Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов



Мазмұны

Кіріспе

І.тарау. Қазақ әдебиеті және З. Ахметов
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
1.2. З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы

ІІ. тарау. З. Ахметов және Абайтану ғылымы

2.1. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.
2.2. З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады.
Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады.
Зерттеудің өзектілігі.
Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық:
1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері,
2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі,
3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы,
4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
-Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге түсіру;
-Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс - тәсілдер пайдаланылды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
І-тарау. Қазақ әдебиеті және З. Ахметов
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
1.2. З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы

ІІ- тарау. З. Ахметов және Абайтану ғылымы

2.1. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.
2.2. З. Ахметовтің Абайтану ғылымы саласындағы еңбектері
III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін
қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі
өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын,
жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең
ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми
жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады.
Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және
оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті
еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады.
Зерттеудің өзектілігі.
Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына
қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында
мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару.
Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық:
1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері,
2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі,
3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы,
4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
-Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге
түсіру;
-Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану
ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс - тәсілдер
пайдаланылды.

І-тарау. Қазақ әдебиеті және З. Ахметов
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып, жан-жақты
дамуындағы негізгі кезеңдердің бірі-кеңес дәуірі екендігі анық. Сол
кезеңдегі билік басында отырғандар зерттеушілердің назарын осы дәуірдегі
әдебиеттің жандануына бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның
артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға
бағыттады. Шындығында да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет
жанрларының тууы мен баюында, әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында,
ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде
бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби
сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған
тұңғыш еңбек -Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі 1949 жылы жарық
көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді
деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан
жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тіліндс басылды. Мәскеуде 1960
жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу
кейін Қазақ әдебиетінің тарихының үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар)
күйінде жарық көрді (1967)[1].
1954 жылы қыркүйекте Қазақстан Жазушылары өздерінің үшінші съезін
өткізді. Онда 1939-1954 жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі,
көркемдік табысы мен кемшіліктері талқыланды. Съезден кейін 1955 жылдың
қаңтарында бастап соғыс кезінде тоқтап қалған Қазақ әдебиеті газеті
қайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл
съез де, одан кейін (1954 желтоқсан) өткен. Одақ жазушыларының екінші съезі
де пайдалы ықпал жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жету
әдебиеттегі түр мен стиль мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді.
Отызыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінің қарқынды басталысы бұл
кезде бірсыпыра идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын
ұстаған аға таланттар ұрпағы қалыптасты. Осылардың творчестволық ізденісі
арқасында қырқыншы жылдардың екінші жартысында-ақ ұлттық әдебиетіміз үлкен-
үлкен шығармалар туғызды.
Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұны және оның
қайнар көзін ашуда Қазақ солдаты романының орны үлкен. Онда жаңа заман
батырының тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген.
Осыларға жалғас қазақ әдебиетінде жаңа романдар легі дүниеге келді.
Ә.Нүрпейісовтің Күрляндия (кейін Күткен күн болып өзгерілген - 1950)
романы бұрын өдебиетте көрінбеген жас жазушының эпиктік талантын
мойындатты. Оның кең тынысты романы өмір шындығын қамтуы мен шеберлігі
жағынан ұнамды бағаланды.
Елуінші жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбына
арналған жаңа романдар жарық көрді. Ғ.Мұстафиннің Қарағанды (1952),
Ғ.Мүсіреповтің Оянған өлке (1953), Ә.Сәрсенбаевтың Толқында туғандар
(1953) романдары қазақ даласында өндіріс орындарының пайда бола бастауынан
бергі ұзақ процестің, қазақ жұмысшыларының туып қалыптасуының көркем
шежіресін жасады. Алғашқы екі роман Қарағанды жұмысшыларының бұрынғы және
кейінгі өмірін, азаттық жолындағы күресін суреттейді
Осы дәуірдегі ірі шығармалардың бірі – С.Мұқановтың Өмір мектебі
атты мемуарлық кітабы еді. Отызыншы жылдардан басталған бұл шығарманың екі
кітабы 1953 жылы жарық көрді. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы феодалдық
–патриархалдық тіршілігін кең суреттеп, оның бойында оянып келе жатқан
прогресс ұғымын нанымды бейнелеуде бұл роман да дәуірлік қызмет атқырды.
Жастар өміріне арналған С.Шаймерденовтің Инеш (1953) романы,
М.Иманжановтың Алғашқы айлар (1950), З.Қабдоловтың Өмір ұшқыны (1955)
повестері де осы жылдар жарық көрді.
Бұл жылдарлағы қазақ повестерінің қатарын С.Бакбергеновтың Талғат
(1950), Күй (1951). Қ.Жармағамбетовтың Әнші-азамат (1951) атты
шығармалары толықтырды.
Бұл тұста С. Омаров, Б. Момышұлы, С. Шаймерденов, Б.Соқпақбаев, тағы
басқалар жаңа әңгімелерімен көріне түсті. Елуінші жылардың басында тың
көтеру науқаны жаңа очерктердің көптеп жазылуына себепкер болды. Қазақ
жазушылары үлкен-кішісіне қарамай, тыңға аттанып, халықтық үлкен іске үн
қосты. М.Әуезовтің Түркістан солай туған, С.Мұқановтың Туған жердің
тыңында атты очерк кітаптары. Ғ.Слановтың М.Иманжановтың, О.Нұршайықовтың
очерктері жарық көрді. Бұлар қазақ прозасының шағын жанрларынында өсу
жолындағы ізденісін танытты.
Қазақ поэзиясы бұл дәуірде өзінің заман талаптарына елгезек қарайтын
әдетімен, соғыстан кейінгі бейбіт еңбек тақырыбын жырлауға белсенді қызмет
етті. Қазақ өлеңі көркемдік салада іздене жүріп, еңбектің қоғамдағы рөлін,
еңбек адамының бейнесін, сол арқылы жаңарып жатқан өмірдің жарқын
суреттерін ашуда бірқатар табыстарға жетті. Қазақ лирикасының да өсіп-
жетілгені –осы тұс. Шағын лирикада қазақ ақындары отан сүйгіш сезімді,
адамның ішкі байлығын, табиғаттың жарқын көріністерін суреттей алуға
көтерілді[2].
Соғыс жылдары танылған Қасым таланты бұл тұста ерекше толысты. Оның
жырларынан адам бойындағы рухани қуат, тегеурінділік, табандылық, қайсарлық
мол көрінеді. Соғыстан қайтқан солдат сезімінің байлығын да, отаншылдық
ойдың толысуы да танылады.
Бейбіт еңбектің өндірістегі қимылын ондағы адамдарды жырлауда
Қ.Бекхожиннің Жезқазған жырлары мен М.Әлімбаевтың Қарағанды жырлары
көрнекті орын алады. Бұл жырлар еңбекті адамға абырой, даңқ әперетін
творчество дәрежесіне көтере жырлаумен, адамды таңдаудағы және суреттеудегі
көркемдік ізденістермен бағалы.
Қазақ жыры шындық сырын кең қамтыған, ойлы, суретті лирикаға молықты.
Махабатты, табиғатты жырлау да бұрышы дәуірлерге қарағанда едәуір дамыды.
Соғыс апатынан жапа шеккен халықтың баянды бейбітшілікті қалауы да жырға
айналды. Қазақ әдебиетіндегі бейбітшілік жырлары Бсйбітшілік даусы
(1951), Бейбітшілік берік қолда (1952), Бейбітшілік жасасын (1953) атгы
жинақтарға бірікті.
Бұл жылдар поэма жанрының да өркен жайған кезеңі болды. Соғыс салған
жараны еске алу, бейбіт еңбекке көшудің проблемалары, қоғамдық өмірдің
жаңалықтары меп жаңа адамның бейнесін жасау қазақ поэмасының тақырыптық
ауқымын кеңейте түсті.
Соғыстан кейінгі дәуірдегі қазақ поэмасының идеялық-көркемдік
ізденістерін байытқан айырықша талант иесі – Хамит Ерғалиев (1916-1997)
еді. Ол алғаш Әке сыры (1947) поэмасымен танылды. Поэма соғыстың
ауыртпалығын көрген солдаттың баласымен сырласу түрінде жазылған.
Тұтастай алғанда бұл дәуір қазақ поэмасының есейтенін танытты. Ол
сюжетті, лирика-публицистикалық поэмалар үлгісінде қатар дамыды. Драмалық
тартысы күшті, өмір шындығын кең суреттеген өлеңді романдар да туды.
Аталған шығармалардың көбі халық өмірінің шындығын көркем бейнелей алуымен,
формалық, бейнелілік сыпаттарымен бұл жанрдың мүмкіндіктері мол екенін
байқатты[3].
Қазақ драматургиясы саласындағы ізденістердің бағыт-бағдары да сол
дәуірдің міндеттерінен туындады. Қоғам мен адам тағдырындағы қайшылықты
күйлерді дәл танып, шығармаға тартыс есебінде пайдалану, сол тартыста жеңіп
шыққан еңбек адамының биік рухын бейнелеу драматургияның негізгі беталысын
белгіледі. Оның үстіне 50-жылдардың бас кезінде "тартыссыздық" теориясының
сыналуы, өмірде тартыстың барлығын мойындау, сол тартыстың әлеуметгік
сипатын тану жолындағы ізденістерге бастады.
Осы дәуірдегі драматургиялық дамуға белсенді үлес қосқан жазушы —
Әбжаппар Әбішев (1907-2000). Әдебиетке отызыншы жылдардың орта тұсында
келіп, проза мен драматургияда қатар жұмыс істеген ол ұлттық драматургияның
кейінгі дамуында көрнекті рөл атқарды. Өзінің ең тәуір пьесаларын ол осы
кезде жазды.
Соғыстан кейінгі дәуірде ауыл шаруашылығын көтеру, ондағы еңбекті
жаңаша ұйымдастыру, бұл жолда ескі әдістерді өзгертіп, шаруашылық
жүргізудің тиімді жолдарын қолда бірқатар пьесаларда көтерілді. Мұның өзі
заманның талап етіп отырған проблемасы еді. Соғыс салған жараны тез жазу,
халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін заман жаңа амалдарды керек етті.
Әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу ғылымы үшін бұл дәуір аса бір қиын,
әрі күрделі кезең болды. Партияның идеология саласындағы қаулылары,
космонополитизмге қарсы күрес ең алдымен әдебиет пен өнердегі
бұрмалаушылықтардың бәрін сын мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетіндегі
ұлтшылдықты әшкерелемей отырған да сын мен ғылым боп шықты.
Бұл дәуірде туған күрделі еңбектер қатарында Қазак әдебиеті тарихы
(1 том.1948. М.Әуезовтің баскаруымен) мен Қазақ совет әдебиеті тарихынын
очеркі (1949. Қ.Жұмалиевтің басқаруымен), Совет дәуіріндегі қазақ халық
поэзиясының очерктері (1955 Н.С.Смирнованың басшылығымен) атты ұжымдық
зерттеулерді атауға болады. Жеке ақындар творчествосы туралы зерттеулер туа
бастады. Қ.Жұмалиевтің Махамбет (1948), Абайға дейінгі қазақ поэзиясы
және Абай поэзиясының тілі (1950). Б.Кенжебаевтың Сұлтаимахмұттың
ақындығы (1949), З.Кедринаиын Мұхтар Әуезов (1951), Т.Нұртазиннің Сәбит
Мұқанов творчествосы туралы (1950) атты монографиялары жарық көрді. 1954
жылы Абайдың қайтыс болуының 50 жылдығы аталып өтті. Мерейтой тұсында
М.Әуезовтің, Б.Кенжебаевтың, Қ.Жұмалиевтің, Е.Ысмайыловтың,
Қ.Мұхаметхановгың, 3.Ахметовтің жана мақалалары жарық көрді. Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл, Иса Байзақов шығармашылығы іріктеле
бастады. Күнделікті өдеби сынға Т.Нұртазин, К.Жармағамбетов, С.Сеитов,
С.Төлешев, т.б. белсенді араласты. Бұл еңбектерді бағалауда артық-кем
қателіктер орын алғаны жоғарыда айтылды. Соған қарамастан бұлар қаралып
отырған әдебиет сыны меп зерттеу саласындағы байсалды еңбектердің қатарын
толтырғаны даусыз.
Соғыстап кейінгі дәуірдің әдебиеті осындай қиыншылықтарға қарамастан,
барлық жанрда ізденіп, кемелденуге аяқ басқан әдебиет болғаны бүгін дау
тудырмайды. Қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары бүгінгі заман мен
тарихи тақырыпты қатар жырлауда едәуір табыстарға жетті. Олар одақтық
оқырмандар талғамына толып, шетелге танымал бола бастады. Бұл салада аға
буын ақын-жазушылардың таланты мен тәжірибесі жетекшілік рол атқарды.
Оларға ерген ұрпақ та байсалды ізденіс танытты. Мұның бәрі қазақ
әдебиетінің әлемдік даңқын көтерген жаңа әдебиетті жасаудың алгашқы адымы
болатын.
Қазақ әдебиетінің дамуының бір кезеңі бұл- жаңғыру кезіндегі қазақ
әдебиеті кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктермен
ерекшеленеді. Әдебиет дамуы жайындағы кейбір жалған теориялар, оның ішінде
тартыссыздық, уақыт дистанцясы, шындықтың сыртын жылтыратып бейнелеу
сияқты ұғымдар сынға ұшырады. Жазушылардың өмірмен байланысын арттыру
мәселесі көтерілді, творчестволық ынталылыққа жол ашылып, қаламгерге деген
сенімсіздік азайды. Мұның өзі өмір талаптарынан туындаған дүниелер болатын.
Оның бірталай белгілері өмір мен әдебиетте 50-жылдардың бас кезінде-ақ
белгі берді[4].
1958 жылғы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мсн өнерінің онкүндігі, осы
дәуір ішінде өткен Қазақстан жазушыларының IV (1959) және V (1966) съездері
республикадағы әдебиет дамуының мәселелерін талқылап, оның жаңа міндеттерін
бслгіледі Қазақстан жазушыларының қатары білімді, дарынды жастармен
толықты, 1959 жылы оның қатарында 158 адам болса, 1966 жылгы съезд
қарсаңында олардың саны 242-ге жетті. Жас таланттар қазақ әдебиетінің ауыр
жүгін арқалап келген аға буын өкілдерімен ытымақтаса, бірлесе, әдебиеттің
жаңа міндеттерін шешуге қатысты.
Бұл дәуірдегі әдеби қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі
жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы деуге болады. Бұл осы
дәуірдс туған прозалық шығармаларда айрықша танылды. Өмірді күнгей жағынан
ғана алып, боямалап көрсету фактілер сынға ұшыраганнан кейін қазақ
жазушылары бүгінгі заман шындығындағы қайшылықты құбылыстарды көріп
зерттеуге, көркем бейнелеуге ұмтылды. Ел тарихындағы маңызды тарихи
оқиғаларды суреттеуге ойысгы.
Бұл саладағы жаңаша ізденістің бір үлгісін Мұхтар Әуезов көрсетті. Ол
Өскен өркен (1962) романы арқылы бүгінгі күн тақырыбын игеруде өзгеше
ізденіс танытты. Әдебиетте өз замандастарының бейнесін эпикалық түрде
бейнелеуді ойлаған жазушы өмірінің соңғы кезінде республиканы көп аралап,
еңбек адамдарымен танысып, өмір сырына ой жібере қарады. Сонымен байланысты
моральдық-этикалық, ұлттық дәстүрлер мен олардың жаңаруы, салт-санадағы
ескі ұғымдар мен өзгерістер, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері тәрізді
көптеген проблемаларды қозғады. Осы негізде Қазақстанды мекендейтін
халықтардың бүгінгі қарым-қатынастарына үңілді. Өмір шындығып әрқашан қат-
қабатымен көтеріп үйренген жазушы бүгінгі тіршіліктін де күнгей жағын ғана
қозғамай, дамуға бөгет болып отырған қиындықтар мен қайшылықтерды
шыншылдықпен ашады.
Мал шаруашылығын өркендету шараларын проблемалық тұрғыда көтере
отырып, ондағы адам тағдырының әрқилы өзгешеліктеріне көңіл бөлу
Т.Әлімкұловтың Ақ боз ат (1962) романында да байқалады. Мұнда қазақтың
қанына сіңген жылқы кұмарлық, жүйрік ат баптау, бәйгеге қосу, сонымен бірге
сауықшылдықты қызық көрген елдің дәстүрлі кәсібі мен өнері кең бейнелі
сурет табады.
Бұл жылдардағы ауыл еңбеккерлері жайлы романдарды Қазақстанда тың
көтерумен байланысты туған жаңа туындылар толықтырды. Бұлардың ішінде
С.Жүнісовтің Жапандағы жалғыз үй, 3.Шашкиннің Сенім романдары көрнекті
орын алады.
Осы жылдары роман жанрында Зейін Шашкин (1912-1966) елеулі қызмет
етті. Әдебиеттік қызметін өлең жазудан бастап, кейін сын-зерттеу саласында
еңбек еткен Зейін 1937 жылы жазықсыз жер аударылып елуінші жылдардың орта
кезіне дейін шығармашылық үзіліске тап болды. Осыдан соң әдебиет өміріне
қайта оралған ол ерекше бір белсенділікпен жұмыс істеп, эпикалық прозада
көптеген шығармалар тудырды. Олардын ішінде Ұядан ұшқанда (1957). Тоқаш
Бокин (1958), Темірқазық (1959), Теміртау (1960). Доктор Дарханов
(1962), Өмір тынысы (1964), Сенім (1956) сияқты романдар мен повестер
бар. Бұларда автор қазақ жеріндегі әлеуметтік өзгерістер мен халық өмірінің
маңызды оқиғаларын көтерді.
Бұл шығармалар әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеу жалаң
тақырып қуалау емес, адамдардың биік сапасын ашу, адамгершілікті сақтау,
бастан кешкен қиындықтарға қарамай, қайткенде адам боп қалу проблемаларымен
байланысты қойылғанын дәлелдейді. Ауыл өмірі, өндіріс тақырыбы
кейіпкерлердің еңбек еткен ортасын, олардың қоғамдық міндетке деген
көзқарасын, қатысын таныту үшін алынады. Ал, адам- қайда болса да адам,
қазақ әдебиеті осы адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылды.
Бұл дәуірдің бірталай тәуір шығармалары қазақ халқы бастан кешкен
тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы
күресі. Жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып
табылады. Бұл салада Ғ.Мұстафиннің Дауылдан кейін (1957), Көз көрген
(1963), С.Мұқановтың Есею жылдары (1963), Х.Есенжановтың Акжайық
(1957—1965), Ә.Нұрпейісовтің Қан мен тер (1961—1970), Ғ.Слановтың Асау
арна (1962) сияқты романдарының атап айтарлық маңызы бар.
Бұл дәуірде тарихи адамдар өмірінен алынып жазылған шығармалар ішінде
Д.Әбілевтің Ақын арманы, Арман жолында (кейін Сұлтанмахмұт деген
атпен трилогия болып басылған) атты романдарының көркемдік табыстары аз
емес.
Бұл дәуірде сонымен қатар Отан соғысы дәуірінің шындығы қайта қаралып,
оның адам тағдырына әсерін ашарлык бірталай тың туындылар жазылды. Оларлың
ең тәуірлері қатарында Т.Ахтановтың Қаһарлы күндер (1956), Б.Момышұлының
Артымызда Москва (1958) сияқты кітаптары бар. Бұл шығармалар жеке адамға
табыну саясатының сыналған кезінде, бұрын сыңаржақ суреттеліп келіген соғыс
шындығын бар болмысымен, қалтарыссыз бейнелеуге бастама болды. Оларда
соғыстың алғашқы кезіндсгі майдангерлердің ауыр өмірі, катты ұрыспен шегіну
оқиғалары суреттелді. Сондай қиыншылык сынынан өткен біздін
отандастарымыздың жеңіске деген сенімі, жауынгерлік бейнесі, оптимизмі
тарихи шындыққа сүйеніп көрсетілген[5].
Аталған дәуірде қазақ прозасының даму тенденциясын осы сияқты көлемді
романдар айкындағанмен, прозанын басқа жанрлары да әдеби процеске өзіндік
үлесін қосты. Прозаның жаңа ізденістерін баянды етуде С.Шаймерденовтің
Мезгіл, С.Омаровтың Күншуақ Н.Ғабдуллиннің Өмір-қымбатсың маған,
О.Таразидің Құйрықты жұлдыз, Ә.Кекілбаевтің Бір шөкім бұлт,
Ш.Мұртазаның Табылған теңіз, Белгісіз солдаттың баласы, Б.Соқпақбаевтың
Менін атым – Қожа, Р.Тоқтаровты Бакыт, Ж.Молдағалиевтің Жаз ерке
Қ.Ысқақовтың Қоңыр күз еді повестерінің елеулі орны бар.
Осы жылдардағы көркем әңгімені дамытуға да осы аталған жас жазушылар
мол қатынасты. Сонымен қатар әңгіменің атақты шебері Ғабит Мұсірепов те бұл
жанрға қайта оралып, біраз әңгімелер жазды.
Елімізде жеке адамға табынушылықты сынаумен байланысты илеологиялық
шектеушілік пен ой-пікірге салынған тұсаудан босау қазақ поэзиясының
қанатын кең жазуына, өмір шындығын бейнелеуде ақындық онды шалқыта еркін
жырлауына жол ашты. Бұрын саясатқа құрылған науқандық өлеңдердің үгіттік
сыпатына көбірек көңіл бөлінсе, енді жалпы адамның рухани тіршілігіне, оның
қуанышы мен қайғысына, сүйіспеншілік сезімдері мен табиғатпен сырластығын
жырлауға мүмкіндік туды. Осындай тұста әдебиетке келген жас ұрпақ тежеу
көрмеген қалпымен еркін араласып, поэзияны, әсіресе, лириканы жаңа сапаға
көтерді. Олардың ішінде Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов, Т.Молдағалиев,
Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Е.Ибрагим, Ш.Мұхамеджанов,
Ж.Нажімеденов, Т.Айбергенов, С.Асанов, О.Абайділданов, т.б. бар еді.
Қазақ лирикасының жаңа ізденісі әлемдік озық поэзия дәстүрімен
байланысты көтеріле түсті. Қазақ ақындары олардан үйренгенімен, ешкімді
қайталамай, өз шындығына лайық дамытты.
Қазақ поэзиясының табыстары ақындарымыздың өмірге өктем араласып,
дәуірдің әлеуметтік-философиялық мұңын ашуында жаңа қадам болды. Онда әр
түрлі стиль мен түр ізденістері тоғысты.
Тартыссыздық теориясының күйреуі, жеке адамға табыну кезінің
таршылығынан босау драматургияның дамуына да қолайлы жағдайлар туғызды.
Драматургия бүгінгі заман тақырыбын жырлауда, ондағы қоғамдық қайшылықтар
мен адам тағдырының драмасын ашуда батыл қадамдар жасады. Бұл әсіресе,
Ш.Хусайыновтың, Ә.Тәжібаевтың, Т.Ахтановтың, Қ.Мұхамеджановтың
пьессаларында анық көрінді.
Осы дәуірде қоғамдық дамуға кірген өзгерістер драматургиядан да
қалыптасқан жүйені бұзып, өмір шындығын әрқилы жағынан батыл бейнелеуді
талап етті.
Қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған жаңа зерттеулер оны тұтас
жинақтап көрсетуге де, ауыз әдебиетінің жанрларын талдауға да, жеке
ақындардың шығармашылығын бағалауға да көңіл бөлді.
Бұл жылдардағы зерттеу еңбектердің, негізгі саласы Кеңестік дәуірдегі
әдебиетке арналды. Партия әдебиет зерттеушілердің назарын осы дәуір
әдебиетіне бұрып, солардың негізіндс Кеңестік заманның артықшылығын, осы
мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында
да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында,
әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен
әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын
алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне
келелі зерттеулер жасалды[6].
Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған
тұңғыш еңбек -Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі 1949 жылы жарық
көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді
деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан
жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тілінде басылды. Мәскеуде 1960
жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу
кейін Қазақ әдебиетінің тарихының үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар)
күйінде жарық көрді (1967).
Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы
азаматтар 60-70-жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде
ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған
еді. Ол үшін М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет
болды. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге
ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың,
М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтің романдары жарық көрді. Кеңестік
бюрократтық жүйенің жұмыс әдістері сыналды. Адамдардың табиғатына осы
жүйенің жетпіс жыл бойында күштеуі мен зорлауының қатты әсер еткені сөз
болды. Мұндай сарындар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерінде, С.Елубаевтың Ақбоз үй,
Мінәжат романдарында, С.Жүнісовтің Аманай мен Заманай повесінде, тағы
басқа соңғы жылдары жазылған шығармаларда көрініс берді.
Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде халықтық поэзияның жаңа сапаға ие бола
дамуы айрықша көзге түсті. Әсіресе халық әдсбистінің өміршең жанры айтыс
өрістеді. Жаңа айтыс ақыңдары шығып, бір кез ұмытыла бастаған бұл өнерді өз
дәрежесіне қайта көтеруге қызмет етті. Жыраулық, жыршылық дәстүр қайта
жаңғырды.
Мұның бәрі қаралып отырған дәуірдан қазақ әдебиетіңде үлкен мән-маңызы
барлығын, оның ұлттық сөз өнерінің тарихын байытуда тарихи қызмет
атқарғанын көрсетеді. Мұның нақты дәлелін жеке жанрлардың өрістеуі
жайындағы шолу мен талдаулар анық байқатады.
Қазақ прозасының бұл кезеңіндегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге
болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрін жалғастырды.
Бұл дәуірде
негізінен тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің
алдына шықты. Халықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу
дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел
басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты.
Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да
коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді. Тарих үлгісін өз
дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының
жедел өсіп, ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап,
көркем талдауда I.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов,
Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев, С.Сматаев, Ш.Мұртаза, 3.Ақышев,
К.Молдағалиев, Д.Досжанов, т.б. жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ
тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-
пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей
байланысты.
Елуінші жылдардың бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты талқылаулар,
көрнекті тарихшылар мен ғалымдардың қуғындалуы әдебиет алдында тарихи
ақырыпты біржола жауып тастағандай еді. Орыс халқымен достықты жазған
жекелеген шығармалар болмаса, қазақ тарихының көптеген күрделі мәселелері
жабық жатты. Әсіресе, Кенесары қозғалысының кертартпа-реакциялық тұрғыдан
бағалануы халық тарихындағы азаттық идеясын көтеруге тыйым болды. Осындай
ұзақ үнсіздікті алдымен, алпысыншы жылдардың аяғында I.Есенберлин бұзды.
Оның ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған Қаһар (1969) романы
әуелде көп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды,
роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған бірінші себеп- қоғамдағы
идеологиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса, екіншіден, жазушының
Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы болды[1,352].
Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын (ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар)
Ә.Кекілбаев жазды. Оның Үркер (1981), Елең-алаң (1984) романдары
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы дәуірдің
күрделі қарым-қатынасын суреттейді.
Қазіргі қазақ романында проблемалық сипат молайғанын ауыл өміріне
арналған шығармалардан көреміз. Өмірде барды тізе бермей, дамудың жаңа
кезеңі күтіп тұрған мәселелерге көңіл аудару, адамды сондай жаңалық үшін
күресте көрсету бұл жанрдың тәуір үлгілеріне тән.
Бұл дәуірдегі қазақ прозасының бір сала жстістіктерін повестің жанрлық
дамуынан да көруге болады. Көркем прозаның көлемді үлгілерінің бірі-повесть
бұл кезде сан жағынан да көп жазылып, бірталай әдеби-эстетикалық жүкті
арқалады, көркем творчествоға еркіндік көзімен қарауға алпысыншы жылдардың
басында басталған бет-бұрыс, алдымен, осы жанрда молырақ көрініп, кейін
жалғасын тапты. Ол бұрынғы жағдай баяндаудан, шұбалаң қылықтан арылып,
жинақтап айтуға, көркемдікке жетіле түсті.
Бұл дәуірдегі қазақ повесінің басым көпшілігі бүгінгі заман
тақырыбына, замандастардың бейнесін жасауға арналған. Олардың да белгілі
тарихи ізі бар. Алыс тарих болмаса да, біз өткен Кеңестік дәуір шындығын
бүгінгі күннің биігінен таразылап көрсетеді. Өмір қандай күрделі жан-жақты
болса, әдебиет ізденістерінің проблемасы да, тақырыптық ауқымы да кең. Бұл
қазақ повестерінің әр алуан түрінен байқалады[3,205].
Қазақ
повестерінің бір алуаны соғыс туралы естеліктерге құрылған. Бұл тақырыптағы
туындылар соғыс кезінің ауыртпалығын басынан кешкен әйелдің (К.Қазыбаевтың
Құпия повесі), алыс ауылда сол кездің қиыншылығына куә болған баланың
(Д.Исабековтің Біз соғысты көрген жоқпыз повесі), еңбек армиясының
қатарында болған азаматтың (О.Бөкеевтің Бөрі де майдан повесі) әңгімелері
түрінде жазылған. Бұлардың бәрі де алыстағы қазақ ауылының жоқшылық пен
аштық жайлаған кейпін шебер суреттеп, аянышты тағдырларды ашады. Бұл
айтылғандар, бір тақырыптағы шығармалардың өзі, өмірдегі сияқты, әрқилы
жолмен дамып, түрліше аяқталып, шешіліп жататынын көрсетеді. Оның бәрі,
түптеп келгенде, өмір шындығын танудың, түсінудің жолдары. Шындықты тану
мен оны көркем бейнелеудің өр түрлі жолдарын іздестіру соңғы жылдардағы
әдеби процестің елеулі ерекшелігі болып табылады. 70-90 жылдар ішінде қазақ
поэзиясы, оның ішінде, қазақ лирикасы адамды тану, оның ой-сезімін, рухани
тіршілігін бейнелеу саласында бірсыпыраға жетті. 60-жылдарда басталған адам
бойындағы сілкіністі суреттеу арқылы лирика да тың сапаларды бойына
сіңіріп, жаңарды, пафосын жетілдіріп, өлең мәдениетін көтерді. Қазақ
лирикасының бұл жылдардағы дамуына Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырзалиев,
Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ж.Нажімеденов, Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина,
Қ.Жұмағалиев, Е.Зікібаев, М.Шаханов, С.Иманасов, К.Салықов, Ш.Сариев,
Т.Есімжанов сияқты ақындар елеулі үлес қосты. Көбі 60 жылдары танылған жас
таланттар аз жылдың ішінде есейіп, поэзияның ауыр жүгін көтерісті. Оларға
ілесе И.Оразбаев, Т.Рахимов, Ж.Жақыпбаев, С.Тұрғынбеков, И.Сапарбаев, Ұ.
Есдәулетов, Е. Раушанов, т.б. жас ақындар тобы шықты. Қазақстан
өміріндегі өзгеріс есебінде қазақ ақындары бұл кезде тың даланы игеру
оқиғаларына көбірек үңілді. Сол негізде халық еңбегін, оның қоғамдық
істерін бейнелеуге ұмтылды. Елімізде егіншілік кәсіпті орнықтыру мен астық
өнімін молайтуда тың игерудің пайдалы болғанын ескерсек, бұл тақырыпты
осылай көтере жырлаудың дәлелді екені түсінікті.
Бұл жылдары бүгінгі еңбек адамының жиынтық бейнесін жасауға арналған
кең көлемді сюжетті эпикалық поэмалар қатары да толықты. Әрине, бұл
дәуірдің ширек ғасырлық мерзімінде баспасөзде жарияланған поэма саны бұл
аталғандардан көбірек. Алайда жұртшылық назарын аударарлық, биік рухани
талапқа жауап берерлік дүние осы аталғандардың ішінде. Жалпы, бұл жылдар
қазақ поэмасының өмірмен байланысының артқанын, көркемдік ізденісте жаңа
қырларын ашып, кемелдене түскенін танытады.
Әдебиеттің басқа жанрлары сияқты, бұл жылдары драматургия да едәуір
өркендеді. Ол өмір шындығын терең тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы адам
бойындағы сыр мен мінезді ашуда, оны өмірдің күрделі құбылыстарымен
байланыстыра көрсетуде бірсыпыра табыстарға жетті. Өмірдегі жаңалықтарды
тану және көркем бейнелеу жаңа кейіпкерлер туғызды. Мұндай жаңашыл
ізденістер, ең алдымен, бұл жанрда қызмет істейтін қаламгерлердің жаңа
буынының таланты мен табысына байланысты. Бұл жылдары драматургияға,
негізінен, жас авторлар келді. Олар өмірді тануда, оны көркем бейнелеуде өз
ұғым-түсінігін жария етті[7]. Сонымен
қатар бұрын біздің драматургияда қалыптасқан классикалық драмадан бой
тарту, жанрдың жеңілдеу үлгілеріне еліктеу де көзге түспей қалмайды. Соңғы
жылдары театр сахналарында режиссердің күшімен қойылған құранды туындылар
көбірек көрсетіліп жүр Бұл дәуір қазақтың әдеби-көркем сыны мен әдебиеттану
ғылымының кең қанат жайып өркендеген мезгілі болды. Оған бастаушы партияның
өзі баскөз болып, көркем әдебиеттің дамуы жолындағы сынның атқарар рөліне
мән бере қарауы да белгілі дәрежеде көмектесті. Сыншы кітаптар көп басыла
бастады. Күнделікті баспасөзде сын еңбектерге көңіл аударылды. Жыл сайын
шығып тұратын Уақыт және қаламгер атты сын еңбектерге көңіл аударылды. Ең
бастысы сын еңбектердің көркемдік-теориялық дәрежесін көтеруге, олардың
әдебиет тәжірибесін жинақтап, халық арасында кең насихаттап отыруына жол
ашылды. Жеке жазушылардың шығармашылық еңбегі, басты шығармалары, әдеби
үрдістің даму бағыты, жанрлардың дамуы, туысқан халықтар әдебиетінің
байланысы, т.б. жайлар әдеби сын тұрғысынан бағңаланды. Аға сыншылар
дәстүрін жалғастырып, бір топ талантты жас сыншылар тобы әдебиетке келді.
Әдеттегідей, бұл жылдарда да біздің әдебиеттік пікіріміздің дамуына қазақ
жазушылары белсене қатысты. Олардың пікірлерінің бағалы жағы -әдебиет
туралы ойларды өз тәжірибесіне сүйене, жазушы лабораториясымен таныстыра
айтуында. Сондықтан жазушылардың әдебиеттік ойлары көбінесе, шеберлік
мәселесін, өмір мен байланысты арттыру жайларын қозғайды. Әдеби сыншылдық
ой-пікірдің баюы оның әдебиеттік зерттеулермен байланысын көтеріп, қазіргі
әдеби процестің ерекшеліктері мен жалпы Кеңестік дәуір әдебиеті тарихының
мәселелерін әдеби-теориялық жағынан жинақтауға көп себін тигізді. Осы
негізде Кеңестік қазақ әдебиетінің дамуы кезеңдерін айқындау, ондағы
жанрлардың есеюі мен табыстарын қорытындылау, жеке жазушылардың
творчестволық жолы мен әдебиеттегі орнын белгілеу мәселелері қолға алынды.
Қазақ әдебиетінің басқа салаларында да бірқатар табысты зерттеулер
жүргізілді. Бұл тұрғыда осы дәуірде мәдени-әдеби мұраны бағалауға, оның
тарихи-танымдык, қоғамдық-ғылыми маңызын түсінуге деген жаңа көзқарастың
қалыптасқанын атау орынды. Соның нәтижесіндс қазақ ауыз әдебиетінің көп
томдық үлгілерін басып, оларды қалың көпшілік оқырманға таратуға мүмкіндік
туды. Қазақ Кеңес
әдебиетінің тарихы күрделі де қайшылықты жағдайларға толы. Ол негізінен
дәуірдің, қоғамдық шындықтың жағдайларымен байланысты болды. Оның бірсыпыра
жағдайлары жоғарыда айтылды. Ал, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық
мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында елеулі өзгерістер әкелген
кезең болғаны да даусыз. Оны 1917 жылға дейінгі әдебиет пен бүгінгі әдебиет
дәрежесін салыстыру арқылы да көре аламыз. Бұл кезде қазақ әдебиеті көп
салалы, көп жанрлы әдебиет болып, әлем әдебиетінің деңгейіне көтерілді.
Үлкен-үлкен қайраткерлерді, ұлы шығармаларды тудырды. Осы әдеби очерк қазақ
әдебиетінің, ұлттық сөз өнерінің өсу, жетілу жолы жайлы қысқаша мәлімет
берсе, автордың ойлаған мақсатының орындалғаны. Негізінде, бұл дәуір қазақ
әдебиетінің жаңа қарқынмен дамыған кезеңі болды. Қазақ әдебиетінің тәуір
туындылары дүние жүзіне таныла түсті Қазақ жазушылары әлем әдебиетімен
қарым-қатынасқа түсіп, шет елдердің тәуір туындыларын қазақ тіліне аударуға
жәрдемдесті. Халықаралық жазушылар қатынасына араласты. Мұның бәрі қазақ
әдебиетінің интернациональдық негізінің нығайып, оның кемелдене түсуінің
белгісі еді. Мезгілі жағынан бұл дәуір әдебиеті алпыс жылдан астам уақытты
қамтиды. Бірақ бұл қоғам дамуы мен ой-пікірдің алмасуы жағынан біртекті
емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой-пікірде
болған жылымық бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында
партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Қазақ халқының ұлттық ой-
санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70-жылдардан
бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге
көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үішн М.Әуезов негізін
салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет болды. Қазақ тарихының әрқилы
беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің,
Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның,
С.Жүнісовтің романдары жарық көрді. Кеңестік бюрократтық жүйенің жұмыс
әдістері сыналды. Адамдардың табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойында
күштеуі мен зорлауының қатты әсер еткені сөз болды. Жалпы алғаңда, бұл
дөуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен жүрді. Қаламгерлер қатары
молайып, 600-гс жетті. Әдебиет жанрларының барлық түрі өзінің тұрақты
кадрларын дайындаи, қатар, тең дамыды. Реалисттік әдебисттің беталысын
танытатын проза, онын үлкен жанрлары кең көлемде өрістеді. Поэзия заманның
озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда қашанда ұшқырлық танытты. Бұл
дәуірдегі қазақ әдебиетінде халықтық поэзияның жаңа сапаға ие бола дамуы
айрықша көзге түсті. Әсіресе халық әдсбистінің өміршең жанры айтыс
өрістсді. Жаңа айтыс ақыңдары шығып, бір кез ұмытыла бастаған бұл өнерді өз
дәрежесіне қайта көтеруге қызмет етті. Жыраулық, жыршылық дәстүр қайта
жаңғырды. Мұның бәрі қаралып отырған дәуірдан қазақ әдебиетіңде үлкен мән-
маңызы барлығын, оның ұлттық сөз өнерінің тарихын байытуда тарихи қызмет
атқарғанын көрсетеді. Мұның нақты дәлелін жеке жанрлардың өрістеуі
жайындағы шолу мен талдаулар анық байқатады. Қазақ прозасының бұл
ксзеңіндегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге болады. Ол өзінің бұрынғы
озық дәстүрінжалғастырды. Бұл дәуірде негізінен тарихи роман өзгеше
тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Қалықтың өткен
тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық
идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған
азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың
елдік салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай
бастағанының белгісі еді. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып
дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ
халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда I.Есенберлин,
М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев,
С.Сматаев, Ш.Мұртаза, 3.Ақышев, К.Молдағалиев, Д.Досжанов, т.б. жазушылар
белсенді еңбек еті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші
рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар
еңбектерімен тікелей байланысты. Елуінші жылдардың бас кезіндегі қазақ
тарихына байланысты талқылаулар, көрнекті тарихшылар мен ғалымдардың
қуғындалуы әдебиет алдында тарихи ақырыпты біржола жауып тастағандай еді.
Орыс халқымен достықты жазған жекелеген шығармалар болмаса, қазақ тарихының
көптеген күрделі мәселелері жабық жатты. Әсіресе, Кенесары қозғалысының
кертартпа-реакциялық тұрғыдан бағалануы халық тарихындағы азаттық идеясын
көтеруге тыйым болды. Осындай ұзақ үнсіздікті алдымен, алпысыншы жылдардың
аяғында I.Есенберлин бұзды. Оның ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған
Қаһар (1969) романы әуелде көп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі
әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған
бірінші себеп- қоғамдағы идеологиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса,
екіншіден, жазушының Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы
болды. Қазіргі қазақ романында проблемалық сипат молайғанын ауыл өміріне
арналған шығармалардан көреміз. Өмірде барды тізе бермей, дамудың жаңа
кезеңі күтіп тұрған мәселелерге көңіл аудару, адамды сондай жаңалық үшін
күресте көрсету бұл жанрдың тәуір үлгілеріне тән. Бұл дәуірдегі қазақ
прозасының бір сала жстістіктерін повестің жанрлық дамуынан да көруге
болады. Көркем прозаның көлемді үлгілерінің бірі-повесть бұл кезде сан
жағынан да көп жазылып, бірталай әдеби-эстетикалық жүкті арқалады, көркем
творчествоға еркіндік көзімен қарауға алпысыншы жылдардың басында басталған
бет-бұрыс, алдымен, осы жанрда молырақ көрініп, кейін жалғасын тапты. Ол
бұрынғы жағдай баяндаудан, шұбалаң қылықтан арылып, жинақтап айтуға,
көркемдікке жетіле түсті. Бұл дәуірдегі қазақ повесінің басым көпшілігі
бүгінгі заман тақырыбына, замандастардың бейнесін жасауға арналған. Олардың
да белгілі тарихи ізі бар. Алыс тарих болмаса да, біз өткен Кеңестік дәуір
шындығын бүгінгі күннің биігінен таразылап көрсетеді. Өмір қандай күрделі
жан-жақты болса, әдебиет ізденістерінің проблемасы да, тақырыптық ауқымы да
кең. Бұл қазақ повестерінің әр алуан түрінен байқалады. Адам тағдырын
негізгі нысана етіп ала отырып, әдебиет оның адамгершілік жолындағы
күресінің маңызды жақтарын зерттеуде. Қазақ повестерінің бір алуаны соғыс
туралы естеліктерге құрылған. Бұл тақырыптағы туындылар соғыс кезінің
ауыртпалығын басынан кешкен әйелдің (К.Қазыбаевтың Құпия повесі), алыс
ауылда сол кездің қиыншылығына куә болған баланың (Д.Исабековтің Біз
соғысты көрген жоқпыз повесі), еңбек армиясының қатарында болған азаматтың
(О.Бөкеевтің Бөрі де майдан повесі) әңгімелері түрінде жазылған. Бұлардың
бәрі де алыстағы қазақ ауылының жоқшылық пен аштық жайлаған кейпін шебер
суреттеп, аянышты тағдырларды ашады[8]. Бұл
айтылғандар, бір тақырыптағы шығармалардың өзі, өмірдегі сияқты, әрқилы
жолмен дамып, түрліше аяқталып, шешіліп жататынын көрсетеді. Оның бәрі,
түптеп келгенде, өмір шындығын танудың, түсінудің жолдары. Шындықты тану
мен оны көркем бейнелеудің өр түрлі жолдарын іздестіру соңғы жылдардағы
әдеби процестің елеулі ерекшелігі болып табылады. 70-90 жылдар ішінде қазақ
поэзиясы, оның ішінде, қазақ лирикасы адамды тану, оның ой-сезімін, рухани
тіршілігін бейнелеу саласында бірсыпыраға жетті. 60-жылдарда басталған адам
бойындағы сілкіністі суреттеу арқылы лирика да тың сапаларды бойына
сіңіріп, жаңарды, пафосын жетілдіріп, өлең мәдениетін көтерді. Қазақ
лирикасының бұл жылдардағы дамуына Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырзалиев,
Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ж.Нажімеденов, Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина,
Қ.Жұмағалиев, Е.Зікібаев, М.Шаханов, С.Иманасов, К.Салықов, Ш.Сариев,
Т.Есімжанов сияқты ақындар елеулі үлес қосты. Көбі 60 жылдары танылған жас
таланттар аз жылдың ішінде есейіп, поэзияның ауыр жүгін көтерісті. Оларға
ілесе И.Оразбаев, Т.Рахимов, Ж.Жақыпбаев, С.Тұрғынбеков, И.Сапарбаев, Ұ.
Есдәулетов, Е. Раушанов, т.б. жас ақындар тобы шықты. Қазақ поэмасының
дамуында да бұл жылдар жемісті болды. Поэманың әр бағытындағы ізденістрінен
оның кемелдену, толысу, шеберлікке жетілу жолын тануға әбден болады. Оның
формалық үлгілерінен сюжетті эпикалық толғаныстарды да кездестіреміз. Олар
арқылы қазақ ақындары халықтың бақытты, азат өмір жолдындағы ұлы мақсатын
жырға қосты. Қазақстан өміріндегі өзгеріс есебінде қазақ ақындары бұл кезде
тың даланы игеру оқиғаларына көбірек үңілді. Сол негізде халық еңбегін,
оның қоғамдық істерін бейнелеуге ұмтылды. Елімізде егіншілік кәсіпті
орнықтыру мен астық өнімін молайтуда тың игерудің пайдалы болғанын
ескерсек, бұл тақырыпты осылай көтере жырлаудың дәлелді екені түсінікті.
Бұл жылдары бүгінгі еңбек адамының жиынтық бейнесін жасауға арналған кең
көлемді сюжетті эпикалық поэмалар қатары да толықты. Әрине, бұл дәуірдің
ширек ғасырлық мерзімінде баспасөзде жарияланған поэма саны бұл
аталғандардан көбірек. Алайда жұртшылық назарын аударарлық, биік рухани
талапқа жауап берерлік дүние осы аталғандардың ішінде. Жалпы, бұл жылдар
қазақ поэмасының өмірмен байланысының артқанын, көркемдік ізденісте жаңа
қырларын ашып, кемелдене түскенін танытады. Әдебиеттің басқа жанрлары
сияқты, бұл жылдары драматургия да едәуір өркендеді. Ол өмір шындығын терең
тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы адам бойындағы сыр мен мінезді ашуда,
оны өмірдің күрделі құбылыстарымен байланыстыра көрсетуде бірсыпыра
табыстарға жетті. Өмірдегі жаңалықтарды тану және көркем бейнелеу жаңа
кейіпкерлер туғызды. Мұндай жаңашыл ізденістер, ең алдымен, бұл жанрда
қызмет істейтін қаламгерлердің жаңа буынының таланты мен табысына
байланысты. Бұл жылдары драматургияға, негізінен, жас авторлар келді. Олар
өмірді тануда, оны көркем бейнелеуде өз ұғым-түсінігін жария етті.
Соңғы жылдары театр сахналарында режиссердің
күшімен қойылған құранды туындылар көбірек көрсетіліп жүр Бұл дәуір
қазақтың әдеби-көркем сыны мен әдебиеттану ғылымының кең қанат жайып
өркендеген мезгілі болды. Оған бастаушы партияның өзі баскөз болып, көркем
әдебиеттің дамуы жолындағы сынның атқарар рөліне мән бере қарауы да белгілі
дәрежеде көмектесті. Сыншы кітаптар көп басыла бастады. Күнделікті
баспасөзде сын еңбектерге көңіл аударылды. Жыл сайын шығып тұратын Уақыт
және қаламгер атты сын еңбектерге көңіл аударылды. Ең бастысы сын
еңбектердің көркемдік-теориялық дәрежесін көтеруге, олардың әдебиет
тәжірибесін жинақтап, халық арасында кең насихаттап отыруына жол ашылды.
Жеке жазушылардың шығармашылық еңбегі, басты шығармалары, әдеби үрдістің
даму бағыты, жанрлардың дамуы, туысқан халықтар әдебиетінің байланысы, т.б.
жайлар әдеби сын тұрғысынан бағаланды. Әдеттегідей, бұл жылдарда да біздің
әдебиеттік пікіріміздің дамуына қазақ жазушылары белсене қатысты. Олардың
пікірлерінің бағалы жағы -әдебиет туралы ойларды өз тәжірибесіне сүйене,
жазушы лабораториясымен таныстыра айтуында. Сондықтан жазушылардың
әдебиеттік ойлары көбінесе, шеберлік мәселесін, өмір мен байланысты арттыру
жайларын қозғайды. Әдеби сыншылдық ой-пікірдің баюы оның әдебиеттік
зерттеулермен байланысын көтеріп, қазіргі әдеби процестің ерекшеліктері мен
жалпы Кеңестік дәуір әдебиеті тарихының мәселелерін әдеби-теориялық жағынан
жинақтауға көп себін тигізді. Осы негізде Кеңестік қазақ әдебиетінің дамуы
кезеңдерін айқындау, ондағы жанрлардың есеюі мен табыстарын қорытындылау,
жеке жазушылардың творчестволық жолы мен әдебиеттегі орнын белгілеу
мәселелері және өзге де жағдайлар қолға алынды[4,34].
Қазақ әдебиетінің басқа салаларында
да бірқатар табысты зерттеулер жүргізілді. Бұл тұрғыда осы дәуірде мәдени-
әдеби мұраны бағалауға, оның тарихи-танымдык, қоғамдық-ғылыми маңызын
түсінуге деген жаңа көзқарастың қалыптасқанын атау орынды. Соның
нәтижесіндс қазақ ауыз әдебиетінің көп томдық үлгілерін басып шығаруға
мүмкіндік туды. Алғашқы томдардың ішінде қазақ халқының батырлық, ғашықтық
эпосы, айтыстар, ертегілер, тарихи жырлар, дастандар үлгілсрі жарияланды.
Қазақ әдебиетінің тарихы жайлы деректер
бұрынғы зерттеулерде XVIII ғасырдан бері ғана белгілі болып келсе, бұл
жылдары оның тарихын көне дәуірден, түркі тектес халықтардың ортақ жазба
мұраларынан бастау жөніндегі пікірлер үстемдік алды. Одан бергі кезеңде
қазақтың ұлттық төл әдебиеті туғаны, оның қазақтың дербес ел болуынан,
қазақ хандығының құрылуынан бастау алатыны ғылыми дәлелді пікірлермен
толықты. ХҮШ ғасырдың бер жағындағы қазақ әдсбиетінің тарихын жаңа
дсректермен байыту, оны жаңаша бағалау жүйесінде де көптеген жұмыстар
атқарылды. Бұқар жырау, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір Кердері, Мәжһүр-
Жүсіп жинақтары басылды. Олар жайлы зсрттеу мақалалар жазылды.
Қазақ Кеңес әдебиетінің тарихы күрделі де қайшылықты жағдайларға
толы. Ол негізінен дәуірдің, қоғамдық шындықтың жағдайларымен байланысты
болды. Оның бірсыпыра жағдайлары жоғарыда айтылды. Ал, сонымен бірге бұл
дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында
елеулі өзгерістер әкелген кезең болғаны да даусыз. Оны 1917 жылға дейінгі
әдебиет пен бүгінгі әдебиет дәрежесін салыстыру арқылы да көре аламыз. Бұл
кезде қазақ әдебиеті көп салалы, көп жанрлы әдебиет болып, әлем әдебиетінің
деңгейіне көтерілді. Үлкен-үлкен қайраткерлерді, ұлы шығармаларды тудырды.
Осы әдеби очерк қазақ әдебиетінің, ұлттық сөз өнерінің өсу, жетілу жолы
жайлы қысқаша мәлімет берсе, автордың ойлаған мақсатының орындалғаны.

З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына көз жіберсек, әрбір кезеңде осы
тақырыпты арқау еткен дүниелерді зерттеп, зерделеу жалғасын тауьш келеді.
Десек те, қазақ әдебиетіндегі шығармашылық қолтаңбасымен дара көрінген
тұлғалардың қаламгерлік жолын, көркемдік ізденістерін танытып, оларға терең
бойлап, ғылыми-танымдық тұрғыдан баға беру, талдап, таразылау бүгінгі заман
талабы екендігі даусыз.
Тілі мен діліне, діні мен тініне, дүние танымы мен рухына еркіндік
алған қазақ елі өз қоғамдық санасындағы қымбатты құндылыктар мен асыл
қазыналарға, рухани әлемі мен мәдени тарихына өзге көзқараспен қарай
бастады. Қиындығы мол, аса күрделі осы мәселелерді зерттеу мен байымдау
барысында академик 3.Ахметов еңбектеріндегі іргелі ой-пікірлердің орны
айрықша бөлек.
Зәки Ахметов -қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, өсуіне,
өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында
өзінің орыс, қазақ тілдерінде жазылған ғылыми монографияларымен
Қазақстандағы әдебиет туралы ғылымның өрісін кеңейтіп, оны биікке көтерген
үлкен зерттеуші. Оның қазақ әдебиетінің теориясы, методологиялық,
текстологиясы тарихы, осы көрнекті ақын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Башқұртстан тарихы атты еңбекте
Абайтану ғылымы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
МҮСІЛІМ ҚҰМАРБЕКҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
Поэзия - жүректің сөзі
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Шәкәрім мұрасы туралы
Башқұрт халқының әдебиеті
Пәндер