Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B090200 - «Туризм» мамандығы

МАЗМҰНЫ

Бет
: КІРІСПЕ . . .
Бет: 5
:
Бет:
: 1 Туристік нарықтағы туристік-рекреация мен оның мүмкіндіктерінің теориялық-ілімдік негіздері
Бет:
: 1. 1 «Туризм», «рекреация», «демалыс» тұсініктерінің мәні мен өзара байланыстылығының теориялық аспектіле . . .
Бет: 8
: 1. 2 Туристік нарықтағы туристік-рекреациялық ресурстардың ерекшелігі мен оның жіктемесі . . .
Бет: 19
: 1. 3 Шағын көлді аймақтардағы туристік саланың рекреациялық мүмкіндіктерін бағалау мен аудандастырудың теориялық әдістемесі . . .
Бет: 28
:
Бет:
: 2 Қазақстан туристік нарығындағы шағын көлді аймақтарда туристік-рекреациялық мүмкіндіктерді талдау
Бет:
: 2. 1 Отандық туристік рекреациялық саланың қалыптасуы мен даму тенденцияларын зерттеу . . .
Бет: 36
: 2. 2 Отандық туристік нарықтың шағын көлді мекендерді енгізетін аймақтардың туристік-рекреациялық жағдайын талдау . . .
Бет: 44
: 2. 3 Алматы және Қарағанды өңірлеріндегі шағын көлді рекреациялық ресурстардың аудандастырылуын бағалау . . .
Бет: 54
:
Бет:
: 3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАҒЫН КӨЛДІ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ
Бет:
: 3. 1 Қазақстан аймақтарындағы шағын көлдерді пайдалану мен оларды дамыту мәселелері . . .
Бет: 63
: 3. 2 Отандық шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын жетілдіру . . .
Бет: 71
: Қорытынды . . .
Бет: 76
:
Бет:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Бет: 78

Кіріспе

Соңғы жиырма бес жылда туризм мен демалыс әлемдік шаруашылықтың табысты және интенсивті түрде дамып келе жатқан салалардың бірі ретінде қарастырылуда. Ол турасында туризм мен демалуға әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 10% жуығына үлесінің сай болуы дәлел бола алады.

Қазіргі таңда, бүкіл әлемде туристік бизнес қаржы салымының пайдалы да, табысты саласы бола отырып, энергетикалық, валюталық, қаржылық және экономикалық дағдарыстың өзінде де тартымлығын жоғалтқан жоқ. Жыл сайынғы туризм бойынша табыстың өсімділігі 2, 7% құрай отырып, келшекте экономиканың осы секторы әлемдік шаруашылықтың сараптамалық тобының ішінде озат болып саналады. Әлемнің экономикалық дамушы елдері еш негізсіз емес деңгейде осы саланың дамуына елеулі түрде мән беруде.

Туристік нарық - экономика салаларының ішінде дамушы және жетекші сала ретінде танылып, соңғы он жылдықтағы аса қарқынмен өскен сфера ретінде алға шығып отыр. Көптеген елдерде туризм саласы, мемлекеттің ішкі жиынтық өнімін қалыптастыратын, сыртқы сауда балансын жандандыратын, қосымша жұмыс орындарының пайда болуын және тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ететін сфера ретінде саналады. Сондай ақ туризмнің дамуы, көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі тәрізді экономиканың маңызды салаларының қызметіне тікелей ықпал етіп, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырушы буын ретінде танылады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтері бойынша, халықаралық туристік сапарлар соңғы жылдары миллиардты құрап, саладан түсетін түсімдер 1, 2 триллион доллардан асты.

Қазақстан Республикасы туризмнің дамуы үшін қажетті туристік рекреациялық ресурстардың әлеуетіне ие. Әртүрлі географиялық ландшафты, бай флора және фауна, ұлттық мәдениет тәрізді факторлар, елімізде туризм индустриясының дамуына негіз бола алады. Туристік саланың дамуы, ел экономикасының басқа салаларының және тұтас мемлекеттің дамуына мультипликативті әсер береді. Туризм саласынан түсетін табыстың мөлшерін айтпастан бұрын, әлемнің көптеген мемлекеттері үшін Қазақстанның өз деңгейінде танылмауын ескеру керек. Сондықтан, бірінші кезекте қазақстандық турөнімнің беделін көтеру, әлемге «өзін» танытудың жолдарын іздестіру, өзіміздегі туристік рекреациондық ресурстарды оңтайлы пайдалану қажет.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев туризм саласын болашағы бар салалардың бірі және ел экономикасына валюталық түсімдердің ағылуын қамтамасыз ететін табыстың көзі ретінде бірнеше рет атап өткені белгілі [1] . Қазіргі күні Қазақстандық туризм, әлемдік стандарттардың талаптарына жауап бере алмай келе жатқаны анық. Бұл жағдайды, бірнеше мәселелердің шеңберінде түсіндіруге болады: олар, туристік инфрақұрылымның толық қанды дамымауы; қаржылық-несиелік жүйенің жетілмеуі; басқа мемлекеттерде біздің еліміздің туристік әлеуетінің жеткілікті насихатталмауы және жарнамаланбауы; туризм саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандардың тапшылығы; жаңашыл бәсекеге қабілетті туризм индустриясының қалыптасуы үшін қажетті экологиялық, инновациялық және ұйымдастырушылық жағдайлардың дамуының нашарлығы; туризмнің ғылыми негізінің дайындалмауы және республика тұрғындардың әлеуметтік дифференциялануының өзгергіштігінің жоғарлығы.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясында, шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу және сервистік-технологиялық бағыт бойынша даму керектігі жөнінде айтылған [2] . Осыған байланысты қызмет саласын жандандыру және әр түрлі бағыттағы қызметтерді көрсететін кәсіпорындарды құру және оның әрекеттерін басқару бүгінгі күнгі басты мәселелердің бірі.

Туристік рекреациялық ресурстарды құрайтын еліміздегі көптеген естеліктер археология объектілері бола отырып, Қазақстанның бұрыңғы тарихын зерделеуде өте құнды материал болып табылады. Аймақтың мәдени мұраларын сақтау мен дамыту аясында қалыптасқан жағдай туристік қызметті әрі қарай дамыту бойынша ертеңге қалдырмас шаралар кешенін қабылдауды талап етеді.

Осы себептен отандық туристік нарықта шағын көлді аймақтарда туристік-рекреациялық мүмкіндіктерді қолдану мен олардың қазіргі жағдайын талдау арқылы, туризм саласының жандануына, салдарында экономикамызға тиімділікті көрсететін және де осы салаға жұмсалып жатқан инвестициялар мен қаржыларымыздың қайтарымдылығын қарастырған маңызды болып саналады.

Еліміздің шағын көлді аймақтарында туризм мен рекреациялық мүмкіндіктерді талдауға арналған жоғарыдағы сипаттамалар мен мәселелердің топтастырылуы, дипломдық жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еліміздегі шағын көлді аймақтардағы туристік-рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайын талдау және де туристік-рекреациялық әлеуетті бағалай отырып, оны жетілдіру бойынша келешектік ұсыныстарды әзірлеу.

Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер кешені анықталды:

  • «туризм», «рекреация», «демалыс» тәрізді рекреациялық туризмнің негізгі түсініктерінің әлеуметтік-экономикалық мазмұнын, мәнін ашу және ұғымдардың өзара байланыстылығын зерттеу;
  • рекреациялық шаралардың типологиясын талдау;
  • туристік - рекреациялық ресурстарды жіктеу;
  • Қазақстанның шағын көлді аймақтарындағы немесе өңірлеріндегі туристік-рекреациялық мүмкіндіктерді талдау, жалпы туризмнің қазіргі жағдайын бағалау;
  • шағын көлді аймақтарды енгізетін туристік-рекреациялық территорияларды дамытудың негізгі бағыттарын топтау мен мүмкіндіктерін арттыру.

Қазақстан Республикасы шағын көлді аумағындағы туристік-рекреациялық әлеует дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындаудағы әдіснамалық және теоретикалық негізін отандық және ресейлік экономист мамандарының мерзімдік басылымындарындағы материалдар, монографиялар, ғылыми еңбектер, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Туризм индустриясы комитеті (ҚР мәдениет және спорт министрлігі) мен ҚР статистика бойынша Комитеті мәліметтері мен нормативтік актілері, туризм бойынша халықаралық ұйымдардың заңнамалық-нормативтік актілері мен нормалары, Интернет мәліметтері құрайды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі мәліметтері, талдау материалдары туризм саласындағы шаруашылықтық субъектілер, мекемелер мен ұйымдармен қолданылуға ұсынылады, сонымен қатар, ғылыми-теориялық материалдар мен аналитикалық көрсеткіштер туризм мамандығы бойынша тәлім алушыларға мәлімет базасы ретінде ұсынылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

Бірінші тарауда туристік нарықтық туристік-рекреацияның теориялық негізі, оның ішінде: туризмнің теориялық аспектілері: түсінігі, жіктелінуі мен атқаратын қызметтері мен туристік қызметегі туристік ресурстар және инфрақұрылымдық негіздер қарастырыла отырып, туризм индустриясының ел экономикасына әсері мен туризмнің дамуының әлемдік деңгейі зерттелінген. Сонымен қатар, рекреация түсінігі мен оның қазіргі заманғы туристік саланы дамытудағы роліне ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу жасалынған.

Екінші тарауда отандық нарықтағы шағын көлді аймақтардағы туристік-рекреациялық мүмкіндіктер мен жалпы туристік саланың дамуына талдаулар жасалынып, ел өңірлеріндегі туристік-рекреациялық ресурстардың қазіргі жағдайы мен әлеуетіне бағалау жүргізілген.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында Қазақстанда шағын көлді аймақтарды енгізе отырып туристік бизнесті дамытуға ықпал ететін туристік-рекреациондық мүмкіндіктерді жетілдіру мен оны қолданудың келешектік бағыттары әзірленген.

1 Туристік нарықтағы туристік - рекреация мен оның мүмкіндіктерінің теориялық-ілімдік негіздері

1. 1 «Туризм», «рекреация», «демалыс» түсініктерінің мәні мен өзара байланыстылығының теориялық аспектілері

Туризм саласы адамзат қоғамында кеңістіктік құбылыс және шаруашылық бағыты ретінде ерте дәуірлерден тереңге кеңінен тамырын жіберген үлкен дәстүрге ие. Туризм саласы туралы әдебиет оқулықтарында туристік сфераның жетілуін бірнеше кезеңдемелерге бөлу туралы көптеп жазылады, оның ішінде Дж. Мариотти мен В. Унцикер сияқты зерттеушілердің бірлескен еңбектерінде. Ол еңбектерде К. Пшеславскийдің (1973 жыл) кезеңдер бойынша бөлгені берілген, олардың төмендегідей кезеңдемелерін көруге болады[3] : 1) туризмнің ХVІІІ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңі: а) ежелгі кезеңдегі туризм; б) туризмнің орта ғасырлар уақытындағы кезеңі; в) туризмнің ХVІІ және ХVІІІ ғасырлар аралығындағы кезеңі 2) туризмнің ХІХ және ХХ ғасырлар аралығындағы - Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі уақыттағы туризм 3 Осы замандағы туризм.

Туризм саяхаттары, көпестердің сауда-саттық жасау үшін сапарлары өзіндік мазмұнын жойғанда бастау алды деп есептейді. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-мыңжылдықта ежелгі Египетте аталынып өтіп жүрген, осы секілді ең бастапқы көшіп-қонушылық саяхатқа жататын - діни бағыттағы сапарлар. Біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырда Нехао есімді мысыр фараоны Африка бойынша әйгілі үш жылға созылған сапар жасаған. Бұрынғы кездері туризм сапарларға шығумен байланысты болды: кейін келе бірте-бірте тұрғызыла бастаған пирамидалар саяхаттаушы туристердің назарын өздеріне қарата бастады. Дегенмен, жақсы жетілген жол тораптары мен жоғары сапалы жолайғы түнейтін үйлер және асханалардың арзан болуы, және бұлардың бәрінің тек қана көне Грекия мен Рим империясында қалыптасуы бұл сапарларды белгілі бір уақыт бойынша дамуына кедергісін келтірді. Алайда, туризм сол уақыттары ешқандай да пайда көзін алып келмеді.

Сапар шегетін жол тораптарының пайдасын тек парсы халқы ғана жете түсініп, өз елдерінің аумағында қатынасу жолдарының тізбегін құрды. Ал қатынас жолдары жоғары сапалы қалыптағы патшаларға арналған жолдар еді (ұзындығы 3 мың шақырым) Аталған қатынас жолдары Сузы, Вавилон және Экбатан қалашықтарын мемлекеттің шеткі аумақтарымен байланыста ұстап тұрды. Әр 30 миль жүргеннен соң парсы қатынас жолдарында саяхат жасаушыларға демалу жағдайларымен қамтамасыздандыратын тұрақ-жайлар (керуен-сарайлар) тұрғызылды. Жасалған қызметке өтелетін ақы байларға да, кедейлерге де бірдей мөлшерде болды.

Дегенмен, ежелгі туризмнің өркендеуі көне Грекиямен, Риммен байланыстырылады. Бұл мемлекеттерде туризм саласының экономикалық тарапына көп назар аударды. Мөлшермен осыдан 2300 жыл алдын Ксенофонт грек айлағы Пирейде мемлекеттік керуен сарайлар мен сауда керуендерін арттыру керек екендігіне көңіл бөлген. Оның тұжыры бойынша, осы екеуі табыстың басты көзі болуы қажет еді. Гректер сияқты римдіктер де ұзақ қашықтықтарға саяхат жасап отырды, ал гректер құрлықтағы жолдар торабының жетілмеуіне байланысты бұл саяхаттарын теңіз су жолдары арқылы жүзеге асырған.

Көне Грек елінде емдік-сауықтыру туризмі мен курортология пайда бола бастайды. Рим тұрғындары өздеріне емдік-сауықтыру шараларын жасау үшін жылы минералды су көздеріне және курорттық аймақтарға барып тұруды жөн көрді. Сауықтыру құдайы Асклепийдің ғибадатханалары ежелгі дәуірлерде тұрғызыла бастайды, классикалық дәуірлерде (V-VI ғғ. б. д. д. ) ғибадатханалардың саны 60-тан көп болды. Ол ғибадатханалар қалалардан алыста, қыраттау, климаты жақсы жерде орналасты. Швейцариядағы емдік-сауықтыру курорттары Сент Моритц атақты өзгешелігімен қолданылды.

Егер де туристік индустрия туралы кең ұғымда тоқталатын болсақ, көне Рим зманына жүгінеміз. Мұнда сапарлар кереметтей жол тораптарының болғаны үшін жүзеге асып отырды. Әрине, римдік адамдар жолдарын тек әскери бағыттағы сұраныстары үшін ғана жетілдіріп отырды. Әскери сарбаздар елдің орталық бөлігіндегі аймақтардан шекаралық бөліктеріне тек санаулы күндер аралығында жетіп отырды. Мұндай жолдар тек қана рим империясының ілгерілеуіне ықпал жасап қоймай, барлық Еуропалық мәдениет пен өркениеттің жетілуіне әсер етіп, тарихшы ғалым Прокопийдің Рим қаласынан Капуяға жеткізетін алғашқы жолды, яғни Апий жолын Дүниежүзіндегі ғажайыптардың бірі деп санауына себепші болды.

Рим империясындағы жолдар инженерлік өнердің бүкіл талаптарына сәйкес тұрғызылып отырды. Жолдардың салыну құрылысы біздің заманымыздың 312 жылы Константин императордың билік жүргізуі уақытында басталды. Әр жолды салмастан бұрын алдын ала жоспар жасап, траншея қазған, ал содан кейін оны тастармен толтырған. Салынған жолдардың бойымен милялық діңгектер тұрғызылып, жандарына демалу үшін отыратын орындықтар орналастырылған. Римде жасалған миляның жалпы ұзындығы 1000 жұп адымға тең болған, ал бұл атаудың мағынасы да осыдан, латын тіліндегі миля "мың" деген мағынаны беріп, соған сәйкес 1480 метрді құраған. Римдегі қатынас жолдарының толық ұзындығы 100 мың шақырым шамасындай. Рим бастау алатын бүкіл жолдардың орталығы мен бағдаршасы болып О. Августин билік жүргізген кезде тұрғызылған алтын милялық тас есептелді. Ал бұл қоладан жасалып, алтын жалатылған конус пішінді тас болды.

Сапарларды жолдар жиегіне тұрғызылған жақсылап ұйымдастырылған керуен сарайлар тораптары қолайлы қылып отырды. Ал бұл керуен сарайлар кей кездері бір-бірілерінен 5 шақырымдай ұзақтықта орналасып, салынған уақытына, дәуіріне байланысты үлкен шеберлікпен тұрғызылып, өте қолайлы болып келді.

Көне римде "жол бағдарлағыш" болып, жалғыз ғана қандай да бір тізбек көрсетіліп қоймай, сондай -ақ жол бойында кездесетін көркем орындар мен қонақ үйлер бағдарланып, бағалары көрсетілген. Олардың ішінде Бордо қаласынан Иерусалимге сапар шегетін табынушыларға арналған IV ғасырда жасақталған жол көрсеткіші белгілі. Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда қалыптасқанн туризм бюролары жол көрсетушілер мен анықтамалық кітапшалармен жабдықталған.

Туризм сапарларының айрықша үлгісі емдік-сауықтыру орындарына саяхат жасау болды. Бастапқыда қалаларда тұратын римдіктер мен гректердің ауқаттылары қалалардың сыртында орналасқан ауылды елді-мекендерге шығып отырса, уақыт өте бұл саяхаттар жасаудың географиялық тұрғыдағы шектеулері де ұзара түсті. Минералды су бұлақтары мен ғибадатханалардың маңында қазіргі заманғы санаторийлер сияқты нысандар тұрғызыла бастады, ал емдік-сауықтыру орындары жоғары сапалы қолайлы жағдайлары мен ойын - сауық түрлерінің көптігімен танымал болды.

Сол уақыттарда өте атақтылардан Байе (Baiae) Кампаниядағы (қазіргі кездегі Италия) суға түсетін орындар болды. Емдік орындардан өзге римдегі провинцияларда бұл уақытта Aquae Caliddae (қазіргі кездегі Франциядағы Вичи), Aquae Helvetikae (қазіргі кезде Бадден, Швейцария), Aquae Hericuli (қазіргі күнгі Румыниядағы Херкулан), Aquae Solise (Ұлыбританиялық Бат) танымал болды.

Емдік-сауықтыру орындарына саяхатпен бірге, рим халқы тауы бар, теңіз жағалауында орын тепкен мекендерге сапар шегуді де ұмытпады. Бұл орайда аса ыңғайлы орын Неаполитан бұғазының үстіңгі жағында жайғасқан орындар болды. Рим императорлығының құлдырауы саяхаттаушылар мен сапар шегушілердің мөлшерін едәуір азайтып жіберді. Адамдар үшін орта ғасыр кезеңдерінде саяхаттап сапар шегу қиын болды, қиын болғаннан бұрын, өмірлеріне өте қатерлі болды. Орта ғасырлар кезеңдерінде туристік мақсаттағы қозғалыстар баяулай түсті. Ішкі саяси жағдайларында орнықсыздық байқалған көптеген жаңадан мемлекеттердің пайда болуы бұған дейін болмаған саяси тосқауылдарға әкеліп соқты. Туристік мақсатта сапар шегулердің ұзақ мерзімдік құлдырауда қалуына біршама себептер ықпал жасады, олардың арасында: феодалдық жүйеге орай Еуропа құрлығының біраз бөлігіндегі аймақтарда шаруашылық жағдайдың күйреуі, баяғы жол түйісу тораптарының түгелдей дерлік және сол жол тораптары бойындағы түнейтін жерлердің жабылып қалуы, саяхаттаушылардың қорғанушылық деңгейінің аздығы, сондай ақ біраз қалалардың құлдырауы. Біздің дәуіріміздің тек ІІІ және IV ғасырларында діни құлшылық жасау спарлары қайта тіріліп, жанданып кішкене мерзім аралығында діни туризм жақсы жетілген түріне айналды.

Біздің дәуіріміздің VІІ және VІІІ ғасырларында саяхатшылар үшін дін бағытындағы мақсаттар үшін қайтадан жанданды. Бұл секілді сапарларға қатысушылар Еуропадағы әртүрлі елдердің тұрғылықты халқы болды. Олар Италия (Рим), Палестинажәне Испания (Сантяго ди Комппостела) сияқты елдердің қасиетті орындарына сапарлар шекті.

Сяхатшылар Палестинаға тек құлшылық жасау үшін ғана емес, сонымен қатар ежелгі көне заттарды өздеріне сатып алу мақсатымен саяхат жасады. Әрбір жыл сайын қыркүйек айының 15-інде қасиетті әулие Мариямның шіркеуі (Иерусалим) алдында жәрмеңке өткізіліп отырды. Қажылыққа келушілер арасында сауда-саттықтан түскен пайданың көп болғаны соншалықты, қала ішінде Генуялық, Венециялық, Марсельден және Пизадан келеген саудагерлердің өздерінің жеке кеңселері мен түгелдей бір көшелері мен қоныс жайлары болды.

Орта ғасырларлық кезеңдердің аяғы мен жаңа дәуірлерге дейінгі туристік сала қозғалысының біраз бөлігін діни құлшылық ету мен университеттік кешендер құрады. Оған қоса, қайта өрлеу дәуірінде саудагерлер мен шеберлердің сапар шегулерінің маңыздылығы жоғарылай бастайды, дегенмен олардың аз бөлігін ғана туристік саяхаттардың қатарына жатқызуымызға болады.

Орта ғасырлық кезеңдер тұсында адамдар жиілеп саяхат жасай бастады, соған орай жолай орналасқан керуен сарайлардың мөлшері де күрт арта бастайды. Бұған дейін қарапайым ғана қонақ үй ретінде қарап келген нысандар ХІV ғасырдың бас кезінің өзінде-ақ сол уақыттар үшін өте қолайлы түнейтін орындарға айналды. Қонақ үй шаруашылығының жетілуі, кей қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің иелері өздерінің цехтарын біріктіріп, өздерінің жарғыларын тұрғызуына әкеліп соқты. Осы тектес ең алғаш құрылған цех Венецияда 1356 жылы пайда болды. Осы сияқты цехтар ХІV ғасырда Сиякада, Римде, Флоренцияда да пайда болды.

ХVІ ғасырдың 2-ші жартыжылдығында танымдық бағыттағы сапарлар шегіліп, саяхаттаулар жасай бастады, туристердің ең көп келетін, таңдаулы ал елі Италия мемлекеті болды. Бұл жерге көбінесе Франциядан, Испаниядан және Германиядан шетелдік саяхаттаушылар келіп отырды. Ұлыбританияда ХVІ ғасырдың аяғынан "гранд-тур" танымал болып бастады - бай адамдардың құрлықтарға сапарды, гранд-турлардың арқасында адамдар оқуларын аяқтап, Жерорта теңізін басып өтіп, өркениеттің қалыптасуына жетелеп, сауаттарын ашып қайтуына мүмкіндіктер жасады. Әлеуметтік құрылым секілді туризмнің дүниеге қайта оралуы ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың бас кезіне жатады.

ХVІІ ғасырда Еуропа мемлекеттері арасында "таза түрдегі туризм" қалыбы пайда болды. Яғни, бұларға, К. Либеренің айтуы бойынша, емдік, танымдық немесе демалу мақсаттарында саяхаттаушыларды жатқызады. Және де, Еуропа елдерінде діни сенімдеріне қарай миграциялық сапар мен саудагерлердің саяхаттары анықталып отырды.

Осы уақыттарда адамдар үшін транспорт түрлері экипаждар болып, саяхат жасаушыларға жағдай жасау үшін әрдайым жетілдіріліа, дамытып отырды. Аз уақыт ішінде транспорттық қызметтің көптеген бағыттары дүниеге келіп, жолдардың да техникалық тұрғыдағы жағдайлары жақсартыла берді.

Транспорттық құралдар мен жолдардың жетілдірілуі туризм миграцияларының географиялық тараптан шектеулерінің көбейе түсуіне әкеп соқтырды. Италия мемлекетіндегі дәстүрлі орталықтар - Венеция, Рим, Падуя және Флоренциямен қатар, ХVІІІ ғасыр басында Неапольға да саяхат жасаушылардың саны арта түсті.

ХVІІІ ғасырдың орта кезінен бастап Ұлыбританиядан еуразиялық құрлыққа жасалатын сапарлар дағдыға айналдырыла бастады. ХVІІІ ғасырдың 2-ші жартысынан былай қарай мұндай сапарларға әр жыл сайын 40 мың адам қатысып отырған. Мұндай саяхаттарға, атап өткендей, жас әрі бай ағылшындар біліктілігін арттырып, білімдік қорын толықтыру үшін қатысып, жалпы саяхат Grand tours, ал саяхаттаушыларls tourrist (турист) атады.

Мұндай атау аз уақыт аралығында Францияда, уақыт өте келе еуропадағы өзге де мемлекеттерде кеңінен тарала бастады. Ағылшындардың құрлыққа саяхаттарымен альпі тауындағы туризм тарихы етене байланысты. 1741 жылы сапар шеккен ағылшындық саяхатшылардың тобы экскурсия жасау барысында Женева қаласынан Шамониғе дейін жетіп, екіншісі барлық Еуропаға танымал болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Туристік кластердің дамуын қолдау
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz