Ең көне философиялық ілімдер
Ертедегі шығыс философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен
Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің
эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы
нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және
мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің
барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер)
туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао)
туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині
түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап
айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол
арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы табиғаттан тыс күштің
әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында
бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол
жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі.
Осыдан кейін дао – аспан мен жердің түп тамыры, барлық заттардың анасы
деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін
екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь
мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың
бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы
мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? –
деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие
мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.
Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму
мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді,
Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б.
материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің
көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.
Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке,
риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде иоганы жаттықтыру, денені
машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда.
Ертедегі үнді философиясы үшін адамның өз басқа барлық нәрседен және
басқа барлық нәрселерді өзінен көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ
адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың
өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай
тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы
тиіс деген талап қойды.
Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана
(дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-
бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-
әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап
етеді.
Антик заманының философиясы
Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар
аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге
келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала –
Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін
мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-
547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады
деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі,
барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі
барлық нәрселердің алғашқы мәні, бастамасы деп қарастыру, қазіргі
біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен,
бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге
болады, өйткені бәрі пайда болады деген пікір бұған дейін үстем болып
келген олимпиялық құдайларды жоққа шығару, яғни, сайып келгенде,
мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан
түсіндіру болып табылады.
Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің
көп жылдық ізденістерінің нәтижесін Табиғат туралы шығармасында баяндап
берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін
материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы апейрон
деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді)
деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. д. 585-525 жж.
шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы бір тұтас материалдық негізгі
ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері
дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауа
тән қасиет – сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болды.
Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық
құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.
Милет қаласы (б.э.д. V ғ.басынада) саяси дербестіктен айырылуға
байланысты ондағы философия құлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет
материалистердің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға зор
әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан
Гераклит (б.э.д. 530-470жж. шамасы) болды.
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық
негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында
отқа айналады.Жан да оттан пайда болады. Жан материалдық, ол ең ылғалы аз,
құрғақ от. Дүниені Логос басқарады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір
құдай, не ешбірадам жаратқан жоқ,ол бірде жанатын,енді бірде өшіп тұратын,
бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып
табылады. Гераклит сонымен қатар дүниенің үздіксіз өзгерісте,қозғалыста
болатындығын, қозғалыстың қайнар көзі қайшылықта екендігін, қарама-
қарсылықтардың өзара бір –біріне өтетіндігін және басқа бірқатар
диалектикалық ой-пікірлерді атап көрсетті:бәрі де қозғалыста, бәрі
өткінші... т.б. деді ол. Қозғалмайтын ешнәрсе жоқ: жылы суиды,ал суық
жылиды, ылғалды нәрсе құрғацды, құрғақ ылғалданады. Туу мен жойылу,өмір мен
өлім,болмыс пен болмау- міне , бұлар өзара байлнысты,бір – бәріне тәуелді
және бір – біріне өтіп отырады. Мұның бәрі диалектикалық ойдың даму
тарихына қосылған зор үлес екенінде дау жок.
Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеалистік бағыт
та болды. Идеализмнің еңалғашқы негізін салған Пифагор(б.э.д 580 – 500 ж.ж
шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында,
сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз
ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz