Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану


Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В090200 - «Туризм» мамандығы
МАЗМҰНЫ
Бет
5
1 ТЕРРИТОРИЯНЫҢ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ДЕ МӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1Территорияның табиғи мен мәдени әлеуетін пайдаланудың мақсаты мен маңызы . . .
1. 2 Территорияның туристік қызметті ұйымдастырудағы әлеуеті ұғымы және оның бағалау ерекшеліктері . . .
1. 3 Территорияның табиғи мен мәдени потенциалын пайдаланудағы шетел тәжірибесі . . .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ МЕН МӘДЕНИ ПОТЕНЦИАЛЫН ПАЙДАЛАНУДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛҚЫЛАУ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы табиғи мен мәдени потенциалын пайдалануда туристік қызметті ұйымдастыру жағдайын талдау . . .
2. 2 Астана қаласының туристік қызметті ұйымдастыруда табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін талдау . . .
2. 3 «Sun Тоur» туристік фирмасының Астана қаласы табиғи және мәдени потенциалын пайдаланудағы іс-шараларын бағалау . . .
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ МЕН МӘДЕНИ ПОТЕНЦИАЛЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасы табиғи және мәдени потенциалын пайдалануда туристік қызметті ұйымдастырудағы мәселелер . . .
3. 2 Қазақстан Республикасы табиғи және мәдени потенциалын пайдалануда туристік қызметті жетілдіруді жоспарлау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
7
13
20
30
41
48
54
57
72
74
КІРІСПЕ
Республикамыздағы ерекше табиғи мен мәдени әлеуетке негізделген қазіргі замандағы туристік индустриядағы туризмнің қызмет көрсетулерге халықаралық сауда жүйесіне оралымды бірігудің табиғи негіз жасаушы факторы ретінде, неғұрлым серпінмен дамушы және өзінің капиталындағы сыйымдылыққа қарамастан, сол капиталға қайтарымы негізінен тиімді салалар қатары болып табылады.
Дипломдық жұмыстыңі тақырыбындағы өзектілік. Туризм индустриясыныңі даму деңгейі жалпы мемлекеттің экономикалық даму көрсеткіші болды. Туризм саласындағы даму Президентіміз Нұрсұтан Назарбаевтың 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына ену стратегиясының маңызды басымдылығы ретінде бекітілді. Қазақстан оңтайлы туристік имиджі бар мемлекеттердің қатарына енуге толықтай мүмкіндігі бар, Еліміз Еуразия континетінің ортасында, еліміздің тиімді географиялық орыны халықаралық туристік байланысуының дамуына үлкен себепкер болып отыр. Президентіміз Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Бағдарламасының халыққа жолдауында осы мәселені атаған. Осы бағдарламаға сәйкес 2020 жылға дейінгі мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігінің тұрғысынан перспективті салалардың қатарына ауыл шаруашылығының, орман мен орманды өңдеу өнеркәсібіндегі, жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі, тұрғын-үйлердің құрылысы мен инфрақұрылыммен қатар туризмнің енгені өте маңызды [1] .
Елімізде қазіргі заманауи инфрақұрылымдар салалары қатарының дамуы, осы саланың негізгісі ретінде туризм саласына үлкен мән берілген. Туризм елдегі тұтас өңірлердің экономикасына белсенді ықпал еткен. Туризм саласының шаруашылықтағы жүргізуші субъектілердің пайда болғаны мен жұмыс істейтін жол көліктерінің, әлеуметке сауданың, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамығандығымен тығыз байланысты.
Туризм саласы көптеген елдердің экономикасына әсер етуші маңызды әлеуметтік және экономикалық құбылыс. Бұл сала мұнай-газ саласына, тамақ өнеркәсібіне, көлік өнеркәсібі саласына салынатын инвестициялық салымдар жағынан тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала. Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылығының қолдауына әлемдік тәжірибесін, елдердің географиялық жағдайын, олардың табиғи-климаттықі және мәдени ресурстарын және көрікті жерлерін бағалауы болып табылады.
Туристік қызмет кәсіпорынның шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды. Сондай-ақ әр түрлі қоғамдық және кәсіби ассоциациялардың, бірлестіктердің, аймақтық, ұлттық, халықаралық институттардың, мемлекеттік пен мемлекетт аралық реттеудегі ұйымдардың қызметімен өте тығыз байланыста. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін әр түрлі ұлтаралық жәрменкелерде абыроймен танытуда. Шет елдің туристеріне Қазақстан қыр мен сыры толықтай ашылмаған, жұмбақ пен сан мыңдаған жылдарға толы тарихқа бай ғажайып мемлекет ретінде танылып отыр. Еліміздің аймағында тек қана
мемлекеттің емес, және де «ЮНЕСКО» мен «БҰҰ» қорғауындағы жәдігерлер өте көп. Қазақстан қазіргі инфрақұрлымның, соның ішінде туризмнің дамуына көп көңіл бөлінген. Туризм елдегі бүкіл аймақтардың экономикасына өте маңызды әрі оң әсерін тигізуші сла болыпіотыр. Туризм саласының шаруашылықтағы субъектілерінің пайда болуының қызметтерді көрсету, жол көліктері, саудадағы, мәдени, медицинадағы қызметтермен тығыз байланыста. Сондықтан да, аталмыш салаға байланысты табиғи мәдени әлеуеті тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі жоғарыда қозғалған мәселелерге байланысты айқындала түседі, оның зерттілігі қажеттілігі жоғары деңгейде болып табылады. Дипломдықі жұмыстың тақырыбын таңдауда туристік қызметті ұйымдастырудағы мәселелерінің толық шешілмей отырғандығы, әсіресе туризм саласындағы кәсіпорындар қызметінде ұйымдастыру мәселесі маңызды болып отыр.
Зерттеу обьектісі ретінде, Қазақстанның туристік қызметті ұйымдастырудың жай-күйі және оның дамуындағы табиғи мәдени әлеуеті.
Зерттеу құралы, Қазақстанның туристік қызметті ұйымдастырудың жай-күйі және оның дамуындағы табиғи мәдени әлеуетті пайдалану бағыттары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның туристік қызметті ұйымдастырудың жай-күйі және оның дамуындағы табиғи мәдени әлеуетін тиімді ұйымдастырудың бағытын анықтау.
Зерттеу міндеттері төмендегідей жайлардан құрылды:
- территорияның табиғи мен мәдени әлеуетін пайдаланудың теориялық негіздерін зерделеу;
- территорияның табиғи мен мәдени әлеуетін пайдалануын талдау;
- территорияның табиғи мен мәдени әлеуетін пайдаланудың жоспарын нақтылау;
- территорияның табиғи мен мәдени әлеуетін пайдалануын жетілдіру жолдарын анықтау.
Әдіснамалық зерттеулер, қойылған міндеттерді шешуде хронологиялық, статистикалық және экономикалық талдаулар тәсілдері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні, туризм саласындағы табиғи мен мәдени әлеуетін пайдалануды қолданудың тәжірибелері мен оның даму бағыттары болып саналады.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен құрылған. Жұмыста 15 сурет, 16 кестеден қарастырылған.
- ТЕРРИТОРИЯНЫҢ ТАБИҒИ МЕН МӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУіЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУДЫҢі ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Территорияның табиғи мен мәдени әлеуетін пайдаланудың мақсаты мен маңызы
Барлық әлемде өте жоғары әрі маңызды тарихи мәнге ие, өте жоғары әдемілігімен ерекшеленетін ескерткіштер, сапасы мен құрылысы жағынан ерекше көне қалалар өте көп. Олар сол елдің өзіндік тек тарихын емес, сондай-ақі дәстүрі мен салт-дәстүрін, мәдениетін көрсете отырып ұрпақтарға жеткізеді. Сол ескерткіштер жыл сайын табиғаттағы құбылыстардың әсерінен, адамдардың көзқарасы мен әрекеттерінен құндылықтарын жоғалтуда. Оларды сақтау барысында әрбір елдің мәдениі мұраларын сақтауі және қорғау ұйымдары жәнеіUNЕSСО-ның Әлемдік мұра бағдарламасы айналысауда. Жылдан-жылға серпінмен дамып жатқан туризм саласында осы аталмыш көне қалалар мен ескерткіштердің тигізетін әсері жоғары.
Туристік қызметтерді топтастыру үшін бірнеше тәсіл қолданылады. Саяхаттардағы мотивация мен мақсаттар бойынша туризмдегі келесі бағыттарды атап айтсақ:
- Американың ғалымы В. Смиттің тұжырымдамасы бойынша, туризмде алты категория бар: этникалық, мәдени туризм, тарихи туризм, экологиялықітуризм, рекреациялық туризм, іскерлік туризм деп бөлінген [4] ;
- Украинаның ғалымы Н. П. Крачило туризмге алты түрді ұсынды: курорттық әрі емдік, сауықтыру (тарихи-мәденилік, археологиялы, архитектуралы ескерткіштерді таныстыру барысындағы туристік саяхаттар), спорттық туризм, танымдық, сонымен қатар іскерлік туризм, діни туризм, кәсіптік туризм [5] ;
- Ресейлік ғалым Н. С. Мироненконың ойынша туристік қызметтердегі негізгі мотивтерге сәйкес келесі түрлерге бөлді: емдік туризм, сауықтыру мен спорттық туризм, танымдық туризм (натуралистік пен мәдени әрі тарихи туризм) [6] ;
- Ресейлік ғалым В. А. Квартальнов саяхаттаудағы мотивтер белгілі бір дәрежеде адамдарды туризмдегі өнімдерді сатып алу негізіндегі ретте адамның мінез-құлқын көрсетеді деп пікірлеуде және саяхаттың мақсатына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: демалыстық, бос уақыттағы, ойын-сауықтық, танымдық, спорттық, қаржы, іскерлік мақсаттардағы, қонақ болу мақсатындағы. Және оның пікірінше, тарихи-мәдени туризм басты міндеттер - мәдениеттегі, ғылым және техникадағы жетістіктермен танысу, тарихи орындардағы және құрылыстардағы мекендерге саяхаттау [7] .
Аталған топтастырулардың ішіндегі соңғы уақытта туристерді адамзат тарихындағы көне ескерткіштер қызықтыруда. Қазба жұмыстарындағы табылған қазбалар жылжымайтын (алғашқы мекендердегі, қорғандардағы, қабірлердегі және де т. б. ), жылжымалы (еңбек қарулары, тұрмыстағы заттар, бұйымдар және де т. б. ) болып бөлінген. Сондықтан да, жылжымалы ескерткіштер мұражайдағы жәдігерлердің қатарын толықтыра отырып, мұражайларда сақталған. Ескерткіштер мен қазбалардың осы түрлері туризмнің нысаны деп есептеледі. Алайда мәселе осы ескерткіштерді туризм қажеттілігіне жарату болып отыр. Осыған орай, АҚШ пен Еуропаның кейбір елдеріндегі алғашқы ұжым археологиясы және тарихындағы танымды жерлерге байланысты туристік-экскурсиялық мұражайлар мен бағыттар ұйымдастыру жайлы тәжірибелер қызығушылық көрсетуде.
Туристегі танымдылық қалыптастыру барысында тарихи әрі мәдени туризм мынадай аспектілерден тұруы қажет (кесте 1і) .
Кесте 1і
Тарихи-мәдени туризмдегі аспектілер
Кестедегі берілген аспектілердің арасынан тарихи-мәдени аспекті қатарына тоқтала өтейік. Тарихи мен мәденидегі туризмнің туристік қалалардың дамуы мен қалыптасуына өте маңызды рөл атқарады. Территориядағы рекреациялық жүйелердегі табиғи мен мәдени құрылыстар туристік тартымдылықтағы ядро деп есептелуде. Тарихи мен мәдени факторлардың табиғи факторларына қарағанда жылжымалы мен жылжымайтын болып есептелуі мүмкін немесе өзіне сай тарихи динамикасы бар. Тұрғындардың мәдени дәрежесі жоғарылаған сайын, туризм үшін маңызды туристік кешендердің дамуы да жоғарылайды.
UNЕSСО мен БТҰ ғаламдық мәдени мен туристік қызметтерді координациялау мен стандарттауда өте маңызды. Аталмыш халықаралық ұжымдар өткізген әлемнің жетекші елдерінің туризм және мәдениет өкілдері атсалысатын шаралар, бас ассамблеялар мен конференциялар халықаралық ынтымақтастықтың қозғалмалы механизмі және де осы ұжымдарда қабылданған шешімдер - ұлттық деңгейде тәжірибелік нұсқаулардың негізін қалаушы.
Мәдениетпен, тарихпен және табиғатпен байланысқан мұраларды қорғауі бойынша туризмді дамытумен байланысты қорғау маңыздылығын атап көрсететін UNЕSСО ұсынған нұсқаулар мен конвенциялар ерекше назарды талап етеді. Мәдениет саласында әлемдік саясатты анықтаған Бұкіләлемдік конференция шеңберінде туризмді мәдениетпен, тарихпен және табиғатпен байланысқан мұралардыі сақтау мен қорғау барысында туризмді дамыту жолдары туралы нұсқаулар қабылданған.
Табиғатпен, мәдениетпен және тарихпен байланысқан мұралар еліміздің ұлттық мұрасы . Туристік мақсаттарда территорияны игеру «Сақтау-қалпына келтіру-зиян келтірмеу» деген қағида бойынша аса маңызды күтімді талап етеді.
Көптеген аймақтар көне қалалар, сарай-саябақ ансамбльдері, мәдени сәулет кешендері, тарихи құрылыстар, тарихи мен мәдени мұралар және өзге секілді керемет тарихи территорияларға бай, олар назардан тыс қалмаулары тиіс. Әсем территорияларды ұйымдастыру барысында бұл территорияларды тарихи түрде қалыптастырған қызметтердің дәстүрлі түрлерін құрамына туризм де кіретін инновациялық қызметтермен үйлестіру абзал. Қызметтердің жаңа түрлері қалыптасқан шаруашылық, әлеуметтік пен мәдени сонымені қатар, табиғи үрдістерді жоймай, керісінше, бір-бірін толықтырып тұруы керек.
Туризмнің мәдениетпен, мәдени-тарихи ескерткіштермен байланысты түрлері аймақтың дамуына көп ықпал етеді, соның ішінде маңыздыларын көруге болады .
- Әлеуметтік-мәдени аспектілері тарихи қалаларды сақтау мен дамыту ғаламдық көлемдегі урбанизация, әлемдік модернизация үрдістерімен, БАҚ дамуымен, әлемдік нарықтың, көліктің дамуымен тығыз байланыста. Мұның бәрі қазіргі заманғы бұқаралық мәдениеттің қалыптасуына ықпалын тигізуде.
Туризм саласы халықтың әр түрлі топтарында бос уақыттың пайда болуына байланысты көшіп-қону үрдістеріне де әсер етеді. Халықтың көшіп-қонуы барысында олардың мәдениеті де жаңа жердің элементтерін сіңіре отырып, орын ауыстырады. Жергілікті және көшіп-қонушы мәдениеттің арақатынастары, мәселен, ұлттық және аймақтық, қалалық және ауылды жерлердегі, олардың өзара сіңісуі және әсерлігі тек халықтың әлеуметтік құрамы мен санына байланысты емес, туризм саласы сонымен қатар әлеуметтегі саяси мен экономикалық жағдайларға да байланысты. Сондықтан тарихи аймақтар мен тарихи қалалардың маңында туризмді ұйымдастыру барысында әр түрлі мәдениеттердің өзара қарым-қатынастарын бағалап, талдау қажет және мұндай үрдістердің нәтижелерін алдын ала көру керек.
Тарихи аймақтарда тарихи қалалар мен олардың маңында тарихи-мәдени туризмнің дамуын қарастыру барысында қала мен ауылдың арасында қарым-қатынасын талдау өте маңызды, мұнда қала-мәдени инновациялардың, технологиялардың қайнар көзі және мәдени аймақтың орталығы болып саналады.
Қызықты әрі тарихи мен мәдени туризмдегі танымдық және білім берудің маңызы туристер үшін өтеі маңызды және дамып жатқан қалалар мен аймақтарға тиімділігі көп. Туризмнің оң әсері экономикалық табыста көрінеді, бұл табысты қалалар мен олардың тұрғындары территорияның немесе аймақтың инфрақұрылымын жақсартудан немесе сатудан, жеке меншік үйлерді жалға беруден, ғимараттарды жалдаудан, кәсіпорын инвестицияларынан алуға болады. Кейбір әлеуметтік топ үшін өзіндік аймақтың тарихи-мәдени маңызын түсіну, аймағының елде және әлемде танымал болуының түсіну маңызды. Қоғамдық салада туризм жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамту мәселесін де шешеді, оларға жұмыс орындарын ұсынады, халықаралық мәдениет құндылықтарына, соның ішінде тұлғааралық қарым-қатынас арқылы үйретеді. Төменде көрсетілген мәліметтен мәдени туризмнің аспектілерін көруге болады (сурет 1) .
Сурет 1. Мәдени туризмнің аспектілері
Ескерту - Мәліметтер [9] негізінде автормен жасалған
- Экономикалық аспектілер. Көптеген мемлекеттер үшін тарихи аймақтардағы мәдени туризм ұлттық экономиканың өсуі мен табысты жоғарылатудың қайнарына айналған. Туристік айналым мұндай аймақтардағы қызметтердің басқа түрлерімен салыстырғанда тұрақтылықтың аса жоғарғы деңгейін көрсетті, тіпті экономикалық дағдарыс кезінде де туристік ағымдар географиясының қайта құрылуы мен оның қарқынының сәл төмендеуі ғана байқалған. Туризм көптеген аймақтардың халықтары арасында үйреншікті қажеттілігіне айналып келеді. Сарапшылардың айтуынша, мәдени туризм мұнай мен қарудан кейінгі әлемдік экспорттағы үшінші бағытқа айналған.
Көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сай, аймақты қаржыландырудың ең тиімдісі болғандықтан қалалық бюджеттегі құрылыстан түскен дивиденд пен туризм үшін ғимараттарды қайта жаңғырту мен пайдаланудан түскен жалдау төлемдері түріндегі валюталық бөлімдер, жеке секторда тұру үшін салынатын салық, тамақтану, сауда, сауықтық, спорттық құрылыстар, экскурсия нысандарының салықтары қолданылады. Мәдени туризм капитал саласы ретінде шетелдік капиталды тартуды талап етеді. Елдерде ескерткіштер, табиғи-мәдени құндылықтары мен туристерге көрсетілетін қызметтердің түрлері неғұрлым жоғары іболса, соғұрлым олар сол жерлерде ұзақ уақыт өткізеді. Туристерден түсетін мұндай табыс көрсеткіші көбінесе қалаға бір немесе екі күнге ғана келетін туристерден түсетін табыстан жоғары. Сондықтан шешімі - экономикалық дамуға әсер ететін мәселелердің бірі ретінде мемлекеттің ерекшеліктері мен көзтартар жерлерін кеңейту саналады. Атап кетсек, жергілікті ескі ғимараттарды қайтадан өңдеу мен қайтаіқұру және жаңа ыңғайлы территорияларды сапалы етіп тұрғызу, қонақ үй, көптеген ұлттық тағамдарды ұсынатын мейрамханалар желілерін дамыту, ойын-сауық индустриясын кеңейту, соның ішінде мерекелік шаралар, фестивальдер, концерттер, көрмелер және тағыібасқалары.
- Табиғи-ландшафтық аспектілер. Тарихи қалалар мен ауылдық жерлердің дамуы табиғи компоненттерді игеріп, ландшафтарын қалыптастырумен тығыз байланысқан. Олардың ғасырлар бойы қалыптасуы, сондықтан да туризмді дамытудың аймақтары мен сызбаларын жасау барысында демалыс аймақтары мен экскурсияны ұйымдастыру кезіндегі сияқты белгілі бір тарихи-мәдени аймақтың табиғи ерекшелеріне, мәдениеттің этникалық және әлеуметтік элементтеріне сүйене отырып, оны игерудегі ерекшеліктеріне назар аудару керек. Табиғи-ландшафты сипаттамалар туристер үшін де, жергілікті халық үшін де аймақтың мәдени ерекшелігі ретінде маңызды.
- Қаланың құрылысы мен архитектуралық аспектілері. Мәдениетпен байланысқан туризмді дамыту барысында аймақтың бас жоспары деңгейінде жұмыстар барысында тұтастай сақталған тарихи орындар таңдалынады. Оларға мыналар жатады: сауда алаңдары, бақтар мен саябақтар, сәулет ескерткіштерінің бөлек ескерткіштері, осындай территориялар мен аймақтар туристер үшін аса қызықты және туристерді қайтадан келулеріне ынталандырады. Егер де өткен ғасырлары көптеген орталық алаңдарда азық-түлік немесе тұрмыстық заттармен сауда жүргізілсе, бүгінгі таңда мәдениетпен байланысқан туризмді дамыту мен пайдалану барысында туристік орталықтар ашу, ойын - сауық, сауда орындарының, мейрамханалардың көрсететен қызметтерін сату белсенді.
Мәдени туризмнің түрлі аймақта дамуы рекреацияға, демалысқа, саудаға, мұражай мен көрмеге бағыттала отырып, оның инфрақұрылымының өзгеруіне, оның әлеуметтік және кеңестік ортасының қайта құрылуына әкеп соғады. Кей жағдайда мұражайға бару қызықты және тартымды болады.
Тарихи қалалар мен территорияларда мәдени туризмнің дамуы сәулет құрылыстарына да ықпал етеді, қайтадан жөндеу және жаңа құрылыстар салу сияқты іс-шаралары жүргізіледі. Бірінші жағдайда ескерткіштерді сақтау, оны туристік мақсаттарда: көрмелер, мұражайлар» қолдану үшін тарихи нысандарды енгізу міндеті қойылады. Оны қолданудың арқасында көне қала ескерткіштері мен оның қазба жұмыстарының орнына саяхаттау арқылы халықты мәдени мұраларымызбен таныстырып, оларды қорғауға ынталандырады. Тарихи қалалардың орталығында жаңа құрылыс барысында құрылыс үш бағытта жүргізіледі: өткен белгілі бір кезеңнің ғимараттарын қайталау; ХХ ғасырдағы әр түрлі стилистикалық бағыттарда жаңа құрылыс тұрғызу: конструктивизм, постмодернизм, хай-тек, де конструктивизм, пост функционализм; ұлттық және классикалық сәулет бөліктерін қолдана отырып, аймақтық, жергілікті үлгілерді қалыстастыру.
Мәдениеттің қазіргі заманғы ағымында соңғы екі бағыт аса маңызды, яғни өзіндік ерекшелігін іздейтін және қала ортасының ерекшеліктерін қалыптастыратын әлемдік үрдістердің дамуы. Туристік қолданыстағы нысандарда көбінесе сәулеттегі қарама-қайшы бағыттар кездеседі. Олардың әрқайсысының құрылыс сапасын сақтап, тарихи қалаға енуіне құқығы бар.
- Мәдени туризмнің дамуындағы ұйымдық-басқару аспектілер аса маңызды және арнайы қарастырылуды талап етеді. Бұл отандық туризмге де, шетелдік туризмге де қатысты. Мұндай қызметке тарихи аймақты басқаруды арнайы ұйымдастыру қажет, жергілікті туристік пен қонақ үйдегі кәсіпорындарының қызметтерін реттеп, туристік ресурстар мен нарықты бағалау, туристік сұраныстарды таңдап, қалыптастыру, жарнама жұмыстарын жүргізу қажет. Келуші туристерді қабылдауға қызығушылық танытатын жеке тұлғаларды лицензиялау мақсатында коммерциялық бюроларды ұйымдастыру керек. Мұның бәрі күннен-күнге өзекті болып келе жатыр, мысалы, мәдени потенциалы мен туристік өнімдері бар, алайда әлі күнге дейін пайдаланылмайтын кішігірім қалалар үшін бұл шаралар өте маңызды. Дегенмен, туризмді дамытуға бірқатар инвестициялық саясат жүргізу, соның ішінде батыс елдерінің серіктестері қажет.
Қазіргі уақытта мәдениетпен байланысқан туризмді дамыту мақсаты бойыншы алғашында инвесторларды тарту керек, сонымен қатар акцияларды қолдану арқылы тарихи қалаларға ие мекендердің инфрақұрылымын және де ескерткіштерін, ғимараттарын модернизациялау және жөндеу барысында туризм саласы бойынша заңнама құру қажет. Қалалық аймақты дамыту жоспары бойынша тарихи мекен аясында мәдени туризммен байланысқан қор құрау арқылы, басқарудың жүйесін қалыптастыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz