Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы


Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
- ЭКСКУСИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Экскурсиялық туризм түсінігі, түрлері мен пайда болу тарихы . . .
- Қазақстандағы туристік-экскурсиялық істің нормативтік құжаттармен реттелуі . . .
- Шетел тәжірибесіндегі экскурсиялық туризмнің ұйымдас- тырылуы . . .
- ҚР ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
- Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің қазіргі жағдайын талдау . . .
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қазіргі жағдайын талдау . . .
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметінің тиімділігін анықтау . . .
- ҚР ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
- Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің мәселелері . . .
- Қазақстан Республикасында экскурсиялық туризмді жетілдіру жолдары . . .
- Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің болашағы . . .
кіріспе
Туризм - Қазақстан экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Туризм маңызды экномикалық кластерлердің бірі болып табылады және кластер ретінде Қазақстан экономикасының маңызды жеті саласының тізіміне кірді. Туризм әлемнің көп елдерінде жұмыс орындарын құруға, ЖІӨ-ді қалыптастыруға, сыртқы саудадағы баланстың белсенділігіне ықпалын тигізеді. Туризм - бүгінгі таңда әлемдегі ең табысты бизнес түрлерінің бірі. Халықаралық байланыстарда және валюталық түсім көзі ретінде туризмнің маңызы жыл өткен сайын артуда.
Тек қызықты саяхаттар мен сапарлар ғана ұмытылмас әсер мен сезім қалдырып, адам өмірін түрлендіре алады. Сондықтан көптеген адамдар күнделікті шаруадан тынығу мақсатында басқа елдерге күш жинап, демалуға барады. Кейде демалысты әр түрлі танымдық бағдарламаларға қатысу барысында білуге болатын жаңа және пайдалы ақпарат алумен байланыстыруға болады. Туристер арасында сол елдің көрікті жерлерімен, табиғатымен, сәулет ескерткіштерімен танысу мақсатында жүргізілетін сапарлар мен саяхаттарды қамтитын экскурсиялық туризм ерекше танымалдылыққа ие.
Экскурсия - жеке тұлғаның басқа елдегі туристік ресурстарды уақытша танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі [1] . Экскурсиялық туризм басқа мемлекеттің немесе аймақтың халқының салт-дәстүрімен, көрнекті жерлерімен, театрларымен, музейлерімен, мәдениетімен, тарихы ескерткіштерімен танысу мақсатындағы сапар болып табылады. Экскурсиялық қызмет туризм саласының дамуының, ел экономикасының өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып саналады.
Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» бағдарламасының негізінде өзінің Қазақстан халқына жолдауында бүгінгі таңда туризмді дамыту аса маңызды екендігін атап өтті. «Қазақстан 2030» бағдарламасына сәйкес мүмкіндіктері зор әрі бәсекеге қабілетті салалардың қатарына орман және орман өңдеу, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым, тұрғын үй-құрылысы, сонымен қатар туризм саласы да кірді. Соңғы уақыттары туризм әлеуметтік және экономикалық саладағы қарқынды дамып келе жатқан қызмет түрі болып табылады. Бүгінгі таңда туризмнің экономикадағы алатын орнына үлкен көңіл аударылып жатыр, яғни мемлекеттік кіріске, жұмыспен қамтамасыз етуде, жеке табыста, т. б. алатын рөлі қарастырылуда.
Қазақстанның экономикадағы маңызды мәселелерінің бірі - туризм саласын ілгері жылжыту болып табылады. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанда туризмді дамытуға қолайлы факторлардың молдығын, соны дұрыс пайдалана отырып, туризмнің ілгері дамуына зор ықпал жасау керектігін айтып өтті.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасында экскурсиялық туризмнің ел экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының қатарынан көрініс таппауы болып табылады. Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде туризм саласының маңызды бөлігі және дамудың қарқынды деңгейімен сипатталады, дегенмен Қазақстанда экскурсиялық туризм де жалпы туризм саласы секілді жақсы дамымаған. Оны келесідей себептермен сипаттауға болады:
- жаңа бағыттағы экскурсиялардың жоқтығы;
- туристік кәсіпорындар тарапынан жүргізілетін экскурсялардың бағасының қолжетімсіздігі;
- білікті экскурсовод мамандардың жеткіліксіздігі;
- экскурсиялық қызмет саласындағы ұлттық стандарттардың болмауы;
- экскурсияларда туристердің қызығушылығын арттыратын шаралардың ұйымдастырылмауы. Сондықтан бұл саланы әрдайым жетілдіріп отыру маңызды қажеттілік болып табылады. Бұл зерттеуді жетілдіруді қажет етеді. Осылайша, бұл дипломдық жұмыстың өзектілігін ашады.
Дипломдық жұмыста экскурсиялық туризмнің теориялық негіздерін аша отырып, Қазақстандағы экскурсиялық туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасау арқылы еліміздің экономикасының даму факторы ретінде рөлі анықталды.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде экскурсиялық туризмнің даму жағдайы мен қалыптасуы алынып, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мысалында талдау жасалды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып экскурсиялық туризмнің функциясы, қағидалары және әдістемесі және оны жетілдіру жолдары табылады.
Дипломдық жұмысытың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризм жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыстың міндеттері алға қойылады:
- экскурсиялық туризмнің теориялық-әдістемелік негіздерін оқу;
- Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайын талдау;
- Ұлттық музейіне келушілерден сауалнама алу арқылы музйге келугілердің көзқарастарын талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмді жетілдіру жолдарын ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы музейлерде экскурсиялық қызметті жетілдіру жолдарын ұсыну арқылы тиімділігін бағалау.
Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі жалпы ғылыми әдістер қолданылды: талдау және жинақтау, салыстыру, әлеуметтік сауалнама, математикалық статистика әдістері. Сонымен қатар, теориялық-әдістмелік негізі Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілері, анықтамалық, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтерін құрайды.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы ұсынылған музейдегі экскурсияларды жүргізудің инновациялық жолы - квест-экскурсияны құрастыру барысында музейдегі маңызды экспонаттар негізге алынғандығымен анықталады. Сонымен қатар, дайындалған квест-экскурсия басқа да музейлер мен экскурсиялық қызмет көрсететін туристік кәсіпорындардың қызығушылығын тудыруы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі мәліметтері, талдау материалдары және ұсыныстар экскурсиялық қызмет көрсету саласындағы субъектілерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға қолданылуға ұсынылады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері дипломдық жұмыстың құрылымын анықтады. Осыған орай, дипломдық жұмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар мен 27 суреттен және 25 кестеден тұрады.
1 ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экскурсиялық туризм түсінігі, түрлері мен пайда болу тарихы
XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басында Англия, Франция, Германия, Австрия және басқа елдердің оқу орындарында жеке пәндерді оқыту барысында педагогтар білім алушылармен бірге аймаққа жаяу сапалар мен саяхаттар жүргізуді пайдалана бастады. Осы қарапайым саяхаттардың формасы «экскурсия» атауын алды.
«Экскурсия» сөзі латынның « excursіo » сөзінен шыққан, «серуендеу», «сапар» деген мағынаны білдіреді [1] .
Атақты чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670) оқу мәліметтерін көру арқылы қабылдаудың маңыздылығын түсініп, балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу жүйесіне қозғалысты ойындар мен саяхаттарды қосуды талап етті.
XVIII ғасырдың соңында Ресейдің танымал педегогтары Ф. И. Янкович де Мириево, В. Ф. Зуев, прогрессивті әдеби қайраткерлер В. К. Тредиаковский, М. М. Херасков, А. Н. Радищев табиғатта экскурсиялық серуендерді ұйымдастырудың ақылға қонымды екендігін айтты [2] . Олар педагогика мәселелерін өлкетанумен және музейтанумен байланыстырды. 20 жылдан астам уақыт жастарды тәрбиелеумен айналысқан В. Генш білім мақсатындағы сапарларды түсініп, жоғары бағалады.
XIX ғасырдың басында кейбір жеке гимназиялар мен коммерциялы училищелер табиғатта экскурсия жүргізе бастады. Экскурсоводтың рөлін педагогтар атқарды. Экскурсиялар мектеп сабақтарына қосымша ретінде жүргізілді. Экскурсиялық қызметтің педагогикалық мақсаттылығын алғаш рет теориялық түрде Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы К. Д. Ушанский (1824 - 1871) дәлелдеді [3] . «Родное слово» деп аталатын өзінің бастауыш сыныптарға арналған кітабында өлкетануға көп мән бере отырып, экскурсияны қоршаған ортамен байланыс жасайтын маңызды құрал ретінде қарастырды. «Экскурсия» терминіне сөздіктер мен энциклопедияларда әр түрлі анықтамалар, түсініктер берілді (кесте 1) .
Кесте 1
«Экскурсия» терминіне берілген анықтамалар хронологиясы
Анықтама авторы,
ақпарат көзі
Кіші кеңестік
энциклопедия, 10 том
1-кестенің жалғасы
Үлкен кеңестік
Энциклопедия
Л. Н. Ушаков
(орыс тілінің
түсіндірме сөздігі)
Кіші кеңестік
энциклопедия, 10 том
ҚР Туристік
қызмет туралы заңы
Бесекей Еркін,
Қонақ үй бизнесі
Жоғарыдағы кесте 1-де «экскурсия» терминіне берілген анықтамалар мен түсініктер жүйелі түрде, хроникалық тәртіппен көрсетілген. Ең алғаш (1882 ж. ) болып бұл сөзге түсінік берген В. Даль екенін көруге болады. Сонымен қатар, бұл терминге заңды түрде анықтама берілді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 «Туристік қызмет туралы» заңында экскурсия терминіне келесідей анықтама берілген: «Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі». Келесі кезекте экскурсия тарихындағы маңызды күндер хронологиясы сипатталады (кесте 2) .
Кесте 2
Экскурсия тарихындағы маңызды күндер
Жоғарыдағы кесте 2-де экскурсия тарихындағы маңызды оқиғалар, яғни экскурсияның ерте заманнан бері дамып келе жатқандығын айқындайтын деректер хроникалық тәртіппен ұсынылады. Кестеден экскурсия тарихы сонау б. з. д. ІІ ғасырда бастау алғандығын көрсетіледі және 2017 жылы «EXPO - 2017» халықаралық көрмесінің өткізілуіне орай 2015 жылы Қазақстанда «EXPO - 2017» халықаралық көрмесіне дайындық басталуна дейін сипатталады.
Экскурсиялық туризм түсінігінің мәнін одан ары қарай ашу үшін оның функцияларымен танысқан жөн. «Функция» латын тілінен аударғанда орындау, жүзеге асыру, қызметтер шеңбері, міндет деген мағынаны білдіреді [6] .
Функция - қандай да бір объектінің сыртқы көрінісі, белгілі бір ұйымның немесе мекеменің жұмыс жасау формасы. Функционалдау жұмыс істеу, қызмет атқару деген мағынаны білдіреді. Экскурсияның функциясы оның ең басты қасиеті болып табылады [7] . Экскурсияның маңызды функциялары:
Ғылыми насихаттау функиясы. Экскурсия саяси, философиялық, ғылыми, әдеби және басқа да көзқарастарды, ойлар мен теорияларды дамытуға қабілетті. Ғылыми насихаттау функциясын атқара отырып әрбір экскурсияның нақты бағыты болуы керек. Экскурсияның негізіне насихаттау, ғылымилық, идеялылық, өмірмен байланыс, табыстылық және сенімділік қағидалары алынады. Осы қағидалар насихаттау мәнін көрсетеді, ондағы басты мәселені анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылымилық қағидасы. Тәрбиелеу және білім беру формасы ретінде экскурсияның басты қасиеті болып ғылыми сипаты табылады. Экскурсияның міндеті - ғылыми білімнің таралуына мүмкіндік беру. Экскурсияның мазмұны заманауи ғылымның белгілі бір бөлімдерімен сәйкес болуы және көзқарастың қалыптасуына әсер етуі керек. Фактілер, оқиғалар, теориялық тұжырымдамалар объективті ғылыми баға алуы тиіс.
Идеялылық қағидасы. Идея - қойылған мақсатқа жету үшін іс-әрекеттердің анық жоспары. В. Даль идеяны «парасатты ой, заттың бейнесі туралы түсінік» деп қарастырады [8] .
Идеялылықты белгілі бір ойлар жүйесіне шынайылық ретінде қарастыру керек. Идеялылық қағидасы экскурсия дайындау барысындағы ақпарат мазмұнының нақтылығына объективті тәсілді және экскурсанттарға осы ақпаратты жеткізетін экскурсоводтың сенімділігін білдіреді. Әрбір экскурсияның осы талап бойынша құрастырылғаны маңызды, яғни, осыған сәйкес экскурсияға арналған құжаттар құрылғаны маңызды - мәтіндер мен әдістемелік тәсілдер. Экскурсоводтың мәтінді өзінің идеялық сенімділігін таныта отырып, ғылыми теорияға негіздеп баяндауы да маңызды болып табылады. Идеялы экскурсовод - өз қызметінде және барлық іс-әрекетінде нақты қағидалармен жұмыс істейтін білікті маман.
Теорияның өмірмен байланыстылығы. Экскурсия материалдары өмірмен, шынайылықпен тығыз байланысты болуы тиіс. Деректі материалдарды баяндау тарихи және басқа үрдістер негізінде жатқан заңдарға сүйене отырып қорытындылармен берілуі керек.
Ақпарат функциясы. Экскурсия білгілі бір нақты бағыт бойынша ақпараттар жиынтығын ұсынады: медицина, биология, тарихи ғылым жетістікері туралы; археологтардың жаңалығы туралы; шаруашылық және мәдени саладағы жаңалықтар туралы. Газет, радио, теледидар, дәрістер секілді маңызды ақпарат құралдарынан экскурсия жоғары көрнекілігі арқылы айырмашылық жасайды. Экскурсиядағы ақпараттың басым бөлігі объектіні көрсету арқылы жүзеге асырылады. Экскурсияларда ақпараттың болуы экскурсоводтың тақырыптан ауытқып, жалпы өмірде болып жатқан соңғы оқиғаларды хабарлауы тиіс дегенді білдірмейді. Экскурсия жүргізудің негізі бекітілген ақпараттың болуы деуге болады. Тақырыптық экскурсиялардың мазмұнын таңертеңгі радио немесе теледидар жаңалықтарымен толықтырған дұрыс емес.
Бос уақытты мәдени ұйымдастыр функциясы. Бос уақыт - адамның жұмыстан кейінгі өз қарауында қалған жұмыстан тыс уақыты. Бос уақытты тәулік, апта, жыл аясында өз қалауы бойынша белсенді шығармашылыққа немесе қоғамдық қызметке, достарымен қарым-қатынасқа, қалаған ісімен шұғылдануға арнайды.
Белгі деп белгілі бір құбылыстар мен заттардың бір-бірінен айырмашылығын немесе бір-біріне ұқсастығын көрсетуін айтады. Экскурсия мәдени-ағарту жұмыстарының (дәрістер, тақырыптық кеш, ауызша журнал, оқырман конференциясы) басқа да формасы секілді ұйымда өзіндік ерекшеліктері мен өткізу тәсіліне ие болуы керек.
Барлық экскурсиялардың ортақ белгілері бар [9] :
- Өткізу уақыты бойынша ұзақтығы бір академиялық сағаттан (45 минут) бір тәулікке дейін.
- Экскурсанттардың болуы (топтар немесе жеке) .
- Экскурсия жүргізетін білікті экскурсоводтың болуы.
- Орналасқан жерінде экскурсиялық объектілерді көрсету, көру арқылы қабылдау, көрнекілігі.
- Алдын ала құрылған маршрут бойынша экскурсияға қатысушылардың қозғалуы.
- Объектілерді көрсетудің мақсаты, анық тақырыптың болуы.
- Экскурсияға қатысушылардың белсенділігі (объектілерді бақылау, оқып білу, зерттеу )
Аталған жеті белгінің бірінің болмауы өткізілетін шараны экскурсия деп атау құқығынан айырады. Аталған жалпы белгілерінен басқа экскурсияның әр түріне тән арнайы белгілері болады:
- автобусты - ескерткіштерді көру үшін автобустан міндетті түрде шығуы;
- музей - стендте орналасқан материалдармен танысу;
- өндірістік - объектілерді көрсету (стнок, агрегаттар, механизмдер) .
Жіктеу - ортақ белгілеріне байланысты заттарды, құбылыстарды, түсініктерді кластары, бөлімдері, топтары бойынша бөлу.
Экскурсияны жіктеу туралы мәселе экскурсиялық қызметкерлер мен ғалымдардың назарын аударды. Бұл мәселенің шешімін табудың алғашқы талпынысы 20 жылдардың соңына жатады.
Экскурсиялық қызмет көрсету дербес қызмет (мысалы, демалыс үйлерінде, мектептерде) секілді, туристік қызмет кешенінің (туристік фирмаларда) бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта экскурсияны былай жіктейді (сурет 1) :
- мазмұны бойынша;
- қатысушылардың мазмұны мен саны бойынша;
- өткізілу орны бойынша;
- қозғалу тәсілі бойынша;
- ұзақтығы бойынша;
- өткізу формасы бойынша.
Мазмұны бойынша экскурсия шолу және тақырыптық болып бөлінеді. Шолу экскурсиялары, ережеге сай, көптақырыпты болып келеді. Оларда тарихи және заманауи ақпараттар қолданылады. Мұндай экскурсиялар әр
Сурет 1. Экскурсияның жіктелуі
Ескерту - Мәліметтер [10] негізінде автормен құрастырылған
түрлі объектілердің көрсетілімінде жүргізіледі (тарихи және мәдени ескерткіштер, ғимараттар мен құрылыстар, табиғи объектілер, өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындар және т. б. ) . Шолу экскурсияларында оқиға үлкен жоспармен баяндалады. Бұл қала, аймақ, облыс, республика, мемлекет туралы жалпы көрініс береді.
Шолу экскурсияларының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тақырыптық экскурсиялардан айырмашылығы олардың тақырыптарын тұжырымдау белгілі бір қиындықты көрсетеді. Олардың әрқайсысында бірнеше тақырыпшалар болады (қаланың тарихы, өнеркәсіптің, ғылымның, мәдениеттің, бөлімнің қысқаша сипаттамасы, т. б. ) Сонымен қатар, шолу экскурсияларына айқын сипат тән. Олар белгілі бір қала, облыс, аймаққа тән тарихи даму ерекшеліктерімен баяндалады. Мысалы, әскери-тарихи тақырыпша шолу экскурсияларына аумағында әскери айқастар өткізілген аймақтарды қосады. Әдеби тақырыпшалар шолу экскурсияларына жазушылар, ақындардың және т. б. өмірімен және қызметімен байланысты қалаларды қосады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz