Туризм мамандығы жайлы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Туризм индустриясы кәсіпорындарындағы маркетингтік қызмет

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090200 - «Туризм» мамандығы

МАЗМҰНЫ

Бет

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ: 1р ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5:
КІРІСПЕ: 1. 1 Туризм индустриясының мәні мен түсінігі . . .
5: 7
КІРІСПЕ: 1. 2щТуристік кәсіпорындарындағы маркетингтік қызметінің ерекшеліктері . . .
5: 16
КІРІСПЕ: 1. 3рТуризм индустриясындағы маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуының шетел тәжирибесі . . .
5: 28
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: 2лрҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
5:
КІРІСПЕ: 2. 1jҚазақстан Республикасының туризм индустриясы кәсіпорындағы маркетингтік қызметінің жағдайын талдау . . .
5: 36
КІРІСПЕ: 2. 2«Astana Tour» кәсіпорнындағы маркетингтік қызмет және оның ұйымдастырылуын сипаттау . . .
5: 43
КІРІСПЕ: 2. 3«Astana Tour» кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі мәселелерін бағалау . . .
5: 51
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: 3дрТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
5:
КІРІСПЕ: 3. 1Туризм индустриясы кәсіпорындағы маркетингтік қызметінің тиімділігін арттыру жолдары . . .
5: 58
КІРІСПЕ: 3. 2«Astana Tour» кәсіпорнында маркетингтік қызметті «Мастер Агент Көшбасшы тур» бағдарламасы арқылы дамыту . . .
5: 63
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ.
5: 72
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 74
КІРІСПЕ:
5:

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында мемлекетіміздің қарқынды экономикалық және әлеуметтік үрдісі үшін шикізат бағытынан индустриалды-инновациялық дамуға көшуіміз қажет екендігін айтып өтті. Ол үшін экономика дамуының кластерлік үлгісі таңдап алынды. Жалпы бес - алты басымдылық бағыттың ішінде туристік саланы дамыту көрсетілген [1] .

Ел экономикасының туризм индустриясындағы қызметті ұйымдастыруда маркетингтің әдістері мен тәсілдерін қолдану керектігінде ешкім қарсы дау айта алмайды. Маркетинг нарықта болған үрдістердің барлығын ескеріп отыратын, кәсіпорынның іс- әрекетін басқару және ұйымдастыру жүйесі, өндірісті, жалпы қоғамды дамытушы құрал. Туристік салада маркетингтік технологияларды қолдану оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуына, ол саланы ойдағыдай дамытуға әсерін тигізеді. Осындай өзекті мәселелердің туындау дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап, зерттеу алынды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі- Қазақстанның туризм индустриясын дамуындағы кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін, оның ішінде маркетингтік қызметті дамыту, анықтау өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Қазіргі уақыттағы нарық қатынасындағы кәсіпорын қызметі мемлекеттің шаруашылық жүйесі мен туризм экономикасының маңызды табыс әкелетін құрамдас бөлігіне айналып отыр. Қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатының жақсаруына қол жеткізуге бағытталған. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыру стратегиясы көптеген мәселелерді, соның ішінде кәсіпорын қызметінің қарқынды дамуы аясын маркетингтік қызметтегі проблемаларды шешу жолдарын қарастырады.

Бүгінде дамыған елдердегі жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамын және әлем саудасының 30%-на жуығын қызметтер қалыптастырады. Қазақстандағы реформалау барысында кәсіпорынның қызмет етудің ынталандырушы ролінің артуы, кәсіпорын қызметінің аясын адами капитал, материалды және қаражат ресурстарын тартатын, кәсіпкерлікті дамытатын, жұмыспен қамтуды қарастыруы, жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы, қызметтер аясының функциялануын, маркетингтік жаңаша қызмет арқылы жүзеге асыруда көрініс байқатады. Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері мен серпінінің өзгерістері теориялық, сондай-ақ, тәжірибелік аспектілерде өзекті болып көрінеді. Қызметтер аясындағы экономикалық қатынастардың жаңалануын, жалпы ұдайы өндіріс үрдісіндегі, оның қатысуындағы, шаруашылық механизмнің негізгі бағыттарының қайта құрылуындағы жаңа үрдістерді ұғыну қажеттігі туындайды.

Туризм индустрия кәсіпорындарының маркетингтік тақырыбындағы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Елордамыз Астанадағы ASTANA TOUR кәсіпорны.

Дипломдық жұмыстың зерттеу құралы Қазақстандағы туристік кәсіпорындарының маркетингін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының туристік кәсіпорын қызметінің қазіргі жағдайын зерттей, талдай отырып, отандық фирма нарығының дамуындағы маркетингтік қызметтің ролін анықтап, оның тиімді жолдарын ұсыну. Мақсатты анықтау негізінде келесідей міндеттерді қарастыру қажет:

- Туристік фирма кәсіпорындарының маркетингтік қызметінің тәжірибелік мәні мен ерекшеліктерін қарастыру;

- фирма кәсіпорындарында маркетингті басқару жолдарын қарастыру;

- шел елдердегі туристік фирма кәсіпорындарының маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуын зерттеу;

- ҚР туристік кәсіпорын нарығының даму қарқындылығының жағдайын талдау;

- «Astana Tour» туристік кәсіпорнына сипаттама беру;

- Қазақстандағы туристік кәсіпорындарындағы маркетингтік қызметтің жүргізілу деңгейін бағалау жасалынды.

Қазіргі заман талабына сай маркетингте тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарды өндіріп, оған сәйкес баға орнату және оның мақсатты тұтынушыға қолжетімділігін қамтамасыз ету жеткіліксіз. Туристік фирмалар өз тұтынушыларымен коммуникация жүргізуі тиіс. Коммуникация мазмұнында кездейсоқтық болмауы тиіс. Кері жағдайда, коммуникацияны жүзеге асыруға кеткен шығындар және фирма имиджіне тиетін нұқсан есебінен фирма пайдасы төмендейді.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық зерттелуі ретінде туристік кәсіпорынды қалыптастыруда сараптамалық және статистикалық талдау жүйесін пайдалана отырып, нормативтік-құқықтық актілердің, заңның негізінде жасалған. Зерттеу барысында отандық ғалымдардың еңбектері мен шетел ғалымдарының еңбектері пайдаланылды. Салыстырмалы тәсілдер арқылы туризм индустрия кәсіпорындарының бәсекелестері мен нарықтық ортадағы орындар анықталып, мәселелері бақыланды және оларды шешу жолдары қарастырылды

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәніне тоқталып кетсек, туристік кәсіпорындар қызметіндегі маркетингтік қызметті қарастыра отырып, оны жетілдіру, дамыту және қазіргі таңдағы тәжірибесін тиімді ұсыну жолдары болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм индустриясы кәсіпорындарындағы дамытуды қолайлы жағдай жасап отырған мемлекттік қолдау, түрлі кәсіпкерлік іскер кеңестердің анықтығы, туризм саласындағы қарқынды даму мен туристік қызметке деген сұраныстың жоғарылауыда негіз бола алады. Қарастырылған мәселелер алдағы уақытта пайдалануға мүмкіндік туғызады

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Туризм индустриясының мәні мен түсінігі

Қазіргі уақытта туристік индустрия ұғымының анықтамалары айтарлықтай көп. Алғашқы анықтамалардың бірі 1971 жылы БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясында қалыптасқан болатын және төмендегідей еді «туристік индустрия дегеніміз - саяхаттаушы тұлғаларға арналған тауарлар мен қызметтерді құруға бағытталған өндірістік және өндірістік емес қызмет түрлерінің жиынтығы».

Туристік қызмет бүгінгі күні туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға белсенді қатысатын халық шаруашылығының басқа да көптеген салаларымен байланысты. Осыған орай, заманауи туристік индустрияның шектерін сызу және оны басқа экономика секторларынан жеке қарастыру қиын болып отыр. Мәселен, АҚШ Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, келушілерге қызмет көрсету саласына ел экономикасының 24 саласы тартылған.

Ресейлік ғалымдар В. И. Азардың, В. А. Квартальновтың, В. М. Козыревтің, А. С. Кусковтың, Е. Н. Ильнаның және басқалардың еңбектерінде туристік индустрия демалыс және ойын-сауықтың сан алуан түрлеріне арналған түрлі және күрделі қажеттеліктерді қанағаттандыру функцияларынан тұратын салалар мен бөлімшелер кешенін құрайтын экономикалық жүйе ретінде қарастырылады.

Туристік қызметтің серпінді дамуы бүгінгі күні туризм саласының өзінің арнайы сипаттамалары бар және қоғамдық өндірісті қалыптастыру мен дамуда үлкен үлес қосқан халық шаруашылығының жеке саласы ретінде қарастырылуына алып келді. В. А. Квартальнов өз еңбектерінде заманауи жағдайда туризм индустриясына оң әсерін тигізетін бірқатар факторларды қарастырады:

- алғашқы қажеттіліктерді (тұрғын үй, тамақ және киім) қанағаттандырудан тыс олардың көп бөлігін рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдануға мүмкіндік беретін халық кірістерінің өсуі;

- экологиялық таза ортада дем алуға деген сұранысты белсенді ететін, қалаланған тіршілік таптаурынын ауыстыруды, күнделікті қамқорлық пен тұрмыстық күйзелістен шығуды талап ететін өсіп келе жатқан қалалану және қалалардағы экологиялық жағдайдың нашарлауы;

- адамды мәжбүрлеу арқылы емес, еркін қолдана алатын бос уақыт санының өсуі;

- керемет туристік ресурстарды неғұрлым қол жетімді, ал туристік қызметті - неғұрлым жайлы етуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру құралдарын және инфрақұрылымды дамыту;

- тез өсіп отырған сұрансты қанағаттандырудағы жоғары тиімділігінің арқасында туризм алғашқы позицияларға шыққан халықаралық сауда айырбастарын дамыту;

- жарнаманы дамытып қана қоймай, миллиондаған туристерге тез және ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралдарын, туризмдегі қоғаммен байланыстарды телекоммуникациялық жүйелер мен ақпараттық технологияларды дамыту [2] .

А. С. Кусков және Ю. А. Джаладян атап өткендей, туризм индустриясы осы жағдайда туристік сала ретінде қолданылып отырған халық шаруашылығының түрлі салаларының тауарлары мен қызметтерін өндіру және өткізуден тұрады. Туризм индустриясындағы нарықтық қатынастардың кешенділігі және сан алуандығы туристік те, басқа да қоғамдық өндіріс салаларын дамытудың өзара мультипликативті тиімділігімен негізделеді. Туризм индустриясының ерекшелігі - осы сегменттегі басым бөлігі қызметтердің өндірістік емес түрлерін іске асыратын қоғамдық қатынастардың түрлі салаларындағы тікелей және жанама өзара әрекеттестіктердің сан алуандығы және кешенділігінде.

Туризм индустриясының құрылымы бір қатар шаруашылық ететін субъектілерден тұрады және экономиканың басқа салаларымен үздіксіз байланыста болады. Туризм индустриясының шаруашылық ететін субъектілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- тікелей туристік қызметтерді өндіретін кәсіпорындар (емханалар, шипажайлар, сауықтырғыштар, демалыс орындары, іскери кеңестер және т. б. ) ;

- турөнімдерді жасайтын және өткізетін туроператорлар;

- турөнімдерді жеке сатушылар болып табылатын турагенттер;

- туристер қонатын орындар ұсынатын орналастыру құралдары;

- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (мейрамханалар, барлар, дәмханалар және т. б. )

- туристерді баратын жеріне дейін жеткізуді жүзеге асыратын көліктік ұйымдар;

- туристерге арналған тауарларға маманданған сауда кәсіпорындарындары және сауда фирмалары;

- бос уақыттағы демалыс саласының ұйымдары және объектілері;

- жарнама-ақпараттық туристік мекемелер (жарнама агенттіктері және бюролар, ақпараттық-туристік орталықтар және т. б. ) ;

- мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар (коммерциялық бастамаларда туризммен айналысатын ұлттық, аймақтық, унитарлы немесе акционерлік сипаттағы муниципалды кәсіпорындар) .

Туризм индустриясының экономиканың басқа салаларымен өзара байланысы туристердің қоғамдық тұтынудағы материалдық тауарлардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру және белгілі бір аралас саланың қызмет ету ерекшеліктерінен туындайтын қызметтерді ұсыну түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, агротуризм туристерді кейіннен олардың қажеттіліктерін агроөнімдер негізінде қанағаттандыру үшін ауылды жерлерге тартуды көздейді.

Заманауи туристік индустрия жеке елдің халық шаруашылығы ретінде де, дүниежүзілік шаруашылығы бар ұлттық экономика байланыстары ретінде де жеке элементтер арасындағы түрлі байланыстары бар туризм саласының тармақтарының жиынтығы болып келеді Егер туризм индустриясын халық шаруашылығының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыратын болсақ, онда ол туристік қызметпен байланысты салаларды ғана емес, анық туристік сипаты жоқ шаруашылық субъектілерді қамтиды. Осындай салаларға таралған техникалық қызметі бар жолаушылар көлігін, ауыр және жеңіл машина жасау, жағар май өнеркәсібін, тамақ өнеркәсібін және т. б. жатқызуға болады.

Бұрын айтылып кеткендей, туризм индустриясының барлық салалары бір-бірімен тығыз байланысты және бір туристік қызметке сұраныстың артуы басқа элементтердің дамуына да әсерін тигізеді.

Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасы. Туристік индустрияның ерекшелігі туристік салалардан тұратын техникалық-экономикалық ерекшелік болып табылады, ол барлығының бір салада немесе оның материалдық-техникалық базасының көп бөлігінің бірігу мүмкіндігін шектейді, сондықтан туризм индустриясын туристік салалар қызметтері мен тауарларының нарығы ретінде қарастыруға болады. Туристік сала - нарықтың туристік сегментінде іске асыруға арналған тауарларды немесе қызметтерді өндіретін кәсіпорындардан тұратын қоғамдық өндіріс саласы.

Туризм индустриясының қызмет ету негізінде жалпы және ұйымдастырылған туризмді дамыту іргетасының бірі болып табылатын материалдық-техникалық база жатыр. Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасына туризм саласының (туроператорлар, турагенттер, орналастыру құралдары, шипажай мекемелері және т. б. ) шаруашылық ететін субъектілері қызметтерін ұсынатын барлық материалдық-техникалық құралдарды жатқызуға болады. Туристік қызмет саласының негізгі субъектілерінің материалдық-техникалық базасынан басқа туризм индустриясы туристік қызметтерді ұсынуға қатысы бар халық шаруашылығының аралас салаларының материалдық-техникалық базасын енгізе алады[3] .

Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасы әртүрлі белгілеріне қарай сыныптала алады. Жалпы сыныптамада үш негізгі белгі бар: ұсынылатын қызмет түрлері, экономикалық элементтер, шаруашылық ететін субъектілер меншігінің түрлері. А. С. Кусков және Ю. А. Джаладян «туристік индустрия табиғи ресурстар базасына сүйенетінін атап өтеді. Бұл базаның табиғатына қол тимеген, дем алушылар үшін аттрактивті болуы керек». Табиғи аумақтар тиісті көлемдерде болуы керек, туристердің аса толып кетуіне жол берілмеу, түрлі қауіптерден (ластану, қандай да бір өсімдіктермен улану, қауіпті аңдар мен жәндіктердің болуы) қорғалуы қажет. Одан бөлек туризм индустриясының материалдық-техникалық базасы су тасқыны, көшкін, құрғақшылық, жер сілкінісі және т. б. табиғи апаттар болмайтын жерлерде орналасуы қажет.

Осылайша, индустрияның материалдық-техникалық базасы шаруашылық субъектілер ие болатын барлық материалдық және техникалық құралдарды ұсынады және соның негізінде туристік қызметтерді ұсыну жүзеге асырылады.

Туристік бизнес туристік индустрияны дамыту негізі ретінде туристік кәсіпорындардың коммерциялық бағытталуы туристік және сервистік бизнестің пайда болуына, сондай-ақ туристік мақсаттағы кәдесыйлар мен тауарларды өндіру бойынша мамандандырылған саланың құрылуына себепші болады. Бұл жағдай туризм және сервисті дербес сервистік-туристік кәсіпорындар кешені ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Осының бәрін өзінің даму қарқындылығының жылдамдығымен таң қалдыратын туристік индустрия ретінде белгілеуге болады. Туризм кәсіпкерліктің бір түрі ретінде туристік ұсыныстарды ұйымдастыру және іске асыруға негізделген, туристердің талаптарын қанағаттандыратын және осылайша оң экономикалық тиімділікке ие болатын коммерциялық қызмет саласы [4] .

Туристік бизнестің ерекшелігі оның экономикаға туристердің сұранысы және тұтыну арқылы әсер етуінде. Туристік тұтыну ерекшелігі тауар тұтынушыға жеткізілмейді, тұтынушы-турист тауарлар және қызметтерді өндіру және тұтыну орнына өзі келеді. Осы тұтыну арқылы туризм елдің немесе жеке аймақтың шаруашылық қызметін ынталандырады. Қонақ үйлердің, тамақтандыру кәсіпорындарының, көліктік кәсіпорындардың, спорт объектілерінің, мәдениет мекемелерінің және т. б. кірісі көбейеді, тұрмыстық, байланыс, автосервис қызметтерін көрсететін кәсіпорындарының сервисінің дамуы ынталандырылады. Кәдесыйларға және жергілікті қолөнершілердің бұйымдарына сұраныс артады, ол белгілі бір аймақтың жарнама мақсаттарына қызмет етеді. Арнайы және жалпы мақсаттағы сауда кәсіпорындарының тауар айналымы артады.

Туристік бизнес туристік кәсіпорындардың салықтары, кедендік жиындар арқылы мемлекеттік бюджетке қомақты түсімдерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көптеген аймақтардың жергілікті бюджетін толықтырады. Г. А. Карповтың «Экономика современного туризма» деген кітабында туризм экономикалық категория ретінде қарастырылады, себебі мемлекет туристерді қабылдай отырып, оған жергілікті қызметтерді сатады, өз азаматтарына жұмыс орындарын құрады, валюта әкелуден өз кірістерін алады.

Көптеген мемлекеттерде туристік бизнес ішкі жалпы өнімді қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансын жандандыруда үлкен роль атқарады. Одан басқа экономиканың көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі сияқты негізгі салаларына әсер етеді, әлеуметтік-экономикалық дамудың шапшаңдатқышы ретінде бой көрсетеді. Оның оң, әрі теріс ықпалы болуы мүмкін. Өз кезегінде, туристік бизнестің дамуына қоршаған ортаның түрлі факторлары әсер етеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

Осылайша, туристік бизнес дегеніміз меншік иесінің немесе оның жеке мүлікке иелік ететін табыс және кіріс немесе әлеуметтік тиімділікті алу мақсатында тур өнімді, қызметті өндіру және өткізу бойынша қаржылай қауіпті өзіне алатын уәкілетті тұлғаларының шаруашылық қызметі. Бұл қызмет түрі көбінесе бизнесті жүзеге асыратын, жаңалық енгізуді іске асыратын, жаңа кәсіпорынға өз өаражатын салатын және өзіне қаіпті жеке қабылдайтын кәсіпкер-адам тұлғасымен тікелей байланысты[5] .

Туристік бизнесті оны экономикалық қызметтің басқа түрлерінен айырықша ету белгілері дербестік, жауапкершілік, бастамалар, қауіп, серпінділік, шешімдерді белсенді іздеу болып табылады.

Кесте 1

Туристік кәсіпкерлік қызметтің оң және теріс әсер ету аспектілері

Оң аспектілері
Теріс аспектілері
Оң аспектілері:

- жұмыс орындарын құру;

- кірістердің көбеюі, ол халықтың өмір сүру деңгейін жақсартады;

- қалалану процессінің тездетілуі, инфрақұрылымды дамыту;

- әлеуметтік және мәдени процесстердің жылдамдатылуы;

- мәдени құндылықтардың жаңғыруы, жергілікті мәдениет ескерткіштерінің қалпына келтірілуі;

- табиғи кешендерді кеңейту;

- аймақ тартымдылығын арттыру.

Теріс аспектілері:

- халықтың түрлі топтары мүдделерінің полярлануы және коммерциялануы;

- біліксіз еңбек үлесінің көбеюі;

- қоғамдық тәртіп нормаларынан ауытқу санының өсуі (маскүнемдік, бұзақылық) ;

- мәдениеттің коммерциялануы;

- нақты туристік бағыт ерекшелігінің жоғалуы;

- жергілікті халық және туристер арасындағы шиеленістер.

Оң аспектілері:

Ескерту - Мәліметтер [5] негізінде құрастырылған

Туристік бизнестің сапалы ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызуға болады:- бизнес өзінің шығу тегі тұрғысынан өзіндік табиғаты бар, оны тасушының маңызды белгілерімен негізделген, өндіруші және сатушы бола алатын нарық (тауар) шаруашылығының құбылысы болып табылады;

-шаруашылық етуші субъектіге толық шаруашылық дербестік берген жағдайда мүмкін болатын табыстың болуы;

- бизнестің имманенттік қасиеті - кәсіпкерлік бәсекелестікті дамытудың жоғарғы деңгейдегі көрінісі болып табылатын шаруашылық ететін субъектілердің мүліктік жауапкершілігі бар туризм экономиксының қызмет етуінінің бәсекелестік-тартыстық тәртібі;

- туристік бизнестің әлеуметтік-экономикалық айқындылығы, ол иесінің жеке еңбегіне, меншік иесінің өндірістік-басқарушылық қызметімен бірге жалдамалы еңбекті қолдануымен негізделеді. Бұл жағдайда меншік иесі, жалдамалы жұмыскер, клиент арасындағы тұлғалық, жеке қатынастар бақыланады, себебі фирма туристік қызметтер нарығындағы белгілі бір ортадағы тұтынушыларға қызмет көрсетуге есептелген;

- өндірістік процесске тікелей бағытталған форманы, жоспарлау мен шешім қабылдаудың бейресми сипатын қабылдаған басқару, себебі меншік иелері өз фирмаларынөздері басқарады;

- нарық субъектісінің тәртібіне байланысты тұрлаусыздық, тұрақсыздық ұзаққа созылмайтын туристік қызметтер нарығына және еркін саудаға бейімделу, себебі ол дамудың басқа да өзекті бағыттарымен ауысып отырады;

- туризмдегі кәсіпкерлікте қауіптердің болмауы ақылға қонбайды, сондықтан оларды басқару және шығындарды ең аз мөлшерге жеткізу қажет. Көптеген жағдайларда қауіп ірі туристік кәсіпорынмен бәсекелестікке түсе отырып, туристік қызметтердің қолданыстағы нарығына кіруге, немесе тур өнімдердің сату көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді;

- қаржыландырудың орталықтандырылмаған көздерін, яғни өз жинағандарын, банктің шектеулі несие қаражаттарын пайдалану, ал ірі бизнес кәсіпкерлері - банк және қор биржасының ресурстарын пайдалануы;

- туристік бизнестің мемлекет қолданатын реттеу формаларына, осы формалар әркетенің шектеріне, экономикалық жағдаят ауытқуларына, саяси жағдайға, заңнамалық өзгерістерге, мемлекеттік қолдаудың жалпы жүйесіне сезімтал келетін туризм экономикасын реттеу бағыттылығына тәуелділігі;

- шағын құрылымдардың ұйымдастырушылық-функционалдық орамдылығы және жұмылғыштығы. Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда туризм саласының шағын бизнес субъектілері сұраныс ауытқуларына неғұрлым серпінді және аз шығындармен жауап береді, сондай-ақ тұтынушылардың жаңа сұраныстарына тез бейімделеді[6] .

Туризм индустриясы дегеніміз бұл яғни туристік рекреацияның материалды-техникалық базаның құрылуы, туристік рекреациялық ресурстарды пайдалану және де игеру, туристік қызметтер мен тауарлардың қолданылуы мен айырбасталуы материалды емес және материалды сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жиынтығы.

Туристік индустрия - тур өнімнің өндірісін, бөлінісін, ауыстырылуы мен қолданылуын, туристік ресурстардың игерілуі мен пайдаланылуын, туризмнің материалдық базасының құрылуын қамтамасыз ететін кәсіпорындардың мекемелердің және материалдық өндіріс пен өндірістік емес сала ұйымдарының жиынтығы.

Туристік индустрия күрделі салааралық халық шаруашылығы кешені бола отырып, төмендегі компоненттерден тұрады:

-туризм ұйымдастырушылары - тур өнімді дайындау, жылжыту және іске асыру бойынша туристік кәсіпорындар (туроператорлар және турагенттіктер) ;

-орналастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар (қонақүйлер, мотелдер, кемпингтер, пансионаттар, демалыс үйлері және т. б. ) ;

-көліктік кәсіпорындар (авто және авиациялық кәсіпорындар, теміржол ведомстволары, теңіз және өзен көліктері кәсіпорындары және т. б. ) ; экскурсия бюросы; -өндірістік туристік кәсіпорындар (туристік кәдесыйларды, қонақ үй жиһазын, туристік жабдықтарды шығару) ;

- сауда кәсіпорындары (туристік құралдар мен кәдесыйларды өткізу дүкендері) ;

- демалыс уақытын және ойын-сауықтар саласы кәсіпорындары (тақырыптық саябақтар, киноконцерт залдары, қызығушылықтар бойынша залдар, ойын автоматтары және т. б. залдар) ;

-көркемөнерпаздар туризмінің мекемелері (туристік, альпинистік, велосипед клубтары) ;

-туризмді басқару органдары (мемлекеттік мекемелер, қоғамдық туристік ұйымдар) ; - оқу, ғылыми және жобалау мекемелері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласындағы мамандарды даярлау
Туризмнің тарихына қысқаша шолу
Түркістан қаласы туризм деңгейін көтере ала ма
Туризмнің даму тарихы жайлы
Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығын басқару
Ұйым қызметкерлерінің функциялары
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
Өндірістік практика есебі ЖШС «Райс – Стар» туристік фирмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz