Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігі мен бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігі мен бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B090200 - «Туризм» мамандығы

МАЗМҰНЫ

Бет

КІРІСПЕ . . . 5

1 ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы . . . 7

1. 2 Туристік фирманың бәсекелік артықшылықтарының еркшеліктері…. . 13

1. 3 Туристік фирмада бәсеке қабілеттілікті қалыпатастыруда шетел тәжірибесі . . 25

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИСТІК ФИРМАЛАРДЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасында туризмде бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктері . . . 39

2. 2 Қазақстан Республикасы туристік фирмалардың бәсекелестік ортада жағдайын талдау47

2. 3 «Nurаі&Сo» туристік фирмасының бәсеке қабілеттілігін маркетингтік зерттеу мен SWOT талдауы . . . 52

3 ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Туристік фирмалардың бәсеклестік қабілеттілігін қалыптастырудағы мәселелері . . 63

3. 2 «Nurаі&Сo» туристік фирмасының бәсеклестік артықшылықтарын жетілдіру жолдары . . . 75

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. … . . . 83

ҚОСЫМШАЛАР . . . 85

КІРІСПЕ

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылдың 31 қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі делінген[1] .

Қазақстанға келетін туристік ағындарды талдау республиканың шетел туристері үшін тиісті деңгейде тартымды емес екенін көрсетеді, осыған байланысты елімізге келетін туристер саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалып отыр. Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның туристік өнімінің бірегейлігіне қарамастан, бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз және шетелдік аналогтарға қарағанда, қызмет көрсетудің қолжетімділігі, туристік қызметтердің деңгейі мен бағасы жағынан ұтылып отыр. Астана және Алматы қалалары ең маңызды туристік орталықтар болып табылады, онда халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру орындарының неғұрлым көпшілігі шоғырланған. Аталған қалалардан тысқары орналасқан орналастыру орындары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмейді және негізінен қазақстандық туристерге бағытталған. Нарықта дұрыс таңдалған позиция туристік ұйымның базалық имидж сипатын береді, тұтынушылар мен серіктестер арасындағы ассоциацияларды тудыруға көмектеседі. Алайда, мемлекеттің жағынды имиджін қалыптастыруда үлкен шығындарды қажет етеді. Қазақстандық туристік нарықта имиджін қалыптастыру өте күрделі процесс, өйткені базалық нақты статистикалық мәліметтердің болмауы, нарықтағы негізгі компаниялардың қызметі туралы ақпараттың болмауы болып табылады. Бұл ақпарат болса да, тек мамандар арасында таратылып, тұтынушыға жеткізілмейді. Осыған орай көптеген шетелдік туристік компаниялар брендтің стратегиясын таңдайды. Тауар желісі артады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы туристік потенциалының жоғары болуына қарамастан, қазақстандық бәсекеге қабілетті әрі әлемге танымал туристік өнімдердің жеткіліксіз деңгейі, сонымен қатар, бәсекеге қабілетті туристік өнімдердің сапасы мен бағасы арасындағы бір-біріне сәйкессіздігі бүгінгі күнгі зерттеуді қажет ететін мемлекеттік дәрежедегі өзекті сұрақтардың бірі. Сол себепті, дипломдық жұмыстың тақырыбы туризм дамуындағы маңызды әрі ғылыми зерттеуді қажет ететін тың тақырыптардың бірі деп есептейміз.

Зерттеу объектісі болып егеменді Қазақстан Республикасының туризмінің туристік саласы болып табылады.

Зерттеу құралы бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнімді қалыптастырудың теориялық негіздері, қазіргі жағдайына талдау және жолдары мен болашақ мүмкіндіктері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының туристік потенциалын зерттей отырып, шетелдік тәжірибелерді қарастырып, бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру және оның болашақ мүмкіндіктерін талдау.

Зерттеу мақсаты оның міндеттері арқылы нақтыланады:

-бәсекеге қабілетті туристік өнімнің теориялық негіздерін зерттеу және оған әсер етуші факторларды анықтау;

Қазақстан Республикасындағы бәсекеге қабілетті туристік өнімнің қазіргі жағдайын талдау және дамыған мемлекеттер тәжірибесін қарастыру;

-бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастырудың жолдары мен болашақ мүмкіндіктерін анықтау.

Әдіснамалық зерттеу - зерттеу жұмысы барысында мынадай әдістер қолданылды: статистикалық мәліметтерді талдау және жалпылау, болжамдау, салыстыру, классификациялау, аналогиялық әдіс.

Тәжірибелік мәні - Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсатындағы ғылыми жобаларда, тұжырымдамаларда және бағдарламаларда қолдануға болады

Дипломдық жұмыстың жаңалығы - Қазақстандағы туристік фирманың бәсеке қабілеттілігінің территориялық ммаңызын ашу, Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті туристік қызметтерді ұсынудағы мәселелермен жұмыс жасай отырып тиімді талдаулар негізінде анықталған факторларға ұсыныстар берілді.

Жұмыстың негізгі дерек көздері - Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы, БҰБТҰ туризмнің дамуы бойынша есебі, Ұлт жоспары - «100» нақты қадам және «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламалары, бүгінгі таңға дейін шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, статистикалық жинақ мәліметтері.

Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімінен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Диплом жұмысы үш бөлімнен, 15 кестеден және 21 суреттен тұрады.

1 ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы

Туризм индустриясының даму деңгейі жалпы мемлекеттің экономикалық даму көрсеткіші болды. Туризм саласының дамуы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына ену стратегиясының маңызды басымдылығы ретінде бекітілді. Қазақстан оңтайлы туристік имиджі бар мемлекеттердің қатарына енуге барлық мүмкіндігі бар, Еліміз Еуразия континетінің ортасында, еліміздің тиімді географиялық орыны халықаралық туристік қатынастардың дамуына оң әсерін тигізеді. Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген [1] .

Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты кезекті Қазақстан халқына жолдауында: Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал - біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар - уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз» - деп бүгінгі жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындау жолы көрсетті [2] .

Әлемдегі қазіргі нарықтық қатынастардың жаппай жаһандану кезеңінде шаруашылық субъектілері үшін «бәсекеқабілеттілік» термині өте маңызға ие. Себебі қазіргі нарықта бәсекеқабілеттілік дамудың негізгі қозғаушы күші маңызына ие.

Бәсеке қабілеттілік дегеніміз - қызметтер мен тауарлардың (орта, кәсіпорын, сала, аймақ, мемлекет және халықаралық т. б. ) берілген нарықта, сондай ақ әлемдік нарықта мүмкіндігінше өз позициясын ұзақ сақтауы, бәсекелесе алу мүмкіндігі немесе артықшылығы.

Бәсеке - бұл нарыққа қатысушылар арасындағы қызмет пен өнімді өндіру және қызме қызмет пен өнімді өткізудің жақсы жағдайлардағы күші. Негізінен бәсеке болмаған жерде нарықта болмайды.

Бәсеке нарықтың өмір сүруі мен оның қызметтерінің қызмет етуінің міндетті жағдайы бола отырып, экономиканы реттеудің бір тетігі болып табылады. Бәсекенің түрлеріне келетін болсақ:

Сала ішіндегі бәсеке- бұл бірдей немесе өзін өзі орын ауыстыра алатын қызметтер көрсететін немесе өнімдер өндіретін фирмалар арасындағы сайыс, күрес. Бұл жағдайда тауардың немесе қызметтің бағасын төмен түсіруге немесе төменгі бағамен сату қажет. Бағаның төмендеуінен фирмалар шығынға ұшырамас үшін өндіріс немесе қызмет көрсету шығындарын азайту қажет. Фирмалар тиімділікке көшуі қажет. Оған жетудің басты құралы жаңа технологияларды пайдалану, қызметшідердің мамандану деңгейін, біліктілігін арттыру қажет. Осыған сәйкес сала ішіндегі бәсеке кәсіпкерлерді техникалық үрдіс үшін күресуге, ғылым мен техниканың жетістіктерін жедел пайдалануға, өндірістің барлық жағдайларын жетілдіруге жетелейтін болады.

Сала ішіндегі бәсекенің негізгі маңызды құралдарының бірі ол өнімнің сапасы жатады. Кез келген фирма қызмет немесе өнім сапасы жоғары болса онда соншалықты қымбат сату мүмкіндігіне де ие болуы мүмкін. Кей жағдайда өнім немесе қызмет көлемінде арттыра алатыны тағы бар. Сондай сапалы өнімді шығару арқылы әлемдік нарықты жауалап алған фирмалардың қатарыда жоғары.

Келесі бәсекенің түрі сала аралық бәсеке. Ол бәсеке жағдайында әртүрлі қызмет немесе өнім шығаратын, әрі нарыққа ұсынатын фирмалар арасында болатын күрес.

Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі қызмет немесе өнім өндіретін, нарыққа шығаратын салалар, фирмалар, кәсіпкерлер арасындағы нарықтағы сайысы. Мұның өзінің тиімді жақтары бар. Әсіресе туризмде көп ұшырайтын мәселе. Егер тұтынушы жыл бойы туристік сапарды жоспарлап, бірақ бір дүкенде немесе бір өнімге деген бағаның түсуі немесе жеңілдіктерді көріп қажетін өтейтін жағдай болса ол сапарды кейінге шектіруі мүмкін. Бұл бәсеке жағдайында кәсіпкер шығындарды қызмет көрсету деңгейімен бағалайды. Басты қағида қызмет нәтижелерінің көрсеткіші.

Сонымен қатар, қызмет нәтижелері сәтсіз болып келген кәсіпкерлер басқа салаларда жетістікке жеткізіуі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкер сәтсіз өндіріс жүйесін басқа сала қызметімен ауыстырып, тиімді, пайдалы өнім түріне көшуі мүмкін. Немесе қайта мамандануы мүмкін.

Бұл бәсеке жағдайында сала немесе кәсіпкерікте қызметкерлердің мамандануы да ауысады. Шаруашылықтың фирманың салалық құрылымы өзгереді. Бұл реттеу өнімді жақсы өткізетін салаларды капиталмен әрдайым ауыстырып отырады. Бұл кезде кәсіпкер, фирма иесі өндіріс немесе қызмет көлемін арттыратын өнімдерді немесе қызметтерді өндіреді.

Бәсекенің тиімділігі нарықта бәсекелік күреске бәсекелестердің санына, экономикалық еркіндік дәрежесіне байланысты болады. Сондықтан бәсеке жетілген және жетілмеген болып ерекшеленеді.

Жетілген бәсеке келесі жағдайларда пайда болады, олар:

нарыққа бірдей өнім немесе қызмет ұсынатын, өткізетін көптеген шағын фирмалардың шығуы және тұтынушыларға таңдау мүмкіндігінің көптігі;

нарықта өнім немесе қызмет ұсынатын, өткізетін көптеген шағын фирмалардың көптігі нарықтағы бағаны түсіру немесе көтеруде нарықтың тепе теңдік бағаға әсеріде соншалықты маңызды емес;

фирмалардың салаға енуі ешқандай кедергілерге, шектеулерге ұшырамайды, нарыққа ену кіру шығу жылдам, еркін бола алады;

нарықтағы ақпараттар, нарықтағы баға, шығындар, өндіріс технодогиясы, тауар сапасы, тұтынушылардың талғамы туралы ақпарат алуға шек қойылмайды және мүмкіндік жоғары.

Еркін кәсіпкерлікті нарықта шектеуге байланысты бәсеке жетілмеген бәсеке болып саналады. Нарықта бәсекелесетін фирмалардың саны аз, кәсіпкерлік қызметтің әр саласында фирмалар өте аз болады, мүмкіндіктер шектеулі. Нарықта жетілмеген бәсеке нарығында әсіресе жаңадан фирмалардың қосылуына мүмкіндіктер өте шектеулі болады. Нарықтағы фирмалардың өнімдері мен қызметтерін ауыстыратын өнімдер мен қызметтер болмайды.

Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығында монополистік бәсеке көбірек кездеседі. Бәсекенің бұл түрінде шағын фирмалардың іртүрлі өнім ұсынатын жағдайындағы түрін білдіреді. Нарықтан шығу және кіру ешқандай қиыншылықтармен байланыспаған болады. Әртүрлі фирмалардың шығаратын өнім мен қызметтің сапасында, сырт көрінісі мен сипаттамаларында, қажеттілікті өтеу жағдайында ерекшеліктер бар болады.

Бәсекенің бұл түрінің аталуының да осыған бацланысты, өйткені нарыққа түгелдец емес тауар мен қызметтердің түріне монополияны білдіреді. Бәсекеге талаптарына қарама қарсы ол монополия (грек сөзі monos- бір өзім, poleo-сатамын) есептелінеді.

Монополия жағдайында нарықта бір фирма, яғни өнім немесе қызмет өндіруші, ұсынушы болып келеді. Нарыққа фирманың, кәсіпкердің кіру мүмкіндігі өте төмен немесе жоқ. Егер нарықта сатып алушы, тұтынушы біреу ғана болатын болса онда ол бәсеке монопсонияны білдіреді ( грек сөзі monos-біреу, opsonіа- сатып алу) . Монополия жағдайында нарықта бір фирма, яғни өнім немесе қызмет өндіруші, ұсынушы нарықта ұтып отырады, монопсония болса сатып алу үшінқажеттілік өтеледі.

Нарықта таза монополия және таза монопсония өте аз кездесетін құбылыстар. Нарықтық экономика жағдайында нарықтық дамыған жағдайда олигополия (грек сөзі olіgos- көп емес, poleo-сатамын) қалыптасады. Бәсекенің бұл түрі нарықта өнімдері әртүрлі, немесе әртүрлі бәсекелік күштерді қолданатын бірнеше фирмалар мен кәсіпкерлерден тұратын нарықтың әрекет етуін білдіреді. Салаға жаңа фирмалардың кіруі де қиынырақ болады. Олигополияның ерекшелігі фирмалардың баға жөніндегі шешімдерді қабыдауы өзара тәуелділікте болуында. Сондықтан осындай бәсеке нарығында мемлекеттің де экономикаға араласуы сан түрлі. Онда тікелей араласу арқылы заңдар шығарса, ал жанама араласуы арқылы жеңілдіктер мен салықтарды қолданады.

Нарықты экономика жағдайында елдердің тәжірибиесі көрсетіп кеткендей бәсекелік ортаны мемлекеттік қолдау және қорғау дәлелденген. Жәнеде қажеттілік болып тыбылады. Бәсекелік ортаны реттеудег мемлекеттің қолданатын құралдары мен мақсаты мақсаты әр түрлі бәсеке түрлерінің тиімді үйлесімділігне қол жеткізу, олардың біреуі басқа түрлерін немесе бір фирмалардың нарықта екінші фирмаларды күштеп шығаруынан қорғау, әрі қолдау болып табылады. Сонымен қатар мақсаты мемлекеттің осы әдістері мен құралдары арқылы бәсекенің жиынтық нәтижелерін әлсіретпеу немесе реттеп отыру болып отыр.

Монополия үстемділігінің шектерін анықтаудың маңызы бар. Ол үшін АҚШ қабылданған антимонополиялық Шерман (1890), Клейтон (1914), Вилер Ли (1938), Целлер-Кефовер (1950) заңдарына суену қажет. Бұл заңдар бәсекені шектеуге, монополизацияланбаған кәсіпкерлерге зиянды лицензиялауға бағыталған іс- шараларды қатаңдатады.

Монополияның нарықтағы іс әрекетін шектейтін, әрі реттейтін әдістердің бірі кәсіпорындардың өнімдерінің бағаларын қадағалау болып табылады.

Бәсекенің негізінде нарықта бір түрі басқа түрімен оның нарықтағы жүргізетін құралдарымен ерекшеленіп отырады. Сонымен қатар, нарықта бәсекенің бағалық және бағалық емес де түрлері бар. Бағалық бәсеке нарық коньюнктурасында бәсекелік күшті тиімді пайдалану мақсатына бағаны ауыстырып отыруды қолданады.

Ал, бағалық емес бәсекеде нарықтағы күресте бағаға қатысы жоқ құралдарды қолданады. Оған мысалы өнім сапасын арттыру, жарнама құралдарын қолдану, жәрмеңкелер ұйымдастыру, көрмелер көрсету және тағы басқада бағаға қатысы жоқ әдістер мен құралдарды қолданады.

Сонымен қатар нарықтық экономика тәжірибиесінде бәсекеде парасатты және парасатсыз деген бәсеке түрі де кездеседі. Парасатты бәсеке нарығында серіктестері мен өзара қатынасында құықықтық және эстетикалық нормалар ескеріледі. Ал, парасатсыз бәсекеде техникалық шпионаж, мамандардың аттарының өзгертілуі, бәсекелестерінің мамандарын сатып алу, жалған жарнама, басқа біреулер тауарларының белгілерін пайдалану және тағы басқаларды жатқызуға болады.

Ғылымда фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге байланысты арнайы оқулықтарда берілген 20- дан астам әдістемелік және теориялық түрлері анықталған. Олардың ішінде қызығушылықты тудырған көзқарастарымен келесі авторларды атап өтуге болад: М. Портер, А. А. Томпсон және А. Стрикленд, И. Ансофф, К. Келлер. Т. Михальский т. б. көзқарастары.

Бәсеке қабілеттілік пен бәске күішінде толық теориялық жағынан XVІІІ ғасырдың ортасынан бастап ғана классикалық саяси экономикалық ғалымдар қарастыра бастаған. Қазіргі таңға дейін «бәсеке қабілеттілік» терминіне ғалымдар тарапынан анықтамалар берілуде. Ол анықтамаларды садыстырмалы түрде келесі кестеде бейнелейік (кесте 1) .

Кесте 1

«Бәсеке қабілеттілік» түсінігіне берілген анықтамалар жиыны

Анықтама берген авторлар
мазмұны
№: 1
Анықтама берген авторлар: М. Эрлих, Дж. Хайн
мазмұны: бәсекеқабілеттілік - бұл мемлекеттің немесе фирманың өз тауарларын (қызмет) сата білу мүмкіндігі
№: 2
Анықтама берген авторлар: Р. А. Фатхутдинов
мазмұны:

бәсекеқабілеттілік - бұл объектінің нақты қажеттілікті осы нарықтағы өзге де ұқсас объектілерге қарағанда үздік қанағаттандыра білу деңгейі

бәсекеқабілеттілік - бұл субъектінің нарықта үздік бола білу мүмкіндігі

№: 3
Анықтама берген авторлар: М. Портер
мазмұны: бәсекеқабілеттілік - бұл тауардың, қызметтің, нарықтық қатынастар субъектісінің нарықтағы ұқсас, алмастырушы бәсекелес тауарлар мен қызметтермен қатар болуы
№: 4
Анықтама берген авторлар: А. Б. Баринов
мазмұны: бәсекеқабілеттілік - бұл объектінің элементтерінің бәсекеқабілеттілігі және олардың мақсатқа жетудегі ұйымдастырушылық қабілеті
№: 5
Анықтама берген авторлар: Л. П. Кураков
мазмұны: бәсекеқабілеттілік - тауардың бәсекелес тауарға қарағанда қажеттілікті қанағаттандыру және оған кететін шығындардың деңгейімен ерекшеленуі
№: 6
Анықтама берген авторлар: Н. С. Яшин
мазмұны: бәсекеқабілеттілік - бұл объектінің нарықтық бәсеке жағдайына бейімделе білу қарқыны мен мүмкіндігі
№: Ескерту - Мәліметтер [3, 4, 5] негізінде автормен құрастырылған

Негізінен бәсекеге қабілеттілік ол қоғамдық қызметтің кез келген салалары бойынша туристік фирманың немесе туризм бойынша елдердің екінші елдерден артықшылықта болуына мүмкіндік беретін жиынтық факторлар; ол мемлекеттің сыртқы дағдарысқа бой бермей, тұрақты қалыпта даму қабілеттілігі болып саналады.

Ұлттық бәсеке қабілеттілікті ХХ ғасырда арттыру көп елдердің сыртқы экономикалық саясатында мемлекеттік реттеудің сыртқы бағдарына және негізгі басымдықтары болды. Әлемдік шаруашылық қатынастарда бәсеке қабілеттілікке ұлттық экономикалық тиімділікті арттыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі. Әлемдік экономикалық жаһанданудың басталуымен бәсекелік қатынастар шын мәнінде ғаламдық сипатқа ие болды. Әлемдік шаруашылық жүйе олардың әлемдік нарығын құратын ұлттық экономикалардың жиынтығы ретінде түсініледі. Сонымен қатар, трансұлттық корпорациялар (ТНК) қатарымен бірнеше экономикаларға қатысады. Жекелеген ұлттық экономикалар өзара бәсекелесіп, бүл бәсекелестікке оны қашан да жаншуға тырысатын ТҰК еліктіретін қайшылықты жағдай туындатады.

Ғаламдық үрдістеріне негізделген елдер арасындағы бәсекелестіктің жағымсыз үрдістерді азайтуда ұлттық экономикалар арасында несиелік, салықтық қатынастарды, валюталық реттеу мақсатында көптеген комиссиялар, конвенциялар, ұйымдар, тағы басқа институттар ұйымдастырылған. Бүкіләлемдік экономикалық форум қамқорлығымен бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ғылыми зерггеу жобасы 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. Осы жобаның шеңберінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік ретінде "жалпы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен есептелетін шынайы жан табысының өсу қарқынын тұрақты жоғары деңгейде ұстап отыру қабілеттілігі" түсініледі. Еларалық салыстырмалы талдау Бүкіләлемдік экономикалық форум жобасында жасалады, сондай-ақ статистикалық өңдеудің көмегімен жинақ индексі анықтаатын болады. Қарастырылған елдердің арасындағы бәсекеге қабілеттілігі деңгейін аталған индекстер жиынтығы анықтайды және сәйкесінше олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламалары жасалып, қабылданатын болады.

Бәсекеге қабілеттілік - қор мен бәсекенің шектеулі жағдайында әлемдік шаруашылық жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға мүмкіндік беретін мемлекет экономикасының маңызды сапасы.

Қазіргі таңда әлемдік қызмет, тауар нарығындағы бәсеке қабілеттілік нарықтағы белгілі бір сегменттерінде өрістету немесе кеңею қабілеттігімен, әлемдік, халықаралық саудаға елдің кіру деңгейімен сипатталады. Мемлекет Президенті Н. Ә. Назарбаев «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады», деп атап өткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі
Фирма стратегиясы және оның бәсекеге қабілеттілігіннің теориялық негізінде
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектілері
Фирма стратегиясы мен оның бәсекеге қабілеттілігін басқару
Turist tur ЖШС-і жалпы сипаттамасы және қызмет бағыттары
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz