Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАСТАУЫШ БІЛІМ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ (лекция тезистері)
Мамандығы : 050101 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Пән : Дүниетану теориясы
Күндізгі бөлім
ӨСКЕМЕН, 2009
І бөлім: ЖЕРТАНУ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ
ГЛОССАРИЙ
Әлем - шексіз жұлдыздар жүйесі.
Күн жүйесі - Күн және оны айнала қозғалатын 9 ірі планета және ұсақ денелер кіреді.
Ішкі планеталар - Кіші шолпан (Меркурий), Шолпан, Жер, Марс.
Сыртқы планеталар - Юпитер, Стурн, Уран, Нептун, Плутон.
Күн - Үлкен балқып тұрған газ тәрізді шар.
Ай - Жерге жақын шар тәрізді аспан денесі.
Метеориттер - бұл ірі қатты дене, атмосферада түгел жанып бітпей жерге құлап түседі. Олар тастан не, темірден тұруы мүмкін.
Азимут - адам тұрған нүктеден белгілі бір затқа қарай жүргізілетін бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы нүкте.
Глобус - Жердің нақты үлгісі.
Географиялық карталар - мазмұнына қарай жалпы географиялық және арнаулы тақырыптық болып бөлінеді. Мақсатына қарай - оқу, теңіз, туристік т. б.
Топографиялық карталар - Жер бетін өте ірі масштабпен түсіретін карта.
Картографиялық проекция - Жер бетін глобустан картаға дәл түсіру.
Геосфера - жер қабықтары.
Литосфера - жердің қатты қабығы.
Гидросфера - жердің сұйық қабығы.
Көл - жер бетіндегі суға толы табиғи ойыстар.
Дүниежүзілік мұхит - жер шарында үлкен ойысты толтырған тұтасып жатқан су аймағы.
Материктер - дүниежүзілік мұхиттан көтеріңкі жатқан тұтас биік құрлықтар.
Жердің тектоникалық қозғалысы - жер қабатының тұрақты үнемі қозғалып тұруы, бірақ оның жылдамдығы барлық жерінде бірдей емес.
Жерсілкіну - вулкандық және тектоникалық қозғалыстардың салдарынан болатын жер қабатының қимылы.
Төбелер - төбесі доғал келген орташа биіктіктер.
Тау - Жер бетінен 2000 метрден жоғары көтерілген биіктіктер.
Биіктіктер - теңіз бетінен 200-500 м дейін көтерілген жерлер.
Жазықтар - беті тегіс, кейде аласа биіктіктер кездесетін жер бөліктері.
Ойпат - теңіз бетінен биіктігі 200 метрден аспайтын, беті тегіс жерлер.
Бархандар - желдің әсерінен пайда болған құм төбелер.
Минерал - физико-химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде пайда болған біртекті табиғи ден.
Жер асты сулары - жер бетінің астында кездесетін сулардың түрлері.
Жер бетіне жақын орналасқан суларды грунттық сулар дейді.
Гайзерлер - жер бетіне аталып шығып тұрған ыстық сулар.
Арна - өзеннің үнемі ағып жататын ойыс орны.
Саға - өзеннің келіп құятын жері.
Ағыс - бастауынан сағасына қарай үнемі жылжып ағу.
Батпақ - жер бетінің ылғалдылығы өте мол, ылғалдылық сүйгіш өсімдіктермен жабылған бөлімі.
Тропосфера - атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты.
Стратосфера - торпосферадан жоғарғы орналасқан атмосфера қабаты (50-55) онда азон көп болады.
Жыл мезгілдерінің өзгерісі - жыл сайын сол ретпен қайталанатын табиғи құбылыстар.
Фенология - жыл мезгілдерін байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде болатын өзгерістердің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Биосфера - жер шарының тіршілік тараған аймағы.
Биоценоз - белгілі бір табиғи жағдайда өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің бірлесіп тіршілік етуі.
Топырақ - тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлардың бірлескен әрекетінен пайда болған жердің борпылдақ беткі қабаты.
Минералдық заттар - тау жыныстарының бұзылуы.
1 ТАҚЫРЫП: Жер және галлактика туралы жалпы түсінік
Дәріс мақсаты:
Галлактика туралы жалпы түсінік беру. Галлактикадағы Күн жүйесінің орнын ондағы жұлдыздардың орналасу ерекшеліктерін ұғындыру.
Тақырып сұрақтары :
1. Жертану ғылымының салалары.
2. Галлактиканың құрылысы және пайда болу туралы ұғымдар.
3. Күн жүйесі оған енетін планеталар.
4. Жер планетасының Күн жүйесіндегі орны.
Жертану пәні географиялық пәндер жүйесіне жатады. Жыл мезгілдерінің ауысуының өлі және тірі табиғатқа тигізетін әсері. География физикалық және экономикалық география деп бөлінеді. Жертану- жалпы физикалық географияға жатады. Зерттеу обьектісі - географиялық қабық. Күн жүйесіне жататын планеталар, кометалар, метеорлық заттар, пайда болуы туралы гипотезалар. Космостық обьектілердің бірі жұлдыздар. Олар әр түрлі келеді, себебі олардың стадиялары түрліше өтетіндіктен. Галактикалар - жұлдыздардың саны жағынан да көлемі жағынан да орсана зор күн системалары. Күн жүйесіне 9 планета жатады Жердің және басқа планеталардың салыстырмалы сипаттмалары Жер өлшемдері, пішіні Жердің айналымының ауытқу әрекеті, Жердің қозғалыстары, күн мен түн ауысуы Уақыт (жергілікті, белдеулік, декреттік) .
Өзін-өзі бақылау тапсырмасы:
1. Жертану ғылымының салаларының сызбасын жасау.
2. Оқулықтармен жұмыс. Жер және галлактика туралы қосымша материалдар іздестіру. Конспект жазу.
Негізгі әдебиеттер 1, 2, 3, 4, 5,
Қосымша әдебиеттер 13, 34
2 ТАҚЫРЫП: Жер. Жердің ішкі құрлысы. Жер туралы жалпы ұғым.
Дәріс мақсаты:
Жер оның пішіні және құрылысымен таныстыра отырып, географиялық терминдерді дұрыс қолдануға жаттықтыру, себептерін түсіндіру арқылы өз өлкесінің табиғатын бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Тақырып сұрақтары:
1. Жер туралы жалпы ұғым.
2. Жер құрылысы.
Жер қыртысы, мантия, ядро жердің ішкі құрлысын құрайды. Жер қыртысы Мохоровичич бөлімі арқылы мантиядан ажыратылған. Мохоровичич бөлімі биік таулардың астында 80 км тереңдікке түседі, жазықтықтар астында 30 - 40 км тереңде салыстырмалы бірыңғай орналасады, мұхит түбінде 10 км -ге дейін көетріледі. Орташа жер қыртысының қалыңдығы континенттермен салыстырғанда мұхит астында 5 есе аз. Мұхиттың және континентік қыртысының айырмашылығы бір ғана қалыңдықты емес. Мұхит қыртысы екі қабатты: құрамы базальтқа жақын (орташа тығыздығы 2, 85 г/см 3 жуық) тау жынысы қабаты, оның бүкіл дерлік беті шөгінді жыныстармен жамылған. Континенттік қыртыста базальтты қабатпен шөгінді жыныстар арасында гранитті қабат барлығы яғни үш қабатты.
Мохоровичич бөлімі биік таулар астында 80 км тередікке түседі, жазықтар астында 30 -40 км. Мантия мохоровичич бөлімінен төмен 2900 км тереңдікке орналасқан. Жер ядросы радиусы шамамен 3500 км. Ядро бөлінеді: сыртқы ядро, аралық зона, ішкі ядро. Жердің магнетизмі, оның маңызы. Жердің жасы. Геологиялық жыл санау.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (оқулықтармен жұмыс) .
1. Жердің формасы туралы не білесің?
2. Неге Күн мен түн ауысады?
3. Не себепті жыл мезгілдері ауысады?
Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5
Қосымша әдебиеттер:13, 20, 21, 34
3 ТАҚЫРЫП: «Жер бедері. Жер бедерінің негізгі формалары.
Дәріс мақсаты:
Жер бетінің бедері және оның түрлері туралы жалпы ұғым. Және географиялық картаның бояуына қарап жер бедерін анықтауға жаттықтыру .
Тақырып сұрақтары:
1. Жер шарындағы рельеф туралы жалпы түсінік.
2. Жер бедерін құрушы факторларды саралау.
3. Жер бедері түрлеріне сипаттама беру.
Жер бедерін түзгіш негізгі факторлар - эндогенді, экзогенді, антропогенді. . Жер бетін өзгертетін ішкі, сыртқы факторлар. Жердің даму тарихындағы тау түзілу кезеңдері герцин, альпі. . Жер бетінде жердің ішкі күштерінің әсерінен әр түрлі қозғалыстар мен өзгерістер болып тұрады. Жер сілкіну ошағында пайда болатын серпілістер еліс тұғызып, жан - жаққа тарайды. Өте жиі және күшті жер сілкінулер жас таулар астында және мұхит шұңғымасында. Екі сейсмикалық белдеу. Вулканизм
Жер бедерінің негізгі планетарлық формалары - материктер мен мұхиттар.
Материктік жер бедерінің негізгі формалары - таудар, жазықтар
Таулар: қатпарлы, үйінді түрлері. Жазықтар, жіктелуі.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Өзің тұрған аймақтың жер бедері қандай?
2. Қазақстан жер бедерінің даму тарихы. Конспект жазу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5
Қосымша әдебиеттер: 13, 20, 21, 34
4 ТАҚЫРЫП: Гидросфера - су қабығы
Дәріс мақсаты:
Жер қабығының бірі - гидросфера туралы ғылыми ұғым беру.
Тақырып сұрақтары:
1. Су - жердің сұйық қабығы.
2. Әлемдік мұхиттар, теңіздер, шығанақтар, бұғаздар.
3. Мұхит суларының құрамы мен қасиеттері.
Гидросфера туралы түсінік. Су, судың қасиеттері, пайда болуы. Гидросфера - сұйық, қатт шаз тәрізде күйіне тәуелсіз химиялық жағынан байланыссыз бүкіл суды қамтитын Жердің су қабығы. Жер - Күн системасының ең сулы планетасы, оның бетінің 70%- тен көбін Дүние жүзілік мұхиттың сулары тұтастай қаптаған. Су дегеніміз Жер бетіндегі ең көп таралғанн және ең төтенше зат.
Су ғана қалыпты жер жағдайларында үш күйде: қатты, сұйық және газ тәрізді күйде бол алады. Сонысымен ол сондай күйде барлық басты заттардан шұғыл айырымдалады. Судың бір күйден екінші күйге аусуы жылу шығынын (булану, еру) керек етеді немесе керісінше оның тиісті мөлшерінің бөлінуімен қосарланады (конденсация, қату) . 1 г суды буландыру үшін 597 кал, 1 г мұзды ерітуге 80кал энергия жұмсау қажет. Мұз балқуының жоғары жасырын жылы ақр мен мұздың баяу еруін қамтамасыз етеді. Бір қызығы су(мұз) бір күйден екінші күйге өткенде жылудың жұтылуы немесе бөлінуі оның температурасына ықпал етеді.
Химиялық жағынан таза су Н 2 О (сутек тотығы) қалыпты қысым жағдайларында 100 0 С - та қайнайды, 0 0 -та қатады және ең көп тығыздығы 4 0 С -та болады. +4 0 С тан төмен суынғанда судың тығыздығы азаяды, көлемі ұлғаяды, мұнда қату сәтінде көлем сұйық судың көлемінен 10% -ке күрт артып кетеді.
Өзін-өзі бақылау тапсырмасы:
1. Мұхит ағыстары туралы және олардың пайда болу себептерін меңгеру, айтып беруге дайындалу.
2. Контур картаға өз өлкеңіздің өзен-көлдерінің сызбасын салу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5
Қосымша әдебиеттер: 10, 20, 21, 3
5 ТАҚЫРЫП: Жер асты сулары, құрлық сулары.
Дәріс мақсаты:
Құрлық және жер асты сулары туралы жалпы сипаттама беру.
Тақырып сұрақтары:
1. Құрлық суларына жалпы сипаттама.
2. Жер асты сулары, оның түрлері және пайда болуы мен қасиеттері.
3. Теңіз, өзен, көл тағы басқа су көздерінің түрлері, эволюциясы.
Теңіз дегеніміз көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттердің ерекшеліктерімен (температурасы, тұздылығы және т. б. ) ., ағыстары және толысуларының сипатымен ерекшеленетін Мұхиттың(теңіздің) бөлігі. Кейде мұхиттың азды -көпті оқшауланған бөлігі. Шығанақтар -жағаларының конфигурациясының арқасында бөлініп жатқан, бірақ көршілес су кеңістігінен біршама аз ерекшеліктерін Мұхиттың (теңіздік) бөлігі. Кейде мұхиттың бөліктерін теңідер немесе шығанақтар деп атайды. Парсы, Мексика, Гудзон, Калифорния шығанақтарын теңіздер деп атаған дұрыссырақ, ал Босфорт, Линкольн теңіздері атына сай емес. Бұғаздар - материктерді немесе аралдарды бөліп тұратын, Мұхиттың біршама тар бөлігі (мұхиттарды, теңіздерді қосып тұрады) . Ең енді (900км) және терең (5248 км) - Дрейк бұғазы, ең ұзыны (1670км) - Мозамбик бұғазы.
Бұғаздардың гидрологиялық режимі олар қосып жатқан Мұхит бөліктерінің (теңіз) ерекшеліктеріне байланысты. Құрлыққа су Мұхит үстіне булану және атмосферада тасымалдану нәтижесінде яғни Дүние жүзілік ылғал айналымы процесінде түседі.
Құрлыққа жауған атмосфералық жауын -шашының бір бөлігі сіңіп кетеді, ал олардың интенсивтілігі булану мен сіңудің қосындысы көп болып шыққанда беткі ағынды құрап бет еңісіне сәйкес аға бастайтын болады. Көлдер дегеніміз Мұхитпен екі жақты байланысы жоқ, баяу су алмасатын, су қоймасы. Өзеннен көлден айырмашылығы Мұхитпен тікелей байланысты болмайды. Көл су массасы мен шұңқырдың біртұтас болып келуінен тұрады. Батпақ дегеніміз ылғал сүйетін өісдіктер бүркеген және қабатының қалыңдығы кемінде 0, 3 м болатын ( құрғатылған жағдайда 0, 2 м) шымтезек түзілу процесімен сиаптталатын тым артықша ылғалданған құрлық бетінің учаскесі. Неғұрлым жұқа шымтезек қабаты бар артықша ылғалданған учаскелер батпақтанған жерлер деп аталады.
Теңіздері шеткі жерорталық (ішкі материктік және материк аралық) және аралдар аралық деп бөлуге болады.
Өзін-өзі бақылау тапсырмасы:
1. Әңгіме құрастыру. Гидросфераға енетін су қоймалары туралы талдау.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5
Қоысмша әдебиеттер:10, 20, 21, 3
6 ТАҚЫРЫП: Атмосфера - жердің ауа қабығы,
Дәріс мақсаты:
Атмосфераның құрамы туралы түсінік беру. Атмосфера құрамының өзгеруіне әсер ететін жағдайларды айта отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Тақырып сұрақтары:
1. Атмосфера туралы жалпы түсінік.
2. Атмосфераның құрамы.
3. Атмосфераның жер үшін маңызы.
Атмосфера - Жердің ауа қабығы, жер қабытарының ішіндегі ең сыртқысы. Ол біздің планетамыздың басқа қабықтарымен үздіксіз өзара әрекеттесіп тұрады және оған үнемі Крсмостың әсері, бәрінен де бұрын Күннің әсері тиңп тұрады.
Атмосфераның бүкіл массасының 50% - іне жуығы оның төменгі 5километрлік қабатында, 75%-і - 10 километрлік қабатында, ал 90 %-і 16 километрлік қабатында шоғырланған. 3000 км-ден жоғарыда атмосфераның тығыздығы планета аралық кеңістіктің тығыздығынан аз -ақ айырма жасайды, дегенмен оның ізі 10 000 км-ден артық биіктікте де байқалған. Температураның өзгеруі сипатына қарай атмосфераны- тропосфера, страсфера, мезосфера, темосфера, экзосфераға бөледі. Сфералар бір- бірірне өтпелі қабаттар - паузалармен, тропо-, старто-, мезо-, термопузалармен бөлінген.
Күн радиациясының атмосфера арқылы өтіп жер бетіне шашырамай жеткен бөлігі тура радиацияны құрайды. Радиацияның атмсофера шашыратқан бөлігі шашыранды радиацияға айналады. Жер бетіне келетін бүкіл күн радиацичсы: тура мен шашыранды қосылып жиынтық радиация деп аталады. Су буымен қаныққан ауада оның температурасы шық нүктесіне дейін төмендегенде немесе ондағы су мөлшерден көбейгенде конденсация жүреді -су буы күйінен сұйық күйіне түседі. 0 0 С төмен температурада су сұйық күйге соқпай қатты күйге өтуі мүмкін. Бұл процесс сублимация деп аталды. Конденсация да, сублимация да ауада конденсация ядросында, жер бетінде және әр түрлі зататрдың бетінде өтуі мүмкін Төселме беттен салқынайтын аунвң температурасы шық нүктесіне жеткенде одан салқын бетке шық, қырау, сұйық және мұздық, қырау түседі.
Өзін-өзі бақылау тапсырмасы:
Пікірсайыс.
1. Атмосфера туралы не білесің?
2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады.
3. Бізге ең жақын атмосфераның қай қабаты?
Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5
Қосымша әдебиеттер: 34
7-8 ТАҚЫРЫП: Атмосфера циркуляциясы. Жел.
Дәріс мақсаты:
Атмосфера сипаты барлық жерде бірдей емес үздіксіз қозғалыста болуын және атмосфераның қабаттарында болатын циркуляциясы туралы түсінік. Жел. Жел күшінің мәнін түсіндіру.
Тақырып сұрақтары:
1. Атмосфера сипаты.
2. Атмосфераның 3 төменгі қабаты.
3. Жер бетіндегі желдің жылдамдықтары.
Горизонталь бағытта бірнеше мың километрге және вертикаль бағытта бірнеше километрге таралған ауанвң салыстырмалы іртекті массасын ауа массалары деп атайды. Ауа массалары ауа біршама бір текті (континенттің, Мұхиттың бөлігі) беттің үстінде ұзақ болғанда қалыптасады.
Жылы және суық массалары (ТВ мен ХВ) болады. Неғұрлым жылы беттен анағұрлым суық бетке қарай орын ауыстыратын ауа массаларын жылы ауа массасы деп атайды; Суық ауа массасы, керісінше неғұрлым суық беттен анағұрлым жылы бетке қарай орын ауыстырады.
Ауа массалары қалыптасуының төрт зональдық ошағы ерекшеленеді:
Төменгі қысымды экваторлық облыс; жоғары қысымды субтропиктік облыс; жазда депрессияларымен алмасатын қоңыржай ендіктеріндегі континенттер үстіндегі қысқы максимумдар; жоғары қысымды полярлық облыстар (арктикалыққ және антакрткалық) . Сәйкес түрде географиялық типтер деп аталатын ауа массаларын төрт типке бөледі: экваторлық ЭВ, тропиктік ТВ, қоңыржай(полярлық) УВ(ПВ) және арутикалық (антартикалық) АВ. Горизонталь бағыттағы ауаның қозғалысын жел деп атайды. Жел жылдамдығы, күші және бағыты арқылы сипатталады.
Жер жылдамдығы секундына метрмен (м/сек) кейде сағатына километрмен(км/сағ), баллмен(Бофорт шкаласы 0 -ден 12 баллға дейін) және халықаралық Код бойынша узелмен (узел 0, 5м/сек -қа тең) өлшенеді.
Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы 5-10 м/сек.
Жел күші қозғалатын ауаның нәрсеге жасайтын қысымымен анықталады да квадрат метрге килограммен өлшенеді (кг/м 2 ) . Желдің күші оның жылдамдығына байланысты:Р=0, 25*Vкг/м 2 , мұнда Р - күш, V- Жылжамдық, 0, 25 коэффицент.
Өзін-өзі бақылау тапсырмасы:
Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз
1. Ауа массалары дегеніміз не?
2. Жел анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз. Оқулықпен жұмыс.
3. Өз аймағыңызда болатын жел циркуляциясының схема сызбасын салыңыз.
Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5
Қосымша әдебиеттер:34
9 ТАҚЫРЫП: Ауа райы . Климат.
Дәріс мақсаты:
Ауа райы және ауа массалары туралы ғылыми ұғым беру.
Тақырып сұрақтары:
1. Ауа райы туралы жалпы түсінік.
2. Климат және климат құрушы факторлар.
3. Ауа райы туралы болжамдар.
Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы, мысалы, тәулік ішіндегі (тәулік ауа райы) белгілі бір жердегі атмосфераның күйі. «Тәуліктер ауа райы» ұғымы өте маңызды, өйткені тәуліктер дегеніміз атмосфера күйінің заңды өзгерістерінің ең қысқа табиғи кезеңі. Ауа райын жүйелі түрде бақылап отыру, оны зерттеу бір тәулік ауа райныңы комплекстік типтерін бөлуге мүмкіндік береді. әр тәуліктің ауа райын қасыбір типке жатқызуға болады. Ауа райының типтерін үш үлкен топқа ; аязды, 0 0 арқылы ауыспалы және аязсыз ауа райларына біріктіреді. әрбір пота ауа райы бірнеше кластарға бөлінеді. «Климат» ұғымының көптеген анықтамларының ең көп қолданылатын анықтамасы: «Климат дегеніміз Күн радиациясы, төселме беттің сипаты және осылармен байланысты атмосфера циркуляциясы себепші болатын ауа райының көп жылғы режимі»
Атмосфераның төселме бетпен өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде климат қалыптасады. Климаттың қалыптасуындағы басты роль Күн радиациясына - барлық атмосфералық процестер энергиясының көзіне тиісті. Жер бетінде мүлдем бірдей екі климат табу қиын, бірақ ұқсастықтармен айырмашылықтарының негізгі сипаттарын анықтап алып, оларды бір немесе бірнеше жетекші белгілеріне, шығу жағдайларына қарай топтауға, яғни классификациялауға болады.
Климатты алғашқы класификациялаулар XIX ғасырдың 70 -ші жылдарында пайда болды және жай ғана баяндау сипатында еді. Бөлінген климаттық провинциялар олардың орналасқан жерінің географиялық аты бойынша аталады. Зупан ұсынған классификациядағы провинцилардың саны - 103 -ке жетеді. 1900 - 1936 жылдары В. П. Кеппен жасаған климаттар классификациясы барлық елдерде кеңінен таралып отыр. Кеппен классификациясы Л. С. Берг (1924ж) ұсынған климаттар классификациясымен көп жағынан ұқсас келеді. Берг бойынша климаттық зоналар географиялық(ландшафтық) белдеулермен және зоналармен үйлеседі. Климаттардың қалыптасуы факторлары Б. П. Алисов жасаған және генетикалық деп аталатын классификацияда есепке алынған. Мұның негізне атмосфера циркуляциясының жағдайлары, ауа массасының типтері және олардың орын ауыстыруы алынған.
Өзін-өзі бақылау тапсырмасы:
1. Ауа райы элементтеріне анықтама беріңіз. Мысал келтіріңіз.
2. Шілде жаз айларының құбылысын контур картасына белгілеңіз.
3. Бұршақ қалай пайда болады.
Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5
Қосымша әдебиеттер:3, 4
10 ТАҚЫРЫП : Циклондар мен антициклондар.
Дәріс мақсаты:
Циклондар және антициклондар туралы жалпы түсінік беру.
Тақырып сұрақтары:
1. Циклондар және антициклондар.
3. Тропиктік циклондар.
3. Шағын құйындар.
4. Пассаттар.
Жоғарыдағы ауа ағынында болатын өзгерістер жер бетінде қысым өзгерістерін туғызады. Ауаның жайылатын аумағы астында қысым күрт төмендейді, қысылатын аймағы астында керісінше, күрт көтеріледі. Соның нәтижесінде жер бетінде қысымның жоғарғы және төменгі аймақтары пайда болады, оларда циклондар мен антициклондар қалыптаса алады.
Циклондар дегеніміз аймақтың шетінен ортасына қарай (солтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы) ескен циклондықсистемасы бар төменгі қысымды тұйық аймақта (бара минимумы) Жер бетінде болатын еңкіш осьті жоғары өршіген атмосфера құйындары.
Антициклондар дегеніміз желдері аймақтың ортасынан шетіне қарай (солтүстік жарты шарда сағат тілімен бағыттас) ескен антициклондық системасы бар Жер бетінде жоғарғы қысымды тұйық аймақта (бара максимумы) болатын еңкіш осьті төмендей соққан атмосфера құйындары. Бұл құйындар мейлінше жадағай келеді, өйткені олардың горизонталь өлшемдері вертикаль өлшемдерінен 100-150 есе үлкен (диаметрі 1500-3000 км, биіктігі 2-4 км, максимумы 15-20 км) .
Тропиктік циклондар. Желдің жылдамдығы 17-ден 32 м/сек-қа дейінгі тропиктік циклондар тропиктік штормдар, желдің жылдамдығы 32м/сек-тан артық болғандықтан тропиктік дауылдар деп атайды. Тропиктік «Ида» дауылында желдің желдің ең көп тіркелген жылдамды, ы 113 м/сек. Тропиктік циклондардың орын ауыстыру жылдамдығының желдің жылдамдығынан айырмашылығы не бары 10-12 км/сағ.
Тропиктік циклонның дамуы ылғалдың конденсацияланып, орасан зор жылу мөлшерінің бөлінуімен қосарланатын жылы және ылғалды ауаның (атмосфераның тұрақсыз стратификациясы салдарынан) интенсивті көтерілуі арқылы түсіндіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz