымен 6ipre әлемнің негізгін құрайды, деді. Лао-Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму npoцeciнe араласпауы қажет. Ал кімде-кім оған араласып, оны өзінің жеке басының пайдасына икемдемек болса, ол адам сәтсіздікке ұшырайды, дейді. Лао-Цзы-дің пікіріншe, зиян мен сәтсіздік адамның заттардың табиғи тіршілігіне араласуынан, өйткені, олар Дао за-цын бұзады, деп түсінді.
Лао-Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім . Бip жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілrepi жүруді жақтайды, дамуды қолдайды. Ертедегі Қытай философиясындағы тұрпайы материализм өкілі Сюнь-Цзы (б. з. б. 298-238 жж. ) Конфуций ілімінің материалистік бағытын қолдады. Ол Көк Аспанды нақты заттар ретінде: жұлдыздар, күн мен ай, жыл мезгілдері, жарық пен қараңғы, жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі түрлі құбылыстар белгілі заңдылықпен жүреді деді. Таным сезімнен басталады, ал сезімді тудыратын табиғи заңдылықтар. Сана (син) сезімді билейді. Адам табиғатында не жақсы, не жаман қасиеттер жоқ. Олар кейін пайда болады. Ал данышпан адам Конфуций дағдысы бойынша жақсы қасиеттерді тәрбиелейді. Конфуций ілімін идеалистік бағытта да, материалистік бағытта да дамытқан фило-софтар болды. Сөйтіп Шығыс философиясы жайында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао данышпаны - Лао-Цзы төнірегінде топталды. Егер ертедегі Үндістанда барлық философиялық ағымдар ведизммен байланысты болса, Қьпайда олар Конфуций төңірегінде қалыптасты. Мәселе болмыс пен биболмыс, олардың мәні және ара қатынасы жайында болды. Үнді философиясында Аспан мен Жерді жұбайлар ретінде қараса, Қытай философиясында, осы пікірді негізге ала отырып. Аспан ерлер рухы, Жер әйел рухы ретінде қарастырылды. Қытай философиясы бойынша түрсіз, түссіз, бейнеленбейтін, ретсіз әлемде екі рух пайда болды: олардың бірі - Аспан, бірі - Жер. Үнді философиясында ерте бастан-ақ болмыс пен биболмыс арасында байланыспен қатар, айырмашылық та бар екені айтылады. Биболмыс - асот - ретсіз космос әлемін бейнелейді. Ең жоғарғы Брахман - бұл мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын болмыс, ешқашан тумаған, өлмейтін құбылыс. Дао - мәнді, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Барлық тіршіліктегі болмыстар биболмыстан жаралған. Сөйтіп, болмыс биболмыстан тарайды. Дао-ның жүрмейтін жері жоқ. Шын данышпан білімді іздемейді, оньі ойлап табады, біледі. Сөйтіп ертедегі Шьгғыс философтары көп нәрсені айтып қана қоймайды, оның себептерін іздейді. Брахман - дүниенің себептері деген Үнді философтарының пікірі де осыған ұқсас. Болмыс пен биболмыс, жекелік пен көпшілік, мәңгілік пен мезгіл, өзгеріс - ойды оятады, дінмен бірге күресте таным дамиды, дейді. Сонымен қатар ертедегі Шығыс филосо-фиясы, мен мәдснистінде көтерілген мәселе-адам проблемасы. . Адамдар мен құдайлар арасында белгілі бір заңдылық немесе байланыс бар деп есептеді олар. Жаратушы шектен тыс күш қана емес, ол сонымен қатар өкпешіл және кекшіл. Толып жатқан садақа, құдайы беру кәдесі содан шыққан. Үнді философиясы бойынша дүние алдымен қарапайым тобыр болған, кейін Веды мифі бойынша мың басты, мың көзді, мың қолды, мың аяқты Перуш пайда болды. Ол алғашқы Рух - ғарыштың өзі. Оның ақылы - Ай, көзі - Күн, ерні-От, өкпесі - Жел жасады. Перуш тек ғарыштың ғана емес, адам қоғамының да негізі. Оның аузынан - абыздар (брахмандар), қолынан - әскер, қабырғасынан - сауда (найша), табанынан - қалған барлық адамдар (шудралар) дүниеге келді. Қытайда бәрі Ганьгудан (алғашқы адам) пайда болды делінеді. Оның демінен - жел, бұлттар, басынан - күн күркіреу, сол көзінен - Күн, оң көзінен - Ай, денесінен - дүниенің төрт бұрышы, қанынан - өзен-су, терінен - жауын, шык, көз жанарынан-найзағай пайда болған. Қытайда осылардың бәрінің негізі Тянь (аспан) деп есептеген. Тянь (Аспан) біздіңше тәңір деген сөзге ұқсас. Философия негізі - Конфуций. Әдет-ғұрып, тәртіп - Ли. Ол болмаса-мемлекет, тәртіп, тазалық, әділеттік жоқ. Мемлекет, бір жағынан, адамдардың еркіндемеуі, екінші жағынан, сол адамдардың еркіндік күресінің тартысы. Қорыта айтқанда, сол Шығыс философиясы көтерген мәселелер кейін дүниеге келген Антик философиясында жан-жақты талдауын тапты.
Ертедегі Қытай философиясындағы басты мектептер
Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII-VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б. ж. с. д. 207ж. -б. д. 220 ж. ) . Зерттеушілер бұл кезеңді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б. ж. с. д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
- Инь жэне Ян мектебі.
- Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
- Моистер мектебі.
- Атаулар мектебі.
- Заңгерлер мектебі.
- Күш пен жол мектебі (дао цзя)
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б. ж. с. д. VII-Л'ІІ ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын. Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен, еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік кебіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі -диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен тіршілік кешеді. Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б. ж. с. д. 551-479 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар-тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таслады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдік ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлүмат аламыз. Онда конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қагидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оиың тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханага айналған.
Қорытынды
Крнфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершіліж мәселелерін бірінші кезекке
қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу •заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді.
«Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», - деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың
«аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген
сыңайлы.
Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамгершілігі тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмег тұтуы (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми ндеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.
Мэн - цзы және Сюнь - Цзы бағытттары
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырып отырған.
Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады. Сюнь-цзы Конфуций ілімінс материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь және ян) . Әлемнің табиги заңдылықтары арқылы өмір суреді, көк тәңірі-әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса, адамдардың мақсат-медделеріне пайдалануға болады. Бақьггты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне гана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамлы ауру қылган Құдай емес; байлық, кедейлікті жаратқан Қүдай, бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндссіп жатыр.
Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелігі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруге құлшыну - адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз маңызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезектс халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз.
Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?
Моистер мектебі
Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б. ж. с. д. 479-391 ж. )
баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады.
Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның
негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық
іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі
нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін
көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидін ізбасарлары
таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген
онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.
Атаулар мектебі
Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мэселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор) .
... жалғасыЗаңгерлер мектебі
Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалғған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.
Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда ол қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй) . Себебі олар І марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған.
Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген.
Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңк заманға ескі киім кигізуге болмайды» дегенге келіп санады. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихн шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімі нұсқауына ерін ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Ши-хуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.
Конфуций іліміне қарсы шыққан тағы да бір атау философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады, Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.
Бұл ілімнің негізін қалаушы б. ж. с. д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ад шын аты Ли Эр. Кене Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналғаа Лао-цзы б. ж. с. д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар.
Күш пен жол мектебі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz