Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Туристік индустрия кәсіпорындарында

баға қалыптастыру саясаты (кәсіпорын мысалында . . . )

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090200 - «Туризм» мамандығы

МАЗМҰНЫ

Бет

КІРІСПЕ . . . . .
5
КІРІСПЕ . . . . .:
5:
КІРІСПЕ . . . . .: 1 ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
5:
КІРІСПЕ . . . . .: 1. 1 Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастырудың түсінігі, мәні мен мазмұны
5: 8
КІРІСПЕ . . . . .: 1. 2 Туристік кәсіпорындардағы баға қалыптастырудың ерекшеліктері . . .
5: 18
КІРІСПЕ . . . . .: 1. 3 Туристік кәсіпорындағы баға қалыптастырудың шетел тәжірибесі . . .
5: 31
КІРІСПЕ . . . . .:
5:
КІРІСПЕ . . . . .: 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ («ЧУНГА-ЧАНГА» КӘСІПОРНЫ МЫСАЛЫНДА)
5:
КІРІСПЕ . . . . .: 2. 1 Қазақстанның туристік кәсіпорындарында баға қалыптастыру мен баға саясатының жағдайын талдау . . .
5: 41
КІРІСПЕ . . . . .: 2. 2 Туристік кәсіпорындардағы туристік қызметке баға қалыптастырудағы баға саясатының жүзеге асырылудың қазіргі жағдайын саралау . . .
5: 52
КІРІСПЕ . . . . .: 2. 3 «Чунга-чанга» туристік кәсіпорнында туристік өнімдерге баға қалыптастырудың мәселелері . . .
5: 59
КІРІСПЕ . . . . .:
5:
КІРІСПЕ . . . . .: 3 ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ («ЧУНГА-ЧАНГА» КӘСІПОРНЫ МЫСАЛЫНДА)
5:
КІРІСПЕ . . . . .: 3. 1 Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясатының тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу . . .
5: 67
КІРІСПЕ . . . . .: 3. 2 «Чунга-чанга» кәсіпорнында баға қалыптастыру саясатын тиімділігін реттеу жолдары . . .
5: 73
КІРІСПЕ . . . . .:
5:
КІРІСПЕ . . . . .: ҚОРЫТЫНДЫ. . . . .
5: 81
КІРІСПЕ . . . . .:
5:
КІРІСПЕ . . . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
5: 83

КІРІСПЕ

Туризм экономиканың ең негізгі және серпінді салаларының бірі болып саналады. Оның жоғары деңгейде өркендеуі экономиканың әртүрлі секторына белсенді әсер етіп, туристік индустрияны құрайды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - туристік инудстрия кәсіпорындағы баға қалыптастырудың дұрыстылығымен және оның әр элементіне түсіндірме жүргізу маңызды роль атқарумен, соның ішінде мерзімділік, туристке белгілі бір қызмет көрсету кешенімен, сонымен қатар оның белгілі бір стратегия бойынша қызмет көрсетумен негізделеді.

Тауарға немесе қызметке белгілі бір баға қалыптастыру алдағы уақытта сатудан түскен пайданы көздеу болып табыс алады. Баға қалыптастыру кезінде бағаны икемді қалыптастыру өте маңызды, баға тым жоғары немесе төмен болмау қажет.

Бағалар компания мен сатып алушы арасындағы анықталған қарым-қатынас құралы болып табылады және олар арасында белгілі бір көрініс табуына көмектесіп, алдағы уақытта дамуына әсер етуін қалыптастырады.

Олар туристік кәсіпорынның рентабельдігін және табыстылығын, өмір сүру қабілеттігін, сонымен қатар туристік кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын, бәсекелестік кезінде ең мықты қаруы ретінде қолданылады.

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында болуы бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан - 2050» Стратегиясы жеті ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыруды тапсырған болатын. Сол басымдылықтарды ең негізгісі туризм саласын дамытудағы жаңа бағыттың экономикалық саясатын, яғни ішкі туризмді дамыту арқылы пайда табу, туристік қызмет сапасын жоғарылату, сапаға сәйкес баға икемділігі мен сәйкестігін реттеу мен қалыптастыру керек [1] .

Туристік индустрияда турөнімге баға қалыптастыру маңызды роль атқарады. Ол бизнестің ерекшеліктерімен негізделген: мерзімділік, табиғи-климаттық жағдай, бір туристке көрсетілетін қызмет көрсету кешені, спектрдің алуан түрлілігі, топ саны, топтық жас мөлшері және т. б.

Баға қалыптастырудағы дұрыстылық - тура және қосымша элементтерін айқын анықтау. Егер еңбекақы бағаның негізгі тура элементі болып саналса, және ол шығындардың салыстырмалы түрде көп бөлігін алып отырса, онда баға қалыптастыру қиынға соғады. Бұл турфирма штатының жұмыскерлерінің аз ғана болуымен, және олардың бір жұмыс күні ішінде бірнеше функциялар орындаумен түсіндіріледі.

Туристік кәсіпорындағы баға қалыптастырудың ерекшеліктері уақыт өте келе көптеген сыртқы және ішкі факторларына тәуелді болып келеді. Баға қалыптасуына әсер етуші ең басты факторларды атап кетсек, олар: сұраныс, ұсталымдар, бәсекелестік орта, мемлекеттік реттеу, инфляция.

Туристік кәсіпорындағы басқару стратегиялық жоспарлармен, көрсетілетін сапалы қызметтермен, сұраныс пен ұсыныстың аудандық ерекшеліктерімен, халықтың шығын деңгейімен жүзеге асады.

Баға қалыптастыру кезіндегі ескерілетін нәрсе - баға оңтайлығын ескеру қажет, себебі, ол тікелей туристік бизнеске әсерін тигізеді. Бағаның төмендеуі және жоғарлауы кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің өзгеруіне әкеліп соғатынын да ескеруіміз қажет. Баға жоғары болған сайын, сәйкес табыс деңгейі де жоғары болады. Әрбір туристік индустриядағы кәсіпорынның өзінің белігілі бір баға қалыптастыру саясаты болады. Бұл саясат арқылы оның қызмет көрсету деңгейі анықталады.

Баға қалыптастыру саясатын дұрыс жүргізу салдарынан оның қаржылық және экономикалық нәтижелеріне тікелей әсерін тигізеді.

Туризмдегі баға қалыптастыру жағдайын қарастыру үшін туристік кәсіпорын негізіне не кіретінін, және олардың құрылымдық бөліктерін, турпакет құрылымын, турагент және туроператор міндеттерін меңгеруді қажет етеді.

Кәсіпорындардағы мамандардың баға саясатын дұрыс жүргізбеуі салдарынан, кәсіпорын және тұтынушылар зардап шегеді. Мәселен, кәсіпорындар клиенттердің санын көбейту мақсатымен, жеңілдіктер өз шығын есебінен әдеттен жоғары жасалынып, көптеген кәсіпорындар банкроттыққа ұшырап, туристерді елден қайтару мәселесі, сонымен бірге кәсіпорын қызметкерлерінің үлкен шығынға ұшырау жағдайларына алып келеді. Барлық аталғандардың ең басты себебі кәсіпорындардағы баға қалыптастыру және баға саясатын дұрыс жүргізбеу болып табылады.

Бұл дипломдық жұмыс барысында Қазақстандағы туристік кәсіпорындар жағдайын, сонымен қатар олардың баға саясаты жағдайы мен шетелдік елмен салыстыру жұмыстарын жүргіземін.

Зерттеу объектісі - туристік нарықта қызмет жасап отырған «Чунга-чанга» туристік кәсіпорны.

Зерттелініп отырған «Чунга-чанга» туристік агенттігінің қазіргі жағдайы мен оның баға саясатын жүргізілуіне, сонымен қатар турфирма құрылғаннан бастап қазіргі кезде дейін туристер саны мен бағаның өзгеру деңгейі мен себептерін қарастырып, сонымен қатар казіргі таңдағы турфирманың басқа турфирмалардың турпакеттің бағаларын салыстыра отырып, өзекті мәселесін анықтап, бұл мәселені шешу үшін өз ұсынысымды білдіргім келеді.

Зерттеу құралы - туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясатын қарастыру.

Зерттеу мақсаты - туристік индустрия кәсіпорындағы баға саясатына теориялық негіздеме жүргізу мен кәсіпорындағы баға қалыптастыру тәсілдерін қарастырып, тиімді баға стратегиясын ұсыну.

Зерттеу міндеттері мақсатқа сүйене отырып, келесідей міндеттерді қарастырады:

- туристің индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастырудың теориялық аспектілерін қарастыру;

- баға қалыптастыру саясатының ерекшеліктеріне тоқталу;

- туристік кәсіпорындағы баға қалыптастырудың шетел тәжірибесіне сипаттама беру;

- Қазақстанның туристік кәсіпорындарында баға қалыптастыру мен баға саясының жағдайын талдау;

- туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясатының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу;

- «Чунга-чанга» кәсіпорнында баға қалыптастыру саясатын тиімділігін реттеу жолдары.

Әдістемелік зерттелуі «Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты» тақырыбында зерттеу жұмыстрын талдау кезінде жүйелі түрде туристік кәсіпорындардың қызмет көрсету саласын және баға икемділігі мен қалыптастыру, яғни баға саясатының жағдайы қарастырылды. Бұл өз кезегінде әдіснамалық тұрғыда кәсіпорынның жылдық есептері, тенденциялық негіздемелер, туроператор мен турагенттіктің арасындағы баға саясатының жағдайымен сипатталады.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні туристік индустрия кәсіпорнындағы нақты баға қалыптастыру саясатын шешу үшін тиімді баға стратегиясын құрумен негізделеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 36 суреттен, 12 кестеден тұрады.

1 ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастырудың түсінігі, мәні мен мазмұны

Туристік индустриядағы баға қалыптастыру түсінігін қарастыру үшін, алдымен, «туризм индустриясы» деген үлкен ауқымды мағына беретін терминге тоқталу қажет. Туристік индустриядағы туристік кәсіпорындардың коммерциялық бағыттылығы туристік және қызмет көрсету бизнесінің пайда болуына әкеледі, сонымен қатар туристік арнайы тауарлар мен бұйымдарды өндіретін өнеркәсіп салаларын қалыптастыруға әсер етеді.

Бұл туризм мен қызмет көрсетуді туристік қызмет көрсететін турфирмалардың жеке кешен болып айналуына және оның туристік индустрия деген атауға ие болуына мүмкіндік береді.

Туристік индустрия кәсіпорны - қонақ үйлердің, орналастыру орындарының, көліктік қызметтердің, қоғамдық тамақтану мекемелерінің, ойын-сауық орталықтары мен құралдарының іскерлік, танымдық, сауықтыру, спорттық, сонымен қатар басқа сипаттағы объектілердің, туроператорлық пен турагенттік қызметтерді атқаратын ұйымдардың, сонымен қоса экскурсиялық және гид-аудармашы қызметтердің күрделі кешені [2] .

Жалпы «туризм индустриясы» және «туристік индустрия кәсіпорны» терминдері ұқсас және мағыналары бір секілді. Көптеген ғылыми жазбаларда туризмді ғалымдар бұл екі түсінікке алуан түрлі анықтамалар беріп кеткен. «Туризм индустриясы» түсінігін тереңірек қарастырсақ, ол кең мағына беретін және өте көлемді, әрі қиын термин. КСРО заманы кезінде бұл терминге алғаш рет атақты ғалымдар мынадай анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған, қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы» деп айтып кеткен. Туризм саласындағы ғалымдардың айтуы бойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық жағдайын анықтайды деп санаған.

«Туризм индустриясы» - туризмдегі таза экономикалық деңгей деп есептеуге болады. Аттары әлемге әйгілі туризм саласын күш сіңірген ғалымдар И. В. Зорин, В. А. Квартальнов туризм индустриясының шаруашылық құрылымын жеке түйіні деп анықтады, сонымен қатар кешендік бөлімдер мен салалардан құрылған экономикалық жүйе, онымен қоса олардың функциялары демалу пен көңіл көтерудің барлық түрлеріне қиын және әр түрлі сұраныстар негізінде қанағаттандырумен шектелетінін айтып кеткен.

«Туризм индустриясының» күрделі экономикалық мағынасы бар. Жалпы индустрия түсінігі күрделі өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (латын тілінен «industria» - қызмет) . «Туризм индустриясы кәсіпорнын» экономикалық жағынан қарастыру бұл саланың көлемдігі мен тиімділігіне төмен капиталдың сыйымдылығы және құрылған қаржының жылдам өтелуіне байланысты болып келеді.

«Туризм индустрия кәсіпорынның» төмендегідей ерекше қасиеттері бар:

- туристік ұйымдардың ресурстарға байланысты орналастырылуы;

- өндіріс маусымдылығы және циклдік мінезі;

- әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымға үлкен көлемде инвестиция міндеттілігі.

Туристік кәсіпорынды ашып қарастыру үшін және қасиеттерін дұрыс түсіну үшін туризм индустриясының оң және теріс жақтарын төмендегі кесте бойынша қарастырайық (кесте 1) .

Кесте 1

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары

Оң жақтары
Теріс жақтары
Оң жақтары: ЖІӨ құрылымындағы туризм индустриясынан түскен табыстың өсуі
Теріс жақтары: ЖІӨ құрамындағы табысты иррационалды түрде үлестіру
Оң жақтары: әлеуметтік инфрақұрылымның аудандарда дамуы
Теріс жақтары: өндіріс инфрақұрылымның белгілі бір салаларының тоқырауы
Оң жақтары: жұмыс істейтіндердің туризм сферасында өсуі
Теріс жақтары: туризм индустриясына бөлек экономика салалардың экономикалық бағыныштығы
Оң жақтары: экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктердің артуы
Теріс жақтары: туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлар азаюы
Оң жақтары: белгілі бір ауданның ғылым және білім потенциялдарының өсуі
Теріс жақтары: игерілмеген табиғи территорияларға антропогендік әсер өсуі
Оң жақтары: агломерацияға антропогенді әсердің азаюы
Теріс жақтары:
Оң жақтары: инвестициялық бағдарламаның кенет өтелуі
Теріс жақтары:
Оң жақтары: Ескерту - Мәліметтер [3] негізінде алынып, автормен құрастырылған

Осы кестедегі аталып кеткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты болмайды, себебі олар ұлттық экономиканың жаңа секторларының тұрақталуына байланысты өзгертулер жүргізіліп және толықтырулар жасалады. Қарастырып отырған туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның туризм экономикасындағы және қоғамдағы маңызды орнын айқындайтын факторларының бірі болып табылады [3] .

Туристік индустрия ауқымды материалдық-техникалық базасы бар, халықтың көп бөлігін жұмыспен қамтамасыз ететін және халық шаруашылығы салаларының басым бөлігімен өзара қарым-қатынасқа түсетін кешен болып табылады.

Туристік индустрия кең мағынасын қарастырсақ, халық шаруашылығы кешені ретінде түсіндірме беруге болады, яғни оған тармақталған техникалық қызметтер желісімен қоса жолаушылар тасымалы (әуе, су, автокөлік, темір жол) ; әртүрлі арнайы турфирмалар және туризм саласындағы «екінші орындағы» фирмалар (машина жасау, отын өнеркәсібі, капитал және жол құрылысы, кәдесый, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының көптеген салалары және т. с. с), сондай-ақ турист пайдаланатын қызметтер кең сферасы жатады.

Бұл қызметтерге кіретіндер:

- туристерді орналастыру бойынша (қонақ үй, мотельдер, кемпингтер, мотельдер, ботельдер, пансионаттар, санаториилер, туристік базалар) ;

- туристерді тамақтандыру қызметі (мейрамханалар, асханалар, кафелер, дәмханалар, кафетериилер, барлар және т. б) ;

- жолаушы тасымалдайтын әртүрлі көлік түрлерімен баратын елдерге және басқа да елдер бойынша қозғалыс құралдары (поезд, круиздік кемелер, теңіз, өзен және авиачартерлік рейстер, автобус және т. б) . Сонымен бірге көлік жүйесінің дамуы және арнайы туристік көліктің пайда болуы туристердің шетелге саяхатын шығындар бойынша да, уақыт бойынша да біршама қолжетімді жасады. Көлік құралдарын таңдау баратын елдің географиялық жағдайына, шыққан елдің алыстығына және сондай-ақ туристердің әлеуметтік дәрежесі мен табыс деңгейіне тәуелді;

- жарнама әлеуметтік ақпараттың, яғни адамдар арасындағы байланыс құралдарының бір түрі болып саналады. Бұл ақпарат белсенді жаңашылдық элементін бірге алып жүреді. Туризмде жарнама үлкен роль атқарады, себебі ол туристік өнім сұранысының сипаты мен көлеміне үздіксіз әсерін тигізеді. Жарнама белгілі-бір аймақтың туристік ресурстары және халықтың туристік ұсыныс туралы ақпараттану деңгейін анықтайды. Туристік ресурстар - туристің физикалық және рухани күштерінің қалпына келуіне әсер ететін, оның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын табиғи, әлеуметтік-мәдени, тарихи және басқа да нысандар;

- туристік агенттердің сату қызметтері (саяхат маршруттарын жасау, көлікке және қонақ үй нөмірлеріне тапсырыс беру, жер шарының аудандарының туристік ресурстары, орналасу орындары, кедендік және шекаралық құжаттамалар және елдердің валюта бағамы туралы мәліметтер беру және т. б ), саяхаттар бюросы, экскурсиялық бюро (гид-аудармашы, экскурсовод, және т. б) ;

- тұтынушылардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша (театр, кино, концерттік зал, мұражай, көрме, сурет галереясы, парк, аттракцион, табиғи және тарихи қорықтар; тарих және мәдениет ескерткіштерін көру; фестивальдарға, спорттық жарыстарға және басқа шараларға бару) ;

- туристердің іскерлік және ғылыми мүдделерін қанағаттандыру бойынша (конгресстерге, ассамблеяларға, конференцияларға, жиналыстарға, семинарларға, жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысу) ;

- жалпы және арнайы мақсаттағы сауда турфирмалары (кәдесыйлар, сыйлықтар т. б сату) ;

- бақылау-әкімшілік органдар (шекаралық, валюталық, каратиндік, полицийлік қызметтер, сондай-ақ, төлқұжат, виза т. б. құжаттамалар бойынша қызметтер көрсететін органдар) ;

- табиғат, мәдени және тарихи мұралардың қызметтері;

- ақпараттық қызметтер;

- ақпарат құралдары (журналдар, газеттер және т. б) ;

- мемлекеттік туристік органдар (комитеттер, департаменттер және т. с. с) ;

- туристік бірлестіктер.

Экономикалық тұрғыдан алғанда туристік индустрия материалдық-техникалық базалары, шикізат пен жұмысшы күшін біріктіретін тұтас өндірістік-мүліктік кешен болып саналады [4] .

Қазақстанның туристік индустрия кәсіпорынның дамуы халық жағдайының жоғарлау нәтижесі болып табылады. Индустрияның дамуы туристік бизнестегі кәсіпкерлердің де үлесі бірталай. Бұл мамандар үшін туристік бизнестегі тартымдылықтың себептері бар (сурет 1) .

Сурет 1. Кәсіпкерлер үшін турбизнес тартымдылығы

Ескерту - Мәліметтер [5] негізінде автормен құрастырылған

Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанда демалуды жайлықпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін туристік қызметтерді атқаратын туристік кәсіпорындар желісі даму үстінде. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі ретінде қызметтің экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру, әлеуметтік негіздері «ҚР Туристік қызметі туралы» Заңында айқындалған. Осы заңға сәйкесінше туристік қызмет - турагенттік және турфирмалық болып бөлінеді.

Туроператорлық қызмет - өзінің туристік өнімдерін қалыптастырумен қатар, дамыту және туристік агенттермен туристерге сатуға лицензиясы бар заңды тұлғалар қызметі.

Турагенттік қызмет - туроператорлармен қалыптасқан туристік өнімді дамыту және сату бойынша осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі. Олардың арасындағы басты айырмашылық - туроператорлардың туристік өнімді дамыту мен сату қызметінен басқа, осы өнімге баға қалыптастыру болып табылады.

Туристік өнімге баға қалыптастыру -шетелдік әріптестерді, қонақ үйлерді және экскурсияларды таңдау, әуекомпаниялармен келіссөздер, көрмелердегі жұмыстар, қонақ үйлермен әуерейстерге сақтап қою орындарының нақты санын есептеу, журналдарды шығару, агенттіктерді іздетіру және таңдау кешендерін бір турөнім ретінде біріктіре отырып, бағасын белгілеу болып табылады.

Туроператор визаларды рәсімдеу, ұшу, трансфер, қонақ үй, сақтандыру, экскурсия ұйымдастырумен айналысып, турөнімді жинайды, оны нарыққа шығарады және турагенттерге немесе тұтынушыларға тікелей өткізеді. Ал турагент - тупоператор мен тұтынушы арасындағы делдал болып табылады [5] .

Туризм индустриясы үш басты қасиеттерімен ерекшеленеді: алдымен, туристік кәсіпорындар орналасуы ресурстарға бағытталады; екіншіден, туристік қызмет көрсетулердің мерзімдік қасиеті; үшіншіден инфрақұрылымның даму деңгейіне қойылған жоғарғы дәрежедегі талаптар болып табылады. Туризм индустриясының мекемелері мен кәсіпорындары шартты түрде үш топқа бөліп қарастырамыз. Оны кестеден көруімізге болады (кесте 2) .

Кесте 2

Туризм индустриясындағы кәсіпорындарының топталуы

1 топ
2 топ
3 топ
1 топ: Демалу орындары мен маршруттаағы туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (қонақ үйлер, туристік-экскурсиялық тасымалдауға арналған арнайы көлік; туристерді сауықтыру, турбазалар, санаторийлер, кемпингтер; экскурсия және саяхат бюролары; емдеу қызметтерімен, сонымен бірге сыйақылар және басқа туристік тауарлармен қамтамасыз ететін демалыс орындары және туристік орталықтары
2 топ: Демалу орнында туристерге және жергілікті тұрғындарға мәдени-танымдық, тұрмыстық, сауда қызметін көрсететін кәсіпорындар (қонақ үйлер, жолаушылардың көлігі, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар және т. б. )
3 топ: Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасын құру және пайдалануды қамтамасыз ететін кәсіпорын мекемелері мен оларға еңбек құралдары, сонымен қатар шикізат, жабдықтауды жеткізетін кәсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарды әзірлейтін мекемелер.
1 топ: Ескерту - Мәліметтер [6] негізінде алынып, автормен құрастырылған

Сонымен, «Туризм индустриясы - бұл функциясы бос уақыттағы демалу және көңіл көтеру түрлеріне деген әртүрлі және үнемі дамып келе жатқан сұраныстарды қанағаттандыру болып саналатын салалар мен кәсіпорындар тобынан құрылатын үлкен жеке шаруашылық кешені». Туризм индустриясы құрылымы жағынан туризмнің өзіндік жүйесінен және туристерге қызмет көрсетуге үлесі бар және халық шаруашылығының басқа салаларынан (қызмет көрсету саласы, өнеркәсіп және т. б. ) құралады.

Туризм индустрия кәсіпорынның жүйесіне келесідей мамандандырылған кәсіпорындар кіреді:

-түнеу қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар (қонақ үйлер, санаторийлер, туристік базалар, кемпингтер, мотельдер және т. б) ;

-тамақтандыру қызметін ұсынатын кәсіпорындар (мейрамханалар, кафелер, асханалар, барлар, аспаздық кәсіпорындар және т. б. ) ;

- көлік қызметін атқаратын кәсіпорындар (авто-, әуе кәсіпорындары, темір жол, теңіз және өзен флоты кәсіпорындары және т. б. ) ;

- туристік өнімді дайындау және өткізу кәсіпорындары (туристік бюро, экскурсиялық бюросы, туристік фирмалар, туристік агенттіктер, жолдама сату бюролары) ;

- жарнамалық-ақпараттық қызмет атқаратын туристік кәсіпорындар (жарнама агенттіктері, жарнамалық бюро, ақпараттық агенттіктер) ;

- өндірістік туристік кәсіпорындары (туристік кәдесыйлар фабрикалары, туристік құрал-жабдықтардың өндірісі, туристік жиһаздар жасайтын фабрикалар және т. б. ) ;

- сауда-саттықкәсіпорындары (туристік жабдықтар дүкендері, туристік кәдесыйлар дүкендері, жалға алу пункттері және т. б) ;

- туризмдегі көңіл көтеру орталықтары (киноконцерт залдары, клубтар, ойын-сауық автоматтары залдары және т. б. ) ;

- өзіндік туризм кәсіпорындары (туристік клубтар, туристік альпинистік клубтар, туристік вело клубтары, су туризмі клубтары және т. б. ) ;

- туристік басқару органдары (туристік басқармалары, комитеттері мен департаменттері, туристік қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер және т. б. ) ;

- туристік оқу орындары (арнайы жоғары және орта туристік оқу орындары, біліктілікті жоғарлату мен қайта даярлау институттары және т. б. ) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм индустрия құрылымы
Туризм мамандығы жайлы
ТУРИСТІК САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫНДА САТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
Фронт офис қызметкерлерінің фукнциялары
Туристік мемлекеттік реттеу
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Dostyk қонақ үйінде сапаны басқару жүйесінің экономикалық тиімділігін бағалау
Туристік өнім
Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz