Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу


Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
Бет
КІРІСПЕ . . .
1 СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАС- ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралардың мәні мен маңызы, алатын орны . . .
- Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырылу ережесі . . .
- Шетел тәжірибесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру ерекшеліктері . . .
2 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстандағы туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізілу жағдайын талау . . .
2. 2 Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің» қызметін талдау . . .
2. 3 Қазақстан Республикасының спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі мәселелер . . .
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3. 1 Қазақстандағы бұқаралық спорттың даму перспективасы . . .
3. 2 Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралырды ұйымдастырудағы жарнаманың орны . . .
3. 3 Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралырды ұйымдастырудағы жарнаманың орны . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5
8
15
24
31
40
48
56
62
70
79
82
КІРІСПЕ
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен болатын. Бағдарлама негізінде мүмкіндіктер мен бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан перспективті салаларға: ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымы қатар туризмін де кіргізген болатын [1] .
Туризм - мемлекетіміздің экономикасында қарқынды, белсенді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Экономиканы дамыту барысында Қазақстан Республикасында экономикалық кластер құрастырылған болатын. Осы кластердің негізгі бөлімдерін құрайты 7 кластердің ішіне туризм кластері де кірген. Дүние жүзі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде туризм жоғары табысты құрайтын салалардың, машина құрастыру мен алтын өндіруден кейінгі 3 орынды алып тұр. Және жұмыс орындары мен ЖІӨ-ді арттыруда, тауар өндіру кәсібінде де белсенділік танытып тұр. Яғни, туризм - қазіргі таңның әлемдік деңгейдегі табысы жоғары бизнестің бірі болып тұр.
Бұқаралық-спорттық іс-шаралар туризм саласында туристер мен спортшыларды, мәдениет және өнер әлемі үшін ең әйгілі оқиғаларды жүзеге асыратын, оған сәйкес туризмнің ерекше түрі болып табылады. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар туризмі салыстырмалы түрде алғанда жас және өте қызықты спорттық туризм бағыты болып отыр. Туристік саяхаттың негізгі мақсаты оқиғаға орайластырылған. Дәстүрлі мерекелермен қатар, планетаның ең әсерлі іс-шараларына қатысуға бірегей турлардың ұсынылуы, бірте-бірте өсіп танымалдылыққа ие болып келеді. Спорт және туризм іс-шарасы - басқа да жеке дара ерекшеліктері және ұмытылмас әсері теңдесі жоқ мерекелік атмосфера болып табылады. Спорт және туризм іс-шарасының басты ерекшелігі - жарқын сәттердің бірегей жиынтығы. Бұл туризм қарқынды перспективалы және өсіп келе жатқан түрі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасында спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ел экономикасында қарқынды даму үстіндегі салалардың қаратында көрініс таппауы болып табылады. Дамыған алдыңғы қатарлы елдерде спорттық-бұқаралық шаралар әсерінен көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Алайда Қазақстан Республикасына спорттық-бұқаралық шаралар мен бұқаралық спорт айтарлықтай дамымаған. Соның салдарынан қарапайым халықтың спортқа қызығушылығының жоқтығы және халық арасында салауатты өмір салтын ұстану шараларының аздығын байқасақ болады. Осы саланың дамымауына келесі мәселелер себепкер болып табылады:
- спорт ғимараттарының жеткіліксіздігі;
- спорттық-бұқаралық шараларың аз өткізілуі;
- спорттық кешендердегі нұсқаушы мамандардың жеткіліксіздігі;
- кәсіби түрде айналысатын спортшыларға жағдайдың жеткілікті түрде жасалмауы;
- халықаралық стандарттарға сай спорт кешенерінің жеткіліксіздігі;
- халықтың қызығушылығын арттыратын шаралардың ұйымдастырылмауы. Сол себептен бұл саланы жаңашаландырып отыру маңызды болып табылады. Және оны жүзеге асыру үшін үнемі зерттеулер мен салыстырулар, жетілдірулерді қажет етіп отырады. Осылайша, менің тақырыбымның өзектілігін көрсетсем болады.
Дипломдық жұмыста спорттық-бұқарылық іс-шаралардың ұйымдастырылуының неориялық негізін аша отырып, Қазақстандағы спорттық-бұқаралық шаралардың жағдайына талдау жасау арқылы мемлекетіміздің экономикасына, денсаулық сақтау саласының дамуына себепкер болатын фактор ретніде рөлі анықталды.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өтуінде, жоспарлануында басқарушы органы ретінде алынып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы депортаменті мысалында талдау жасалынды.
Дипломдық жұмысытың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жағдайын талдау және оны ұйымдастыру барысында ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыстың міндеттері алға қойылады:
- туризмдегі спорттық-бұқаралық іс-шараалары ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздерін оқу;
- Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырылған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жағдайын талдау;
- спорттық-бұқаралық іс-шараларың алатын орны туралы халықтың көзқарасын талау;
- Қазақстан Республикасындағы спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын ұсыну арқылы тиімілігін бағалау.
Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі жалпы ғылыми әдістер қолданылды: талдау және жинақтау, салыстыру, шетелдік тәжірибе, математикалық статистика әдістер, Қазақстан спорт құрама команасының спорттық жетістіктер. Сонымен қатар, теориялық-әдістмелік негізі Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілері, анықтамалық, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, салалық сайттар, Қазақстан құрама командасының жетістіктері мен жүлделі орындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтерін құрайды.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы ұсынылған «My football» жобасы арқылы спорттық шараларға деген халықтын қызығушылығын ояту және сол арқылы отандық, шетелдік туристерді тарту жолдары басым екені анықталды. Сонымен қатар, дайындалған «My football» жобасы арқылы жастар арасында, халықтарды туристтік спорттық-бұқаралық шараларға қатысуға, оны тур ретінде қолдануға және де қолдаушы есебінде турист болып баруға кәсіпорынның қызығушылығын тудыруы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі мәліметтері, талдау материалдары және ұсыныстар экскурсиялық қызмет көрсету саласындағы субъектілерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға қолданылуға ұсынылады. шетел
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері дипломдық жұмыстың құрылымын анықтады. Осыған орай, дипломдық жұмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, 41 суреттен және 7 кестеден тұрады.
1АСПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1АТуристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шаралардың мәні мен маңызы, алатын орны
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға: ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымы қатар туризмін де кіргізген [1] .
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен қатар, туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар, туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т. б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан, демалыстарды ұйымдастыру барысында осындай факторардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалауға болады.
Туристік қызмет көрсету жүйеде әлеуметтік-мәдени, экономикалық, экологиялық және саяси сипатқа ие. Туристік қызметтің осы сипатты белгілері қоғамдық үрдістердің дамуына негіз бола алады (сурет 1) .
Сурет 1. Ел экономикасындағы туристік қызмет аясының орны
Ескерту - Мәліметтер [2] негізінде aвтормен құрастырылған
Спорт дене шынықтырудың ажырамас бөлігі болып табылады және ол адамдардың түрлі физикалық іс-қимылдары кезінде қолданылатын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығын көрсетеді, ол өз кезегінде кез келген тұлғаның қандай да бір спорт түріне бейімділігі мен қабілетін байқатады, сол арқылы болашақ спортшы өз қабілетін түрлі жарыстарға қатысу мен жеке дайындықты күшейту арқылы арттырады.
Осыған орай, спортты тәрбиелік және коммуникативтік бағыттағы іс-шараларды қамтитын, қоғамның мүддесі үшін қызмет ететін әлеуметтік сала деп айтса болады, бірақ тұрақты кәсіп деп айтуға келмейді. Спортқа деген қызығушылық жасөспірім балаларда жиі байқалады, себебі бұл оқу жасындағы балаларға басқа пәндер сияқты міндеттелмеген, сол себепті балалар тек өз қалауларымен түрлі спорттық үйірмелерге жазылып қатысады. Болашақ спортшылар осылайша үлкен спорт әлеміне аяқ басады. Бұл өз кезегінде ішкі спорт туризмі мен сыртқы спорт туризмінің дамуына елеулі үлес қосады.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың маңызы мен алатын орны айтарлықтай екені белгілі, өзіміз білетіндей, дене шынықтыру мен спорт азаматтарды тәрбиелеуде ерекше әлеуметтік маңызға ие және өзара тығыз байланысты, мысалы, жеке тұлғаның психикалық, эстетикалық, моральдық және еңбек қабілетін арттырудағы рөлін айтуға болады.
Бұқаралық-спорт іс-шараларында іс жүзінде көптеген адамның қабілетін дамытатын тұстар бар. Мысалы: танымдық, құндылықты айқындау, байланыс орнату және т. б. Сондықтан дене шынықтыруға адамды баулу барысында олардың санасы мен мінез-құлқын дұрыс жолға қоюға мүмкіндік бар.
Спорттық жаттығулар кезінде қатысушылардың зияткерлік білімінің шыңдалуына да мүмкіндік туады. Бұл қалайша іске асады? Мұнда басты екі байланыс орнатылады, олар: тікелей және жанама. Тікелей байланыс кезінде дене тәрбиесі жаттығушының тікелей интелектуалдық ерекшеліктерінің дамуына үлесін қосады. Себебі спорттық жаттығулар кезінде үздіксіз қозғалыстағы танымдық жағдай орын алатын болғандықтан, қандай да бір тиімді шешім қабылдау үшін ақылдың қажеттілігі туындайды. Тіпті, қарапайым ғана қозғалыс қимылдарын дұрыс іске асыру үшін мынадай сұрақтардың жауабын дұрыс табу керек, мысалы: қимылды қалайша жылдамырақ, нақтырақ жасау керек, жіберген қателіктерді түзеу үшін қандай іс-әрекет жасау керек және т. б. деген сияқты әртүрлі ақыл-ой деңгейіндегі әрекеттерді ұтымды пайдалану керек. Бұнымен қоса бақылау, ой елегінен өткізу, шешім қабылдау сияқты операциялар іске асырылады. Осындай дене қимылы мен сананың қатар жұмыс жасауының арқасында спортшының ойлау қабілеті арта түседі. Ал бұл тек спортта ғана емес, басқа да салаларға пайдасын тигізбек.
Ал жанама байланыс барысында адамның спорттық жаттығуларды жасауы және спортпен айналысуы адамның денсаулығы мен ақыл-ой өрісінің жылдам дамуы мен дұрыс қалыптасуына әсерін тигізетіндігінде. Кез келген адам спортпен кәсіби деңгейде емес, тек денсаулығын сақтау үшін айналысқан жағдайда осы жанама байланыс орын алады.
Назар аудартатын тағы бір жайт, бұқаралық спорттың жаттығушылардың психикалық дамуына тигізер пайдасының көптігінде. Бұл адамдардың бір-біріне, қоғамға, өз-өзіне қатысты әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуына септігін тигізбек. Мұндай қасиет жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызды орынға ие, себебі ол қоғамдық-әлеуметтік моральдік нормаларды қамтиды.
Кез келген спорт түрімен шұғылдану белгілі бір топта, жаттықтырушының басшылығымен өзара түсіндіру барысында үйретіледі. Мұндай қарым-қатынас спортшының немесе жеке тұлғаның моральдық жағынан өзін тәрбиелеуіне және қалыптасуына тікелей әсер етеді. Жаттығудың ең басынан-ақ қатысушылар ұжымдық бірліктің не екенін, топтасып және бірігіп жұмыла жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін түйсінеді. Осындай әрекеттер арқылы адамның ерік-жігері қатая түседі, тәртіпке бағынуды үйренеді және психологиялық тұрғыдағы арнайы нормаларды сақтауды үйренеді.
Спорттық ойындар мен жарыстар арқылы қатысушылар бұқаралық және топтық мінез-құлықты жетілдіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бір ұжымда немесе бір командада ойын көрсететін спортшылар топтық қолдаудың қаншалықты маңызды орын алатындығын санасына сіңіреді, сол арқылы өзінің ұжымдағы функциясы мен міндетінің дұрыс іске асырылуына мән беріп, оларды жауапкершілікпен орындайды. Бұған тағы қоса кететін дүние жаттықтырушының басшылығы арқасында ұжым алдындағы жауапкершілік, психологиялық дайындық, командалық парыз, топтың жетістікке жетуіне ат салысу және т. б. сияқты адами қасиеттер шыңдала түседі.
«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты елбасымыздың Қазақстан халықтарына жолдауында «Денсаулық сақтау бөлімінде»: туризм және спорт министрлігі әкімдерімен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы туралы айтылған болатын. 30% - ға дейін қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керектігін айтқан.
Қоғамдық өндіріс жүйесінде дене шынықтыру мен спорттық-бұқаралық іс-шаралардың рөлі мен орны, осы саланың мамандары өздерінің кәсіби міндеттерін қазіргі заман талабына сай атқару барысында жан-жақты дәлелдеуде. Дене шынықтыру және спортпен айналысудың нәтижесінде қоғамдық өндіріске денсаулығы мықты жетілген мамандар дайындау ең маңызды мемлекеттік іс екендігі оның рөлі мен орнын айқындап келеді.
Бұқаралық-спорт пен спорт көп қырлы және сан түрлі қызметтер көрсету жөніндегі қоғамдық пайдалы қызмет болып табылады. Сонымен қатар, халықтың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын өндіріс пен түрлі қызметтер көрсету, осы көп қырлы қызметті материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және кадрлық сипаттағы бірқатар шарттармен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл республикады дене шынықтыру және спорттық жарыстар мен көріністік іс-шаралар кезінде келушілерге тұрақты қызмет көрсету ұйымдастырылуы тиіс дегенді білдіреді.
Еуропа елдерінде бұқаралық спорт 1966 жылдан бері «спорт барлықтар үшін» еген терминдермен аталатын болған. Бұл термин барлық елдерде толық қолданылмайды. Мысалы: Голландия мен Жапонияда осы бағдарламалар «Тримм» деп аталады. Германияда дәл солай, АҚШ-та «физикалық фитнес әнд спорт» деген атауға ие. Әсіресе Скандинавия елдерінің тәжірибелері көңілге қонады. Швеция мен Норвегия өзендерінің атауымен «спорт барлықтар» үшін бастауын осы елдердің іштерінде ең алғашқылардың бірі болып қолға алған.
Сонымен Швецияда осы қозғалысқа 1960 жылдан бастап үгіт басталды, бірақ «Тримм» бағдарламасы 1965 жылдары қабылыданды. Содан екі жылдан кейін осы «Тримм» бағдарламасы Норвегияда қолданыс таба бастады.
Спорттық бағдарламаларға талдау осы келесі елдердегі мына бағыттарда жүретіні айқындалырып отыр. Олар: дене дайындығының бағыттары, жүрек тамырлар жүйесіндегі әрекеттері жақсарту бағдарламасына байланысты, мысалы Ұлыбритания, Жапония, «Үлкен Спорт барлықтарына» - дене тәрбиесі және спортпен айналысу сабақтары жаппай ұйымдастыру халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларына қатынасу бағдарламалары.
Қазіргі таңда халық шаруашылығының салалық құрылымына дене шынықтыру мен спорт кең мағынада келесі бөліктерден енетін әлеуметтік-экономикалық қызмет саласы ретінде анықталады. Және олар келесідей бөлімдерден құралады (сурет 2) .
Сурет 2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтер
Ескерту - Мәліметтер [3] негізінде aвтормен құрастырылған
Суретте көрсетілгендей дене шынықтыру мен спорт саласында атқарылар қызметтер бірнеше бөліктерге бөлінеді. Және спорт дене тәрбиесінің маңызды да, көп әрекетті құрылым бөлігі болып саналады. Оның құрамы келесі 3 суреттегідей.
Сурет 3. Спорт түрлерін құрайтын құрылымдар
Ескерту - Мәліметтер [3] негізінде aвтормен құрастырылған
Осылайша, спорттық-бұқаралық іс-шаралар және спорт халық шаруашылығының бір саласы ретінде адамның жан-жақты физикалық жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жүйесінен тұрады [3] . Экономикалық жағын ескере отырып, дене шынықтырудың тұжырымдарына сүйене дене жаттығуларымен айналысу, тиісті білімдер мен дағдылануларды меңгеру, сондай-ақ спорттық іс-шаралардың көрермені ретінде қатысу арқылы, адамның денелік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтің ерекше түрі болып табылады.
Спорт өз мәнінде - бұл жарысу әрекеті, спорттық жетістіктерге жетуге арналған іс. Спорттық жетістіктер көптеген жылдар бойғы дайындықпен адамның физикалық және психикалық мүмкіндіктерін барынша көрсететін әрекет болып табылады. Дене тәрбиесі мәдениетінің дамудағы түрі бола, спорт-дене тәрбиесінің арнайы үрдісі, физикалық нәтижелердің негізгі, адам ағзасының қозғалыс әрекеттерінде сақталған мүмкіншіліктерін ашады.
Қоғамға ең қажеттcі жаппай бұқаралық спорт, ол қарапайым халықтың қажеттілігін қанағаттандырады, себебі еңбек әрекеттерімен тұрмысқа керекті қозғалыс дағдыларымен дене дайындығының деңгейін қалыпта ұстау мен жетілдіруге ықпалды басты бағытты ұстайды. Жаппай бұқаралық спортпен әрбір жастағы адамдар айналыса алады: балалық кезден бастап қартайғанға дейін және де адам ағзаларының өзгерісіне ықпал жасаумен тұлғалық жетілуіне екпінді әрететтік қозғалыстың нәтижесінде байқалады. Бұған демалысқа тиімді қолданылатын және де айналысудан қанағаттану алатын спорт түрлері кіреді. Бұл жерде қызығушылықты оятатын спорттық әрекет өзінің мазмұнына қарай әр түрлі болып келеді. Ал бұл спорт түрінің негізгі белгісі болып оның өзіндік толықтығы жатады.
Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі - спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Саламатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бір ден-бір амал екені даусыз. Сондықтан, бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту - төтенше маңызға ие болып отыр. Елдегі жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық, темекі және алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани дамуына қауіп төндіретін факторлар екендігі айтылмаса да белгілі жағдай. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, салауатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.
Енді, осы арада бұқаралық спорт түрінің адам өміріндегі орны, маңызы жөнінде тоқтала кетсек. Себебі, кейінгі кезде, әсіресе, соңғы он жылдықта еліміз адам денсаулығын қорғаудың, күшейтудің, өмір сүру сапасын жоғарылатудың қаншама ғылыми жетістіктеріне қол жеткізді. Соның аса маңыздысы әрі тұтас ел көлемінде жүзеге асыруға мүмкіндігінің ең жоғарысы - бұқаралық спорт екендігі анықталып отыр.
Спорт туризмін дамуы жаңа серпін беру мақсатында елдің танымал туристік маршруттар картасына неғұрлым тартымды спорт объектілерін кіріктіру арқылы, аумақтардың спорттық брендтерін қалыптастыру әсерінен ішкі туризмді дамытуда алар орны ерекше. Жоғары жетістіктер спорты - келешекте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы факторларының біріне айналатын спорт индустриясының дамуын пәрменді ынталандырушы күш. Жоғары жетістіктер спорты Қазақстанның әлемдік аренада ілгерілеуіне, отансүйгіштіктің, елі үшін мақтаныш сезімінің қалыптасуына, азаматтардың бірігуіне де ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz