Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру


Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
3. 1 Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастырудың
мәселелері мен шешу жоллдарын . . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі әлеуметтік және мәдени туризм түрлерінтуризмнің бір түрі ретінде қарастыру және оның ұйымдастырылу жолдарын зерттеу. Әлеуметтік және мәдени туризм салаларын жеке қарастырады. Сондықтан нақты анықтамасы жоқ. Әлеуметтік туризмге негізделген ұйымдар, қорлар туристердің мәдени мақсатта демалуға арналған турларын ұсынады. Қоғамның аз қамтылған мүшелеріне туристік қызметтердің қолжетімді болуына негізделеген, мәдени мақсаттағы туризм түрі.
Туризм -қазіргі әлемнің жаһандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени феномені болып табылады. Туризм негізінен адамдардың мәдени жәнеспорттық, танымдық және рухани даму қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Туризм адам өмірінің бір бөлігіне айналды, себебі қазіргі уақытта адамдар әрдайым рухани даму үстінде, жаңа мәдениетті, жаңа білімді алуға талпынуда.
Мәдени туризм туризм ежелгі кезеңнен бастап басқа туризм түрлеріне қарағанда көп сұранысқа ие және әлем бойынша танымдық мақсатта саяхаттайтын туристер басым. Қазіргі таңда мәдени туризм жаңа бағыттағы ерекеше түрлерді қамтиды.
Ал, әлеуметтік туризм ХХ ғасырдапайда болып, казірге дейін дамуда, жаңа жобалар іске асырылу барысында. Әлеуметтік туризм, негізінен, табыс деңгейі төмен отбасыларға, мүгедектерге, жетім балаларға, студенттерге бағытталған. Әлеуметтік туризм туризмнің барлық түрлерімен тығыз байланыста, соның бірі мәдени туризммен байланысы ерекше.
Қазақстанда ЮНЕСКО қорғауындағы мәдени мұра объектілер саны 3. Ал тарихи мәдени объектілер саны 5 және алдын ала мәдени мұра тізіміне еніп тұрған 13 нысан бар.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған концепциясында негізгі кластерлер мәдени туризмнің объектілері болып табылады және оларды дамыту, жаңа ұлттық жоба құру жазылған. Сонымен қатар, әлеуметтік туризмді дамыту керектігі жөнінде айтылады. Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында әлеуметтік туризмді дамыту жөнінде және туризм индустриясын дамыту үшін шетел инвесторларын тарту жайлы айтылған.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының екінші қағидасы негізінен тек әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарға арнауы тиіс екендігі жайлы көрсетілген және әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдарға, соның ішінде, мүгедектерге, денсаулығы нашар балаларға, зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз адамдар тобына жауапкершілікті мемлекет толықтай өз мойнына алу керекті жазылған. Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар тобына көмек жүйесін әрдайым жетілдіріп тұру керек екендігін көрсеткен.
2020 концепциясында әлеуметтік туризмді дамыту керектігі көрсетілген. Әлеуметтік туризмнің дамуы, ең алдымен, Қазақстанның ішкі туризмінің, туристік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» Стратегиясының үшінші бөлімі әлеуметтік саясаттың жаңа принциптеріне негізделген.
«Қазақстан-2050» стратегиясының әлеуметтік саясат бөлімінің басты мақсатына - әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы болып табалады. Бұл- ең жақсы кепілі. Тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс халық арасында өсіп келеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігінің мәні: қазіргі таңда әлеметтік-мәдени туризмнің біртұтас ретінде қарастырылып толығымен зерттелмеген. Әлеуметтік-мәдени туризм қоғамның аз қамтылған мүшелеріне туристік қызметтерді қолдануына қолжетімді етіп ұйымдастырады. Бұл екі туризм түрін бірге қарастырған тек оң әсерін береді. Себебі, адамдарға шығармашылық, танымдық, рухани жағынан дамып тұру маңызды. Ал бұл ретте, әлеуметтік көмек арқылы мәдени орындарға, мәдени бағытта демалуға туристердің мүмкіндіктері болады.
Әлеуметтік және мәдени туризмді зерттеген авторларға Ердаулетов С. Р., Сущинская М. Д., Рындач М. А., Кускова А. С., Биржаков М. Б., Үстенова Ө. Ж., Жүнісбекова Б. Б., Алдашева А. А. жатады.
Зерттеу объектісі - әлеуметтік-мәдени туризм.
Зерттеу құралы-Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру.
Зерттеу мақсаты -Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризм ұйымдастыру жолдарын талдау және ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
Зерттеу міндеттері -Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастырудың жаңа бағытын қарастыру. Бұл міндетке жету үшін келесі жұмыстар атқарылды:
-жалпы әлеуметтік және мәдени туризмнің мәні мен даму тарихы зерттеліңді;
-әлеуметтік-мәдени туризм түрлері мен ұйымдастыруда әсер етуші факторлар қарастырылды.
-шетел тәжірибиесінде әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру жолдарын зерттеп, Қазақстанға қалай енгізуге болатын қарастыру.
-Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмнің қазіргі таңдағы жағдайын талдау;
-Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени туризмді жақсарту мақсатындағы іс-шаралар.
Әдіснамалық зерттеу - Қазақстанда «Өнер толқыны» фестивалін енгізуден күтілетін шаралар бойынша жүргізілген SWOT талдау, жалпылама салыстырмалы талдаула қоса жүргізілді.
Тәжірибелік мәні Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени туризмді жақсарту мақсатында фестиваль жұмысын енгізу
Дипломдық жұмыс үш бөлiмнен құрылғaн. Жұмыста 18 сурет, 16 кесте қарастырылған.
1. ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Әлеуметтік-мәдени туризмнің мәні жәнедаму тарихыТуризм -қазіргі әлемнің жаһандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени феномені болып табылады. Туризм негізінен адамдардың мәдени жәнеспорттық, танымдық және рухани даму қажеттіліктерін қанағаттандырады. Туризм адам өмірінің бір бөлігіне айналды, себебі қазіргі уақытта адамдар әрдайым рухани даму үстінде, жаңа мәдениетті, жаңа білімді алуға талпынуда.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңында көрстеілген анықтамаға сәйкес: «Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты»[1] .
Мәдени туризм туризм ежелгі кезеңнен бастап басқа туризм түрлеріне қарағанда көп сұранысқа ие және әлем бойынша танымдық мақсатта саяхаттайтын туристер басым. Қазіргі таңда мәдени туризм жаңа бағыттағы ерекеше түрлерді қамтиды. Ал, әлеуметтік туризм ХХ ғасырдапайда болып, казірге дейін дамуда, жаңа жобалар іске асырылу барысында. Әлеуметтік туризм, негізінен, табыс деңгейі төмен отбасыларға, мүгедектерге, жетім балаларға, студенттерге бағытталған. Әлеуметтік туризм туризмнің барлық түрлерімен тығыз байланыста, соның бірі мәдени туризммен байланысы ерекше.
Қазақстандық және Ресей авторлары әлеуметтік туризмге өз анықтамаларын берген(кесте 1) .
Кесте 1
Әлеуметтік туризм анықтамалары
Мәдени туризм анықтамалар көп, бірақ олардың жалпылама мағынасы, олмәдени туризм жрегілікті жердің мәдениеті мен ерекшелігін қалыптастыруға себеп болған арнайы орындармен танысуға бағытталған деп айтуға болады. Сонымен қатар, нысандардың тартымдылығы, мәдени жердің ландшафты, өнер, мәдени және тарихи мұрасы ғана емес, сонымен қатар осы аймақта тұратын адамдардың өмір жолы, дәстүрі мен әлеуметтік жағдай және тағы басқалары бар(кесте 2) .
Кесте 2
Мәдени туризм анықтамалары
Осы анықтамаларға сүйене отырып, әлеуметтік-мәдени туризмнің анықтамасын беруге болады. Әлеуметтік-мәдени туризм дегеніміз - адамзаттың табиғи және мәдени мұрасын, басқа ұлттың дәстүрін, мәдениетін тануда танымдық мақсатты көздейтін саяхаттардың қаржыландыру көздері мемлекет тарапынан немесе кәсіпорынның ұсынған жеңілдіктері, қайырымдылық қорлардың арнайы бағдарламалары арқылы жүзеге асатын, халықтың күнкөрісі төмен топтарына, мүгедек адамдарға, зейнеткерлерге, отбасы жағдайы нашар балаларға арналған, саяхаттың қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризмнің түрі болып табылады.
Адам пайда болған уақыттан бастап, негізгі өмірін саяхаттап келеді. Саяхат мақсаттары әр уақыт аралығында әр түрлі бағытта болды. Ең басында негізгі мақсат ретінде жаңа жерлерді ашу, жаулап алу болса, кейіннен діннің пайда болуына сәйкес, діни мақсаттығы қажылықтар кеңінен таралды. Білім, ғылымның даму аясында, адамдар білім іздеп басқа елдерге, басқа материктерге саяхат жасады, одан кейін сауда-саттық дамып, ол да туризмнің бір түріне айналды. Ғылыми-техникалық прогрес саяхаттау шараларын адамдарға қолжетімді қылып, туристер санын ұлғайтты.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Туризмнің даму тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырады[7] . Олар:
1-кезең. Яғни, ХІХ ғасырдың басына дейін туризмнің жалпылама тарихын қамтиды. Бұл уақыт аралығындатуризм негізінен оқу мақсатында, емделу, яғни рекреациялық, діни орындарға бару, сауда-саттық бағытындағы саяхаттар болды.
2-кезең. Негізгі қамтылған уақытыХІХ ғасырдың басы- ХХ ғасырдың басына дейінгі аралық. Бұл кезеңде басты туристер ретінде бай адамдар саналды, сондықтан бұл элитарлық туризмнің кең таралған уақыты. Сонымен қатар, жаппай туризм дами бастады. ХІХ ғасырдың басында көлік құралдарының, яғни пароход, паровоз және т. б. пайда болғандығы арқасында саяхаттау жеңілдене түсті және барлық адамдарға қолжетімді бола бастады. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында саяхаттау арзандай бастағаны халықтың өмір сүру деңгейін де жоғарылай түсті.
3-кезең. ХХ ғасырдың басы мен ІІ дүниежүзілік соғыс аралығын қамтыды. Бұл кезеңнің ерекшелігі жаппай туризмге көшуі және әлеуметтік туризмнің дамуы болды. Бірақ, І дүниежүзілік соғыс пен дағдарыс әсерінен туризм дамуы тоқтап қалды.
4-кезең. ІІ дүниежүзілік соғыстан бастау алып, қазіргі уақытқа дейінгі туризм дамуын қарастырады. Бұл кезеңнің жаңашылығы өндірістік ауысымдарының ұйымдастырылуы, жаңа туристік өнімнің пайда болуы, туристік ұйымдардың құрылуы, жұмыс уақытының қыскарылуы нәтижесінде, саяхаттауға уақыт бөліне бастады. Соның арқасында туризмнің дамуы алға шықты.
Туризмнің алғашқы әр-алуан түрлері ежелгі Мысырдың өзінде-ақ пайда болды. Мысырлықтардың көпшіліктері пирамидалар мен өнер туындыларын көру үшін саяхаттаған, яғни ең алғашында туризмнің мәдени -танымдық объектілерін көру туристердің басты назарында болған. Дәлел ретінде, біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырда Мысыр фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған [8] .
Алайда, антикaлық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байлaнысты болды. Атaлмыш мемлекеттерде туризмнің экономикaлық жағынa көп көңіл бөлінді.
Ежелгі Грекияда да, негізінен мәдени туризм дами бастады, мысалы, өте танымал болған Олимпиядағы Зевс ғибадатханасын немесе Дельфтегі сұлулық құдайы Аполлонның резиденциясын көруге көптеген адамдар қызығушылығын танытып жатты. Бұндай сaяхаттардың мақсатына ежелгі әлемнің барлық тараптарынан мыңдаған қатысушылары бар Олимпиада ойындары да кіретін. Олимпиадаға аттанушылардың барлығы Зевстің қонaқтары болып саналaды. Олaрдың ішінде сыйлы қонaқтарда болды. Әдетте олaрды қабылдaушы тарaп қaрсы aлып, орнaластырып, тамақтандырады. Келушілер үшін тұрaқтайтын трaктирлер мен сарaйлар салынатын. Туристердің сaны көп еді және стaдиондарға 40 мыңға дейін адам сыятын. Ал келген туристер тaнымдық мaқсатта көне храмдарды тамaшалап, қалaғандары қосымша aқы үшін гид қызметтерін қолданатын.
Сaяхаттардың жaнданып, өркендеуі ежелгі Римде ғaна орын aлды. Римдіктер өздерінің орaсан үлкен империясының aумағы бойынша алыс қaшықтықтарға саяхаттап шығaтын. Ал сол уaқыттарда сaяхаттаудың шарт-талаптары жaқсы болaтын. Империя aумағында сaлынған жолдaр мен тұрaқтауға арналған сарайлар желісі болатын. Барлық жерлерде Рим тиындары қабылданатын, ал лaтын тілі бaрлық жерде қолдaнатын тіл болды. Сaпаршыларға қызметтер көрсетуге және олaрдың қaуіпсіздігіне қaтысты алғaшқы ережелер Рим замaнынан бaстау алaтын.
ІV ғасырда қaсиетті жерге қaжылық және танымдық мақсaттағы туризм бұқарaлық сипaтқа ие болғаны соншaлықты, туристер арасында ол жиілеп жaй халықаралық туризм ретінде қабылдана бастаған[8] .
Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар танымдық-діни мақсаттар үшін қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне және қаланың мәдениетін қөруге саяхаттар жасады.
XIII ғасырда, университеттердің дaмуымен қатaр, негізінен, Италия университеттеріне, әсіресе Пaдуя мен Болоньяға бет алғaн студенттердің әлеуметтік мақсaттағы саяхаттaры кең танылған.
Алдында қарапайым қонақ үйлік объектiлер ХІV ғасырдың өзiнде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінiң дамуы мәдениеттiң дамуымен, яғни мәдени туризмнiң өркендеуi нәтижесiмен теңбе-тең келедi, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз ережелерін құруына әкеліп соқты. Осындай ең бірiнші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілдi цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрыла бастаған.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар үлкен маңыздылыққа ие бола бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдік туристер келіп отырды [9] .
ХVІ ғасырдың соңынан бастап Англияда «гранд-тур» әйгілi бола бастады. Бұл білiм алу мен мәдени-танымдық мақсаттарындағы сапарлар болатын. Негізiнен ауқатты адамдардың басқа континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізiн көріп, өркениеттiң шығу тегін көрiп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Себебі жас аристократтармен бiрге оқытушылар, әртістер, дәрiгерлер iлесе жүрдi. Гранд-турға жыл сайын 15-20 мың британдық турист қатысады деп саналатын, ал сапарлардың ең көп болған саны 30 мыңға жуық турист, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына тура келген. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнiң дүниеге қайта келуi ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады. Ағылшындардың континентке сапарларымен альпiлік туризмнiң тарихы егжей-тегжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.
ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Әлеуметтік туризм бастауының алғышарттары мысалына XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басынды кейбір еуропалық мектептердің оқушылары табиғатқа жаяу серуендеп бастаған кезі еді. Біртіндеп оқушылар арасында қызығушылыққа ие бола бастады[8] .
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары қарастырылады(сурет 1) .
Сурет 1. ХІХ -ХХ ғғ. туризмнің дамуына әсер еткен факторлар
Ескерту - Мәліметтер [9] негізінде автормен құрастырылған
Әлеуметтік туризм бастауының мысалы ретінде Еуропадағы индустрияландыруды жатқызуға болады. Оның әсері ірі қалалардың пайда болуына алып келді, яғни урбандалу деңгейі жоғарылай түсті, жұмысшылардың жұмыс уақыты екі есе қысқарып, демалуға арналған уақыт көлемі де ұзарды. Соған байланысты қаладағы экология жағдайы нашарлап, адамдар демалыс уақытын қала сыртында, табиғат айналасында өткізуді қалай бастады. Теміржол желісінің дамуы саяхаттардың бағасын біршама арзандатып, демалыс орнына жету жылдамдығын арттырды.
Бiр жылдық табыстарын жинап, демалу орындарына бару мүмкiндіктері туындаған мамандандырылған жұмысшылар пайда болды. Осы алғышарттар Томас Куктың ең алғашқы туристiк кәсіпорын ашуына себеп болды. Ол бірiнші болып саяхатшылардың жаппай орын ауыстыруын пайдалы санап, темiр жол арқылы әр түрлі саяхаттар ұйымдастыра бастады. Кук топтық тасымалдауларға және басқа да туристік қызметтерге елеулі жеңілдіктерге қол жеткiздi. Лондонда өткен халықаралық көрмеге мемлекеттің барлық бөліктерінен ағылшындардың қатысуын ұйымдастырды. Көрмеге 165 мың көрермендерді тасымалдап алып келді. Көрмеге жаппай қатысушыларды тасымалдау тиімді екеніне көз жеткізді. 1855 жылы Парижде өткен Бүкіл әлемдік көрмеге жаппай ағылшын туристерінің қатыуын да ұйымдастырды. 1856 жылдан бастап Еуропа ішіндегі саяхаттар жиіленіп, Кук басқа мемлекеттерде де өзінің филиалдарын аша бастады. 1870 жылы «Томас Кук» туристік фирмасының клиенттері 1 миллионнан асты, оның ішінде ағылшындар мен америкалықтар.
Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жердi айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды. Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негiзін қалаушы, бірiнші менеджер және туризмнiң алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады[9] .
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады. Уақыт өте келе өнер шығармаларын көру үшін танымдық мақсатындағы саяхаттар кең таралым алды. ХІХ ғ. ортасына қарай туристер континенті интеллегенттер мен студенттер есебінен кеңейді[8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz