Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы


Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
- ОЙЫН-САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ойын-сауық индустриясының даму тарихы, мәні және туризмдегі алатын орны . . .
- Ойын -сауық индустриясын ұйымдастыру мен басқарудағы басты ерекшеліктер . . .
- Шетелдердегі ойын-сауық туризмінің даму тәжірибелері . . .
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОЙЫН-САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
- Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының қазіргі жағдайына талдау . . .
- Қазақстанның экономикалық дамуында ойын-сауық бизнесінің рөлі . . .
- Қазақстандағы ойын-сауық индустриясын ұйымдастыру мен дамытудағы мәселелер . . .
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ОЙЫН-САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
- Ойын-сауық демалыстарын өткізуде кәсіби қызметтерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды нығайту жолдары . . .
- Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық демалыстарын өткізуді ұйымдастыруда ұлттық ойын түрлерін енгізудің қажеттілігі . . .
КІРІСПЕ
Ойын-сауық адамзат қоғамының даму жағдайына тікелей өзіндік әсерін тигізетін, күнделікті тұрмыстық өміріндегі маңызды орын алатын сфераның бірі. Ойын сауыққа қажеттілік адамға қажетті бірінші қажеттіліктерін өтегенннен кейін пайда болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Көпшілік қауымның әлеуметтік бпасты тетігі болып есептелетін іргелі орталықтың, яғни ойын-сауықтық кешенінге жататын кәсіпорындардың орын алуы мемлекеттің бүгіні мен болашақғы үшін өркениет нышаны болып қала береді. Егерде біз туристік индустрияны 2 бағытта: орналастыру мен жайғастыру, тамақтану және ойын-сауық, демалыс және өнер деп бөліп алып қарайтын болсақ, аталғандардың екінші бағытын жетілдіру үшін мемелекет тарапынан қаржылар көптеп бөлінуде. Осындай жасалған жағдайларға қарамастан туризмнің ойын-сауық, өнер және демалыс салаларынан түсетін пайдасы аз болып отыр. Осы көрсеткіш туризмнің ойын-сауық индустриясын ғылыми зерттеуді қажет ететін басты өзекті сұрақтардың бірі екендігін байқатады.
Ойын-сауық индустриясы - туристерді, адамдарды тек рухани-физикалық тұрғыдан қанағаттандырып, көңіл көтеру шараларын жүзеге асырып қана емес, жыл сайын қарқынды түрде даму үстіндегі, ел экономикасындағы басты қаржы көзі болып табылатын, миллиардтаған айналымы бар дүниежүзілік индустрия. Ойын-сауық туризм саласынының ең маңызды әрі басты түрлерінің біріне жатқызылады және қазіргі кезде ойын-сауықсыз саяхат өткізу мүмкін еместей жағдайда.
Ойын-сауық индустриясының қызмет көрсету негізіне туристердің қажеттіліктерін, қалауын көңіл көтеру әрекеттерін жүзеге асыра отырып қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады. Аталмыш кәсіпорындарға қызмет көрсету бағыты ойын-сауықпен сипатталатын цирк, кинотеатрлар, аттракциондар, демалыс саябақтары, ойын залдары, театрлар, концерттік залдар жатады. Сонымен қатар, ойын-сауыққа спорттық әрекеттермен байланысты денені шынықтыру қызметтерін де жатқызуға болады: спорттық залдар, спорт клубтары және тағы басқалар. Ойын-сауықпен мәдени орындар да - мұражай, кітапхана, көрмелерді де байланыстырамыз. Ойын-сауық шаралары арқылы адамзат өзінің физиологиялық, зейіндік немесе рухани сұраныстарын қанағаттандырады, өзінің тұлға ретіндегі бағалалық қасиетін көтереді, өзіндік рөлін түрлі жағдайларда және әр түрлі әлеуметтік ортада, жүйелерде талдайды, түрлі сезімге бөленеді.
Қазақстан Республикасында дәстүрлі типтегі ойын-сауық бағыттарымен қатар, үлкен-үлкен ойын-сауық кешендері, интернет арқылы көңіл көтеру, ойын залдары сияқты ойын-сауықтың жаңа түрлері де даму үстінде. Бір кездері ойын-сауық бизнесінің кейбір тйым салынған түрлері біздің елімізде заңдық бекітулерден тыс жүзеге асқан еді, оған ойын бизнесін (казино) мысалға келтіріп өтсек болады. Ал қазіргі күні ол ойын-сауық түрлері де заңға сәйкес жүргізіледі және ойын-сауық ғимараттарының әр түрлі түрлері дүниеге келді: ойын автоматтарының жүйесі, казино, көрме залдары, жекеменшік көркемөнер галереялары және басқалары.
Шоу көрсететін әр түрлі өнер топтары, жекеменшік телекомпаниялар және киностудиялардың қалыптасуы - шоу бизнес саласының даму үстінде екенін көрсетеді. Дегенмен, жоғарыда аталғандар қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық нарығында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың толықтай тізімі емес. Көптеген коомерциялық кәсіпорындар өздерінің негізгі мақсатын табыс, қаржы табу деп қана санайды, дегенмен шығармашылық және әдениет үшін жұмыс істейтін кәсіпорындар пайда табумен бірге мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыруы керек екенін ұмытпауы керек. Еліміз азаттығын алып, өркендей бастағаннан бері мәдени, спорттық орындардың, әр түрлі салалық кәсіпорындардың да көлемі ұлғайып, сәтті жұмыс жасауда. Олардың ішінде ерекше көңіл аударып қарағанымыз - қазіргі уақыттағы казино, цирк, кино әлемі, театр және өзге де басқа жаңаша бой көтеріп келе жатқан үлкен-үлкен ойын-сауық орталықтары, кешендерінің еліміздегі қарқындап дамуы.
Көпшілік қауымның әлеуметтік басты тетігі болып есептелетін іргелі орталықтың, яғни ойын-сауықтық кешенінге жататын кәсіпорындардың орын алуы мемлекеттің бүгіні мен болашақғы үшін өркениет нышаны болып қала береді.
Зерттеу құралы - ойын-сауық туризмінің теориялық негіздері, Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының қазіргі жағдайы, оны басқару және ұйымдастыру ерекшелігі, ойын-сауық туризмінің даму мәселелерін талдау, шешу жолдары.
Орындаған дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы ойын-сауықтық индустрияның жетілу жағдайы мен ойын-сауықтық орталықтар мен кешендердің заманауи талаптарға сай екендігін анықтау, дамыту жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың міндеттері ретінде төмендегілерді көрсетуге болады:
- Ойын - сауық инндустриясының теоретикалық мәні;
- Қазақстандағы ойын - сауық индустриясыныңы даму жағдайына талдау жасау, мәселелерін анықтап көрсету;
- Қазақстан Республикасындығы туристік ойын - сауық демалыстарын өткізуді кәсіби деңгейде ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының әдіснамасы. Туризм - қазіргі уақытта Қазақстандағы қарыштап өркендеп келе жатқан сала түрлерінің бірі. Соңғы жылдары Қазақстандағы қалалардың көбісінде ойын-сауық кешендері көптеп бой көтеруде. Отандық өндірушілердің көбісі ойын-сауық индустриясының елімізде дамуын басты назарға алуда. Астана қаласы осы тенденцияны айқындайтын үмітті, ең перспективалы даму үстіндегі өңір болып есептеледі. Белсенді түрдегі демалысқа деген қажеттілік, туристер ағымының көбеюі, іскерлік белсенділіктің артуы қалаға келген қонақтарға және өңірдегі тұрғылықты халыққа заманауи қызмет көрсететін әр түрлі кластағы ойын-сауық кешендерінің, орталықтарының ашылуын талап етеді.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы. Ойын-сауық индустриясын қазіргі заманауи талаптарға сай дамыту мақсатындағы бұл дипломдық жұмыста көрсетілген зерттеу жұмыстарды туризмдегі ойын-сауық индустриясында, ойын-сауық бизнес кешендерінде, ойын-сауық бизнесінде және жоғарғы оқу орындарындағы экономика бағытында оқитын мамандықтар үшін қолдануға болады.
Бірінші бөлімде ойын-сауық индустриясы туралы жалпы түсінік, оның пайда болуы және ойын-сауықтың адам өмірі үшін маңыздылығы, Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясыныңң ұйымдастыру және басқару, осы индустрияны ұйымдастырудагы шетелдік тәжірибелер қарастырылды.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ойын - сауық демалыстарыының даму жағдайы, қазіргі уақыттағы ойын - сауық орталықтарынынң даму тенденциясы, Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық бизнесінің даму жағдайы туралы толықтай ақпарат алуға болады.
Ал үшінші бөлім ойын-сауық демалыстарын өткізуде кәсіби қызметтерді жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасалып, Қазақстан Республикасы заңдарының маңыздылығы мен орындалуы және ойын-сауық демалыстарын дамытуда ұлттық ойындардың қажеттігі мәселесіне арналған.
Дипломдық жұмысты Қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың туристік және ойын-сауық кешенінің индустриясы туралы еңбектері мен аталмыш салаға арналған оқу құралдарын негізге ала отырып орындадық. Дипломыдық жұмыста асық ойындарын ұйымдастыру бойынша «Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу (Асық ойыны) » жобасы ұсынылды, жоба кешенде қолданысқа енгізу үшін қарастырылуға алынды, актісі бар (Қосымша Б)
Дипломдық жұмыспен байланысты G-Global коммуникативті алаңды сайтында «Қaзaқстaн республикасының экономикaлық дaмуындa ойын-сaуық бизнесінің рөлі» тақырыбындағы мақала жарияланды.
Соңғы уақытта елімізде туризм саласының қарқынды түрде жетілуіне байланысты әлеуметтік ғылыми зерттеу де дами түсті. Шетелдік және отандық туристік аймақтар, туризмнің экономикалық-географиялық шарттары, туризмді әлеуметтік-мәдени тұрғыда қарастыру, туристік кешендерді ұйымдастыру тетіктері, туристік фирмалардың, орталықтардың менеджменті, қаржылық-экономикалық аспектілері С. Р. Ердәулетов, А. АЖолдасбеков, Т. Алтынбеков, Л. А. Багрова, Н. В. Багров, А. Ю. Александрова, В. А. Окладникова, Н. Н. Ильина, М. В. Ефремова, Р. А. Браймер, Д. К. Исмаилов, Е. В. Колотов, Н. К. Моисеева, А. Д. Чудновский, В. С. Преображенский, М. А. Жуковамен зерттелген.
Диплом жұмысының құрылысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, бөлімшелерден, қорытындыдан тұрады және суреттерден, кестелерден, қосымшалардан тұрады.
- ОЙЫН-САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІОйын-сауық индустриясының мәні, даму тарихы және туризмдегі алатын орны
Қазақстан Республикасындағы 2007 жылдың 12 қаңтарындағы №219-ІІІ ойын-сауық бизнесі туралы заңына сай «ойын-сауық бизнесі - құмар ойындарын ұйымдастыру мен оны дамытуды қарастыратын қызмет болып саналады» [1] .
Ойын-сауық индустриясы адам өмірімен байланысты көптеген міндеттерді шешеуге септігін тигізеді. Адам өзінің күнделікті тұрмыс-тіршіліктен артылған бос уақытының белгілі бір үлесін ойын-сауықпен толтыра отырып өзін еңбек бірлігі ретінде қалыптастырады. Ойын-сауық индустриясы саласының басты қызметіне адамдардың сұраныстарын, қажеттіліктерін көңілін көтере отыра қанағаттандыруға бағдарланған кәсіпорындар жатады. Мұндай кәсіпорындарға қызмет көрсету бағыты ойын - сауықпен сипатталатын аттракциондар, демалыс саябақтары, цирк, кинотеатрлар, ойын залдары және т. б. жатады. Әр кинотеатрлар, концерт залдары, театрлар сияқты мәдени орындары да ойын-сауыққа жатқызылады. Сонымен қатар, ойын-сауыққа спорттық әрекеттермен байланысты денені шынықтыру қызметтерін де жатқызуға болады: спорттық залдар, спорт клубтары және тағы басқалар. Мұражай, кітапхана, көрмелер сияқты мәдени құндылықтарды да ойын-сауықпен байланыстыруға болады.
Өркениеттің алға жылжуы және жаңа технологиялардың қарыштап дамуы адамның жұмысының жеңілдеуіне әкеліп, бос уақытының көбірек артылуына жол ашады, яғни сонымен бірге әлеуметтік-мәдени ортаның ілгерілеуі де байқалады (сурет 1) . Дүниежүзі бойынша осындай өндіріс түрінің серпін алып, дамуына менеджерлер көп көңіл бөлуде .
Сурет 1. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырудағы
демалыс түрлері
Ескерту - Мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Әлеуметтік-мәдени орта - адамдардың әлеуметтік-мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға байланысты өнімдерін шығарып, қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар жиынтығы. Және мұндай кәсіпорындарға деген сұраныс халықтың төлем қабілеттілігіне, қоғамның қажеттілігіне және модамен байланысты жыл сайын артып келеді.
Мәдени орттадағы жаңа құбылыстарға экскурсиялық қызметті, ұйымдастырылған туризмді, жаңа шоу-бағдарламаларды, модель агенттіктерін, жарнама өнерін, ойын залдарын жатқызуға болады. Заманауи талаптарға сәйкес қызмет көрсету қазіргі заманныңң (Сурет 2) . Кешегі күнге дейін адамдардың көңілінен шығып келген сауықханалар, демалыс орындары, мейрамханалар, тынығу орындары қайталанбастай керемет болып келсе, ал қазіргі кезде олардың біразы көпке таңсық болмай қалып жатқанны бар. Себебі, заманның талабы, жаңашыл өмір сүруді, ауқымының деңгейінің жоғары болуын, одан қала берді қызмет көрсету саласында небір тың жаңалықтар пайда болып, күннен-күнге ерекшелену үстінде.
Сурет 2. Әлеуметтік-мәдени орта классификациясы
Ескерту - Мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Адамзат қоғамының өмір сүру деңгейі жоғарылауымен қатар, оның ойын-сауыққа дегенн сұранысы да арта түсуде. Ең бастапқы кездерде адамдарға жүгіруден жарыстар мен нысанаға тура көздеудің өзі де жеткілікті болған. Уақыт өте келе осы жұмысқа ақыл мен сезімнің қажеттілігі байқалды, сонымен байланысты интеллектуалдық ойындар мен театрлар дүниеге келді. Егер бастапқы кездері ойын-сауық жабдықтары қолдан дайындалған болса, одан соң бұл жабдықтарға техниканың дамуына байланысты жаңа ой, идеялар мен материалдар қолдааныла бастады. Яғни, біз қазіргі уақыттағы адамдардың көңіл-көтерууге деген мақсаттарының, ойларының, өмір сүру салттарының өзгергендігі байқалады. Соған сәйкес ойын-сауық кешендері адамдардың сұраныстарын өтеу үшін қазіргі күнгі нарықты бақылап, зерттеп, адамдардың қалауларын қарастыррады [3] .
Адам не адамдар тобы көңіл-күйлерін көтере отырып өздерінің жан дүниесін байытып, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ойын-сауық индустриясы алдына негізгі мақсаты ретінде көңіл көтеру жағдайларын жасау деп қояды [4] . Өйткені осы жағдайлардан ойын-сауық үрдісінің өтуіне байланысты, ойын-сауық индустриясына ықпал ететін факторлар тәрбие, білім, демалыс, жақсы көңіл көтеру, адамды мәдени тұрғыдан жетілдіру болып келеді (сурет 3) .
Сурет 3. Ойын- сауық индустриясына ықпалын тигізетін негізгі факторлар
Ескерту - Мәліметтер [5] негізінде автормен құрастырылған
Қазіргі ғалымдардың айтуынша адамдар өздерін және артынан қалдырған өз ұрпақтарын тамақтанудан, қорғаудан, киінуден бөлек, күнделікті күйбең тіршіліктен ойын сергіту мақсатымен ойын сауыққа да, яғни көңіл көтеруге де баса назар аударады. Оған мысал ретінде археологиялық зерттеулер мен қазбалар кезінде табылған әртүрлі жарыс және ойын жоспарлары болып табылады. Гректер, римдіктер бізге тек мәдени ғана емес, әлеуметтік-мәдени жоспардағы зор байлық қалдырды. Ал біздер оларды қазіргі күнде де қолданудамыз [6] .
Тарихи даму барысында ойын-сауық әрқашан өзгеріс үстінде болады. Революциялар кестік жорықтар кезінде олар жайлап баяулай бастады, бірақ тоқтап қалмады. Біраз елдерде көптеген заң актілері құмар ойындарының жүргізілуіне тыйым салған, дегенмен адамдардың қалаулары одан сайын арта түскендіктен олар тоқтатылмаған, керісінше жылдан жылға әйгілі бола түскен. Ойын-сауық индустриясының дамуының тарихын зерттеудің бірнеше себептерін атауға болады. Олардың ең бастысы бұрынғы жіберілген қателіктерді қайта кешірмеу болып табылады. Екінші маңызы зор себептерінің бірі адамның шығармашылық табиғатын зерттеу. Және де үшінші себебі, қазіргі уақыттағы қоғамның даму тарихын зерттеу.
Ойын-сауық жалпы туристік индустриямен тығыз байланыста жатқан ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңдағы туристік фирмалар түрлі ойын - сауық турларын ұсынады. Ойын-сауықтық турлар бұл бүкіл дүниежүзі бойынша әр түрлі, өтімді және ең танымал турлар. Ойын-сауық турларының ең басты мақсаты, әрине саяхат жасау барысында адамдардың көңілін көтеру. Ойын-сауықтық турлар да басқа турлар сияқты шектеулі лимиттік уақыт бойынша болады. Олардың уақыт ұзақтығы көбіне 2-4 күн. Ең кеңінен тараған ойын-сауықтық турлар апта аяғында болатын турлар. Тақырыптық саябақтарды аралауға құрылған турлар сияқты кейбір турлардың уақыты 5-7 күнге дейін созылуы әбден мүмкін. Ойын-сауыққа негізінде жасалатын турлар көңіл көтерудің типіне байланысты болады [7] . Сондай турлар түрлерінің бірі ретінде демалысқа келген мекендегі фестивалдық бағдарламаларға, мерекелік іс-шараларға қатысуды қарастырса болады. Сонымен бірге ойын-сауық турлары кезінде тақырыптық саябақтарға бару өте кеңінен белең алған. Ондай тақырыптық саябақтарға кіру үшін арнайы билеттер сатылынып алынады және көбіне ол билеттер жеңілдіктер бойынша берілуі мүмкін. Ойын-сауық сипаптындағы кешкі уақыттағы іс-шаралардың болуы да мүмкін. Оларға арнайы концерттерге, мейрамханаларға баруды жатқызуға болады.
Бүгінгі таңда тамақтандыру орындары да туристерге өздерінің негізгі қызметтерінен басқа, ойын-сауық іс-шараларын ұсынуды басты назарға алған. Сол себепті де көбінесе турда тамақтануға кешкі асты кіргізбеуі мүмкін. Себебі мұндай мейрамханалар мен тамақтану орындарында тамақтанудан басқа да, шоу бағдарламалар мен қойылымдар туристік фирмалар үшін олар турдың толықтай құнын өтемеуі де мүмкін. Ойын-сауық турлері екіге бөліп қарастырылады:
1. Тек бір реттік турлар - мейрам кездерінде, демалыс уақыттарында, немесе басқа да дәстүрлі фестивальдар (Рио-де-Жанейро, Венециандық) ретінде, қандай да бір болмасын ерекше жағдайларда (қаланың құрылғанына 100 жыл толу сияқты) ұйымдастырылуы мүмкін.
2. Әрқашан жұмыс жасап тұратын арнайы орындарда болатын үллкен-үлкен ойын-сауық орталықтары немесе мекемелер (Лас-Вегастағы және Сан-Ситидегі (Африка) тақырыптық саябақтар немесе Диснейленд және тағы басқалары), сондай ақ, жұртшылыққа өте танымал емес туристер қызығушылық танытатын, көлемі де кішігірім ойын-сауыққа арналған өзге де жерлер. Мұндай турлар қызметтерін жыл бойы көрсетеді [8] .
Уақыттың өтуімен бірге туризмнің дамуымен бірге ойын-сауық түрлері бір орында тоқтап қалмай, дамып отырды:
- Аттракциондық саябақтар - адамдарға, туристерге уақытарын пайдалы әрі жақсы өткізуге арналған аттракциондар және басқа да көңіл көтеруге арналған құрылғылар жинақталған жалпы термин. Мұндай демалыс саябақтарын ұйымдастыруға, жабдықтауға жай ғана қарапайым саябақ немесе ойын алаңдарын құрғанға қарағанда көбірек қаражат жұмсалады. Өйткені мұндай саябақтар барлық жас топтарына, яғни жастарға да, егде жастағы адамдарға да, әр жастағы балаларға да арналады. Ең алғашқы болып саналатын ең көне демалыс саябағы 1583 жылы Данияда Копенгагеннен бірнеше шақырым жерде жатқан Клампенборгте ашылған. Келесі реттегі көне саябақтардың бірі 1766 жылы Венада ашылған Пратер саябағы. Ал 1810 жылы Мюнхенде (Германия) ойын-сауық саябағы ашылған. Жәнеде осы уақытқа дейін бұл саябақта жыл сайын көңіл көтеретін карнавалдар өтіп тұрады.
Ресейде ең алғашқы ойын-сауыққа арналған саябақтар XVІІ ғасырдың аяғы мен XVІІІ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады. Ресейлік ойын-сауық саябақтарының сол уақыттағы ең әйгілі аттракциондары орыс сырғанақтары болған. Ал АҚШ-та мұндай сырғананқтар тек біршама уақыттар өткеннен кейін ғана барып пайда болды. Одан соң осындай үлкен аттракциондар пайда бола бастады. Ең үлкен саябақтың ашылууы да Ресейде болды. Қазіргі күнге дейін атауын сақтап келген Горький саябағы әлі күнге дейін Шығыс Еуропа бөлігіндегі ең үлкен саябақ болып саналады. Тақырыптық саябақтар - қазіргі заманғы заманауи саябақтар. Тақырыптық саябақтар қандай да бір тақырыптарға байланысты болады немесе өзіндік тақырыыпқа ие бірнеше бөһліктерге бөлінеді. Флорида (АҚШ) штатындағы Walt Disney World ( Уолт Дисней Әлемі) бірнеше тақырыпты біріктіретін саябаққа жатқызылады.
Уолтер Кнотт және оның отбасы 1910 жылы жол бойында орналасқан шағын станцияда жеміс-жидек сатумен шұғылданады. Ал 1934 жылдан бастап Корделия есімді Кноттың әйелі пісірілген тауық етін сата бастайды, кейін бірнеше жыл өткен соң олардың мейрамханалары ашылады. Мейрамханаға ағылған адамдар ұзын сонар кезекке тұратын. Кезек күтіп тұрған адамдардың көңілін басқа жаққа бұру үшін 1940 жылы Уолтер Елестер қалашығын салады. Дегенмен тек 1968 жылы Кноттың отбасы өздерінің фермаларын қоршап, тек осы жылдан бастап қана ең алғашқы рет саябаққа кіруге ақша ала бастайды. Осылай Кнотт Уолтердің жеміс-жидек саябағы ең алғашқы демалыс саябағына айналды. Осыдан 6 жыл өткен соң Индиана штатында Мейрам әлемі (Holiday World) дүниеге келді және оны американдықтар тарихтағы ең алғашқы тақырыптық саябақ деп санайды. Дегенмен де, тақырыптық ойын-сауық саябағының тұжырымдамасын алғаш рет ұсынған Уолт Дисней деп есептеледі. 1955 жылы Уолт Диснейдің атақты аттракциондар саябағы ашылды. Шамамен бірнеше жылдар өткен соң Америка тақырыптық ойын-сауық саябақтары саны бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі болды [8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz