Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері (аймақ, облыс мысалында . . . )

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090200 - «Туризм» мамандығы

МАЗМҰНЫ

Бет
: КІРІСПЕ . . .
Бет: 5
:
Бет:
:
  1. МӘДЕНИ ТУРИЗМНІҢ ЗАМАНАУИ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бет:
:
  1. Мәдени саяхаттың даму үлгілерінің тарихи-мәдени туризмге әсерінің теориялық маңызын ашу . . .
Бет: 7
:
  1. Қазақстан Республикасында мәдени туризмді өркендетудің ерекшеліктері . . .
Бет: 13
:
  1. Мәдени туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі . . .
Бет: 20
:
Бет:
:
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ (Жамбыл облысы мысалында)
Бет:
:
  1. Қазақстан Республикасында мәдени туризм дамуының жағдайын талдау . . .
Бет: 29
:
  1. Қазақстандағы мәдени туризмнің өркендеуіне әсер етуші факторлар . . .
Бет: 36
: 2. 3 Оңтүстік аймақтағы Жамбыл облысының мәдени туризмінің даму жағдайын зерттеу . . .
Бет: 41
:
Бет:
:
  1. МӘДЕНИ ТУРИЗМ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Бет:
: 3. 1 Қазақстан Республикасындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрменің мәдени туризмнің даму болашағына ықпалы . . .
Бет: 49
: 3. 2 Ежелгі Тараз» бағдарламасының Жамбыл облысының мәдени туризмін дамытудағы рөлі . . .
Бет: 55
: 3. 3 Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы Жамбыл облысының мәдени туризмді дамыту жолдары . . .
Бет: 60
:
Бет:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Бет: 70
:
Бет:
:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Бет:

72

:
Бет:
:

ҚОСЫМШАЛАР . . .

Бет:

75

КІРІСПЕ

Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев осыдан он төрт жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуір айында Қазақстандықтарға жолдауында кезіндекезінде арнайы «Мәдени Мұра» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған бұл бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі болып табылады.

Бағдарламаның еліміз үшін маңызы бар жоба бола отырып, мәдени туризмді дамытудың бастауы болып табылды, туристік бағыттарды құру және өңдеу барысында мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеумен және жаңғыртумен айналысатын ғылыми жаңалықтар мен археологтар кепілдемелері қолданылды [1] .

Мәдени туризм қазіргі таңда ең танымал және бұқаралы туризм түрі, жалпы әлемде мәдени туризм бөлек бағытпен ерекшеленген және Қазақстанда жыл сайын үлкен даму қарқынын алуда. Адам тарихының тамыры - мәдениет, ал мәдениеттің тамыры - адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.

Қазіргі таңда туризм саласы әлемнің көптеген елдерінде халықаралық шаруашылықтың негізі болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл - ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіз мемлекет ретіндееліміз мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған шаралар кеңінен ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан лайықты орын алуы үшін өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да, яғни мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін - рухани әлеуетін күллі адамзатқа көрсетіп, елімізді әлемге паш ете білуі керек.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда өте маңызды тарихи мәні бар, әсем құрылысы мен ежелгі тарихымен қызықтыратын ескерткіштер, ғимараттар мен көне қалалар санаулы. Бұл ескерткіштер мемлекеттің жалпы өзіндік тарихын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар салт дәстүрін, мәдениетін әлемге танытуда. Олар жылдар өте келе табиғат факторларының әсерінен, адам әрекеттерінен, тағы сол сияқты іс-әрекеттердің жиынтығынан өздерінің құндылығын жоғалтуда. «Ұлы Жібек жолы» тармағына еліміздегі көптеген аймақтар кіреді. Дәл сол аймақтар туристердің негізгі массасын өзіне тартады және өзінің орбитасына жақын маңдағы аудандарды қоса отырып ауданның дамуына ықпал жасайды. Ежелгі қалалардың Қазақстан туризміндегі маңызы зор, олар мәдениетті сақтап қана қоймай, олардың арқасында туризм дамиды.

Халықтың тарихи мәдени ерекшеліктері әрдайымда қызығушылық тудырады. Туристің басқа мемлекеттерге деген, олардың тарихы мен мәдениетіне табиғи қалыптасқан қызығушылықтары туристік мотивацияның бір себебі болып табылады.

Мәдениет және тарих халықтың өз тәуелсіздігін нығайту, халықтық ерекшеліктерді сақтаудың негізі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде мәдениет пен туризмнің демократизация процессі дамуда, бұл құбылыс қоғам өмірінің негізгі бөлігі.

Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте заманнан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен жердің тарихын білуден басталады. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді білу - біздің міндетіміз. Мемлекеттің бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, өзіндік ерекше мәдениет, саяси тұрақтылық сияқты факторлар Қазақстан Республикасында туризмнің дамуына жағдайлар туғызады.

Осындай маңызы бар тарихи мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру арқылы, шетелдік туристердің қызығушылықтарын арттыру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:Мәдени туризмнің даму жағдайын талдау мен оның перспективадағы бағыттарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • «EXPO-2017» халықаралық көрмеге Жамбыл облысы бойынша нысандарды ұсыну;
  • Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін жан жақты сипаттап беру;
  • Ұлы Жібек жолының шетелдік туристерді тартудағы маңызын көрсету;
  • Республикамыздың туризм дамуының ерекшеліктерін анықтау, еліміздің тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын көрсету;
  • мемлекет тарапынан ежелгі қалаларды қайта дамыту үшін жасалып жатқан іс-шараларды талдау;
  • еліміздегі ежелгі қалаларды дамытудың нақты тетіктерін көрсету.

Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан лайықты орын алуы үшін өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да, яғни мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін - рухани әлеуетін күллі адамзатқа жарқырата көрсетіп, елімізді әлемге паш ете білуі керек.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІМәдени туризмнің мәні, даму жағдайы

Қазақ елі - тарихқа толы әрі мәдени құндылықтарға бай мемлекет. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан, Қазақстан Шығыс пен Батысты, Солтүстікпен пен Оңтүстікті әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық жағынан өзара қатынастырған. Бүгінгі таңдағы Қазақстан аймағында тарих түбірінде жер бетіне айқын өзіндік мәдениетті мемлекеттер пайда болып дамыған. Өткен заманның осындай жақтары қазіргі ұрпақтар үшін ескермеске болмайтын дәлел болып табылады. Егер санмен келтірген жағдайда онда ол жиырма бес мыңнан астам тарихи, археологиялық, архитектуралық және сәулет өнерінің жылжымас ескерткіштері. Біршама мұражай қорларында тұрған миллионнан астам бағалы заттар, мыңға жуық кітапханаларда сақталған алпыс жеті миллиондай кітаптар деп айтуға болады. Олардың арасында аз кездесетін қол жазбалары мен басылымдарыда бар.

Туристік бағыттарды құрастыру және қайта жасау барысында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеумен және жетілдірумен айналысатын ғылыми ашылымдар мен археологтардың ұсыныстары қолданылып жатыр. Көне тарихтың түбірін бүгінгі күнмен байланыстыратын жолды құрап, уаұыттың шексіз байланысын білдіретін қазіргі кездегі талас-тартыстағы адамзатқа қажетті көп қыролы ортаның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени құндылықтармен мағлұмат беріп, тек тарихты ғана емесғ сонымен қатар кнелешек те болатын жағдайды айтады. Сондықтанда, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан он төрт жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуір айында Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын. Елбасымыз жолдаған жолдауында қабылданған бағдарламаны бүгінгі күнде Қазақстанның әлемдік дамуының дәлелі ретінде алып қарастыруға болады[1] .

«Мәдени туризм» бұрын «Мәдени-танымдық немесе танымдық туризм» ретінде айқындалады, бұған жаңа туризмнің түрі айқындалмады, оның мақсаты өзгерген жоқ - түпкі мақсаты елдің тарихы және мәдениетімен (архитектура, өнер, музыка, театр, фольклор, дәстүр, салт, адамдарының өмірі) танысу.

Адам баласы тарихының пайда болуынан бастап адамдар мәдени дағдыларын, ой-пікірлерін, құндылықтары мен тауарларын мәдениет, сауда, миграция арқылы өзара алмасып отырды. Алайда мәдени туризмнің тарихының дағдылануы көптеген жаңалықтарымен жүзеге асты.

Мәдени туризм XVIII ғасырдың орта шағында (1750-1850жж. ) мәдениеттің айрықша түрін игеру үшін ұйымдастырылатын Еуропаға саяхат жасаумен бастау алды. Ақсүйектердің ұлдары «мәдени» тұлғаға айналу үшін және де оқып-игеру үшін өздерінің тәрбиеші ұстаздарыменалыс жолдық сапарларға шығып отырған. XIX ғасырда мәдени туризм өз өнерлерін шыңдау мақсатында сапар шеккен алыпсатарлардың ықпалымен дами түсті.

Ортаның өзгеруіне қарай бүгінгі таңда авиацияның дамуы, туризмнің бірнеше түрлерінің пайда болуынан мәдени туризм де жаңашылдыққа ие болды. XXI ғасырда мәдени туризм қызметі білікті де білімдар мамандардың көзқарастары, олардың қоғамдағы орны, пікірлері арқылы әлемдегі көп қырлы мәдениетті дұрыс ұғыну. Мәдени қатынастар, яғни түрлі саяхаттар, ұйымдар арқылы өзге елдердің, мемлекеттердің мәдениеттерімен өзара алмасу Бүкіл Әлемдік Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның көптеген жобалары арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішінде ұзақ уақытқа құрылған тарихи мәдени маршрутты құруға негізделген елеулі жобалардың бірі - «Ұлы Жібек жолы» жобасы болып табылады.

БҰДТҰ статистикалық мәліметтеріне жүгінсек, бүгінгі таңда мәдени туризм шығу туризмінің 18-25% құрайды және де бұл келешекте әлі де өседі. Мәдени орындарға қолжетімділіктің аз болуына, бұл туризм түріне сұраным аз болуы мүмкін. Мәдени туризмнің өркендеуі мемлекеттердің этномәдениеті мен мәдени дәстүрімен тікелей байланысты. БҰДТҰ-ның «мәдени мұра және туризм дамуы» бағдарламасында көрсетілгендей индустрияның бір сатысы болып адам баласының әлемдік мәдениетті танып білуге деген қызығушылығы болып табылады. Ішкі туризмде мәдени мұра сол ұлттың өздерінің тарихына деген мақтанышын білдірсе, ал халықаралық туризмде адам баласыныңбасқа елдің мәдениетіне деген құрметін білдіреді [2] .

Халықаралық Кеңестің ескерткіштер мен объектілерге қатысты мәдени туризм Хартиясында мәдени туризмнің басты мақсаты «ескерткіштер мен объектілерді ашу» деп көрсетіліп тұр. IСОМОS сәйкес мәдени туризм ол, «жақсылап ұйымдастырылған, танымдылық және білім беру және элитарлы сипаттағы, мәдени пікірді ұсынуға және ұғындыруға арналған нарықтың кіші бөлігі” деп сипаттайды.

Әлемдік жаңаруға қатысты, яғни бәсекелестіктің көбеюі, нарықта жаңа тауарлардың пайда болуы, сегменттік сұраныстың артуы, экономикалық диверсификацияның болуы мәдени туризмнің жаңалануына алып келді. Спецификалық сұранысқа байланысты бүгінгі таңда халықаралық туризмде дәстүрлі мәдени танымдылық туризммен қатар этнографиялық, мәдени-этникалық, діни-ағымдық, мәдени-антропологиялық, мәдени-экологиялық т. б. түрлері даму үстінде. Осыған орай мәдени туризмнің көптеген түрін анықтауға болады (кесте 1) .

Мәдени туризмнің дамуы адамдардың интеллектуалды білімін өркендетугеұмтылуымен тығыз байланысты. Статистикалық мәліметтерге сәйкес мәдени танымдылық туризм жалпы туризмнің 60 % құрайды, және бұл көрсеткіш жыл санап өсу үстінде. Мәдениет ұлт өркендеуіндегі тәуелсіздіктің сақталуының түбірі болып табылады. Бірнеше мемлекеттерде мәдениет пен туризмді бұқарашылдандыру процесі жүруде. Себебі, ол осықоғамдық өмірде аса маңызды болып келеді. Бұл адам баласының өзін-өзі тануына және әлемді танып білуіне, тұлғаның өркендеуіне алып келеді.

Кез-келген ұлттың мәдени мұрасы тек суретші, сәулетші, музыкант, жазушылардың ғана шығармашылығын қалдырмайды, сонымен қоса рухани байлық, ұлттық нақылдар мен діни рәсімдерді де қамтып отыр. Бірнеше даңқты және ұмытылмас тарихи-мәдени уақиғалар мыңдаған жылдар бойы біздің мемлекеттің мәдени мұрасы ретінде сақтаулы тұр.

Кесте 1

Мәдени туризм түрлері

Мәдени-тарихи
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу
Мәдени-тарихи: Мәдени-оқиғалық
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу: көне дәстүрлерде және жаңашыл қойылымдарға (мереке, фестивальдар) қатысу
Мәдени-тарихи: Мәдени-археологиялық
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу: мемлекеттердің археологиясына қызығушылық, қазба жұмыстарына және археологиялық жөнелтулерге қатысу
Мәдени-тарихи: Діни-ағымдық
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу: дінге не болмаса діни мемлекеттерге деген қызығушылық, діни орталықтар мен діни құрылыс ортасына бару, діни дәріске қатысу
Мәдени-тарихи: Мәдени-этнографиялық
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу: ата-бабасының жеріне бару, халықтың мәдениетінтанып білу
Мәдени-тарихи: Мәдени-экологиялық
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу: табиғаты өзгеше жерге қызығушылық, табиғи мәдени ескерткішке, табиғи мәдени ансамбльге бару, мәдени-экологиялық бағдарламаға қатысу
Мәдени-тарихи: Мәдени-антропологиялық
елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарға бару, тақырыптық тарихи сабақтарға қатысу: ұлттың өркендеуіне деген қызығушылық
Мәдени-тарихи: Ескерту - Мәлімет [3] негізінде автормен құрастырылған

Көптеген мамаңдар мәдени мұраны бөлуге болмайтынын, ол - барлық ортақ адамзат құндылығы екендігін ұғынады. Өткен дәуірден бүгінгі күн үшін ғана емес, сонымен қатар онда біздің келешек, онда бөлінбес мәдениет және тарих байланысы, және біздің мұраны сақтап тұруымыздың жаңа ұрпақтың руханилігі және мәдениеттілігі, және де біздің мемлекеттің экономикалық ахуалы тәуелді. Тарихи-мәдени мұра тек қана көп дәуірлік жетістік емес, сонымен қатар әлсіз, оны сақтау керек және келешек ұрпаққа қалдыру керек және оларды тек бір ел айналасында емес, барлық адам баласының білуге, көруге, зерттеуге құқығы бар, ондай жағдайда, осы құндылықтарды көру және білу үшін біршама туристер легі туындайтыны белгілі, мінеки осылай мәдени туризм қалыптасады[3] .

Мәдени туризм, бүгінгі таңда ең танымал және жаппай туризмнің айрықша түрі болып табылады. Мәдени туризм- туристердің нақты бір елді мекенге қоныстануы кезінде, сол елді мекеннің мәдени мұражайлар мен тарихи орындарды, көркем галерея, әуенді және драма театрларды, тамашалау арқылы қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.

Мәдени туризм сөзінің мағынасы өте көп, бірақ оларды жинап топтастыратын болсақ, мәдени туризм нақты бір аймақтың ерекшеліктерімен таныстыру, сонымен қоса оның мәдениеті мен бағытын қалыптастырумен сипатталады. Тартымды жерлері тек сол аймақтың мәдени ландшафттары ғана емес, сонымен бірге, өнер, мәдени және тарихи мұралары, сол жердің халқының салт-дәстүрлері, әлеуметтік ортасы және т. б атап көрсетуге болады.

Мәдени туризмді туризмнің бір мамандандырылған аясы ретінде бөліп алатын болсақ, олар төменде көрсетілгендей үш бағытта болады.

  • туристтің мәдени қажеттіліктерді қамтамасыз етуі кезіндегі алған әсері мен тәжірибесін құрайтын қызметтік сипаттама. Бұл басқа туристік қызметтердің түрлерінен мәдени туризмді әзірлеунышаны болып табылады.
  • Мәдени туризмге қызығушылық білдірген туристердің жағдай жасауы. Бұл мәдени туризм аясындағы туристердің сұраныс аумағы мен құрылымын әзірлеу белгісі болып табылады.
  • Ұсыныс сипаттамасы - мәдени туризмнің аумағында ерекше туристік ресурстардың сұраныстарын қанағаттандырумен сипатталады.

Мәдени туризмнің анықтамаларын түйнектеп отырып мәдениет оның басты базисі болатындығынбірнеше сөздермен білдіруге болады:

  • Туристік әсерлі дестинацияны құру;
  • Туристік қызметті жетілдіру;
  • Туристік өндірілген және пайдаланылған қажеттіліктер.

Мәдени туризм өзіне негізгі себептерді қосады:

  1. Дестинацияның дамуына экономикалық және әлеуметтік белсенді түрде әсер етеді;
  2. Дестинацияның белсенді беделін күшейту мен орнату құралына қызмет етеді;
  3. Мәдени мұраның сақталып қалуын қолдау жасайды. Әр түрлі елдер мен аймақтардың халқының бір біріне деген байланыс орнатуға әсер етеді;
  4. Мәдениет пен туризмнің өркендеуіне үлкен үлесін қосады [4] .

Мәдени туризм атауы бүгінгі таңда таңданарлықтай дамып келе жатыр. Ертеден табан ізімен жол салынған әлемнің кереметтері туристік тұрғыдан кеңінен танымал адамзат қолымен жасалған төрткүл дүниенің ғаламаттары, ал әлем картасында тағы да талғамшыл саяхатшылар тарапынан қызғушылықты арттыратын миллиондаған тарихи-мәдени ошақтар бар.

Мәдени-танымды туризм жекеше туризм түрі болып бұрынғы кезден қалыптасқан. Оның басты көзі болып нақты бір елдің тарихи мәдени потенциалын, салт-дәстүрімен әлеуметтік мәдени ортасы болып табылады. Мәдени-танымдық туризмнің дамуына бірнеше сипаттамалардың пайда болуы нәтижесінде В. А. Квартальнов төменде көрсетілген мәдени мұраларды атап өтті:

  • археологиялық ескерткіштер;
  • мәдени және азаматтық архитектуралар;
  • архитектураның ландшафты ескерткіші;
  • ірі және кішігірім тарихи қалалар;
  • ауыл тұрғындары;
  • мұражай, театр, көрме залдары және т. б.
  • әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым;
  • этнография объектілері, өнер орталықтары;
  • техникалық комплекстер мен керек құрал-жабдықтары.

Өзге елді мекендерге сапар шегу кезінде ең басты құрамды бөлігі табиғат болып табылатын, мәдениет комплекстерін қабылдайды.

Әртүрлі елдердің мәдениетінің өзгешеліктері адамдарды демалыс уақытын саяхаттау арқылы өткізуіне талпыныс жасайды. Туристердің барған объектілері оларды рухани қарыштауына көп пайдасын тигізеді. Мәдениет туристердің қызығушылығын арттыратын элементтерінің бірі болып табылады [5] .

Танымдық туризм саяхаттаудың бүкіл аспектілерін, яғни адамның өмірді, мәдениетті, басқа елдің тарихы мен салт-дәстүрін анықтауымен сипатталады. Осылайша, туризм халықаралық қауымдастық пен мәдени байланысты ныңайтуға ықпалын тигізеді. Мәдени факторлардың өркендеуі аймақтың ішкі ресурстарын ұлғайтумен туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Біршама елдерде туризм мәдени саясаттың қатынасын бірлестірумен сипатталады.

Туристке көрсетілетін мәдени-танымдық қызметтітөменде көрсетілген топтастыру арқылы көрсетуге болады:

  • әртүрлі тарихи, архитектуралы не болмаса мәдени дәуірлермен, архитектуралық ескерткіштермен таныстыру;
  • әуенді және театрлық қойылымдарға, киноға, фестивальдарға, аймақтық мейрамдарға, опера концерттеріне, сурет көрмелеріне бару;
  • дәрістер мен семинарларға, симпозиумдар мен шет тілі үйірмелеріне коммуникативті тренингтер өткізу;

Мәдени мұраның ұлттық объектілері шығармашылық және ақылға қонымды болып көрсетілуі керек.

Туристік бағыттарымен әйгілі болуды қалайтын жер өзінің қызықты мәдени комплекстерін туристік нарыққа ұсынуы керек. Туристік мақсат үшін мәдени комплекстерді бағалау екі басты тәсілмен жүргізіледі: отандық және әлемдік мәдени комплекстерді әрлеу.

Туризм үшін тарихи-мәдени мүмкіншілігін жоғарылату әртүрлі елдердің мейманшылдығын көрсету қажетті және жеткілікті болып табылады.

Бұл тәсілдер көптеген жағдайда субъективті: мәдени комплекстермен, жоғары баға берілген мамандармен, туристердің ықпалына сәйкес келе бермейді. Бұл объектілердің жеткілікті және керекті болуы экскурсиялық маршруттардың құрылуы мен қолайлылығын анықтайды. Сонымен, мәдени комплекстердің құндылығы, туристердің білімі мен ұлттық өзгешеліктеріне қатысты болып келеді. Көптеген жағдайда бұл объектілерге қызығушылық сәнге байланысты айқындалады. Мәдени туризм жалпы туризмнің бір түрі болып келеді.

Біз Қазақстандағы тарихи мәдени мұраларды, жәдігерлерді өзге туристік ресурстардан бөлектеп көрсетуіміз үшін, келтірілген деректер ауқымында туристік қызықтырушылықты қамтамасыз ететін ресурстарды келесі аспектілерге бөліп, тереңірек зерттелгенін дұрыс деп есептейміз (кесте 2) .

Мәдени туризмнің дамуы адамдардың интеллектуалды білімін дамытуға талпынуымен тығыз байланысты. Мәдениет ұлт дамуындағы тәуелсіздіктің сақталуының негізі болып табылады. Көптеген мемлекеттерде мәдениет пен туризмді демократияландыру процесі жүруде. Себебі, бұл адамзаттың өзін-өзі тануына және әлемді тануына, тұлғаның дамуына алып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Түркістан аймағында туризмнің жағдайын талдау, сонымен қатар дамыту жолдарыының іс-шаралары мен алға басу сипатын анықтау
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Түркістан аймағындағы туризм
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz