Өлкенің қызыл кітапқа енген жануарлары



Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Өлкенің қызыл кітапқа енген жануарлары

Орындаған: Нұрланова Дария
Қабылдаған: Көкетаева Айнұр

Шымкент қаласы
Сілеусін
Сілеусін - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 - 104, құйрығы 20 - 31 см, салмағы 13 - 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сілеусін-былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдмгі үй мысығының бір туысы. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады.Сілеусін - - сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Оның Қазақстан аумағында 3 түр тармағы (еуропа, алтай және түркістан) кездеседі. Олардың таралу аумағы шағын алқапты қамтиды әрі саны да аз болғандықтан, Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына (2010) тіркелген. Сілеусіннің еуропа түр тармағы - Орталық Қазақстанда, алтай түр тармағы - Оңтүстік Алтай тау сілемдерінде, ал түркістан түр тармағы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс алқаптарындағы тау тізбектерін мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған. Басының пішіні жұмыр, құлақ қалқаны үшбұрышты әрі үшкір. Құлақ қалқанының ұшындағы шоқ қылшықты ұзын шашағы қара түсті болып айқын байқалады. Үстіңгі етті ернінде ірі қылшықты ұзын мұртшалары бар. Жон арқа тұсының түктері қызғылт-қоңырқай, ал құрсақ тұсындағы түктері ақшыл-бозғылт түсті. Сілеусіннің түгі қалың әрі үлпілдеп тұрады. Аяқтары біршама жуан әрі ұзын. Арқа тұсындағы түктерінде қарақошқыл көптеген ұсақ дақтары бар. Құйрығы жуан, оның ұзындығы 20-31 см жұмырланып ұшы шорт кескен бөренедей болып көрінеді. Табандары жалпақ жүрген кезде тырнақтарының ізі жерге түспейді. Тырнақтары мен тістері жақсы дамыған әрі өткір болып келеді. Көзі өте қырағы, есту қабілеті де жақсы дамыған. Жүрген кезде ешбір дыбыс байқалмайды. Ол ағаш басына және жартастарға жылдам өрмелеп шыға алады. Қатты секірген кезде 3,5-4 метр қашықтықты қамтиды. Қорек іздеген кезде тәулігіне 10-15 шақырым жерге бара алады. Сілеусін екі жаста жыныстық жетіледі. Ақпан айының соңында бір айға жуық ұйығады. Буаздық мерзімі 67-74 тәулікке созылып, жылына бір рет 2-3 күшік туады. Күшіктері алғашында соқыр, әлжуаз болады. Екі айдай тек ана сүтімен қоректеніп тез жетіледі де, одан соң өз бетінше қоректене алады. Сілеусін көбіне ағаш тамырларының қуыстарына немесе таса жерлерге жасырынып жататын орын (жатақ) әзірлейді. Жатағының ішіне қураған шөп, қауырсын, жүн қалдықтарын төсеп ыңғайлап алады. Өте сақ жыртқыш аң. Сәл қауіп төнген кезде иіс сезу арқылы бірден байқайды. Терісі қымбат бағаланғандықтан көптеп ауланып, соңғы кезде барлық алқаптарда саны азайып кеткен. ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін сілеусін Қазақстанның орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы таулы ормандарда көптеп кездесіп, үнемі ауланып отырғандығы туралы тарихи деректер сақталған. ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін сілеусін Сыр бойының Қаратау жоталарын да мекендеген. Сілеусіннің терісі бағалы жыртқыш аң екендігі Мағжан Жұмабаевтың, Кенен Әзербаевтың, Қалихан Ысқақовтың, Қабдеш Жұмаділовтың, т.б. шығар-маларынан да кездестіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әртүрлілігі
Орта Азия таулары
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
Қорғалжын қорығы. Қорықты ұйымдастырудағы мақсат
Пәндер