Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы


Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
Бет
- ІСКЕРЛІК ТУРИМЗНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .
- АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ ЖАҒДАЙЫ . . .
- АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. XXI ғасыр ең алдымен жаһандық кірігу мен әлемдік нарықтық қалыптасуына алып келетін өзгерістерімен есте қалатын болады. Жаһандану үдерісіне байланысты нарықты жұмыс жасайтын субъектілері өзгереді және капиталды орталықтандыру есебінен аталған субъектілер неғұрлым қуатты және күрделі түрге түрленеді, өздерінің басқару жүйесін қайта құрады: бизнес қатысушыларының өзара байланысын күшейтетін ұйымдастырушылық, тасымалдау және қаржы салаларын қайта қарастыра бастайды. Бизнестің қай түрі болмасын қатынастар мен серіктестікті кеңейтуді талап етеді. Басқа қалаға немесе басқа мемлекетке іскерлік мақсатта сапар шегу қандай болғанда да іскерлік туризм санатына жатқызылады. Қазіргі уақытта кез келген мемлекеттегі қоғам мен экономиканың дамуы іскерлік туризм саласындағы қарқынды гүлденумен байланысты болады, себебі, туризм әлемдік шаруашылықтың ең дамыған саласы болып табылады. Іскерлік, мәдени және ғылыми байланыстардың артуы іскерлік туризмді дүние жүзі бойынша көшбасшы орынға шығарды.
Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады [1] .
Бизнес-туризмнің аталған сегментіндегі Қазақстанның да болашағы зор. Геосаяси орналасуы мен табиғи-шикізаттық ресурстары Қазақстанға бизнес мәселелерімен және халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу үшін келетін бизнес-туристердің санының артуына мүмкіндік береді.
Іскерлік туризм - біршама кең ұғым. Бұл іскерлік коммуникация, ақпарат және технологиямен алмасу, жаңа серіктестер мен нарықтарды іздеу, PR-акциялар, персоналды оқыту, сонымен қатар, корпоративтік мәдениетті дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының туристік бизнес туралы заңында жалпы туризмге анықтама беріледі, ал іскерлік туризм осы саланың жеке сегменті ретінде қарастырылып, оған анықтама берілмейді.
Іскерлік сапар барысындағы бизнесмендердің шығындары демалуға баратын туристік орташа статистикалық шығындарынан артық болады. Ал бұл нарықтың ең басты артықшылығы - оған ешбір экономикалық дағдарыс ықпал ете алмайды. Іскерлік сапарлар саны экономикалық құлдырау кезеңінде керісінше артуы мүмкін. Себебі, қақтығыстар туындаған жағдайда жедел шешім қабылдау қажет болады, ол сәйкесінше, іскерлік кездесулердің артуына жағдай жасайды. Осы тұрғыда іскерлік бизнес өзінің өзектілігін жоймайды.
Туристік бизнесте де жаһандану үрдісі орын алып отыр, ол мемлекеттер мен ұйымдардың өмірдің сан-алуан салаларындағы серіктестігін көрсетеді. Туризмнің өзі жекелеген мемлекеттер мысалында экономиканың біршама кірісті саласы болып табылады, мысалы Таиланд немесе Кипр секілді мемлекеттер туризмнің есебінен өмір сүреді.
Іскерлік туризм немесе MICE-туризм - бұл мақсаты кәсіби немесе коммерциялық мүддені жүзеге асыру (биржаларға, көрмелер мен жәрмеңкелерге, конференциялар мен съездерге бару) және кәсіби немесе қызметтік тапсырмаларды орындау болып табылатын туризм. Бизнес-сапарларды туристік алмасудың маңызды бөлімдерінің бірі ретінде қарастыруға болады; олар экономикалық көзқарас тұрғысынан аса маңызды, себебі олардың жиілігі маусымға тәуелсіз.
Іскерлік туризмнің кірісіне келетін болсақ, анық айтуға болатын жағдай - оның басты ерекшелігі бизнес-саяхатшының мемлекетке орташа статистикалық туристпен салыстырғанда көбірек ақша қалдыраты болып отыр. Негізінен іскерлік туристтер кем дегенде үш жұлдызды немесе одан жоғары қонақ үйлерге орналасады және бос уақытында белгілі мемлекеттің немесе қаланың тарихымен танысуға да қарсы болмайды, яғни бұл жерде қосымша экскурсиялық қызметтер қажет.
Дегенмен де, жер жүзінде толықтай жетілдірілген еш нәрсе жоқ. Қазақстандағы, оның ішінде, біз қарастырып отырған Алматы қаласындағы және дүние жүзінің басқа мемлекеттеріндегі іскерлік туризмнің дамуына белгілі қиындықтар кедергі келтіреді. Алайда, туризм туралы заңнамаға сәйкес әзірленіп жатқан бағдарламалардың бар болуы фактісінің өзі біздің елімізде туризмге назар аударылатынының дәлелі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде аталған тақырыпты таңдау іскерлік туризм теориясының әлемдік туризмнің арнайы саласы ретінде қарастырылуының дәрежесінің төмен болуына негізделеді. Аталған сала соңғы отыз жыл ішінде әлемдік туристік кеңістікте қарқынды дамып отыр, сонымен қатар, оның кірісі халықаралық туризм кірісі құрылымында біршама жоғары үлеске ие, кейбір мемлекеттерде тіпті олар мемлекеттік бюджетте жетекші орында тұрады. Кірісі жағынан іскерлік туризмді жалпы туристік ағында іскер туристердің үлесі тек 20-25% құрайтынына қарамастан мұнай бизнесімен салыстыруға болады, іскерлік туризмнің үлесіне туристік индустрияның жалпы айналымының 60% тиесілі болады. Сәйкесінше, шетелдік экономика-география ғылымдарында соңғы он жылдықта іскерлік туризмнің пайда болуы мен дамуына арналған зерттеулер жүргізіледі; оның негізгі көрсеткіштері - сапарлар мен кірісі бойынша Дүние жүзілік туристік ұйымның статистикасы пайда болған. Іскерлік туризмнің және жалпы алғанда туризмнің пайдалылығын ескере отырып Қазақстанның саясаты оның дамуын балама туризмнің перспективті саласы ретінде қарастыруы керек. Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іскерлік туризмді дамытуға жағдай жасалатын болады. 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыру секілді ауқымды іс-шараларды өткізу тәжірибесі, көптеген халықаралық ұйымдарға қатысу біздің мемлекетімізде әлемге танымал етіп отыр. 2017 жылы жаз айларында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі [3], Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізі құрылысы - осының барлығы қазақстандық брендті әлемдік нарыққа шығаруға жағдайжасайды, сол себепті мемлекет жағымды имидж қалыптастыруы тиісті, ол іскерлік туризм есебінен ел экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің ағымдағы жағдайы мен даму болашағын зерттеу.
Зерттеу пәні - Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің дамуы.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылған:
1. Іскерлік туризмнің мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жіктеу және негізгі орталықтарын анықтау, іскерлік туризмді дамытудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесін қарастыру;
2. Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің ағымдағы жағдайына талдау жасау, дамуына ықпал ететін факторларды анықтау;
3. Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің даму болашағын талдау, жетілдіру жолдарын, интенсив-тур бағдарламаларын, конгресс-көрме қызметін және іскерлік туризм саласындағы жарнама-маркетинг қызметін дамыту тәсілдерін негіздеу.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік базасын отандық және шетелдік ғалымдардың аталған тақырыптағы еңбектері құрайды. Атап айтсақ, туризмді, оның ішінде, іскерлік туристік қызметті дамыту мәселелерін В. С. Боголюбов, А. И. Шапиро, В. С. Сенин, қазақстандық экономист ғалымдар С. К. Сұрағанова, А. Т. Тілеубердинова, Ж. М. Шаекина, Р. А. Асанбаева және басқаларының еңбектерін көрсетуге болады.
Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР Статистика комитеті, ғылыми конференциялар, форумдар мен семинарлар материалдары, салалық министрліктер мен ведомстволардың құжаттары, ғылыми әдебиеттер мен мерзімді баспасөз құралдарына жарияланған санақ мәліметтері және тақырыпқа қатысты басқа да дерек көздері құрайды.
Зерттеу барысында басты зерттеу әдісі ретінде талдау және синтез, зерттеу нысанын қарастырудың жүйелік тәсілі, үлгілеу және болжау әдістері қолданылған.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы Алматы қаласындағы іскерлік туризмді дамытудың дәстүрлі бағыттарын заман талабына сай жаңашыл көзқараспен негіздеу болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы қазіргі нарықтық экономика мен орын алып отырған әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің дамуын теориялық негіздеу болып табылады. Тәжірибелік нәтижелерді оқу орындарында, әр алуан тақырыптық іс-шараларда дерек көзі ретінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады.
1 ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 1. 1 Іскерлік туризмнің мәні мен мазмұныКейінгі жылдардағы әлемдегі жаһандану, ақпараттандыру, көлік құралдарын дамыту үдерістері туризмнің дамуына айрықша серпін берді. Сондықтан, туризм таяу болашақта әлемдегі жетекші салалардың біріне айналса, таңдануға болмайды. Әлемдік туристер ағынына әсер етпей қоймайтын табиғи, әлеуметтік және қаржылық-экономикалық қайшылықтарға қарамастан, бұлай деуіміз негізсіз емес. Әйтсе де, қазіргі ғылыми әдебиетте «туризм» ұғымының біржақты анықтамасы жоқ. Туризм ұғымының бар анықтамаларын сараласақ, туризмді ұлттық экономиканың салааралық ірі шаруашылық кешені ретінде қарастыруға болады. Оның құрамындағы түрлі бағыттағы кәсіпорындар мен ұйымдар ел дамуының әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын көздейді.
«Туризм» ұғымының бұл анықтамасының зор мәні бар. Атап айтқанда, бұл қазіргі әлемдегі туризмнің теориясы мен практикасы қандай да бір туристік фирманың жасап отырған жұмысынан әлдеқайда ауқымды саланы меңзейді. Барлық қажетті инженерлік, туристік, көліктік инфрақұрылымдарды, балалар сауықтыру және демалыс мекемелерін, балалар туризмі мен туризмнің басқа да түрлерін дамыту мақсатында туризммен сабақтас барлық салалармен келісе жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Ол үшін ел мен оның аймақтарында балалар туризмін дамытудың ірі қаржы көздері заң жүзінде айқындалып, туристер ағынын арттыруды, аумақтық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды көздеген туристік жобаларды жасау мен жүзеге асыру механизмін тұжырымдап алу керек .
Туризмнің ең көне түрі іскерлік туризм болып есептеледі. Орта ғасырлардан бастап-ақ адамдар сауда мақсатында саяхаттар жасап, сапарларға шыға бастаған. Сол уақыттан бері іскерлік туризм санаты қалыптасқан деп санауға толық негіз бар.
Соңғы жылдары туризм саласы қарқынды дамып отыр. Бүгінгі қоғамда туризмнің іскерлік туризм деп аталатын түрі аса танымал. Бұрынырақта «іскерлік туризм», «интерсив-туризм», «кездесу индустриясы» ұғымдарын тек салалық әдебиеттерден ғана кездестіріп жүрген болсақ, қазіргі кезде қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған және өзектілігі арқан. Бұл жағдай туризмнің басқа түрлерімен қатар іскерлік туризмнің әлемдік экономикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан саласы болуына негізделеді. Туризмнің осы түрі зор қарқынмен дамып, ХХ ғасырдың экономикалық феноменіне айналып үлгерген.
Туризмнің аталған түрінің мақсаты бірінші кезекте белгілі коммерциялық қызмет болып табылады: съездерге, конференцияларға, ғылыми конгрестерге, сонымен қатар, әр аулан жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу. Кез келген кәсіпорынның жетістігі үшін маңызды болып табылатын және іскерлік сапардың артықшылықтары қатарына жатқызылып отырған жағдай бұл - өзге компаниялардың өкілдерімен кездесу, іскерлік қатынастарды жолға қою және келіссөздер жүргізу болып табылады.
Іскерлік туризмнің мақсатына қарап оның жай ғана бос уақытта жүзеге асырылатын саяхат емес екенін түсінуге болады. Көп жағдайда туризм ұғымы қандай да бір экскурсиялармен, демалыспен және көрікті орындармен байланысты болатыны анық. Аталған туризм түрінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі бұл жағдайда жыл маусымы немесе ауа райы жағдайлары емес, конференциялар мен салалар көрмелерді ұйымдастыру мерзімділігі ескерілетін болады.
Іскерлік туристік сапарды жоспарлау оны ұйымдастырудың күрделілігіне байланысты болады, оны өткізу әдеттегі турмен салыстырғанда ертерек жоспарланады. Осы тұрғыда ең басты ерекшелігі мен қиындығы сапар уақыты мен қарбаласқа толы жұмыс кестесін тиімді ұйымдастыру және оны қызықты және тартымды мәдени бағдарлама шеңберіне сыйдыру болады. Қалаға қызықты экскурсия жасау және жай ғана эмоционалды демалыс осындай бизнес-турдың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы қызметтер тізіміне іскерлік сапарды ұйымдастырумен қатар, әр түрлі ойын-сауық қызметтерін ұсыну да жатқызылады және олардың спектрі жыл санап кеңейіп келеді [2] .
Іскерлік туризм - туристік саладағы бірегей құбылыс болып табылады. Мысалы, іскер турист шойын пешті сату немесе сатып алу мақсатында сапарға шығып, сапар барысында басқа қызметтерді сатып алады. Іскерлік туризм туристік индустрияның арнайы мамандандырылған саласы болып табылады және оның көптеген ерекшеліктері бар: біріншіден, саяхат түрінің маусымдық сипаты болмайды. Саяхатшы-бизнесмен өзінің серіктестік қатынастарын жыл мезгіліне тәуелсіз жолға қоя береді, ал көрмелер мен конгрестерді өткізу жыл маусымын талғамайды. Екіншіден іскер турист жол дорбасымен саяхатқа шыққан туристпен салыстырғанда 11 есе, саяхатшымен салыстырғанда 3 есе артық қаражат шығындайды, іскерлік тур ақысын жіберуші ұйым төлейді. Үшіншіден, іскерлік туризм бизнесті дамытумен қатар, компаниядағы қызметкердің тұлғасын да дамытуға бағытталады ( сурет 1) .
Мысалы, іскерлік туризмнің интенсив туризм деп аталатын түрі еңбек ұжымының мүшелерін дамытуға бағытталған сала болып табылады, ол бизнесмендердің тұлғалық қасиеттерін интенсивті (қарқынды) дамытуды қарастырады.
Кез келген мемлекеттің қоғамы мен экономикасының заманауи дамуы іскерлік туризм саласындағы белсенді дамумен байланысты болады, себебі іскерлік туризм дүние жүзінде қарқынды дамып отырған әлемдік шаруашылық саласы болып есептеледі [3] .
Бизнес туризмнің осы саласында Қазақстанның да перспективасы бар. Елдің геосаяси орналасуы мен табиғи шикізаттық ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу мақсатында келетін туристер санының артуын есептеуге мүмкіндік береді. Орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Сурет 1. Іскерлік туризмнің ерекше белгілері
Ескерту - Автормен [4] әдебиет негізінде құрастырылды
Іскерлік туризм жан-жақты ауқымды ұғым, ол коммуникацияны, ақпарат және технологиямен алмасуды, жаңа серіктестер мен нарықтар іздеуді, РR-акциялар, персоналды оқыту, сонымен қатар, корпоративті мәдениетті дамыту түрінде болады.
Іскерлік сапар барысындағы бизнес шығындары демалуға баратын туристік орташа статистикалық шығындарынан әлдеқайда артық болады. Бұл нарықтың басты артықшылығы бұл бизнеске ешбір экономикалық дағдарыс әсер ете алмайды. Іскерлік сапарлар саны керісінше экономикалық құлдырау кезеңінде арта түседі.
Оқиғалық-корпопативтік туризм - қандай да бір ұжымдық іс-шараны тойлау мақсатындағы ерекше түр. Мұндай сапарлар компаниялар үшін жақсы дәстүрге айналады, жұмыс тобындағы бейресми қатынастардың дамуына жағдай жасайды, бұл фирманың кадрлық резервтері болып табылатын жасырын көшбасшыларды анықтауға мүмкіндік болады.
Сауатты ұйымдастырылған іскерлік сапар бұрыннан жұмыс жасайтын іскерлік серіктестермен байланысты жолға қоюға, серіктестік перспективасын қалыптастыруға және жаңа келісім-шарттарды жасасып, қол қоюға мүмкіндік береді. Туризмнің бұл түрі жемісті еңбегі үшін қызметкерге алғыс білдіру түрінде болады [4] .
МІСЕ немесе MICE industry термині ағылшын тілінен алынған абревиатура болып табылады және ол іскерлік туризмнің тікелей басты құрамдауыштары болып табылатын негізгі төрт сөзден құралады: Meetings - кездесу, Incentives - инсентив, Conferences - конференция және Exhibitions - көрмелер. Аталған индустрия туралы толық түсінік алу үшін әр құрамдауышын жеке қарастыру керек (кесте А1, Қосымша А) .
Жыл сайын іскерлік туризм саласындағы маманданған ірі туристік компаниялар 100 астам көрме ұйымдастырады және жыл сайын көрме өткізуге ниеттілер саны артып отыр. Тақырыптары бойынша, ең көп талап етілетін көрмелер құрылыс, жиһаз дайындау, компьютерлік, азық-түлік, жалпы салалық және әскери көрмелер болып табылады.
Конгресс-көрме туризмінің негізгі үлес салмағы Еуропаға тиесілі болады және 80% құрайды. Көрмелер өткізу бойынша көшбасшы мемлекет Германия болып табылады және ол барлық әлемдік көрмелер мен жәрмеңкелердің астанасы болып есептеледі. Неміс МІСЕ нарығындағы жетекші рөлге GCB (German Convention Bureau), Германия конгресс бюросы ие, олар 200 астам қаланы, конгресс орталықтарын және МІСЕ-шараларды ұйымдастырушыларды қамтиды.
Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризмнен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейін үшінші орын алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдықта да қала бермек. Ал туризмнің өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар [5] .
Еліміздегі іскерлік туризмді дамытуға қандай да бір талпыныстар жасау алдында аталған туризм түрі жақсы дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесін ескеру керек. Мысал ретінде бірнеме мемлекеттердегі іскерлік туризмнің даму жағдайын қарастыруға болады.
1. 2 Іскерлік туризмді жіктеу және оның негізгі орталықтары
Туризм экономиканың ең ірі және қарқынды түрде дамушы салаларының бірі. Даму жағынан ең қарқынды, экономиканың әртүрлі салаларына валюталық түрде белсенді салымдар жасалынады, сол арқылы жеке туристік индустрияның қалануына жол ашады. Туризм саласына жалпы жылдық ұлттық өнімнің 6 %, дүниежүзілік инвестицияның 7%, әр 16 жұмыс орны, дүниежүзілік пайдаланушылық шығынының 11 % құрайды.
Іскерлік туризм негізінен шетелдерге сапарлар, конференциялар, жәрмекелер мен форумдар түрінде болатына белгілі, оның негізгі мақсатымен қатар, бизнес-туристің пайдалы нәрсені жағымды жағымен үйлестіруге мүмкіндігі пайда болады, сол себепті, алдымен белгіленген міндеттің шешімін тауып, одан кейін жаңа орында демалуға болады [16] .
Бизнес-турлар іскерлік сапар мақсаттарына сәйкес және қажетті қызметтер жиынтығы бойынша бірнеше түрге жіктеледі:
1. дербес іскерлік сапарлар (әлемдік іскерлік сапарлардың жалпы санында олардың үлесіне орта есеппен 70-78% тиісті болады) ;
2. конференциялар мен семинарларға қатысу (олардың үлесі 12-14% аралығында болады) ;
3. көрмелерге қатысу (олардың үлесі орта есеппен 10-12% құрайды) ;
4. конгресс турлары (шамамен 3%) ;
5. инсентив-туризм (шамамен 3%) [7] .
Іскерлік сапарлардың кешенді түрде болуы мүмкін екенін айта кету керек, яғни мақсаттары бойынша әр түрлі бірнеше сапарды біріктіруге, мысалы, бір сапар барысында көрмеге бару мен конгресс-турды біріктіруге болады.
Дербес іскерлік сапарлардың қазіргі уақыттағы динамикасы оң бағыт көрсетіп отыр, бұл сапарлардың үлесіне іскерлік туризм нарығының 25% тиесілі болады. Бұрын жеке іскерлік сапар (2-3 күн - осындай сапарлардың ұзақтығы) тек шекара асып, өзінің күш-қуатын қалпына келтіруді, жақсылап демалуды білдірген болса, қазіргі кезде клиенттер іскерлік турға тапсырыс беру барысында алдын ала серіктестерімен жүргізетін кездесулерін ойластырып, байланыстарын да жолға қоюды қарастырады. Іскерлік туризмнің аталған секторында аралас бағдарламаларға сұраныс артып отыр, мұндай бағдарламалар жұмысты және өз-өзіне марапат ретінде демалысты да қамтиды (3-4 күн жұмыс жасауға және 1-3 демалуға болады) .
Интенсив турлардың экскурсиялық ойын-сауық бағдарамалары жыл өткен сайын қызықты және әр алуан түрлі болып келеді. Ал ең көп сұранысқа ие интенсив - маршурттар географиясы ауқымды. Негізінен дамыған Еуропа мемлекеттері, оның ішінде, Австрия, Ұлыбритания, Германия болып табылады.
Конгресс, априори, ауқымды іскерлік шаралар. Мысалы, АҚШ немесе жетекші Азия мемлекеттерінде конгресстер бес-жеті мыңға дейін қатысушылар жинай алады. Конгреске немесе конференцияға қатысу сұраныстарының көпшілігі жеке клиенттерден келіп түседі, олар қолдарында шақырту бар болғандықтан тек стандартты туристік жиынтықты ресімдеуге ғана мүдделі болады (виза, ұшу, трансфер, тұрғылықты жер) .
Конгрестер өткізу саласында компаниялар көп жағдайда туристік тұрғыдан тартымды мемлекеттерді - Түркия, Испания, Крит, Греция таңдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz