Қазақстанның туристік индустриясын дамытудағы көліктік инфрақұрылымның ролі


Қазақстанның туристік индустриясын дамытудағы көліктік инфрақұрылымның ролі (әуе компанияның жолаушыларды тасымалдау мысалында . . . )
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
Бет
КІРІСПЕ
Экономикалық жүзжылдық феноменінде қарқынды дамуындағы қазіргі таңда туризм жетекші сала және экономикадағы серпінді салаларының бірі болып табылады. Шет елдердің көбісінде туризм жалпы ішкі өнімді қалыптастыруында, қосымша жұмыс орындарын қалыптастыру, сыртқы сауда теңгерімін активтендіру, халықты жұмыспен қамтуда, байланыс пен көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, халық тұтынатын тауарды өндіру және т. б. үлкен ролін атқарады. Осындай жеке экономиканың салаларына зор көмегін тигізіп, әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік тұрақтандырғышын көрсетеді.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауында Қазақстан халқына келесі сөзге мән бөлді: «Әлеуметтік - экономикалық жаңғыру - Қазақстанның басты даму векторы». Еліміздің экономикасын дамыту үшін тікелей шетелдік инвестициялардың көмегімен әртараптандыру ағымын Қазақстанның экономикасына болашағы бар салаға әкелу қажет, мысалы, туризм саласына. Дамыған елдерде туристік кластердің бір бөлігіне ЖІӨ 10 пайызға дейін келеді. Ал бізде - 1 пайыздан аз [1] .
Туризм дамуының жетекші салаларының бірі көлік болып табылады. Көліктің атқаратын ролі әлеуметтік мәселелерін қарастырады, тұрғылықты халықтың іскерлік, мәдени және туристік тасымалдарын жүзеге асырып, шетелде және өз елінің ішінде мәдени айырбасты өркендетеді.
Тұтынушы туристік орталықта пайдаланатын, әсіресе туристік өнім бөлігінде және оған негізгі құраушы жол көлік болып табылады.
Халықаралық туризм туристердің еларалық қозғалысын қамтиды. Оның дамуын зерттеу үшін Көлік индустриясымен өзара қарым-қатынасын анықтау маңызды болып табылады. Түрлендірілген туристік нарықтағы және көлік инфрақұрылымына сәйкес келетін ең маңызды шарттарының бірі қандай да туристік орталығын дамыту болып табылады. Өз бетінше, туризмге деген сұраныс көлік инфрақұрлымының қарқынды ұласуына себепші болады. Соңғы он жылдардың ішінде бұл маңызды ролді көлік саласының ғылыми және технологиялық жетістіктер атқарды. Туризм саласы көлікпен тығыз байланысты өйткені, туристің ұсынған талаптары бойынша оның қауіпсіздігі және оның қозғалыс жылдамдығы толығымен сұраныстарына тікелей тәуелді болып табылады. Саяхаттаушыларды және олардың қол жүктерін, қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көліктік компаниялары олармен өзара іс-әрекет ережесін қарым-қатынас негіздерін түсініп, билеттерді жеңілдік жасау арқылы сату олар үшін маңызды болып табылады. Туризмді өрлендіру кейбір мемлекеттерде көлік жүйелері ыңғайлылығы, тиімділігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ жаңа әуежайларды, автомобиль жолдарын және темір жол құрылысы байланысты көлік жобалар үлкен инвестиция мен уақыт іске асыру үшін талап фактісі бойынша шектеледі.
Халықаралық туризм саяхатының бір бөлігі құрлықтық және әуе көлігі жылдан жылға іске асып арттырулыда.
Мемлекеттік тасымалдау жүйесінің даму деңгейі оның ең басты мәселелерінің бірі - технологиялық өрлеу мен өркениеттілік болып табылады. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген қажеттілік еуропалық және әлемдік экономикадағы бірігу кезінде одан әрі нығая береді. Көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіріуне және жоғары дамыған елдердің деңгейіне сай орын алуына негіз болады.
Статистикаға жүгінетін болсақ, әуе көлігінің даму қарқыны автокөлікке қарағанда танымал, өйткені географиялық саяхатың кең болу есебінен және олардың жиілік игілігі мен жүру уақытын үнемдеу үшін тұрақты үрдіс болғанымен тиімді, яғни қысқа мерзімдік қалааралық турлардың күнен күнге өсуі.
Бұл жағдай туристік бизнестің жолаушыларды тасымалдауға назар аударуын көрсетеді. Әуе көліктер - әлемдегі ең танымал көлік түрлерінің бірі. Осыны туризмдегі әуетасымалдаулар туралы да айтып кетуге болады. Авиация - үлкен ара қашықтықта ең ыңғайлы және ең жылдам тасымалдау көліктерінің бірі. Қазіргі таңда авиасапарларларда қызмет көрсету түрі туристерді қызықтырады. Әуе компаниялар тікелей және халықаралық броньдау жүйесі арқылы және туристік агенттіктерге әуекөлігінде туристерге орын сақтау үшін әр орынға комиссиялық ақы төленеді. Осылайша, оларды әуе тасымалдау жолдарын өзінше таңдауға ынталандырады. Әлемдік шаруашылықта әуе көлігі ең динамикалық және тез дамушы салаларының бірі болып келеді және бүкіл әлемдік көлік жүйесінде жылдан жылға берік орын алады.
Туризм инфрақұрылымының ең басты құраушысы - көлікпен қаматамыздандыру, сонымен қатар, ол туристік өнім құрамына енгізілген пакет бөлігінің негізгі қызметіне кіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті жарлығы бойынша 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдар аралығындағы дамуы индустриялдық-инновациялық жеделдету мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы әуе саяхаттаулар - көліктік саяхаттаудың көпшілік қатынасқан түрі болып келеді. Қазақстандағы әуе мекемекемелері АҚШ, Ресейге, Тайланд, Италия, Корея, Сингапур, Жапония, Қытай, Түркия, БАӘ, Пәкістан, Сирия, Польша, Францияға және басқа да мемлекеттерге ұшақтарын жібереді.
2007 жылы саяхатшылар халықаралық қозғалысы үшін темір жол жүйесін тек 35% пайдалана отырып (негізінен Еуропада), 10%-ын кемелер мен паромдар саяхаты алып отыр (мысалы, Ұлыбритания және Франция, Италия және Грекия, Швеция және Дания арасында) , ал туристер 55% әуе кемесімен пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Азаматтық авиация саласындағы негізгі мәселе аймақтық әуе кемелерінің ескірген парктерінің Халақаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сай келмеуі (IСAO), авиацилық персоналдардың жеткіліксіздігі, әсіресе жаз айларында жұмыс істейтіндердің жеткіліксіздігі болып табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан инфрақұрылымының компоненті авиациялық көлігі Павлодар қаласының әуежайы мысалында болып келеді.
Зерттеу құралы - Павлодардағы әуе жолаушылар тасымалының нарығы, Павлодар қаласының әуежайындағы қызмет көрсету сапасын жоғарлату бойынша іс-шаралар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Павлодар әуежайы мысалында Қазақстандағы әуе тасымалдау жағдайының талдауы және әуе жолаушыларына көрсетілетін қызмет сапасын жоғары сатыға көтеру ұсыныстарын әзерлеу.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешуі керек:
- туризмдегі көлік жүйесін қарастыру, соның ішінде туризм инфрақұрылымының компоненті әуе көлігі ретінде;
- шетелдік тәжірибе бойынша туризмде әуе көлігін қолдану талдауы;
- Қазақстандағы әуе жолаушыларын тасымалдауын бағалау;
- мемлекет инфрақұрылымының ішіндегі Павлодар әуежайының ролін анықтау;
- Павлодар әуежайының әуе жолаушыларын тасымалдау талдауы;
- әуе жолаушыларын тасымалдауын жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірлеу.
Берілген дипломдық жұмыста әдіснамалық зерттеу ретінде Павлодар қаласының әуежайының жылдық есебі және ҚР әуекөлігінің дамуының статистикасы алынған.
Жұмыстық тәжірибелік мәні әуе көлігімен саяхаттау барысында, жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру іс-шараларын әзірлеу.
«Қазақстанның туристік индустриясының дамытудағы көліктік инфрақұрылымның ролі» тақырыбындағы диплом жұмысы үшiн зерттеу құралы ретінде Қазақстандағы көлік инфрақұрылымына баға беріп, мемлекет инфрақұрылым ішіндегі Павлодар әуежайының ролі алынады.
Диплломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯДАҒЫ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туризмдегі көлік инфрақұрылымының ролі
Туризм саласының дамуының ең басты аспектісі мемлекет ішіндегі көліктік инфрақұрылымның болуы. Көлік - әр мемлекеттегі экономиканың материалдық базасының құраушысы болып табылады. Туризм мемлекет ішінде тұрақты дамыған болу үшін көлік жүйесі міндетті дамыған болу қажет. Сонымен қатар, географиялық саяхаттарды да көлік жүйесі кеңейтіледі. Өйткені екі жақтың пайдалы келісімшілігі пайда болады.
Мемлекет экономикасындағы көлік жүйесінің үлкен ролін атақты географтар мен экономика ғалымдары А. Смит, М. Ломоносов, Н. Баранский, Н. Мироненко, Г. Лаппо және тағы басқалары ескерген.
Осы ғалымдардың барлығы өз қызметін жүзеге асыру кезінде көліктің ең маңызды бірнеше қоғамдық функциялары бар деп атап көрсетті:
- экономикалық, ол экономика саласындағы барлық байланыс пен үйлестірушілікті іске асыра отырып өз қызметін атқарады;
- мәдени, ол эстетикалық құндылықтарды тасымалдау арқылы тарату қабілеті болып табылады. Осы жерде көліктің өзі де мәдениеттің бір бөлігі екенін белгілеп кетуге болады. Мысалы, көліктік музейлердің ашылуы, ескі автокөліктерді жақсы көретін қоғамның жиналуы және т. б. ;
- әлеуметтік функциясы, социологиялық функциясы еңбек өнімділігін жеңілдету және жетілдіру негізінде адам уақытын үнемдеу үшін қажет;
- ғылыми маңыздылығы.
Көлік - бұл адамдар мен жүктерді тасымалдауын жүзеге асыратын материалдық қызмет түрі. Қоғамдық өндіріс өзара екі түрге материалдық және материалдық емес өндіріске бөлінеді. Оның ішінде көлік материалдық қызмет көрсету түріне жатады [2] .
Көлік міндеттеріне сай екі негізгі топқа бөлінеді:
1. Қоғамдық көлік - тауарлар мен жолаушыларды тасымалдау экономиканың және халықтың барлық салаларының қажеттіліктеріне жауап беретін экономиканың секторы. Қоғамдық көлік түрі қоғамдық қызметтер саласының айналымына жауап береді. Оны көбінесе магистральдық, яғни бұл жағдайда, кез-келген жүйенің негізгі желісі, байланыс жүйесінің құрал желісі деп аталады. Қоғамдық көлік тұжырымдамасын қамтитын, су көлік (теңіз және өзен), жол, әуе көлігі және құбыр көлігі жатады.
2. Сирек пайдаланылатын көлік - өндірістік көлік, сонымен қатар, көлік мекемелеріне жатпайтын барлық транспорттық құралдар, көбінесе қандай-да бір өндірістік жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, кәсіпорында логистка жүйесінің ұйымдастыратын міндеттерінің бірі тұтастай оның жұмысын ұйымдастыру және өндірістік сатып алу, бөлу міндеттері бірлесіп жүзеге асырылады [3] .
Қазіргі кезде көлік - мемлекет экономикасының экономикалық және әлеуметтік базаларымен жоғары жабдықталған бір саласы болып табылады. Бүкіл әлемде туризмді дамытудың үлкен бір құраушысы көлік болып келеді. Көлік экономиканың қалыпты қызмет атқаруына және ауыл шаруашылығы, сауда және тағы да басқа салаларының дамуына үлкен әсерін тигізеді. Туризмдегі көлік қызметінің ролінің атқарылуын туристік және мәдени сапарлардың ұйымдастырылуынан, мәдени алмасулардан және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде байқай аламыз. Туризмнің дамуымен және саяхатқа деген сұраныстың артуымен әрдайым көліктік жолдар ұлғаяды, өз кезегінде ол көлік инфрақұрылымының қолайлы дамуына әкеліп соқтыртады.
Туристік бизнестің ең маңызды қызмет көрсету түрлерінің бірі көлік болып келеді. Олар тур құнының үлкен бөлігін құрайды.
Туризм инфрақұрылымының ең басты құраушысы - көлікпен қаматамыздандыру, сонымен қатар, ол туристік өнім құрамына енгізілген турпакет бөлігінің негізгі қызметіне кіреді.
Саяхат барысында туристерді тасымалдау үшін туристік ұйымдармен қолданылатын әр түрлі көлік түрлері пайдаланылады.
Негізінде көлік бізге жерде немесе ауада, суда қозғалуына мүмкіндік береді. Бұқаралық туризм құрлықтағы саяхат түрінен басталып темір жолдардың салуынан пайда болды. Темір жолдың пайда болысымен бірден жаңа шаруашылық инфрақұрылымының ортасы пайда болды, оның ішінде туризм индустриясынан ерекше орын АҚШ алып отыр. Темір жол инфрақұрылымының ішінде тек қана тізбектес емес, сонымен қатар, кіші және үлкен станциялар қызмет көрсету комплексіне айналып отыр. Оның ішіне жол бойындағы мотельдер, тамақтану орындары, пошталық кеңселер жатады.
Туризмде қолданылатын кең таралған халықаралық көлік классификациясы UNWTO жетілдірілген. Көлік түрі халықаралық классификациясында жолушылар немесе туристер өзінің тұрғылықты жерінен сапар жоспарлаған орынға дейінгі жол деп түсіндіріледі. Осы классификацияға байланысты туризм үшін көлік дүниежүзінде табиғат аясына байланысты қолданылады [4] .
1. Әуе көлігі:
- ұшақ сапары, кесте бойынша жүретін,
- ұшақ сапары, кесте бойынша жүрмейтін,
- басқа да әуе тасымалдаулары.
2. Су көлігі:
- жолаушылар желісі мен паромдары,
- круиздер,
- басқа да су тасымалдаулары.
3. Құрлық бойындағы көлік:
- темір жол көлігі
- қалааралық және қалалық автобустар, басқа да қоғамдық көліктер;
- қалааралық және қалалық автобустар, басқа да қоғамдық автожол, көліктері:
а) жүйелі жүретін көлік немесе кесте бойынша жұмыс істейтін көліктер;
б) туристік немесе чартер, ол көлік түрлері кестеге бағынбай жұмыс істейді:
- жиі жүретін автокөлік түрлері;
- жалға алатын көлік түрлері;
- құрлықта жүретін басқа да көліктер.
Бұл классификация UNWTO және БҰҰ халықаралық органдардың статистикалық бақылауларын тиімді жүргізу үшін, мұқтаждылықты бірегейлендіру және мемлекет тарапынан туристік - көлік туралы ақпаратты беру және оны жинақтау үшін қолданылады. Классификация негізіне туризмнің осы заманғы қоғамдық, шаруашылық және мемлекеттік тізбегінің басты факторы ретінде мобильділік қарастырылады, елдердің көбісінде туризмнің қаржылық бөлігін көлік инфрақұрылымына жұмсалған қаржы құрайды.
Халықаралық классификация жүйесіне жүгінетін болсақ көлік түрі екіге болінеді:
- Көліктік жолдарды құрайды.
- Көлік түрлерін топтастырады.
Туризм статистикасы бойынша халықаралық эксперттер көлік түрлерін коммерциялық және жеке топ деп бөлуге ұсынады. Халықаралық статистикасының органдары келесідей ұсыныс береді, егер де сапар барысында турист бірнеше көлік түрімен қолданылатын болса, онда ол көлік түрлерін ерекшелеп атап кеткен жөн.
Мемлекеттің авиакөлік жүйесі келесі бөлімдермен сипатталады:
- халықаралық әуе жолдарының болуы;
- Қазақстанмен әуе тасымалдаулармен айналысатын, үлкен әуежайлар мен әуе компанияларға соның ішіне чартерлік желілер кіреді;
- әуе билеттерінің құны мен қызмет көрсету сапасы жатады.
«Су көлігі» бөлімінде «Жолаушылар желісі мен паромдары» категориясында «Кесте бойынша жұмыс істейтін» түсінігіне дәл келеді. «Круиздар» категориясына теңіз бойында және көл бойында қызмет көрестулеріне сәкес келіп, таңғажайып сапараларға бару мақсаты үшін үлкен көлемдегі туристер мен жолаушыларды тасымалдау болып табылады. «Басқа да су тасымалдаулары» категориясына жалға алынған экипажбен немесе экипажсыз көлік түрлері жатады. Осы бөлімінің басқа бөлімдермен салыстырғандағы басты ерекшелегі тасымалдау барысында бірден түнеу орындарының болуы.
Су көлігінің жүйесі теңіз және өзен бойындағы көліктер деп бөледі. Егер елдердің теңізге тікелей шығатын мүмкіндіктері бар болса, онда ол туризмнің даму шартының теңіз көлігінің даму деңгейін көрсетеді:
- теңіз порттарының болуы;
- халықаралық жолаушылар тасымалының бар болуы және туристік круиздер;
- туристік теңіз бойындағы немесе кішігірім кемелердегі маршруттардың бар болуы, мысалы, экскурсия, яхтинг, серуен;
- теңіз арқылы тасымалдаулармен айналысатын компаниялар атаулары;
- билетер құны;
- кішігірім кемелерді жалға беру .
Өзен көлігі келесідей параметрлермен сипатталады:
- су жолдарының тығыздығы мен ұзындығы (өзен, көл, өзек, су қоймасы) ;
- арнайы су астындағы жолдардың құрылыстары (өзектер, шлюз) ;
- өзен порты ;
- өзен флотының жағдайы, қызмет көрсету сапасы;
- су жолаушыларының және туристік маршруттардың ағымы мен мөлшері;
- билеттер құны;
- кішігірім өзен кемелерінің жалға беруінің бар болуы.
«Құрлық бойындағы көліктер» бөлімінің «Темір жол көлігі» категориясы өзінің ішінде жолаушыларды және туристік тасымалдауларды халықаралық және қалааралық темір жол тасымалдауларын атқарады. Көбінесе темір жол тасымалдауларында вагон түнеу орынының қызметін атқарады. Ұлттық статистикалық тіркеу органы осы көлік тасымалдау түрінің классификациясын жолаушының алған билетінің түріне байланысты.
Осы бөлімнің ішіне жататын «Қалааралық және қалалық автобустар, басқа да қоғамдық көліктер» категориясы өзінің атқаратын қызметіне кесте бойынша және кесте бойынша емес жұмыс істеуін жатқызамыз. Бұл категорияға автожолдармен жүретін жолаушылар тасымалдауы жатады, бірақ та, адамдар саны сегіз адамнан көп болуы керек, оларға трамвай, троллейбус, автобус жатады. «Жалға алатын көлік түрлері» - бұл автокөліктер, микроавтобустар, автофургандар және де басқа сегіз адамдық орындардан артық болмайтын туристік сапарларға лайықты көліктерді жатқызамыз. Осы категориядағы көлік түрлерін жалға алу үшін коммерциялық мекемеге сүйену жөн. Сонымен қатар, мекеме жолаушыларға немесе туристерге көлік жүргізушісімен бірге немесе бөлек көлікті ұсынады. «Құрлықта жүретін басқа да көліктер» түріне моторсыз және жануарлар көмегімен жүретін көліктер және соның ішіне жаяу жүру де жатады.
Автокөлік жүйесіне сипаттама келесі параметрлер бойынша беріледі:
- мемлекет ішіндегі жолдың жалпы ұзындығы;
- жол төсемінің сапасы;
- жол иерархиясы (халықаралық жол белгісі; федералдық белгісі; ақылы автомагистральдар) ;
- инфрақұрылым орнығуының деңгейі: автосервистің, тамақтандыру мен түнеу орныдарының бар болуы;
- автотұрақтардың бар болуы, сапасы мен төлемақы деңгейі: автобустардың саны мен сапасы;
- автомобильдер мен фургандарды жалға беретін пунктер мен мекемелер;
- автосервис мекемелелері.
Темір жол жүйесі хабарламасы төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады [5] :
- темір жолдардың ұзықтығы мен жиілігі;
- темір жол жолтабанының ені;
- қозғалу жүйесі, темір жолдардың жеткізу қабілеті;
- жылжымалы құрамының деңгейінің сапасы;
- қала маңы және туристік темір жол көлігігінің алыс немесе жақын жолының комфорттылығы;
- билетердің құны мен жеңілдіктердің болуы.
Бұл халықаралық классификациясы туризм саласының транспорттық секторының жалпы даму үрдісі мен жағдайын, жалпыламалық, кепілдемелік ұсыныс беру және тек қана статистикалық мәліметті жинақтауда қолданылады сонымен қатар, анализдік талдауларды топтау және жинақтау мен салыстыру және зерттеу мақсатымен жүргізіледі.
Қорытындылай келе, классификация мысалында келтірілген, туристік салада қолданылатын әрбір көлік түрі өзінің функционалдылығымен, мақсаттылығымен және қолданулылығымен өзінің орнымен ерекшеленеді.
Туризмдегі қызмет көрсетудің ең маңызды түрлерінің бірі - көлік қызметі болып табылады. Турпакет құнының көп бөлігін көлікке жұмсалған қаржы құрайды. Сапарда қолданалатын көлік түрі неғұрлым тез және комфортты болса, саяхат соғұрлым қымбатқа шығады. Туристік кәсіпорындардың сұранысы бойынша жолаушыларды тасымалдау үшін әртүрлі көлік түрлері болады.
Осылайша, неғұрлым оңтайлы факторлардың көп болуы, көлік сапарының құны соғұрлым қымбат болады, бірақ та көлік түрлері барлық талаптарға сай келе қоймайды. Сондықтан да туристке көлік түрлерін ұсынар алдында алдыңғы орынға көлік жүйесінің туристік орталықтарының барлық көлік түрлерінің кемшіліктері мен артықшылықтарын ұсынған жөн. Туристің туризм саласымен тығыз байланыста болуы үшін, турист көлік жүйесінің қызметімен қанағаттандырылған болу керек. Осы жағдайда туристтік орталықтың және туристік сферасының макроортасының бір бөлігі көлік жүйесі деп қарастыруға болады.
Әр тұтынушы демалыс сапарын жоспарлаған кезінен бастап бірнеше талаптарды ескеріп таңдайды: саяхат мақсаты, барар жолдың орналасу жолы мен бағыты, маусымдылық, іс-сапар жоспарланған жеріне дейін қандай уақыт аралығында жете алуы, комфорттылық және саяхат туралы ақпараттылық, сапар барысында шолу мүмкіндігі, бағасы, жүкті тасымалдау және оның салмағы, жол барысында тоқтау мүмкіндіктері, тамақтану шарттары, тыныш жердің болуы, қолайсыз экологиялық факторлардың болуы, қауіпсіздік, төлемақы қабілеттілігі, жасы мен физикалық ауыртпалықтарына шыдамдылығы.
Басымдылықтарға сай осы талаптар келесідей жіктеледі [6] :
- іс - сапар қауіпсіздігі;
- жәрдемақының қосымша құны мен оның болуы;
- жеткізу жылдамдығы мен жайлылығы;
- басқа факторлар.
Негізгі көлік түрлерімен тасымалдаулар типтерін қарастыратын болсақ. Туристерді әуе көлігімен тасымалдау
Әуе көлігімен қызмет көрсетудің талаптарына келесілер жатады:
-жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың санитарлық-гигиеналық талаптырына сай, қауіпсіздігіне кепілдік беріп, олардың жеке заттарын тасымалдау барысында сақтауына кепілдеме береді.
- өз атауы мен міндеттеріне сай болуы;
- әуе тасымалдаулары кезінде келсім шарттарда көрсетілген заңнаманың, нормативтік құжаттардың көлеміне, уақытына, қызмет көрсету талаптарын ескеру қажет;
- жолаушылар үшін бар жағдайы жасалған, толық жабдықталған ғимарат, маршруттардың тиімді жасалуы, құрал-жабдықтардың тиімді орналастыру;
- қызмет көрсететін персоналдардың белгілі бір талаптарға сай сертификатталған және толығымен маманданған болуы керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz