Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау


Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
- ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қонақжайлық индустриясының теориялық мәні мен маңызы . . .
- Қонақжайлылық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыруды басқару қызметтерінің ерекшеліктері . . .
- Қонақжайлылық индустриясында корпоративтік мәдениет артықшылықтарын қалыптастыру мен бағалаудың теориялық әдістері . . .
- ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫ МЕН ОНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
- Қазақстан Республикасының қонақжайлылық индустриясының қазіргі жағдайын талдау . . .
- Қазақстан Республикасының қонақжайлылық индустриясындағы қызмет жағдайын бағалау . . .
- «Данияр» қонақ үйінің қонақжайлылық индустриясындағы орны. .
- ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
- Қонақжайлылық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мен қолдау мәселелері . . .
- Қонақжайлылық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мен қолдауды жетілдіру жолдары . . .
КІРІСПЕ
Қонақ үй қызметтер нарығының дамуы қазіргі таңда, Қазақстанның әлемдегі елу дамыған мемлекеттің ішіне ену стратегиясымен байланысты. Ол өз кезегінде туризмнің дамуындағы инфрақұрылым болып отыр.
Еіміздегі қонақ үй бизнесінің - әлемдегі жалпы ұлттық тұтыну тауарының 6% мөлшерін және 5% көлеміндегі салық салымдарын құрайтын, одан бөлек өзге де бағыттардың дамуына: құрылысқа, саудаға, ауыл шаруашылығымен, халықтың тұтыну тауарларын дамытуға үлкен үлес қосушы сала. Әлемдегі қонақ үй фондының саны шамамен 1 718 млн. орынды қамтиды, олардың саны мен сапасы халықаралық туризм секторының сұраныса тікелей байланысты. Бұл бизнес кәсіпкерлердің басым бөлігіне көптеген себептерімен тартымды: алғашқы инвестицияның аздығы, туристік қызметке деген сұраныстың өсуі, рентабельділіктің жоғарылығы және де орта уақыттың ішінде өзін-өзі ақтауы.
Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасындағы: «Туризм - әлемдік өркениеттің маңызды саласы, еңбек қабілеттілігін арттыру, мемлекеттің экономикалық жағдайының жақсаруына қажетті 2030 жылға дейін туризмді кеңінен дамыту қажет» деген болатын. Осы бағдарламаны негізге алып, еліміздің туристік саласының дамуын қамтамасыз ететін дамытудың 2020 жылғыға дейінгі тұжырымдамасын бекітілген жобасының жасалғаны белгілі. Еліміздегі емдік, спорттық, танымдық бағыттағы және су, шаңғы, жаяу, тау туризмінің дамуына байланысты іс-шаралар жасалды. Мемлекеттіік және жеке меншіктегі туристік кәсіпорындар мен туристік қызметің ұсыну кешендерінің, қонақ үйлердің саныныңұлғайып, бәсекелестік қабілеті арта түсті. Дүниежүзілік Туристік Ұйымғға мүше болды. Оның өзі, еліміздің экономикасындағы туризм саласының даму рөлі жоғарлап бара жатқандығын анық көрсетеді[1] .
Қонақжайлық - уақыт пен даму нәтижесінде туристерге қызмет көрсетуге қажетті миллиондаған кәсіпқойлар жұмыс жасайтын күшті индустрияға айналған өркениетті түсініктерінің бірі. Қонақжайлық индустриясына адамдардың әр түрлі қызмет ету салаларын жатады- туризм, демалу, ойын-сауық, қонақ үй мен мейрамханалар бизнесі, қоғамдық тамақтану, экскурсиялық қызмет, көрмелер мен әр түрлі ғылыми конференцияларды ұйымдастыру.
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы туристік қызметтерге сұранысты қалыптастыру процесінің қарқындылығын жоспарлау, ұйымдастыру, координация, бақылау және ынталандыруды жүзеге асырумен байланысты басқарушылық қызметтероның ішінде корпоративтік мәдениетке байланысты.
Дипломдық жұмысымда Қазақстандағы туризм және қонақжайлық индустриясының ағымдық жағдайына тоқталып, қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мен қолдауды дамыту жолдарын қарастырамын.
Дипломдық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Қазіргі кездегі Қазақстанда туризм және қонақжайлықтың дамуы үшін корпоративтік мәдениетті қолдауды пайдалану өзекті сұрақатардың бірі.
Дипломдық жұмысымның мақсаты: қонақжайлылық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдаудың ролін айқындаумен қатар, дамытуда ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмыстың келесідей міндеттерін айқындауға болады:
- қонақжайлылық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау әдіснамалық негізін қарастыру, атқаратын ролін сипаттау; Қазақстандағы туризм және қонақжайлық индустриясының даму жағдайын талдау; Қазақстандағы туризм және қонақжайлық индустриясының даму жағдайын бағалау; «Данияр» қонақ үйінің қызметіндегі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу объектісі -қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың даму жағдайы мен корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау жүйесінің құрылымы.
Дипломдық зерттеу жұмысының пәні болып туризм және қонақжайлық индустриясындағы басқару мен жетілдірудің жолдары ұсынылған.
Дипломдық жұмысымның орындаудағы теориялық және әдістемеліктің негізіне Қазақстанның Президентінің және Үкіметінің заңнамалық базаларымен құқықтық-нормативтік актілері, халықаралық деңгейдегі туризм саласына қатысты ковенциялар мен басқа да маңызды құжаттамалар, республикалық деңгейдегі Үкіметтік бағдарламалар мен жобалар мәліметтері, анықтамалық мәліметтер, отандық және шет елдің мәліметтері, ҚР статистика Агенттігі материалдары мен «Данияр» қонақ үйінің кешенінің мәліметтері құрайды. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттері ғалымдарының ғылыми-тәжірибелік нұсқадағы еңбектері, оқулықтар, оқу құралдары, кезеңдік басылымдар, интернет материалдары, басқа да зерттеу жұмысының нәтижелері жатады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі мәліметтері, талдау материалдары туризм және қонақжайлық саласындағы шаруашылықтық субъектілер, мекемелер мен ұйымдармен қолданылуға ұсынылады, сонымен қатар, ғылыми-теориялық материалдар мен аналитикалық көрсеткіштер туризм мамандығы бойынша тәлім алушыларға мәлімет базасы ретінде ұсынылады.
Зерттеу жұмысымның мақсаттарының орындалуына сәйкес, міндеттері қарастырылып келесідей жұмыстың құрылымдарымен анықталды. Осыған орай, ғылыми зерттеу жұмысым кіріспе мен қорытындыдан және үш бөлімнен, 20 суреттен, 10 кестеден, қорытындысы жәнеде пайдаланған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Қонақжайлық индустриясының теориялық мәнімен маңызы
Қазіргі кезде қонақжайлылық индустриясы басқа салалармен салыстырғанда ең жоғары қарқынмен даму сатысындағы индустрия. Туризм индустриясы ол қызмет инфрақұрылымының барлық формаларына кіретін көңіл көтеру мен демалуда, табиғаттағы рекрациялық байлыққа сүйене отырып, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген көпқырлы қызметтердің жүйесі. Туристік ксәіпорындардың ресурстарға байланысты орнығуы мен маусымдылығына байланысты қызмет көрсетуде жоғары қаржы мен инвестициялауға негізделіп отыр. Туризм индустриясы туризмге байланысты қызметті жасау мен сатуға байланысты маманданған қызмет көрсетуге бағытталған кәсіпорындармен сипатталады жәнеде тұтынушылардың есепайырысу қабілеттінің мұқтаждығын қанағаттандыруға экономиканың мамандандырылған бір саласы.
Дамудың экономикалық тетігі ретінде туризм және қонақжайлылық индустриясы қарқынмен дамуы бірнеше жүзжылдықтан бері белгілі. Тиімді басқару жолдарын ұйымдастыру туризм индустриясын дамыту мен зерттеу және оның маңызын ашып көрсетуде орны жоғары.
Қонақжайлылық ол тек туристердің ғана емес, барлық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағғаттандыруға негізделген қызмет. Негізінен туризм мен қонақжайлылық ұғымдарын жеке қарастырмау қажет себебі, екі сала байланысты ұғымдар немесе толықтырушылар. Туристер саяхатына және оның мақсатына қажетті ұғымдар мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бар тұтынушылар болып табылатындығында. Сонымен, қонақжайлылық индустриясы - ол тұтынушылардың, яғни туристердің кез келген сұраныстары мен мұқтаждықтарын, қалауын қанағаттандыратын мамандандырылған қызметкерлердің қызмет көрсететін салаларыдың жиынтығы. Туристік мекемелердің коммерциялық бағытта туристік және сервистік қызметтің пацда болуына, туристік өнімдер мен естеліктер өндіруге алып келеді. Сонымен қатар, тұтынушыларың жоғарыда аталған қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында мұқтаждықтарын өтей отырып, қызмет көрсетеді. Аталғандарды өзінің дамуының қарқынымен таңдандыратын туристік индустрия деп атауға болады.
Ғалымдардың ішінде В. А Квартальновтың айтуы бойынша туризмі индустриясының дамуыдағы маңызды себептерін келесімен байланыстырды:
- халықтың табысының өсуі. Онда бірінші дәрежедегі қажеттіліктердің (тамақ, киім, үй) жоғары дәрежеде қанағаттандырылуы, тұтынушылардың табісінің көп бөлігі рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді;
- тез қарқынмен дамуда қалада өсіп келе жатқан өндірістер мен урбанизация және экологиялық мәселелердің нашарлауы мен күнделікті тіршіліктің күйзелісінің шығуы, урбандалған өмір дағдысын басқа бағытқа ауыстыруды қажетсінетіндіктен экологиялық тазарған аймақта демалуға қажетті сұраныстар артады;
- адамдардың бос уақыт көлемінің өсуі, онда адамдардың еркін қолдана алатын уақыттарының болуы. Экономикалық дамыған елдердің туризмімен тәжірибие жүзінде келесідей туризмнің дифференциясы қалыптасқан, онда демалыс уақыты кезеңі шетелдік туристік саяхат жасаумен өтетін болса, апта соңындағы демалыс «уикэнд» ел ішіндегі экскурсия, кешкі бос уақытында қаладағы демалыстар мен көңіл көтерумен өтеді. Бос уақыт құрамына апта соңында демалыс бастапқы орынды алатындықтан, экономикалық дамыған елдердің тәжірибиесінде ішкі туризмге қатысты сұраныс қарқынмен дамуда, оған байланысты ішкі туризмде аталған елдерде жылдам дамуда;
- ұйымдастырушылық құралдар және инфрақұырылымның дамуы. Онда еркше туристік ресурстарды қолжетімділік және туристік қызметтерді тұтынуды икемді етеді.
- келесі себеп ол халықаралық, дүниежүзілік сауда айналысының дамуы.
Ол айналымда қонақжайлылық индустрия мен туризм өзінің қарқынмен дамып туристердің, тұтынушылардың сұраныстарының жоғары тиімділікпен қанағаттандыруының арқасында алдыңғы орынға ие болды. Туризм мен қонақжайлылық индустриясындағы және телекоммуникациялар жүйесі мен ақпараттық технологиялардағы жарнаманы ғана дамыту емес, сондай ақ бірнеше туристерге қызмет көрсететін қоғаммен байланыстың дамуы.
Экономиканың ең маңызды саласы болып туризм саналады және де кіріс пен табыстылықты әкелетін еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлемі мен құнын арттыратын, басқада салалардың дамуына ықпал ететін сала. Сонымен қатар нарыққа өтуде іс сапарлардың артуын жоспарлап, шетелдік инвесторлардың мен бизнес субъектіліріне шекараның ашылуы, халықаралық байланыстардың артуы мен шетел инвесторларының мақсаттарының экономикаға артуы, және де басқа да салалардың дамуы барлығы туризмнің белсенділігінің артуына әкеледі.
Мемлекеттік экономикадағы туристік индустрияның маңыздылығы және орнын келесідей атап өтуге болады:
- туризмнің дамуының, оның ішінде кіру туризмі еліміздің валюта жағдайының тұрақтануы мен төлем балансының артуына мүмкіндік туғызады. Валютаның қайнар көзі болып туризм саналады, 2-і деңгейде атқарылады: біріншісі, тұтының тауарларының сатылуы; екіншіден, шетелдік туристердің валюта айырбастау барысында еліміздің валютасына деген сұраныс артып құнының артуынан және мемелекет ішінде тауарлар жәәнеде қызметтерге қарасты сұраныстың, тұтынудың артуы;
- туристік қызметтердің нарығындағы басты реттеушісі еңбек қызметтердің орындарын қалыптастыра отырып, адамдарды әсіресе маусым мезгілінде турөнім мен қызметтерге сұраныс көлемінің артуынан жұмысбастылық пен жұмыспен қамту артып жұмыссыздық кемиді. Еліміздің инфрақұрылым кешенінің дамуына оңтайлы ықпалын тигізеді. Туристік қызмет ұсынулар еліміздің көптеген экономикалық мәселелерін шешуде және ЖІӨ көлемінің артуына, жекелеген салалардың дамуына әсер етеді;
- өзінің экономикалық мәні мен роліне байланысты еліміздің халық шаруашылық кешенін ала отырып, экспорттық бағдарлар салаларына жатқызуға болады. Басқада экспорттаушы салаларға қарағанда туризм ресрустарды шығарумен байланыссыз, ал саяхат барысында тану мен демалысты сипаттайды. Туризм маңызында табиғатты кеңінен қолданатындықтан немесе қолданса онда оны таза экологиялық қызмет саласы ретінде қарастыруға болады;
- әлеуметтік саланы жетілдіруді қамтамсыздандыратын, тұтынушының рухани, сондай-ақ физикалық күшін қайта қалыптастыруға бағытталған, ұлттық сауықтыру жағдайында жақсартуға әрекет етуші. Нәтижесінде тұтынушылардың күнкөріс деңгейі және жұмысшы күші ретіндегі қуатын арттыруға оң әсерін тигізеді;
- тұтынушыны жеке тұлға ретінде жетілдіреді, ой өрісін арттырады, интеллектуалдылығын дамытуға әсерін тигізеді;
- елдер арасында нақты өзара қарым қатынасты жетілдіруге ықпал етіп, кіші шаруашылықты байланыстыруды арттырады;
- алып инвестициялық салымдарды қажет етпейтіндіктен, салынған салымдардың жылдам айналуын қамтамасыз етеді;
- кіру туризмі капитал сиымдылығына ие, ол қаражат салуды инфрақұрылымның дамуына салуды талап етеді, ал шығу туризмі инвестицияны салуды қажет етпейді;
- тарихи, мәдени, табиғи ескерткіштердің қалыпына келуі мен сақталуына жағдай жасайды.
Туристік индустриясының бірнеше жүйелері бар (сурет 1) .
Сурет 1. Туристік индустрияның ҚР заңына сәйкес жүйесі
Ескерту -Автормен [9] әдебиет негізінде құрылды
Қонақжайлылықтың мәні мен маңызында оның түпкі мағынасында қонақтарға деген жақындығы мен құрметпен қарау және күту түсінігінің жатуында. Ал, қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсеткені үшін ерекшелігі төлем жасауында. Қонақжайлылық уақыт пен даму нәтижесінде тұтынушыларға, яғни туристерге қызмет көрсету мақсатында бірнеше кәсіпқойлар жасаған жұмыс күштерін индустрияға айналдырған заманауи түсініктерінің бірі. Қонақжайлылық индустриясына негізінен адамдар әртүрлі ққызмет көрсетудің салалары жатады: демалу, туризм, ойын сауықтың, қонақ үйдің мен мейрамхана бизнесінің, қоғамдық тамақтанудың және экскурсиялық қызметтер мен көрмелер, әртүрлі жәрмеңкелер мен кәсіби және мақсатты конференциялар ұйымдастыру жатады.
Жалып ғылымда «Қонақжайлылықты жүргізу» мен «Қонақжайлылықты басқару» мәселелері мен тұжырымдамасын жасаған ғалымдардың бірі Дж. Уокер болатын. Ол туристік индустрияның құрылымын төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай ұсынған (сурет 2) .
Сурет 2. Дж. Уокердің ұсынған туристік индустрия жүйесі мен құрылымы
Ескерту -Автормен [11] негізінде құрылды
Дж. Уокердің ұсынған туризм индустриясының құрылымдары кең мағынада қарастырылып Қазақстан Республикасы заңнамасына сай келеді. Оның ұсынған құрылымдық жүйесі сонымен қатар, ДЖ. Гриффиннің және Дж. Дитмердің қонақжайлылық индустрияның мән мағынасына сәйкес келеді. Жоғарыда ұсынылған авторлардың ойынша қонақжайлылық индустрия құрамы мен құрылымына қонақжайлылықпен қатар, туризм мен саяхат жатқызылған.
Сонымен туристік индустрия ол туристерді орналастыру құралдарының, тамақтану мен көліктің объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің және құралдарының, сауықтыру, танымдық, спорттық, іскерлік пен басқада мақсаттағы объектілерінің туристік қызметтіі әрекетін жүргізетін кәсіпорындардың, сонымен қатар, экскурсиялық қызмет пен гидтер мен гид аудармашылардың қызметін ұсынатын ұйымдар. Туристік индустриядағы қызмет түрлері:
- турлар ұсынудағы қызметдің көрсетуі;
- қонақ үйлердегі қызмет көрсетулер;
- тамақтануға қатысты қызмет көрсетулер;
- жарнамалық және ақпараттық қызметтер ұсыну;
- тасымалдау қызметін ұсыну, көліктің барлық түрлері бойынша қызмет билеттерін және іс сапарлар билеттерін сату және көрсетілетін қызметтер;
- ойын сауықты ұйымдастыру;
- туристік қызмет ұсыну шарттарында анықталған өзгеде туристік қызметтер жиынтығы.
ДЖ. Гриффиннің және Дж. Дитмердің ұсынған жүйесі бойынша бірнеше маңызды санаттарға бөліп қарастыруға болады (сурет 3) .
Сурет 3. ДЖ. Гриффиннің және Дж. Дитмердің ұсынған қонақжайлылық индурстрия жүйесі
Ескерту - Автормен [8] негізінде құрылды
Жоғарыда ұсынылған суреттердің біріне бірінің ұқсастығын байқау қиын емес. Қонақжайлылық индустриясы мен Туризм индустриясының арасында айырмашылықты қалай көруімізге болады деген сұрақтар туындайы мүмкін. В. Фрейер ұсынған сызбасында келесі айырмашылықты көрсетуге тырысқан: біріншіден, туризм индустриясы тар мағынада, ол туристік қызметтерді ұсынатын және қызметтерді көрсететін кәсіпорындар қызметтерінің жиынтығы (сурет 4) . Ал, кең мағынада туристік қызметті көрсететін және ұсынатын қосалқы кәсіпорындар. Сонымен қатар, туристік индустрияда жарнама қызметіндегі қызметтерді жатқызған.
Сурет4. В. Фрейердің пікірі бойынша туризм индустриясы жүйесі.
Ескерту -Автормен [8] негізінде құрылды
Туризм индустриясы - бұл демалу жәнеде көңілін көтеру түрлеріне деген күрделі және әр қырлы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған салалар мен бөлімдер кешенінен тұратын экономикалық жүйе. Туризм индустриясы туризмдегі кәсіпорындардың қызметін сатуға және құруға кәсіптенген қызмет көрсетуші ұйымдармен сипатталады.
Қонақжайлық- туристердің ғана емес және жалпы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы нақтырақ түсінік. Қонақжайлық индустриясы- туристердің кез келген сұраныстары мен тілектерін қанағаттандыратын қызметкерлердің жұмыс істейтін кешенді саласы. Осының барлығын өзінің дамуының жылдамдығымен таңқалдыратын туристік индустрия деп анықтауға болады.
Туризм индустриясы мен қонақжайлық индустриясын бөліп қарастыруға болмайды, себебі туристтер де еліміз үшін тұтынушы болып табылады. Қонақжайлықтың және туризмнің арасындағы байланыскелесіде көрсетілген(сурет 5) .
Сурет 5 Туризм мен қонақжайлық индустриялары арасындағы өзара байланыс
Ескерту -Автормен [12] негізінде құрылды
Қонақжайлық индустриясының әлеуметтік жағдайы мен дамуына мына факторторлар ықпал етеді:
- оның ішіндегі сыртқы факторлар (тұрақты эконмиканық дамуы, демографиялық өсудің қарқыны, тұрақты саяси, қоршаған ортаны қорғау мәселесі, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі ) ;
- арнайы қолданылатын сыртқы факторлар (ауа райы мен жыл мезгілдері, демалыс уақыты мен каникул, мереке күндері мен аптаның демалыс күндері) .
Берілген қызмет түрлері туристік бизнесте көрсетіледі:
- орналастыру;
- тамақтандыру;
- тағы да басқа қызметтер.
Берілгендердің ішінде басты екеуі қонақ үйдің шаруашылығының ең басты қызметі болып табылады, қалғандары да кездеседі. Ең маңыздысы турды ұйысдамытыру кезінде ең алдымен қонақты орналастыру керек. Және ол қонақ үй қызметінсіз қалмауы тиіс.
Қонақ үй - нарықтағы өзіндік «тауарды» өндіріп және де ұсынатын коммерциялық кәсіпорын болып табылады. Осы тауар - қызметтер жүйесі болып негізделеді. Осы қызметтерге орналастыру және тамақтандыру қызметтері кіреді.
Көрсетілген үш қызмет қонақ үйдің қызметін тауар ретінде қарастыру негізінде ерекшеленеді:
- жеке қызметтер және қызметтер құрамы;
- қызметтер кешені ретінде «қонақ үйдің» тауары;
- қызметтер кешені ретінде «қонақ үйдің» тауары мен тағы да басқа қосымша қызметтер.
Қонақ үйдің қызметін ұсыну тек тұтынушының тек қатысуымен емес, сондай-ақ орындаушыға да талап етіледі және қызетті ұсыну орындаушының аймағында іске асрылады. Қызметті ұсынатын қызметкерлер қызмет көрсету аясында қонақпен тікелей қарым- саласындағы
Туристік бизнесте мына қызмет түрлері көрсетіледі:
Қатынасқа ие болуы тиіс, ал соңғысы ұсынылған қызметтің бөлінбес бөлшегі болып қарастырылады.
Сезінбеуі. Қонақ үйдің қызметін (басқа да қызметтер секілді) тұтынушы ұстай алмайды және сезіне алмайды. Қызметтер материялды сияқты емес, себебі қызметтер іске аспайынша, олары бағалай алмайды. Олар тек қана ққызмет көрсету аясында ғана пайда болады. Қызметті қолдануға дейін көруге болмайды.
Алдын ала сақтап қоюдағы қонақ үй тауарының мүмкіндігінің болмауы. Дәл сол уақытта пайда болған сұранысқа қызмет көрсететін тауар - қонақ үй тауары болып табылады. Сапалы көрсетілген қызмет қонақ үйдің кәсіпорынының кірісіне тиімді әсер етеді.
Сападағы тұрақтылықтың болмауы. Қызметтердің өзгеруімен еррешеленетін қонақжайлық саласының сапасы қызмет көрсетумен жүзеге асырылады. Егер, қызметкер кез-келген бір күнде өте жақсы қызмет көрсетісе, келесіі күні көптеген факторлармен сапасыз қызмет көрсетуі мүмкін. Бұл сапа кезіндегі тұрақсыздық тұтынушының көз-қарасына кері ықпалын жасайды.
Маусымға байласнысты сұраныс. Көретілетін қызметке сұраныс тек бір күн немесе бір апта, тіпті бір маусымға созылу мүмкіндінгі осы кәсіпорынның өнімі болып табылады. Мысалы, туристердің көпшілігі жазда демалғанды ұнатады, сондықтан қонақ үйдің маусымы жазда.
Келесі көрсетілген қызметтер кешені қонақ үй саласының қызметтеріне жатады:
- кір жуу және химиялық тазарту; .
- тасымалдаумен қамтамасыз ету;
- жергілікті аймақта экскурсия жүргізу;
- электронды желілердің құралдарымен байланыстыру;
- спорттық - сауықтыру;
-тұтынушы мен қызметкер арасындағы шартқа байланысты басқада қызметтер көрсету.
Тұтынушының қонақ үйінде тұруы ережесі мен шартқа сәйкес қонақ үйдің қызметкері белгілейтін орында тұруы ережесіне сәйкес анықталады. Белгілі бірі қонақ үйдіің қызметкерінің белгілі кәсіптік даярлығы болуы қажет. Қызметкерді арнайы киіммен және де қызметтік белгісімен қамтамасыз ететін арнайы қызметтерді көрсетушісі қарастырлады. Қонақ үйдің әкімшілігі қызметкердің функционалдық қызметтерін тиімті нұсқаулыққа белгілейді.
Келесі көрсетілген ерекшеліктер қонақ қызметінің экономикалық мазмұны болып табылады:
- тұтынушы мен қызметкердің тікелей байланысуы мен қызмет көрсету барысындағы тұрақсыздық;
- басты (орналастыру және тамақтандыру) қызметтерден басқа тағы да қосымша және қонақ үйдің аумағындағы (автотұрақ, сән салоны, спорт кешендері, нөмірге қызмет көрсету, көлікті жалға беру, кір жуу және тағы сол сияқтылары) ұсынылатын қызметтермен байланысты болады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz